Сот билігі арқылы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ 3

1 ҚР-да адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының,
заңды мүдделерінің қорғалу негіздері 5
2 Адам құқығы мен бостандықтары ата заңмен қорғалады және адам
құқықтарын қорғаудың тетіктері 9
3 Сот билігі арқылы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
12
ҚОРЫТЫНДЫ
18
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
20


КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Конституциясының басты идеясы ретінде
Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары деп көрсетті [1, 3-б].
Адам құқығына ешкімнің қиянат жасап, қол сұғуына қақысы жол. Бұл
жалпыға бірдей қарар. Сан түрлі зұлматты бастан өткерген адамзат қоғамы бұл
қарарды ерекше қастерлей білуі тиіс. Бұл туралы Астанада адам құқықтарына
байланысты алқалы жиында ерекше қадап айтылды.
Адамдардың бостандығы мен құқықтарын қорғау, сондай ақ осы саладағы
заңдық нормаларды ары қарай жетілдіру, ұлттық заңнаманы халықаралық құқық
нормаларына сәйкестендіру мақсатында Нұр Отан партиясы Президент
жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның бастамасын қолдап, партия
өзара ынтымақтастық келісімін жасауы туралы меморандум түрінде бекіді [2, 9-
б].
Тақырыптың өзектілігі.
ҚР Конституциясында тек әлеуметтік мемлекеттің ғана емес, сонымен
бірге құқықтық мемлекеттің де қағидалары дамытылады. Тұңғыш рет мемлекет
пен тұлғаның қарым-қатынасы сот негізінде қойылды, барлық құқықтар мен
бостандықтарды сотта қорғау құқығы бекітілді, заңға мемлекеттік органдар,
азаматтар мен олардың бірлестіктері араларында туындайтын барлық дауларды
сот жолымен шешу қағидасы енгізілді.
Мақсаты мен міндеттері.
Курстық жұмыстың мақсаты – конституциядағы адам құқықтары мен
бостандықтары құқығының мазмұнын, адамның негізгі құқықтары мен
бостандықтары жүйесіне алатын орны мен атқаратын рөлін, жүзеге асырылуының
құқықтық механизмін зерттеу. Осы құқыққа қатысты конституциялық нормалар
мен өзге де ағымдағы заңнамалардың нормаларына кешенді сипаттама беру және
соның негізінде ұлттық заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізілді:
- адам құқығын қорғау Қазақстан Республикасында қалыптасуы мен
дамуының негізгі кезеңдерін айқындау;
- адам құқығын қорғаудың конституциялық табиғатын зерттеу және
оның ішкі мазмұнының ашылуы;
- адам құқығының жүзеге асырылу нысандарының қолданыстағы
заңнамада кездесетін кемшіліктерді анықтау және оны жетілдіру
жөніндегі ғылыми негізделген ұсыныстар енгізу.
Зерттелу деңгейі.
Қазіргі кезде Қазақстанның құқықтық ғылымында адам құқықтары мен
бостандықтарының тізбегіне мемлекет кепілдік береді, бірақ та, адамның және
азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау,
қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтары, халықтың денсаулығы
мен имандылығы, адам құқықтарының механизмі, оны сақтаудың теориялық негізі
және жеке адамның өміріне қол сұғылмау тиісті кепілдіктерін қарастырумен
байланысты кешенді зерттеу жұмысы жүргізілуде.
Осы зерттеу заң ғылымындағы адам құқықтары мен бостандықтарының
жалпы теориялық проблемеларын зерттеуге арналған отандық заңгерлері:
Б.Өтемұратов, М.Тоқашбаев, Е.Бопабаев, С.Табанов, А.Тасболатов еңбектері
қаралып отырған ғылыми еңбектің негізіне пайдаланылды.
Зерттеудің объектісі.
Зерттеу объектісі – адамның негізгі құқықтарының рөлі мен орын
анықтаудың теориялық мәселелері, оны сақтау және жүзеге асыру механизмі
болып табылады. Зерттеу пәніне адамның құқықтары мен бостандықтарына тән
ерекшеліктерді зерттеу, оның заңнамаларда қорғалуы, тәжірибеде жүзеге
асырылу жағдайы және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу құрайды.

1 ҚР-да адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, заңды
мүдделерінің қорғалу негіздері

Конституция бойынша Қазақстан Республикасы өзін демократиялық және
құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады. Мемлекеттің басты қазынасы болып
адам және адамның өмipi, оның құқықтары мен бостандықтары танылады.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін, дербес
мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатындай барша құқықтық
негіздерді қайта құру қажетті туындағанды.
Сонғы кездері құқықтық мемлекет идеясы заңды ойлаудың, тағы да ең
маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына
жатады.
Құқықтық мемлекет — тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы
белісі ғана емес, сонымен бipre адамның бостандықтарын, қадір-қасиетін, ар-
намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш.
Құқықтық мемлекет терминінің өзі XIX ғасырдың алғашқы жартысында
немic ғалымдарынын енбектерінде жарық көрді. Құқықтық мемлекетті
қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды.
XIX ғасырдың соңы және XX ғасырдың алғашқы жартысында құқықтық мемлекет
теориясы құқықтық мемлекет жөніндегі үстемдігін бекітті. В.М, Гессен былай
деп көрсетті: Құқықтық мемлекет деп өзінің қызметінде, үкіметтік және
соттық функцияларды атқарғанда құқықпен шектелетін және байланысты болатын,
құқықтан төмен тұратын, одан тыс және жоғары болмайтын мемлекетті айтамыз
[4, 132-б].
Құқық пен занның, айырмасы, олардың табиғатын анықтау, қолдану
аумағы мен қарым-қатынасы екі мың жылдан астам Еуропаның саяси ойлау
процесінің ортасында тұрды. Мысалы, Аристотель кез-келген заң, өзінше
құқықтық білдіреді деп жазды. Құқыққа қарамай, заңның билік етуі мумкін
емес, себебі құқық оны мойындау немесе мойындамауға тәуелді емес.
Қазіргi кезеңде теорияның даусыз мойындалып отырған белгісі -
мемлекет пен адам арасындағы байланыста басымдықтың адамға берілуі.
Мемлекеттің міндеті тек адамдардың кейбір топтарына ғана қатысты емес,
жекелей алғанда әpбip адамның мүддесіне қатысты басқарушылық шешімдер мен
бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады. Сондықтан да құқықтық мемлекет
құрудың мәселелерін кешенді түрде талқылау бірінші кезектегі міндетке
жатады.
Шынайы құқықтық мемлекет құру үшін қоғамдық өмірдегі әр салаға
заңның күші бірдей дәрежеде әрекет етуі тиіс, әcipece ол ең алдымен
биліктің бөлінуі барысында пайда болған заң шығарушы, сот және атқарушы
билікті жүзеге асыратын органдар үшін міндетті қағида. Тек, осы жағдайда
ғана азаматтардың құқықтары мен бостандықтары еш шүбәсіз қамтамасыз
етілмек.
Қоғам мен мемлекеттің ара-қатынасының маңызды түйіні заңның
үстемдігін және қоғамның құндылығы ретіндегі құқықты, мемлекет пен тұлғаның
өзара жауапкершілігін, жоғары құқықтық мәдениетті, азаматтарды құқықтық
қорғауды, тиімді құқықтық жүйелер мен рәсімдерді және заңдылықты қамтамасыз
етуді мойындайтын құқықтық мемлекет болып табылады. Құқықтық мемлекет, яғни
жеке адам және қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық
принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру ici -
қоғамды демократияландыруға, құқықтық тәртіптің және заңдылық
принциптерінің сақталуына негізделеді.
Негізінен құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам бip-бірімен тығыз
байланыста қалыптасқан ұғымдар. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет
туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-
пікірлердің, теориялардын көп болатын себептepi тек қана мемлекеттің,
қоғамның мазмұнының өте күрделі болуынан немесе олардың, нысанының сан
қырлы өзгеруінен емес, сонымен бipre азаматтық қоғам мен мемлекеттің саяси
билікті жүргізуі және олардың іс-әрекеті барлық таптардың, топтардың мүдде-
мақсатына қатысты болуы.
Егерде біздер заңдарды жақсы білетін болсақ, ешкімге пара бермеген
болар едік. Сонда ғана құқық қорғау органдарының қызметкерлері өзінің
азаматтық әрі кәсіби жауапкершілігін терең сезініп, әділетсіздік азаяр ма
еді? Құқықтық сауаттылық үшін күресетін уақытымыз жетті. Құқық мәселесін
әрбір Қазақстан азаматы өзінен бастаса, тезірек құқықты ел боламыз. Қазақ
халқы 1995 жылғы қабылдаған конституциясындағы құқықтар мен бостандықтарын
1978 жылғы қазақ КСР конституциясында жарияланған жүйесімен салыстырсақ,
маңызды қағидалық ерекшеліктерін көруге болады.
Біріншіден, коғам мен мемлекеттегі адам құқықтары мен бостандықтары
институтының рөлі мүлдем басқаша көрсетілген. Конституцияның 1-бабында адам
мен адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары - ең қымбат қазына екендігі
белгіленген, ал осы құқықтар мен бостандықтарды тану, сақтау және қорғау
мемлекеттің міндеттемесін құрайды. Бұл ретте 1995 жылғы конституция жеке
тұлғаның құқықтары мен мүдделеріне қатысты мемлекет құқықтары мен
мүдделерінің абсолютті басымдығынан бас тартты.
Екіншіден, құқықтар мен бостандықтар басқаша теориялық - құқықтық
негіздеуге ие болды: оларды тек мемлекет сыйлайды деген тұжырым алып
тасталды, адам құқықтары мен бостандықтарының әркімге тумысынан
жазылғандығы және олардың ешкімнің айыра алмайтындығы танылады. Үшіншіден,
бұл конституцияда құқықтар мен бостандықтардың қалыптасқан халықаралық
стандарттарға, Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясындағы олардың
сыныптамасына сай келетін басқа жүйесі көрініс тапқан. Азаматтық және саяси
құқықтар туралы халықаралық пактіде, сол секілді Қазақстан Республикасы
2003 жылы қосылған экономикалық, әлеуметтік және мәдени кұқықтар туралы
халықаралық пактіде — қазіргі кезде БҰҰ-ға мүше 140-тан астам мемлекет
қатысушылары болып табылатын екі пактіде - бірінші орынға жеке тұлға
кұқықтары мен бостандықтары өмір сүру құқығы, жеке тұлғаның қадір-қасиеті,
әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауы, еркін жүріп-тұруы, діни наным
бостандығы, сөз және ой бостандығы шығарылған. Бұл экономикалық және мәдени
құқықтарды кемсітпейді, бірақ оларды толық іске асырудың қажетті алғышарты
қызметін атқарады.
Төртіншіден, құқықтар мен бостандықтар туралы ұлттық заңнаманың
халықаралық құқықпен байланысы елеулі түрде кеңейтілген: халықаралық
құқықтың ортақ танылған қағидаттары мен нормалары және халықаралық шарттар
Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі деп жарияланған
(ҚР конституциясы, 4-бап, 1 тармақ).
Бесіншіден, 1995 жылғы Негізгі заң құқықтар мен бостандықтарды іске
асырудың конституциялыұ-құқықтық қағидаттарын тұжырымдаған. Ол мемлекеттің
іс-әрекетіне де, сондай-ақ азаматтардың тәртібіне де қатысты. Мемлекет
сақтауға және қамтамасыз етуге міндетті қағидаттар елеулі: адам мен
азаматтардың құқықтары мен бостандықтары тікелей әрекет үстінде болып
табылады: белгіленген құқықтар мен бостандықтарды жоқка шығаратын немесе
оларға нұқсан келтіретін заңдар шықпауға тиіс, олар заңмен ғана шектелуі
мүмкін: азаматтық құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін сөз ететін
нормативтік актілер міндетті түрде жариялануы керек. Азаматтар үшін
құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру басқа адамдардың құқықтары мен
бостандықтарын бұзбауға тиіс дейтін қағидат мүлтіксіз болып табылады.
Алтыншыдан, құқықтар мен бостандықтарды осы заманғы конституциялық реттеу
соттағы қорғау; іс-әрекет пен актілерге ғана емес, сонымен бірге
әрекетсіздікке шағым келтіру, қорғаудың заңдық құралдарын таңдау құқығы
секілді құқықтық қорғау құралдарын пайдаланудың кең мүмкіндіктерімен
ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси құқықтары және оларды
мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың сақталуына Қазақстан
Конституциясы мен басқа да заңнамалық актілері кепілдік береді. Саяси
құқықтар мен бостандықтар республика конституциясы бекіткен, Қазақстан
азаматтары іске асыра отырып, қоғамның қоғамдық-саяси өміріне, мемлекеттік
басқаруға қатысатын құқықтар мен бостандықтарды біріктіреді. Оларға: сөз
еркіндігі, бірлесу бостандығына құқығы, жиналыстар, митингілер,
демонстрациялар, шерулер өткізу және тосқауылдарға тұру құқығы, мемлекет
істерін басқаруға қатысу құқығы, мемлекеттік органдарға өтініш білдіру
кұқығы жатады. Сол сияқты ата-заңымыздағы бірқатар заңдар.
Жалпы, адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың
лайықты өмір сүріп, бай-қуат тұрмыс кешуіне, кепілді ахуал қалыптастыру-
әлемдік қауымдастыққа көшін ілестірген Қазақстанның алдына койған асыл
мұраты. Ендеше, әрбір азаматтың экономикалық, мәдени- әлеуметтік және саяси
да жеке құқықтарын еркін пайдалана алатындай ахуал қалыптастырып,
халықаралық конвенция мен актілерге ат қосар,абырой таластырар күн де алыс
емес шығар. Сондай ақ адам құқықтары мен бостандықтары кұқықтың ерекше
саласы болып табылады. Өйткені оның құжаттарға қосылмаған. ҚР адам және
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында ұлттық
заңдылыққа сүйенеді. Қазақстанның халықаралық конвенцияларға қосылуы адам
құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау саласында әлем
стандарттарына қол жеткізуінің басты факторы болып табылады. Сондықтан
құқықтар мен бостандықтарды жариялап қана кою жеткіліксіз. Әрине оларды іс
жүзінде асыру өте күрделі міндет. Қазіргі кезде адам құқықтарының табиғи
және бір тұтастығын енді ғана сезініп, оларды қамтамасыз етуге толық
қабілетсіз болып отыр. Бұл қайшылық күннен күнге әлеуметтік саладан айқын
көрінуде. Сондықтан адам құқықтарынын теориясын және тәжірибесін жеке-жеке
бөліп қараған дұрыс. Адам құқықтарын іс жүзінде асыру күрделі процедура.
Қазіргі кезде еліміздің өмір сүру деңгейі жағынан төменгі сатыда тұрғаны
ешкімге құпия емес. Сол себептен де халықаралық стандарттарға енетін кейбір
әлеуметтік, экономикалық құқықтарды қамтамасыз ете алмай отырмыз.
Жеке тұлғаның құқықтарын бұрын тоталитарлық режим бұзған болса
қазіргі кезде олар посткоммунистік демократияның артықшылықтарынан және
конфортациялық процестерден жапа шегіп отыр. Тәжірибеден аңғарғанымыз
қаржылық қамтамасыз етуді қажет етпейтін құқықтар мен бостандықтардың өзі
толық қорғалып отырған жоқ. Бұл жерде көңіл жұбатарлық бір жәйт қай
мемлекетте де болсын адам құқықтарын қорғау жүз пайызға қамтамасыз
етілмеген, әр мемлекеттің өзіне тән мәселелері бар. Құқықтарды қамтамасыз
етуде қоғамда болып жатқан әлеуметтік ахуалды нашарлатады. Сондай-ақ, саяси
тұрақсыздық криминогендік жағдайдын шиеленісуі, сыбайлас жемқорлық,
нарықтық қатынасқа өту кезеңіндегі қиындықтар және өзге де факторлар
кедергі жасайды. Адам құқықтарымен заңды мүдделер теңсіздіктермен
әділетсіздіктердің көрінісі негізінде қыспакқа алынады. Дәлірек айтсақ,
адам құқықтары мен бостандықтары институтының жүзеге асырылуына қажетті
әлеуметтік орта қалыптасқан. Құқық бар, ал құндылық жоқ заң бар, ал оның
мақсаттары жүзеге асырылмайды. Әлеуметтік құқықтардың кепілдігі нашарлап,
жылдан жылға халықтың жоғарғы білім алу, медициналық көмекті пайдалану,
демалу, тұрғын үй мен қамтамасыз етілу құқықтарын пайдалану мүмкіндіктері
төмендеп барады. Бұл жағдай қоғамның өте бай және өте кедей, санаттарының
пайда болуы мен шиеленісе түсуде. Қазіргі кездегі кезек күттірмес мәселенің
бірі, демократиялық өзгерістер барысында декларацияда аталған құқықтарға
өмірлік мазмұн беру. Әрине, оны жүзеге асыру өте күрделі іс, өйткені біздің
мемлекеттімізде барлық құқықты жоғары дәрежеде материалдық тұрғыдан
қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ. Заң жүзінде өмір сүрудің ең төменгі
стандарттары белгіленген.
Адам дүниеге келген күннен бастап өзінің құқықтарына ие болары
белгілі. Қазақстан Республикасы Конституциясында былай делінеді: Адам
құқығы мен бостандығы әркімге тумысынан бастап беріледі абсолютті мен
ажырамастығы мойындалады, зандар мен өзге де нормативтік құқықтық
актілердің мазмұны мен қолданылуын анықтайды... Құқық - адам бойына
енгізілген өзіндік құндылық, құқық - бұл адам бостандығының өлшемдері.
Бостандық - бұл өз құқықтарынды жүзеге асыру мүмкіндігі. Адам құқығы, - деп
керсетеді В.М. Корельский мен В.Д. Перевалов, — бұл жеке адамның өмірін,
адами қасиеттері мен қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ic-әрекет
бостандығын қамтамасыз ететін табиғи мүмкіндіктер...
Адам құқығы шектеулі, ол ешқашан абсолютті бостандықта бола алмайды.
Тек құқық қана әлсізді күштіден қорғауға бағытталған. Құқықтық реттеу
белгілі 6ip қоғамның мүшесі ретінде де, әлеуметтен тыс нәрсе ретінде де
адамға және нақты 6ip мемлекеттік құрылыс мүшесі ретінде азаматқа да
қатысты бола алады. Кез келген елдің кез келген азаматы адам, ал кез келген
адам нақты 6ip мемлекеттің азаматы бола алмайды. Мұны Қазақстан
Республикасы Конституциясының 12-бабында әркімнің құқығы бар деп
керсетілген мысалдан көруге бо-лады. Мұндағы Қазақстан азаматтары құқылы
деп айтылған кезде, бұл тек Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық
статусына қатысты екенігі көзделеді. Азаматтық деген терминнің өзі
адамның нақты 6ip мемлекетке жататындығын, содан барып өзара құқықтар мен
міндеттемелер туындайтындығын білдіреді.
Адам, азамат қандай құқықтарды иелене алады?
Адам құқығының қазіргі күнгі халықаралық құжаттарда көрсетілген
тізімі - казіргі қоғамның нормаларына арналған эталондар мен стандарттардың
ұзақ тарихи қалыптасуының нәтижесі. Адам құқығы дамуының шешуші кезеңі 17-
18 ғасырлардағы Еуропадағы буржуазиялық-демократиялық революция болды. Ол
адам құқығының кең жиынтығын ұсынып қана қоймай, сондай-ақ, адам құқығының
әмбебаптығы негізіне айналып, оған нағыз демократиялық мән берген формалды
турдегі теңдік принципін ұсынды. Формалды теңдестікке негізделген адам
құқығы қоғамдық дамудың басты құнды бағыттарының біріне айналды, олар
мемлекет сипатына зор әсер eiттi, оның билікшілдігін шектеушілер болды,
мемлекет өкімет пен жеке адамның арасындағы демократиялық өзара ic-
әрекеттігін орнауына ықпал eттi, жеке адамды биліктік құрылымдар тарапынан
шектен тыс қорғаншылық жасау және ерік-күші мен мудделерін жаншудан
босатты. Құқықтық мемлекет қалыптастыру қоғамдық сана мен тәжірибеде адам
құқығын бекітпейінше мүмкін болмас еді.

1.2 Адам құқығы мен бостандықтары ата заңмен қорғалады және адам
құқықтарын қорғау тетіктері

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған күннен-ақ құқықтық мемлекет
құру идеясын қабылдады. Құқыққа мойынсұнып, адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын камтамасыз етуді алдына мақсат етіп қойған
мемлекет осылай сипатталады. Ұлттық құқық жүйесін дамытып, оның толыққанды
жұмыс істеуі үшін 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда
қабылданған жаңа Конституция содан бергі мерзімде елімізде экономикалық
және әлеуметтік, саяси реформаларды жүзеге асырып, қоғамды
демократияландыру ісінде өзінің жасампаздық әлеуетімен Қазақстан халқына
қызмет етіп келеді. Егемен еліміздін жаңа негізгі заңының қабылдануы жаңа
мыңжылдық табалдырығында Қазақстан тарихындағы атаулы оқиға болып, тәуелсіз
мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа сатысына негіз салды. Тап осы
Конституцияны ел тарихындағы идеялар көрініс тапқан, әрі халықаралық
деңгейге сай биік межедегі заң деуге толық негіз бар.
Қазіргі кезедегі өркениеттің басты жетістігі адам құкығы мен
бостандығын қорғау болып табылса, барлық мемлекет оны қорғап, оған кепіл
болуы тиіс. Осындай ізгілікті үрдістен Тәуелсіз Қазақстан да шет қалып
отырған жок. Қазақстан Ата заңының 1-бабында Қазақстан Республикасының ең
қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп
атап көрсетілген. Осы заң сөздері Қазақстанға әлемнің дамыған елдерінің
қатарында тұруға моральдық құқық береді. Осы сөздер Қазақстанның
демократиялық ел екендігін бүкіл әлемге жария етеді
Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарының қорғалу деңгейі жағынан халықаралық
стандарттардың барлық талабына жауап береді. Онда бекітілген адамның және
азаматтың құқықтары мен бостандықтары заңдардың қолданылуының, мемлекеттік
билік органдары мен олардың лауазымды адамдары қызметінің мағынасы мен
мазмұнын анықтайды.
Адам құқықтары саласында заңнаманы жетілдіру процесі Қазақстанда
еліміздің Конституциясында кепілдік берілген адам құқықтары мен
бостандықтарын іске асыру мен қорғаудың қол жетімді және тиімді барлық
тетіктерінің болуына игі ықпал етеді. Конституцияға сәйкес азаматтардың
құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық
актілерді ресми жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.
Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты заң жобаларын ашық
әрі жария талқытилаудың дәстүрі қалыптасты. Ата заңымыздағы адам құқықтары
мен бостандықтары жөніндегі тарау құқықтық жүйенің сәнін келтіріп түр,
тіптен демократиялық дамудың бірден-бір көрінісі деуге болады. Бірақ ғалым-
заңгерлер конституцияның әдеби шығарма емес заңдылық құжат екеніне басты
назар аударады. Оның мазмұны халықаралық-құқықтық актілерді адам құқықтарын
әдемі сөздермен белгілеу емес. Конституция мемлекеттің өзінің әдет-
ғұрыптарына және салт-саналарына сүйенуі керек. Оның нормалары адамға
өркениетті әлемнің өлшемдері бойынша өмір сүруге мүмкіндік беруі керек.
Конституцияға сай, адамның және азаматтың өз құқықтары мен
бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын
бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан
келтірмеуге тиіс. Дегенмен Республика Конституциясы адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын шектеу мүмкіншілігін жоққа шығармайды. Бұл
шектеулер ақталған және негізгі халықаралық фактілерге, соның ішінде
Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясына сәйкес келеді. Қазақстан
Конституциясы, Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясынын 29-бабына сай
белгілі бір негіздер болған кезде құқықтар мен бостандықтарды шектеу
институтын енгізеді. Мысалы, Конституцияның 39-бабы адамның және
азаматтың құқықтары мен бостандықтары:
- конституциялық құрылысты қорғау;
- қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың
денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында шектелуі мүмкін деп
белгілейді.
Адам құқықтары саласында заңнаманы жетілдіру процесі Қазақстанда
еліміздің КонституіДтясында кепілдік берілген адам құықтары мен
бостандықтарын іске асыру мен қорғаудың қол жетімді және тиімді барлық
тетіктерінің болуына игі ықпал етеді. Конституцияға сэйкес азаматтардың
құқықтарына, бостандықтарына жэне міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық
актілерді ресми жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.
Қазақстанда адам құықтары мен бостандықтарына қатысты заң жобаларын ашық
әрі жария талқытилаудың дәстүрі қалыптасты. Ата заңымыздағы адам құқықтары
мен бостандықтары жжөніндегі тарау күкықтық жүйенің сәнін келтіріп түр,
тіптен демократиялық дамудың бірден-бір көрінісі деуге болады. Бірак ғалым-
заңгерлер конституцияның әдеби шығарма емес заңдылық құжат екеніне басты
назар аударады. Оның мазмұны халықаралық-кұықтық актілерді адам құқықтарын
әдемі сөздермен белгілеу емес. Конституция мемлекеттің өзінің әдет-
ғұрыптарына жэне салт-саналарына сүйенуі керек. Оның нормалары адамға
өркениетті әлемнің өлшемдері бойынша өмір сүруге мүмкіндік беруі керек [7,
44-б].
Конституцияда жарияланған баптардың өмірге сіңуі үшін көптеген
зандар қабылдануы керек. Елімізде қалыптасқан экономикалық жағдай оған кері
әсерін тигізеді. Қазіргі практикада көптеген заңдардың сақталуы немесе
маңызды баптарының алынып тасталуы, не тоқтатыла түруы осының куэсі.
Конституцияда паш етілген баптар өміршең болмаса онда халық арасында қандай
қоғамдық пікір қалыптасатынын ойлай беріңіз. Қолданылып жүрген заңдар
Конституцияның тікелей жалғасы болып табылатындықтан заңдар қаншалықты
сапалы болса, соншалықты қоғам өмірінде Конституцияның маңызын арттырған
болар еді. Конституция қабылданғаннан бері уакытта көптеген жаксы заңдар
дүниеге келді, бірақ бұл бағыттағы жұмыс әлі де жақсартуды талап етеді.
Жалпы адам құқықтары мен бостандықтары эркімге тумысынан жазылған, олар
абсолютті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот билігі
Қылмыстық процестік құқық пен қылмыстық процестің тәрбиелік алдын алушылық маңызы
Қазақстан Республикасындағы жеке тұлға құқықтарының қорғалуы
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі және қалыптасу кезендері
Жеке тұлғаның құқықтар мен бостандықтарын қорғаудағы сот органдарының маңызы
Қазақстан Республикасы конституциясындағы сот билігі және сотпен қорғану құқығы
Құқықтық мемлекет: ой тұжырымынан жүзеге асыруға дейін
Адам және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары
Халықаралық адам құқықтары мен бостандықтар
Адам құқықтарын халықаралық сот мекемелері арқылы қорғау
Пәндер