Азаматтық істерді сотта қарау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 1900 теңге
Кепілдік барма?

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

І ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ТҮСІНІГІ, ПӘНІ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Азаматтық іс жүргізудің жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Азаматтық іс жүргізудегі қарым-
қатынастар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
3. Азаматтық іс жүргізудегі тараптар
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4. Азаматтық іс жүргізудегі қағидалардың (принциптер)
жіктелуі ... ... ...

ІІ ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІ

2.1. Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдемелердің
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
2.2. Дәлелдемелердің зерттеу мен
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Дәлелдемелердің
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...

ІІІ ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ІСТІ ҚОЗҒАУ ЖӘНЕ СОТТА АЗАМАТТЫҚ ІСТЕРДІ ҚАРАУ
ТӘРТІПТЕРІ

3.1. Азаматтық істерді қозғау
тәртіптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2. Азаматтық істерді сотта
қарау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...

КІРІСПЕ

Диломдық жұмыстың өзектілігі мен маңыздылығын айтатын болсақ онда
азаматтық іс жүргізу тәртіптері тек қана азаматтық құқықтағы мәмлілер
міндеттемелерден шығатын дауларды қарап қоймай, еңбек, неке отбасы, жер,
тұрғын үй құқықтарынан туындайтын дауларды да шешеді. Азаматтық іс
жүргізудің ең басты мақсаты бұл сотқа қатысатын тараптарын заң мен сот
алдыңда теңдік негізінде жүргізілетіндігінде. Азаматтық істер бойынша мән
жайларды толық жан жақты және объективті түрде шешіп, ақиқатқа жету болып
есептелінеді.
Бұл дипломдық жұмысты тиімді игеру үшін төменгіде көрсетілген
мәселелерді талқылау керек.
Мемлекет және құқық теориясы: негізгі құқықтық ұғымдар, категориялар
және институттар (құқық, құқықтық нормалар, құқықтық қатынастар,
субъектілер, құқық бұзушылықтар, заңды жауаптылық, заң процесінің сатылары,
құқық функциялары, заң фактілер және т.б.);
Шет мемлекеттердің мемлекет және құқық тарихи: ежелгі әлемнің, орта
ғасырлық, және жаңа уақыттың мемлекеттердің сотта іс жүргізу түрлері және
нысандары;
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихи: Қазақстан көшпелі
халықтардың сотта іс жүргізу түрлері және нысандары (қазақтардың адат
құқығы, шариат, би соты);
Конституциялық құқық: сот төрелігінің конституциялық принциптер,
прокурорлық қадағалау, сот жүйесінің рөлі мен мәні, айыптау функцияларын
бөлу, қорғау және сот төрелігі;
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары: сот жүйесінің,
прокуроратураның, адвокатураның орны, рөлі және құрылымы, судьялардың,
прокурорлардың және адвокаттардың мәртебесі және өкілеттігі;
Прокурорлық қадағалау: прокурорлық қадағалау мақсаттары және
міндеттері, қадағалау салалары және актілері, азаматтық процесте
прокурордың процессуалдық өкілеттіктері;
Қазақстан Республикасының адвокатурасы: азаматтық процесте адвокаттың
мәртебесі және өкілеттігі, оның процесуалдық құқықтары мен міндеттері;
Соттық тіл ұстарту: азаматтық процесте прокурордың және адвокаттың тіл
ұстартудың мәні және ерекшеліктері;
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы: процесте
тараптардың сайысушылық және құқықтық тендік, барлық сотта іс жүргізу
нысандардың айырмашылығы және жалпы сипаттары, қылмыстық процесте азаматтық
талап қоюшы және азаматтық жауапкер, материалдық зиянды өтеу және
азаматтардың ақталу сұрақтар;
Азаматтық құқық (отбасы, тұрғын үй құқығы және т.б. Азаматтық-
құқықтық циклдің пәндері): ескіріп қалған талап ұғымы және мәні, азаматтық
құқықтар қорғау тәсілдер, азаматтық құқықта заң фактілер, құқық
субъектілік, мәміле, заттық, міндеттік, мұрагерлік құқық, заңды тұлғалар
және т.б.;
Дәлелдеу теориясы: азаматтық процесте дәлелдеу пәні және ережесі,
дәлелдеу аксиомалар (жалпыға мәлім фактілер, даусыз фактілер, преюдиция,
презумция), дәлелдеу сатылары, дәлелдемелер түрлері және қайнар көздері;
Соттық экспертология: азаматтық сотта іс қарау сараптама тағайындау
және жүргізу сұрақтары.
Дипломдық жұмыстың қызметі: Бұл дипломдық жұмыс келешекте заңгер
ретінде ҚР және шетел мемлекетінің азаматтық іс жүргізу бойынша бұзылған не
даулы құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауда өкілдік ету, прокурорлық және
сот қызметтерін атқару, сот құжаттары мен сотқа тапсырылатын арыздарды
толтыру жөнінде құқықтық білімді қолдануды қалыптастырады.
Дипломдық жұмыс бойынша азаматтық іс жүргізудің ғылыми теориялық және
тәжірибелік мәселелері қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Субъектілердің бостандығы мен заңды
мүдделерін, азаматтық құқықтарды қорғаудың соттық нысаның мүмкіндектерін,
азаматтық сотта іс қарау ерекшеліктерін көрсету, заңды тұлғалар мен
азаматтардың құқықтарын кепіл ету, заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында
студенттерге құқықтық нормаларды дұрыс түсінуге және қолдануға қызықтыру
және үйрету.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
• бірінші дипломдық жұмыста студенттермен алған құқықтың білімнің негізін
бекіту;
• азаматтық сотта іс қарау саласында жаңа білім қалыптастыру;
• құқықтық білімді жетелдіру, тұлғаның рухани даму аумағында жеке дара
жұмыстарын жасауды үйрету;
• кәсиби тәжірибелік дағдыны дамыту.
ҚР және шетел мемлекеттерінің азаматтық істерін қарау сот тәжірибесі
мен статистиканың, ҚР және шетел мемлекеттерінің азаматтық іс жүргізу құқық
қатынастарын реттейтін, заңнама жақсы білім оқыту барысында алу қажет. Ол
үшін студентке азаматтық іс жүргізу кодексін, халықаралық нормалар және
өзге нормативтік актілер жақсы білу қажет, заңдарға енгізілетін өзгерістер
мен толықтыулрарды бақылап отыру керек, Қазақстан Республикасының Жоғары
Соттың жалпы отырысының шығарған нормативті қаулыларын, ҚР-ның және
салыстыру үшін шет мемлекеттің нормативтік актілерін оқу керек.
Дипломдық жұмысты қорытындылай келе кіріспе, қорытындыдан басқа негізгі
үш тараудан тұрады:
• І тарау азаматтық іс жүргізу құқығы түсінігі, пәні жүйесі және
қағидалары
• ІІ тарау азаматтық іс жүргізудегі дәлелдемелер және дәлелдеу процесі
• ІІІ тарау азаматтық істі қозғау және сотта азаматтық істерді қарау
тәртіптері
І ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ТҮСІНІГІ, ПӘНІ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Азаматтық іс жүргізудің жалпы сипаттамасы

ҚР және шетел мемлекеттерінің азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа
субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын ҚР
және шетел мемлекеттерінің азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен
реттелген ҚР және шетел мемлекеттерінің азаматтық іс жүргізу құқық
қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Осы іс жүргізудің басты
мақсаты – бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені
қорғау. ҚР және шетел мемлекеттерінің азаматтық іс жүргізу (процесс)
соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске
қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық
әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды.
Сотқа, басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен
белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу
міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі
барысында жүзеге асырылады.
ҚР және шетел мемлекеттерінің азаматтық іс жүргізудің нысанына тән
белгілер:
а) сот істерін қарау және шешу тәртібі алдын ала ҚР және шетел
мемлекеттерінің азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен белгіленген;
б) істің аяқталуына мүдделі тұлғалар сот мәжілісіне іс қарауына қатысу
құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға;
в) сот шешімі іс бойынша сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған
деректерге сүйенуі қажет және заңға сәйкес болу керек.
ҚР АІЖК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтық істерді төрт түрге
бөледі:
- бұйрық бойынша іс жүргізу істері;
- талап қоюмен іс жүргізу істері;
- ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері;
- ерекше іс жүргізу істері.
Азаматтық процестің сатылары бұл келесі мақсаттарға жетуге бағытталған
процессуалдық әрекеттер жиынтығы: талап арызды (арызды, шағымды) қабылдау,
сот қарауына істерді әзірлеу, сотта іс қарау, сот актілерін шығару және
т.б.
ҚР және шетел мемлекеттерінің азаматтық іс жүргізу сатыларын былай
бөліп қарастыруға болады:
Сот ҚР және шетел мемлекеттерінің азаматтық істерді мынандай
жағдайларда қарайды:
- өзінің құқығын немесе заңды мүддесін қорғауды талап еткен адамның арызы
бойынша;
- заңда белгіленген реттерде басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін
қорғауды талап етіп, соттан өзіне алатын мемлекеттік басқару
органдарының, мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың немесе
жеке азаматтардың арызы бойынша.
Азаматтық іс талап арыз, арыз не шағым беру арқылы судья сотта
азаматтық іс қозғайды және ол бойынша сәйкесті ұйғарым шығарады.
Азаматтық істерді қарағанда арызды қабылдағаннан кейін судья істі сотқа
қарауға әзірлік жүргізеді, оның мақсаты – істі уақытылы және дұрыс шешуді
қамтамасыз ету. Істі сотта қарауға әзірлеу туралы судьяның жеке өзі
мынандай әрекеттерді жасайды:
- талап қоюшыдан талаптардың мән-жайы жөнінде сұрастырады. Онда жауапкер
жағынан болуы мүмкін қарсылықтарды анықтайды, қажет болса, қосымша
дәлелдемелер тапсыруды ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары
мен міндеттерін түсіндіреді;
- қажет болған реттерде, жауапкерді шақырып, одан істің мән-жайы жөнінде
сұрастырады, оның талапқа қандай қарсылықтары бар екенін және бұл
қарсылықтарын қандай дәлелдермен қуаттай алатындығын анықтайды, ерекше
күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсініктер беруді
ұсынады, оған оның іске қатысу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
- үшінші тұлғаларды және өзге қатысушыларды іске қатыстыру туралы мәселені
шешеді;
- іске прокурордың қатысуы туралы мәселені шешеді. Белгіленген тәртіп
бойынша хабар-ошарсыз кеткен, ақылының ауысуы немесе есінің кемдігі
салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адамдардың, неке бұзу
туралы істері бойынша жауапкердің мүліктік құқықтарын қорғау үшін, сондай-
ақ балаларының мүдделерін қамтамасыз ету үшін қорғаншы және қамқоршы
органдарын процеске қатыстыру мәселесін шешеді.
Судья қойылған талаптарды анықтайды, тараптарға және үшінші тұлғаларға
қажетті дәлелдемелер жинауға жәрдемдеседі. Егер қаралатын іс бойынша қажет
болса процеске мүдделі тұлғалар, сарапшыларды, аудармашыны, куәларды және
т.б. қатыстыру мәселесін шешеді. Судья іс жеткілікті әзірленген деп тапса,
оны сот мәжілісінде қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады.
Бұл сатыда сот (жеке дара) сот отырысында іс материалдарын қарайды,
істі мәні бойынша шешеді немесе іс бойынша өндірісті қысқартады. Жалпы
ереже бойынша шешім қабылдаумен аяқталады.
Заң күшіне енбеген сот шешімдері мен ұйғарымдарына апелляциялық шағым
беру және наразылық келтіру арқылы қайта қарау сатысы (апелляциялық
өндіріс).
Бұл сатыда соттың шығарған шешімімен не ұйғарымымен тараптар, үшінші
тұлғалар келіспесе олар осы істі қараған соттан келесі жоғары тұрған сотқа
шешім шығарған күннен бастап 15 күн мерзім ішінде апелляциялық шағым бере
алады, ал прокурор өзінің наразылығын келтіре алады. Сондай-ақ олар келесі
сотқа осы іске байланысты қосымша дәлелдемелерін ұсынуға құқықтары бар. Осы
саты бойынша істі қараған сот (алқа, 3 судьядан кем болмау керек) соттық
қаулы шығарады.
Бұл сатыда соттың заң күшіне енген актісі (шешімі, ұйғарымы, қаулысы)
борышкердің өз еркімен немесе сот орындаушының мәжбүрлеу шарасын
қолданылуымен орындалады (жалпы мезімі 2 ай).
Заң күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібі бойынша қайта қарау
сатысы (қадағалау өндірісі).
Сот шешімінің дәлелсіздігі немесе материалдық немесе іс жүргізудің
құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы сол шешімді бақылау ретінде бұзуға
негіз болады. Сот істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде кеңесу
бөлмесінде мынандай шешімдердің бірін қабылдайды:
- бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы шешімді өзгеріссіз, ал
шағымды, наразылықты қанағаттандырмай тастайды;
- бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық не бөлігіндегі күшін
жояды және істі бірініші, апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға
жібереді;
- бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық не бөлігіндегі күшін
жояды және талап-аразын қарамай тастайды не іс бойынша іс жүргізуді
қысқартады;
- іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады;
- бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы соттың шешімін өзгертеді не
оның күшін жояды, материалдық құқық нормаларын қолдануда және түсіндіруде
қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа шешім
шығарады.
Істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде сот істе бар материалдар
бойынша шағым, наразылық дәлелді шегінде бірінші, апелляциялық сатыдағы
соттар шығарған сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді. Сот
құрамы үш судьядан кем болмауы тиіс. Істі қарағаннан кейін сот қаулы
шығарады.
Заң күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша
қайта қарау сатысы.
Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша бұл ерекше саты деп аталады.
Шешімдерді жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға мыналар
негіз болады:
- іс үшін елеулі маңызы бар, арыз берушіге белгілі болуы мүмкін емес мән-
жайлар;
- заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, заңсыз немесе дәлелсіз
шешім шығаруға негіз болған куәнің біле тұра берген жалған жауабы,
сарапшылардың біле тұра жасаған жалған қорытындысы, аудармашының біле
тұра теріс жасаған аудармасы, құжаттардың немесе айғақтық заттардың
жалғандығы;
- заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, тараптардың, іске
қатысушы басқа адамдардың немесе олардың өкілдерінің қылмыстық әрекеттері
не болмаса судьялардың осы істі қараған кезде жасаған қылмыстық
әрекеттері;
- сот шешімін шығаруға негіз болған басқа органның қаулысының бұзылуы.
Шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша
қайта қарау туралы осы шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығарған сотқа
арыз береді. Олар: іске қатысқан адамдар немесе прокурор. Мұндай арызды
іске қатысушы адамдар қайта қарау үшін негіз болатын мән-жайлар анықталған
күннен бастап үш ай ішінде бере алады. Бұл саты бойынша қайта қарау
негіздері ҚР АІЖК-нің 404-бабында көрсетілген.
ҚР және шетел мемлекеттерінің азаматтық іс жүргізу құқығы – азаматтық
істерді қарап, шешім шығарып және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар
жиынтығынан тұратын ұлттық құқықтың бір саласы. Ол сот органдарының сот
ісін жүргізудегі қызметін, судьялардың қызметін, іс жүргізуге барлық басқа
да қатысушылардың қызметіне байланысты туатын қатынастарды реттейді.
Азаматтық істер жүргізу тәртібімен ұлттық құқықтың кейбір басқа да
салаларынан (еңбектік және т.б.) туып отыратын даулар қаралып, шешіледі.
Азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларын бұлжытпай сақтап отыру бұл
істерді қарап шешетін сот органдарына әрбір істің ақиқатына жетуге кепілдік
береді, демек мұның өзі сайып келгенде, жеке адамның құқығын, қоғамның
мүддесін, мемлекеттің игілігін пәрменді де жан-жақты қорғауға мүмкіндік
береді.
Сот төрелегін жүзеге асыруда қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық
іс жүргізу құқығы құқық жүйесінде дербес құқық саласы болып саналады.
Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық іс жүргізу болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізудің пәндерін бір-
бірінен ажырата білу керек. Олардың ұғымдарын айта кету керек. Азаматтық іс
жүргізу құқық жүйесі екі (Жалпы және Ерекше) бөлімнен тұратынын ескерген
жөн. Жалпы бөліміне: жалпы ережелер, азаматтық сот ісін жүргізудің
міндеттері мен принциптерін, ведомстволық бағыныстылық және соттылық туралы
жалпы ережелерді, іске қатысушы тұлғалар туралы жалпы ережелерді, сот
хабарлаулары мен шақырулары туралы жалпы ережелерді, іс жүргізу
мерзімдерінің жалпы ережелерін және т.б. жатқызуға болады. Ерекше бөліміне:
бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді, бұйрық арқылы іс жүргізуді, талап қою
бойынша іс жүргізуді, ерекше талап қоюмен іс жүргізуді, ерекше іс
жүргізуді, сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізуді, жойылған сот
ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіруді, халықаралық процесс
және т.б. жатқызуға болады.
Азаматтық сотта іс қарау саласында құқықтық реттеу әдістері:
императивтік және диспозитивтік.
Процессуалдық құқықтық кепілдіктер. Азаматтық процессуалдық нормалардың
жүйеленуі (класс-я): реттеуші, дефинитивтік, жалпы, арнайы, ерекше,
императивтік, диспозитивтік, құқық беруші, міндеттеуші, рұқсат етпеу
нормалар. Азаматтық іс жүргізу құқық нормалар құрлымы: гипотезалар (бір
жақты, екі жақты, белгіленген, белгіленбеген және т.б.), диспозициялар
(жай, сипаттамалы, сілтемелі, бланкеттік), санкциялар түрлері.
Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары дегеніміз - азаматтық іс
жүргізу әрекеттер тәртібін реттейтін жалпы және деректі ережелер,
нормативтік-құқықтық актілер. Азаматтық істерді жүргізу заңдары –
азаматтық, отбасылық, еңбектік құқықтық қатынастардан туатын даулар
жөніндегі істерді, әкімшілік-құқықтық қатынастардан туатын істерді және
ерекше сипаттағы істерді қарау тәртібін белгілейді. Бұл заңдардың
құрамына ҚР АІЖК-сі және басқа заңдар кіреді. Ең алдымен заң күші жоғары ҚР
Конституциясы туралы айту керек және оның оннан аса баптары азаматтық іс
жүргізу әрекеттерге жататынын ескеру қажет. Мәселен, ҚР Конституциясының 14
бабының 1 бөлігінде былай жазылған: "Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең
". Содан кейін азаматтық іс жүргізу құқығына келесі нормативтік актілердің
қандай байланысы бар екенін айту қажет: ҚР сот жүйесі мен судьялар
мәртебесі туралы конституциялық заңы, Халықаралық шарттар. Мына азаматтық
іс жүргізу құқығының нормалары бар заңдарын (ҚР прокуратурасы туралы, ҚР
ҚІЖК, ҚР еңбек туралы, ҚР Атқарушылық іс жүргізу туралы және т.б.) оқып
танысу керек. Оған қоса соттық прецеденттер және әдет-ғұрыптарды да
жатқызамыз.
Азаматтық іс жүргізу заңның мерзімдегі және кеңістікте қолданылуы. Заң
белгілі бір мерзімде күшіне енеді және оның күші бір мерзімде тоқтатылуы
немесе жойылуы мүмкін. Жалпы ережеге сәйкес ҚР-ның заңдары баспасөзде
жарияланғаннан кейін, егер олардың өздерінде күшіне ену мерзімі
көрсетілмесе, 10 күннен кейін ресми түрде күшіне енеді. Ал заңда
көрсетілсе, ол қабылданған мерзімінен бастап күшіне енеді. Мысалы, ҚР АІЖК-
сі 1999 жылы 13 шілдеде қабылданды, ал бұл кодекс заң күшіне 1999 жылы 1
шілдеде енді. Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекетін орындау, іс
жүргізу шешімін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу
заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске
қатысушыларда бар құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың
пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық іс жүргізу заңының
кері күші болмайды (ҚР АІЖК 4-бабы 2-бөлігі).
Азаматтық іс жүргізу заңы мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылады.
Жалпы ереже бойынша жаңадан шығарылған заңның кері күші болмайды, егер ол
туралы арнайы заңда көзделмесе. Сот қажетті түрде процессуалдық әрекеттер
жасау кезінде заң күші бар процессуалдық нормативтік актіні қолданады.
ҚР және шетел мемлекеттерінің азаматтық іс жүргізу құқығын зерттеу үшін
мемлекет және құқық теориясы мен тарихының мәні, негізгі қолданатын ұғымдар
мен категорияларын еске алу керек. Азаматтық іс жүргізу құқық өзге салалық
құқықтық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Құқықтық институттар мен
нормалар ара байланысы, ұқсас құқықтық реттеу салалары бар. Қосымша
пәндермен ара байланысы.
Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымы – азаматтық іс жүргізу мен азаматтық
іс жүргізу құқығының маңызды проблемалары бойынша ғылыми білімдер
жинақтығы.
Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні:
- тәжірибеде оның қолданылуымен тығыз байланыстағы азаматтық іс жүргізу
құқығының өзі;
- азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары;
- азаматтық іс жүргізу құқығының тарихы;
- шетел мемлекетіндегі азаматтық іс жүргізу құқығы.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының жүйесі. Азаматтық іс жүргізу
құқығының ғылыми теориялық және тәжірибелік мәні бар бірқатар жалпы
сұрақтар қарастырады: құқық пәні, принциптерді (қағидаларды) оқыту туралы,
іс жүргізу құқық қатынастары мен оның субъектілерін, талап теориясы туралы,
дәлелдеу туралы және т.б. - жалпы бөлімі. Азаматтық іс жүргізудің әр
сатысына байланысты маңызды проблемаларын зерттеу, олардың ерекшеліктерін,
мәнін қарастыру – ерекше бөлім. Ғылым азаматтық іс жүргізу құқығының
біртұтас және оның жеке институттарының тарихи дамуын зерттейді.

2. Азаматтық іс жүргізудегі қарым-қатынастар

Құқықтық қатынас - құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара
алмасылып отыратын құқықтар және міндеттермен айшықталған құқық
субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар. Азаматтық
іс жүргізу қатынасы құқық қорғау қатынастарына жатады. Олардың пайда болуы,
өзгертілуі және тоқтатылуы заңдық жағдаяттармен, заңдық маңызы бар нақтылы
мән-жайлармен байланысты, олармен құқық нормасы азаматтық іс жүргізу құқық
субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттерінің пайда
болуы, өзгертілуі және тоқтатылуын байланыстырады. Бұл қатынастардың
ерекшеліктері мыналар:
- олар азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен тікелей белгіленген;
- ерекше субъективтік құрамы, яғни іске қатысушылардың құрамы;
- бірлігі мен біріктік;
- ара-қатынасында.
Азаматтық іс жүргізу қатынастары сотқа талап арыз, арыз және шағым
берген кезде пайда болады. Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен азаматтық іс
жүргізу міндеттері азаматтық іс жүргізу қатынастарының мазмұнын құрайды.
Азаматтық істерді қарап шешуде азаматтық іс жүргізу құқық
қатынастарының мынандай түрлерін байқауға болады: негізгі, қосымша және
қызметтік-көмек көрсетушілік.
Негізгі іс жүргізу құқық қатынастары талап қоюмен іс жүргізу, ерекше
талап қоюмен іс жүргізуде сот пен тараптар (талап қоюшы және жауапкер)
арасында және ерекше іс жүргізуде сот пен арыз беруші арасында болады.
Қосымша іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша қорытынды беру үшін
прокурордың, мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару
органның қатысуымен өткенде (АІЖК-тің 55, 57 баптары), сондай-ақ үшінші
тұлғалардың қатысуымен өткенде (АІЖК-нің 52, 53 баптары) туындайды.
Қызметтік-көмек көрсетушілік іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша өз
қызмет бабы бойынша көмек көрсету үшін аудармашының, сарапшының, куәлардың,
қоғамдық өкілдердің қатысуымен өткенде туындайды.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының ерекшелігі оның биліктік
сипатында, яғни биліктік қатынастылығында. Азаматтық іс жүргізу құқық
қатынастарының субъектілері – сот және өзге сот ісін жүргізуге қатысушысы –
билік және бағынушылық қатынаста болады. Оған дәлел ҚР Конституциясының сот
билігін бекітуі. [18.363]
Жоғарыда айтылғанның бәрі азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының
түсінігіне анықтама беруге болатынын білдіреді. Сонымен азаматтық іс
жүргізу құқық қатынасы – бұл субъективтік құқықтармен заңмен қорғалатын
мүддені қорғау үшін сот пен өзге азаматтық процестің қатысушылары
арасындағы азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген қоғамдық
қатынастар.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының объектісін 2 түрге бөліп
қарастыруға болады: жалпы және арнайы.
Жалпы объект – сотпен қаралып, шешілуге немесе қорғалуға жататын
материалдық-құқықтық дау немесе заңмен қорғалатын мүдде.
Арнайы объект – нақты, белгілі құқық қатынасын жүзеге асыруда жасалатын
қорытынды (мысалы, сот пен сарапшы арасында азаматтық іс жүргізу құқық
қатынасының объектісі болып осы сарапшының өзінің арнайы білімі негізінде
іс үшін мәні бар фактілер туралы қорытындысы).
Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастың мазмұны – азаматтық процестегі
субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен міндеттері, ал кейбір
процессуалистердің пікірінше (А.А.Мельников) субъектілердің мінез-құлқы,
яғни өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудағы әрекеттері.
Азаматтық іс жүргізу қатынастарының субъектілері азаматтар мен заңды
тұлғалар бола алады. Соның қатарына азаматтық іс жүргізу қатынастарына
шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар
қатыса алады. Процеске қатысушылардың бәрін, олардың іске қатынастығына
орай, белгіленген топтарға бөлінеді: сот, іске қатысушылар және сот
төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесушілер. [13.43]
Сот азаматтық іс жүргізу қатынасының міндетті субъектісі ретінде
қаралады. Республикада азаматтық, төрелік, қылмыстық және басқа да істерді
қарайтын, соттардан тыс ешқандай орган жоқ. Сот азаматтар мен ұйымдардың
құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған
жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады.
Соттар қайсыбіреулердің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика
заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге
асырады, іс жүргізу нысанында заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс
мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз
етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды және негізделген шешім
шығарады. Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот
азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдерімен кінәлі тараптарды
(талап қоюшыны немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды
міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп
шотынан талап қоюшының пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін
өндіруге мәжбүрлейді. Істі сот отырыстарында қарау мен шешу ҚР
Конституцияның 77-бабында және ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің жалпы
бөлімінің 2-ші тарауында аталған принциптерге негізделеді. [27.31]
Іске қатысушыларды азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастардың
субъектері ретінде танимыз. Олардың құрамына ҚР Азаматтық іс жүргізу
кодексінің 44-бабына сәйкес:
- тараптарды (талап қоюшы мен жауапкерді);
- үшінші тұлғаларды (даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін және
даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін);
- прокурор;
- мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдар;
- ҚР АІЖК 56,57-баптарымен көрсетілген негіздер бойынша процеске қатысатын
ұйымдар немесе жеке адамдар;
- арыз берушілер және басқа да мүдделі тұлғаларды (ҚР АІЖК 289-бабы)
жатқызамыз.
Сот төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесушілер - азаматтық іс жүргізу
құқықтық қатынастарының субъектілері. Олар қатарына: аудармашы, куә, маман,
сот приставы, сот хатшысы, сот орындаушысы, өкіл және т.б. жатқызылады.
Іске қатысқан тұлғалар ішінде үшінші тұлғалар ең түсініксіз тұлғалар.
Үшінші тұлғалар - өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін қорғау
үшін басталып кеткен азаматтық процеске қатысатын және тараптардың (талап
қоюшы мен жауапкердің) құқықтары мен мүдделерімен сәйкес келмейтін
тұлғалар. Үшінші тұлғалардың азаматтық процеске қатысудың негізгі себебі –
олардың қаралып жатқан азаматтық істе өздерінің жеке мүдделері бар. Іс
бойынша сот шешімі олардың материалдық құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі
мүмкін. Бұған қоса үшінші тұлғалар институты нақты бір іс бойынша бірнеше
әртүрлі талаптарды біріктіруге мүмкіндік етеді, істің бүкіл мән-жайларын
сотпен толық зерттеуді қамтамасыз етеді және негізсіз сот шешімдерін
шығарудан сақтайды деуге болады.
Үшінші тұлғалардың іс бойынша мүдделерінің деңгейі әр түрлі болуы
мүмкін, сондықтан олардың 2 (екі) түрі болады:
1-мәлімдейтін;
2-мәлімдемейтін.
1) Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар –
бұл талап қоюшы мен жауапкер арасында басталып кеткен процеске даудың
нысанасына өздерінің дербес құқықтарын қорғау үшін қатысатын тұлғалар. Бұл
тұлғалардың қатысу себебі, олар құқық жөнінде дау талап қоюшы мен
жауапкерге емес өзіне берілген деп ойлайды. Олар жалпы тәртіп бойынша (ҚР
АІЖК 14 тарауы) бірінші сатыдағы сот шешімін шығарғанша талап қою арқылы
қатыса алады. Бұл үшінші тұлғалар өз талаптарын тараптың біреуіне не
екеуіне бірден қоюы мүмкін.
Іс бойынша үшінші тұлғаларды қатыстыру мәселесі, соттың сәйкесті
ұйғарым шығаруымен белгіленеді.
Осы үшінші тұлғаның талап қоюшыдан бір ғана айырмашылығы бар – бұл
процеске кіру кезеңі.
Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар
сипаттамасы:
- процеске талап қою арқылы қатысады, талап қоюшының барлық құқықтарын
пайдаланады және оның барлық міндеттерін атқарады;
- үшінші тұлғалардың талап қою пәні талап қоюшының талап қою пәнімен
толық көлемде немесе жарым-жартылай толық сәйкес келу керек, сондықтан
талап қоюшының талабын қанағаттандырса әлбетте, үшінші тұлғаның талап
арызын қабылдаудан бас тартады (толық немесе жарым-жартылай). Іске
қатыса алмаған дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар жеке
талап қоюға хақы бар.
- іске қатысу ықылас көбінесе үшінші тұлғалардың өздерінен болады.
2) Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар –
бұл бірінші сатыдағы қаралатын іс бойынша қабылданатын шешім тараптардың
біреуіне қатысы өздерінің құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін
болғанда, талап қоюшы не жауапкер жағында іске қатысатын тұлғалар.
Олардың сипаттамасы:
- егер іс тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтарына немесе
міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы
соттың шешімі шыққанға дейін талап қоюшы немесе жауапкер жағында іске
кірісе алады;
- олар сондай-ақ тараптардың және іске қатысушы басқа адамдардың
өтінімімен немесе соттың бастамасымен іске қатысуға тартылуы мүмкін;
- дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар тараптардың талап
қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін
ұлғайту немесе азайту, сондай-ақ талап қоюдан бас тарту, талап қоюды
мойындау не бітімгершілік келісімін жасау, қарсы талап қою, соттың
шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап ету құқықтарынан басқа іс жүргізу
құқықтарын пайдаланады және іс жүргізу міндетін мойнына алады.
Даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар іске
келесі жағдайларда кірісе алады:
- өз бастамасы бойынша;
- тараптардың өтініші бойынша;
- іске қатысушы басқа тұлғалардың (прокурордың, мемлекеттік және өзін-өзі
басқару органдардың) өтініші бойынша;
- соттың бастамасы бойынша.
Бұлар іске соттың бірінші сатысындағы шешімі қабылданғанға дейін кірісе
алады және ол соттың ұйғарымымен белгіленеді.
Даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалардың
азаматтық процеске қатысу жөнінде мысал келтірейк. Мысалы: Қыста жолдың
тайғақтығынан екі автокөлік жүргізуші, біреуі – қала автопаркінің автобус
жүргізушісі, ал екіншісі – жеке меншік автокөлік жүргізушісі, аварияға
ұшырайды. Егер автопарк автобусының жүргізушісі кінәлі болса, онда жеке
меншік автокөлік жүргізуші сотқа талап арыз беру арқылы (талап қоюшы
ретінде) келтірілген материалдық зиянды автобус жүргізушіден емес ол жұмыс
істеп жүрген автопарк әкімшілігінен (жауапкер ретінде) өндіріп алады. Сонда
кейіннен материалдық зиян өтеу үшін төленген ақша сомасын автопарк
әкімшілігі өз қызметкерінің жалақысынан ұстап қалып отырады, яғни сонымен
даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлға болып
автобус жүргізушісі танылады. [30.46]

3. Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі

Азаматтық іс жүргізудегі тараптар іске қатысушы тұлғалар қатарына
жатады. Жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын (кәсіпорын, мекеме, ұйымдар)
өздеріне келтірілген зиянды сот арқылы өндіріп алуға хақысы бар.
Тараптар – сотта субъективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке
мүддесі туралы даулары қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар.
Тараптар деп талап қоюшы мен жауапкерді атайды. Талап қоюшы мен
жауапкер ретінде жеке тұлғалар (ҚР-ның азаматы, шетел азаматы және
азаматтығы жоқ адам) мен заңды тұлғалар (мекемелер, ұйымдар және
кәсіпорындар) болып табылады.
Талап қоюшы – сотқа талап арыз беру арқылы өзінің субъективтік
құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғаушы тұлға. Қазіргі азаматтық
іс жүргізу заңында талап қоюшының азаматтық процеске қатысуының 2 негізі
көрсетіледі: 1-ден, талап қоюшы өз мүдделері және құқықтарын көздеп талап
қою арқылы қатысады; 2-ден, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын
және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді. Бірінші
жағдайда талап қоюшы іс жүргізуін өзі бастайды, ал екінші жағдайда ол іске
қатысуға соттан рұқсат сұрайды. [26.72]
Жауапкер – талап қоюшының талабы бойынша сот алдында жауап беретін
тұлға. Талап қоюшының айтуынша жауапкер оның субъективтік құқығын немесе
заңмен қорғалатын мүддесін бұзып не дауға салып отыр. Талап қоюшы мен
жауапкер – сотта қаралуға жататын даулы құқық қатынасының немесе заңмен
қорғалатын мүдденің субъектілері.
Азаматтық іс жүргізуде тараптар ретінде қатысушы үшін азаматтық іс
жүргізу құқық қабілеттігі болуы тиіс, ал сотта өзінің іс жүргізу құқықтарын
жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттігі қажет.
Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі – азаматтық іс жүргізу құқықтары
мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі, материалдық құқық субъектілері
болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады.
Азаматтарға азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттері туғаннан беріліп,
өлгенде ғана тоқтатылады.
Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттігі – сотта құқықтарын өз іс-
әрекетімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге
тапсыру қабілеттігі. Заңды тұлғаның азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі
мен әрекет қабілеттігі мемлекеттік тіркеуден өткен кезде және оны
куәландыратын сәйкесті құжат болғанда басталады. Азаматтардың іс жүргізу
әрекет қабілеттілігі толық көлемде 18 жасқа толғаннан кейін ғана басталады.
16 жасқа толған ата-анасының рұқсатымен үйленген немесе шарт бойынша
кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналасатын болса оны толық азаматтық іс жүргізу
әрекет қабілеті бар деп танимыз. 14-18 жасқа дейінгі кәмелетке
толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танылған
азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін
сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда
сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеті шектеулі
деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті. [23.162]
Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтарын: жалпы және арнайы деп
бөліп қарастырса болады. Жалпы – бұл тараптардан басқа да іске қатысушы
тұлғаларға тән құқықтар: іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер
жазып алуға және көшірмелер түсіруге, қарсылықтарын мәлімдеуге, дәлелдеме
табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға және т.б. Мысалы, талап қоюшы
талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талабының
мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы.
Жауапкер талап қоюды толық не жартылай тануға, немесе талаптан бас тартуға
құқылы.
Тараптардың азаматтық іс жүргізу міндеттерін: жалпы және арнайы деп
бөліп қарастырса болады. Жалпы – тараптар өздеріне берілген барлық іс
жүргізу құқықтарын адал пайдалануға, сот отырысындағы тәртіпті сақтау,
сотта төрағалық етушінің қаулыларына бағынуға тиіс. Арнайы – ол азаматтық
іс жүргізудің сатыларына және нақты іс жүргізу әрекеттердің мінезіне
байланысты. Осылай, талап қоюшы сотқа өзі ұсынған талап арызында міндетті
түрде заңда көрсетілген мәліметтер бар болу керек; әр тарап өзінің
талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-
жайларды дәлелдеуі тиіс.
Жүргізуге тең қатысушылық - бұл бірден азаматтық процесте талап қоюшы
не жауапкер жағында немесе екі тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) жағынан
бір-біріне мүдделері қайшы келмейтін бірнеше тұлғалар қатысуы.
ҚР АІЖК 50-бабында: "Талапты бірнеше талап қоюшы бірлесіп қоюы немесе
оның бірнеше жауапкерге қойылуы мүмкін. Талап қоюшылардың немесе
жауапкердің әрқайсысы екінші тарапқа қатысты процесте дербес болады.
Тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) іс жүргізуді тиісінше тең талап
қоюшылардың немесе тең жауапкерлердің біреуіне тапсыра алады". [28.27]
Егер іске бірнеше талап қоюшының қатысуы болса, онда олар тең талап
қоюшылар деп аталады.
Егер іске бірнеше жауапкердің қатысуы болса, онда олар тең жауапкерлер
деп аталады.
Теория жүзінде бірігіп қатысушылықты екі мағынада қарастырады:
- процессуалдық-құқықтық мағынада;
- материалдық-құқықтық мағынада.
Процессуалдық-құқықтық мағынада ол 3 түрге бөлініп қаралуы мүмкін:
1-ші түрі – белсенді бірігіп қатысуы – сотта талап қоюшы ретінде
бірнеше тұлғаның қатысуы (екеу және одан көп қатысуы), мысалы 3 талап қоюшы
мен 1 жауапкердің қатысуы;
2-ші түрі – еңжар бірігіп қатысуы – сотта жауапкер жағынан бірнеше
тұлғаның қатысуы (екеу және одан көп қатысуы), мысалы 1 талап қоюшы мен 3
жауапкердің қатысуы;
3-ші түрі – аралас бірігіп қатысуы – бірден сотта талап қоюшы мен
жауапкер жағынан бірнеше тұлғаның қатысуы, мысалы 3 талап қоюшы мен 3
жауапкердің қатысуы.
Материалдық-құқықтық мағынада 2 түрде қарастырылуы мүмкін:
1-ші түрі – қажетті (міндетті) – заң бойынша іске барлық қатысушылардың
(талап қоюшы не жауапкер ретінде) қатысуын міндетті түрде тілейді, мысалы
ортақ мүлік бөлуде өз ұпайын белгілеу;
2-ші түрі – факультативті (міндетті емес) – бірігіп қатысуын міндетті
түрде тілемейді, яғни іс бойынша бірнеше талап қоюшылардың немесе бір ғана
талап қоюшының бірнеше жауапкерлерге жеке және бір-біріне байланыстырмай
қаралуын білдіреді. Бірнеше талап қоюшы талаптар қойған немесе талаптар
бірнеше жауапкерге қойылған кезде сот, егер талаптарды ажыратып қарауды
неғұрлым дұрыс деп тапса, бір немес бірнеше талапты жеке іс жүргізуге
бөлуге құқылы (АІЖК-нің 171 б. 2-ші бөлігі). Судья осы соттың іс
жүргізуінде дәл сол тараптар қатысатын біртектес, не бір талап қоюшының әр
түрлі жауапкерге немесе әр түрлі талап қоюшылардың бір жауапкерге қойған
талабы бойынша бірнеше іс бар екенін белгілеп, егер мұндай біріктіруді
дұрыс деп тапса, бұл істерді біріктіріп қарау үшін бір іске біріктіруге
құқылы (АІЖК-нің 171 б. 3-ші бөлігі).
Басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі
сотта өкіл бола алады (АІЖК-нің 59 б. 6-шы бөлігі).
Iс жүргізу құқық мирасқорлығы – бұл даулы не сот шешімімен анықталатын
құқықтық қатынасының іс жүргізуінен жақтардың біреуінің шығуына байланысты
істе тарап немесе үшінші тұлға болып танылатын тұлғаны ауыстыру.
Іс жүргізу құқық мирасқорлығы материалдық құқық бойынша келесі
жағдайларда болады:
Жалпы (универсалды) мирасқорлық (мұрагерлік, заңды тұлғаның қайта
ұйымдастырылуы);
Сингулярлы мирасқорлық, яғни жеке субъективтік құқық мирасқорлығы
(талапқа жол беру немесе басқа тұлғаның қарызын өзіне аудару).[11.152]
Материалдық құқық бойынша мирасқорлыққа жол берілмейтін жағдайда онда
іс жүргізу құқық мирасқорлығы да болмайды, мәселен талап ету құқық талап
қоюшы немесе жауапкер тұлғаларымен тығыз байланыста болса (неке бұзу,
алименттер өндіріп алу, жұмыс орнына қайта тұрғызу туралы талаптар
бойынша), сондай-ақ мирасқорлық заңға не шартқа қайшы болса (ҚР АК 190 б.).
Құқық мирасқорлығы процестің кез келген сатысында мүмкін болады. Құқық
мирасқордың процеске кіруі соттың ұйғарым шығарумен белгіленеді. Құқық
мирасқоры процеске кіру кезінде өзінің мирасқорлығын негіздеуге тиіс,
мысалы мұрагерлікте мұрагерлік құқы туралы куәлік, заңды тұлғаның қайта
ұйымдастырылуында сол туралы құжат, талапқа жол беру немесе борышты
ауыстыру туралы сәйкесті шарттар.
Құқық мирасқоры процеске кіргенге дейін жасалған барлық әрекеттер құқық
мирасқоры үшін бұл әрекеттер құқық мирасқоры ауыстырған тұлғаға қаншалықты
міндетті болса, сондай шамада міндетті.
Тиісті тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) – нақты азаматтық іс бойынша
азаматтық іс жүргізудің нағызғы қатысушылары, яғни тарапты іс материалдары
бойынша даулы құқық қатынасының субъектісі болуы мүмкін деген болжау.
[23.164]
Тиісті емес тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) – нақты азаматтық іс
бойынша азаматтық іс жүргізудің нағызғы қатысушысы емес, яғни даулы құқық
қатынасының субъектісі болуы мүмкін деген болжау іс материалдары бойынша
жоққа шығарылған тарап.
Тиісті емес тарап болып тиісті емес талап қоюшы немесе жауапкер танылуы
мүмкін. Тиісті емес тарап – азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі бар
тұлға. Ол тараптың барлық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болады,
яғни іс бойынша тарап болып танылады. Сондықтан сот тиісті емес талап
қоюшымен немесе тиісті емес жауапкерге талап қоюда талап арыз қабылдаудан
бас тартуға болмайды.
Тиісті емес жауапкер тиістімен мына жағдайда ауыстырылуы мүмкін:
- сотпен - өз ықыласы бойынша (ҚР АІЖК 170 б. 3 б.)
- талап қоюшының өтініші бойынша (ҚР АІЖК 51 б. 1 б.)
Барлық жағдайда диспозитивтік принципке сәйкес тиісті емес жауапкерді
тиістімен орын ауыстыруда талап қоюшының келісімі керек (ҚР АІЖК 51 б. 2
б.), ал тиісті емес жауапкердің тиістімен орын ауыстыруда келісімнің қажеті
жоқ. Сот істі дайындау үстінде немесе бірінші сатыдағы сотта оны қарау
кезінде талап бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап қойылып
отырғанын анықтаса, істі тоқтатпай талап қоюшының өтініші бойынша тиісті
емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады.
Тиісті емес жауапкерді ауыстырғаннан кейін істі дайындау және қарау
басынан бастап жүргізіледі. Егер талап қоюшы тиісті емес жауапкерді басқа
тұлғамен ауыстыруға келіспесе, сот істі ұсынылған талап қою бойынша
қарайды. Бұған қоса азаматтық процесте керісінше болу мүмкін, яғни тиісті
емес талап қоюшы. Себебі жоғарыда тиісті емес тараптар деп атаған едік, ал
тараптар ретінде біз талап қоюшы мен жауапкерді танимыз, сондықтан бұнда
тиісті емес талап қоюшы туралы айтқан орынды. [43.51]
Іске қатысқан тұлғалар ішінде үшінші тұлғалар ең түсініксіз тұлғалар.
Үшінші тұлғалар - өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін қорғау
үшін басталып кеткен азаматтық процеске қатысатын және тараптардың (талап
қоюшы мен жауапкердің) құқықтары мен мүдделерімен сәйкес келмейтін
тұлғалар. Үшінші тұлғалардың азаматтық процеске қатысудың негізгі себебі –
олардың қаралып жатқан азаматтық істе өздерінің жеке мүдделері бар. Іс
бойынша сот шешімі олардың материалдық құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі
мүмкін. Бұған қоса үшінші тұлғалар институты нақты бір іс бойынша бірнеше
әртүрлі талаптарды біріктіруге мүмкіндік етеді, істің бүкіл мән-жайларын
сотпен толық зерттеуді қамтамасыз етеді және негізсіз сот шешімдерін
шығарудан сақтайды деуге болады. [45.141]
Үшінші тұлғалардың іс бойынша мүдделерінің деңгейі әр түрлі болуы
мүмкін, сондықтан олардың 2 (екі) түрі болады:
1-мәлімдейтін;
2-мәлімдемейтін.
1) Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар –
бұл талап қоюшы мен жауапкер арасында басталып кеткен процеске даудың
нысанасына өздерінің дербес құқықтарын қорғау үшін қатысатын тұлғалар. Бұл
тұлғалардың қатысу себебі, олар құқық жөнінде дау талап қоюшы мен
жауапкерге емес өзіне берілген деп ойлайды. Олар жалпы тәртіп бойынша (ҚР
АІЖК 14 тарауы) бірінші сатыдағы сот шешімін шығарғанша талап қою арқылы
қатыса алады (мысалы: Екі жас некеге тұрған соң олар 120000 мың теңге
тұратын жеке пәтер алмақшы болады, ал пәтерді сатып алу үшін 80000 мың
теңге ақша соманы ер жігіт өзінің туған анасынан алады, ал 40000 мың теңге
ақшаны үйленер алдында өзі жұмыс істеп тапқанынан қосады. Бір жыл бірге сол
пәтерде тұрған соң жастар некелерін сот арқылы қияды, себебі ортақ мүлік
бөлуде араларында дау болған. Сотта іс қарағанда ер жігіттің туған анасы
өзінің дербес талабын қоюы мүмкін, яғни ол осы іс бойынша дербес талаптарын
мәлімдейтін үшінші тұлға болып танылады). Бұл үшінші ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық іс-жүргізу
АЗАМАТТЫҚ ІСТІ СОТТЫҢ ТАЛҚЫСЫНА ӘЗІРЛЕУ
Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы
Кейбір азаматтық істерді соттың қарауына дайындаудың ерекшеліктері
Сотта істі қараудың ауызшалығы
Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының түсінігі
Істі сотта қарау
Азаматтық іс жүргізу құқықғы
Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу – азаматтың іс жүргізудің сатысы
Пәндер