Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі қызметі


4-тарау. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі қызметі
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметі басымдықтарының бірі кемтар адамдардың құқықтарын қорғау болып табылады. Ол Уәкілдің азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарау, оның қарттар мен кемтар адамдарға арналған мекемелерге баруы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларына тұрақты мониторинг жүргізу процесі кезінде жүзеге асырылады.
Шағымдармен жұмыс
Уәкілдің кемтар адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы маңызды функциясы олардың шағымдары мен өтініштерін қарау болып табылады. Уәкіл мекемесі мүгедектерге олардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру мәселелері бойынша консультация беру және заң көмегін көрсету жөнінде жүйелі жұмыс жүргізеді. Келіп түсетін шағымдар мен өтініштерге мониторинг жүргізудің негізінде ол кемтар адамдар құқықтарының бұзылу фактілері мен себептерін анықтайды және оларды мемлекеттік органдардың алдына өзекті мәселе ретінде қояды.
Мүгедектердің құқықтарына қатысты әрбір шағым мен өтініш Уәкіл мекемесінде тек ұлттық құқық тұрғысында ғана қаралмайды. Мемлекеттік органдармен хат-хабар алмасу кезінде ол соңғыларына шешімдер шығару кезінде қазіргі заманғы халықаралық стандарттарды ескеруді ұсынады.
Практика көрсеткендей, Уәкілге әлеуметтік қамтамасыз ету проблемалары, оның ішінде мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде жүгінген азаматтардың саны жоғары пайызды құрайды. Осылайша, 2003 жылы келіп түскен шағымдар ішіндегі үлесі - 12, 88 %-ды, 2004 жылғы үш тоқсан ішінде 12, 76 %-ды құрады.
Мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты өтініштерді талдау субъектілік тұрғыдан мүгедектердің құқықтарын қорғау проблемалары қоғамды қаншалықты толғандыратынын, сондай-ақ оның кемтар адамдардың құқықтарын қорғау және олардың іске асырылуын қамтамасыз ету үшін құқық қорғау институттарының мүмкіндіктерін пайдалануға қаншалықты қабілетті екенін бағалауға мүмкіндік береді. Шағымдардың басым бөлігі (87, 05 %) жеке тұлғалардан, тәртіп бойынша, мүгедектердің өздерінен немесе олардың туысқандарынан келіп түскен, бұл мүгедектердің өз құқықтарын қорғау мәселелерінде "жалғыздығын" растайды. Мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы өтініштердің қалған аз ғана бөлігін ТМД елдерінің Адам құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдері (8, 23 %), мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері (2, 35 %), халықаралық ұйымдар (1, 17 %) мен ҚР Парламентінің депутаттары (1, 17 %) жіберген өтініштер құрайды.
Осы статистикадан көрінгендей, азаматтық қоғам институттары, мемлекеттік органдардың мүдделі өкілдері мен халықаралық ұйымдар Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жүгіну арқылы мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі мүмкіндікті өте сирек пайдаланады. Мұның себептері Уәкілге жүгіну арқылы құқықтарды қорғаудың қосымша тәсілінің жаңалығында ғана емес, сонымен бірге жоғарыда аталған субъектілердің нақты мүгедектің құқықтарын қорғау жөніндегі жүйелі «шаруасы көп» қызметтен шеттетілгендігінде жатыр.
жатыр.
Ортақ мақсаттарға жету үшін, ал Адамдардың құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты - мемлекеттің заңға қайшы әрекеттеріне шағымдану үшін мүгедектердің дауыстарын біріктіруге қабілетті, мықты үкіметтік емес ұйымдардың жоқтығы фактісін ұжымдық өтініштердің жеке адамдардан келіп түскен жазбаша өтініштердің 9, 45 %-ын ғана құрау фактісі растап отыр.
Уәкілге Астана мен Алматы қалаларының, Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының мүгедектері неғұрлым жиі жүгінеді. Аз жүгінетіндер саны - Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарынан. ТМД елдерінің Адам құқықтары жөніндегі уәкілдерінен мүгедектердің құқықтарына қатысты өтініштердің түсу қарқыны көрші елдерде де мүгедектердің проблемалары өзекті екенін көрсетеді. Келіп түскен өтініштердің аймақтарға бөлгендегі сыныптауышы мынадай диаграммада ұсынылып отыр:
Келіп түскен шағымдар мен өтініштерді талдау кезінде неғұрлым маңызды, өзекті мүгедектік проблемалары анықталады. Осы проблемалардың ішінен мүгедектер әлеуметтік-экономикалық құқықтарды іске асырумен байланысты қиындықтарды жиі атайды. ұсынылған диаграммада денсаулыққа келтірілген залалды өндіріп алуға (37, 64 %), азаматтардың медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларының жұмысына (14, 11 %) және мүгедектік жөніндегі жәрдемақылардың төленуіне (11, 76 %) қанағаттанбайтынына байланысты өтініштер бірден көзге түседі.
Мүгедектер құқықтарының бұзылуына қатысты жазбаша өтініштердің жалпы санының 19 %-ында құқықтары қалпына келтірілді, 50 %-ында заңнамаға сәйкес мүгедектердің құқықтарын бұзушылық байқалмады, шағымдардың 31%-ын қарау Уәкілдің құзыретіне кірмеді.
Мүгедектердің жиі бұзылатын құқықтарының бірі жұмыс берушінің кінәсінен өндірісте еңбек мертігуін алған кезде тиісті өтемақы алу құқығының бұзылуы болып табылады. Осылайша, Р. деген азамат өз өтінішінде (2003 ж. 05. 11 кіріс № 587/05) "Қ" ЖШС-і жұмыста мертігуін өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамағанын және оны заңсыз жұмыстан шығарғанын көрсетеді. Ауыр мертіккен Р. қандай да бір жәрдемақы төленбестен және хабарланбастан жұмыстан шығарылған.
Р. өз хатында: "Мен "Қ" деп аталатын жұмыс берушінің тәртібіне өте қынжылудамын, ол бізді кез келген сәтте жұмыстан шығарып жіберуге болатын құл ретінде ұстады" деп жазады.
Осы өтініш бойынша Уәкіл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, "Қ" ЖШС-на және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сотты әкімшіліктендіру жөніндегі комитетке сұрау салды. Нәтижесінде облыстың Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне өтініш берушіге екінші топ мүгедектігін және кәсіптік еңбекке қабілеттілігін 70 % жоғалтқанын бір жыл мерзімге тағайындау туралы тапсырма берілді.
ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сотты әкімшіліктендіру жөніндегі комитеттің ақпараты бойынша азамат Р. -ға тағайындалған сомалар толығымен өндірілген. Кәсіпорынның бас дирекциясы Р. -дың тұрғылықты жері бойынша банк мекемесінде атаулы депозитті ашу және оған біржолғы жәрдемақы сомасын аудару туралы шешім қабылдады.
ТМД елдерінен келіп түсетін өтініштердің басым көпшілігі де қызметкердің өндірістік мертігу кезінде денсаулығына келтірілген залалдың орнын толтыру туралы сот шешімдерінің орындалмауымен байланысты. Тәртіп бойынша, ТМД елдерінің Уәкілдері жауапкер-кәсіпорыннан өтемақы сомаларын өндіріп алуға жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінеді. Мұндай жағдайларда Уәкіл орындаушылық іс, сот шешімінің орындалмау себептері және проблеманы шешу тәсілдері туралы толық ақпаратты шұғыл ұсынатын ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сотты әкімшіліктендіру жөніндегі комитетімен бұрыннан қалыптасқан ынтымақтастық практикасын пайдаланады.
Осы өтініш бойынша Уәкіл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, "Қ" ЖШС-на және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сотты әкімшіліктендіру жөніндегі комитетке сұрау салды. Нәтижесінде облыстың Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне өтініш берушіге екінші топ мүгедектігін және кәсіптік еңбекке қабілеттілігін 70 % жоғалтқанын бір жыл мерзімге тағайындау туралы тапсырма берілді.
ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сотты әкімшіліктендіру жөніндегі комитеттің ақпараты бойынша азамат Р. -ға тағайындалған сомалар толығымен өндірілген. Кәсіпорынның бас дирекциясы Р. -дың тұрғылықты жері бойынша банк мекемесінде атаулы депозитті ашу және оған біржолғы жәрдемақы сомасын аудару туралы шешім қабылдады.
ТМД елдерінен келіп түсетін өтініштердің басым көпшілігі де қызметкердің өндірістік мертігу кезінде денсаулығына келтірілген залалдың орнын толтыру туралы сот шешімдерінің орындалмауымен байланысты. Тәртіп бойынша, ТМД елдерінің Уәкілдері жауапкер-кәсіпорыннан өтемақы сомаларын өндіріп алуға жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінеді. Мұндай жағдайларда Уәкіл орындаушылық іс, сот шешімінің орындалмау себептері және проблеманы шешу тәсілдері туралы толық ақпаратты шұғыл ұсынатын ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сотты әкімшіліктендіру жөніндегі комитетімен бұрыннан қалыптасқан ынтымақтастық практикасын пайдаланады.
Осылайша, Уәкілдің атына Ресей Федерациясы Свердловск облысының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінен (2003 ж. 13. 12. кіріс № 715/05)
Б. өтінішіне қатысты өтініш келіп түсті. Б. Жезқазған қаласы сотының өндірістік мертігу нәтижесінде денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы 1960 жылғы 13 сәуірдегі шешімінің орындалмай отырғаны туралы шағыммен жүгінген. Жезқазған қаласының соты талап-арыз иесінің талаптарын танып, "К" кәсіпорнына зардап шеккен адамның пайдасына еңбекке қабілеттілігін жоғалтқаны жөнінде ай сайынғы жәрдемақыларды төлеуді міндеттеген. Б. айтуы бойынша, кәсіпорын төлемдерді 1967 жылға дейін төлеп келген, алайда кейіннен төлемдер еш хабарсыз тоқтатылған.
Осы өтініш бойынша Уәкіл ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сотты әкімшіліктендіру жөніндегі комитетке жүгінген. Комитет Б. -ға шындығында 1967 жылдың қыркүйегіне дейін еңбекке қабілеттілігін ішінара жоғалтқаны жөнінде өтемақы төленгенін анықтады. 1986 жылғы 11 ақпанда "И" монтаж фирмасы ("К" құқықмирасқоры) өндіріп алушы сатып алған ЗАЗ-968МЗ автомобилінің құнын төлеген. Бұдан кейін өтініш берушінің 1967 жылдан кейін еңбекте мертігуі жөнінде жәрдемақы төлеу, жұмыс орны және еңбекақысының мөлшері туралы ақпаратты ұсынбауына байланысты Б. -ның атына ешқандай төлемдер жасалмаған.
Жоғарыда баяндалған жағдайларды, сондай-ақ кәсіпорынның бұдан әрі төлемдер жасауға келісімін назарға ала отырып Б. -ға "И" АҚ атына тиісті құжаттарды қоса отырып, өтініш жіберу ұсынылды.
Шағымдар мен өтініштердің екінші елеулі тобы медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларының (МӘСК) қызметіне байланысты, бұл мүгедектікті тағайындау және оны алып тастау мәселелеріне неғұрлым жауапты көзқарас қажеттігін сөзсіз айғақтайды.
Өз хаттарында мүгедектер медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиялары шешімдер қабылдау кезінде мүгедектікті тағайындауды ұсынатын емдеуші дәрігерлердің қорытындыларын басшылыққа алмайтыны, азаматтардың денсаулығының едәуір нашарлағаны туралы шағымдарын ескермейтіні туралы жазады.
Осылайша, Уәкілге жүгінген, өндірістік мертігу нәтижесінде өкшесін кесіп тастауға байланысты ІІІ топ мүгедегі П. деген азамат (2003 ж. 25. 09. кіріс № 464/05) аумақтық МӘСК мүгедектік тобын қайта қараудан және оңалуға бір жыл мерзімді тағайындаудан бас тартқаны туралы шағым жасады.
П. -ға қадағалау жүргізетін медициналық орталықтың ұсынымына сәйкес оған күші мен денсаулығын қалпына келтіру үшін уақыт қажет болды. Сонымен қатар мүгедектік тобын күшейту үшін барлық негіздер бар. Алайда МӘСК мүгедектің өтінішінен бас тартқан және оның қызметтік міндеттеріне дереу кірісуі туралы ұсыныс жасаған.
Өз хатында П. былай деп жазады: "Қыркүйекте мен мүгедектік тобын күшейту үшін қайтадан МӘСК-ке жіберілдім, алайда онда дәрігерлердің пікірімен санаспайды, менде созылмалы бас ауруы, ұйқының бұзылуы, жүрген кезде табанның ауруы, өкше кесілген жерде нерв талшықтарының қозуы болғанымен, маған бұрынғы үшінші топты қалдырды. Менің протезім орнына келмей отыр, сондықтан да күндіз де, түнде де қатты ауырамын. Осы жағдайда жұмысқа кірісуге шамам жоқ". Алайда Уәкіл кіріскенімен де, мүгедектің өтініші қанағаттанғысыз күйде қалды. Нәтижесінде оған МӘСК қорытындысына шағым жасау үшін сот органдарына жүгіну туралы ұсыныс жасалды.
Кемтар баланың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жағдайы (2004 ж. 12. 01. кіріс № 17/03) Уәкілдің нәтижелі араласуының үлгісі болып табылады. Б. деген азаматша аумақтық МӘСК-нің оның баласына мүгедектікті тағайындаудан бас тарту туралы шешіміне шағым жасап жүгінген болатын.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Уәкілдің сұрауы бойынша жіберілген тапсырмасы бойынша өтініш берушінің ұлы психологтың, психиатрдың консультациясынан өтіп, Солтүстік Қазақстан облысының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінде Петропавл қаласының Денсаулық сақтау департаментінің бас мамандары (хирург, невропатолог, терапевт, психиатр) куәландырылған. Психолог пен психиатр қойған диагноздың негізінде балаға 1 жыл мерзімге ІІІ топ мүгедектігі тағайындалған.
Мүгедектерден келіп түскен басқа хаттардың мазмұны еңбекке, тұрғын үйге, денсаулық сақтауға конституциялық құқықтарды іске асыру проблемаларына қатысты.
Осы шағымдар мен өтініштердің ішінде еңбек құқығын іске асыру мүмкіндігінің жоқтығына байланысты өтініштер жиі кездеседі. Мысалы, психикалық ауру бойынша ІІІ топ мүгедегі, С. деген азамат (2004 ж. 12. 01. кіріс № 17/03) Уәкілге жұмысқа орналасуға жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінген.
Көтерілген мәселені шешу мақсатында Уәкіл мүгедекті жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қабылдады. Жұмыссыз мүгедектерді жұмыспен қамту мәселелері құзыретіне кіретін облыс әкімімен хат-хабар алмасудан еш нәтиже шықпады, сонымен мүгедек мүмкіндіктеріне сәйкес келетін жұмысқа орналастырылмады.
Уәкілдің атына мүгедектерден тұрғын үйдің жоқтығы, материалдық қиындықтар жөнінде көптеген өтініштер келіп түседі. Бұлай өмір сүру жағдайларын кемтар адамдар өте қатты уайымдайды.
Уәкілге сал ауруымен ауыратын І топ мүгедегінің қызы Ш. деген азамат тұрғын үй алуға жәрдемдесу туралы өтінішпен (2004 ж. 07. 01. кіріс № 7/03) жүгінген. өтініш берушінің анасы 1986 жылдан бастап мүгедектігінің негізінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде тұрған. 2000 жылы тұрмысқа жайсыз үйдің бесінші қабатынан пәтер ұсынылған. 13 жыл бойы сал ауру болып табылатындықтан, мүгедектерге арналған арбамен ғана көмексіз жүре алатындықтан, ұсынылған үйден бас тартқан. Қазіргі уақытта ол жынысы әр түрлі ересек балаларымен шағын отбасыларына арналған бір пәтерлі үйде тұрады.
Мүгедектің тиісті тұрғын үй жағдайларына құқығы осы жағдайда бұзылып отырғаны сөзсіз, өйткені "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" ҚазССР Заңының 13-бабына сәйкес мүгедектерге қалпына келтірудің жеке бағдарламасына сай үй-жай типін, қабатын, тұрмысқа жайлылық дәрежесін және тұру үшін қажетті басқа да жағдайларды ескере отырып, тұрғын үй таңдау құқығы берілген. Мүгедектің үй-жайы мүгедекті қалпына келтірудің жеке бағдарламасына сәйкес келмеген және оны қолдану мүмкін болмаған жағдайда, жергілікті өкілді және атқарушы орган мүгедекке басқа тұрғын үй беруге міндетті. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж І және ІІ топ мүгедектеріне тұрғын үй бірінші кезекте беріледі.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 ҚР Заңы 76-бабының 2- және 3-тармақтарына сай ауыр науқаспен ауыратын мүгедектерге олардың төменгі қабаттарды немесе лифтілері бар тұрғын үйлерді қалауын ескере отырып, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беріледі. Заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген аурулар тізімінде санамаланған кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарымен ауыратын азаматтарға қосымша жеке бөлме беріледі. Көрсетілген қосымша аудан артық болып есептелмейді. Сонымен бірге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру кезінде жеті жастан асқан әр жынысты адамдарды (ерлі-зайыптылардан басқа) олардың келісімінсіз бір бөлмеге орналастыруға болмайды.
Уәкілдің І топ мүгедек әйел жөніндегі өтінішіне жергілікті атқарушы органдар бірінші кезектілікке заң құқығының болуына қарамастан, кезектілік тәртібін желеу етіп және оған кезектілік тізімінде 31-номермен тұрғын үйді күту ұсынылғаны туралы жауап берді.
Басқа өтініш (2004 ж. 18. 08. № 743/03) М. деген азаматшаға тиесілі. Ол, ІІІ топ мүгедегі, зайыбы - ІІ топ мүгедегімен және жыныстары әр түрлі төрт ересек баласымен жатақхананың ауданы 10, 5 шаршы метр бөлмесінде тұруға мәжбүр. Бөлмеде тұруға сәйкес келетін санитарлық жағдайлар жоқ. өтініш беруші: "Менің отбасым тұрғын үйге өте мұқтаж деп ойлаймын, өйткені біз 10, 5 шаршы метрде тұрып жатырмыз, біз онда тамақ ішеміз, балалар сабақтарын орындайды, осы бөлмеде ұйықтаймыз" деп жазады. Осы факт бойынша 2004 жылғы қарашада Уәкіл жергілікті атқарушы билік органдарымен хат-хабар алмасу процесін жүргізді.
Әрбір өтінішінде авторлар тағайындалған жәрдемақыға дәрі, азық-түлік сатып алу, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу мүмкін емес екенін келтіріп, өздерінің мүшкіл материалдық жағдайы туралы жазады.
Мысалы, Б. деген азаматша (2004 ж. 19. 04. кіріс № 284/03), ІІІ топ мүгедегі (ісік ауруы) : "Сәулеленуден кейін маған ерекше күтім, жақсы тамақтану қажет, бірақ оны мен қалай жасаймын, өйткені менің зейнетақым 2500 теңге, менің асырауымда үш жетім немерем бар. Осы кішкентайлардан бөліп-жарып, емге, киімге және оқуға жұмсаймын. Тек нан ғана және сирек түрде макарон жейміз" деп жазады.
Басқа өтініш беруші Д. деген азамат, ІІ топ мүгедегі (омыртқа мертігуі) (2004 ж. 18. 03. кіріс № 170/03) тұрғын үйі болмағандықтан және 5600 теңге сомасындағы жәрдемақыға бөлме жалдау мүмкін еместігінен вокзалда тұруға мәжбүр, өйткені жатақханада бөлме жалдау 1 теңгеден кем тұрмайды.
Уәкілге лауазымды адамдардың мүгедектердің проблемаларына жеткілікті дәрежеде көңіл аударылмайтынын куәландыратын көптеген өтініш келіп түседі. Көмек туралы кейбір өтініштер ерекше шығынды қажет етпейді, тек мүгедектердің объективті әлеуметтік қауқарсыздығын түсіну және нәтижесінде кемтар адамдардың мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін мүмкіндіктерді іздестіру қажет. Осындай мысалдардың бірі І топ еңбек мүгедегі Г. деген азаматтың шағымы болып табылады, ол үйіне су құбырын жүргізуге көмек көрсету туралы жергілікті атқарушы органдарға бірнеше мәрте жүгінген. 5 ай бойы өтініш беруші өз өтінішімен аудандық әкімдікке жүгінген, өйткені екі аяғы жоқ ол тіршілік әрекетін өз бетімен қамтамасыз етуде қиындықтарды басынан кешіруде. Алайда Г. -да қажетті материал бар, тек коммуналдық қызмет техникасы ғана қажет болғанымен, осы өтінішті қанағаттандыру үшін еш шара қолданылмаған.
Мына бір жолдар оның хатынан: "Мен аудан орталығында тұрамын және аудан басшылығы аудандағы мүгедектердің қалай тұратыны, қандай қиындықтарды басынан кешіріп отырғаны туралы қызығушылық білдіруге тиіс болғанымен, мүгедек болғаннан бергі 28 жыл бойы жергілікті биліктің көмегіне бірде-бір рет жүгінген емеспін. Мүгедектер үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы талаптар көзделген Мүгедектерді қорғау туралы заң бар, бірақ осы және басқа да заңдарды жергілікті басшылар елемейді. үйде судың болуы мен үшін молшылық емес, ең зәру қажеттілік".
Уәкілдің мүгедектің проблемасын шешу туралы облыс әкімдігіне жүгінген өтінішіне осы мәселе жөнінде міндетті тәртіппен тиісті шаралар қолданылатыны туралы ақпарат алынған.
Жергілікті атқарушы органдардың мүгедектердің құқықтары мен мүдделерін бұзатыны туралы Алматы қаласының "Мүгедек көлік жүргізушілер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің шағымында (2004 ж. 12. 02. кіріс № 89/03) айтылған. Мүгедек көлік жүргізушілер қауымдастығының мүшелері өздерін жұмыспен қамтамасыз ету үшін көлікжуғышы бар ТҚС (техникалық қызмет көрсету станциясын) салуды шешкен, өйткені қазіргі уақытта мүгедектердің жұмысқа орналасуы тіпті мүмкін емес, ал мөлшері 2500 теңге зейнетақыға өмір сүру қиын. Қалалық әкімдік шешімімен 2000 жылы қоғамдық бірлестікке ТҚС құрылысына қажетті жер учаскесін игеру құқығы берілген. Соңынан осы жер учаскесі бұрын, 1995 жылы, "А" Холдинг компаниясы" АООТ-на берілгені анықталған. Кейіннен, 2000 жылы компанияға тиесілі аумақ бөлігін алу туралы қалалық әкімдіктің екінші шешімі қабылданған.
Өтініш берушілердің айтуы бойынша, жер учаскесін алу туралы құжаттама ретке келтірілмеген, соның салдарынан Қауымдастық та, Холдинг компаниясы да екі жыл бойы сол және бір учаскеге жер салығын үзбей төлеп келген. Мүгедектер қауымдастығы Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы департаментіне бұрын алынғанның орнына басқа жер учаскесін бөлу туралы қайтадан жүгінген, бірақ осы мәселе шешілмеген. өтініш берушілердің хатынан: "Осы айла-шарқылардың нәтижесінде мүгедектер 3500 шартты бірлікті (жалгерлік ақы, топотүсіру, жоба) босқа жұмсады, бұл мүгедектер үшін үлкен сома болып табылады. Қауымдастықтың өз мүшелері мен инвесторлар арасындағы беделіне нұқсан келді".
Уәкіл Қауымдастықтың басшысына қала құрылысы комиссиясының шешіміне шағымдану және жобаны іске асыруға жұмсалған сома мен берілген жер учаскесіне төленген жалгерлік ақыны өндіру үшін сот органдарына жүгінуді ұсынды.
Азаматтардың шағымдарында мүгедектерге арналған интернат үйлердің әкімшіліктері жол беретін бұзушылықтар өзіне еріксіз назар аудартады. Мысалы, Уәкілдің атына Тараз қаласының психохроник балаларға арналған интернат үйінің қызметкерлері мекеме басшылығының іс-әрекеттеріне шағыммен жүгінген: "Интернат үйі директорының тапсырмасы бойынша балаларға ең арзан бағалы және төмен сапалы заттар сатып алынады және де оларды қандай да бір комиссия тексерумен келген кезде ғана кигізеді. Ғимаратта жөндеу жұмыстары көп жылдардан бері жүргізілмеген: санитарлық тораптар жұмыс жасамайды. Жүре алмайтын балалар бар, туалетті қалай пайдалануды білмейміз".
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz