Азаматтардың саяси қүкықтары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Адамдар жаратылысындағы тең жаратылған, белгілі, бұлжымас құқықты иеленген, олар: өмір сүру құқығы, бостандық және батылыққа ұмтылу. Бұлар табиғи азаматтық қоғам орнағанда да жойылмайды, оларды қоғам да, үкімет те ала алмайды. Адамның осы құқықтарына байланысты зандар мен оның орындалу ережелері коғамнан-қоғамға өткенде міндетті түрде өзгеріп отырады, бірақ кез келген демократия конституциялык, құқықтық және әлеуметтік құрылымдарды корғайтын кепілділік жасау міндетін жүктейді.

Сөз және өз пікірін айту бостандығы кез келген демократияның өмірлік күшінің кайнар бұлағы болып есептеледі.

Демократиялык қоғамның азаматтары ашық пікір алысу арқылы шындыққа жету нәтижесінде жалғандықты, өтірікті жеңеді, басқа да құндылықтар жақсы, оңай түсініледі, прогресске жол ашылады деген сеніммен өмір сүреді.

Демократиялык мемлекеттің авторитарлык мемлекеттен айырмашылығы - үкімет азаматтардың жазбаша және ауызша айтқандарының мазмұнын бақыламайды, ұнатады, қош көреді. Демократия кең көлемді ақпаратқа рұқсаты бар сауатты, білімді азаматтардың қоғам өміріне жан-жақты қатысуына мүмкіндік жасайды. Конституцияның 20-бабында былай делінген: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады». Сөз бостандығының карапайым дәлелі - сөз бостандығының кеңдігі.

Сөз бостандығының туымен демократия адамдардың және топтардың құқығын қорғайды. Ашық айтыс, жарыссөз нағыз шындыққа және даналық, коғамдық іс-әрекетке жеткізеді деген сеніммен қаруланған демократиялық қоғамның азаматтары бұл құқықтарды қорғайды.

Сөз бостандығының тікелей нәтижесі - жиналыстар бостандығы және үкіметтің олардың шағымын бейбіт түрде тыңдау бостандығы. Жиналыс құқығы және тыңдалу бостандығы болмаған жерде сөз бостандығы құнсызданады. Сондықтан да сөз бостандығы жиналыс құқығымен тікелей байланысты, оның күрамдас бөлімі. Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Казақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға құқықты. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін» деп көрсетілген (32-бап) . Демократиялық үкімет осы заңға сәйкес мұндай жиындардын уақытын, орнын белгілейді, бұл тыныштықты және тәртіпті сақтау қажеттігінен туындайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы әркімнің ар-ождан, діни наным және діни көзқарастарын жариялау бостандығына кепілдік береді. Бірақ ол жалпыадамзаттық және азаматтық құқықты, міндеттілікті шектемеуі керек.

Діни наным бостандығы, кең түрдегі ар-ождан бостандығы мынаны көрсетеді: бірде-бір адам өзінің еркінен тыс кандай да болмасын бір дінге немесе діни сенімге, оны насихаттауға күштелмейді. Қайсыбір дінге бой ұрғаны үшін немесе ешбір дінді қабылдамағаны үшін ешкім де жазаланбайды, айып салынбайды. Демократиялық мемлекет адамдардың діни нанымы өзінің жеке басының ісі деп есептейді.

Діни наным бостандығы бойынша, ешкім де үкімет тарапынан арнаулы шіркеуді, мешітті мойындауға міндеттелмейді. Балалар белгілі діни мектептерге баруға күштелмейді, ешкімнен де діни қызметке баруы, намаз окуы, діни шараларға қатысуы болмаса қарсы болуы талап етілмейді.

Демократия үкімет халыкқа қызмет ету үшін өмір сүреді, ал халык үкіметке қызмет ету үшін өмір сүрмейді деген принципке негізделеді. Екінші сезбен айтқанда, халык - демократиялық мемлекеттің бас иіп бағынушысы емес, азаматтары. Егерде азаматтарының кұқығын корғамаса, азаматтар да оған жауап ретінде мемлекетке бейтараптық көрсетеді.

Демократиялық қоғамда азаматтар сайлауға катынасады, олардың атынан өздерін кім басқаратындығы туралы құқықтары мен міндеттерін іске асырады.

Конституцияда: «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады» делінген (12-бап, 3-тармақ) . Авторитарлық мемлекеттерде керісінше, дауыс беру актісі іске асырылған тәртіпке сәйкес сайлауға заңдылық беру үшін жүргізіледі. Мұндай коғамда дауыс беру азаматтардың кұқығын да, міндетін де анықтамайды, азаматтардың міндетін қорғайтын зорлау спектаклі ғана болады.

Демократиялық мемлекетте азаматтар өз таңдауымен мемлекеттен тыс бірлестіктерге кіреді, сол аркылы қоғамдық өмірге еркін қатысады. «Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар. Қоғамдык бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі» (23-бап) . Сонымен қатар, мұндай бірлестіктерге қатынасудан туындайтын міндеттер қабылдайды: өздері қоятын проблемалар жайында хабарландырады, кажетті жағдайда келісімге келу үшін карама-қайшы пікірлерге шыдамдылык білдіреді, келісімге барады.

Авторитарлық мемлекетте жеке ерікті топтар аз немесе болмайды. Олар жеке адамдарға маңызды мәселелер немесе өз ісін басқару үшін айтысқа, жарысқа қатысуға құрал есебінде қызмет етпейді, тек мемлекеттің өзіне бас июдің бір көрінісі ғана болады. Демократиялық коғамның азаматы саналы түрде жауынгерлік (әскери түрде) кызмет атқарады, оны коғам алдындағы ерікті міндетім деп есептейді. «Казақстан Республикасың қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери кызмет аткарады» (Казакстан Республикасының Конституциясы, 36-бап) .

Адамдардың өздерінің бүлжымас қүқықтарын пайдалануы күдіксіз, әділетті, олар сөз, жиналыс бостандығы және діни наным, демократиялык принциптерге негізделген кез келген үкіметке шек қояды. Бұл жағынан алып карағанда жеке адамдардың құқығы үкіметтің билікті теріс пайдалануына қарсы тірек болады. Басқа мазмұнда айтқанда, жеке адамның құқығы өзіндік іс-әрекет жасайды. Құқық адамның жеке меншігі емес, оны қоғамның басқа мүшелері мойындағанда ғана ол өмір сүреді. Сайлаушылар - өз құқығын сақтаушылар. Бұл жағынан қарағанда, азаматтар сайлаған демократиялық үкімет оларға тәуелді, адам құқығына қарсы емес, оны қорғайды. Демократиялық қоғамның азаматтары өз құқығын нығайту үшін міндеттер қабылдайды және оны орындайды.

Жинақтап айтканда, бұл міндеттер демократиялық процестерге қатысуды көздейді, онын өмір сүруін қамтамасыз етеді. Азаматтар қоғам алдында тұрған проблемалар туралы ақпаратпен қаруланып, сол арқылы олар жоғарғы мемлекеттік ұйымға білімділікпен дауыс беруі қажет.

Сайлау, демократиялык өкілеттілік - үкіметтің орталық институты. Себебі демократиялық басқару жұмысында үкімет билігі басқарушылардың (халықтың) келісімінен туындайды. Ол келісімді үкімет билігіне берудің механизмі - еркін, әділ сайлау өткізуде. «Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін баскаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі баскару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және үжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар» (33-бап) . Сонымен катар азаматтардың мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумдарға қатысуға кұқығы бар.

Казақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет. Конституцияға сәйкес әрбір азамат ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін таңдауға, еркін тандап алуға кұкығы бар. Мемлекет Казакстан халқының барлык тілдерінің қолданылу аясын сақтауға кепілдік береді, оларды үйреніп-дамыту үшін жағдайлар туғызуға қамқорлық жасайды. Мемлекеттік немесе өзге тілді меңгермеу себептері бойынша азаматтардың құкықтары мен бостандықтарын шектеуге тыйым салынады.

Қазақстан Республикасьшың Негізгі Заны азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегізін орта білім алуға кепілдік береді. Орта білім алу міндетті. Азаматтардың мемлекеттік жоғары оқу орындарында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар. Ал жеке оқу орындары арқылы білім алу белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

Қоғамның барлық мүшелерінің денсаулығын сақтау демократиялық мемлекеттің міндеті. Ол үшін арнаулы қамқорлық жасалады. Қазақстан Республикасының азаматтары заңмен белгіленген тегін кепілді медициналық кәмектің барша түрін алуға құқықты. Мемлекеттік және жеке емдеу мекемелерінде, сондай-ақ жеке медициналық іс-тәртібімен айналысушы адамдар арқылы медициналық жәрдем алу заңмен, белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі.

Адамның негізгі құқығын қорғау принцип тұрғысында кең көлемде қолданылады. Олар бүкіл әлемдік Конституцияларда көрсетілген. Бұл тұрғыдан Қазақстан Республикасының Конституциясы оның үлгісі болып есептеледі. Конституцияның екінші бөлімі («Адам және азамат») адам құқығына және оларды іске асыруға арналған. Адамның құқығын қорғау Біріккен Ұлттар Ұйымының Хартиясында, Хельсинки корытынды актісі (Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастык мәслихаты. ОБСЕ) сияқты халықаралық құжаттарда орын алған.

Қазақстан Республикасының Конституциясында адам құқығы кеңейтілген: әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін тандауға, тынығуға құкығы бар.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР (НОРМАЛАР)

Заң алдындағы жұрттың бәрінің тендігі немесе занды тең қорғау құқығы кез келген әділетті демократиялық қоғамның негізгі ісі болып есептеледі. Адам бай ма, әлде кедей ме, этностық үлкен топка немесе діни аз топқа жата ма, үкіметтің саяси одақтасы ма, өлде оның қарсыласы ма, кез келген адам заң алдында тең қорғалуына құқығы бар.

Ешкім заңнан жоғары тұрмайды. Демократиялық құрылыста азаматтар заңға бағынады, себебі, тіпті жанамалай болса да, олардың өздері заңды жасаушы. Заңды халық жасайды, сондыктан ол оған бағынуға міндетті. Бұл заңның да, демократияның да игілігіне қызмет етеді.

