Қазақстан Республикасының азаматтары құқықтары мен міндеттерінің бірлігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3

I БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН ЗАҢДАРЫНДАҒЫ АДАМ МЕН АЗАМАТ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 А дам тағдыры ел тағдырының ажырамас бөлігі - еліміздің ата заңдарының басты құрсауы . . . 5

1. 2 Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмдері және ұлттық инститтутар . . . 18

II БӨЛІМ. Қазақстан құқықтық мемлекет, Басты қазынасы адам және азамат

2. 1 Қазақстан қоғамының басты игілігі - адам құқығы . . . 24

2. 2 Адам құқығы мен бостандықтары ата заңмен қорғалады және адам құқықтарын қорғаудың тетіктері . . . 36

2. 3 Адамдарды саудалауды халықаралық сипаттағы қылмыс ретінде қылмыстық - құқықтық саралау . . . 48

2. 4 Әйелдердің қоғамды демократияландыру процестеріне қатысуы . . . 53

2. 5 Балалар құқығын қорғау - басты назарда . . . 58

2. 6 Сот билігі арқылы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау . . . 62

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 69

СІЛТЕМЕЛЕР . . . 71

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 72

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Конституциясының басты идеясы ретінде «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетті [1, 3-б] .

Адам құқығына ешкімнің қиянат жасап, қол сұғуына қақысы жол. Бұл жалпыға бірдей қарар. Сан түрлі зұлматты бастан өткерген адамзат қоғамы бұл қарарды ерекше қастерлей білуі тиіс. Бұл туралы Астанада адам құқықтарына байланысты алқалы жиында ерекше қадап айтылды.

Адамдардың бостандығы мен құқықтарын қорғау, сондай ақ осы саладағы заңдық нормаларды ары қарай жетілдіру, ұлттық заңнаманы халықаралық құқық нормаларына сәйкестендіру мақсатында «Нұр Отан» партиясы Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның бастамасын қолдап, партия өзара ынтымақтастық келісімін жасауы туралы меморандум түрінде бекіді [2, 9-б] .

Тақырыптың өзектілігі.

Адамдардың бостандығы мен құқықтарын қорғау, сондай-ақ осы саладағы заңдық нормаларды ары қарай жетілдіру, ұлттық заңнаманы халықаралық құқық нормаларына сәйкестендіру, қолданыстағы құқық жүйесінің жетілдіруіне, елдегі заңдылықтың нығаюына ықпал ететін Қазақстандық конституционализмді, конституцияның өзекті теориялық мәселелерін жан - жақты мақсаты алға қойылды.

Мақсаты мен міндеттері.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - конституциядағы адам құқықтары мен бостандықтары құқығының мазмұнын, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары жүйесіне алатын орны мен атқаратын рөлін, жүзеге асырылуының құқықтық механизмін зерттеу. Осы құқыққа қатысты конституциялық нормалар мен өзге де ағымдағы заңнамалардың нормаларына кешенді сипаттама беру және соның негізінде ұлттық заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізілді:

  • адам құқығын қорғау Қазақстан Республикасында қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін айқындау;
  • адам құқығын қорғаудың конституциялық табиғатын зерттеу және оның ішкі мазмұнының ашылуы;
  • адам құқығының жүзеге асырылу нысандарының қолданыстағы заңнамада кездесетін кемшіліктерді анықтау және оны жетілдіру жөніндегі ғылыми негізделген ұсыныстар енгізу.

Зерттелу деңгейі.

Қазіргі кезде Қазақстанның құқықтық ғылымында адам құқықтары мен бостандықтарының тізбегіне мемлекет кепілдік береді, бірақ та, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтары, халықтың денсаулығы мен имандылығы, адам құқықтарының механизмі, оны сақтаудың теориялық негізі және жеке адамның өміріне қол сұғылмау тиісті кепілдіктерін қарастырумен байланысты кешенді зерттеу жұмысы жүргізілуде.

Дегенмен де, Қазақстан Республикасында адам құқығының қалыптасуына айқын Есім, Қасым, Абылай, Тәуке хандарды, сондай-ақ қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абайды, сонымен қатар қазан төңкерісіне дейінгі отаршылдыққа қарсы батыл үн көтерген ірі қоғам қайраткерлері - Б. Сыртанов, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов т. б. жатқызамыз.

Осы зерттеу заң ғылымындағы адам құқықтары мен бостандықтарының жалпы теориялық проблемеларын зерттеуге арналған отандық заңгерлері: Б. Өтемұратов, М. Тоқашбаев, Е. Бопабаев, С. Табанов, А. Тасболатов еңбектері қаралып отырған ғылыми еңбектің негізіне пайдаланылды.

Зерттеудің объектісі.

Зерттеу объектісі - адамның негізгі құқықтарының рөлі мен орын анықтаудың теориялық мәселелері, оны сақтау және жүзеге асыру механизмі болып табылады. Зерттеу пәніне адамның құқықтары мен бостандықтарына тән ерекшеліктерді зерттеу, оның заңнамаларда қорғалуы, тәжірибеде жүзеге асырылу жағдайы және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу құрайды.

Ғылыми-практикалық маңызы мен жаңашылдығы.

Дипломдық жұмыстың жоғары теориялық құндылығы және практикалық маңыздылығы бар. Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы алғаш рет монографиялық деңгейде 1995 жылы Қазақстан Республикасы негізінде адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселесінің қарастырылуында. Дипломдық жұмыс ғылыми жаңашылдығы Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау мәселесі осы кезге дейін зерттелмеген.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны.

Дипломдық жұмыс: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, сілтемелерден және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

1 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН ЗАҢДАРЫНДАҒЫ АДАМ МЕН АЗАМАТ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1. А дам тағдыры ел тағдырының ажырамас бөлігі - еліміздің ата заңдарының басты құрсауы

А) қазақ қоғамының кеңестік заман Конституцияларындағы адам мен азамат тағдырының кейбір мәселелері

Өтпелі кезеңдердегі қабылданған еліміздің Ата заңдарының қай-қайсысын алмасақта, олардың мәтіндерінен адам тағдырына байланысты әр қилы көлемдегі тұжырымдарды көруге болады. Өйткені халқымыз мұны ел тағдырынан ажыртпаған. Тіпті қиын қыстау кезінде де, Кеңес үкіметі жеңісімен-ақ, өздері нің заңдарында оған дейінгі заманда қалыптасқан сословиелік, ұлттық-діни және басқа да шектеушілік пен артықшылықты жойып, еңбек адамының қадір-қасиетін жаңа тұрғыда көтеруді бекітті. 1918 жылы РКФСР мен 1926 жылы КАКСР Конституцияларында солай деп жазылды. Сол кезде адам басына төнген қиындыққа қарамастан (азаматтық соғыс, ашаршылық, шаруалардан еріксіз, әрі төлем ақысыз өздерінен артылған нанды тартып алу, еріксіз жұмыс үшін лагерлер жүйесін енгізу, сондай-ақ қажетсіз, жөнді-жөнсіз күштеу шараларын қолдану) құқықтық реформасын жүргізу, адам құқығын қорғау заңдық құралдарын пайдалану мүмкіншілігін жоғарлатты. Сол кездегі болып өткен шым-шытырық елдегі жағдайларды көз алдымызға бір сәт елестесек, адам көріп білмеген, мынадай бір көріністі байқауға болады. Бір жағынан, алғашқы кеңестік Конституцияларда жеке басқа, адам өміріне, жазысқан хаттарының құпиялылығына қол сұғылмайтындығы бекітілмеген, білім алу құқығы кеңес үкіметінің алдағы тұрған міндеті ретінде қарастырылған. Екінші жағынан, жаңа экономикалық саясатқа көшу, еңбекке жаппай жұмылдырудың жалпыға бірдей еңбекке міндеттіліктің жойылуы, 8 сағаттық жұмыс күніне көшу, жеке меншік сауданы енгізу, еңбек ақының өсуі, сондай-ақ карточка жүйесін жою, бұлардың бәрі жүре бара жұмысшылар, қызметшілер мен шаруалардың конституциялық мәртебелік деңгейде болмаса да қамтамасыз етілуі, өскелең өмір талабының желісі деп білуіміз қажет. Мұндағы бір көңілге қонбайтындығы-қалайша, адам мен азаматтың құқығына байланысты екі бағытты бетбұрыс өздерінің қарама-қайшылығына экономикалық саясаттағы позитивтік серпіліс пен 20-30 жылдардағы қанды оқиғалар, азаматтардың құқығын жаппай бұзу, жеке адамның адамгершілік қасиетін таптау, өмірлік деңгейін төмендету, заңсыздыққа жол беріліп, сотсыз айып тағып жазалау, жәбірлеу зұлымдықтың қайнаған кезі болатын. Мұны тек сол кездегі елімізде партиялық- мемлекеттік басқарудың әкімшілік - командалық жүйесінің жемісі деп білуіміз керек.

Көңілге қонбайтындығы - азаматтардың саяси, әсіресе жеке басының құқықтары мен міндеттерінің екінші кезекте, кейінге қалуы, заң кепілдігінің мазмұнының төмендетілуі, номенклатураға енген қызметкерлердің артықшылығын енгізумен жаңамаластырылғандығы.

Адам тағдыры жөніндегі әрқилы өкімет тарапынан іркілісті жүргізілген жұмыстарға кеңес мемлекеті бірден-бір себепкер болды. Өйткені сол кездегі кеңестік конституцияларда жарияланғандай, оның өзегі диктатура пролетариаты болатын. Ал, диктатура дегеніміздің өзі бұқараны қанаудың саяси, юридикалық, әскери, идеологиялық құралдары мен әдістерін қолдануға негізделген үстемдіктің тұтас жүйесі. Бұл жүйенің орталық мекемесі, оның басты ұйымдастырушысы әрі жарлық беруші мемлекет. Ол деді, - Ленин - « ешбір заңмен сыйыспайтын өкімет». Сондықтан да болар Кеңес өкіметінде билікті бөлу, жеке меншік принциптері жоққа шығарылып, кеңес өкіметімен жанаспайтын жат принциптер ретінде қаралды.

20 жылдардан бастап елімізде партиялық-мемлекеттік басқарудың әкімшілік-командалық жүйесі қалыптаса бастады, сол кездегі ел басшысы Сталиннің қолында бүкіл билік жүйесі шоғырланып, бюрократизмге кең жол ашылып, өрбігендігін біз білеміз. Бұқаралық қуғындау, заңсыздыққа кең жол беріліп, сотсыз айып тағып жазалау, жәбірлеу, зұлымдықтың қайнаған кезі болатын. Бұл жерде жеке бастың тағдыры сөз емес-ті.

Сталиннің жеке басына табынуына ең басты рөлді Ұлы Отан соғысы атқарды. Оның темірдей жігері және өте қатыгездігі Жеңіс үшін қажетті барлық ресурстарды (адам ресурстарын қоса алғанда) жұмылдырады. Соғыстың қайнаған кезіндегі Сталиннің берген «кейін шегінуге жол жоқ, тек алға, қандай бағамен болса да жеңісті қолдан бермеу керек», -деген бұйрығын білмейтін ешбір жан жоқ, осы уақытқа дейін жұртшылықтың жадында. Осының нәтижесінде Армия көп шығынға ұшырады. Қазірдің өзінде соғыста қаза тапқандардың саны 27 млн. -ға жетіпті. Ал енді қолға түсіп, пленде азап шеккен солдаттар мен офицерлердің санын кім біледі., одан құтылып, елге оралғандардың өздері Отанды сақтандар деген жалған жаламен сталиндік түрмеде шірігендердің санын кім біледі. Соған қарамастан осы кезге шейін Сталинді данышпан деп санаушылар аз емес. Неліктен? Оның себебі біздіңше бірнешеу. Елде жаппай бақылау жайылып етек алғандығы соншалық тіпті бүкіл жетіспеушілік пен кемшіліктерге ешкімге дес бермеді. Бірақ, дәл осындай сорақылық бар жерде жетістіктер болды дегенге кім сенер. Шынында да, революциядан, сондай-ақ масқара болған Брест бітімінен кейін, Сталин КСРО-ның аумақтық тұтастығын сақтап қалды. 30-40 жылдардағы елді жаппай индустриялизациялау жұмысындағы елеулі жетістіктерді кім ұмыта қояр. Дейтұрғанменде, өндіріске жұмсаған қаражатын өзі село, ауыл тұрғындарын аяусыз тонағанның салдарынан, солардың есебінен алынғандар. Миллиондаған шаруалар лажсыз күн көру үшін қалаға қарай жүгірді. Қалалық өмір селодағыдай емес, жақсырақ көрінді. Олардың балалары мектепке бара бастады. Жастар тегін оқуға мүмкіндік алды. Осының бәрі жинақтала келе, «жоғарыдан келіп түскен бақыт та», Сталиннің пайдасына тиіп, оның даңқын аспанға көтерді. Ол, әрине, өте қатал, әрі епті саясаткер еді. Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңісін өз пайдасына шеше білді. Мұның кезінде КСРО ұлы державалардың қатарына кірді. Біздің жеңісімізге «бүкіл прогресшіл адамзат» түңілді. Мынаны ұмытпауымыз керек: Сталин туралы сөз еткенде біздің қазіргі қалыптасқан көзқарасымызбен бағалаймыз. Яғни «адам құқығы» жөніндегі позициямызбен ой қорыту. Мұндай ұғым ол кезде бізде ғана емес, Еуропада да болмаған.

«Сталинизм» проблемасы орыс революциялық идеологиясымен тығыз байланысты. «Жалынды революционерлер» деп саналынған Ленин, Сталин, Троцкий және т. б. болашақ коммунизм мен дүниежүзілік революциялар үшін Ресей мүддесін, миллиондаған адам тағдырын сындыруға даяр болатын. Жаңа тарих үшін адам тағдыры оларға құрылыс материалдары тәрізді болды. Индустриялизациялау үшін Сталин орыс деревнясын күйзелтті, ортаңғы топ кулактарды құғын-сүргінге ұшыратты, барлық шаруалар табын, шынында да, жойып жіберді.

Социализм құрылысын қамтамасыз ету үшін тегін еріксіз еңбек жүйесін (ГУЛАГ) құрды. Революция идеологиясы, өзінің бұқаралық қуғын-сүргіштігімен қаскүнемдік тұрақты қорқынышты үрейді тудырды. Сталин өзінің жақын айналасындағы достарынан, әскери адамдарынан, интелегенттерден, «мамандардан», дәрігерлерден қорықты, оларға сенуден қалды. Осыдан келіп, барлық қызмет салдарында: армиядағы «органдардағы», өндірістегі, ғылымдағы, медицинадағы басшы құрамдарды тазарту тұрақты жұмысқа айналды. Дегенменде, Сталиннің «жарқын бейнесін» көріп өскен кеңес адамдарының бірталай ұрпақтары барынша оны дәріптеуге және өздерінің бұл жөніндегі пікірлерін жастарға жеткізді. Сөйтіп, Сталиннің атынын айналасында әр түрлі талас пікірлер сейілген жоқ. Бірақ тарихи қателікті қайталамас үшін аңызды шындықтан ажырата білуіміз қажет. Ең бастысы, қанша бір «ұлағатты» болса да революция - ол әрдайым ел үшін, миллиондаған адамдар үшін қайғы-қасірет. Өйткені, орыс революционерлерінің сызбасы бойынша жасалынып, Сталиннің логикалық жетілдірілгеніне дейін жеткізілген жүйесі тек тұрақты террор мен үрейлендіру жағдайында ғана тиімді бола алады. Үрей жоғалса жүйе де күйрейді.

Бертін келе (50 жылдың аяғы-60 жылдың басы) азаматтардың саяси құқықтарының жүзеге асырылуы позитивтік процестердің күшіне бастағандықтың белгісі: жұмыс күні қысқартылып, екі күндік демалыс негізілді, жұмысшылар мен қызметшілердің жұмыстан шығарылуына байланысты шектеулерді жою, колхоздағы шаруалардың құқықтық мәртебелілігінің өзгертіліп, нәтижесінде оларға паспорттар беру, жаңа зейнетақылық заңдар, сондай-ақ, 50 жылдың аяқ шегінен бастап еңбекшілердің кірістерінің күрт жоғарылауы, сайып келгенде, сомалы болуға әкеп соқтырды. Әсіресе, жеке тұлғаның қолсұғылмаушылық құқығына қамтамасыздандыру аясындағы өзгеріс таңғаларлық құбылыс. Жүргізілген құқықтық реформаның ішіндегі ең қомақтысы - негізсіз сотталғандарды жазадан босату, мыңдаған кінәсіздерді ақтау. Мұның өзі адамның өміріне мемлекет тарапынан берілген кепілдікті білдіртеді, адам құқықтарының ішіндегі ең маңыздысы екеніне ешкімнің дауы болмас. Осы тәріздес позитивтік көріністердің іске асырылуы бюрократиялық жүйенің қарсылығымен қиындата түсетіні тарихтан мәлім.

Бірақ жаңға жайлы құбылыс ұзаққа бармады. 60 жылдың басында ақша реформасының нәтижесінде ауыл шаруашылық саясатының қателігінен жұмысшылар мен қызметшілердің шынайы еңбек ақысы төмендеді. Азаматтардың өзіндік меншік құқығы бұзылды, әсіресе, жеке басына мал ұстау құқығын шектеуі жан түршігерлік жағдайға әкеп соқтырды. Азаматтардың өз меншігінде ұстауына болатын мал санының шекті мөлшері ҚазақКСР-інің заңдары бойнша белгіленеді, -делінген Азаматтық кодексінің 107- бабында. Бұл мәселе ҚазақКСР Жоғары Кеңесі Президиумның 1964 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығында реттелген. Онда: колхоз мүшесі емес селолық жерлерде тұратын жұмысшылар, қызметшілер т. б. еңбекші азаматтар бір бұзаулы сиыр, бес қозылы қой (ешкі) мен бордақылы бір шошқа ұстауға рұқсат етіледі.

Шөл және шөлейт жерлерде тұратын, сондай-ақ, отардағы мал шаруашылығында жұмыс істейтін қызметшілер бір бұзаулы сиыр баспағымен қоса, он бес қозылы қой, бір құлынды бие немесе бір боталы інген немесе екі айға толмаған төлімен қоса бір шошқа, не үш айға толмаған тораймен қоса бордақылы бір шошқа ұстай алады. Сиыр орнына бес қозылы қой (ешкі) немесе тағы бір бие, не тағы бір інген ұстауға рұқсат етілді.

Қалалар мен қалалық поселкілерде (облыс орталықтары мен Алматы қаласынан басқа) тұратындар бір бұзаулы сиыр, үш қозылы қой (ешкі), не бордақыға байланған бір шошқа ұстай алады.

Облыс орталықтары мен Алматы қаласында (мал ұстауға тыйым салынған санитарлық аймақтарды қоспағанда) тұратындар бір бұзаулы сиыр немесе үш қозылы қой немесе бір бордақыға айланған шошқа ұстай алады. Бұл көрсетілген малдардан басқа азаматтарға құс, үй қояны мен бал арасын ұстауға шек қойылмайды.

Еңбекке жарамды, бірақ қоғамға пайдалы еңбекпен шұғылданбайтын азаматтар еңбекшілер депутаттарының Кеңесінің аудандақ, қалалық атқару комитетінің шешімі бойнша өз меншігінде мал және құс ұстау құқығынан айрылуы мүмкін, - делінген Жарлықта.

Демек, жоғарыда көрсетілген ұсталған малдың саны нормадан аспауы тиіс. Ал асып кетсе, онда артық мал қолданылып жүрген саттып алу бағасының 50 проценті мөлшерінде құны төленіп, алуға жатады. Мұндай шешімді ауылдық, селолық поселкілік, аудандық және қалалық Кеңестерңнің атқару комитеттері шығара алады.

Осыған ұқсас мал ұстаудың шекті мөлшері колхозшы отбасына да нақтыланған. Мұны реттейтін құжат - 1970 жылғы 9 қаңтарда № 18 қабылданған ҚазақКСР Министрлер Кеңесінің қаулысы.

Сөйтіп, қалалар мен қалалық поселкілерде тұратын - жеке адамның өзіндік меншігіндегі түйе ұстау құқығы жойылды. Қолындағы бар түйелер меншік иесі мемлекетке сатып өткізуі керек болды. Әрине, мемлекеттік сату бағасымен. Көнбегендерге әр түрлі қысымшылық көрсетілді: қорқыту, үркітумен қатар, коммунист баласын әкесіне қарсы қойып, соңғысын көндірту еді. Бұдан да ештеңе шықпады. Әкелерін көндіре алмаған партия мүшелері, ақыр соңында, партбилеттен айырылып, жұмыстан шығарылып тынды. Іс мұнымен бітпейтіні түсінікті. Халыққа қарсы бағытталған сол кездегі париялық саясат тұрғылықты жердегі адамдардың наразылығын тудырды. Бір түннің ішінде түйелері барлар иалын сойып тастады, етін сатуға кірісті. Бұл жан түршігерлік көрініс Атырау облысының (бұрынғы Гурьев) Жұмыскер поселкісінде болған жәйт, көптеген аудандарда да орын алды.

Бұл жөнсіз саясат, сайып келгенде әлеуметтік-экономикалық құқық кепілдіктерін осалдатты: үй іргесіндегі жер учаскелерінің көлемін қысқарту, мешіт пен шіркеуге қарсы бағытталған компания дін мен ұждан бостандығын шектеуге әкелді.

60 жылдардың орта шенінде кеңес өкіметінде адам құқығының проблемалары өршелене түсті. Нәтижесінде, 1966 жылы Адам құқығы туралы Халықаралық пактілерге, сондай-ақ, 1975 жылы Хельсинкідегі қорытынды актіге Л. И. Брежнев тарапынан қол қоюға тура келді. Сөйтіп, КСРО адам құқығын әмбебеп құндылық ретінде оның маңыздылығын танып, адам құқығын сақтау жөніндегі халықаралық-құқықтық міндеттемелерді өзіне жүктеді. Бұл факт КСРО Конституциясында (1977), Қазақ КСР Конституциясында (1978), сондай-ақ өзге де одақтас республикалардың Негізгі заңында тұжырымдалды. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттерінің көлемі кеңейтілді. Сөйтіп, КСРО Негізгі заңына алғашқы рет тұрғын үй алуға құқылығы, мәдени жетістік терін пайдалануға, мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға, творчестволық бостандық, сондай-ақ кінәсіздік презумпция енгізілген (44, 46, 47, 48, 160- баптар) . Дәл осы тәріздес жазулар Қазақ КСР Конституциясының 42, 44, 45, 46, 160- баптарында да бар. Бірақ, материялдық және заң кепілдігінің шынайы болмауы, көптеген конституциялық нормалардың декларативтігі, өз кезегінде, демократиялық конституциялық ережелердің сапасын төмендетті.

Көлеңкелі экономиканың кең етек алуы, басқару аппаратының сыбайлас жемқорлығы кірісті бөлудегі әлеуметтік әділеттік принципін бұзуға әкелді, мұның өзі адам құқықтарының бірден-бір негіздісі- еңбек ету құқығы мен өзге де әлеуметтік құқықтардың іске асырылуына теріс ықпал етті. Әсіресе, жұмысқа алу, бір орыннан екінші орынға жоғарлату, тұрғын үй т. б. мәселелерді шешу - тек партиялық принципке негізделген. Яғни, адамның партия мүшелілігінде болуы, оның карьерасының өсуіне бірден-бір кепіл. Демек, КПСС мүшесі болмасаң мемлекеттік қызмет жұмысына алынуыңыз екі талай, ал алынған күнде, одан әрі жұмыс бабымен өсу қарқыны бәсеңсиді, тіпті болмайды. Ал, жауапты қызметке КПСС мүшелігі сай келеді. Мұның өзі адамның сана-сезімінің төмендеп құлдырауға итермелейтіні сөзсіз. Қаншалықты дарынды, өте білімді іскер, маман коммунист болмағанның кесірінен қызмет баспалдағының төменгі сатысынан көтеріле алмай, «далада» қалды десеңші?! Сөйтіп, көптеген адамдардың жалақысының төмендеуіне де, үйсіз-күйсіз қалуларының өзі де дәл осы партиялық принциптің іске асуы себепкер болды. Келеңсіз жәйттер адам өмірінің кез келген салаларына, айталық, білім алу, денсаулық сақтау, т. с. с. етегінің жайғандағы соншалық, ақыр соңында, құқық қорғау қозғалысының өмірге келуіне жол ашылды. Міне, солқылдақ «соқыр» саясаттың нәтижесіндемемлекет пен оның тұрғындарының арасында жік салынып, бір-біріне қарсылық көрсету күнделікиі тұрмыс саясатына айналды. Әрине, мемлекет өзінің күштілігін көрсетіп, бүкіл механизмдерін іске қосып, кінәлі деп танылған адамдарды қамау, соттау, жазалау әдістерін пайдаланып тәртіпті сақтау міндетін орындатуда. Оның соңы жақсылыққа әкелмейтіні өмір көрсетті. 1986 жылғы «Желтоқсан» деп аталынған қанды уақиға осының куәсі. Осыдан сабақ алар мезгіл жетті ғой деп ойлаймыз. Тек мұны жүрегімізбен сезініп, тебіренуіміз қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Қазақстан Республикасы аумағындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы туралы
Құқықтық қатынас ұғымы мен ерекшеліктері
Адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің конституциялық құқықтық қырлары
Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі
ҚР шетел азаматтарының меншік құқығы
Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары
Республикасының азаматтығын тоқтату негіздері
Заңды тұлғаны құру тәртіптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz