Адвокаттың қорғау мақсатының маңызы мынада
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ 4
1 АДВОКАТТАР КӨРСЕТЕТIН ЗАҢ КӨМЕГIНIҢ ТҮРЛЕРI 6
1.1 Адвокаттың азаматтық iс бойынша iске қатысуы 6
1.2 Қылмыстық iс бойынша адвокаттардың қорғауға қатысуы 11
1.3 Қылмыстық iстер бойынша адвокаттың сот процесiне қатысуы
16
2 АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕК-ШЕЛІКТЕРІ
2.1 Адвокаттың психологиясы. Адвокаттық қызметтің психологиялық
құрылымында өзге компоненттердің әр түрлі үйлестірілуі 25
2.2 Адвокаттық қызметтегі психологиялық әрекеттер және
психологиялық құралдар
2.3 Адвокаттық қызметтегі әсер ету, қарсылықты жоққа шығару және 25
дәлелдеу, сендіруді білу амалдар
28
3 ҚЫЛМЫСТЫҚ IСТЕР БОЙЫНША АДВОКАТТЫҢ ҚОРҒАУ ТӘСIЛДЕРIНІҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 39
3.1 Адвокат қылмыстық iс бойынша iс қозғау сатысында
3.2 Ұстау және бұлтартпау шараларын қолданғанда адвокаттардың iс
әрекетi 50
3.3 Адвокаттың қылмыстық жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайларды 50
қолдануы
3.4 Қорғау мүддесi үшiн сот сараптамасын тағайындау және 53
қорытындылау негiздерi
3.5 Алдын ала тыңдау сатысындағы адвокаттың ролi 63
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 66
68
70
КIРIСПЕ
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы
атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заңға қол қойылды. Осы
уақыт iшiнде Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, әнұраны сияқты
мемлекеттiк рәмiздерi қабылданып, тәуелсiз елдiң алғашқы Конституциясы
өмiрге жолдама алды. Осы 22 жыл iшiнде мемлекет және қоғам дамудың барлық
бағыттарында сүбелi жетiстiктерге қол жеткiздi. Қазақстан Президентi Н.Ә.
Назарбаевтың елде жүргiзiп отырған өрелi саясатының арқасында мемлекеттiк
билiктiң мықты жүйесi құрылды. Қазiргi таңда Қазақстан Республикасы
демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет танылады.
Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық зайырлы құқықтық және
әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыра отырып адам және азаматтық құқықтары
мен бостандықтарына қорғауды басты мақсатқа қояды және оларға кепiлдiк
бередi. Қазақстан Республикасында адам және азаматтық құқықтары мен
бостандықтарына арналған 30 бап бар.
Бiздiң мемлекетiмiздiң ең басты қазынасы – адам және адамның өмiрi,
құқықтары мен бостандықтары болып есептелiнедi. Осы себептен азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерiн қорғауды жүзеге асырушы, заңды
тұлға ретiнде адвокаттардың рөлi арта түстi.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясында
жарияланған әрбiр азаматтың бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Осыған
орай 1997 жылы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметi
туралы Заңы қабылданды. Бұл заңның негiзгi мақсаты адамның өз құқықтарын,
бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет
кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды
етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокатура қылмыстық
iстер бойынша, әкiмшiлiк басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ
азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске
асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету
жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.
Адвокаттық қызметтiң құқықтық негiздерi Адвокаттық қызмет туралы
Заңның 2 бабында бекiтiлген. Адвокаттық қызмет туралы заңдар осы заңнан
және адвокаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдардан тұрады (ҚIЖК, АIЖК
Сот орындаушыларының мәртебесi және атқарушылық iсiн жүргiзу туралы Заң
және т.б.).
Қазақстан мемлекетi өз азаматтарының белгiлi бiр iс әрекетiнiң заң
жүзiндегi мүмкiндiктерiн таниды және оларға кепiлдiк бередi. Адам мен
азамат құқығы – Қазақстан Республикасы Конституциясының iргелi категориясы,
ол адамды қазақстандық қоғамның ең жоғарғы құндылығы ретiнде орнықтырады.
Қазақстан азаматтары өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы
келмейтiн әдiстермен қорғауға құқығы бар. Қазақстан азаматтары ғана емес,
сонымен қатар, Қазақстан аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдар, сондай-
ақ басқа елдiң азаматтығы бар шетелдер Қазақстан аумағында құқықтары мен
бостандықтарына қысым жасалған болса, олар өз құқықтары мен бостандықтарын
қорғауды сұрай алады.
Адвокат – қорғаушы қызметтiң өзiне тән стилi мен шеберлiгiн меңгерген
маман болып қалыптасқан адам. Мұның өзi жұмыс сапасына, қызмет тактикасына,
қорғауды тиiмдi жүргiзуiне әсер етедi.
Адвокаттың қылмыстық iске қатысуын дипломдық бiтiру жұмысымның
тақырыбы етiп алуымның себебi, қылмыстық iс жүргiзуге заңи көмек беруге
араласушы адвокат-қорғаушы үшiн заңи көмек беру еңбек қызметiнiң негiзгi
түрi, кәсiбi.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – адвокаттық қызметтің психологиялық
аспектілерінің ерекшеліктерін анықтау. Осы алға қойылған мақсатқа орай,
мынадай міндеттерді көздедім:
- адвокаттық қызметтің құрылымдық компонентерімен танысу: танымдық,
коммуникативтік құрылымдық, ұйымдасмтырушылық, тәрбиелік куәлардыратын
элеметтер, әр компоненттің мінездемесі, соның ішінде куәлардыратын
компонентті жүзеге асыру жолдарын көрсету;
- адвокаттық қызметтің психологиялық ерекшеліктеріне тоқталу,
адвокаттың психологиясы, адвокаттық қызметтің психологиялық құрылымында
өзге компоненттердің әр түрлі үйлестірілу тәсілдерін ашу;
- адвокаттық қызметтегі психологиялық әрекеттер және психологиялық
құралдарды анықтау;
- заңгердің және адвокаттың психотехникасы, адвокаттың сөйлеу
психотехникасы, адвокаттық қызметтегі әсер ету, қарсылықты жоққа шығару
және дәлелдеу, сендіруді білу амалдарды тереңірек зерттеу;
Қазiргi кезеңде заң мен қоғам адвокат – қорғаушыдан жай заң көмегiн
көрсетудi ғана емес, қылмыстық iс бойынша қорғаудың нәтижелiлiгiн талап
етедi.
Сондықтан бiтiру жұмысымда адвокат-қорғаушылардың қылмыстық iске
басынан қалай қатысатынын, қорғау тактикасы ретiнде ненi қолданатынын
өзiмiздiң қазақстандық авторлармен қоса шетелдiк авторлардың да еңбектерiн
пайдалана отырып, кеңiнен зерттеуге ден қойдым. Бұл тақырып бойынша бiрде
бiр қазақ тiлiнде шыққан заң әдебиеттерi жоқ болғандықтан, дипломдық бiтiру
жұмысымды өзiмнiң ана тiлiмде жазуға бiраз қиындықтар болды. Бiрақ ол
қиындықтарды жеңдiм деп ойлаймын, өйткенi алда баяндалар еңбегiм соның
жемiсi.
1 АДВОКАТТАР КӨРСЕТЕТIН ЗАҢ КӨМЕГIНIҢ ТҮРЛЕРI
1.1 Адвокаттың азаматтық iс бойынша iске қатысуы
Жоғарыда жазып өткенiмдей Қазақстан Республикасы өзiн тәуелсiз
мемлекет ретiнде орнықтыра отырып ең басты қазынасы ретiнде адам және
азаматтың өмiрi, құқықтары мен бостандықтарын қарастырады.
Адвокатура азаматтардың барлық жағдайда құқықтары мен бостандықтарын
заң тұрғысынан көмек берiп қорғайтын бiрден-бiр заңи ұйым болып табылады.
Оның заң көмегiн көрсету түрлерi мен әдiстерi және құқықтық негiздерi әр
алуан, өзiне тән ерекшелiктерiмен ерекшеленедi.
Қазiргi нарықтық экономика жағдайына байланысты адвокаттардың
көрсететiн қызметтерi әр құқық саласы бойынша өзгешеленедi, сонымен қатар
кәсiби және бiлiктi қызмет түрлерiн көрсету үстiнде.
Адвокаттардың қазiргi таңдағы көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi:[1]
- шешiлуi кәсiби заң бiлiмдерiн қажет ететiн мәселелер бойынша
көнсультациялар, түсiндiрмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар бередi;
- талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа
құжаттарды жасайды;
- соттарда, мемлекеттiк және өзге де органдарда азаматтық iстерде,
сонымен қатар әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерiнде өкiл ретiнде қатысады;
алдын ала тергеу кезiнде, сотта қылмыстық iстер бойынша қорғаушы
ретiнде заң көмегiн көрсетедi, жәбiрленушiнiң, азаматтың талапкер,
азаматтың жауапкер өкiлдiгiн жүзеге асырады.
Сонымен қатар адвокаттар азаматтарға, ұйымдарға өзге де заңдарда тыйым
салынбаған өзге де заң көмегiн көрсетедi.
Адвокаттың көрсететiн заң көмегiнiң түрлерiнiң iшiндегi азаматтық iс
бойынша өкiл болып қатысуын ашып қарастырайық.
Әр адам азаматтық процесс барысында бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы
бар. Әрбiр адам бұзылған немесе заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн
Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге
құқылы. Азаматтар өздерiне берiлген азаматтық құқықтарыды, соның iшiнде
өздерiн қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады.
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге
асырған кезде адал, парасатты және әдiл әрекет жасап заңдардағы талаптарды,
қоғамның адамгершiлiк қағидаттарын сақтауға тиiс.
Азаматтар азаматтық iсте өз iстерiн өздерi немесе өкiлдерi арқылы
жүргiзуге құқылы. Азамат iске өзi қатыса отырып өкiлiн де осы iс бойынша
қатыстыра алады. Азаматтың iске қатысуы өзiне бiраз ыңғайсыздық
туғыздырады. Мысалы, тараптар сот процесiнде өздерiнiң күнделiктi
жұмыстарынан, қызметтерiнен босай алмаған жағдайда өздерiнiң мүдделерiн
қорғауға процесте өз өкiлдерiне бередi.ҚР АIЖК 59-бабында тапсырма бойынша
өкiлдiк етуге өкiлеттi азаматтардың тiзiмi берiлген. Соның iшiнде ең
негiзгiсi, әрi маңыздысы – адвокаттар.
Азаматтық iсте адвокаттың қатысуының негiзi – тапсырма бойынша iске
асырылады және де оның iс жүргiзудегi өкiлеттiгi сенiмхатта белгiленедi.
Сотта өкiлеттiк процессуалдық сипатқа ие. Бiр тұлғаның (өкiл алушы)
екiншi тұлғаның (өкiл берушi) атынан процессуалдық құқықтары мен мүдделерiн
қорғауға және бiлдiруге бағытталған әрекеттi – сотта өкiлдiк ету деп
белгiленген. Бұл құқықтық қатынастың негiзi әрi бастауы, азаматтық –
құқықтық шартта болады, яғни осы шарт негiзiнде екi тараптың арасында
құқықтық қатынас пайда болады. Адвокат өзiне жүгiнiп келген азаматтың
азаматтық iс жөнiндегi азаматтық процеске дейiнгi немесе процессуалдық
өкiлеттiк басталғанға дейiн консультация бередi. Яғни адвокат пен өкiл
берушiнiң қарым-қатынастары консультация берген кезден басталады.
Консультация беру бiрқатар өзара байланыстағы сатылардан тұрады.
Ең бастысы адвокат консультацияға келген азаматтың аты жөнiн,
тұрғылықты жерiн, атқаратын қызметiнiң, кәсiбiнiң түрiн анықтауы тиiс.
Содан адвокат, азаматты тыңдап, осы мәселе бойынша сұрақтарға жауап берiп
өзi сауал қоя алады. Адвокат консультацияға келген азаматты тыңдаған соң iс
бойынша жағдайларды анықтап, талаптың атын қалыптастыруы керек. Егер де
азаматтың өзiнiң жүгiнiп келген iсi бойынша белгiлi бiр құжаттары болған
жағдайда адвокат сол құжаттардың iске қажеттiлiгiн немесе керексiздiгiн
анықтауы қажет.
Адвокат талаптың пәнiн айқындап алғаннан кейiн, қандай материалдық
құқыққа жататындығын бiлгеннен кейiн консультация беруге дайын болады.[2]
Консультация беру өкiлеттiктi алумен тығыз байланысты емес, яғни кiм
болмасын талапкер, жауапкер, үшiншi тұлғалар кез-келген уақытта да бұлардың
құқықты позициялары талаптардың дәлелдемелiгi.
Адвокат iсi материалды-құқықтық позициясы бойынша жай және күрделi
болуы мүмкiн. Егер де iс жай болған жағдайда, адвокат тапсырманы алуға не
одан бас тартуға құқылы. Ал егер де күрделi болса, онда адвокат бiрқатар
құқықтық толықтыру жұмыстарын жүргiзедi, яғни iс бойынша құқықтық
позициясын айқындауы тиiс.
Адвокат құқықтық позицияны айқындап алғаннан кейiн төмендегiдей
жағдайларды бiлуi керек:
- талап арызға тұлғаның құқығы бар ма;
- талап арыз сотта қаралуы тиiс пе;
- талапкер мен жауапкер процессуалдық құқық қабiлеттiгiне ие ме;
- осы iс бойынша, осы тараптардың арасында, осы дауға байланысты заң
күшiне енген соттың шешiмi барма, немесе талапкердiң талап арыздан бас
тартуы болған ба, немесе бiтiмгершiлiк келiсiмге келген бе;
- осы iстi алқалық сотқа жiберу туралы келiсiмдер жоқ па.
Кез келген жағдайда азаматқа iс бойынша құқықтық позициясы
түсiндiрiлуi керек. Егер адвокаттық құқықтық позициясы тараптың позициясына
қарсы келсе, онда адвокат бұл iстi өз өндiрiсiне алмауға тиiс.
Iс бойынша адвокаттың позициясы белгiлi бiр тараптарға сай болуы
керек:
- өкiл берушiнiң мүдделерiнiң заңдылығы және адвокаттық қызметтiң
мiнездемесi;
- өкiл берушiнiң позициясы мен адвокаттың құқықтық позициясы қарама-
қайшы келмеуi тиiс;
- өкiл берушiнiң адвокаттық құқықтың позициясын бiлуi;
iс бойынша құқықтық позицияны анықтағаннан кейiн, адвокат iс жүргiзудi
өзiне қабылдайды.
Адвокат iс жүргiзудi өзiне қабылдағаннан кейiн материалға керектi
айғақтар мен дәлелдемелердi дайындайды. Егер де қылмыстық iстерде алдын ала
тергеу органдарының лауазымды тұлғалары дәлелдемелердi дайындаса, азаматтық
iстерде жұмыс адвокаттық қызметi болып табылады.
Бастапқыда адвокат дәлелдеу пәнiн айқындап алуы тиiс. Дәлелдеу пәнiн
адвокатпен қатар сотта айқындайды.[3]
Әр тарап өзiнiң талаптарының және қарсылықтарының негiзi ретiнде
сiлтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуi тиiс.
Дәлелдеу пәнiн айқындағаннан кейiн адвокат сотқа керектi қандай
дәлелдемелердi жинау керек мәселесiн қарастырады. Адвокаттық iсте заңмен
көзделген тәртiпте сот – тараптардың талаптары мен қарсылықтарын
негiздейтiн мән-жайлардың бар жоғын, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн өзге де
маңызы бар мән-жайларды, солардың негiзiнде анықтайтын заңды түрде алынған
фактiлi деректер дәлелдеме болып табылады.
Дәлелдемелер көп болған жағдайда талап арызды немесе қарсылықты
дәлелдеуге жеңiлдететiн маңызды дәлелдемелердi iрiктейдi. Кез келген
жағдайда дәлелдемелер iске қатысты және шындыққа сәйкес болуы керек.
Адвокат дәлелдемелердi өзi жинайды, кейде дәлелдемелердi сұратып алу
көмегiне жүгiнедi.
Адвокаттың дәлелдемелердi сұратып алу түрлерi:
- заң консультациясы арқылы сұрату;
- сотқа iс бойынша дәлелдемелердi сұратып алу;
- сотқа, сот тапсырмаларын сұрату туралы өтiнiм бередi.
Сотқа өтiнiм жазбаша түрде жазылуы тиiс және қандай дәлелдемелер,
сонымен қатар дәлелдемелердi алуға адвокаттың өзiнiң келмеген себептерiн
көрсетедi. Адвокат сотқа өтiнiм жазған кезде дәлелдемелер iс бойынша қажет
екендiгi көрсетiп, жазып өтуi тиiс.
Адвокат iстiң дәрежесiне байланысты кез келген дәлелдеу құралдарын
пайдалана алады, яғни тараптар мен үшiншi тұлғалардың түсiнiктемелерi,
куәлардың айғақтары,жазбаша және заттай дәлелдемелер, сарапшылардың
қорытындысы. Азаматтық iсте адвокат дәлелдеу тәсiлдерiн жүзеге асыруы
керек.
Сонымен қатар адвокат дәлелдемелердi қамтамасыз ету туралы сотқа
өтiнiш бередi, өтiнiшiнде дәлелдемелердiң жоғалып кетпеуiне кепiлдiк
бередi.
Әрбiр дәлелдеменiң – қатыстылығын, шындыққа сәйкестiгiн азаматтық iстi
шешу үшiн жеткiлiктiгiн бағалауға тиiс.
Келесi сатыда осы iске қатысты тұлғалардың тiзiмi анықталады. Осы iске
қатысты тұлғалардың тiзiмi дұрыс анықталмаған жағдайда iстiң кiдiрiп
қалатыны сөзсiз.
Осыдан кейiн адвокат iс жүргiзу құжаттарын толтырады.
АIЖК 150-бабында талап арызда талапкер көрсетiлген, осы талаптарды
адвокаттар сақтауға тиiс.
Талап арыз iстiң категориясына қарамастан, келесiдей бөлiктерден
тұрады:
- iске қатысты фактiлi жағдайларды бейнелеу;
- көрсетiлген фактiлердi дәлелдейтiн дәлеллемделерге нұсқау;
- даудың құқықтық бiлiктiлiгiн белгiлеу.
Жауапкердiң адвокаты iс бойынша жазбаша түсiнiктеме бередi. Бұл талап
арызға жауап және талап арызға қойылатын талаптарды сақтай отырып жазылуы
тиiс. Мұндай түсiнiктеме де жауапкердiң талап арызды толық немесе iшiнара
мойындауы көрсетiледi.
Сонымен қатар жауапкердiң адвокаты дәлелденген фактiлердi ұсынады.
Жауапкер бiрiншi сатыдағы сот шешiмi шығарғанға дейiн алғашқы талап
қоюмен бiрлесiп қарау үшiн талап қоюшыға қарсы талап қоюға құқылы. Қарсы
талап қою туралы жалпы ережелер бойынша жүргiзiледi.
Судьяның қарсы талап қоюды қабылдау шарттары:
- қарсы талап алғашқы талапты есепке алуға бағытталса;
- қарсы талап қоюды қанағаттандыру алғашқы талап қоюдың толық немесе
қанағаттандыру бөлiгiнде болдырмаса;
- қарсы және алғашқы талап қоюлардың арасында өзара байланыс болса
және оларды бiрлесiп қарау дауларды неғұрлым жылдам және дұрыс қарауға
әкелсе.
Iстi сот қана емес, сонымен қатар адвокат та жүргiзедi. Адвокат
материалдардың көшiрмесiн алуға құқығы бар.
Iс бойынша барлық құжаттар қажет, адвокаттан талап арыздың көшiрмесiн,
өтiнiш алынады, қарама-қарсы жақтан iс бойынша түсiнiк т.б. құжат алынады,
ал соттан сот шешiмiнiң үзiндiлерiн сот отырысының қаулысы алынады.
Адвокат пен клиент арасында, олардың кездесу барысында белгiлi
қатынастар туындайды:
- сенiмдiлiк, яғни заң көмегiн сұрап келген адам адвокаттан өзiнiң
өкiлiнен де бiрқатар керек хабарларды жасырады. Соңында сот процесiнде
адвокат беймәлiм хабардан қауiп төнуi мүмкiн. Адвокат пен клиенттiң
арасында сенiм бiрiншi кездесуде-ақ пайда болуы керек.
- iспен қатар клиенттiң өзiн жақсы бiлiп алуы керек.
- бiрлесiп жұмыс атқаруы тиiс.
Адвокат заңғер сонымен қатар психолог болуы керек.
Адвокат сотта өзiне белгiлi дәлелденген фактiлерге сүйене отырып сұрақ
қоюы тиiс. Адвокат өзiне белгiлi мәлiметтердi, дәлелдемелердi қолдана
отырып, iстiң мән-жағдайын баяндап бере алады, жақсы баяндап берумен қатар
сот процесiне қатысушыларды және сот төрелдiгiн атқарушы судьяны сендiруi
адвокаттың жоғары деңгейдегi бiлiмдiлiгiн байқатады.
Сот процесiнде адвокат басқа тұлғалардың ұсынған дәлелдемелерiн
қарастырып, сұрақ қоюға құқылы. Сотқа қатысушы тұлғалардан, яғни
жауапкерден, куәгерден iске қатысты сұрақ қоюға құқылы.[4]
Жалпы азаматтық iсте сотта iстi қарағанда тұлғалардың ұсынған
дәлелдемелерiн зерттейдi.
Дәлелдемелердi зерттеп бiткеннен кейiн сот, сот жарыссөзiне көшедi.
Сот жарыссөздерi iске қатысушы адамдар мен өкiлдердiң сөздерiнен тұрады.
Алдымен талап қоюшы және оның өкiлi, ал содан соң жауапкер мен оның
өкiлi сөз сөйлейдi. Басталып кеткен процесте даудың нысаны бойынша дербес
талапкер мен олардың өкiлдерiнен кейiн сөз сөйлейдi. Даудың нысаны бойынша
өз бетiнше талапкер қоймаған үшiншi тұлға мен оның талап қоюшыдан немесе
үшiншi тұлға iске өзi қатысатын жақтағы жауапкерден кейiн сөз сөйлейдi.