КСРО өмір сүріп, әкімшіл-әміршіл жүйе үстем болып тұрғанда да конституциялык, Құқықтық ережелер анықталған. Бірақ олар орындалмады немесе бұрмаланды. Мемлекет атынан адамдар түрмеге отырғызылды, олардың меншігі тәркіленді, занды негізсіз-ақ атылды. Себебі зан үкімет билігі қолында тұрғандардың мәртебесін нығайтатын құрал болды.

Қазақстан Республикасы өзінің, тәуелсіздігін жариялады. Соған сәйкес өзінің демократиялық зиялы және әлеуметтік мемлекет екенін әлемге әйгіледі. Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына болып табылатындығы оның негізі болып есептеледі.

Республикада тәртіпті жақтайтын және қылмыстық әрекетті жазалайтын билік орнады, құқықтық ережелер мен процедуралар қалыптасты, олардың көмегімен мемлекет өз заңдарын іске асырады, олар жариялылық және айқын сипатталды. «Әркімнің өзінің жеке басынын бостандығына құкығы бар. Занда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі. Прокурордың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан артпайтын мерзімге ұстауға болады» (16-бап) . Адамның кадір-қасиетін қорлауға болмайды. Ешкім де азап тартуға, зорлық-зомбылық көруге, басқа да қатыгез немесе адамдық кадір-қасиетті қорлайтындай құқай көруге немесе жазалануға тиіс емес.

Қазақстан Республикасының Конституциясы жұрттың бәрінін заң мен сот алдында тендігін жариялады. Шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, үлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешкандай кемсітуге болмайды» (14-бап) .

Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Адамды өмірден еріксіз айыруға ешкімнің құқығы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде, жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы өтіну құқығын бере отырып, заңмен белгіленеді.

Қазакстан Республикасында сот әділдігі тек сот арқылы іске асырылады. Судья тек Конституцияға және заңға ғана бағынады «Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Занды қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс: 1) адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес ; 2) бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды» (77-бап, 23-тармақ) .

Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздің нақтылы өміріне сәйкес келеді және бүгінгі күннің талабына жауап береді. Конституция 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Бұлар қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылыққа, бүкіл халықтын игілігі үшін экономикалық дамуға, қазақстандық патриотизмге,

көпұлтты халықтын бірлігі мен елдің тұтастығына негізделген.

Негізгі заңның іргетасы - құқықтық мемлекеттің тұжырымдамасы-Бұл - азаматтық қоғамның ең гуманистік жарқын идеясы. Құқықтық мемлекеттің негізіне адамды билік ұйымдары тарапынан қорғау, жеке адамнын құқығына, бостандығына кепілдік беру жатады құқықтық мемлекет - өзінің іс әрекетінде құқықпен шектелген, бостандықты, құкықтық бұлжымастықты қорғайтын, билікті тәуелсіз халықтың еркіне бағындыруға негізделген мемлекет. Мемлекет пен азаматтың арақатынасында адам құқығына артықшылық берілген. Ол мемлекет заңымен, оның іс-әрекетімен бұзылуға тиісті емес.

Біздің мақсатымыз - құқықтық қана емес, әлеуметтік мемлекет құру. Құқықтық мемлекет жариялаған жеке адам бостандығы, олардың өзара теңдігі, мемлекеттің азаматтық қоғамның ішкі ісіне араласпауы экономикасының дағдарысын, өтпелі кезендегі әлеуметтік теңсіздіктің шиеленісуін, жүмыссыздықты, басқа да жағымсыз құбылыстарды болдырмауға мүмкіндік береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Конституциясында біздің республикамыз әлеуметтік мемлекет болып жарияланды. Әлеуметтік мемлекет әрбір азаматқа тұрақты өмір сүру жағдайын жасайды, оны әлеуметтік жағынан қорғайды, жеқе адамның өз қабілетін танытуға жағдай жасайды; Әлеуметтік мемлекеттің қызметі - тұрмысы нашарлар мен күйзелгендерге көмек көрсету, әркімге жұмыс беру, өмір сүруге қажетті басқа да жағдай жасау (зейнетақы, әлеуметтік жәрдем, т. б. ), қоғамда бейбітшілікті сақтау, адамдарға өмірлік орта жасау болып есептеледі. Әлеуметтік мемлекет өзінің мақсаты мен принципін кұқықтық мемлекет тұрғысында іске асырады, құқықтық ережелерге өте жоғары әділетті мазмұн беруге және қоғамды ізгілікті етуге ұмтылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам және азаматтардын бірлесу құқықтарына қойылатын конституциялық шектеулер
Қазақстан Республикасының адам және азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері
Азаматтардың мәдениет саласындағы құқықтары
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жіктелуі
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық және діни бірлестіктер қызметінің құқықтық негіздері
Адам құқықтары мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын топтастыру
Омбудсмен әрекетінің басты міндеті - азамат құқықтарын қорғау
Адам және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары
Адам және азаматтардың конституциялық міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz