Адамның азаматтық құқықтары мен бостандықтары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Адамның азаматтық құқықтары
мен бостандықтары

Жеке құқықтар мен бостандықтар адам мен азаматтың құқықтың
мәртебесінің түп қағазы болып табылады. Оларды шектеуге болмайды. Сондықтан
Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 – 23 баптарында аталған құқықтар
мен бостандықтар кейде азаматтардың өзіндік құқықтары мен бостандықтарың
деп те аталады, оларға мемлекет тарапынан берілген кепілдіктің деңгейі де
жоғары.
Азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтарына өмір сүру (15бап);
жеке бас бостандығы (16 - бап); адамның қадыр – қасиетіне қол сұқпау(17 -
бап); жеке өміріне қол сұқпау(17 - бап); жеке өміріне қол сұғылмау,
өзінің және отбасының құпиясы болу, ар – намысы мен абыройын қорғау (18 -
бап); өзінің қай ұлтқа, қай дінге жататынын анықтау және оны көрсету -
көрсетпеу, ана тілімен шығармашылық тілін еркін таңдап алу (19-бап); заң
жүзінде тыйым салынбаған салынбаған кез-келген тәсілмен еркін ақпарат алу
және тарату, т.б. құқытары жатады.
1. Өмір сүру құқығы. Бұл әр адамды оның өміріне жасаған қаскөйліктен
қорғауға кепілдік беру міндетін мемлекет өз мойнына алады дегенді
білдіреді. Оның үстіне ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқ (15-
бабы). Бұған заңға сәйкес өлім жазасына кесілетін қылмыскердің ерекше ауыр
қылмыс жасау жағдайлары ғана жатпайды, өйткені ол ең ауыр жаза ретінде
заңда белгіленген. Бірақ өлім жазасына кесілген кіналі адамға кешірім жасау
туралы арыздану құқығын пайдалануға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы мәлімет
Конститутцияның 15-бабының 2-тармағында арнайы көзделген. Кешірім беру
құқығы мемлекте басшысы әрі ең жоғарғы лауазымды адам ретінде Қазақстан
Республикасының Президентіне берілген (44-баптың 15-тармағы).
2. Мемлекет әркімнің қадір қасиетін қрғауға міндетті екенін Қазақстан
Республикасы Конститутцияның 17-бабынан көруге болады. Онда: ешкімді
азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатігездік немесе адамдық
қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды (2-
тармақ). Қазақстан Республикасы Конститутциясының көптеген нормалары да
жеке адамның қадір-қасиетін қорғау мақсаттарында қызмет ететінін есте ұстау
керек. Мысалы, жеке өміріне қол сұғылмау құқығы, телфон арқылы сөйлескен
сөздерінің, жазысқан хаттарының, жеке салымдарының құпиялығын сақтау
құқығы, тұрғын үйге күштеп кіруге, сол сияқты заңсыз қарап, тінту жүргізуге
тыиым салу және т.б. ешкімге де келісімсіз медециналық, ғылыми басқадай
тәжрибе жасалынбайды.
3. Жеке бастың қол сұғылмаушылық құқығы оған мемлектеттік органдар
тарпынан қауіп төндіру әрекеттеріне жол беруге болмайтындығында. Тек заңда
көрсетілген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен
тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, бірақ тұтқындалған адамға сотқа
шағымдану құқығы берілтіндігін ерекше атап айту керек. Прокуррордың
санкциясынсыз адамды 72 сағаттан аспайтын мерзімде ғана ұстауға болады.
Ұсталған тұтқындалған қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам адвокаттың
(қорғаушының) көмегіне сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған
кезден бастап пайдалануға құқығы бар (16-бап).
4. Конститутциясының 19-бабына сәйкес әркімнің өзін қай ұлтқа
жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге құқығы бар. Бұл
ешкімдіде өзінің ұлттың еріксіз таңдап алуын күштеп көндіруге
болмайтындығын білдіреді. Әр кім оны өз қалауы бойынша таңдап алуға ерікті.
Мұндай саналы істі әрбәр 16 жасқа толған әрекет қабілеттілігі бар адам
жасай алады, өйткені осындай жасқа жеткен Қазақстан Республикасының азаматы
ғана жеке куәлік алуға, сөйтіп өз ұлтын таңдауға құқылы. Бірақ оның міндеті
емес.
5. Қазақстан Республикасы Конститутциясындағы елеулі құқытардың бірі-
оның 19-бабының 2-тармағында әркімнің ана тілімен төл мәдениетін
пайдалануға, қарым – қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін
таңдап алуға құқығы бар, - делінген тұжырымдар. Бұл құқықтың мазмұны
Конституцияның 7 – бабында туындайды. Онда еліміздегі мемлекеттік тіл –
қазақ тілі, ал мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту
үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды, - деп нақтыланған. Ал, осы
конституциялық қағидалар 1997 жылғы қабылданған Тіл туралы заң арқылы
жүзеге асырылады. Әрбір адам ресми емес жерлерде, жеке қарым – қатынаста
қай тілде сөйлейтіндіктерін өздері таңдай алады, оған ешкімнің де
килігуіне құқығы жоқ. Қазақстан Респуликасының азаматтары мемлекеттік
органдарға арызданып шағымданғанда өз тілін не өзі басқа да тілді
таңдауға құқылы. Осындай құқықты олар сот істеріне қатысқанда, заң,
шығармашылық жұмыстарда, диссертация жазғанда пайдалануға ерікті.
Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңында: Қазақстан
Республикасында мемлекеттік тіл және барлық басқа тілдер мемлекеттің
қарауында болады. Мемлекеттік органдар бұл тілдердің қолданылы мен дамуына
қажетті жағдай жасады, - делінген.
Қазақстан халықтары тілдерінің дамуы үшін қажетті жағдайлардың іс
жүзінде қамтамасыз етілуі – Ана тілін меңгеруге тілек білдірушілердің
барлығына арнайы мүмкіндіктер туғызу деген сөз. Мұның өзі ана тілде орта
білім беру немесе ана тілін міндетті пән ретінде оқыту, мұғалім кадрларын
даярлау, оқу және оқу әдістемелік құралдармен көркем әдебиет, газет –
журналдар шығаруға жәрдем жасау жолымен жүзеге асырылады.
Мұндай жұмыс энтостардың мәдени – тілдік мүдделерін білдіре алатын
ұлттық мәдени орталықтардың белсенді қатысуымен тиімді болады. Сонымен
қатар, Қазақстандағы этникалық диаспорлар этносының негізгі бөлігі тұратын
елдермен саны аз халықтар тілдерінің Еуропалық бюросымен және халықаралық
ұйымдармен өзара іс – қимылда жолға қоюы қажет.
Сөйтіп, елдегі этностар тілдерінің жай – күй мен жалпы тілдік ахуалға
нақты және ғылыми талдау жасалмайша тіл құрылысының табысты жүруі мүмкін
емес. Әлеуметнамалық және әлеументтік – лингвистикалық мониторинг тілдік
процестердің серпінді мен оның демографиялық жәнеәлеуметтік этникалық
белгілері бойынша аймақтық жіктелуін бейнелейтін тіл саясатына ұдайы
түзету енгізіліп отыруын қамтамасыз етуі тиіс.Тіл жөніндегі мемлекеттің
болжамды қызметтердің бағыттарын Қазақстан Республикасының Президенті
1996 жылғы 4 – қарашадағы Қазақстан Республикасы тіл саясатының
тұжырымдамасы туралы өкімінен білуіңізге болады.
6. Конститутция тұжырымдарының әрбір адамға қолайлы жерінің бірі –
ол 25 – бапта көрсетілген, ешкімнің тұрғын үйге қол сұқпаттындығы. Соттың
шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге,
оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша
ғана жол беріледі. Демек, тұрғын үй деп отырғанымыз, ол пәтер, қонақ үй
нөмірі т.б.
7. Жеке адам құқықтарының ішіндегі ең маңыздысы – бұл әркімнің еркін
жүріп – тұруға және тұрғылықты мекенді қалауынша таңдап алуға құқығы
болатындығы. Осыған байланысты еліміз Ата Заңының 21 – бабында –
Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адамның, заңда
арнайы көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп – тұруға
және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуына құқығы бар. Әркім
Республикадан тыс жерлерге кетуге және оған кедергісіз қайтып оралуға
құқылы, - делінген. Бірақ Қазақстан Респубилкасының заңдарында белгілі бір
жерде адамның емін – еркін жүріп тұруына шектеулер қойылған(мысалы, жабық
әскери обьектілерінде, экологиялық апат аймақтарында, т.б.). Мемлекеттік
құпияны білетін азаматтардың шет елдерге шығуыы арнайы нормативтік құқықтық
актілерінде көрсетілген.
8. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына хақысы бар (18 - бап). Бұл
жерде жеке өмір деп тұрғанымыз өзінің немесе отбасының құпиясын, жеке
салымдары мен жинаған қаражаттарының почта, телеграф, телефон арқылы жазған
хаттарының сөйлеген сөздерінің және т.б. жолдарымен алысқан хабаарларының
құпиясын айтамыз, егерде оған моральдік зиян келтірген болса. Конституцияда
көрсетілгендей, бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен
тәртіп бойынша ғана жол беріледі.
9. Ақпарат көздері мен танысуға хақылы (18 – бап, 3 - тармақ) дегеніміз
кез
келген мемлекеттік органдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа
өзінің құқықтары мен мүддерлеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және
ақпараттарымен қамтамасыз етуге міндеттілігінен туындайтын мүмкіншілікке ие
болу деген сөз.

12 – Бап.
1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен
бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар
абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де
нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай
анықталады.
3. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып,
міндеттер атқарады.
4. Конституцияда, заңда, халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе,
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін
белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай – ақ міндеттер
атқарады.
5. Адамның және азаматтың өз құқықтар мен бостандықтарын жүзеге асыруы
басқа дамадардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық
құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.

1. Бұл бап Республикада адамс құқықтары мен бостандықтарын тану мен
қорғаудың негізгі ережелері мен принциптерін тану мен қорғаудан тұрады.
Онда еліміздің құқықтық жүйесіне адамның құқықтары мен
бостандықтарын тану инстиуты, сондай – ақ заң шығарушылардың оларды –
экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси – құқықтық жағынан қорғалу
кепілдігін қамтамасыз ету міндеттемесі бар екендігі танылған. Бұл
кепілдіктер әртүрлі нысанды Конституцияның ІІ – бөлімінің келесі
бөлімдерінде де жазылған, алайда тұтас алғанда олар сығымдалып
түсіндірілген деуге болады.Мысалы, саяси – құқықтық кепілдіктер айтарлықтай
толық ашылса, әлеуметтік – экономикалық және мәдени кепілдіктер ықшамдалып
берілген.
2. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің басты ілімі және
негізгі принципі ретінде адамның табиғи құқығының теориясы тұжырымдамасы
алынған. Сөйтіп, осы нормаға сәйкес заң шығарудың және заң қолданудың басты
өлшемі олардың жеке адамның құқықтары мен бостандықтарына сәйкестігі болып
табылады.Яғни, осы танрмақ мемлекет саясатындағы жүйелік
орталықтандырылудан жеке бастық орталықтандырудың басымдығын ресми түрде
орнықтырды. Ол мемлекеттің бұрынғы Кеңестік режимі кезінде үстемдік еткен
демократия тұжырымдамасынан ресми түрде бас тартуды білдіреді. Аталған
қағиданың іс жүзінде қолдануға әр заңды және әр заң жобасын гуманитарлық,
оның ішінде қоғамдық сараптамадан өткізу және мемлекеттік органдардың
қызметіне Конституциялық бақылау жасау үшін іргелі негіздер қалау
мүмкіндігін жатқызуға болады.
Еліміздің құқықтық жүйесінде бірлестіріліп жүйеленген табиғи құқықтық
теория құқықтың мемлекет қызметінен басымдығын табиғи түрде қамтамасыз
етеді, сөйтіп, Президентті қоса алғанда лауазымды адамдарға қоғамдық
қадағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік туады.
3. Осы тармақты адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі ерекшеленген.
Егер адам құқығы тумысынан жазылған болса, азаматтың құқығы кейін пайда
болады. Азаматтың құқықтық мәртебесіне табиғи түрде адам құқығы, сондай –
ақ жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілдігі негізінен
қызмет ететін, азамат пен оның мемлекеті арасындағы ерекше билік
қатынастарын қоғамдық шарттар түрінде белгілейтін саяси құқықтар мен
міндеттер кешені кіреді. Азаматтың мәртебесі, осы аталғандарға қоса тек
құқықтар ұғымын ғана емес міндеттер ұғымын да қамтиды, айталық, азамат
иеленген саяси билікке деген құқығы осы билікті мемлекеттің осы адамға
қатысты құқығының екінші жағы ретінде арнау міндетінің болуы қажеттігімен
де ерекшеленеді.
4. Конституцияның осы нормасына сәйкес шетелдіктер отансыз
адамдардың(апатридтердің) Қазақстан Республикасы азамматтарымен әлеуметтік
– экономикалық және тиісінше саяси салада азаматтық құқықтары мен
міндеттерінің толық теңдігі белгіленген. Әдеттегіден, мемлекет азаматтары
барысынша кең саяси құқықтық субьектілікті пайдаланады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жіктелуі
Сот билігі арқылы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
ҚАЗАҚСТАН ЗАҢДАРЫНДАҒЫ АДАМ МЕН АЗАМАТ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Адам мен азаматтардың құқықтары
Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың мемлекеттік кепілдіктері
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Адам құқықтары мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын топтастыру
Қазақстан Республикасының адам және азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері
Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Пәндер