Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің қорғалу механизмдері


Жоспар
КІРІСПЕ
1 Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесіның дамуының тарихы аспектілері
- Адам құқықтық мәртебесіның дамуының теориялық және тарихи ерекшеліктері
- 1917ж. дейінгі кезеңдегі қазақ мемлекеттілігіндегі адам құқықтық мәртебесіның жағдайы
- Кеңес дәуірі (1917-1990жж. ) кезеңіндегі қазақ мемлекеттілігіндегі адам құқықтық мәртебесіның жағдайы
- ҚР-ның тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттағы жеке тұлғалардың құқықтықжағдайы
2 Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі негіздері
2. 1 Адам және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің жүйесі
2. 2 Құқықтар, бостандықтар және міндеттер қағидаларының мазмұны
2. 3 Құқықтар, бостандықтар және міндеттердің жіктелуі
3 Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің қорғалу механизмдері.
3. 1 ҚР-ғы адам мен азаматтың құқықтық мәртебесін қорғау институттары мен органдары
3. 2 Адам құқықтық мәртебесін қорғау саласындағы Қазақстанның өзекті мәселелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
4
9
9
13
13
16
22
22
29
35
43
43
52
61
63
КІРІСПЕ
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыт аралығында Қазакстан Республикасында болған саяси жэне экономикалық реформалар түлға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне басты роль берген қоғам дамуының жаңа бағыттарын айқындады. Қазіргі біздің конституциялық жүйеміз бүрыңғы кеңес дэуіріндегіден өзгеше адам және оның тұлғаллығына ерекше сыйластықпен қараудан тұрады.
ҚР Конституциясының 1 бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, қүқықтық жэне әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам, оның өмірі, қүқықтары мен бостандықтары болып табылады» делінген. Ал 12 баптың 2 тармақшасында: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынанан жазылған, олар абсолютті деп танылады, одан ешкім айыра алмайды» деп көрсетілген [1] .
Аталған конституциялық ережелер мемлекет жүйесінің саяси-қоғамдық қалыптасуы мен дамуына бағытталып, адам қүқықтары мен бостандықтарының кең ауқымын жэне оларды қамтамасыз ету мен қорғаудың механизмін бекіту арқылы жүзеге асады.
Аталған бағыттарды кез келген билік органдары және қоғамдық бірлестіктері өз әрекеттерін жүзеге асыру барысында естен шығармауы тиіс.
Ел басшымыз «Жаңа Конституция халықпен өкімет арасындағы нақты және шынайы келісімі ретінде көрінеді». Сонымен қатар онда адам және азаматтың құқықтық мәртебесі, мемлекеттік органдармен қоғамдық ұйымдарды құру және олардың жұмысын реттеу мәселелері әр кімге түсінікті етіп жазылғандығын ерекше атап өтеді [2] .
Сөйтіп қоғам дамуының барысы жаңа қатынастарға бейімделуді талап етеді. Бүл өз алдына Конституция нормалары мен басқа да тұлға мәртебесінің негіздерін айқындайтын нормативтік актілердің мейілінше тиімді өзгеруінде көрініс табуы керек. Осымен байланысты ғалымдар алдында қазақстандық конституционализмнің өзекті теориялық сұрақтарын жан-жақты қарастыру мақсаты тұр. Ол күқықтық мемлекеттің әрі қарай дамуына, демократияның қалыптасуына, қазіргі құ-қықтық жүйенің жетілуіне және мемлекеттегі заңдылықтың күшеюіне әсерін тигізеді [3] .
Конституциялық заң тарихында бірінші рет азаматтардың құқықтары мен міндеттерімен бірге «адам құқы» ұғым бірінші рет танылды. Сөз жоқ «Адам құқы» мен «Азамат құқы» ұғымы бір - біріне жақын және табиғи түрде ұштасқан ұғымдар. Азамат деген - адам. Сондықтан, адамға қатыстының бәрі де азаматқа да қатысты. Адамға тумысынан жазылған, абсолютті деп танылған және олардан ешкім айыра алмайтын құқық пен бостандық Қазақстан Респуликасының азаматына да тән.
20 қыркүйек 2002 жылғы ҚР Президентінің «ҚР-ның құқықтық саясаты Концепциясы туралы» жарлығында: «ҚР Конституциясында бекітілген адам және азаматтың құқықтық мәртебесіның жоғарлылығы, құқық үстемдігі, мемлекеттің билік тармақтарының бөлінуі және олардың өз қызметін жүзеге асыру барысында тепе-тендік және тежемелік қағидасына сүйене отырып жүзеге асыратындығы негізінде демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет құру жөніндегі бағытын біртіндеп және ретімен заңдастыру керек» деп көрсетілген [4] .
Әр саладағы адам және азаматтың құқықтық мәртебесіна байланысты мәселелер ҚР құқықтық ғылымында жан-жақты қарастырылған деп айтуға болады. Бірақ аталған мәселеніңқоғам талабына сай зерттеліп, дамып отыру қажеттігіне байланысты және ғылымныңда бір орында тұрмай ұдайы өрбіп келе жатқанын ескерсек оны біліп тану аяғына дейін жетті деп санау қате. Егер біз ҚР тұрақты экономикалық даму сатысынан өткенін, демократиялық институттарды дамытып келе жатқанын ескерсек ҚР-да адам және азаматтардың құқықтық мәртебесін күннен-күнге кеңейіп және олардың мазмұны әлде қайда көлемді болып жатқанын айдан анық көрінеміз. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы адам және азаматтардың құқықтық мәртебесіна байланысты ірі халықаралық-құқықтық сипаттағы БҰҰ шеңберіндегі: « Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» (1948 ж. ), «Адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы», «Адамдардың азаматтық және саяси құқықтары туралы»(1966 ж. ), «Балалар құқы декларациясы» (1959 ж. ), «Әйелдердің саяси құқы туралы конвенция » (1954 ж. ) сияқты және басқа бірқатар құжаттардың негізгі идеяларымен қағидаларына сүйене отырып және мемелекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың құқықтық мәртебесін нығайта отырып, халықаралық актілердің нормалары мен принциптеріне сүйенеді. Аталған және басқа халықаралық актілер мынадай негізгі құқықтар мен бостандықтарды жариялайды: кез - келген адам өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына қол сұғылмауына құқылы, кез-келген адам азапталмауы, қадір қасиетін кемсітетіндей көз алартушылыққа және жазаға ұшырамауы тиіс, барлық адамдар заң алдында тең, заңмен тең дәрежеде қорғалуға құқылы; кез-келген адам тұратын орнын мемлекет шегінде еркін ауыстыруға және таңдауға құқылы; кез-келген адам өзінің, отбасының және басқаларының денсаулығын және тұрмыс жағдайын қолдауға қажетті өмірлік деңгейде еңбек етуге, білім алуға, демалуға құқылы. Халақаралық құқықтық құжаттар адам құқы мен бостандығынең жоғарғы құндылық деп таниды.
Жоғарыда аталғандар өзге зеріттеушілермен қатар бізді де адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары маңында пайда болған мәселелерді жаңаша көзқараспен және бертін шығарылған нормативтік құқықтық актілердің тұрғысынан қарап шешуді талпындырды.
Осылайша жүзеге асырылып отырған Конституцияның теориялық мәселелері және адам және азамат құқықтары мен бостандықтары саласындағы заңдарды жетілдіру таңдап алынған тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Адам құқықтары, тұлға мен мемлекет арасындағы қатынастарды күру мәселелері Ежелгі Дәуір философтарын қызықтырған. Олардың арасында Лао Цзы, Конфуций, Протагор, Аристотель, Антифонт және басқаларды атауға болады. Жаңа Заман кезінде Г. Гроций, Ш. Монтескье, Ж-Ж. Руссо, Т. Джефферсон еңбектерінде көрініс табады. Адам қүқыктары концепциясының қалыптасуына Ш. Уалиханов, Ә. Бөкейханов, А. Байтүрсынов, М. Дулатов да өз үлестерін қосты.
Кеңес одағы кезіндегі адам құқықтары мен олардың құқықтық мәртебесі Г. В. Мальцев, Н. В. Витрук, Л. Д. Воеводин, Е. А. Лукашев, В. А. Кучински, В. А. Патюлин, В. М. Чиквадзе, А. И. Экимов, И. Е. Фарбер, Л. С. Явичтердің еңбектерінде қарастырылған.
Егеменді Қазақстанның зеріттеліп отырған обьектіге қатысты қазіргі қалпына жетуіне өз үлесін С. З. Зиманов, М. Т. Баймаханов, С. С. Сартаев, С. Н. Сабикенов, А. А. Матюхин, С. Ф. Ударцев, З. Ж. Кенжалиев, К. А. Жиренчин, С. А. Табанов, Н. А. Шайкеновтер сіңірді.
Тікелей адам жэне азамат қүқықтары мен бостандықтары мэселелеріне А. Т. Ащеулов, К. К. Айтхожин, Д. М. Баймаханова, В. А. Ким, А. К. Котов, О. К. Копабаев, Е. К. Кубеев, Г. П. Лупарев, В. А. Малиновский, В. В Мамонов, Э. Б. Мухамеджанов, Е. К. Нұрпеисова, Ғ. С. Сапарғалиев, М. А. Сарсембаев, В. Н. Уваров, А. А. Черняков жэне басқалар өз еңбектерін арнады.
Қарастырылып отырған мәселеде түпкілікті бекітуге өз үлестерін отандық және шетелдік ғалымдардың атап айтқанда Е. А. Лукашевтің редакциясымен басылып шығарылған «Общая теория прав человека» [5], «Прав человека» [6], Г. П. Лупаревтің «Правовой статус личности в зарубежных странах» [7] . В. А. Кимнің «Годы созидания» [8], Ғ. С. Сапарғалиевтің «Конституциялық құқық» [9] академиялық курсында, А. К. Котовтың «Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ» [10] монографиясында бірқатар прогрессивті идеялардың орын алғанын айқын көруге болады.
Аталған енбектерден қазіргі кездегі адам құқықтары саласындағы негізгі ғылыми жетістіктері, мемлекет дамуының демократиялық бағытын ұстанып отырған ТМД-ның және өзге шет мемлекеттердін адам және азамат құқықтық мәртебесін бекіту және реттеу тәжрибелері, адам және азамат құқықтары мен бостандықтары саласына байланысты халықаралық құжаттар және олардың біздің ішікі заңдарымызбен ара қатынасы көрсетілген. Сонымен қатар Қазақстанда аталған мәселе бойынша жүйелі түрде жүргізілген яғни, адам мен азаматтың оны қоршап отырған әлеуметпен арасындағы қарым-қатынасын көрсеткен және жүйеленген ғылыми зеріттеулер орын алмаған деп айтуға болады. Осыған қарамастан жүргізілген жұмыстарда адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саласында өз шешімін іздеп отырған мәселелердің көптігін көрсетеді. Осы саладағы Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерінің шегінде орын алып отырған негізгі және ауқымды мәселелердің бірі болып, 1966 жылғы адам құқықтары туралы халықаралық пактіден шығатын ішкі заңшығарушылықты сондай-ақ адам және азамат құқықтық мәртебесін құқықтық реттеу болып табылады.
Осылайша Қазақстан Республикасы аумағында адам және азамат құқықтары мен бостандықтары мәселесіне байланысты сұрақтар өз шешімін толығымен таппаған және қосымша ғылыми зеріттеулерді талап етеді деп санауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Адам және азаматтардың құқықтық мәртебесінің конституциялық теориясын жинақтау мен дамыту және соның негізінде заңнама нормаларын және оларды жүзеге асыру механизмін жетілдіру жұмыстың мақсаты болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттердің шешілуі қажет:
- адам және азамат қүқықтары жөніндеғі теориялық көзқарастарды топтап, олардың мәнін және қайнар көздерін ашу;
- олардың байланысы мен ерекшеліктерін анықгау;
- азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары
классификациясының көптүрлілігі мен ерекшеліктерін зерттеу;
- олардың теория мен тәжірибеде жүйесінің калыптасу жолдарын ұсыну;
- адам және азамат конституциялық-құқықтық мәртебесінің маңызды
элеметтерінің бірі ретінде тұлғаның құкықтары мен
бостандықтарының мазмұны мен маңызын ашу;
- адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттарды Қазақстан
заңнамасына ендіру кезінде туындайтын мәселелерді ашу.
Дипломдық зерттеудің объектісі болып ҚР-ғы адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы теориялық және тәжрибелік мәселелер. Сонымен қатар адам құқықтық мәртебесіна байланысты ұлттық, шетелдік және халықаралық нормативтік құқықтық актілер болып табылады.
Ал тақырыптың зерттеу пәні: ҚР адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары, оның дамуының ерекшеліктері, бағыттары, қағидалары, тенденциялары және заңдылықтары.
Зерттеудің әдістемелік негізі-бұл диалектикалық, тарихи-логикалық, институционалдық, құрылымды-жүйелік, салыстырмалы-құқықтық және баяндаушы ғылыми әдістердің жиынтығы.
Зерттеудің теориялық негізі. Жұмыс қортындысы табиғи құқық теориясына, Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектеріне, ұлттық және шет мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілеріне, халықаралық құқық нормаларына сүйене отырып жазылған. Жоғарыда аталған мәліметтермен қатар мемлекет және құқық теориясы саласындағы отандық және шетел ғалымдарының еңбектері, конституциялық құқық, философия, политология салаларынан құнды мәліметтер алынған.
Еңбектің ғылыми жаңалығы. Адам және азаматтың құқықтық мәртебесіның жүйелі зеріттелуінен сондай-ақ оның конституциялық-құқықтық және халықаралық-құқықтық аспектілерін қарастырудан тұрады.
Зерттеу барысында келесі мәселелер қарастырылады :
- адам құқықтары концепциясының пайда болуы;
- адам құқықтарының конституциялық қағидаларының иерархиялық жүйесі;
- ҚР-ғы адам құқықтық мәртебесіның халықаралық заңнамамен салыстырмалы кестелері;
- адам және азаматтардың құқықтық мәртебесін қамтамасыз етудің бірден-бір кепілдігі ретінде омбудсмен институтын қарастыру.
Тәжрибелік маңызы. Жұмысты жазу барысында шешілетін мәселелер қазақстандық демократиялық құқықтық мемлекеттілікті құру үшін маңызды. Осы жүмыста келтірілген үсыныстар Қазақстан Республикасы Конституция нормалары мен өзге де адам құқықтық мәртебесінің негіздерін айқындайтын нормативтік актілердің оң тиімді өзгеруіне және әрі қарай жетілуіне өз үлесін қосады деген сенімдеміз. Нәтижесінде адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саласында жұмыс атқаратын органдармен олардың конституциялық-құқықтық жағдайын жетілдіру үшін өз үлесін қосады деген сенімдеміз.
Жұмыс құрылымы. Жұмыс кіріспеден, жеті тармақшаны біріктіретін үш тараудан, қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Адам мен азаматтың ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Адам құқықтық мәртебесіның дамуының теориялық және тарихи ерекшеліктері
Адам құқықтық мәртебесіның мәселесі барлық мемлекеттердің саяси-қоғамдық, мемлекеттік-құқықтық тәжірибесі мен теорияда да ең басты орындарының бірінде тұратыны анық, себебі әңгіме ең басты әлеуметтік кұндылық туралы болып отыр.
Адамға құқық тумысынан тиесілі. Олар табиғи сипатқа ие және тұлғаның нәсіліне, ұлтына, әлеуметтік жағдайына, нанымына қарамастан бөлек қарастырыла алмайды. Адам құқықтарының жыйынтығы адам қүқықтарының жалпы мәртебесін құрайды. Ал ол өз кезегінде үш жеке мәртебеден қүралған:
- мемлекетде, жеке түлға да араласуға қүқықығы жоқ бостандық саласы;
- мемлекетке тиесілі яғни, өз қүқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін мемлекетке жүгіну;
- мемлекетті құруға және басқаруға, қоғамдық өмірге белсене араласа алуға құқығы [11. 29б. ] .
Жалпы сөзбен айтқанда адам құқықтары жекелік ерекшеліктеріне қарамастан барлық жерде, барлық уақытта және барлығы үшін тиесілі. Олар тұлғадан бөлінбейді, яғни тұлғаны құқықтарынан айыру мүмкін емес. Сонымен қатар тұлға өз құқықтары арқылы өзінің әр түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін қорғау мен өтеуі үшін заңды құрал ретінде де қолдана ала алатыны мәлім.
Адам құқықтарының түсінігі мен құрамы категорияларын қарастырғанда ғылыми теория тұлғаның өмір сүрген немесе өмір сүріп жатқан қоғамның саяси және экономикалық жағдайына көңіл бөлінетін нақты-тарихи анализ негізінде жүргізілуі тиіс деп түжырымдайды. Н. Н. Моисеев бұл жайлы келесідей көз-қараста : «Өркениет дамуы контекстінен тыс адам құқықтары мәселесін қарастыру өте күрделі. Себебі адам қүқықтары мен құндылықтары түсінігі адам санасында өзінің өмір сүріп жатқан өркениетпен және ертеректе қалыптасқан өмір сүру мен жүріс-тұрыс ерекшеліктерінің қалыптасуында» дейді [12] .
Көптеген ғалымдарға саяси-құқықтық ілімдер талдауының әдістемелік негізі - ең алғаш өркениеттің шығыс және батыс деп екіге бөлінуі болып табылады. Шығыс - этатизімнің жоғарылығымен, меншіктің мемлекет иелігіне көшумен, ұжымның жеке тұлғалардан үстемдігі, жеке тұлға ұғымының болмауы яғни, адам құқығы мен бостандығы категорияларының болмауымен сипатталады. Ал, батысқа тән құбылыстар - индивидуализм, ежелгі мемлекеттердің экономикалық базисі болып келген - құл иеленушілік болды [13] Адам құқықтары концепциясының философиялық бастамаларын біз Батыс және Шығыс өркениеттерінен қатар көре аламыз, бірақ, алғаш оның дамуы соңғысынан басталғанын айта кеткен жөн [14] . Аталған құрылымның орын алуының өзі басынан тең құқылықты жоққа шығарған. Адам бұнда толық субъект болып тек азамат ретінде танылған кезде ғана саналған деп жазған М. Ю. Козлихин [15] . Тек азамат барлық құқықтар мен бостандықтарды, солардың ішінде ең басты болып саналатын саяси құқықтарды иелене алды. Осыдан кейін орын ауыстырған саяси және экономикалық формацияларда феодалдық формация шегінде адам құқықтарын мейлінше күшейтіп, мемлекеттік істерді басқару ісіне біртіндеп барлық қоғам мүшелері үшін тең деп танылып, олардың қатыса алуына жол ашады. Бұнда қалың құқықсыз бұқара орын алып отырған билік иелерін жоюмен қорқыту арқылы өз дегендеріне қол жеткізіп отырды. Орта ғасырға тән биліктің абсолютизімінің орнына мемлекет пен тұлға арасындағы конституциялық шарт келеді. Бұнда басшылыққа алынған идея болып бостандық және тұлғаның жекелілігі болып танылады (Г. Гроций, Д. Локк) . Аталған теорияны кеңінен қарастырған француз ойшылдары Ш. Монтескье және Ж. Ж. Руссо. Біріншісі саяси бостандықты жеке қауіпсіздікпен, индивидтін билік етушілердің қысымынан бостандығымен теңестіреді, осының ішінде осы кезде орын алып отырған мемлекеттің нысанына сүйемелденіп қазіргі кездегі ең басты саяси-құқықтық қағидалардың бірі болып табылатын билік тармақтарының бөліну қағидасының пайда болуын алып келеді [16] . Руссоның еңбектерінде назар биліктің әлеуметтік табиғаты мәселелеріне және оның халыққа тиесілілігіне бөлінеді [16] .
Аталған идеялардың қоғамдық санаға әсері ретінде адамның теңдігі мен бостандығы туралы лозунгтары бар және олар кейіннен 1789 жылғы адам мен азаматтардың құқықтары туралы Декларацияда көрініс тапқан Ұлы француз революциясы болып табылады. Онда келесідей жазылған: «Адам тумысынан еркін және тең құқылы болып келеді. Кез келген мемлекеттік бірлестіктің мақсаты адамның табиғи және бөлінбейтін құқықтары болып табылатын бостандық, меншік, қауіпсіздік және қудалауды болдырмау болып табылады». Сонымен қатар Декларацияда сөз және баспа бостандығы, сенім-наным бостандығы және кінәсіздік призумциясы жарияланды.
Ал АҚШ-да адамның табиғи және бөлінбейтін құқықтарының қалыптасуы еркіндік үшін күреспен бірге ұштасады. Америкалық демократияның негізін қалаушы Т. Пейн мен Т. Джефферсонның көзқарастары 1776ж. Вирджиния штатының құқық Декларациясынан өз көрінісін табады. Олар «барлық адамдар тумысынан тең және олар өмірге, еркіндікке, бақытты өмір сүруге құқылы» деген ақиқатты ұстанады. «Егер мемлекет құрылымы адамның табиғи құқытарына сай келмесе, оны бұзса, келісіммен жүргізілмесе онда халық билікті олардың құқықтарын қорғау үшін жүмыс жүргізетін, оларға қамқор болатын билік түрін тиімді етіп өзгерте алады» дейді Т. Джефферсон [17] . Бірақ В. Остинскидің айтуы бойынша адам құқықтарының концепциясы ағарту кезеңінде шектеулі болды дейді. Барлық адамдарды крепостнойлардан босатқанымен саяси құқықтарды тек аздаған меншік иелеріне ғана берді. Ал әйелдер, жастар, мүліксіздер және ақ нәсілді еместер тыс қалып қалды. Сонымен қатар аталған концепция жергілікті және қара нәсілді американдықтардың жоюын және басынуын тоқтата алмады [ 18] .
Жалпы алғанда қазірге дейін өз мемлекеттерінде орындалып жүрген осы ұлы құжаттар қазіргі кездегі өркениеттің негізін салғаны және онда демократиялық және құқықтық мемлекеттің мәні мен мақсаты айқындалғаны хақ [19] . Қазіргі кезде әлемдегі экономикалық және саяси-құқықтық жағынан дамыған мемлекеттер осы табиғи-құқықтық концепцияны ұстанады. Біздің мемлекетіміз де аталған концепцияны ұстанады. Осылай Қазақстан Республикасының 1995ж 30 тамызда қабылданған Конституциясының 1 бабының 1 тармағында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орныктырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құықтары мен бостандықтары» деп бекіткен. Ал 12 баптың 2 тармағында адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылып, олардан ешкім айыра алмайды және заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталатыны көрсетілген [20] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz