Әлеуметтік мемлекет түсінігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 Әлеуметтік мемлекет – адам құқықтары
1.1 Әлеуметтік мемлекет түсінігі
1.2 Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
механизмдері және ұлттық инститтутар

2 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты
2.1 Қазақстан Республикасында әлеуметтік саясаттың қалыптасу кезеңі
2.2 Қазақстан Республикасында әлеуметтік саясат аясындағы
бағдарламалар жүйесі
2.3 Қазақстан Республикасында әлеуметтік мәселелердің реттелу және
жетілдіру жолдары

3 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың қалыптасу кезеңі
3.1 Қазіргі таңдағы әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтары

Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыста қазіргі кезеңдегі
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың жалпы теориялық негіздері,
саяси институттар мен үрдістерде алатын орны теориялық-әдіснамалық
тұрғыдан зерттеліп, саяси талдауға ұмтылыс жасалды. Әлеуметтік мемлекетті
қалыптастыру жағдайында әлеуметтік саясатты зерттеу қазіргі заман
талаптарына сәйкес шетел тәжірибелерімен салыстырыла отырып жүргізілді.
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың, саяси
проблемалардың деңгейін айқындауға, оларды шешудің жолдары мен негізгі
бағыттарын анықтауға салмақты мән берілді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда өркениетті даму жолына
түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды
реформаларды жүзеге асыруда. Бұл реформалардың ішіндегі ең күрделісі әрі
өте байыптылықты қажет ететін бағыты әлеуметтік саладағы реформалар болып
табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен
тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде
тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан халықтың
назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Сондықтан да
әлеуметтік саясат мемлекеттілікті орнықтыру мен мемлекетті басқаруда аса
маңызды орын алады. Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің негізгі
бағыттарының бірі - әлеуметтік мемлекет құру. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 1-бабы бойынша біздің еліміз әлеуметтік мемлекет деп
жарияланған. Сонымен қатар, мемлекетіміздің басты Стратегиялық құжаты -
Қазақстан-2030 бағдарламасында елімізді әлеуметтік мемлекетке айналдыру
мәселесі басым бағыттардың бірі ретінде атап көрсетіледі [1]. Бұл
әлеуметтік мемлекет қалыптастыруды басты нысан етіп алған билік өзінің
саяси жауапкершілігін сезінетінін дәлелдейді. Бір қарағанда, әлеуметтік
мемлекет немесе әлеуметтік саясат деген мәселелердің күрделілігі байқалмай,
түсінікті болып көрінгенімен, оның ішкі мәнін кез келген қарапайым адамның
түсіндіріп беруі екіталай. Себебі, ұсынылған идея қоғамдық санада, халықтың
күнделікті өмірінде өте қарапайым деңгейде тараған. Қалай дегенмен де,
бұқара халық белгілі бір дәрежеде әлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның
қасиеті, негізгі белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы нақты
білуі қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесін барлық қырынан
зерттеп қарастыру, оның мәні мен мазмұнын ашып көрсету теориялық және
қолданбалық жағынан көкейкесті әрі маңызды мәселелердің бірі екендігі ешбір
дау тудырмасы анық.
Қазіргі кезеңде Қазақстанның мемлекеттік басқару тәжірибесінде
қоғамның сұраныстары мен талаптарына жауап бере алатын мемлекеттің
әлеуметтік саясатты орнықтыру саясаты жүзеге асырылуда. Ал өркениетті
елдерде әлеуметтік мемлекет үлгісі жасалып, соған көшу үрдісі жүзеге
асырылып жатқанда бұл мәселенің біздің еліміз үшін өзектілігі зор.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының негізгі тұжырымдары
айқындалып, оны жүзеге асырудың тетіктері әлі де болса жетілдірілу үстінде
екенін ескерсек, бұл мәселелер бойынша тиімді ғылыми ұсыныстар жасаудың да
маңызы зор деп есептейміз. Сол себепті қазіргі кезеңдегі Қазақстан
Республикасының әлеуметтік саясаты мәселелерінің өзектілігі оны ғылыми
тұрғыда зерттеудің аса қажет екенін айқындап тұрса керек. 1999 жылы ЮНИСЕФ-
тің Ұлттар Дамуы бағдарламасында: Ұлттың болмысы әскери қуаты мен күші
арқылы емес, астаналарының көркі мен қоғамдық сарайларымен емес, ондағы
адамдардың өмір сүру сапасымен бағаланады; денсаулық жағдайы, тамағы мен
білімі, еңбегінің жеткілікті ақысы, шешім шығара алатын мүмкіндіктері,
азаматтық және саяси еркіндіктері құрметі, үйсіз-күйсіздерді қамқорлыққа
алуы, өскелең ұрпақтың ақыл-есінің дамуы мен дендерінің саулығы арқылы
бағаланады... деп әлемдік саясаттың жаһандық сипаттағы қазіргі саяси
үрдістерінің даму бағытына тереңірек принциптік түрде негіз қалады [2].
Әрбір ғылым теория негізінде пайда болып, тәжірибе жүзінде қолданбалы
салаға айналады. Ғылымның адамзат игілігіне жұмыс істеуі қоғамның қарқынды
дамуының жаңа белестеріне жетелейді. Көтеріліп отырған мәселенің
көкейкестілігі саясаттану ғылымынан бастау алатындықтан, қазіргі кездегі
демократиялық басымдықтар саяси үрдістер мен нарықтық қатынастарда қатар
дами отырып, қоғам өміріндегі саяси және әлеуметтік өзгерістерді зерделеуге
мүмкіндіктер береді. Саясат пен оның шешімдерінің, саяси қызметтің
әлеуметтік саясатпен байланысы барынша шоғырланған түрде көрініс береді.
Сондықтан әлеуметтік саясаттағы қарым-қатынас адамзат өмірінде
дүниетанымдық әрі әдіснамалық маңыздылығымен айқындалады. Ал, мемлекет
саясатының қоғам өміріне әсері болмайтын болса, оның нақты әлеуметтік
мағынасынан айырылып, базистік тетігін жоғалтуы ықтимал.
Дүниеде адам пайда болғалы объективтік шындық ретінде адамдардың
мүдделі топтарының қалыптасуы әлеуметтік және саяси мүдделерді өмірге
әкелді. Бұл тарихи үрдістер әсіресе демократиялық бағытты таңдап алған
Қазақстанның да дамуына тікелей әсерін тигізді. Қазақстан Республикасы
экономикасы нарықтық қатынастарға өтуге байланысты әлемдік нарықтың
талаптары мен заңдылықтарын қабылдауы тиіс. Сонымен қатар, қарқынды
экономикалық-саяси жаңғыру ағымында әлемдегі дамыған индустриалды елдердің
әлеуметтік саясат тәжірибелерін меңгеруінің де маңызы зор. Әлбетте, әлемдік
деңгейдегі үрдістерге тең дәрежеде араласу үшін мемлекет ішкі саяси -
әлеуметтік қатынастары мүмкіндіктерінің теориялық, құқықтық және қолданбалы
негізін нығайтуы қажет. Әлеуметтік саясаттың басымдықтарының ерекшеліктерін
зерттеу мақсатында әр елдегі жалпы саясаттағы оның алатын орнын, даму
бағыттарын қарастыру қоғамтану, саясаттану, экономика, әлеуметтану және заң
ғылымдарының өзекті мәселесі болмақ.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Саясаттану ғылымында әлеуметтік саясатты
зерттеу маңызды орын алады. Әлеуметтік саясат проблемасы ғасырлар бойы
экономика мен саясаттану, заң және әлеуметтану саласындағы ғалымдардың
еңбектерінде үнемі көтеріліп келеді. Жалпы алғанда саясаттану қоғамдық
құбылыстарды, оның субьектілерінің арасындағы қатынастарды анықтайтын
ерекше ғылым саласы ретінде біртіндеп қалыптасты. Оның билік пен меншік
түрлерінің өзгеріске ұшырауын, қоғамдық қатынастарды саралап жіктеп,
олардың саясаттағы орны мен рөлін адам өмірінде айқындап отыруы,
зерттеушілердің назарынан тыс қалмады. Оған дәлел – Джон Локктің, Жан Жак
Руссоның еңбектері саяси ғылымның көкжиегін кеңейтіп, тереңірек толықтырды.
Джон Локк моральдік-саяси доктринасында саясат туралы ғылымда мемлекеттің
пайда болуы парасатты сананың арқасында деп көрсетеді [3]. Мемлекет
заңдарды шығару арқылы оның орындалуын азаматтардан талап ету құқығына ие
екендігін түсіндіреді. Сонымен қатар азаматтарға өмір сүру құқығы, еркіндік
пен жеке меншіктерін қорғау сияқты қарапайым құқықтарын да зерттейтін сала
ретінде қарастырып қана қоймай, олардың мұқтаждықтарының орындалуын
мүмкіндіктермен қамтамасыз ету туралы айтылып кеткен болатын. “Қоғам
мүшелерін қорғау және олардың амандықта екендігін білдіретін ең сенімді
белгі бұл – олардың саны мен өсуі” деген Жан Жак Руссо [4]. Ол саяси
биліктің жүргізіп отырған саясатының негізгі басымдықтары айқындалмай, оның
толық саяси дұрыс шешімдерге негізделген бағыт-бағдарын жасақтамай, осы
саладағы саяси институттардың міндеттері мен қызметтерінің жемісті нәтиже
беруі екіталай екендігін атап көрсетеді.
Саяси ғылымда әлеуметтік саясаттың тарихи-ғылыми негізі Шарль Луи
Монтескьенің Заңдар рухы туралы еңбегінен бастау алады[5].
Саясаттану ғылымының теориялық және қолданбалы негіздері де қай
мемлекеттің болмасын әлеуметтік саясатының бағыт-бағдарын айқындауда оның
ішкі мәніне тереңірек үңілуге мүмкіндіктер береді. Теориялық саясаттану
саяси идеялардың дамуын, пайда болуын, саяси билікті, саясаттың обьектілері
мен субьектілерін, саяси жүйені, саяси үрдістерді, саяси қатынастарды,
саяси мәдениеттерді және т.б. құбылыстарды жүйелі түрде зерттей отырып,
біздің тақырыбымыздың нысаны болып отырған әлеуметтік саясаттың теориялық -
әдіснамалық негізінің өзегіне айналады. Ал, қолданбалы саясаттану арқылы
саясат аясындағы адамдардың және әртүрлі әлеуметтік субьектілердің белсенді
іс-әрекеттері тәжірибеге алынып, яғни мұнда тәуелсіз Қазақстан
Республикасындағы әлеуметтік саяси қатынастар, мемлекеттің әлеуметтік
саясаты және оның жүзеге асырылуы, оның халықтың әл- ауқатын арттырудағы
тиімділігі немесе тиімсіздігі көрініс тауып отырғандығы және т.б. сияқты
мәселелердің түйінін шешуге ұмтылыс жасалады.
Әлеуметтік саясатқа ғылыми тұрғыда ерекше мән беріп, оның теориялық
әдіснамалық негізін тереңдетуге О.В. Байдалова, Ф.Э. Бурджалов, Д. Белл,
Дж. Гэлбрейт, Е.А. Гонтмахер, В.И. Жуков, С. И. Калашников, Дж. Кейнс, В.Н.
Лексин, Дж. Миллъ, Т.В. Негина, Дж. Робинсон, И. А. Соболева, А.Н. Швецов,
А. Фон Хайек сынды еуропалық және ресейлік ғалымдардың да қомақты үлес
қосқандығы белгілі[6].
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты мен әлеуметтік мемлекет
құруының ғылыми-теориялық тұжырымдамасы және оның негізгі бағыттары мен
жүзеге асырылу жолдары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері мен жыл
сайынғы халыққа Жолдауларында да ерекше атап көрсетіледі. Президенттің жыл
сайынғы Жолдауларында әлеуметтік саясаттың мемлекеттік саясаттағы орны мен
ролі қаншалықты дәрежеде екендігінен нақты мәліметтер беріледі.
Әлеуметтік саясаттың зерттелу мәселесінде кеңестік дәуірде жарық
көрген ғылыми еңбектерді назардан тыс қалдыру ғылыми әділетсіздік болар
еді. Бұл еңбекті қайта сараптау мен сын тұрғысында салыстырмалы саяси
талдау Кеңес Одағында әлеуметтік мемлекет құру тәжірибесінің, яғни
социализмнің неліктен сәтсіздікке ұшырағандығы туралы ой қорытуға мүмкіндік
береді. Мұндай еңбектердің қатарына С.Б.Баишевтің, Ф.М. Бородкиннің, Ю.Е.
Волков пен В.З. Рогозиннің, С.С. Шаталиннің және т.б. ғылыми зерттеулерді
жатқызуға болады [7].
Әрбір елдегі саяси трансформациялар жағдайында әлеуметтік саясаттың
сипатына ерекше көңіл аударылатыны заңды құбылыс. Өйткені, Кеңес Одағы
ыдырағаннан кейін Қазақстан мен бұрынғы одақтас республикаларда рухани және
ғылыми құндылықтарды қайта қарау үрдісі басталды. Ол әлеуметтік мемлекет
пен әлеуметтік саясат сияқты саяси ойда да орын алды. Бұл үрдіс нәтижесі
әлеуметтік саясат бойынша жарық көрген еңбектердің теориялық және
институционалдық негіздерінің дамуына ықпал етіп отыр. Оны саясаттанушы
ғалымдардың әлеуметтік саясат мәселесіне тереңдей назар аударып, тақырыпты
ғылыми тұрғыда кеңірек талқылауынан, аталмыш мәселеге қатысты арналған
еңбектер санының өсуінен көруге болады. Осыған орай саясаттану ғылымында
Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың теориялық және құқықтық негіздеріне
талдаулар жасалуда. Отандық зерттеуші-ғалымдардың, саясаттанушылардың
ғылыми-зерттеушілік еңбектерінде әлеуметтік саясаттың кейбір мәселелеріне -
табиғатына, мәніне, құрылымы мен қызметіне, жүзеге асырылу механизмдеріне
талдаулар жасалуда. Мұндай ғылыми зерттеулердің қатарына А.Ж.
Абдрахманованың, Н.А. Аитовтың, М.М. Ахметованың, Р.Б. Әбсаттаровтың, Р.С.
Жарқынбаеваның, А. Каримовтың, Н.И. Мұстафаевтың, А.Ж. Мұқажанованың, Н.З.
Нығматулиннің, Қ.Ж. Нұғманованың, М.Б. Тәтімовтің, И.Н. Тасмағамбетовтің
және т.б. авторлардың еңбектерін жатқызуға болады [8]. Дегенмен жоғарыда
аталған жұмыстарда Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың
теориялық-әдіснамалық негізін жан-жақты зерттеу, әлеуметтік саясатқа саяси
талдау жасау арнайы мақсат етіп қойылмаған. Бұл ғалымдар мен зерттеушілер
аталмыш мәселенің тек жекелеген аспектілерін ғана қозғаған. Бұл еңбектер
біздің зерттеп отырған мәселеміздің түрлі қырынан ашылуына, оған кешенді
саяси талдау жасауға мүмкіндіктер береді.
Сондай-ақ әлеуметтік саясаттың кейбір аспектілері ғалымдарымыз М.С.
Аженов, К.Г. Ғабдуллина, С.М. Борбасов, К.Н. Бұрханов, Ә.Х. Жүнісов, Л.М.
Иватова, А.И. Лұқпанов, Р.А. Нұртазина, А.Н. Нұрмағамбетов, Н.В. Романова,
Т.С. Садықов, М.С. Садырова және т.б. өз еңбектерінде қарастырады.
Әлеуметтік саясаттың теориялық-әдіснамалық негізі мен өзекті саяси
проблемалары дербес зерттеу нысанына алынбағандықтан біз осы мәселелердің
жүйелі түрде саяси талданбағанына көз жеткіздік. Қазақстан
Республикасындағы саяси мәселенің негізгі тетіктерінің біріне айналған
қазіргі кезеңдегі әлеуметтік саясаттың саясаттану ғылымындағы теориялық
негізі мен практикалық қолданылуын саяси талдау тұрғысында кешенді
зерттеудің қажеттілігі даусыз екені айқындалып отыр.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Әлеуметтік мемлекет құру
жолындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатына саяси талдау жасай
отырып, оның мәні мен мазмұнын ашып көрсету курстық жұмыстың негізгі
мақсаты болып табылады. Сонымен қатар әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы
саяси институттардың қоғамда алатын рөлін анықтау да қажеттілік болып
табылады. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделіп отыр:
- демократиялық мемлекеттегі әлеуметтік саясаттың теориялық
әдіснамалық негізін зерттеу;
- әлеуметтік саясаттың саяси институттар мен үрдістерде алатын орнына
әдіснамалық талдау жүргізу;
- әлеуметтік мемлекет құру жағдайында мемлекеттің әлеуметтік
саясатының үлгілеріне талдау жасау;
- мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының теориялық
мәселелерін анықтау;
- әлеуметтік саясаттың саяси-құқықтық негіздерін сараптау және осы
саясатты жүзеге асыруда заңнамалардың атқаратын қызметін ашып
көрсету;
- қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат
мәселелерінің деңгейін анықтау және олардың шешілу жолдары мен
негізгі бағыттарын айқындау;
- мемлекеттің әлеуметтік саясатты жетілдіруінің басым бағыттары
бойынша тиімді және практикалық мәні бар ұсыныстары мен кеңестерін
беру.
Зерттеу жұмысының гипотезасы әлеуметтік мемлекет қалыптастыру
жолындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты еліміздің тарихи
және рухани даму ерекшеліктері ескеріле отырып, алдыңғы қатарлы дамыған әрі
әлеуметтік мемлекет қалыптастырған елдердің озық тәжірибесі оңтайлы
пайдаланылған жағдайда тиімді әрі жүйелі түрде жүзеге асырылады деген
болжамға негізделген. Біздің ойымызша Қазақстан үшін Сауд Арабиясы,
Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Норвегия сияқты экономикасы табиғи
байлыққа (мұнайға) негізделген елдердің тиімді жүзеге асырып отырған
әлеуметтік саясатының тәжірибесін ескерген дұрыс болар еді.
Жетекші идея. Әлеуметтік мемлекет құруды басым бағыт ретінде таңдап
алған мемлекет үшін оны жүзеге асырудың ең басты кепілі тиімді әрі тұрақты
даму жағдайында болатын мемлекеттік әлеуметтік саясат жүйесін жасау болып
табылады. Сол себепті мемлекеттің ішкі мүмкіндіктері мен әлемдік тәжірибені
оңтайлы пайдалану ең алдымен халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына
негіз болады.
Зерттеудің негізгі нысаны: Қазақстан Республикасының әлеуметтік
саясатының негізгі бағыттары және оны жүзеге асырудағы саяси институт
ретіндегі мемлекеттің атқарып отырған қызметі болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні: Қазақстан Республикасының мемлекеттік
әлеуметтік саясатының қалыптасу және жүзеге асырылу тетіктері; саяси
институттар мен азаматтық ұйымдардың әлеуметтік саясат үрдісіндегі іс-
әрекеттері мен өзара байланысы.
Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негізі. Курстық зерттеудің
теориялық негіздері ретінде ғылыми саяси ойды қалыптастырушы ойшылдар мен
ғалымдардың, еуропалық, ресейлік және отандық саясаттанушы, философ,
әлеуметтанушы, экономист, құқықтанушы ғалымдардың теориялық еңбектерімен
қатар Президент Н.Ә. Назарбаевтың да еңбектері басшылыққа алынды.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының қалыптасу
ерекшеліктерін зерттеуде тарихи-философиялық, институционалдық, жүйелік,
пәнаралық, құрылымдық-функционалдық, статистикалық және салыстырмалы
сараптау әдістері кеңінен қолданылды. Бұл әдістерді қолдану арқылы
әлеуметтік мемлекет қалыптастыру жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы
әлеуметтік саясатты күрделі, кешенді әрі тұрақты даму үстінде болатын жүйе
ретінде қарастыруға мүмкіндік алдық.
Тақырыптың дерек көздері. Тақырыптың зерттеу көздеріне негіз
болған теориялық және нақтылы фактілерге негізделген ғылыми зерттеулер.
Курстық жұмыста негізінен төмендегідей нормативтік актілер мен басқа да
ресми құжаттар пайдаланылды.
Тақырыпты зерттеуге теориялық негіз болған әлеуметтік саясатты терең
зерттеген қоғамдық ғылым салалары бойынша зерттеу жүргізген ғалымдардың
еңбектері, соның ішінде әлемдік философиялық ой өкілдерінің осы мәселе
бойынша жасаған ғылыми тұжырымдамалары. Сонымен қатар, қазіргі замандағы
отандық және шетелдік, ресейлік зерттеушілердің әлеуметтік саясатты
талдауға бағытталған ғылыми мақалалары мен монографиялары және зерттеушілік
еңбектері.
Қазақстандағы әлеуметтік саясатты саяси талдауға негіз бола алатын
Қазақстан Республикасының осы бағыттағы қабылданған заңдары мен нормативтік
актілері. 1991 жылы қабылданған Халықты еңбекпен қамту туралы алғашқы
Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан
Республикасында арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы Заңдарына және
Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне, Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексіне және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғыларына,
Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулыларына ( мәселен Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 886 қаулысымен
мақұлданған), Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтік қорғау
тұжырымдамасы сияқты нормативтік актілеріне сүйенеді. Аталған заңнамаларға
енгізілген қосымшалар мен түзетулер де курстық жұмыста қолданылды. Сонымен
қатар зерттеуде елдің Стратегиялық даму бағдарламалары мен Қазақстан
Республикасының Президентінің еңбектері мен халыққа жолдаған Жолдаулары
жетекшілік қызмет атқарды.
Дүниежүзінде әлеуметтік саясаттың ортақ үлгісін құрастырудағы Біріккен
Ұлттар Ұйымы, Еуроодақ, Даму банкі, ЮНЕСКО сияқты халықаралық ұйымдардың
ресми құжаттары кеңінен пайдаланылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам
құқықтары туралы Декларациясынан бастап, Бүкіләлемдік еңбек ұйымының, Сауда
және Даму конференциясының басшылығымен қабылданған шешімдері, Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығының құқықтық мәртебесін айқындайтын Жарғысы және сол
сияқты халықаралық институттардың құжаттары да диссертацияда қолданылды.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Министрлігінің, Білім және Ғылым Министрлігінің, Қазақстан Республикасы
статистикалық Агенттігінің ақпараттары мен есептері, түрлі отырыстардың
шешімдері және басқа да ресми құжаттар пайдаланылды. Сонымен қатар,
мемлекеттік жергілікті билік органдарының әлеуметтік саясатқа байланысты
ресми құжаттары және қаулылары пайдаланылды.
БАҚ аналитикалық материалдары, статистикалық жинақтар мен интернет-
сайт материалдары да қолданылды.

1 Әлеуметтік мемлекет – адам құқықтары
1.1 Әлеуметтік мемлекет түсінігі

Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – барлық байлығын, ішкі мүліктерін
ұстанып отырған саяси жәнеэкономикалық қағидаларын ел тұрғындарының
тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік
жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап
отырған мемлекет.
Адам баласының сонау Аристотельден бастап ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан
көкейкесті арманы болғанымен, мемлекеттік дамудың әлеуметтік басымдылығы
өткен ғасырдың алпысыншы және жетпісінші жылдары ғана кейбір елдерде
қалыптаса бастады. Кейін бұл алдыңғы қатарлы елдердің экономикалық дамуының
негізгі басымдылығы тұрақты бағыты болды. Соның арқасында тұрмыс дәрежелері
қатты өсті. Адам капиталы, адам дамуының индексі деген ұғымдар әлем
елдерінде, мемлекетаралық салыстырғанда кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстан республикасының реформасының негізгі мақсаттарының бірі -
әлеуметтік мемлекет құру. Бірақ мұның мәнін кез-келген қарапайым адамның
түсіндіріп беруі мүмкін емес. Себебі, ұсынылған идея бұқара халықтың
қоғамдық санасында, күнделікті өмірінде өте төменгі деңгейде тараған. Қалай
дегенде де бұқара халық белгілі бір дәрежеде, әлеуметтік мемлекет дегеніміз
не, оның қасиеті, белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы ңақты
білуі қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесі өзекті де маңызды
мәселелердің бірі екендігін атап көрсетеміз.
Әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі - өте ертеде
пайда болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген
билеушілер, мысалы, Рим цезарлары жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату
мен ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған. XIX ғасырдың екінші
жартысында әлеуметтік мемлекет ұғымын алғаш рет ұсынған неміс ғалымы
Лоренц Фон Штайнер болды. Ол әлеуметтік мемлекет өз азаматтарын
экономикалық және қоғамдық дамуға дағдыландырып, үйретуге міндетті, себебі,
бірінің дамуы – екіншісінің дамуына шарт болуы қажет, әлеуметтік
мемлекеттің негізгі мәні де осы болып табылады деп көрсеткен. Әлеуметтік
мемлекет деген ұғымның пайда болуы полициялық мемлекеттен, қоғамдық
келісім мемлекетінен және мемлекеттің биліктің ең жоғарғы формасы
ретіндегі мемлекеттен әлеуметтік функцияларды жүзеге асырушы мемлекетке
өтуін көрсетеді.
1930 жылы неміс ғалымы Герман Геллер әлеуметтік-саяси әдебиетке
әлеуметтік құқықтық мемлекет ұғымын ендірді. Екінші дүниежүзілік соғыстан
кейін бірқатар Батыс Еуропалық мемлекеттердің Конституциясында әлеуметтік
мемлекет формуласы жазылған еді. XX ғасырдың 60 жылдары шамасында алғашқы
әлеуметтік мемлекеттер, мысалы, Францияда, Германияда, Швецарияда және
Англияда, т.б. елдерде құрыла ьастады. Олардың негізгі өмір сүру шарты –
қоғамдағы жағдайы нашар топты қолдау үшін халықтық табыстың белгілі бір
бөлігін бөле алатын экономикалық дамудың ең жоғарғы деңгейі болып табылады.

Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы өте күрделі және қарама-қайшылыққа
толы – ұзақ процесс. Қоғамдық-экономикалық және ғылыми-технологиялық
дамудың нәтижесіндегі билік пен жеке тұлғаның арасындағы қатынастың өзгеруі
мем лекеттің әлеуметтік мемлекетке өтуін жылдамдатты. Әлеуметтік
экономика ұғымын құрайтын басты принциптер дүниежүзі қауымдастығы мен
Қазақстан таныған бірнеше құжаттарда көрсетілген. Әлеуметтік мемлекеттің
басты идеясы – гуманизм принциптері негізінде қоғам өмірін саяси саяси және
құқықтық жағынан жетілдіру, кешенді қызметін жүзеге асыру, азаматтық қоғам
дамуына жағдай жасау... Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекеттің мәні туралы
ғылыми зерттеулерде әртүрлі тұжырымдама жасалынған. Ғалымдардың мемлекет
туралы берген анықтамаларында бұл - әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне,
өндірісті басқаруға, азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғауға ұмтылған
мемлекет. Әлеуметтік мемлекет - әр азаматтың жақсы ортада тіршілік етуіне,
әлеуметтік жағынан қорғалуына, таланттары мен шеберліктерін толық дамыту
үшін барлық азаматтарға мүмкіндік жасайтын мемлекеттік биліктің формасы
болып табылады. Мұндай мемлекет адам мен қоғамға қызмет етеді және
әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік бітім мен әлеуметтік келісім
принциптеріне негізделген адамдар арасында жаңа типті байланыстарды
қалыптастырады.
Әлеуметтік мемлекеттің мәнін терең түсіну үшін оның белгілерін ажырата
білу қажет. Бірінші белгісіне - әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы
құқықтық табиғаты, мемлекеттің әлеуметтік процестерді бақылау және бағыттау
міндеті жатады, екінші - әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуын айтуға
болады, үшінші – бюджеттік-әлеуметтік төлемдер, төртінші - әлеуметтік
қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін
мемлекеттк жүйенің болуы саяды, бесінші – қоғамның әрбір мүшесіне
мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуіне жатады, алтыншы - өз азаматтарының
әл-ауқатының жоғары денгейі үшін, жауапкершілігін арттырумен сабақтасқан.
Әлеуметтік мемлекеттің пайда болуы – құқықтық мемлекет құру
принциптерінің рөлін төмендеткен (әлсіреткен) жоқ. Жеке тұлғаның азаматтық
құқығы мен бостандығының басымдылығы – демократиялық мемлекеттің де,
әлеуметтік мемлекеттің де өмір сүруінің негізі болып қала береді. Дегенмен,
әлеуметтік мемлекет өзінің өркендеу жолында, қоғамның әрбәр мүшесінің
тіршілік етуіне лайықты жағдай жасау үшін заңды түрде жарияланған азаматтық
құқық пен бостандық мазмұнының шынайы кеңеюіне ұмтылады.
Ерекше айтатын жағдай, халықтың тіршідік ету деңгейінің жоғары болуы -
әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда адам құқығы мен
бостандығының құрылымы өзгереді, адамдардың саяси белсенділігі төмендейді,
мемлекетке сенімсіздік пайда болады, саясатқа селқостығы ұлғаяды, құқық пен
бостандықтың заңды кепілдіктері әрқашан мүмкін емес деген ұғым қалыптасады.
Әлеуметтік мемлекеттің өмір сүруі құқықтың мемлекетпен бірлікте екенін атап
көрсету қажет. Өйткені, әрі құқықтық, әрі әлеуметтік мемлекет те жеке
тұлғаның дамуы мен игілігі үшін тиімді жағдайлар жасауға тырысады. Сонымен
құқықтық мемлекеттің тұжырымдамасы негізгі құрал болғандықтан тиімсіз
құқықтар санын мейлінше азайтып, мемлекеттің жеке тұлға өміріне қол сұғуына
заңды түрде шектеу қойып, нақты ережелер белгіленуі қажет. Әлеуметтік
мемлекет болса, бәрінен бұрын адамдарды заңдастырылған (негізделген)
құқықтармен, адам дамуына қажетті материалдық жағдаймен, ұлттық табыстың
әділ және ұтымды бөлінуін қалыптастырумен қамтамасыз етуге ұмтылады. Нақты
айтқанда, тұлғаның жеке өмірін қорғауға және қолдауға тырысу - әлеуметтік
және құқықтық принциптердің тұтастығының негізін құрайды. Солай десекте,
құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекеттік органдардың ұлттық табысты,
әлеуметтік, экономикалық, мәдени және басқа да игіліктерді бөлу процесіне
қатыспауын да мойындайды. Бірақ әлеуметтік мемлекет әр адамды материалдық
жағынан қамтамасыз етуге, нақты айтқанда, ұлттық табысты бөлумен айналысуға
міндетті, осы процесті ұтымды түрде жүзеге асыру арқылы қоғамда пайда
болатынтеңсіздіктерді болдырмауға тырысады. Әлеуметтік мемлекет өзінің
қызметін азаматтардың қоғамдық белсенділігімен байланыстыруға, қысымшылық
көрсету тәсілдерінен аулақ болуға, жеке бастың мәртебесін қорғауға, сөз
бостандығы құқығына кепілдік беруді қамтамасыз етуге міндетті.
Әлеуметтік мемлекеттің мәні мен мақсаты – қоғамдағы бейбітшілік пен
татулық үшін жағдай жасау, әлеуметтік серіктестік институттарын дамыту,
еңбекшілерге әділетті де лайықты еңбекақы төлеу құқығына және қауіп-
қатерден қорғауға кепілдеме беру. Осындай мемлекетті құрудың міндетті шарты
– саяси және экономикалық билік бөлісі болып табылады. Бұл меншік түрінің
әр алуандығына байланысты. Әрбір адам нақты қандай да болсын кәсіпорын
қызметін пайдалануға ерікті: мемлекеттік, кооперативтік немесе жеке
меншіктік...
Қазіргі кезеңде демократиялық мемлекет бәекелестікті шектеу мен оны
қайта қалпына келтіру арасындағы тәсілді ұстануға, өз іс-әрекеттерінде
құқылық және әлеуметтік принциптердің тиімді мөлшерін табуға ұмтылуда. Кез
келген қоғам тіршілік құрылымының ғылыми тұрғыда дәлелденген үлгісіне,
нақты белгіленген мақсатқа сүйене отырып, дами алады.
Қазақстан Республикасының конституциясында біздің еліміздің әлеуметтік
мемлекет қатарында екендігі ерекше көрсетілген. Алайда, әлеуметтік құқықтық
мемлекеттің идеясын конституциялық бекітуден оны шын мәнінде жүзеге асыруға
дейінгі аралықта ұзақ та қиын жол жатыр. Сол үшін де саяси реформалар
жасау, қажетті әлеуметтік-саяси базаны құру, мәдениетті өркендету және
басқа да алғы шарттарды дамыту қажет.
Қазақстан алдында сапасы мен саны әлемдік нарыққа сай келетін
жалдамалы еңбекке жалақы төлеуді ұйымдастыру міндеті тұр. Сонда ғана
реформаның жағымды нәтижесі туралы сөз қозғауға болады. Мемлекеттік
биліктің қандай түрі болғанына қарамастан, жуық арада өндірістік процестер
мен қажеттіліктерді үйлестіре алмайды, сондықтан да таяу арада бізде
әлеуметтік мемлекет құрылуы өте қиын. Әлеуметтік мемлекеттің жемісті өмір
сүруі – қоғамның барлық топтары мүддесіне қызмет ететін, дамыған экономика
негізінде ғана қалыптасады.
Соған қарамастан, белгілі сипаттамсы бар әлеуметтік мемлекет туралы
ереже Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілуге тиіс, ол өкімет
билігіндегі және қарапайым азаматтардың өз міндеттерін есіне салатындай
болуы керек. Ол мемлекеттің негізгі функциясы мүқият қарастыруды қажет
ететін маңызды мәселе болып табылады. Әлеуметтік мемлекеттің пайда болуы
мен қалыптасу тарихын саралап талдау, әлеуметтік қамсыздандыру функциясының
кезек күттірмейтін проблема екендігін дәлелдеді. Ол – мемлекеттің алғаш
заңдастырылған міндеттері болғандықтан және әлеуметтік сапаға жетуге
жасаған қадамы болғандықтан, қоғам және тұлға қатынастарының өзгеруінің
бастамасы болды. Сондай-ақ, әлеуметтік қамсыздандыру өндірістегі
материалдық игілік – жасына, жынысына, денсаулық, т.б. жағдайына қарамастан
қоғамның барлық мүшесіне тиісті болуы керек. Әлеуметтік қамсыздандыруды
қалыптастыру кезеңі құқықтың негіздің пайда болуы мен әлеуметтік
процестерді құқықтық реттеу функциясын мемлекеттің өз міндетіне алуымен
тікелей байланысты.
Одан әрі бұл функция әлеуметтік бағдарламаны бюджеттік қаржыландыру
арқылы және әлеуметтік қамсыздандырудың мемлекеттік құрылымын құру
барысында жүзеге асырылады. Осындай мемлекеттің басқа да атрибуттары -
әлеуметтік сақтандыру, әл-ауқат деңгейі үшін мемлекеттің жауапкершілігі,
әлеуметтік қолдау мүмкіндігін алуы - әлдеқайда кейінірек. Әлеуметтік
мемлекеттің екінші функциясы – білім және денсаулық сақтау мүмкіндіктерін
қамтамасыз ету. Бұл екі функция тек әлеуметтік мемлекетке ғана тән
еместігін айта кеткен жөн. Адамдардың физикалық және экономикалық өмірінің
маңызды алғы шарттары болғандықтан олар кез келген мемлекеттің типіне
қарамастан жүзеге асырылады. Ал әлеуметтік мемлекетке келетін болсақ, онда
олар адамдардың ажырамас құқығы болып қалыптасады да, сол құқықты
қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды міндетіне (мемлекеттік қаржыландыру,
әлеуметтік қамсыздандыру жүйеісн құру) айналады.
Әлеуметтік мемлекеттің үшінші функциясы - әлеуметтік қорғау. Оның
пайда болуы, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатының деңгейіне мемлекет
жауапкершілігінің қалыптасуына байланысты еді. Әлеуметтік мемлекеттің
төртінші функциясы - әлеуметтік теңсіздікті бәсеңдету. Оны жүзеге асыру –
барлық адамдардың бірдей әлеуметтік қолдау табу атрибутының пайда
болғанынан бастап мүмкін болды. Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамтамасыз
етудің ертеректе қалыптасқан механизмі мен жалпыға бірдей әлеуметтік қолдау
принциптерін жүзеге асыру – теңсіздікті толығымен жоюға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік мемлекеттің бесінші функциясы – еңбекпен қамтамасыз ету.
Германияда Веймар Республикасы кезінде мемлекеттік функция ретінде пайда
болған және Ф. Рузвельттің Жаңа курс саясатында маңызды рөл атқарған бұл
функция тек қана екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, шын мәнінде,
мемлекеттің ажырамас қызмет бөлігіне айналған.
Әлеуметтік мемлекеттің барлық жиынтығы – негізінде әлеуметтік
мемлекеттің алтыншы функциясы қамтамасыз етіледі: ол - әлеуметтік қызмет
көрсету. Бұл ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында әлеуметтік мемлекеттің жаңа
сапасы ретінде көрінеді және оның дамуының ең жоғары деңгейдегі қозғалысын
білдіреді. Іс жүзіне келсек, бұл функцияның пайда болуын мемлекеттің
индивидті жаппай басып-жаншу күйінен, әрбір адамның мүддесіне бағындырылған
және қоғамға қызмет көрсететін мемлекетке өту деп қарастыру жөн болады. Бұл
функция әлеуметтік мемлекеттің барлық атрибуттар жүйесіне сүйене отырып,
азаматтық қоғам механизмі арқылы тікелей іске асырылады. Ал азаматтық
қоғам, сайып келгенде, әлеуметтік мемлекеттің базалық функциясы болып
табылады.
Әлеуметтік мемлекеттің жетінші функциясы – мемлекеттік саясат жүргізу.
Бұл функция әлеуметтік мемлекет дамуындағы жаңа құбылыс. Ол интеграциялау
негізінде әлеуметтік мемлекеттің механизмі арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік
саясатты жүргізу құрылымдағы өзгерістерге, олардың материалдық және рухани
қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына байланысты топтар арасындағы қоғам
мен оның мүшелерінің өзара арақатынасына қатысты мемлекеттің жалпы
саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Сонымен, мемлекеттің әлеуметтік
саясаты – ынтымақтастық принциптерін жеке жауапкершілік принциптерімен
толықтыруды, оларды біріктіруді ұсынады. Орталық және аймақтық билік
органдары өзара көмек көрсету мен қорғау, әлеуметтік қамсыздандырудың
қажетті құрылымын құруға қабілетті әлеуметтік топтарды қолдауға өз күшін
жұмсауға міндетті. Мұндай топтар кәсіби құрылымдарды, жергілікті
қауымдарды, коопертивтерді, аймақтық ұйымдарды, қоғамдық бірлестіктерді
т.б. біріктіреді. Практикалық тұрғыда мемлекет, ең алдымен, жеке
жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етуге тиісті. Жеке меншікті тануға
негізделген экономикалық салада адамдардың іскерлік белсенділігін арттыруға
қажетті жағдай жасау қажет.
Қорытындылай келе, өркендеген елдердегі әлеуметтік мемлекеттің құрылу
мемлекеттік құрылыстағы жаңа қадам деп тұжырымдауымызға болады. Әлеуметтік
мемлекет жоғарыда атйқанымыздай - өз азаматтарының өмір сүруіне лайықты
жағдаймен қамтамасыз етуге, әлеуметтік жағдайының қорғалуына, материалдық
және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өндірісті басқаруға, қоғам
мен мемлекет іске араластыруға ұмтылатын мемлекет. Бұл мәселе – жағдайы
нашар қамтамасыз етілген топтың пайдасына ұлттық табыстың қайта бөлудің
көмегімен, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, білім алу,
денсаулық сақтауды, бүкіл қоғамның мәдениетін, т.б. дамыту саясатын
жүргізуді жүзеге асыру барысында кол жетіп, орындалады. Әлеуметтік мемлекет
қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік және т.б. теңсіздіктерді бәсеңдетуге,
жуып-шаюға бар күш-жігерін жұмсайды.

1.2 Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
механизмдері және ұлттық институттар

Тәуелсіз Қазақстандағы адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын
қорғау мен іске асыруын қамтамасыз ететін заң базасын талдау, бізге, заң
жүзінде бекітілген адам құқықтарын қорғау механизидері мен институттарын
және олардың сақталуын бақылауын анықтауға мүмкіншілік береді. Адам құқығы
жөнінде кейбір негізгі халықаралық құжаттарды Қазақстанның бекітпеуі не
оларға қосылмауы адам құқығын қолданыстағы тиімді механизмдерінен қорғайтын
халықаралық мемлекетаралық институттар мен рәсімдерден қалыс қалды.
Сөйтіп, Қазақстандағы адам құқықтарының сақталуын бақылайтын және
тәсілдермен қорғайтын институттардың қатарына тек мына үш топқа
қатыстырылды-мемлекеттік, аралас (мемлекет органдары жанындағы қоғамдық-
кеңесшілері мен адвокатура жүйесін) және үкіметтік емес (қоғамдық, соның
ішінде халықаралық және шетел ұйымдарын) жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 40-бабы бекітті:
2. ... Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік
бірлігінің, конституциясының мызғымастығының, адам және азамат құқықтары
мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы әркімге өз құқықтарын сотта
қорғауға кепілдік береді. Ең бастысы сот төрелігінің принциптерін
анықтайтын Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабы:
3. ...Заңды қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа
алуы тиіс:
1) адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен
танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
2) бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе
әкімшілік жауақа тартуға болмайды;
3) өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің
өзгертуіне болмайды;
4) сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
5) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа
міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері
күші болмайды. Егер құқықбұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік
заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;
6) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге мінднтті емес;
7) ешкім өзіне-өзі, жұбайына және заңмен белгіленген шектегі жақын
туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне
сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;
8) адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының
пайдасына қарастырылады;
9) заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім
өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
10) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Конституциясының 78 – бабы
белгілейді:
Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де
нормативтік құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолдануға
тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды
етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан
келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні
конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті.
Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын келесі институты
прокуратура болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 83-бабына сәйкес:
Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың,
Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік
құқықтық актілердің дәлме дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру
қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс
жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез
келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ
Республика Конституциясы және заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да
құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін
білдіреді, сондай – ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте
қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады.
Адам құқығын қорғаудың аралас институттарының қатарына Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияны
жатқызуға болады, оның Ережесі, 2003 жылғы 19 наурызда, Қазақстан
Республикасының Президентінің Жарлығымен бекітілді. Мұның басты мақсаты –
Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес
танылатын және кепілдік берілетін адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарының кепілі ретіндегі өзінің конституциялық өкілеттіктерін іске
асыруына жәрдемдесетін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Комиссияның негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасында
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретіндегі
өзінің конституциялық мәртебесін іске асыруы үшін жағдай жасау;
1) Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен
қорғау тетігін жетілдіруге жәрдемдесу;
2) Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы
мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметіне жәрдемдесу;
3) Адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау
саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамалары мен бағдарламаларын
әзірлеуге қатысу;
4) Адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау
саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу болып
табылады.
Комиссияның құзіреті:
1) мемлекет басшысына және тікелей Комиссияға жолданған, Қазақстан
Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтардың, азаматтығы жоқ
адамдардың, сондай-ақ ұйымдардың адамның және азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарының бұзылу фактілері туралы ақпарат бар өтініштерін
қарайды.
2) Мемлекет басшысының атына Қазақстан Республикасында адамның және
азаматтың құқықтарының сақталуы туралы жыл сайынғы және арнаулы
баяндамалар әзірлейді. Бұл баяндамалар баспасөзде жариялануы мүмкін;
3) Комиссияның құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік
органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, өзге де ұйымдардың және
азаматтардың ұсыныстарын қарайды;
4) Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету,
қорғау тетігін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлейді және оларды,
Қазақстан Республикасының Президентінің қарауына енгізеді;
5) Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз ету мен
қорғау мәселелерін қозғайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасына
талдау жасайды, осы мәселелерді реттейтін заң жобаларын әзірлеуге
қатысады;
6) Адам құқықтары саласындағы халықаралық шарттар бойынша талдау
материалдарын, сараптау – ұсынымдық қорытындылар мен ұсыныстар
дайындайды;
7) Адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдардың, басқа үкіметтік емес
құқық қорғау ұйымдарының жұмысыеа қатысады.
Комиссия өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік билік
органдарымен, үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарымен, сондай-ақ бұқаралық
ақпарат құралдарымен белгіленген тәртіппен өзара іс-қимыл жасайды.
Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында:
1) мемлекеттік органдардан, сондай-ақ ұйымдар мен лауазымды
адамдардан қажетті мәліметтерді, құжаттар мен материалдарды сұратып алуға;
2) өз оытрысында адамның және азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты мәселелер жөнінде
мемлекеттік органдардың тиісті лауазымды адамдарының ақпаратын тыңдауға;
3) уәкілетті мемлкеттік органдардың адамның және азаматтың
құқықтарының бұзылуы туралы мәліметті тексеруіме бастамашылық жасауға;
4) жекелеген жұмыстарды жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен
ғалымдар мен мамандарды тартуға;
5) адамның азаматтың негізгі құқықтары мен босатандықтарының
сақталуына байланысты мәселелерді талқылау үшін Тәуелсіз Мемлекетер
Достастығына қатысушы мемлекеттердің, сондай-ақ өзге де мемлкеттердің адам
құқықтары жөніндегі комиссияларымен және басқа да осындай құрылымдарымен
ынтымақтастық жасауға құқықылы.
Комиссияның құзіретіне кіретін мәселелер бойынша оның мүшелерінің
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік билік органдарына, сондай-ақ
мемлкеттік ұйымдарға баруға құқығы бар.
Комиссияның отырыстарында қабылданатын және Қазақстан
Республикасының Президентінің назарына жеткізілетін ұсынымдар мен
қорытындылар оның шешімдері болып табылады.
Комиссияның ұсынымдары мен шешімдері оның отырысқа қатысқан мүшелері
санының жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда
отырыста төрағалық етуші жақтап дауыс берген шешім қабылданған болып
саналады.
Комиссияның құрамын – төрағасын, хатшысы мен мүшелері, Қазақстан
Республикасының Президенті бекітеді.
Комиссияның өз өкілеттілігі шеңберінде қабылдаған ұсынымдары мен
қорытындылары мәселені шешу құзіретіне кіретін тиісті мемлкеттік органға
жолданады.
Комиссияның ұсынымдары мен қорытындыларын алған мемлкеттік орган
меноның лауазымды адамдары белгіленген мерзімде оларды қарауыға және
қабылданған шешім туралы оған хабарлауға міндетті.
Комиссия төрағасы мен мүшелері оның жұмысына қоғамдық негізде
қатысады.
Комиссия төрағасы комиссияға жалпы басшылықты жүзеге асырады,
Комиссия хатшысы мен мүшелеріне тапсырма беріп, оның отырыстарының күн
тәртібін белгілейді.
Комиссияның қызметтік құжаттарына, ұсынымдары мен қортындыларына қол
қояды, адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты кеңестерге қатысады.

Қазақстан Республикасының Президентіне Комиссия қызметін жетілдіру
жөнінде ұсыныстар енгізіледі.
Комиссия төрағасы орнында болмағанда, Комиссияның қызметтік
құжаттарына ұсынымдары мен қортындыларына оның хатшысы қол қояды.
Комиссияның отырыстарын оның төрағасы қажеттігіне қарай, бірақ
тоқсанына кемінде бір рет шақырады. Комиссия отырыстарына оның мүшелерінің
жартысынан астамы қатысса, құқылы болып саналады.
Комиссия төрағасы орнында болмағанда, оның отырыстарында комиссия
хатшысы төрағалық етеді.
Комисияның қызметін ақпараттық талдау және ұйымдық қамтамасыз етуді
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрамына кіретін
хатшылығы жүзеге асырады.
Комиссия хатшылығы адам құқықтары мәселелері құзырында болатын
облыстардың, Республикалық маңызы бар қалалар мен республика астанасының
әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарына ұйымдастыру - әдістемелік,
ақпарттық және өзге де көмек көрсетеді.
Сараптама – тадау зерттеулерін жүргізу үшін Комисия жанынан ғылыми
мекемелер, білім беру ұйымдары мен үкіметтік емес ұймыдар өкілдері мен
қоғамдық негізде жұмыс істейтін сарапшылық кеңес құрылады. Сарапшылық кеңес
құрамы Комиссия отырысында бекітіледі.
Адам құқықтары аясындағы Қазақстандық Заң базасы адам мен азаматтың
негізі құқықтары мен бостандықтары қорғау мен іске асырылу тәжірибесін
қамтамасыз етілуін төрт деңгейге бөлуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Мемлекет пен құқық теория негізі
Мемлекеттің құрылым нысаны
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Мемлекет туралы негізгі түсініктер
Құқықтың түсінігі және құқық туралы ілімдер
ҚҰҚЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәнінен дәрістер
Құқықтық мінез - құлық туралы ақпарат
Пәндер