Сот жарыссөзi басталар алдында барлық дәлелдемелер зерттелгендiгi
адвокаттың мiндетi – дәлелдемелердi жинақтап қорытып, сотты iс бойынша
өзiнiң көзқарасын дұрыстығы туралы сендiруi қажет.
Сот жарыссөзi - өкiлдiң iс бойынша барлық әрекеттерiнiң логикалық
қорытындысы. Адвокат сотта зерттелген дәлелдемелердi бiрiктiруi қажет,
өзiнiң құқықтық позициясын дәлелдеу үшiн.
Адвокаттың соттық сөзiнiң мақсаты:
- iс бойынша өзiнiң құқықтық позициясын дәлелдеу;
- сотты өзiнiң дұрыстығына иландыру керек.
Сот жарыссөзiне адвокат өзiнiң ораторлық шеберлiгiн заңи бiлiгiн
көрсетедi. Сөз сөйлгенде қатысушы тұлғалардың көңiл бөлетiнiне мән беруi
тиiс.
Сот жарыссөзiнде адвокат зерттелген дәлелдемелерге сүйене отырып сөз
сөйлеуi керек. Адвокат өз сөзiнде сот анықтамаған мән жайларға, сондай-ақ
сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сiлтеме жасай алмайды.
Сот жарыссөзiнiң басты мақсаты – құқықытық позициясын дәлелдеу, сотта
жиналған және зерттелген дәлелдемелерге сүйенiп қарама-қарсы тараптың
позициясын жоққа шығару. Жарыссөзге қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп
болған соң ол сөздерiнде айтылғандарға байланысты екiншi рет сөз сөйлей
алады. Соңғы реплика құқығын үнемi жауапкер мен оның өкiлi иеленедi.
Осыдан кейiн iске қатысушы прокурор сот жарыссөздерiнен кейiн жалпы
iстiң мәнi бойынша қорытынды бередi. Прокурор iс бойынша қорытынды
бергеннен кейiн сот шешiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кетедi. Кеңесу
бөлмесiнен сот отырысы залына оралғаннан кейiн, сот шешiм жариялайды. Мұнан
соң шешiмге шағымданудың тәртiбi мен мерзiмдерiн түсiндiредi.
Аудандық немесе оған теңестiрiлген сот шығарған бiрiншi сатыдағы сот
шешii егер оған шағым, наразылық жасалмаса апелляциялық шағымдану мерзiмi
өткен соң заңды күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Жоғары соты, облыстық және iске қатысушы
басқа да адамдар, сондай-ақ олардың құқық мирасқорлары сотта бұрынғы
негiздер бойынша бұрынғы талап қою талаптарымен қайтадан арыздана алмайды.
1.2 Қылмыстық iс бойынша адвокаттардың қорғауға қатысуы
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғануына үлкен әсер
ететiн қылмыстық iс жүргiзу принциптерiнiң бiрi – ол сезiктiнiң,
айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету болып табылады. Қылмыстық iс
жүргiзу жүйесiнде бұл принцип ерекше орында тұрады. Сезiктiнiң,
айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципi қылмыстық iс
жүргiзу принциптерiмен тығыз байланысты болады және оның бiрқатар
элементтерi басқа принциптерiнiң құрамдас бөлiгiне кiредi. Мысалы, заңдылық
сот iсiн тараптардың бәсекелестiгi мен тең құқықтылыны негiзiнде жүргiзу,
жариялылық, кiнәсiздiк призумпциясы және т.б. Аталған принциптердiң
сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз етуi прниципiмен
бiрге қызмет жасау арқылы ғана сот төрелiгiн жүргiзе аламыз.
Дегенмен, сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету
принципiнiң өзiндiк маңызы және оны қылмыстық iс жүргiзудiң басқа
принциптерiнен ерекшелендiрiп тұратын нақты белгiлерi бар. Олардың iшiндегi
ең бастысы, ол сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету
принципi қылмыстық iс жүргiзудiң маңызды бiр функциясы қылмыстық iс
жүргiзудегi қорғау функциясы алдымен айыпты жоққа шығару мен оны
жеңiлдетуге бағытталады.[5]
Егер айыптау функциясы тұлғаның кiнәлiлiгiн көрсететiн дәлелдерге
негiзделсе, онда қорғау функциясы айыпты жоққа шығаруға немесе жеңiлдетуге
бағытталған материалдарға негiзделедi. Сондықтан бiз былай айта аламыз.
Айыптаушы мен қорғаушының қызметтерi бiр мақсатты орындауға бағытталады –
ол қылмыстық iс бойынша шындықты ақиқатты анықтау болып табылады.
Қорғау қылмыстық iс жүргiзудiң функциясы ретiнде алдымен айыпталушыға
қызмет жасайды, сөйтiп, ол сот төрелiгiне көмек көрсетедi. Сонымен бiрге,
қорғаудың бiрқатар элементтерi айыптау функциясында да болады. Айыптау бiр
жақты не тек айыптау материалдарына ғана негiзделiп отырса, онда бұл
функция дұрыс қалыптаспайды, әрi нәтижесiз болады. Сондықтан, айыптау
функциясы тек айыптау дәлелдерiне сүйенiп қоймай, сондай-ақ қорғау тарабы
ұсынған барлық тұжырымдарын да ескерiп отырса ғана айыптау берiк болады.
Бұл жағынан айыптау мен қорғау бiр-бiрiмен өзара байланысты құқықтық
институт. Бұларсыз бiрде-бiр қылмыстық iс қаралмайды, сондықтан бұл екеуi
қатаң түрде өз орнын табуы тиiс.[6]
Қазақстан Республикасының ҚIЖК-нiң 26 бабының 1 бөлiгiне сәйкес
сезiктiнiң, айыпталушының қорғану құқығы бар. Олар бұл құқығын ҚIЖК-де
белгiленген тәртiппен жеке өзi де, қорғаушының, заңды өкiлiнiң көмегiмен де
жүзеге асыра алады. Яғни сезiктiнiң, айыпталушының құқықтары мен
бостандықтарын қорғау кепiлдiктерiнiң iшiнде, қорғаушының көмегiн алу
құқығы ерекше орында тұратындығын көремiз. Алайда, жүргiзiлген
сауалшылардың қорытындысына жүгiнсек, iс жүзiнде сезiктiнiң, айыпталушының
қорғану құқығы әлi жеткiлiктi қорғалмай отыр. Мәселен, сезiктi мен
айыпталушыларға ұстау кезiнде қорғаушы алу құқығы,қамауға алу кезiнде
қорғаушы алу құқығы, айыпталушыларға айып тағу кезiнде қорғаушы алу
құқықтарын түсiндiрiлмейдi. Өкiнiшке орай айыпталушының қорғану құқығын
елемейдi.
Қорғану құқығын дұрыс бағаламау ойландыратын құбылыс. Бұл келеңсiз
жағдайды жою үшiн сезiктiге, айыпталушыға қорғаушы алу құқығын ұсынып
қоймай, керiсiнше оны тиiмдi қолданудың нақты мүмкiндiгiн қамтамасыз етiп
отырылуы қажет.[7]
Сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету арқылы
олардың құқықтары мен бостандықтарын толық орындауға болады. Ал, қорғаушы
арқылы көп жағдайда мына мәселелер шешiледi:
1. айыпталушының толық ақталуы;
2. қылмыстық жауапкершiлiктi жеңiлдету;
3. iс жүргiзу мәжбүрлеудiң жеңiл шараларын қолдануға жағдай жасау.
Осыны ескере отырып, бiз былай айта аламыз, қорғаушының қызметi – сезiктi
мен айыпталушыға заң көмектерiн көрсету оларды ақтайтын,не олардың
жауапкершiлiгiнжеңiлдететiн дәлелдер ұсыну әрi заңда рұқсат етiлген әдiстер
мен құралдарды пайдалана отырып, олардың тағдарларын жеңiлдетуге барлық
шаралар жасау. Яғни қорғаушының қызметiн көрiп отырсақ, сот төрелiгiне
қайшы келмейдi. Демек, қорғаушының қылмыстық iс жүргiзудегi алатын орны
туралы, адвокат азаматтарға заң көмегiн көрсетiп қоймай, сондай-ақ,
Конституцияның негiзiн қорғауды жүзеге асырады, яғни азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарының кепiлi болып табылады деп айтуымызға толық негiз бар.
Бұл принциптi қатаң сақтау арқылы қылмыстық iс жүргiзуде заң
бұзушылыққа жол бермеуге, кiнәсiз тұлғаны жазықсыз соттатпауға қол
жеткiзуге болады.
Сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципi,
ең алдымен қылмыс жасаған тұлғаға қатысты әдiл жаза тағайындалуына қызмет
жасайды. Кiнәсiз адамды соттау, тек өрескел заң бұзушылық қана емес. Сондай-
ақ ол әшкерленбеген қылмыскер жазасыз қалып қылмыстардың ашылғанына және
барлық кiнәлi тұлғалар әшкерленiп, әдiл жаза алынуына және бiрде-бiр
кiнәсiз тұлға қылмыстық жауапқа тартылмауына әрқашанда мүдделi болады.
Сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципi арқылы
қылмыстық iстiң мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттей
аламыз. Бұл принцип сонымен бiрге, айыпталушыға қатысты негiзсiз шешiмге
алып келетiн айыптау сипатына қарсы бағытталып отырады.
Ал, 1997 жылғы Қазақстан Республикасының ҚIЖК-не сәйкес қорғаушы
қылмыстық iс жүргiзудiң кез келген сатысына қатысуға құқылы. Қазақстан
Республикасының Конституциясының 16 бабының 3 бөлiгiне сәйкес ұсталған
тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам сол ұсталған,
тұтқындалған немесе оған айып тағылған кезден бастап қорғаушының көмегiн
алуға құқылы.
Қылмыстық iстер бойынша ҚIЖК-нiң 70 бабына сәйкес, мына тұлғалар
қорғаушы бола алады.
1. Адвокаттар, адвокаттар алқасының мүшесi болып табылатын тұлғалар.
2. Айыпталушының жақын туыстары (жұбайы, ата-анасы, балалары, туған
бауырлары мен әпке, қарындастары, атасы, апасы, немерелерi қорғаушылары мен
қамқоршылары).
3. Айыпталушы мен сезiктi жұмыс жасаған мекеме мен ұйымның өкiлдерi.
4. Кәсiподақтың және қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi, осы ұйымдардың
мүшлеренiе қатысты iс болса.
5. шетел адвокаттары, егер ол iс халықаралық шарттарда көрсетiлген
негiзде қаралса.
Қылмыстық iс бойынша қорғаушы - әрекет қабiлетi бар, кәмелет жасқа
толған, қорғаушы мiндетiн атқара алатын және қорғаушы болуға келiсiм берген
тұлға.
Қорғаушылардың категорияларына қарамастан, барлықтарының құқықтары
бiрдей.
Айырмашылығы iске қорғаушының мiндеттi қатысуы – бұл тек қана
адвокаттың мiндетi. Басқа қорғаушылар айыпталушының, басқа тұлғалардың
шақыртуымен iске қатысады, бiрақ iске шақыртқанда мiндеттi түрде
айыпталушының қорғаушыны шақырту тапсырмасы мен келiсiмi қажет.[8]
Барлық қорғаушылардың iшiнде тек қана адвокат өзiне қабылданған
сезiктiнi немесе айыпталушыны қорғаудан бас тартуға құқығы жоқ. Басқа
қорғаушылар бас тарта алады және бас арту себептерiн, негiздерiне түсiнiк
бермеуге құқылы.
Қылмыстық iс бойынша адвокаттың қорғаушы болып қатысуы – кәсiби заңды
қызметi және бұл мiндетiн орындаудан бас тартуына құқығы жоқ.
Адвокаттың iске тағайындалып немесе келiсiммен қатысуына қарамастан
оның нақты iстi жүргiзуге өкiлеттiгiн куәландыратын құжат заң
консультациясының ордерi.[9]
Қазақстан Республикасының 74 бабы 1 бөлiгi негiзiнде адвокат
сезiктiнiң, айыпталушының айыбын жоққа шығара алатын немесе жауаптылығын
жеңiлдететiн жағдайларды анықтау мақсатында барлық заңды құралдармен қорғау
тәсiлдерiн пайдалануға және оларға қажеттi заңгерлiк көмек көрсетуге
мiндеттi.
Азаматтық сот iсiн жүргiзуден айырмашылығы қылмыстық iс жүргiзуде мына
төменде көрсетiлген негiздерде адвокат сезiктiнiң, айыпталушының,
айыпкердiң, сотталушының өкiлi емес:
- қолданылып жүрген ҚIЖК-сi қорғаушыны сезiктiнiң, айыпталушының,
сотталушының өкiлi деп қарастырмайды;
- қорғау көп жағдайда тағайындау арқылы жүзеге асады;
- адвокаттың өзiне қабылдаған сезiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны
қорғаудан бас тартуға құқығы жоқ;
- ҚIЖК 71 бабында көрсетiлген жағдайларда сот, прокурор, тергеушi
сотталушыға қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi;
- адвокаттар сотталушының мүдделерiн қорғауды екi жағдайда жүзеге
асыруға тура келедi:
1. Сотталушы Қазақстан Республикасының тыс жерлерiнде болса және сотқа
келуден жалтарған жағдайда;
2. Қылмысты жасағаннан кейiн психикасының бұзылуы және жүйке ауруына
душар болған жағдайда.
Осындай себептерден адвокат айыпталушыға тағылған айыптан айыпталушыны
қорғайды, бiрақ өкiлi бола алмайды.
Заңда бiр сезiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны бiрнеше адвокаттың
қорғауына тыйым салынбаған. Сонымен қатар бiр қорғаушы екi сезiктiнiң,
айыпталушының, сотталушының қорғаушысы бола алмайды, себебi бiр сезiктi мен
екiншi сезiктiнiң мүдделерi қайшы келуi мүмкiн.[10]
- бiр адам, егер сезiктiнiң айыпталушының бiреуiнiң мүддесi
екiншiсiнiң мүддесiне қайшы келетiн болса, олардың екеуiне бiрдей қорғауш
болуға тыйым салынады.
- кәмелет жасқа толмаған айыпталушы мен қылмыстық iске тартқан кәмелет
жасқа жеткен қылмысқа қатысушыны қорғауға тыйым салынған.
Сезiктiнiң, айыпталушының сотталушының қорғаушыға жүгiну құқығын бұзу,
ҚIЖ Заңының елеулi белгiленген тәртiппен жеке өзi немесе қорғаушының
көмегiмен жүзеге асыра алады.
Қылмыстық процестi жүргiзушi орган сезiктiге, айыпталушыға олардың
құққытарын түсiндiруге және олардың айыптаудан заңмен тыйым салынбаған
барлық құралдармен қорғану мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың
жеке және мүлiктiк құқықтарын қорғауға шаралар қолдануға мiндеттi, сонымен
қатар сезiктi, айыпталушының қорғаушысының iске қатысуын қамтамасыз етедi.
Қорғаушының қатысуы сезiктi мен айыпталушының құқықтарын шектемейдi.
Адвокат қылмыстық iс бойынша қорғаушы болып төмендегi жағдайларда
мiндеттi түрде қатысады:
- қорғаушының қатысуы туралы сезiктi немесе айыпталушы өтiнiш жасаса;
- сезiктi немесе айыпталушы кәмелетке толмаса;
- сезiктi немесе айыпталушы дене немесе психикалық кемiстiгiнен өзiнiң
қорғану құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса;
- сезiктi немесе айыпталушы сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе;
- адам жазалау шарасы ретiнде он жылдан астам мерзiмге ба с
бостандығынан айырылу, не өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн болатын қылмысты
жасағаны үшiн айыпталса;
- айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылса немесе
мәжбүр етiлiп стационарлық сот-психиятриялық сараптамаға жiберiлсе.
ҚIЖК-нiң 71 бабында көзделген өзге де жағдайларда адвокат қылмыстық
iске мiндеттi түрде қорғаушы болып табылады.
Қорғаушыны, яғни адвокатты сезiктi немесе айыпталушы, олардың заңды
өкiлдерi, сондай-ақ сезiктiнiң, айыпталушының келiсiмiмен, тапсырмасы
бойынша басқа да адамдар шақырады. Сезiктi немесе айыпталушы, сотталушы
қорғану үшiн бiрнеше адвокаттарды шақыруға құқылы.
Сезiктiнi, айыпталушының, сотталушының сұрауы бойынша адвокаттың
қатысуын қылмыстық процестi жүргiзушi орган қамтамасыз етедi.
Айыпталушы мен сезiктiнiң таңдап алған немесе тағайындалған адвокат
бес күн мерзiм iшiнде келмесе iс жүргiзiп отырған орган сезiктi мен
айыпталушыға, сотталушыға басқа адвокатты шақыруды ұсынуға немесе
адвокаттардың кәсiптiк ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы
қорғаушы тағайындауға шаралар қолданады.
Қазақстанның қылмыстық iс жүргiзу заңдылығы әрқашанда сезiктiнiң
айыпталушының қорғануға құқығын дамытып жетiлдiрiп келедi. Мысалы, 1864
жылғы Қылмыстық iс жүргiзу заңы бойынша қорғаушы алдын ала тергеуге
қатыспаған болса, 1959 жылғы Қаз ССР ҚIЖК-сi бойынша қорғаушы бiрiншi рет
алдын ала тергеуге қатысты.[11]
Ал, 1997 жылы Қазақстан Республикасының ҚIЖК-не сәйкес қорғаушы

Республикасының Конституциясының 16-бабының 3 бөлiгiне сәйкес ұсталған,
тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам, сол ұсталған,
тұтқындалған кезден бастап қорғаушының көмегiн алуға құқылы.
Қорыта айтқанда сезiктiнiң, айыпталушының қорғану құқығы мынадай
бөлiктерден тұрады:
- заңда тыйым салынбаған әдiстер мен құралдарды қолдана отырып
айыпталушы, сезiктi, сотталушы өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау
үшiн кез келген дәлелдемелердi ұсынуға құқылы;
- сезiктi, айыпталушы, сотталушы өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн
қорғау үшiн адвокаттық көмек алуға құқылы.
- анықтау органдары, тергеушi, прокурор мен сот сезiктiге,
айыпталушыға құқықтарын түсiндiруге және олардың айыптаудан заңмен тыйым
салынбаған барлық құралдарымен қорғану мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге,
сонымен бiрге олардың жеке мүлiктiк құқықтарын қорғауға шаралар қолдануға

Сот процесiне дайындалуда адвокат мынадай әрекеттер жасайды:
- дәлелдемелердi бағалау;
- дәлелдемелерде қарама-қайшылықтар шығару;
- заңның бұзылғандығын көрсете;
- айыптаудың заңдылығын;
- топтық iстердiң жауапкершiлiгiнiң нақтылығы.
Iстi зерттеудегi дәлелдемелердi бағалау. Адвокат мiндетiнiң шегiнде
iстiң материалдарын бағалайды.
Iстi зерттей отырып адвокат дәлелдемелерде қылмыстың белгiлерiн ғана
белгiлейдi, ал дәлелдемелердiң шындыққа сәйкестiгiн алынған қайнар көзiн
қарастырмайды. Адвокат дәлелдеменiң шындыққа сәйкестiгiн сотта ғана анықтай
алады, басқа дәлелдемелермен салыстыру нәтижесiнде. Осы процесте адвокат
өзiне бiр дәлелдемелердiң сенiмдiлiгiн, екiншi дәлелдемелердiң нашарлығын,
үшiншi дәлелдемелердiң сенiмсiздiгiн белгiлеуi тиiс. Бұл жерде адвокат
тергеу кезiнде жиналған дәлелдемелердi топтастырады:
- айыптайтын және ақтайтын
- нық белгiленген дерекетер мен күмән келтiретiн деректер
- заң жүзiнде алынған және iсте заңсыз пайда болған
- даусыз және даулы және т.б.
дәлелдемелерде қарама-қайшылықтарды шығару ҚIЖК-нiң 30 бабына сәйкес
адвокат сот отырысында талқыланатын iс бойынша дәлелдемелердiң
жеткiлiктiлiгiн анықтайды. Сонымен қатар бiрқатар тексерiс жүргiзедi:
- қылмысты тергеу кезiнде дәлелдеу пәнiне кiретiн мiн-жайлардың
зерттелгендiгiн;
- тергеу органдарының шешiмдерiн iс бойынша жиналған дәлелдемелердiң
дәлелдейтiндiгi;
- алынған дәлелдемелердiң қылмыстық iс жүргiзу заңында көзделген
тәртiпте алынғандығы.
Адвокаттардың мiндеттерi осылай орындалады.
Бiрақ кей жағдайларда iстi қарауға дәлелдемелердiң жеткiлiксiз
болғанда iс тұлғаға қатысты тағайындалады. Мұндай қателiктер көбiнесе
жәбiрленушi өзiне қауiп төндiрген тұлғаны көрсете алмаған iстерде
жiберiледi.
Мысалы, ұйымдасқан топ жасаған қылмыстық iстер бойынша, сонымен қатар
жәбiрленушiөзi мас болған жағдайда, басқа да себептер күштеп қауiп төндiру
жағдайлары.
Адвокат сот талқылауына дейiн iстi зерттеуде iс бойынша дәлелдеуге
жататын мән-жайларға қатысты қара-қайшы келетiн мәлiметтерге назарын
аударуы тиiс. Қарама-қайшылықтар дәлелдемелердiң әр түрiнде және бiр
түрiнде болады, сонымен қатар әр түрлi қайнар көзден алынған дәлелдемелерде
қарама-қайшылықтар болады. Көп жағдайда мұндай қарама-қайшылықтар жасаған
әрекеттi дәлелдеуге дәлелдемелрдiң жеткiлiксiздiгiнен iстi алдын ала
тыңдауға кедергi келтiредi, адвокат осындай жағдайларда өтiнiш жазады. Егер
адвокат тергеу органдары iстегi қарама-қайшылықты байқамаса, немесе көрген
жағдайда да шешпесе, ал шешкен жағдайда дұрыс шешпегенiн анықтаса тиiстi
өтiнiшiнде көрсетедi.
Мысалы, адвокат iстi зерттей отырып сот психиатриялық сараптама актiсi
қорғауындағы адамның психикалық жағдайына қарама-қайшы келедi.
Адвокат өтiнiм жазады, өтiнiмдi қарастырғаннан кейiн сот iстi
сотталушының есiмiн дұрыстығын шешу үшiн қосымша тергеуге жiбередi.
Адвокаттың заңның бұзылғанын табуда екi бағытты қолданады:
- сот отырысын тағйындауға кедергi қелтiретiн қылмыстық iс жүргiзу
Заңының бұзылуын табу.
- заң бұзушылықпен алынған дәлелдемелердi табу.
Адвокат көңiлiн қылмысқтық iс жүргiзу заңының бұзылуына бөледi. Егер
де осындай заң бұзушылық кездессе, осындай бұзушылықты жою үшiн қосымша
тергеуге жiбередi.
Iстi зерттей адвокат нақты қылмыстық спецификасы көрсетiлген тергеу
әрекеттерiне немесе толтырылған құжаттарға ерекше назар аударады.
Сонымен қатар тергеу органдары айыпталушының процессуалдық құқықтарын
шектейдi. Тәжiрибеде бұл заң талаптарын бұзу жиi кездеседi. Тергеу
органдары көбiнесе айыпталушыға арыз, өтiнiш жасау құқықтарын
түсiндiрмейдi.
Жауап алу хаттамасында тергеу органының болжамына сәйкес келетiн
мәлiметтердi ғана жазады. Айыпталушының басқа мәлiметтерi жауап алу
хаттамасында көрсетiлмейдi. Жазылған хаттамада айыпталушының заңға қайшы
әрекетiнiң жасау себептерi көрсетiлмейдi. Осыған қатысты адвокат көңiлiн
аудара отырып қорғау қорғау тезисiн айтады: тергеушi тек қана айыптаумен
айналысқан, ал басқа болжамдар қарастырылмаған да.[12]
Басқа жағдайларда тергеу органдары айыпталушының жауабын жасаған
қылмысын, себептерiн, қылмыс жасауға итермелеген мән-жайлар, жәбiрленушiмен
қарым қатынасын тиянақты жазады, бiрақ мәлiметтердi тексеру шарасын
жүргiзбейдi. Соңында айыпталушының болжамы тексерiссiз қалады.
Айыпталушының болжамын тексермеудiң себебi, тергеу органдарының ойынша,
жасалған қылмысқа қатысты дәлелдемелердiң жеткiлiктiгi, әрекетi айқын
т.б.
Айыпталушының қорғану құқығын бұзу тергеу органдарының әр түрлi
өтiнiмдерiн қанағаттандырусыз қалдыруында байқалады. Айыпталушының
өтiнiмдерi – сот медициналық немесе сот психиатриялық сараптама
тағайындауына, өзiнiң оң мiнездемесi жазылған мәлiметтерi көрсетiлген
жазбаша құжаттар мен материалдар белгiлi тұлғалардың жауап алу хаттамасы
беттестiру жүргiзуiне жазылады.
Адвокаттың қорғауындағы адамның құқықтарының бұзылғандығы, мына
жағдайларда айқын көрiнедi, айыпталушы қылмыс жасаған кезде жауапқа
тартылмаған басқа да тұлғалардың қатысқаны жөнiнде мәлiметi, бұл мiәлiметтi
тергеу органы тексермегендiктен байқайды.
Айыптаудың заңдылығын бағалау. Қылмыстық iс жүргiзу заңы мiндейттейдi
қылмыс жасады деп айыптау үшiн негiз беретiн жеткiлiктi дәлелдемелер болған
кезде тергеу органы адамды айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы дәлелдi
қаулы шығаруы туралы.
Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту қаулыда мыналар көрсетiлуi тиiс.
- оның жасалған уақыты мен орны; қаулыны кiм жасаған; айыпталушы
ретiнде жауапқа тартылатын адамның тегi, аты-жөнi, оның туған күнi, айы,
жылы және жерi;
- айыпталушы айыпталып отырған қылмыстың жасалған уақыты, орны
көрсетiлген сипаттамасы, сондай-ақ ҚIЖК-нiң 177 бабына сәйкес дәлелдеуге
тиiстi өзге де жағдайлардың сипаттамасы;
- аталған қылмыс үшiн жауаптылықты көздейтiн қылмыстық заң (бап,
бөлiк, тармақ).
Қаулыда жасалған қылмыс туралы мәлiметтер адвокаттың қорғауындағы
адамның жауаптылығының шегiн белгiлейдi. Бұл жауаптылықтың шегiн тергеу
орны жаңа айып тағылмағанша ұзарта алмайды.
Адвокат мынадай жағдайларды белгiлейдi, айып тағылғаннан кейiн тергеу
органы жасалған қылмыс бойынша жаңа мән-жайларды табады, содан кейiн жаңа
айыптау тағайындамай, айыптау қорытындысына қоса салады.
Мұндай әрекеттер қылмыстық iс жүргiзу заңына қайшы келедi. Адвокат
iстi зерттеу барысында осыған ұқсас айыптау шегiн кеңiту деректерiн тапса,
сот алдында тергеу органдарының айыптауға енгiзген адвокатқа, қорғауындағы
адамға көрсетiлмеген мән-жайларды қысқартуды және жаңа айыптау тағайындау
мәселелерiн шешедi.
Кей жағдайда айыптау шегiн заңсыз кеңiтудiң себебi, тергеудi жүргiзген
тұлғаның материалдық нормаларды және iс жүргiзу құқық нормаларын
жеткiлiксiз бiлуi және әлсiз прокурорлық қадағалау.
Iсте тергеушiнiң жұмысын зерттеуде, адокат тергеушi мен прокурордың –
iс жүргiзуде қарсы жақтар екенiн бiлуi тиiс.
Топтық iстердiң жауаптылығының нақтылығы. Ұйымдасқан топ жасаған
қылмыстық iстер бойынша қылмыс жасағандағы әрекеттерi мен белсендiктерi
ескермей, тексермей iске қатысушыларға, яғни, айыпталушыларға бiрдей айып
тағып құқықтарын бұзады.
Адамдар тобымен жасалған қылмыстық iстi зерттеу барысында
айыпталушылардың әр қайсысының қандай әрекеттерiн жасағандандықтарын
белгiлеу қиын. Мұндай жағдайда адвокат тергеу органдарының қайшылықты
тиянақты анықтағандарын тексередi. Егер адвокат тергеу кезiнде барлық
шаралар қолданылғанымен айыпталушылардың әрқайсысының жеке қандай әрекеттер
жасағандығы анықталмағанына көзiн жеткiзсе, онда нақты деректерсiз тағылған
айып айыпталушының құқына шектеу келтiрiлдi деп есептелiнбейдi.
Осындай жағдайлар сот тергеу барысында анықталады, көбiнесе сот
отырысында сотталушылар кiмнiң қандай қылмыс жасауда үлестерiн
қосқандығын өздерi айтады. Осылайша шындық белгiлi болады, ал қорғану
құқығы – қамтамасыз етiледi.
Адвокат сот тергеуiнде мынадай мiндеттердiң шешiлуiн көздейдi;
- қылмыстық оқиғасын белгiлеуi
- қорғауындағы адамның кiнәлiлiгiн зерттеу.
Осы мiндеттерiн жеке-жеке қарастырайық.
1. Қылмыстық оқиғасын белгiлеуi. Қылмыстық оқиғаны толық анықтау үшiн,
адвокат сотталушы мен жәбiрленушiнiң нақты жасаған әрекеттерiн алуы керек.
Мысалы, бiреу жай өтiп бара жатқан екiншi адамға тиiседi, екiншi адам
– жауап ретiнде бiрiншi адамды балағаттап, соңында ұрып жықты. Қылмыстық
оқиғаны дұрыс қорытындылау үшiн қылмыстық iске қатысушы тұлғалардың
(сотталушы мен жәбiрленушiнiң) әрекеттерiн анықтауы тиiс. Мұндай қорытынды
қылмыстық iстiң нақты материалдарымен берiледi.
Қылмыстық оқиғаны анықтап отырып адвокат бiр әрекеттердi қорытындылап
қылмыстық әрекетке жатқызса, басқасы – құқыққа қайшы әрекеттер, үшiншi –
моральдық әрекеттер, төртiншiден – жай тұрмыстық.
Қылмыстық оқиғаны қорытындылауда адвокат қоғамға көмегi тиген
әрекеттерге мән беруi тиiс.
Мысалы, адвокаттың қорғауындағы адам құқық бұзушыны ұстап алуы, ДТП –
iсi бойынша жәбiрленушiге сотталуышының көмегiн көрсетуi т.б.
Осыған ұқсас iстерде әрқашанда қорғану мүмкiндiктерi бар.,
Сонымен қатар адвокат қорғауындағы адамның қолданылып жүрген заңға,
қоғамға салқырт, тәкаппар екенiн анықтауы керек.
Мұндай бағаны адвокат куәнiң, жәбiрленушiнiң жауап алу хаттамасының
негiзiнде анықтайды. Куә, жәбiрленушiнiң берген мәлiметтерiнде сотталушының
әрекетiнде менсiнбеушiлiк, тәкаппарлылығы, қоршаған ортаны сыйламайтындығы
көрсетiледi. Мұндай әрекеттер болса адвокатқа тәртiп, сыйласымдылық
жағдайларын қозғамауына тура келедi.
Адвокат сотталушының, жәбiрленушiнiң, куәлардың жауаптары секiлдi
құжаттар негiзiнде қылмыстық жағдайды белгiлейдi.
Адвокат қорғауындағы адамның жасаған әрекетiнде қылмыстық әрекеттердiң
бар немесе жоқ екенiн өзi дәлелдеуi керек, егер де қылмыстық әрекет болмаса
айыптаудан босатуды талап ете алады.
Қылмыстық оқиға әрқашанда нақты. Белгiлi орында және белгiлi уақытта
жасалған қылмыс, нақты белгiленген қылмыс болып табылады.
Тәжiрибеде уақытын, күнiн, тiптi сағатын белгiлеудi талап етедi. Бұлар
болмаса қылмыстық оқиға нақты болмайды.
Қылмыстың жасалған орны мен уақыты кез келген қылмыстарға сәйкес
объективтi жағы болып табылады.сонымен қатар ауырлық дәрежесiн анықтауға
қажет.
Кез келген қылмыстық оқиға дәлелденген болып табылмайды, егер оның
тәсiлдерi анықталмаса қылмыс әр түрлi тәсiлдермен жасалынуы мүмкiн.
Куәлердiң жәбiрленушiнiң қандай тәсiлмен қылмыстық әрекет жасалғандығын
тергеу кезiнде айтса, қылмыстық оқиғаның болғандығын дәлелдейтiн дәлелдеме
болады. Егер де мұндай дәлелдемелер болмаса қылмыстық оқиғаның
дәлелденгендiгiне адвокат қарсы шыға алады.
Сонымен қатар адвокат қылмыстық оқиға болған уақытта жәбiрленушi мен
сотталушының қарым-қатынасын бiлуi тиiс.
Адвокат өз қарауындағы адамды, жәбiрленушiлердi, куәлерден жауап алған
кезде нақты қандай құқықтарының бұзылғанын, шектелдгенiн, қылмыстық құқыққа
қайшы тқандай әрекет жасалғанын, жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына
қандай дәрежеде қауiп төнгенiн анықтауы тиiс.
Қылмыстық iс әрекет жасай отырып субъект тұлғаның өзiне және мүлiкке
залал тигiзуi мүмкiн. Мұндай жағдайда адвокат жасалған мүлiктiк залалдың
сомасымен анықтауы тиiс. Бұл қылмыстық оқиғаны анықтаумен қатар қоғамға
қаншалықты әсерiн тигiзгенiн шешедi. Адвокаттың нақты қанша материалдық
залал келтiретiнiн анықтауы соттың қылмыстық әрекеттiң дұрыс саралауына
көмектеседi.
Атыс қаруын, газ қаруын, пышақты, кастеттердi және өзге де суық қаруды
не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы бейiмделген басқа да заттарды
қолданған қылмыстар да кездеседi. Сотта осы аталған заттар қару ретiнде
қолданылғаны анықталса қылмыстық оқиға дәлелденген болып табылады. Мұндай
заттарға қылмыс жасау мақсатында алдын ала дайындаған және қылмыс
әрекетiнде қолданамын депесетеген құралдар кiредi.
Егер де адвокат сотта қорғауындағы адам жәбiрленушiге аяқ астынан
табылған затпен (таяқ, отвертка) дене жарақатын салса да ҚР ҚК 257-бабының
3 бөлiгi мен сараланбайды. Аяқ астынан табылған, тұрмыстық заттар қаақана
дене жарақатын салуға арнайы арналған кұрал болып табылмайды.
Адвокат қылмыстық оқиғаны, қолданылған құралдарды зерттеумен қатар өз
қорғауындағы адамның кiнәлiлiгiн зерттейдi. Адвокат қорғауындағы адамның
есiнiң дұрыстығын және белгiлi жасқа толғанын тексеруi тиiс. Көптеген
қылмыстық iстерде алдын ала тергеу органдары айыпталушыға сот-психикалық
сараптама тағайындайды. Сот-психикалық сараптаманың тағайындау негiздерi:
жасаған iс әрекеттiң ауырлығын айпталушының жасаған әрекетiнiң
бiлмейтiндiгi және психиатр тiркеуiнде тұратындығы жөнiнде жазған арызы.
Бiрақ та мұндай сараптама жүргiзу соңында айыпталушының жасаған әрекетiнiң
бiлмеуi; есiрткi заттарын қолданғаннан және спирт iшiмдiгiнiң мастығынан
екендiгi анықталады. Осындай жағдайларда сарапшы және мәжбүрлi түрде емдеу
жүргiзу жайлы белгiлейдi.
Қылмыстық iске тiркелген сот-психиатриялық сараптама актiсi сотта
қылмыс жасаған тұлғаның есiнiң дұрыстығын дәлелдейтiн негiзгi қайнар көз
болып табылады. Сонымен қатар айыптиалушының есiнiң дұрыстығы жәбiрленушi
мен куәлардың берген жауаптары дәлел болады.
ҚР ҚК 18 бабында көрсетiлген алкогольдi iшiмдiктi есiкртi заттарды
немесе басқа да есеңгiрететiн заттарды пайдалану салдарынан мас күйiнде
қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.
Тәжiрибеде анық көрсетiледi көптеген қылмыстық әрекеттердi тұлға мас
күйiнде өз-өзiне бақылау жүргiзе алмайды, осының салдарынан қоғамға қауiптi
iс әрекеттер жасайды. Мұндайжағдайда адвокат қорғауындағы адамның жасаған
қылмыстық iс әрекетiн алдын ала ойластырып жасамағандығын дәлелдеуi керек.
Адвокат өз қорғауындағы адамның жауаптылығын жеңiлдетуге қатысты мән-жайлар
ұсына алады. Мысалы, қорғауындағы адам мас болған жағдайда да қылмыстық
әрекеттi алғаш рет және кездейсоқ жасағандығы, қылмыс жасау үшiн түрткi
болып табылған жәбiрленушiнiң адамгершiлiкке жатпайтын қылығы, шын жүректен
өкiнуi, айыбын мойындауы. Есi дұрыс, ҚР қылмыстық кодесiнде белгiленген
жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиiс.
Қорғауындағы адамның жасы туралы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz