Жоғарғы сот алқасының төрағасы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..4

І ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОТ БИЛІГІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ СОТ ЖҮЙЕСІ

1. ҚР сот төрелігінің принциптері және сот жүйесіне жалпы сипаттама..6
2. ҚР аудандық (қалалық)
соттар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1
4
3. Облыстық және оған теңестірілген
соттар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 17
4. ҚР Жоғарғы
соты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .20

ІІ ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУШЫ СОТТЫҢ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ТҰЛҒАЛАРДЫҢ
РӨЛІ МЕН МӘНІ

2.1. Азаматтық іс жүргізуге қатысушы тараптар, үшінші тұлғалар және басқа
да қатысушылардың құқықтық
мәртебесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.2. Сот азаматтық іс жүргізуді жүргізетін тұлға ретінде және бірінші
сатыда азаматтық істерді қарау
тәртіптері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...36
2.3. Соттардың аппеляциялық сатыда істерді қарау
ерекшеліктері ... ... ... ... .66
2.4. Қадағалау тәртібі мен заңды күшіне енген шешімдерді соттардың
қарауы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..71

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .75

ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.77

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: ҚР Президентінің Н.А.Назарбаевтың 2010
жылдың тамыз айының 17 жұлдызында шығарылған жарлығы бойынша ҚР құқық
қорғау органдарын жетілдіру, соның ішінде сот органдарының алатын орны
ерекше. ҚР сот органдары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
қорғайтын мемлекеттік орган болып табылады, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік
істер бойынша да шешімді шығарып, әділдікке апаратын ең бастыорганның бірі.
Қылмыстық іс бойынша шығарылатын үкімдер де, азаматтық іс бойынша шешімдер
де заң негізінде барлық талаптарды қамтамасыз етіп әділ төрелігін
жүргізеді.
Заңгердің біліктілігінің негізі - құқықтық салаларды жақсы білу және
олардың ішінде жол табу ісін меңгеру. Азаматтық іс жүргізуге құқығы өзге
салалардың арасында маңызды орында. Сондықтан да заң факультетінің
түлектерінің болашақта судья, прокурор, адвокат және басқа да құқық
қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып,
азаматтық іс жүргізуге құқығын терең зерттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізуге регламентациясы,
салыстырмалы жақында ғана қабылданған АІЖК бойынша жүргізілуіне байланысты,
зерттелетін мәселе әлі толық қаралған емес. Сот, сот және құқық қорғау
жүйесінің принциптерін, АІЖК-нің құқықтық негізін Конституция белгілейді.
ҚР қабылдаған АІЖК-нің позитивтік жақтарын алсақ, ол азаматтық
соттардың юрисдикцияларының кең болуы, айтысу регламентациясы талаптарының
сапалы белгіленуі.
Құқықтық жүйенің құрылымының принциптері ретінде, демократияны және
заңнаманы либералдау жолын таңдау, ҚР азаматтық іс жүргізуге құқығына да
үлкен әсерін тигізеді. Конституциялық принциптерді өмірде іске асыру үшін
әрбір заңнамалық адымды толық, теориялық зерттелген идяларды қолдана
отырып, жасау кажет. Ол үшін мемлекетімізге жоғары сапалы заңгерлер, заң
жағынан білікті мемлекеттік қызметкерлер қажет. Бұл кәсіп, әсіресе,
қоғамның әлеуметтік құрылуы, жаңа экономикалық және саяси бағдар таңдауы
кезінде жоғары бағаланады.
Азаматтық іс жүргізуде соттың қатысуы міндетті, өйткені сот іс
жүргізуге тәртібін азаматтардың құқықтарын қорғауға өзінің қызметін
жұмылдырады. Азаматтық іс жүргізуге соттың қатысуы - осы саланың мәнін,
негізгі жақтарын көрсетуі. Соттың азаматтық іске қатысуы халықтың құқықты
әлеуметтік бағасы, саяси-құқықтық идеялардың айна көрінісі болып табылады.
Оларда, халықтың идеялары мен ойларын ең толық қанағаттандыратын,
заңдылықты азаматтық істерде ұйымдастырудың негіздері, соттың процессуалдық
іс-әрекеті, сот процесіне қатысушылардың құқықтық мәртебесін анықтау
жолының құқықтық сапалар тізімі түйінделеді. Соттың азаматтық іске
қатысуының мазмұны демократиялық бағытта болады, және заң нормаларымен
бекілітіліп, заңдылықты азаматтардың заң және сот алдында теңдігін сақтай
отырып, соттың жүзеге асыруын, істерді судьялардың жеке-дара немесу алқалы
түрде қаралуын, судьялардың тәуелсіздігі мен тек заңға бағынуы, жариялылық,
сот ісін мемлекеттік тілде жүргізілуін білдіреді. Әрбір адамның сотқа
қорғаныс іздеп және соттың қорғанысына жүгінуіне мүмкіндік беретін, сот
ісін жүзеге асыруының қолайлы болуы, іске қатысушылардың реалды құқықтары
және олардың жүзеге асуының кепілдігі болып табылады.
Сондықтан да, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік іс жүргізуге сот
билігінің түсінігін дұрыс талқылау қажет.
Дипломдық жұмысытың объектісі – азаматтық, қылмыстық және әкімшілік іс
жүргізуге сот билігі және олардың конституциялық негіздері.
Тақырыбтың пәні – азаматтық іс жүргізугедің заң нормалары, Конституция.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – азаматтық іс жүргізуде сот билігін жүргізу
тәртібін талқылау.
Дипломдық жұмысым кіріспе қорытынды және пайдаланған әдеттермен қоса
негізгі екі тараудан тұрады:
- І тарау Қазақстан Республикасындағы сот билігін ұйымдастыру және сот
жүйесі
- ІI тарау Азаматтық іс жүргізуге қатысушы соттың және басқа да
тұлғалардың рөлі мен мәні

І ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОТ БИЛІГІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ СОТ ЖҮЙЕСІ

1. ҚР сот төрелігінің принциптері және сот жүйесіне жалпы сипаттама

Құқық қорғау қызметтерінің жүйесінің ішінде сот төрелігі ерекше орында
тұрады. Сот төрелігі - қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді қарау
кезінде мемлекеттік күштеу шараларын қолдану және заңда белгіленген тәртіп
пен нысанда сақтау арқылы қарау мен шешуге бағытталған құқық қорғау қызметі
болып табылады.
Сот төрелігінің мақсаты - аталған барлық істер бойынша әділ, заңды сот
талқылауын қамтамасыз ету.
Сот төрелігінің міндеттері:
- соттардың қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді жан жақты, толық және
объективті шешуі;
- азаматтардың сот арқылы қорғану құқығын жүзеге асыру;
- заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту;
- құқыққа деген кұрметтілік қатынасын қалыптастыру;
- құқық бұзушылықтарды ескерту.
Сот төрелігі, өз кезегінде сот төрелігі принциптеріне сай қызмет
жасайды. Сот төрелігінің принциптері - бұл сот қызметтерінің ұйымдастырылуы
мен қызметтерінің мәні мен мазмұнын анықтайтын басшылыққа алатын идеялар,
ережелер.[12.51]
Сот төрелігінің принциптері ҚР-сы Конституциясында және сот жүйесі
туралы конституциялық заңда бекітілген принциптерге деп бөлінеді. Сот
төрелігінің басты принциптері ҚР-сы Конституциясында бекітілген және
олардың жоғары заң күші бар. ҚР-сы Конституциясында бекітілген сот
төрелігінің принциптері (Конституциясының 77 бабы):
- адамның кінәлігі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол
жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
- бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік
жауапқа тартуға болмайды;
- өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне
болмайды;
- сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
- жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа
міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлатын заңдардың кері
күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін
жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, онда жаңа заң
қолданылады;
- айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
- ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі
жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер
өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куә болуға міндетті емес;
- адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының
пайдасына қарастырылады;
- заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің
жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
- қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
ҚР-сы Конституциясымен белгіленген сот төрелігінің принциптері
Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып
табылады. [2.45]
Енді, сот жүйесі туралы заңда бекітілген прициптерге тоқталсақ, онда
сот төрелігінің принциптері мыналар:
- заңдылық;
- сот төрелігін тек сот ғана жүзеге асыруы;
- судьяларды сайлау мен тағайындау;
- судьялардың тәуелсіздігі;
- судьяларға ешкімнің тиіспеуі;
- сот істерін кәсіби негізде қарау;
- барлығының заң мен сот алдындағы теңдігі;
- тараптардың теңдігі мен жарыспалылығы;
- сот ісінің тілі;
- сот ісінің жариялылығы;
- сот арқылы қорғану;
- кінәсіздік презумпциясы.
Сот төрелігінің принциптерінің маңызы мынадан көрінеді:
- сот төрелігінің маңызды ерекшеліктерін анықтап көрсетеді;
- сот төрелігінің принциптері барлық органдар мен тұлғаларға міндетті;
- сот төрелігі туралы нормаларды дұрыс түсіндіруге үлкен маңызы бар.
Заңдылық - сот төрелігінің басты принципі ретінде орнықтырылады.
Заңдылық принципі сот төрелігінде мынаны білдіреді:
- сот төрелігін заңда белгіленген тәртіппен құрылған соттар ғана жүзеге
асырады;
- сот төрелігін жүзеге асыру кезінде судьялар тәуелсіз және ҚР-сы
Конституциясы мен заңдарға бағынады;
- сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттар азаматардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғау бойынша қызмет атқарады;
- сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттар заң талаптарын қатаң сақтап
отыруы қажет.
Бұл принциптің үлкен саяси маңызы бар. Себебі, осы принцип арқылы сот
төрелігін соттардан басқа ешқандай мемлекеттік органдар мен ұйымдар,
лауазымды тұлғалар мен азаматтар жүзеге асыра алмайтындығын белгілейді.
Сондықтан, сот төрелігін тек соттар ғана жүзеге асырады, сөйтіп сот
төрелігі арқылы соттар қылмысқа кінәлі тұлғаны анықтап, қылмыстық жазаға
тартады және азаматардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіреді. Және бұл
принцип арқылы соттардың қызметтеріне араласуға жол берілмейді. [5.413]
ҚР-нда судьялар корпусын қалыптастыру екі тәсілмен жүзеге асырылады.
Яғни, судьяларды сайлау мен тағайындау арқылы:
ҚР-сы Жоғарғы сот төрағасын, Жоғарғы сот алқаларының төрағаларын және
Жоғарғы сот судьяларын ҚР-сы Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесі негізінде ҚР-
сы Президентінің ұсынуымен ҚР-сы Парламенті Сенаты сайлайды;
ҚР-сы облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағаларын, облыстық
және оған теңестірілген соттардың алқа төрағаларын және облыстық және оған
теңестірілген сот судьяларын ҚР-сы Жоғарғы сот кеңесі кепілдімесі негізінде
ҚР-сы Президенті тағайындайды;
ҚР-сы аудандық және оған теңестірілген сот төрағаларын және судьяларын
ҚР-сы Әділет біліктілік алқасының кепілдемесі негізінде ҚР-сы Әділет
Министрі ұсынуымен ҚР-сы Президенті тағайындайды.
Судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек ҚР-сы Конституциясы мен
заңдарға бағынуы.
Судьялардың тәуелсіздігі принципі мынаны білдіреді:
- судьялардың қызметтеріне араласуына жол берілмейді;
- сот мемлекеттік биліктер органдарының жүйесінде дербес орында тұрады;
- сот тек республикалық бюджет арқылы қаржыландырылады;
- судьяларға ешкімнің тиісуіне жол берілмейді;
- соттар саясаттан тыс;
- нақты қылмыстық, азаматтық істер бойынша судьялар есептер бермейді;
- судьяларды қызметтерінен ауыстыруға болмайды;
- судьяларды кұрметтемегені үшін қылмыстық жауаптылық көзделеді.
Сот төрелігінің алдында барлық азаматтар олардың әлеуметтік, нәсілдік,
жыныстық, ұлттық, тегіне, лауызымына, тіліне, дініне, көзқарастарына
қарамастан тең болады. [4.61]
Заң алдындағы теңдік арқылы заңдар барлық азаматтарға бірдей таралады
және азаматтар заңдарды мүлтіксіз орындап, сақтап отыруы қажет. Заңды
бұзған азамат жауапқа тартылады.
Сот алдындағы теңдік арқылы сотқа келген барлық азаматтардың құқықтары
мен іс жүргізушілік мәртебелері тең болады (мысалы, айыпталушыға адвокат
беріледі, егер азамат сот ісін жүргізу тілін білмесе, онда оған аудармашы
беріледі). Сотта сот ісін жүргізу заңдары біртұтас талаптар арқылы
теңдіктен ерекшеліктері бар. Мысалы, қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері
бар тұлғаларға қатысты қылмыстық іс жүргізу өзгеше сипатта болады. Мысалы,
ҚР-сы Президенті, Парламент депуттары, Бас прокурор, елшілер мен консулдар.
ҚР-нда барлық соттарда істерді қарау ашық түрде жүргізіледі. Бірақ,
мынадай жағдайларда істерді қарау жабық түрде өткізіледі:
- егер сот талқылауында мемлекеттік, әскери, қызметтік, коммерциялық
құпиялары ашылу қауіпі туындалса;
- егер сот талқылауында адамның жеке өмірінің немесе жеке отбасының құпиясы
ашылып қауіпі туындалса;
- егер қылмыстық іске қатысушылардың (мысалы, жәбірленуші, куә)
қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет болса. [6.71]
1995 жылғы ҚР-сы Конституциясы сот билігін мемлекеттік биліктің дербес
тармағы ретінде бөліп алып, заң шығарушылық және атқарушылық биліктен
бөлуді жария етті. Сот билігінің мақсаты азаматтардың, мемлекеттік
органдардың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін
қорғауды жүзеге асырудан, ҚР-сы Конституциясының, заңдардың, өзге де
нормативтік құқықтық актілердің, ҚР-сы халықаралық шарттарының орындалуын
қамтамасыз етуден тұрады. Осы арқалы сот билігіне, біріншіден, құқық туралы
барлық жан жалдар мен дауларды шешетін төрешінің, екіншіден, мемлекетте
заңдылық режимінің орындалуы мен сақталуын қамтамасыз ететін органдардың
рөлі берілген.
Заңда белгіленген тәртіппен судья лауазымына тағайындалған немесе
сайланған, тиісті сотта жұмыс істейтін және өз өкілеттіктерін кәсіптік
негізде жүзеге асыратын адам судья болып табылады.
Судьялардың құқықтық мәртебесі судьялардың тәуелсіздігі мен
ауыстырылмайтындығын, сондай-ақ оған ешкімнің тиіспеушілігін қамтиды.
Тәуелсіздік судьяның тәуелсіздігін және тек Конституцияға бағынатындығын
көрсетеді. Ешкімнің де сот төрелігін жүзеге асыруға араласуға және судьяға
қандай да бір ықпал етуге құқығы жоқ. Судья қаралған немесе қаралып жатқан
сот істерінің мәні жөнінде қандай да бір түсінік беруге міндетті емес.
Судьялардың құқықтық мәртебесі соттарды құру тәртібін, оларды
ұйымдастыру қағидаттары мен қызметін, сот жүйесін, әрбір сот буының
құрамын, құрылымын, құзіретін, сондай-ақ судьялардың құқықтық мәртебесін
айқындайтын нормативтік құқықтық актілер жүйесін құрайтын ҚР-сы сот билігі
заңнамасымен реттеледі.
Соттардың қызметін және судьялардың мәртебесін реттейтін негізгі
құжаттар ҚР-сы Конституциясы мен сот жүйесі туралы конституциялық заң болып
табылады.
ҚР-сы Конституциясының 77 бабының 1 тармағына және сот жүйесі туралы
конституциялық заңның 25 бабына сәйкес сот төрелігін атқару кезінде судья
тәуелсіз және тек Конституция мен заңға бағынады. Судьялар оларға заңмен
берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде атқарушылық және заң
шығарушылық мемлекеттік билік тармағының қандай да бір органы мен лауазымды
адамына бағынбайды және жоғары тұрған сот сатыларына есеп бермейді.
Сот істерін қарау кезінде сот талқылауына қатысушылардың пікіріне
байланысты емес, айыптау жағында, қорғау жағында қолдамайды. Судья істі
қарау кезінде әділ болуға және қаралған дәлелдемелерге баға беруге
негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша шешім қабылдауға және бұл ретте тек
Конституцияға мен заңды басшылыққа алуға тиіс. [6.98]
Судьяның тәуелсіздігі Конституция мен заңда қорғалады және:
- сот төрелігін жүзеге асырудың заңда көзделген рәсімімен;
- оның сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да болмасын
араласумен жауапкершілігіне қауіп төндіруге тыйым салумен;
- сотты сыйламағандығы үшін жауапкершілік белгілеумен;ъ
- белгіленген тәртіппен судьяны қызметке сайлау, тағайындау, өкілеттігін
тоқтату және тоқтата тұру тәртібімен, оның орнынан түсу құқығымен;
- судьяларға мемлекет есебімен олардың мәртебесіне сәйкес материалдық
жағдай жасау және әлеуметтік қамсыздандыру арқылы қаматамасыз етіледі.
Сот жүйесі туралы заңның 29 бабының 1,2 тармақтарына сәйкес, аудандық
соттың судьясы болып жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі бар, еңбек
жолы мінсіз және заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар,
біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағлымдамадан ойдағыдай өткен және
соттың жалпы отырысының оң пікірін алған ҚР-ның азаматы тағайындалуы
мүмкін.[7.221]
Көрсетілген талаптармен қатар, жаса, білім, кәсіпқойлық және моральдық
шек қойылады. Бұл жеткілікті теориялық білім мен практикалық тәжірибенің
болуымен қатар, жылдар бойы жинақталатын адаигершілік тазалықты талап
ететін сот қызметінің өзгешілігіне байланысты. Судья ұқыпты әрі тәрбиелі
адам, биязы мінезді, барлық жағдайларда өзін өзі ұстай білуге тиіс.
Шыдамсыздық, ашуланшақтық, тараптарды және басқа да іс жүргізуге
қатысушыларды төзіммен мыңдай білмеу төрелік шешімдердің адал шығарылуына
кедергі келтіреді. Сот органдары тәуелсіздігінің негізгі қағидаларына
сәйкес сот лауазымына үміткерлердің жоғары моральдық қасиеті мен қабілеті
болуға тиіс.
Аудандық соттың судьясы қызметінің бос орнына кандидат іріктеуді сот
жүйесі туралы заңның 29 бабының 1 тармағының талаптарына сай келетін
адамдар, сондай-ақ судья қызметінің бос орнына орналасуға өтініш берген,
қызмет істеп жүрген судьялардың арасынан конкурстық негізде Әділет
біліктілік алқасы жүзеге асырады. Аудандық сот төрағасы лауазымының бос
орнына кандидатураларды Жоғарғы сот төрағасы тиісті облыстық соттың жалпы
отырысының қорытындысын ескере отырып, енгізген ұсыныс бойынша Әділет
біліктілік алқасы қарайды.
Әділет біліктілік алқасы аудандық сот төрағасы немесе судьясы
қызметінің бос орнына кандидатты Әділет Министріне ұсынады, ол заңда
белгіленген тәртіппен оны қызметке тағайындау үшін ҚР-сы Президентіне
ұсынады (көрсетілген заңның 30 бабының 2 тармағы).
Аудандық соттың судьясы Әділет министрінің Әділет біліктілік алқасының
кепілдемесіне негізделген ұсынуы бойынша ҚР-ның Президенті тағайындайды.
Аудандық соттардың төрағаларын Әділет министрінің ұсынуы бойынша ҚР-ның
Президенті бес жыл мерзімге тағайындайды.
Облыстық сот судьясы қызметіне кандидат іріктеуді бос қызмет орнында
жұмыс істеуге өтініш берген және осы конституциялық заңның 29 бабының 2
тармағының талаптарына сай келетін адамдар конкурстық негізде Жоғарғы сот
кеңесі жүзеге асырады. Жоғарғы сот кеңесі конкурстық қорытындысы бойынша
облыстық соттың судьясы қызметінің бос орнына кандитатты қызметке
тағайындау үшін ҚР-ның Президентіне ұсынады. [8.110]
Облыстық сот төрағасы және оның алқасының төрағасы қызметінің бос
орнына кандидатураны Жоғарғы сот төрағасы Жоғарғы соттың жалпы отырысының
қорытындысын ескере отырып енгізген ұсыныс бойынша Жоғарғы сот кеңесі
қарайды.
Жоғарғы сот кеңесі облыстық сот төрағасы және оның алқасының төрағасы
қызметінің бос орнына кандидатты қызметке тағайындау үшін ҚР-ның
Президентіне ұсынады.
Облыстық соттың судьясын Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесі бойынша ҚР-
ның Президенті тағайындайды. Облыстық соттардың төрағалары мен алқаларының
төрағаларын Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесі бойынша ҚР-сы Президенті бес
жыл мерзімге тағайындайды.
Жоғарғы сот алқасының төрағасы және судьясы қызметінің бос орнына
кандидатураны Жоғарғы соттың төрағасы Жоғарғы соттың жалпы отырысының
қорытындысын ескере отырып енгізген ұсыныс бойынша Жоғарғы сот кеңесі
қарайды. Жоғарғы сот төрағасы қызметіне кандидатураны Жоғарғы сот кеңесі
қарайды. Жоғарғы сот кеңесі Жоғарғы сот төрағасы, алқа төрағасы және судья
қызметінің бос орнына кандидатураны ҚР-сы Парламентінің Сенатына ұсынуы
үшін ҚР-сы Президентіне ұсынады. ҚР-сы Жоғарғы сотының судьяларын ҚР-сы
Президентінің Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесіне негізделген ұсынуы
бойынша Сенат сайлайды. [3.51]
Жоғарғы соттың төрағасы мен осы соттың алқаларының төрағаларын ҚР-сы
Президентінің ұсынуы бойынша тиісті қызметтерге бес жыл мерзімге Сенат
сайлайды.
Жоғарғы соттың төрағасы мен алқаларының төрағалары, облыстық соттың
төрағасы мен алқаларының төрағалары, аудандық соттың төрағасы өкілеттіу
мерзімдері аяқталғаннан кейін, егер олар бұрыңғы қызметтеріне енемесе басқа
соттағы осындай қызметке тиісінше қайтадан сайланбаған немесе
тағайындалмаған болса, тиісті соттың судьясы өкілеттігін жүзеге асыруды
жалғастырады.
Сот жүйесі туралы заңның 27 бабында бекітілген судьяларға ешкімнің
тиіспеуі судьяның қандайда бір жауапкершілікке тартылмайтынын білдірмейді.
Осы заңның 39 бабына сәйкес мынадай бұзушылықтар үшін:
- егер судья сот істерін қарау кезінде заңдылықты бұзса, сот актісінің
күшін жою немесе өзгерту, егер бұл орайда заңды өрескел бұзуға жол
берілмеген және ол туралы жоғары тұрған сот сатысының сот актісінде
көрсетілмеген болса, өздігінен судьялардың жауаптылығына әкеп соқпайды;
- егер судья қайшы келетін теріс қылық жасаса, бұл ретте қоғамдық
орындарды мас күйінде жүру, бейпіл сөздер айту ұғынылады;
- еңбек тәртібін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке
тартылуы мүмкін
Сот төрағалары және сот алқаларының төрағалары аталған заңда көзделген
лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа
тартылуы мүмкін. [14.297]
Заңнамаға сәйкес судьяларға тәртіптік жазаның мына түрлері қолданылуы
мүмкін:
- ескерту;
- сөгіс;
- біліктілік сыныбын төмендету;
- қызметтік міндеттерін тиісінше атқармағаны үшін сот төрағасы немесе сот
алқасының төрағасы қызметінен босату;
- судья заңда көзделген негіздер бойынша судья қызметінен босату.
Әрбір тәртіп бұзушылық үшін тәртіптік теріс қылықтың сипаты, судьяның
жеке басы туралы деректер және оның кінәсінің дәрежесі ескеріле отырып, тек
бір тәртіптік жаза қолданылады. [12.351]
Тәртіптік іс қозғау құқығы:
- ҚР-сы кез келген судьясына қатысты – Жоғарғы сот төрағасына;
- Облыстық соттың алқа төрағасы мен судьяларына, аудандық соттың төрағасы
мен судьяларына қатысты – облыстық сот төрағасына тиесілі болады;
Судьяға қатысты тәртіптік іс қарау, қызметтік тексеру мен судьяның
дәлелді себептермен жұмыста болмаған уақыттын есепке алмағанда, теріс қылық
анықталған күннен бастап – үш айдан кешіктірілмей және теріс қылық жасалған
күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей қозғалуы мүмкін.
Жоғары тұрған сот сатысының заңдылықтың бұзылу фактісі анықталған сот
актісі заңды күшіне енгізілген күн судьяның сот ісін қарау кезінде
заңдылықты бұзуына байланысты тәртіптік теріс қылықтың анықталған күні
болып есептеледі, ал заңсыз сот актісі шығарылған күн осындай теріс
қылықтың жасалған күні болып есептеледі.
Тәртіптік іс қозғалған күнінен бастап екі ай мерзім ішінде қаралуға
тиіс. Тәртіптік істерді қарау жөніндегі органдар:
- Республикалық тәртіптік-біліктілік алқасы Жоғарғы соттың алқа төрағалары
мен судьяларына, облыстық соттардың төрағалары мен алқа төрағаларына
қатысты тәртіптік істерді, сондай-ақ облыстық тәртіптік-біліктілік
алқаларының шешімдеріне қатысты шағымдарды қарайды;
- Облыстық тәртіптік-біліктілік алқалары облыстық соттардың судьяларына,
сондай-ақ аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртіптік
істерді қарайды.
Тәртіптік іс жөніндегі тәртіптік-біліктілік алқа:
- ескерту және сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы;
- тәртіптік іс жүргізуді қысқарту туралы;
- қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін судьяның біліктілік
сыныбын төмендету сот төрағасы немесе алқа төрағасын қызметінен босату
және судьяның өкілеттігін тоқтату жөнінде тиісті органдарға немесе
лауазымды тұлғаға ұсыныс жіберу туралы;
- төменгі тұрған тәртіптік-біліктілік алқаның шешімін өзгерту не оның күшін
жою және істі жаңадан қарауға жіберу туралы шешімдердің бірін
шығарады.[16.71]
Егер судья жаа қолданылғна күннен бастап бір жыл бойы жаңадан тәртіптік
жазаға тартылмаса, онда ол тәртіптік жазаға тартылмаған деп есептеледі.
Судья мінсіз тәртібімен өз міндеттерін адал атқарған жағдайда,
тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін мерзімінен
бұрын алынуы мүмкін.
Тәртіптік жазаны берген тәртіптік-біліктілік алқасы оны мерзімінен
бұрын алуы мүмкін.
ҚР-сы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның немесе оның лауазымды
тұлғасының кез келген әрекетіне не шешіміне белгіленген тәртіппен шағым
берілуі мүмкін. Осы маңызды конституциялық принцип сот жүйесі туралы заңда
көрсетілген. Аталған заңның 46 бабының 1,2 тармақтарына сәйкес облыстық
тәртіптік-біліктілік алқасының шешіміне өзіне қатысты шешім шығарылған
судья, сондай-ақ тәртіптік іс қозғаған тұлға Республикалық тәртіптік-
біліктілік алқасына шағымдануы мүмкін. Ал, Республикалық тәртіптік-
біліктілік алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға
жатпайды. [19.264]
Судьяның өкілеттігі, егер:
- судья ҚР-сы Президентігіне, ҚР-сы Парламентінің немесе маслихатының
депуттатығына кандидат болып тіркелінсе;
- судья заңды күшіне енген сот шешімімен хабарсыз кеткен деп танылса;
- судья қылмыстық жауапқа тартуға келісім берілсе;
- басқа жұмысқа ауысса, тоқтатыла тұрады.
Судьяның өкілеттігін тоқтата тұруды:
- Жоғарғы сот төрағасына қатысты - ҚР-сы Президенті;
- Республиканың қалған барлық судьяларына қатысты - Жоғарғы сот төрағасы
жүзеге асырады.
Судьяның өкілеттігі мынадай негіздерде:
- орнынан түскенде немесе өз тілегі бойынша судья қызметінен босағанда;
- медициналық қорытындыға сәйкес кәсіптік міндеттерін одан әрі атқаруға
кедергі болатын денсаулық жағдайы бойынша;
- судьяны іс әрекетке қабілетсіз немесе іс әрекетке қабілеті шектеулі деп
тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот
шешімі заңды күшіне енгенде;
- осы судьяға қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енгенде;
- ҚР-сының азаматтағынан айырылғанда;
- судья қайтыс болған немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы
шешімі заңды күшіне енген жағдайда;
- судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және ол басқа жұмысқа
ауысқан жағдайда;
- соттың таратылуына немесе өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, егер
судья басқа соттағы бос қызмет орнына орналасуға келісімін бермесе,
тоқтатылады.
Судьяның өкілеттігі судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасының судьяны
тәртіптік теріс қылықтар жасағаны немесе осы заңның 28 бабында көрсетілген
талаптарды орындамағаны үшін қызметінен босату қажеттігі туралы шешіміне
байланысты тоқтатылуы мүмкін.
Сот төрағасының не алқа төрағасының өкілеттіктері олар осы заңда
көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылуы
мүмкін.
Судьяны қызметтен босату туралы шешім:
- Жоғарғы соттың төрағасы, алқа төрағалары мен сульяларына қатысты ҚР-сы
Президентінің ұсынуы бойынша - ҚР-сы Парламенті Сенатының қаулысымен;
- облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары мен судьялары, аудандық соттың
төрағасы мен судьясына қатысты - ҚР-сы Президентінің Жарлығымен
қабылданады.
Судьяны қызметінен босату сонымен бір мезгілде тиісті соттың төрағасы
немесе алқа төрағасы өкілеттіктерінің тоқтатылуына әкеп соғады.
Тиісті соттың төрағасын немесе алқа төрағасын өкілеттік мерзімінің
өтуіне байланысты қызметтен босату оларды осы соттың судьясы қызметінен
босатуға әкеп соқпайды.
Судьяны орнынан түсуі нысанында қызметінен босату заңда көзделген
негіздер бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте орнынан түскен судьяның:
- судьялар қоғамдастығында болуы және жеке басына тиіспеушілік кепілдіктері
сақталады;
- судья ретіндегі жұмыс стажы бес жылдан кем болмаған жағдайда осы заңда
көзделген жеңілдіктер сақталады;
- екі лауазымдық айлық ақысы мөлшерінде біржолғы шығу жәрдемақысы төленеді.
Зейнеткер жасына жеткенде және тиісті стажы мен еңбек сіңірген жылдары
болған жағдайда судьяға қатысты ҚР-ның заңдарында көзделген шарттармен
зейнетақы тағайындалады. [21.52]
Судьяның орнынан түсуі:
- судьяның қызметіне тағайындалғанда немесе оқытушылық, ғылыми немесе өзге
де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін қызметке тұрғанда;
- ол қылмыс жасағанда немесе сот билігінің беделіне нұқсан келтіретін теріс
қылық жасағанда;
- өз тілегі бойынша;
- ҚР-ның азаматтығынан айырылғанда.

2. ҚР аудандық (қалалық) соттар

ҚР-сы сот жүйесінің басты буыны аудандық (қалалық) сот болып табылады.
Бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктерде бір аудандық сот немесе бір
әкімшілік-аумақтық бірлікте бірнеше аудандық сот құрылуы мүмкін. Әдетте,
аудандық сот әрбір аудандарда, ал қалалық сот әрбір қалаларда құрылады.
Аудандық сот тек бірінші сатылы сот болып табылады және басым көпшілік
қылмыстық және азаматтық істерді қарайды (ресми мәліметтер бойынша барлық
істердің 95%-ін қарайды). [22.111]
Аудандық соттарды уәкілеттік органның Жоғарғы сот төрағасымен
келісілген ұсынысы бойынша ҚР-сы Президенті құрады, қайта құрады және
таратады.
Аудандық соттың өкілеттіктері:
1. өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын
қарайды;
2. сот статистикасын жүргізеді;
3. заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Аудандық сот мынадай азаматтық істерді қарайды:
1. азаматтық, отбасы, еңбек құқық қатынастарынан туындалатын даулы
істерді;
2. әкімшілік-құқықтық қатынастарынан туындалған істерді (мысалы,
әкімшілік органдары мен лауазымды тұлғаларның іс әрекеттері мен
шешімдеріне түскен арыздарды қарайды және т.б.);
3. жүктерді тасымалдау құқықтық қатынастарынан туындалатын даулы істерді.
Аудандық сот мынадай қылмыстық істерді қарайды:
1. барлық жеңіл, орташа және ауыр дәрежелі қылмыстарды қарайды (тек аса
ауыр қылмыстарды қарамайды, атап айтсақ терроризм, қасақана кісі
өлтіру, зорлау және өлім жазасы көзделуі мүмкін болатын істер
бойынша);
2. Аудандық сот әкімшілік құқық бұзушылық қатынастарынан туындалған
барлық материалдарды қарайды.
3. Аудандық сот азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істерден басқа құқық
туралы даумен байланысты емес мәселелерді де қарайды. Құқық туралы
дауымен байланысты емес істер мыналар:
- ерекше іс жүргізу істері - бұл істер заңдық маңызы бар фактілерді
анықтауға бағытталады (мысалы, туыстық қатынастарды анықтау, адамның
жасын анықтау, ажырасу фактісін анықтау, некелесу фактісін анықтау,
тұлғаны хабар ошарсыз жоғалып кеткені туралы мойындау және т.б.).
- үкімді орындауға байланысты мәселелер (мысалы, жазадан шартты түрде
мерзімімен бұрын босату);
- аудандық сот сонымен бірге, анықтама мен тергеу органдарының,
прокуратураның іс әрекеттері мен шешімдеріне түскен азаматтардың
шағымдарын қарайды.
Аудандық соттың құрамы екі түрге бөлінеді:
1. көп құрамды аудандық сот - яғни, осындай сотта аудандық сот төрағасы
мен бірнеше судьялар қызмет атақарады;
2. бір құрамды аудандық сот - яғни, осындай сотта тек бір судья болады
және ол аудандық соттың төрағасы міндетін қоса атқарады.
Аудандық сот төрағасы, судья болып табылады және мынадай өкілеттіктерді
жүзеге асырады:
1. сот судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастырады;
2. соттың кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
3. азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады;
4. судья лауазымына кандидаттардың тағлымдамадан өтуін ұйымдастырады;
5. сот статистикасын жүргізу мен талдауды ұйымдастырады;
6. өкімдер шығарады.
Осы аудандық сот төрағаларының өкілеттіктердің ішінде, сот судьяларының
сот істерін қарауын ұйымдастыру ерекше орында тұрады.
Аудандық соттың жұмыстарын дұрыс және қалыпты деңгейде ұйымдастыру үшін
аудандық сотта аппарат құрылады. Сот аппаратын аудандық сот төрағасы
басқарады. Сот аппараты кеңесшілерден, канцелярия хатшыларынан, сот
мәжілісінің хатшыларынан, іс жүргізушілерден тұрады. Сот аппаратында сот
канцеляриясы маңызды орында тұрады. [23.451]
Сот канцеляриясы:
1. сот төрелігін жүзеге асыру бойынша судьялар қызметтерін қамтамасыз
етеді;
2. сот практикасын зерделейді;
3. сот статистикасын талдайды;
4. судьялар мен соттарды қорғауды жүзеге асырады.
Сот канцеляриясын оның меңгерушісі басқарады. Меңгерушінің
өкілеттіктері:
- канцелярия жұмысын басқарады;
- хатшыларын құрамын басқарады;
- сот архивін жүргізеді және басқарады.
Сот канцеляриясында мынадай қызметтер орындалады:
- сотқа келіп түскен құжаттарды тіркейді;
- сот бойынша бұйрықтар мен өкімдерді тіркейді;
- қаралған істерді тіркейді және оларды сақтауды жүргізеді;
- айғақ заттарды тіркейді және сақтауды жүргізеді.
Сот хатшысы мынадай қызметтерді жүргізеді:
- құжаттарды қабылдайды, оларды басқаларға жөңелтеді, тіркейді;
- құжатарды тіркейді және оларды картотекаға енгізеді;
- құжаттарды жүйелейді және сақтайды;
- атқару құжаттарын жүргізеді.
Сот мәжілісінің хатшысы мынадай қызметтерды жүргізеді:
- сот мәжілісінің хаттамасын жүргізеді;
- сот мәжілісін тіркеу журналын жүргізеді;
- повесткаларды жібереді;
- судья қараған істерін толтырады.
Сот кеңесшісі мынадай қызметтер атқарады:
- кодификациялық-анықтамалық жұмыстарды жүргізеді;
- нормативтік-құқықтық актілерді тіркейді және жүйелейді;
- сот статистикасын талдайды.

3. Облыстық және оған теңестірілген соттар

Облыстық және оған теңестірілген соттар (Астана және Алматы қалалық
соттар және ҚР-сы әскерлерінің әскери соты) республиканың сот жүйесіндегі
екінші буынды соттар болып табылады. Олар әрбір облыста және тиісті
әкімшілік-аумақтық бөліністе құрылады. Аудандық (қалалық) соттарға
қарағанда қатысы бойынша облыстық соттар жоғары тұрған орган ретінде
негізгі буындағы соттар шығарған шешімдердің, қаулылар мен үкімдердің
заңдылығы мен негізділігін апелляциялық және қадағалау тәртібімен
қадағалауды жүзеге асырады. Облыстық және оған теңестірілген соттың сот
төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызметін бір мезгілде ҚР-сы Жоғары соты
қадағалайды. [25.149]
Облыстық соттар төрағадан, сот алқаларының төрағалары мен тұрақты
судьялардан тұрады және қадағалау алқасының, азаматтық істер жөніндегі сот
алқасының, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының құрамында жұмыс істейді.
Сот жүйесі туралы конституциялық заңның 10 бабына сәйкес, облыстық және
оған теңестірілген соттарды уәкілетті органның ҚР-сы Жоғарғы сотының
төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша ҚР-сы Президенті құрады, қайта
құрады және тарады. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын уәкілетті
органның ұсынысы бойынша ҚР-ның Президенті бекітеді. Әр облыстық сот үшін
судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган
белгілейді.
Сот жүйесі туралы заңның 11 бабына сәйкес, облыстық сот төрағадан,
алқалар төрағаларынан және судьялардан тұрады.
Облыстық соттың органдары мыналар:
1. қадағалау алқасы;
2. азаматтық істер жөніндегі алқа;
3. қылмыстық істер жөніндегі алқа;
4. соттардың жалпы отырысы.
Облыстық соттың өкілеттіктері:
1. өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды;
2. сот статистикасын жүргізеді;
3. сот тәжірибесін зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша
облыс соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың
сақталу мәселелерін қарайды;
4. облыс соттарының әкімшісі қызметін бақылауды жүзеге асырады;
5. заңда көзделген басқада өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер
жөніндегі алқасын - алқалар төрағалары, ал қадағалау алқасын сот төрағасы
басқарады. [12.451]
Әрбір алқадағы судьялар саны сот төрағасының ұсынысы бойынша жалпы
отырыста белгінеді. Қадағалау алқасы осы соттың жалпы отырысында жасырын
дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік дауысымен жыл сайын
сайланатын судьяларынан тұрады. Азаматтық істер жөніндегі алқа және
қылмыстық істер жөніндегі алқа жалпы отырыста талқыланғаннан кейін дербес
құрамын сот төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады. Сот төрағасы азаматтық
істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқада мамандандырылған
құрам түзуі мүмкін. [24.231]
Облыстық соттың төрағасы өкілеттіктерінің тізімі:
1. судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;
2. қадағалау алқасын басқарады, алқаларда сот істерін қараған кезде
төрағалық етугше құқылы;
3. қажет болған жағдайларда бір алқаның (қадағалау алқасынан басқа)
судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады;
4. облыстық соттың жалпы отырысын шақырады және оған төрағалық етеді;
5. алқа төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның міндетін атқаруды алқа
судьяларының біріне жүктейді;
6. облыстық соттың алқа төрағалары мен судьяларына, аудандық соттардың
төрағалары мен судьяларына қатысты тәртіптің іс қозғайды;
7. соттың жалпы отырысының ұсынысы негізінде Әділет біліктілік алқасына
судья қызметіне кандидаттың тағылымдамадан өту нәтижелері туралы
қорытынды жібереді;
8. сот статистикасын жүргізуді, сот тәжірибесін зерделеуді ұйымдастырады.
9. және заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Облыстық сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның
міндеттерін өзінің өкімі бойынша сот алқалары төрағаларының біріне
жүктеледі.
Облыстық сот төрағасы орнынан түскен не өкілеттіктерін мерзімімен бұрын
өзгедей тоқтатқан жағдайда, оның міндеттері уәкілетті органның шешімі
бойынша сот алқаларының біріне жүктеледі.
Барлық судьялар облыстық соттарда тиісті төрағалар басқаратын алқалар
бойынша бөлінген. Сот алқаларының құрамын облыстық соттың төрағасы
бекітеді.
Облыстық соттың сот алқалары заңмен олардың қарауына жатқызылған
қылмыстық, азаматтық істерді қарай әрі шеше отырып, бірінші сатыдағы сот
ретінде жұмыс істейді. Қылмыстық істер жөніндегі сот алақаларының қарауына
бірінші саты бойынша тізбесі Қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген
қылмыстар туралы істер жатады, ал азаматтық істер бойынша соттылық
азаматтық істер жүргізу заңында айқындалған.
Заңнамада аудандық (қалалық) соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне,
шешімдеріне шағымдар мен наразылықтарды апелляциялық тәртіппен қылымстық
және азаматтық істер жөніндегі алқалардың қарауы көзделген. Сот алқалары
заңда көзделген жағдайларда жаңадан ашылған мән жайлар бойынша істерді
қарауға да құқылы. [32.311]
Облыстық сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья
міндеттерін атқаруымен қатар:
1. алқа судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастырады;
2. алқа отырысында төрағалық етеді;
3. сот төрағасына алқа құрамында мамандандырылған құрам жасақтау
жөнінде ұсыныстар енгізеді
4. сот тәжірибесін зерделеу әрі жинақтау және сот статистикасын талдау
жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
5. және басқада өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Алқа төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда сот төрағасы оның
міндетін атқаруды алқалар судьяларының біріне жүктейді.
Облыстық және оған теңестірілген соттың жалпы отырысы соттың
төрағасынан, алқалар төрағаларынан және облыстық соттың судьяларынан
тұрады.
Облыстық соттың жалпы отырысы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1. алқа құрамының санын белгілейді және қадағалау алқасының құрамына
судьялар сайлайды;
2. сот жұмысының жоспарын талқылайды;
3. алқалар төрағаларының хабарламаларын тыңдайды;
4. сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша
облыс соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу
мәселелерін қарайды;
5. уәкілетті органға белгілі бір адамды облыс соттарының әкімшісі қызметіне
тағайындауға келісімін береді;
6. облыс соттары әкімшісінің өз қызметі туралы есебін тыңдайды;
7. аудандық сот төрағасы қызметінің бос орнына кандидаттарды қарайды және
оның нәтижелері бойынша тиісті қорытындылар жасайды;
8. тағы басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жалпы отырыс облыстық сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен
екісі қатысқан жағдайда заңды болады.
Облыстық соттың жалпы отырысының жұмыс тәртібі ол бекіткен реглементпен
анықталынады.
Облыстық сотта жұмыстарды ұйымдастыру.
Облыстық және оған теңестірілген соттың қызметіне жалпы басшылықты
заңмен кең ауқымды өкілеттіктер кешені берілген оның төрағасы жүзеге
асырады.
Сот алқаларының төрағаларына алқаның жұмысын ұйымдастыру жөніндегі
міндеттер жүктелген. Осы мақсаттарда олар сот ұйымдастыру және істерді
қарау үшін құрамдарды жасақтайды, азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді,
алқаның қызметі туралы есептер ұсынады және тағы басқа да функцияларды
жүзеге асырады. [36.77]
Облыстық соттың төрағасы мен сот алқаларының төрағалары сот кеңсесінің
көмегімен жұмысты ұйымдастырады. Аталған соттардың аппараты сот төрағасының
көмекшісінен, бас консультанттардан, жетекші консультанттардан, сот
отырыстары хатшыларынан, сот алқалары хатшыларынан, аға сот орындаушысынан,
сот орындаушыларынан, сот приставтарынан, кеңсе меңгерушісінен, аға
инспекторалардан, инспекторлардан, мұрағат меңгерушісінен және техникалық
қызметшілерден тұрады.
Сот төрағасының көмекшісі төрағаның зерделеуі үшін істер мен
материалдарды дайындайды, олар бойынша қорытынды даярлайды, жеке мәселелер
бойынша азаматтардың қабылдауын ұйымдастырады және т.б.
Кеңсе меңгерушісі хатшылық құрамға басшылықты жүзеге асырады, кеңсе
қызметкерлері арасындағы міндеттерді бөледі, олардың жұмысын ұйымдастырады
әрі бақылайды.
Консультанттар сотқа келіп түскен шағымдар мен арыздарды зерделейді,
сот мүшелеріне сот істерін қарауға дайындау кезінде көмектеседі, сот
төрағасы мен сот алқалары төрағаларының жекелеген тапсырмаларын орындайды.
[30.103]

4. ҚР Жоғарғы соты

ҚР-сы Жоғарғы сотының өкілеттігі өз өкілеттігінің шегінде бірінші
сатыдағы сот ретінде, апелляциялық тәртіппен, қадағалау тәртібімен және
жаңадан ашылған мән жайлар бойынша істерді қараудан тұрады. ҚР-сы
Конституциясының 81 бабы мен сот жүйесі туралы заңның 17 бабына сәйкес “ҚР-
ның Жоғарғы соты жалпы құзырлы соттардың қарауына жататын азаматтық,
қылмыстық және басқа да істер бойынша жоғарғы сот органы болып табылады”.
Ол еліміздің барлық сот жүйесін басқарады және барлық төменгі тұрған
соттардың қызметіне сот қадағалауын жүзеге асырады. ҚР-сы Жоғарғы сотының
жоғарғы сот органы ретіндегі жағдайы Конституция мен тиісті заңдарда
берілген өкілеттіктердің; оны құрудың ерекшеліктері мен тәртібінің
сипатына; қаралатын істердің өзгешелігіне, сондай-ақ сот практикасының
мәселелері бойынша түсініктемелер беретін ол шығаратын нормативтік
қаулылардың елімізде қолданылатын құқық көзіне жататындығымен байланысты.
[44.125]
Бірінші саты бойынша істерді қарау Жоғарғы сотта іс жүргізу
заңнамасында белгіленген жалпы тәртіп бойынша үкім, қаулы, шешім немесе
ұйғарым шығара отырып жүргізіледі.
Бірінші саты бойынша қылмыстық істерді қараудың ерекшелігі соттылықтың
дербес белгілеріне шарттастырылған олардың өзгешілігі болып табылады.
Мәселен, ҚР-сы ҚІЖК-нің 292 бабының 2 тармағына сәйкес, Жоғарғы сот бірінші
саты бойынша қарайды:
1. адамның ҚР-сы Президентінің міндеттерін атқаруы кезеңінде жасаған
мемлекеттік опасыздығы туралы;
2. адамдардың ҚР-сы Жоғарғы соты судьялары, ҚР-сы Парламентінің депутаты,
ҚР-сы Бас прокуроры, ҚР-сы Конституциялық кеңесінің төрағасы не мүшесі
міндеттерін атқару кезеңіндегі жасаған қылмыстары;
3. ҚР-сы Үкіметі мүшелірінің, Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы
органдардың бірінші басшыларының, сондай-ақ ҚР-сы Президентіне тікелей
бағынатын мемлекеттік органдарының бірінші басшыларының қызметтік
міндеттерін атқаруына байланысты жасаған қылмыстары туралы істер жатады.
Қарауына жататын азаматтық істер заңда нақты айқындалмаған: ҚР-сы
Жоғарғы соты тек істің қаралуына қатысы бар адамдардың келісімімен кез
келген соттан кез келген істі алуға және өзіне іс жүргізуге қабылдауға
құқығы бар. Әдетте, бұлар ерекше күрделі немесе айрықша маңызды істер.
Мемлекеттің жоғарғы сот органы бола отырып, Жоғарғы сот іс жүргізу
заңнамасында көзделген нысандарда соттардың нақты азаматтық, қылмыстық
істердің шешуінің заңдылығы мен негізділігін тексеру арқылы төменгі тұрған
соттардың сот қызметтерін қадағалауды жүзеге асырады.
Жоғарғы сот жүзеге асыратын сот қадағалауының нысаны сот істерін
апелляциялық тәртіппен, сот қадағалауы тәртібімен және жаңадан ашылған мән
жайлар бойынша қайта қарау болып табылады. [22.61]
ҚР-сы Жоғарғы соты облыстық соттар үшін апелляциялық саты бола отырып,
облыстық сот алқасының заңды күшіне енбеген үкімдері мен шешімдеріне
наразылықтар мен шағымдар бойынша істерді қарайды. Қадағалау тәртібімен ҚР-
сы Жоғарғы соты республикадағы барлық соттардың заңды күшіне енген үкімдері
мен шешімдеріне ҚР-сы Бас прокурорының наразылығы бойынша істерді қарайды.
Сонымен қатар, ҚР-сы Жоғарғы соты, егер тиісті іс бойынша қадағалау
тәртібімен осы соттың қадағалау алқасының қаулысы болған жағдайларда,
жаңадан ашылған мән жайлар бойынша істі қайта қарауға құқылы.
Жоғарғы сот жалпы құзырлы соттардың қарауына жататын барлық істер
бойынша соңғы сот сатысы болып табылады.
Жоғарғы соттың құрамы мен құрылысы. Негізгі және орта буындағы
соттардан айырмашылығы Жоғарғы соттың судьялық корпусын құрамында төраға,
сот алқалырының төрағалары мен тұрақты судьялармен ҚР-сы Жоғарғы сот
кеңесінің ұсынымына негізделген ҚР-сы Президентінің ұсынуы бойынша ҚР-сы
Парламентінің Сенаты сайлайды. Жоғарғы соттың сандық құрамын Жоғарғы сот
төрағасының ұсынуы бойынша ҚР-сы Президенті белгілейді.
Сот жүйесі туралы заңның 17 бабының 2 тармағына сәйкес:
1. өзінің қарауына жатқызылған сот істері мен матариалдарын қарайды;
2. сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша
заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;
3. сот практикасында заңдарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Облыстық сот төрағасы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
Жоғарғы соттың алқалары оның құрамы, құрылу тәртібі, құрылысы
Сот билігі және оның ұғымы
Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі мен сот жүйесінің ерекшеліктері
Судья мәртебесі
Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы
ҚР-дағы сот билігі
Сот жүйесі және бірлігі
Қазақстандағы сот жүйесі, судьялар мәртебесі
Пәндер