Демократиялық саяси жүйенің орнығуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
I.Азаматтық қоғамның қалыптасының теориялық кезеңдері.
1.1.Азаматтық қоғам құрудың алғышарттары.
1.2.Демократиялық саяси жүйенің орнығуы.
II.Азаматтық қоғам- мемлекеттің әлеуметтік негізі.
2.1.Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы.
2.2.Үкіметтік емес ұйымдардың құрылуы.
Қорытынды.
Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі
көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп,
нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір
шамада болмасын болған дейді.
Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель
еңбектерінің өзінде бір азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы
пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің,
адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.
Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар:Т.Гоббс, Ш.Монтескье,
Ж.Ж.Руссо,Т.Пейн және тағы басқа. Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын
жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлсафашысы –Гегель. Оның
ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы,
әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды.
Олардың мақсаты қоғамның өміршеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды
қамтамасыз етуде.
Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын
әлеуметтік-экономикалық және мәдени –рухани қоғамдық қатынастардың
жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге
мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне аралауына шек
қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға
берген және орындалуын өздері тексереді.
Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар
(отбасы, кооперациялар, ассоциялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіби, шығармашылық,
спорттық, этникалық және басқа бірлестіктер), азаматтардың, өндірістік және
жеке өмірі, олардың әдеп-ғұрпы, салттары кіреді.
Азаматтық қоғамдаадамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің
түрін еркін таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі.
Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенмді түрде қорғалады.
Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды.
Азаматтық қоғам экономикасының негізгі-әр түрлі меншіктегі көп
укладты экономика. Бұл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және
оны өз қалауына алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке , тапқырлыққа,
жемісті еңбек етуге кең жол ашылады.
Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және
қоғамдық адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерде сай төмендегідей
азаматтық құқықтары жүзеге асырылады:
-ұлттық-этникалық, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері бойынша
қандай да долсын алалаушылыққа жол берілмейді;
-жеке тұлға мен азаматтың абыройы болып саналатын пәтер үйі мен
мүлкі, мамандық таңдау еркіндігі, тұратын мекенін анықтау, елжұртқа келіп
кету, хатта жазылған және телефонмен сөйлеген сөз құпиялылығы, сөз,
баспасөз және хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді қорғалады;
-адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді;
-азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан толық
қорғалады.
Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы өзгеше жағдайда өтіп отыр.
Кеңестік кезеңде қоғам өмірі барынша мемлекеттендірілген болатын. Ол жүйе
күйрегеннен кейін азаматтық қоғамға өтуге жоғарыдағы мемлекеттің өзі
ұйтқы болып отыр. Халықтың сана-сезімі, жүріс-тұрысы әлі ондай деңгейге
көтеріле қойған жоқ. Сондықтан біраз уақытқа дейін, белгілі бір сапалық
деңгейге қол жеткізгенше бұл процеске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ.
Еліміздің 1995 жылы Конституциясы Қазақстанда әлеуметтік бағдарды
нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін
оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалады. Оған тең дәрежеде
танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті, адам және
азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін, отбасын, ана мен әке
және баланы мемлекеттің қорғауын, идеологиялық және саяси әр алуандықты
және тағы басқа да жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық азаматтық
қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.
Азаматтық қоғам материалдық, мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық
мемлекетке айналады.Құқықтық мемлекет деп-демократиялық жолмен қабылданған
заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның
құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады.
Заң үстемдігінің елдің Конституциясында бекітіліп, басқа заңдар мен
ережелік актілерге таралады. Заңдар халықтың еркін білдіреді және оны
барлық адамдар, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті.
Мұнда мемлекет пен азаматтар екі жақты өзара жауаптылықта болады. Билік шын
мәнінде бөлінеді, олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады, өзара
бақылау қамтамасыз етіледі.
Мұнда бір таптың, партияның, топтың, идиологияның үстемдігіне жол
берілмейді. Адам құқығы биік дәрежеде сақталады. Барлық азаматтар шын
мәнінде мемлекеттік және қоғамдық істерге қатыса алады.
Атқарушы биліктің барлық жұмысы ашық атқарылады, оның жұмысы
жұртшылықтың бақылауында болады. Пікір алуандығы кең өріс алады.
Бұл мемлекетке адамның адамгершілік қасиеттері, борыш сезімі,
жауапкершілігі биік дамиды.
Құқықтық мемлекет жоғары өкіметтің қаулы-қарарларымен
кіргізілмейді.Ол үшін мемлекет жан-жақты дамып, пісіп жетілуі керек.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуін оқып білудің маңызы зор.
Себебі қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтардан, ал олар қандай жай-күй,
жағдайда тұратындығын білу керек. Олардың іс-әрекеті барлық қоғам
институттарының қызмет ету сапасын, қоғам дамуының бағытын анықтайды.
Қоғамның тұрпаты, саяси және мемлекеттік құрылымы оның қандай әлеуметтік
топтардан тұратындығына, олардың қайсысы жетекшілік, қайсысы тәуелді
жағдайда екендігіне байланысты. Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік
белгілерімен сипатталады. Оған ұлты, тұратын жері, қоғамдық өндіріске
қатысуы, қоғамдық еңбек бөлінісіндегі орны (өндіріс құралдарына меншік
қатынасы, еңбекті қоғамдық жолмен ұйымдастырудағы рөлі, еңбектің мазмұны
мен сипаты) кәсібі, білімі, табыс мөлшері, саяси билікті іске асыруға
қатынасы және т.б жатады.
Осындай бір немесе бірнеше әлеуметтік белгілермен бірлескен
адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зиялылар,
студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қазақтар, орыстар, немістер және
т.с.с.Өзінің қоғамдағы орнына байланысты олар бір уақытта әр түрлі
әлеуметтік топтардың мүшесі бола алды. Мысалы, студент, қазақ, үлкен
қаланың тұрғындары.
Адамдардың қоғамдық жағдайындағы ортақ өмір ерекшеліктері,
әлеуметтік бір топқа енуі олардың әлеуметтік мүшелерін бірлестіреді. Олар
адамдар мен әлеуметтік топтардың өз өмірлік жағдайын, мүмкіншілігін
нығайтуда, кеңейтуде көрініс табады. Оған әр түрлі деңгейде табысқа,
билікке, кәсіпке, білімге, мәртебеге және т.с.т ие болу мүмкіншіліктері
жатады.
Адамдар саяси процесте белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі
немесе мүшесі ретінде қатысады. Олар жалпы қоғамдық өмірдің, оның ішінде
саяси процестің басты субъектісі болып табылады. Сондықтан қандай болмасын
саяси іс-қимылдың сыртында біреулердің топтық мүддесі тұрады.
Еңбектің қоғамдық бөлінуі негізінде жұмыс істейтін әлеуметтік
топтар мен олардың өзара қатынас жүйесінің жиынтығын қоғамның әлеуметтік
құрылымы дейді. Қоғамдық өмірді әр түрлі әлеуметтік топтардың өзара
әрекеттестігінің нәтижесі деуге болады. Адамның қоғамдық жағдайындағы
негізгі түрлерін атауға болады. Оған әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-
таптық, кәсіби және елді мекендік құрылым жатады.
Марксистік қоғамтану әлеуметтік құрылымның негізгі түрі деп
қоғамның таптық құрылымын санады. Өйткені ол қоғамдық өмірдің ең маңызды
саласы қоғамдық өндіріс жүйесінде құрылады.
Сонымен қатар қоғамдағы әлеуметтік жіктелуге басқа да белгілер
шешуші рөл атқарады. Мысалы, билік құрылымындағы орны мен рөлі, табысының
мөлшері, әлеуметтік топтың, әлеуметтік құрылымды және қоғамның әлеуметтік
бөлінуін зерттеу үшін XX ғасырда әлеуметтік стратификациялану деген ұғым
кіргізілді. Страт латын тілінде жік, қабат деген сөзден туған, геологияда
жер қыртысының қабаттарын білдіретін ұғым ретінде қолданылады.
Әлеуметтік жіктелуге қоғамның құрамына кіретін белгілі-бір
топтардың жиынтығы жатады. Әлеуметтік құрылымды зерттегенде
волюнтаризм(ерікке ырық берушілік) болмауы үшін, қоғамдағы барлық жіктерді
қарастырып, оларды бір белгі, өлшем арқылы салыстыру керек. Соның арқасында
әлеуметтік топтарды және олардың қоғамдағы жағдайын айтарлықтай толық және
терең сипаттайтындай өлшемді таңдап алған жөн. Ол әлеуметтік топтарды
жіктегенде мынандай белгілерді басшылыққа алады: меншікке ие болудың
сипаты, табыстың мөлшері, биліктің аумағы, мәртебесі, ұлттық ерекшеліктері
және т.б Егер топтар бір белгінің негізінде жіктелсе(мысалы, табысының
мөлшеріне, билік жүргізуге қатысына қарай т.т) ол бір өлшемдік жіктеуге
жатады. Егер бірнеше белгінің негізінде болса, ол көп өлшемдік жіктелу
болады.
Әлеуметтік жіктелу теориясы адамды қызметкер ретінде де,
тұтынушы ретінде де қарастырады.Олбилік жүйесіндегі барлық жағдайын,
басқара алатын объектісінің аумағы мен түрлерін, қоғамнан ала алатын игілік
мөлшерінің барлық түрлерін ескереді. Осылардың арқасында ол қоғамдағы
әлеуметтік жіктелу жүйесін және қалыптасқан теңсіздікті жан-жақты зерттеп
білуге мүмкіндік береді.
Ал әлеуметтік жіктелу теориясы, біріншіден бұл өзгерістерді дер
кезінде көрсете біледі. Екіншіден, қоғамның әлеуметтік топтарының қазіргі
қалпы, бейнесі жөнінде толығырақ мағлұмат береді.
Шетелде әлеуметтік жіктелу теориясы жүз жылға табысты
пайдаланылып келеді. Ал Кеңес Одағында оны маркстік-лениндік таптар мен тап
күресі теориясына қарсы қойып, қолданбады. Себебі, бұл әдісті пайдаланса,
әлеуметтік жіктелу мен теңсіздіктің беті ашылып қалған болар еді. Сондықтан
коммунистік идиологияның оны қолдануға, насихаттауға, таратуға мүддесі
болмады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамның саяси өмірі
Саяси жүйелер мен режимдердің жіктелуі
Саяси мәдениет типтері. Мәдениеттегі саясаттың орны
1945 -1980 жылдардағы ксро
Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу проблемасы
Қазақстан - құқықтық мемлекет
Мемлекетті басқарудың мақсаттарын іске асырудағы әлеуметтік механизм
Бизнес этикасының ғылым ретінде орнығуы
Көппартиялық жүйенің қалыптасуы және оның маңызы
Қазіргі кезеңнің саяси институттары
Пәндер