Сақтандыру шартының нысаны мен элементтері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. 1 Сақтандыру құқығының негiзгi түсiнiктерi

1. 2 Сақтандырудың түрлері және салалары және класстары

1. 3 Сақтандыру шартының нысаны мен элементтері

1. 4 Сақтандыру объектiсi мен мазмұны

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САҚТАНДЫРУДЫҢ ЖҮЙЕСІНДЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

2. 1 Адам өмірін сақтандыру

2. 2 Аннуитетті сақтандыру

2. 3 Өмірде белгілі бір оқиғаның пайда болуына байланысты сақтандыру

2. 4 Сақтандырушының инвестициялық кірісіне сақтанушының қатысуы арқылы адам өмірін сақтандыру

3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АДАМ ӨМІРІН САҚТАНДЫРУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Қазақстандық сақтандыру компанияларының адам өмірін сақтандыру саласындағы қызметі

3. 2 «Казкоммерц-Life» ӨСК» АҚ ағымдағы жағдайы мен адам өмірін сақтандыру саласындағы қызметіне талдау

3. 3 Қазақстанда адам өмірін сақтандыруды жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

4

7

7

10

17

28

38

38

50

50

52

54

54

56

67

73

77

80

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазiргi жағдайда сақтандыру - бұл өмiрдiң əртүрлi салаларында барынша жиi болатын жағдайлардың терiс əсерiнен заңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерiн қорғау əдiстерiнiң бiрi.

Адамдар жиi өрттерден, су тасқыны, сел жəне осылар сияқты т. б. жағдайлар нəтижесiнде өздерiнiң қозғалмайтын жəне қозғалатын мүлiктерiнен айырылу мүмкiндiгiнен сақтануды қалайды. Кəсiпкерлiктiң дамуы тиiсiнше тəуекелдердiң өсе түсуiне əкелдi, олар iскерлiктегi əрiптестердiң сенiмсiз болып шығуы, нарықтағы бағалар (құндылықтар) кенет өзгерiп кетуiне, шарт бойынша əрiптестердiң банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкiн шығындар болады. Өз кезегiнде бұл сақтандырудың дамуына қосымша түрткi болды. Уақыт ағымында мұндай қажеттiлiк азаймайды, керiсiнше азаматтар мүлiктiк жағдайы жақсаруының жəне кəсiпкерлiк дамуының салдарынан сақтандырудағы қажеттiлiк одан əрi өсе түседi.

Сақтандырудың Қазақстандағы қазіргі таңдағы жетілуін зерттеу несие жүйесінің тұрақты қызмет етуі үшін аса маңызды [1, 36 б] .

Сақтандыру - сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, материалдық шығындарға ұшыраудан қорғап, экономикалық табысқа жетуге кепілдік береді. Қайта сақтандырудың мақсаты - аса қауіпті қатерлердің зардабын жоя алатын кең ауқымды кепілдіктердің кеңістігін кеңейту мен нығайту. Бұл интернационалдық экономикалық және де сақтандыру балансымен алғанда теңгермешілік өлшемнің ең соңғысы емес. Міне осыған орай сақтандыру мен қайта сақтандыру техникалық экономикалық және де әлеуметтік прогрестің аса маңызды құралы болып табылады.

Адам өмірі кездейсоқтықтар мен белгісіз жағдайларға толы. Өз болашағың туралы, 10-20 жылдан кейін қалай өмір сүретіндігіміз туралы ойлаған кезде қандай да бір биіктерге бүгін жетуге ұмтыламыз. Болашақ туралы, өз жақындарымыздың келешегі туралы ойлай отырып, біз белгісіздіктердің мейлінше аз болуына ұмтылып, оны жоспарлауға ұмтыламыз жəне біз өз денсаулығымыз туралы толық түрде сенімді бола алмасақ та, тағдыр не сыйлайтынын біле алмасақ та, біз өзіміздің сенуге болатын ертеңімізге бүгін негіз қалағымыз келеді. Себебі кейбір жылдары ағымдағы кіріспен қанағаттандырылатын ақшаға деген сұраныс уақыттың кейбір сəттерінде жеке кіріс көздерін жоғалту, өз материалдық жағдайына қолдау көрсету мүмкіндіктерін жоғалту немесе зейнеткерлікке шығу сияқты табиғи құбылыстар сияқты жағдайларға байланысты шиеленісе бастайды. Біздің əр қайсысымыз өміріміздің өн бойында өз ақшамызды болашаққа жинақтау, сақтау жолымен өзімізді кездейсоқтықтан шектеуге жəне оның алдын алуға ұмтыламыз.

Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы мүліктік жоғалтулардан сақтану, сондай-ақ белгісіздіктен құтылу үшін кіріс пен молшылыққа кепілдік беретін экономикалық институттарды дамытуға ықпал етті. Қазіргі қоғам азаматтарының мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі жүйе сақтандыру болып табылады.

Айтылғандардың сенiмдiлiгiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен № 491 27 қараша, 2000 жылы бекiтiлген, 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасын қабылдау фактiсi растайды. Бұл бағдарламаның мақсаты ретiнде қазiргi заманға сəйкес жəне тұрақты ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру белгiленген (аталған) . Мұндай сақтандыру нарығы мемлекеттiң, азаматтардың жəне шаруашылық субъектiлердiң мүдделерiн қорғаудың шынайы құралы болуы қажет. Осымен қоса тиiмдi сақтандыру жүйесiн құру, мемлекеттiк əлеуметтiк саясаттың бiр құрамасы ретiнде де танылуы керек.

Бағдарламада атап өтiлгендей, сақтандыру саласы адам өмiрiнiң өндiрiстiк жəне қызметтерiнiң барлық жағын қамтиды. Сақтандырудың дəстүрлi орын толтыру (компенсациялық) мiндетiмен бiрге өзге де мiндетi қарастырылған. Ендi сақтандыру жинақтау - қаражат сақтау мiндетiн де атқаруы қажет.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі . Сақтандыру қызметінің азаматтық құқықтағы, әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесіндегі орны, маңызы, сақтандыру қызметін ұйымдастыруға қатысты көптеген отандық және шет елдік экономист ғалымдардың еңбектері бар. Олардың арасында отандық ғалымдар Ғ. А. Жайлин, К. К. Жүйріков, У. Б. Баймұратов, Маянлаева Г. И., Сембеков А. К., В. Д. Мельников, Жолдасбаев С. Е., Құрманов А., ресейлік ғалымдар Шахов В. В., Рейтман Л. И., Адамчук Н. Г., Комарова Н. М. т. б. көптеген ғалымдар бар.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстанда қазіргі таңда адам өмірін сақтандырудың қалыптасу процесі мен дамуын кешенді талдау арқылы оның қызмет ету ерекшеліктерін анықтау. Осы арқылы адам өмірін сақтандыруды дамыту жолдарын анықтау, басқару механизмін жетілдіру, сақтандыру қызметтерін кеңейту және жаңа заманға сай әдіс тәсілдерді қолдану.

Мақсаттан келесідей міндеттер туындайды:

− адам өмірін сақтандырудың теориясын зерттеу;

− адам өмірін сақтандырудың дамуының толыққанды талдауын жүргізу және оның азаматтық-құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі мүмкіндіктерін қарастыру;

− адам өмірін сақтандырудың міндетті және ерікті түрлерінің даму бағыттарын жүйелеу;

− Қазақстан Республикасында адам өмірін сақтандыруды реттеу процесін талдау, заңдық қамтамасыз етілуін бағалау;

Зерттеу обьектісі: Қазақстанның сақтандыру нарығындағы адам өмірін сақтандыру.

Зерттеу пәні - Қазақстанның сақтандыру қызметінің азаматтық-құқықтық және мемлекеттік басқару аспектілері болып табылады.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің әдістемелік негізі отандық және шет елдік азаматтық-құқықтық ғылыми мектептердің саласы, оның ішінде сақтандыру секторы теориясы және сақтандыру қызметі саласындағы ғылыми зерттеулері қалайды. Зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, заңдық және құқықтық актілері, халықаралық ұйымдармен келісім-шарттар және басқа да ресми деректер пайдаланылды.

Зерттеу үрдісінде жүйелі талдау мен болжау, үлгілеу, құрылымдық, әлеуметтік және т. б. әдістер пайдаланылды.

Зерттеудің ақпараттық базасы . Сақтандыру қатынастарын кешендi реттейтiн заң актiсi болып Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылдың 3 қазанынан “Сақтандыру туралы” заң күшi бар Жарлығы саналды. 2000 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасының “Сақтандыру қызметi туралы” жаңа Заңы қабылданды, қазiр ол заңгерлер тарапынан жоғарғы бағаланады. Онда сақтандыру iсiн ұйымдастыруды қазiргi заманғы талаптарға сəйкес келтiрудi қамтамасыз ететiн шаралар қарастырылған. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтiн нормалар көбiнесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 803-845баптарын қамтитын 40-шы “Сақтандыру” деп аталатын тарауында мазмұндалған. Сақтандырудың жекелеген түрлерiн реттейтiн бөлек нормативтiк актiлердiң де бiрқатар саны бар, мысалы 1996 жылдың 31 қазанынан №1319 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен 1997 жылдың 2 сəуiрiндегi № 460 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген жəне т. б.

Сақтандыру қызметiне бақылау жүргiзу туралы ережелер Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 наурызда қабылданған “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” Заңында мазмұндалған. Сонымен бiрге сақтандыру туралы жекелеген нормалар Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 31 тамызынан “Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметi туралы” Заңында да бекiтiлген.

Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі - 71бет.

1 САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. 1 Сақтандыру құқығының негiзгi түсiнiктерi

Сақтандырудың мəнi бiр қатар факторлармен анықталады. Ол мемлекет тарапынан қаралған шаралар көлемi мен сипатынан тəуелсiз халық пен ұйымдардың əртүрлi мүдделерiн қосымша қорғауды ұсынуға мүмкiндiк бередi. Табиғи жəне техногендiк апаттар, əсерлерiн жою бойынша шығындардың негiзгi ауыртпалығы қазiргi уақытта оның мүмкiншiлiктерi объективтi шектеулi болып келетiн мемлекеттiк бюджетке түседi. Сақтандыру осы қолайсыздықты жоюы тиiс. Бұдан басқа сақтандыру механизмiн пайдалану өндiрiсте қолданылып жүрген технологияның жетiлдiрiлуiне, кəсiпкерлiк қызметтiң жедел дамуына мүмкiншiлiк бередi.

Сақтандыру жүйесi республика экономикасы тұрақты дамуына, халықты əлеуметтiк қорғауды көтеру үшiн қосымша негiздi құруға, азаматтар мен шаруашылық субъектiлер мүлкiн сақтандыруға əсер етуi қажет.

Сақтандыру мəселелерi медицинаны қоса алғандағы əлеуметтiк қамтамасыз ету мəселелерiне тiкелей қатысты. Қазiргi заманғы сақтандыру индустриясын құру мемлекетке келесi мiндеттер қатарын шешуге мүмкiндiк бередi:

  1. табиғитехногендiк сипаттағы қарастырылмаған шығындарды толтыруда мемлекеттiк бюджетке ауыртпалықты азайтудың;
  2. нарықтық экономика қағидаларына сай сақтандыру жəрдемiмен əлеуметтiк қамтамасыз етудiң жекелеген мəселелерiн шешуге жинақталған зейнетақыны төлеуге, еңбекке қабiлеттiлiктi жоғалтуға, асыраушының қайтыс болуына, жұмыссыздыққа жəрдем ақылдарды төлеуге, денсаулық сақтауға қатысты шығындардың орнын толтыруға;
  3. халық пен ұйымдардың қаражаттарын ұзақ мерзiмдi негiзде ұлттық экономикаға шоғырландыруға.

Мемлекет бұдан бұрын жеткiлiктi қуатты əлеуметтiк кепiлдiктер жүйесiн қамтамасыз етуге қабiлетсiз болып шықты. Кепiлдiктердi қамтамасыз ету мiндетi қазiр сақтандырудың “иығында” болып тұр. Осымен бiрге бiр қатар мамандықтардың қауiптiлiгiнiң дəрежесiне өсе түстi. Құқық қорғау органдары ұйымдасқан (кəсiби) қылмыспен бетпебет келдi, техногендiк апаттар саны артты. Нарық жағдайында (жаңа еңбек қатынастарында) адамның өмiр сүруi үшiн өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зардаптарды қалпына келтiруде қандай да болсын бiр мүмкiншiлiгi болуы өте маңызды. Жоғары қауiптiлiк көздерiмен келтiрiлген зардаптардың орнын толтыру, соның iшiнде автомобиль көлiгi ж. б. мəселе де өзектi. Мұның барлығы Қазақстан Республикасында нарықтық қайта қалыптасу кезеңiнде сақтандыру саласында ең маңызды өзгерiстер басталуына негiз қалаған заңдардың, өзге нормативтiқұқықтық актiлердiң қабылдануына əкелдi. Бiрiншi кезекте өзiн тиымсыз қылып көрсеткен сақтандырудың толығынан мемлекеттiк жүйесiнен бас тартылады. Бəсекеге негiзделген сақтандыруға жол берiлдi. Сақтандыру кəсiпкерлiк түрлерiнiң бiрiне айналды, жəне қазiр ол кəсiпкерлiктiң ең жоғары ұйымдастырылған түрлерiнiң бiрi. Сақтандырумен əлеуметтiк мiндеттердi орындалудың маңыздылығын есепке ала отырып, мемлекет сақтандыру дамуын бақылаусыз өз бетiмен жiбере алмады. Сондықтан сақтандырудың дамуы қазiргi заманғы құқықтық салалардың бiрiнiң сақтандыру құқығының дамуымен бiрге болды. А. И. Худяковтың анықтамасына сəйкес: “Сақтандыру құқығы елдегi сақтандыру iсiн ұйымдастыру жəне сақтандыру қызметiн жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар жиынтығы”. 1

Сақтандыру iсiнiң дұрыс ұйымдастыру мəнiн төмендетпей, сақтандыруға жататын жағдайлар əсерiнен зардап шеккен тұлғаларға мүлiктiк өтем жасау мақсатына жетудi қамтамасыз ететiн тiкелей құралы болып жеке жасалған Азаматтық-құқықтық шарт келетiнiн айтып кетейiк. А. И. Худяков азаматтық құқық үлесiне шарттық сақтандыру мiндеттемесiнiң жалпы құрылысын анықтауды жатқызады. 1 Бiздiң көзқарасымыз бойынша, азаматтық құқық көзқарасынан шарттық қатынастар шеңберiнде пайда болатын барлық мəселелердi қажеттi реттеу, сақтандыру қатынастарын ықылассыз қатысушыларына Азаматтық-құқықтық əсер етудiң шегi мен мазмұнын анықтау қажет. Шарттың толық құнарлы жүйесiнiң болмауы, бiздiң көзқарасымыз бойынша, КСРО кезiндегi қалыптасқан сақтандырудың əлсiз жақтарының бiрi болды.

Сақтандыру шартын қарастыруда бiз əкiмшiлiк (қаржылық) құқық саласына жататын құқықтық нормалар əрекетiн ескермесек болмайды. Сақтандыруға арналған заң актiлерiнде аталған шартты қарастыруда да пайдаланылатын түсiнiктер жиынтығы бар.

Сақтандыру құқығының негiзгi түсiнiктерi. Сақтандыру құқығы онда арнайы түсiндiрудi талап ететiн терминдердiң елеулi қолданылатын құқықтық салалардың бiрiне жатады. Түсiндiру түсiнiктер (терминдер) қолданылатын нормаларды талқылаған кезде оларды əртүрлi түсiну қаупiмен қорғайды. Сонымен бiрге түсiнiктердi анықтау бұл қазiргi құқықта кең қолданылатын тəсiл, ол нормативтiк актiлердi заң техникасы көзқарасынан жетiктеу қылуға мүмкiншiлiк бередi (материалды артық қайталамауға мүмкiншiлiк бередi) . Сақтандыру құқығының негiзгi түсiнiктерi Қазақстан Республикасының “Сақтандыру қызметi туралы” Заңының 3, 4 баптарында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 817-820 баптарында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 817-820 баптарында жəне т. б. ашылады.

Сақтандыру - сақтандыру шартымен анықталған, сақтандыру ұйымының жеке активтерi есебiмен тiкелей сақтандыру төлемдерiн қалыптастыратын сақтандыру жағдайы немесе басқа жағдайлардың пайда болуындағы заңды жəне жеке тұлғалардың заңды қызығушылығын мүлiктiк қорғау жөнiнде қатынастар кешенiн ұсынады.

Сақтандыру қызметi - Қазақстан Республикасы заң талаптарына сəйкес мемлекеттiң өкiлеттi органының лицензиясы негiзiнде қалыптасатын сақтандыру шарттарын орындау жəне бекiтумен байланысты сақтандыру ұйымдарының қызметi.

Сақтандыру жағдайы - сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн төлеудi қарастыратын жағдай. Сақтандыру жағдайы - табиғи əсер, техногендiк сипат жəне нақты адам əрекетi ретiнде өз пайда болу себебiн иемденетiн жағдай. Сонымен қатар, сақтандыру жағдайы ретiндегi қарастырылатын жағдай кездейсоқтылық жəне ықтималдық белгiлерiне иемденуi қажет. Сақтандыру жағдайының түсу ықтималдығының деңгейi шарт жақтарымен өз бетiнше бағаланады, сонымен қатар жағдайдың ықтималдылығы болмай қоймайтындыққа жақын болмауы қажет, соңғысы орын алса мұндай жағдай кездейсоқ болмайды. Жағдай орын алудың ықтималдылығы мен кездейсоқтығының талаптары жинақтау сақтандыру шарттары бойынша қарастырылатын фактiлерге (оқиғаларға) қолданылмайды (ҚР АК 817 бабы, 3 т. ) .

Сақтандыру жағдайларының түрi заң актiлерiмен (сақтандыру мiндетi болып келген кезде) жəне шарттарымен (сақтандыру ерiктi болып келген кезде) анықталады.

Актуарий - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажеттi төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылық деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру жəне қайта сақтандыру шарттары бойынша мiндеттемелер мөлшерiнiң есептеулерiн жүзеге асыруға байланысты қызметтi атқаратын жеке тұлға;

Сатып алу сомасы - жинақтаушы сақтандыру шарты қолдану мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы.

Сақтандыру ережелерi - белгiлi бiр сақтандыру түрi бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын сақтандыру ұйымының құжаты.

Қайта сақтандырушы (цедент) - өзi қабылдаған сақтандыру тəуекелдерiн қайта сақтандыруға берудi жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы.

Қайта сақтандыру - сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы қабылдап, кейiннен өздерiнiң арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сəйкес қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру тəкеуелдерiнiң бəрiн немесе бiр бөлiгiн беруге байланысты қызмет жəне соған байланысты туындайтын қатынастар.

Сақтандыру сыйақысы - сақтандырушының сақтандыру шарты мен аннуитетте анықталған мөлшерде сақтанушыға сақтандыру төлемiн жүргiзудiң соңғы мiндеттемелерiн қабылдау үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы. Сақтандырушыдан алынған сақтандыру сый ақылары сақтанушының меншiк құқығына жатады.

Сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiсi сақтандырылған жəне сақтандыру жағдайының пайда болуындағы жауапкершiлiктiң шектеулi көлемiн ұсынатын ақша сомасы.

Сақтандыру төлемi - жинақтаушы сақтандыру шартында анықталған, сақтандыру жағдайының келiп түсуiнде немесе мерзiмнiң келiп түсуiндегi сақтандыру сомасы мөлшерiнде сақтандырушы мен сақтанушыға төленетiн ақша сомасы. Сөйтiп сақтандыру төлемi сақтандырушы iс жүзiнде төлейтiн ақшалай сома болып келедi. Осыдан сақтандыру төлемнiң сақтандыру сомасынан айырмашылығы көрiнедi.

Келтiрiлген түсiнiктер тiзiмi аяқты болып табылмайды, бiрақ олардың кейбiреулерiн сақтандыру қатынастарын одан əрi қарастыру жүрiсiнде ашу орынды болып келедi.

1. 2 Сақтандырудың түрлері және салалары және класстары

Күшiндегi сақтандыру туралы заңнама сақтандырудың қолданылатын жiктелуiнiң күрделенуiмен ерекшеленедi. Қазiр қазақстан Республикасының “Сақтандыру қызметi туралы” Заңының 6 бабына сəйкес сақтандыру салаларға, класстарға, түрлерге жiктеледi.

Сақтандыруды салаларға бөлу сақтандырудың əртүрлi объектiлерiмен байланысты. Сақтандырудың барлық түрлерiн екi сомаға бөлу қарастырылған, олар:

  • өмiрдi сақтандыру;
  • жалпы сақтандыру;

Аталған сақтандыру саласының бiрiншiсi заңмен қорғалатын игiлiктердiң арасындағы ең жоғарғы құндылық болып табылатын азаматтар өмiрiне қатысты болып келедi. Өмiрдi сақтандыру саласы бiрқатар болмай қоймайтын объективтiк сипаты бар өмiрлiк жағдайларда сақтандырылған (пайда алушы) тұлғаға ақша төленуiн қарастырады.

Бұл тұлғаның қартайған шағында мүлiктiк мүдделерiн кешендi қамтамасыз етуге, адамды жерлеуге шығындарды өтеуге с. с. мүмкiншiлiк бередi. Осы себептен өмiрдi сақтандыру өмiрдi азаматтық құқықтық тəсiлдермен қорғаудың бiр жолы болып келетiнiн айтуға болады.

Ерiктi нысанда сақтандыру өмiрдi сақтандыру саласына өз кезегiнде кластарды енгiзедi. Ерiктi өмiрдi сақтандыруда екi класс қарастырылған, олар: 1) өмiрдi сақтандыру; 2) аннуитеттi сақтандыру. Жалпы сақтандыру белгiлi бiр сақтандыру жағдайларының келiп түсуiнде заңды жəне жеке тұлғалардың аймақтық бұзылған құқықтары мен қызығушылықтарын орнын төлеудi қамтамасыз етуде дəстүрлi жолда болып келедi. Қазiргi кезде жалпы сақтандыруды кластарға бөлу кеңейтiлген тiзiмдi қамтиды, оған шолу жасасақ қазiргi кезеңде Азаматтық-құқықтық қатынастар субъектiлерiнiң құқықтарын қамтамасыз етуде сақтандырудың мəнi бұрынғыға қарағанда салыстырымсыз жоғары болып келедi деген пiкiрде орнығуымыз мүмкiн. Жалпы сақтандырудың кластарына төмендегiлер жатады:

  1. сəтсiз оқиғадан жəне аурулардан сақтандыру;
  2. медициналық сақтандыру;
  3. автомобиль көлiгiн сақтандыру;
  4. темiр жол көлiгiн сақтандыру;
  5. əуе көлiгiн сақтандыру;
  6. су көлiгiн сақтандыру;
  7. жүктердi сақтандыру;
  8. көлiк пен жүктердi сақтандыруды қоспағанда, мүлiктi сақтандыру;
  9. кəсiпкерлiк тəуекелдi сақтандыру;
  10. автомобиль көлiгi иелерiнiң Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
  11. темiр жол көлiгi иелерiнiң Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
  12. əуе көлiгi иелерiнiң Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
  13. су көлiгi иелерiнiң Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
  14. тасымалдаушының Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
  15. шарт бойынша Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
  16. зиян келтiргенi үшiн Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

Ерiктi сақтандыру нысанындағы əрбiр кластың мазмұны жəне оны жүргiзу жағдайлары бойынша қосымша талаптар өкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi. Сонымен, сақтандырудағы əрбiр класқа байланысты заңнама заңды нормативтiк актiлерi бойынша арнайы реттеудi қарастыруы қажет.

Осыған байланысты, сақтандырушылар үшiн сақтандырудың əрбiр класы бойынша жалпы жағдайлар көбiне императивтiк (мiндеттi) болып анықталатынын айтуға болады. Бұның өз сыры бар, мiндеттi реттеу сақтандырушылардың қызметiн пайдаланатын субъектiлерiнiң мүдделерiн ескеруiне мүмкiндiк бередi.

Заңда берiлген анықтамаға сəйкес, сақтандыру түрi, сақтандыру ұйымы əзiрлейтiн жəне ұсынатын сақтандыру өнiмi болып табылады. “Өнiм” деген түсiнiктi қолдану интеллектуалдық меншiк категорияларын ойға шақырады. Мұндай шарттарда коммерциялық құпиялы болып келетiн мəлiметтердiң болуы мүмкiн. Бiрақ, “өнiм” деген түсiнiктi бiз басқа да позицияда бағалай аламыз. Сақтандыру түрi сақтандырушының да сақтанушының да (пайда алушының) мүдделерiн ескерудi қамтамасыз ететiн заңның мiндеттi нормаларына қайшы келмейтiн жəне онда сақтандырудың барлық керектi жағдайлары ескерiлген шарт болып келедi.

Заңда сақтандыру нысанының түсiнiгi де қарастырылған. Ол “сақтандыру түрлерi” деген бұрын күшiнде болған заңнаманың түсiнiгiне сəйкес келедi. Сақтандыруды нысандарға бөлу əртүрлi негiздер бойынша жүргiзiледi.

Мiндеттiлiк дəрежесiне қарай сақтандыру ерiктi жəне мiндеттi болады. Соңғы жылдары мiндеттi сақтандыру кеңiнен қолданылады. Мысалы, əскери қызметкерлерiнiң, iшкi iстер органдарының қызметкерлерiнiң өмiрi мен денсаулығын мiндеттi сақтандыруды жəне судьялардың өмiрi мен денсаулығын, мүлiгiн мiндеттi сақтандыру жүргiзiлген. Мiндеттi сақтандыру Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру саласында дамыған, яғни автомобиль көлiгi иелерiнiң Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi, нотариустардың жəне кейбiр өзге субъектiлердiң Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандыруға жатады.

“Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметi туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 52бабына сəйкес, банктердегi салымдарды (депозиттердi) ұжымдық сақтандыру жүзеге асады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Сақтандыру шартының ұғымы элементтері мен мазмұны
Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары
Мүлік жалдау шартының ұғымы
САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ, ҚОЛДАНЫЛУЫ
Азаматтық құқық (Ерекше бөлім)
Сатып алу-сату шартының ұығымы және элементтері
Мәміленің жекелеген түрлерінің ерекшеліктері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ЖАЙЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz