ҚАЗАҚСТАН ЗАҢДАРЫНДАҒЫ АДАМ МЕН АЗАМАТ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

I БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН ЗАҢДАРЫНДАҒЫ АДАМ МЕН АЗАМАТ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕЙБІР
МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Адам тағдыры ел тағдырының ажырамас бөлігі – еліміздің ата
заңдарының басты құрсауы
1.2 Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
механизмдері және ұлттық инститтутар

II БӨЛІМ. Қазақстан құқықтық мемлекет, Басты қазынасы адам және
азамат
2.1 Қазақстан қоғамының басты игілігі – адам құқығы
2.2 Адам құқығы мен бостандықтары ата заңмен қорғалады және адам
құқықтарын қорғаудың тетіктері
2.3 Сот билігі арқылы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау

ҚОРЫТЫНДЫ

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Конституциясының басты идеясы ретінде
Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары деп көрсетті [1, 3-б].
Адам құқығына ешкімнің қиянат жасап, қол сұғуына қақысы жол. Бұл
жалпыға бірдей қарар. Сан түрлі зұлматты бастан өткерген адамзат қоғамы бұл
қарарды ерекше қастерлей білуі тиіс. Бұл туралы Астанада адам құқықтарына
байланысты алқалы жиында ерекше қадап айтылды.
Адамдардың бостандығы мен құқықтарын қорғау, сондай ақ осы саладағы
заңдық нормаларды ары қарай жетілдіру, ұлттық заңнаманы халықаралық құқық
нормаларына сәйкестендіру мақсатында Нұр Отан партиясы Президент
жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның бастамасын қолдап, партия
өзара ынтымақтастық келісімін жасауы туралы меморандум түрінде бекіді [2, 9-
б].
Тақырыптың өзектілігі.
Адамдардың бостандығы мен құқықтарын қорғау, сондай-ақ осы саладағы
заңдық нормаларды ары қарай жетілдіру, ұлттық заңнаманы халықаралық құқық
нормаларына сәйкестендіру, қолданыстағы құқық жүйесінің жетілдіруіне,
елдегі заңдылықтың нығаюына ықпал ететін Қазақстандық конституционализмді,
конституцияның өзекті теориялық мәселелерін жан – жақты мақсаты алға
қойылды.
Мақсаты мен міндеттері.
Курстық жұмыстың мақсаты – конституциядағы адам құқықтары мен
бостандықтары құқығының мазмұнын, адамның негізгі құқықтары мен
бостандықтары жүйесіне алатын орны мен атқаратын рөлін, жүзеге асырылуының
құқықтық механизмін зерттеу. Осы құқыққа қатысты конституциялық нормалар
мен өзге де ағымдағы заңнамалардың нормаларына кешенді сипаттама беру және
соның негізінде ұлттық заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізілді:
- адам құқығын қорғау Қазақстан Республикасында қалыптасуы мен
дамуының негізгі кезеңдерін айқындау;
- адам құқығын қорғаудың конституциялық табиғатын зерттеу және
оның ішкі мазмұнының ашылуы;
- адам құқығының жүзеге асырылу нысандарының қолданыстағы
заңнамада кездесетін кемшіліктерді анықтау және оны жетілдіру
жөніндегі ғылыми негізделген ұсыныстар енгізу.
Зерттелу деңгейі.
Қазіргі кезде Қазақстанның құқықтық ғылымында адам құқықтары мен
бостандықтарының тізбегіне мемлекет кепілдік береді, бірақ та, адамның және
азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау,
қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтары, халықтың денсаулығы
мен имандылығы, адам құқықтарының механизмі, оны сақтаудың теориялық негізі
және жеке адамның өміріне қол сұғылмау тиісті кепілдіктерін қарастырумен
байланысты кешенді зерттеу жұмысы жүргізілуде.
Дегенмен де, Қазақстан Республикасында адам құқығының қалыптасуына
айқын Есім, Қасым, Абылай, Тәуке хандарды, сондай-ақ қазақтың ұлы ақыны әрі
ойшылы Абайды, сонымен қатар қазан төңкерісіне дейінгі отаршылдыққа қарсы
батыл үн көтерген ірі қоғам қайраткерлері – Б.Сыртанов, Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.б. жатқызамыз.
Осы зерттеу заң ғылымындағы адам құқықтары мен бостандықтарының
жалпы теориялық проблемеларын зерттеуге арналған отандық заңгерлері:
Б.Өтемұратов, М.Тоқашбаев, Е.Бопабаев, С.Табанов, А.Тасболатов еңбектері
қаралып отырған ғылыми еңбектің негізіне пайдаланылды.
Зерттеудің объектісі.
Зерттеу объектісі – адамның негізгі құқықтарының рөлі мен орын
анықтаудың теориялық мәселелері, оны сақтау және жүзеге асыру механизмі
болып табылады. Зерттеу пәніне адамның құқықтары мен бостандықтарына тән
ерекшеліктерді зерттеу, оның заңнамаларда қорғалуы, тәжірибеде жүзеге
асырылу жағдайы және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу құрайды.
Ғылыми-практикалық маңызы мен жаңашылдығы.
Курстық жұмыстың жоғары теориялық құндылығы және практикалық
маңыздылығы бар. Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы алғаш рет
монографиялық деңгейде 1995 жылы Қазақстан Республикасы негізінде адам
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселесінің қарастырылуында.
Курстық жұмыс ғылыми жаңашылдығы Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау
мәселесі осы кезге дейін зерттелмеген.

1 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН ЗАҢДАРЫНДАҒЫ АДАМ МЕН АЗАМАТ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕЙБІР
МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазіргі кездегі Конституциялық тұрғыдағы заңдар – адам мен азамат
құқықтарының бет пердесі

Тарих парағы астарлағандай, қандай мемлекет болмасын адам тағдырын
сөз еткенде әу бастан-ақ заң жүзінде тұжырымдалатын өз елінің азаматтарының
құқықтарын елең етпей кеткен еместіні. Бірақта бұлардың көпшілігі іске
аспай қалуының басты себесі – сол кездегі елдің саясатына байланысты
екендігіне тарих куә.Еліміздің хал-күйін, адамдарымыздың құқықтары мен
бостандықтарын тәпіштейтін тұжырымдар, сонау кеңестік дәуір деп аталатын
кезеңдегі 1926 жылғы Ата заңымыздан бастап, қазіргі өркениетті ел қатарына
қосылуға бет байлаған шақтағы 1995 жылғы Ата заңда мейлінше көрініс тапқан.
Бұрынғы қазақ мемлекетінің кезеңімен салыстырсақ, бүгінгі заман да, тіпті
еліміз де, ел адамдарының тағдыр-талабы да күрт өзгертілді. Тіптеп келгенде
жүріс-тұрысымызға шейін өз өрісін тапқаны ақиқат. Не керек, әйтеуір
тәуелсіздік деп аталатын арнаға түсіп, тастан-тасқа секіріп, әлдебір
беймәлім, бірақ жақсылығы көп-ақ деген болжамда үлкен мұхитқа қарай
ығысқан болып жатырмыз. Оған дәлел – қазіргі заманда елімізге халықаралық
құқық принципі мәртебесінің берілгендігі, әрі мұның өзі ке- келген ұлттың,
мемлекеттің, өзін-өзі билеуге құқығының бар екендігін білдіргенінде. Міне
сондықтан да байырғы қазақ жерінде демократиялық құқықтық мемлекет құру мен
адам тағдыры проблемалары жөніндегі конституциялық қағиданы бір бірінен
бөле жара қарамай, сомалап сараптап жалпы танылған халықаралық нормалар мен
принциптерінің аясында қабылдау қажеттігі енді туған сияқты. Өйткені қандай
да болмасын өзін демократияшыл деп санайтын мемлекеттер конституциялық
қағидаттардан (яғни, бір адамның өмір сүруге, жеке басына ешкімнің
тиіспеуі, сондай-ақ қызмет, мамандық түрін еркін таңдау т.б. сияқты құқығын
нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тілі, дініне, саяси және басқа да сеніміне,
ұлттық немесе әлеуметтік тегіне қарамастан сөз бен сенім бостандығын,
әділетті әлем құқығын – Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясын өздерінің
Ата заңдарынан бөлінбес және әмбебеп ұстыны мен стандарты деп қараудан) бас
тартпаулары тиіс. Өйтпеген жағдайда ондай мемлекеттердің нағыз
демократияшылдардың қатарынан көрінуі бірғайып. Әрине өзін демократиялық
және құқықтық мемлекет деп жариялаған елімізде жоғарыда айтылған
ұстындардың толықтай сақталғанын, Қазақстан бұл ережелерді орындау
жөніндегі міндеттерді өзіне алмауы мүмкін еместігін, әсіресе, қазіргі кезде
етек алған заңдарымызды жаппай ізгілендіру бағытын атап өтпеуге
болмайды.Сөз жоқ, бұрынырақта қабылданған Діни наным және діни
бірлестіктер туралы (1993), Саяси қуғындарға ұшырағандарды ақтау туралы,
Психиятриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына
берілетін кепілдіктер туралы (1992), Халықтың көші-қон туралы (1997)
және осыған тәріздес өзге де заңдар айтарлықтай дәрежеде өзіне халықаралық
құқық қорғау нормаларын қабылдадаы, соған орай бұл адам құқығын қорғаудың
ұлттық жүйесінің қалыптасуындағы маңызды кезең болып қалатыны белгілі.
Қазақстан еліндегі қол жеткен табыстар жөніндегі мәліметтер заң
әдебиеттерімен қатар, сан алуан газет-журналдар беттерінде баянды етіліп
жүр. Өкінішке орай, еліміздің Ата заңындағы (Конституциясындағы) жекелеген
ережелер адамның шынайы құқықтары мен еркіндік санатына толық мәнімен
жанаспайтыны өмір көрсетуде. Оған дәлел – Қазақстан Республикасы
Президентінің жадындағы Адам құқықтары жөніндегі консультативтік – кеңестік
орган болып табылатын Комиссияға әр жыл сайын келіп түсетін адам құқығы мен
еркіндігін, заңды мүдделерінің аяққа басылып, тапталынатыны туралы қыруар
мәліметтер – ел азаматтарының мұңы. Осындай келеңсіз жәйттердің болуы,
көбінесе ағымдағы заңдардың Қазақстан Конституциясының мәтініне
сыйыспайтындығы, өкінішті-ақ. Әркез болса да мұның өзі конституция
мәтініндегі кейбір тұжырымдарға сын көзбен қарауға әкеп соқтыратыны сөзсіз.
Біздің туындымыздың өзегі де осы болмақ. Өйткені, еліміздің Конституциясын
– Ата заң, ал тілін- Ана тіл деп аталуының өзі- ежелгі келе жатқан салт-
дәстүр, сондықтан осы екі ғұламалы ату сөздерді қадірлеп-қастерлеу –
азаматтық борышымыз. Осы тұрғыдан қарасақ, өз Отанымыздың Конституциясының
мәтінін жаңғыртып, жетілдіру ісіне ат салысу- әрбір ғылымның азаматтық
парызы. Олай болса, ендігі жерде бұл мәселе төңірегіндегі ой-өрісіміз бен
сөз еркіндігімізге жол берелік.
Бүгінгі саясаттың басты бағыты – мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы
болып саналатын әрбір адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарының
құндылығы туралы конституциялық мәселенің дәйекті түрде іске асырылып,
бірінші кезекте, заңдылық тұрғыдан қорғалуы (ҚР Конституциясы 1-бап, 1-
тармақ). Осы орайда, өткен кеңес дәуіріндегі қайта құру кезеңі тұсында
КСРО-ға келген Ұлыбритания елінің сол кездегі прембер-министрі М.Тэтчердің
айтқан мынадай сөздерін еске түсірерлік: Кез келген қоғам немесе өкімет өз
адамдарының қабілеттерінің молынан ашылуына толық жағдай жасауы қажет. Олай
жасай алмаған қоғамның немесе өкіметтің болашағы жоқ. Осы орайда, егер
біз мемлекет болғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын
түсінгеніміз жөн. Қазақстан жерінде бұған дейін өмір сүрген мемлекеттік
құрылымдардың бәрі бүгінгі тәуелсіз республикамызға тікелей қатысты. Олар
да қазіргі қазақтардың түпкі ата – бабалары өмір сүрген және осы аумақты
болашақ ұрпақтары үшін жән – тәнімен қорғап, үлкен өркениет іздерін, тарих
парақтарында қалдырып, олар өмір сүрген мемлекеттер табиғи заңдылықтарға
сәйкес пайда болып, гүлденіп, сонан соң дағдарысқа ұшырап, тарих қойнауында
қалып отырған. Олардың пайдаға арас тәжірибелері мен сабақ болар үлгілері
ұрпақ үшін теңдесі жоқ құнды байлық. Осы тұрғыдан алғанда тәуелсіз
Қазақстанда біздің жасампаз жаңалығымыз – тарихи бай тәжірибені тірек ету
керек,- деген Мемлекет басшысы, ел қайраткері Н.Назарбаевтың айтқан
сөздерінде тарихи сабақтастық жатқандығын сезінеміз. Бүкіл жұртшылыққа аян
болғаны, сонау Қазақ КСР-інің 1937, 1978 жылдардағы Конституциясында қазақ
еліндегі конституциялық негіздердің түпқазығы болып саналатын мемлекеттік
егемендіктің өзі таптық тұрғыда құрылып, тек ұлтаралық мүддеге негізделген
жұмысшы табы мен еңбекшілердің өктемдігін (диктатура) жүргізген бір ғана
партияның үстемдігін құруға 70 жылдан астам уақыт бойы бағыт ұстап келеді.
Мұның өзінің неге соқтырғанын біз жасыра алмаймыз, ол туған халқына неше
түрлі жан түршіктірер қастандықтың жасалуымен аяқталып отырды (1928, 1932,
1933, 1937, 1968, 1986 жылдардағы уақиғаларды ешқашанда естен шығармауымыз
керек).
Қазіргі заман өзгерді. Дербес тәуелсіз мемлекетімізді құру жолына
түстік. Заңдарымыз да жеткілікті. Елбасшының бір сөзінде: Біз құрып
жатқан қоғамның ең жоғары құндылығы – адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол
үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр. Адамдардың заң жүзінде құқықтар мен
бостандықтарының кепілдігі қамтамасыз етілген топтасу, адамгершілік,
ұлтаралық келісім, барлық ұлттар мен ұлыстардың теңдігі идеяларына
негізделген,- деп атап көрсетті. Тек адам тағдырына байланысты күрделі
мәселелерді тұжырымдауда селқостық жасамасақ болғаны. Өйткені аз болса да
заңдарымызда кемшіліктер жоқ емес. Дегенменде, адамға байланысты оның
құқықтық жағдайын анықтайтын құқықтық нормалардың маңызы өте зор. Әсіресе,
Қазақстан Республикасының Конституциясында (1995ж.) белгілеген азаматтылық,
адам мен азаматтың құқықтық жағдайының конституциялық принциптері, олардың
негізгі құқықтары мен бостандықтары (азаматтық, саяси, экономикалық,
әлеуметтік және мәдени), конституциялық міндеттер. Бұл адамның құқықтық
жағдайының басты элементі, ядросы.
Адамның қоғамдағы алатын орнын анықтауда мынадай принциптер ерекше
рөл атқарады:
1) заң мен сот алдында жұрттың бәрінің теңдігі (Қазақстан Республикасының
Конституциясы 14-бап, 1-тармақ);
2) конституциялық құрылыс негіздеріндегі принциптің бірі – Қазақстан
Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы;
3) негізгі құқықтар мен бостандықтардың ажырамайтындылығы және олардың
заңсыз шектелінуіне тыйым салынуы (Қазақстан Республикасының
Конституциясы 12-бап, 2-тармақ).
Мұның өзі адам құқықтары мен бостандықтарының тізбегіне мемлекет
кепілдік береді деген сөз. Бірақ та, адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның
құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау
мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектеуі мүмкін. Осыған
қарамастан, Конституцияның 10-(азаматтылық);
13-(құқықтық субъектілігінің қорғалуы); 14–(заң мен сот алдындағы
теңдігі); 15-(өмір сүру құқығы); 17-(адамның қадір қасиетіне қол
сұғылмайтындығы); 19-(ұлтын, партияны, дінін, әркімнің анықтауы және ана
тілін т.б.таңдап алу құқығы); 22-(ар-ождан бостандығы) баптарында және 26-
бабының 2-тармағында (меншік, мұрагерлік құқығының кепілдігі) көрсетілген
құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда шектелмеуі тиіс;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары құқықтары мен міндеттерінің
бірлігі;
5) Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан
басымдылығын мойындау (ҚР Конституциясы 4-бап, 3-тармақ).
Жеке адам құқығы, еркіндігі және міндеттерінің проблемалары жөнінде
Қазақстан Республикасының Конституциясының халықаралық құқықтық жұрт
таныған принциптері мен нормаларынан сәл де болса қалыс қалып қойғандығы
сезіледі. Оған дәлел, еліміздің Ата заңының 4-бабына қарасты 3- тармағы,
онда: Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан
басымдылығы болады және халықаралық шарттардың Республика заңдарынан
басымдылығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң
шығару талап етілетін жағдай дан басқа реттерде, тікелей қолданылады,-
делінген. Ал бекітпесе ше? Бұл жағдайда осындай құжаттардың біздің елімізде
заңдық күші болмайтындығы белгілі. Мұның өзі сайып келгенде, қазіргі
кездегі мемлекетіміздің адам құқығы саласындағы саясатына сай
келмейтіндігін аңғартып тұр. Қазірдің өзінде Қазақстан Республикасының
көптеген шетел мемлекеттерімен тығыз байланысы адам құқығының әрқилы
жақтарын реттейттін көптеген халықаралық шарттарға қосылуына өз септігін
тигізетініне сөз жоқ. Әсіресе, әйелдерге, нәсілдік құқықты шектеушіліктің
барлық нысанын жою туралы, қинауға және адамдарға жат немесе қасиетке кір
келтіретін жазалаудың басқа да хайуандық түрлеріне қарсы конвенцияларды,
басқа құқықтары, босқындар мәртебесі туралы, т.б. халықаралық актілерді
мойындап қана қоймай, бұларды өз Ата заңымызбен сәйкестендіру мәселесі
заңгерлеріміздің ойларынан қалыс қалмауы тиіс. Біздің ойымызша, халықаралық
құқық нормалары мен жалпыға танымал принциптерін Қазақстан Республикасының
ұлттық құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарауға мезгіл жетті ғой
деп ойлаймыз. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясының кейбір
тұжырымдамаларын (айталық, 4-бап, 3-тармақ, 12-бап) жоғарыда айтылғандармен
толықтыруымыз қажет. Өйткені, мемлекетіміздің ең жоғарғы мақсаты – адам мен
азаматтың құқықтары мен бостандақтары қамтамасыз етіліп, оларға кепілдік
беру болатыны болса, онда бұларды халықаралық шарттарға, пактілерге және
конвенцияларға сәйкестендіріп қолдануымыз қажет.
Еліміздің Ата заңының 4- бап, 4- тармағындағы екінші сөйлемінде
Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты
нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың
міндетті шарты болып табылады,- делінген. Демек, осыған байланысты
жарияланбаған құқықтық актілердің заңдық күші болмайды және оларды
қолдануға тыйым салынады,-деген сөз. Олай болатыны болса, Бұл тұжырымды
еліміздің Конституция мәтініне енгізуімізге неге болмайды?
Еліміздің Ата заңында мынадай тұжырым бар: Қазақстан Республикасы
аумағында заңды түрде жүрген бір адамның, заңда арнайы көрсетілгеннен басқа
реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз
қалауынша таңдап алуға құқығы бар (21-бап, 1- тармақ). Ал, егер мұны Адам
құқығының жалпыға бірдей Декларациясымен салыстырып қарасақ, онда, әрине,
заңда арнайы көрсетілгеннен басқа реттерде- деген қыстырма сөздер жоқ.
Демек, мұның өзі қандай да бір болмасын адам құқығына шектеушілік
жасалғандығын көруге болады. Әрине, бұл қыстырма сөздің Ата заңның
мәтінінен алынып тасталмауы шетелде жүрген қазақтардың өзінің байырғы еліне
қайтып оралуына кедергі келтіретіні сөзсіз. Осының салдарынан еліміздегі
оралмандарымыздың Қазақстан азаматтығын дер кезінде ала алмай
жүргендіктерін білеміз. Оның басты себебі- тіркелу мәселелерін туындайтын
кедергілердің болуы әрі, Ата заңымыздың 10-бабының 3-тармағында Республика
азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды,- деген
тұжырым кері әсерін, әсіресе, оралмандарға тигізіп тұр. Демек, Қазақстанда
қос азаматтық жоқ, оған тыйым салынады деген сөз. Бірақ мұның өзі
оралмандарға емес, тек Қазақстан Республикасының азаматына қатысты.
Сондықтан, оралмандарымызға кетер кезде өздерінің тұрғылықты тұрған елдің
азаматтығынан шықпаса да Қазақстан Республикасының азаматтығын беруге
кедергі болмауы тиіс. Мұндай жағдайларда біздің елімізде қос азаматтық
уақытша болса да танылуы керек.
Адам тағдырына байланысты тағы да Қазақстан Республикасының
Конституциясының тұжырымдарына көз жіберелік. Оның 32-бабында: азаматтардың
бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар,
шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға құқығы сөз етіледі. Әрине, бұл
Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясына сай келеді. Бірақ та бұл
тәртіптің іс жүзінде орындалуы тәжірибе көрсеткендей оңайға соқпайды,
өйткені, аталмыш баптағы құқықты пайдалануға мемлекеттік қауіпсіздік,
қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адам дардың құқытары мен
бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектеулі деген түсініктеменің
берілуі тіпті тегін емес-ті (32-бап, 2-тармақ). Жоғарыда аталған
Декларацияда мұндай тіркес сөздер жоқ. Сөйтіп, осы баптың 1-тармағын жүзеге
асыру жолындағы оның екінші тармағы бірден бір елеулі кедергі болып
саналады. Мұның өзі, көріп отырғанымыздай, қоғамдық үрдіске деген құқықтың
өзі Ата заңымыз бен басқа да заң актілерінде жеке дара аталмайды да, билік
етуші құрылымдар, оның ішінде құқық қорғау органдары тарапынан оған айбатты
қарау мен өзім білемділікке салынудың алғы шарттарын байқатады. Демек,
конституциялық тәртіпті бұзбайтын қоғамдық қарсылық оқиғаларын, заңи
бейберекетсіздік деп қарауға болмайды. Тіпті тоталитарлық режим кезінде де
Конституция шегінде адам құқығына байланысты шектеулер қойылмаған-ды.
Мысалы, 1926 жылғы Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасы
Конституциясында еңбекшілердің жиналыстар, митингілер, т.б. бостандықтары
шынайы болуы үшін, азаматтардың құқықтарын тани отырып, оларға жиналыстар,
т.б. ашу үшін жарамды бөлмемен қамтамасыз етілуі көзделген (2-бөлім),
Жалпы ережелер,(1-тарау, 6-тармақ); 1937 жылғы Қазақ КСР Конституциясында
да дәл осындай жазулар бар: 102-бапта: Еңбекшілердің мүдделеріне сәйкес
және социалистік құрылысты нығайту мақсатымен, Қазақ КСР азаматтарына:
а) сөз бостандығын;
б) баспа сөз бостандығын;
в) жиналыс және митингі бостандығын;
г) көшеде топ құрып жүру, демонстрация жасау бостандығын заң
қамтамасыз етеді.
Азаматтардың бұл құқықтарын еңбекшілерге және олардың ұйымдарына,
баспаханалардың, қағаз қорларының, қоғамдық үйлердің, көшелердің байланыс
құралдарының және осы құқықтарын іске асыруға қажетті өзге де заттық
жағдайлардың берілуін қамтамасыз етіп отырады,- делінген; 1978 жылғы Қазақ
КСР Конституциясында : Халық мүдделеріне сәйкес және социалистік құрылысты
нығайтып, дамыту мақсатында Қазақ КСР–і азаматтарының сөз, баспасөз
бостандығына, жиналыстар, митингілер өткізу, көшеде шеру тарту және
демонстрация бостандығына кепілдік беріледі. Бұл саяси бостандықтардың
жүзеге асырылуы еңбекшілер мен олардың ұйымдарына қоғамдық үйлер, көшелер
мен алаңдар беру, информацияны кеңінен тарату, баспасөзді, телевизия мен
радионы пайдалану мүмкіндігі арқылы қамтамасыз етіледі,- делінген (48-
бап); 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында да осындай
жазулар бар: Республика азаматтарының бейбіт жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер мен демонстрациялар бостандығына кепілдік беріледі (15-
бап), Республика азаматтары өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру
үшін ерік-жігерін ықтиярымен білдіруі және мүдделер ортақтығы негізінде
қоғамдық бірлестіктер құруға құқылы,- делінген (16-бап).
Адам құқығына көзқарасты ауыстырып алудың салдары әлеуметтік
технологиялық сипаттардың бар байлығымен айшықталған толыққанды тұлғаның
қоғамдық абырой-беделі емес жеке адамның мүддесіне, талап-тілегіне, мұң-
мұқтажына көбірек назар аударуға әкеп соғады, тәуелсіздік, кісілік, өзін-
өзі сыйлау, әділетке ұмтылу сияқты сезімдер ысырылып қалады.
Осыған орай, мынадай бір мәселені жол-жөнекей қозғай кеткен де
орынды сияқты. Қазақстан Республикасының Конституция шеңберінде кепілдік
берілетін адамдар мен азаматтардың құқығы мен еркіндігін қорғау Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияға
жүктелген. Ол Елбасының 1994 жылғы Жарлығымен құрылған болатын. Осыған орай
айтарым, мұндай адам құқығына байланысты мәселелерді сотсыз шешу бұрын-
соңды (Кеңестер Одағы кезінде) болып көрмеген. Аталмыш комиссияның негізгі
міндеттерінің бірі өз сатына сай, азаматтардан түскен шағымдар мен
арыздарды қарап, саоалап, олардың дұрыс шешімін табуына ықпал ету болып
табылады. Шағымдар мен арыздарды саралап қарасақ, олар әр жөніндегі
мәліметтер басымырақ. Мұның сыры – қызметкерлердің ұзақ мерзімге дейін
өздеріне тиесілі еңбекақыларын, қаржылай сыйлықтарын, материялдық қаржылай
көмек ақыларын мекеме, кәсіпорын басшыларының негізсіз төлемей отырғанында.
Әрине, сөз жоқ, мұндай орын алып отырған өміріміздегі келеңсіз жәйттер
олардың аштық жариялап, ереуілге шығуларына бірден-бір себепкер екендігіне
күмән келтіруге болмайды. Бұған, әрине, құқық қорғау органдарының адамдарды
заңсыз қамауға алу іс әрекеттері отқа май құйғандай сияқты. Сондықтан, бұл
мәселе төңірегіндегі ой-пікірлеріміз оңды болуы үшін, біздің ойымызша, адам
тағдырын, оның құқығын толық ескеріп, заң органдарының жауапкершіліктерін
күшейту кезеңі туған сияқты. Бұл жөнінде заң тұжырымдары қажет. Жоғарыда
аталған комиссияның мәртебесін көтеріп, оны Адам құқығы жөніндегі Комитетке
айналдырса нұр үстіне нұр болар еді.
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы бекітілген адамдардың
негізгі құқықтары мен бостандықтары (оның мазмұнын қоса алғанда) заңды
тұлғаларға да таратылатынын Ата заң мәтінінде сөз етілсе дұрыстау деген
ойдамын. Дәл осындай жағдайлар, айталық, жаңа заңдарды қабылдағанда немесе
қолданыстағы заңдарға қандай да болмасын өзгертулер мен толықтырулар
негізілгенде адам құқықтары мен бостандықтарының мазмұндары мен мөлшері
(көлемі) тарылмауларына жол берілмейтіндігін Ата заң мәтінінде айрықша
тұжырымдалуы тиіс.
Мұндай ескертпелер тізе берсем табылады. Айталық, әрбір адам өзінің
мұқалған құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін ұлттық құқықтық қорғау
инстанцияларының барлығынан өтіп, тиісті заңды дұрыс шешімін таба алмаса,
онда олардың халықаралық сот мекемелеріне жүгінулеріне құқылы екендігін
мойындап, заң жүзінде (Ата заңда) тұжырымдалуы тиіс (Украина
Конституциясының 55-бабы тәріздес).
Тағы да бір мынадай мәселенің төңірегіне назар аударсақ, Қазақстан
Республикасының Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген
салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің
борышы, әрі міндеті болып табылады,- делінген. Бірақ, бұлардың қай мақсаты
жұмсалып жатқандығынан жұртшылықтың хабардар болмауы. Егер ле осындай
біздің ой-пікіріміз Конституция мәтінінен орын тапса, онда адамдардың заңды
мүдделерін сақтауға бір қадам болса да алға басқандық деп санар едік.
Ой толғандыратын мәселенің бірі – Украина Конституциясының 60-
бабындағы ешкімде анық қылмыстық бұйрықтар мен өкімдерді бергендері және
орындатқаны үшін заң жауапкершілігі туындайды,- деген тұжырымдар. Мұны да
елеңсіз назардан тыс қалдыруға болмайтын сияқты. Өйткені, кімге болсын
заңсыз бұйрықтарды берерде не орындатарда ол істің артындағы адам
тағдырының бар екендігіне жауапкершілікпен қарауды әсте естен шығармауға
тиіспіз.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтің 2002
жылғы 19 наурызда Женевада өткен Адам құқықтары жөніндегі Біріккен Ұлттар
Ұйымының комиссиясының 58-сессиясында сөйлеген сөзінен келтірілген үзінді:
Біздің мемлекетімізді демократияландырудың күн тәртібінде биліктің бір
бөлігін орталықтан алу, адам құқықтары жөніндегі өкілетті уәкіл лауазымын
ендіру, сайлау заңнамасы, үкіметтік емес ұйымдарға қолдау білдіру секілді
мәселелер тұрғанын атап айтқым келеді.
Халықаралық құқық қорғау қауымдастығында біздің мемлекетіміз оның
ажырағысыз бөлігі болып табылатындығы және ол осы тұрпатында адамның
демократиялық құқықтары мен бостандықтарын одан әрі кеңейтуге ұмтылатындығы
тұрғысында ешқандай күмән бол мауға тиіс. Қазақстан барша халықаралық
ұйымдармен, сондай-ақ құқық қорғау институттарымен одан әрі ынтымақтасу
қажет. Бұл біздің саналы түрде таңдап алған және дәйекті саясатымыз,-деген
болатын.

1.2 Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
механизмдері және ұлттық инститтутар

Тәуелсіз Қазақстандағы адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын
қорғау мен іске асыруын қамтамасыз ететін заң базасын талдау, бізге, заң
жүзінде бекітілген адам құқықтарын қорғау механизидері мен институттарын
және олардың сақталуын бақылауын анықтауға мүмкіншілік береді. Адам құқығы
жөнінде кейбір негізгі халықаралық құжаттарды Қазақстанның бекітпеуі не
оларға қосылмауы адам құқығын қолданыстағы тиімді механизмдерінен қорғайтын
халыаралық мемлекетаралық институттар мен рәсімдерден қалыс қалды.
Сөйтіп, Қазақстандағы адам құқықтарының сақталуын бақылайтын және
тәсілдермен қорғайтын институттардың қатарына тек мына үш топқа
қатыстырылды- мемлекеттік, аралас (мемлекет органдары жанындағы қоғамдық-
кеңесшілері мен адвокатура жүйесін) және үкіметтік емес (қоғамдық, соның
ішінде халықаралық және шетел ұйымдарын) жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 40- бабы бекітті:
2. ... Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік
бірлігінің, конституциясының мызғымастығының, адам және азамат құқықтары
мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы әркімге өз құқықтарын сотта
қорғауға кепілдік береді. Ең бастысы сот төрелігінің принциптерін
анықтайтын Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабы:
3. ...Заңды қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа
алуы тиіс:
1) адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен
танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
2) бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе
әкімшілік жауақа тартуға болмайды;
3) өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің
өзгертуіне болмайды;
4) сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
5) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа
міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері
күші болмайды. Егер құқықбұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік
заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;
6) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге мінднтті емес;
7) ешкім өзіне-өзі, жұбайына және заңмен белгіленген шектегі жақын
туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне
сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;
8) адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының
пайдасына қарастырылады;
9) заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім
өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
10) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Конституциясының 78 – бабы
белгілейді:
Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де
нормаимвтік құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолдануға
тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды
етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан
келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні
конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті.
Адамның құқытары мен бостандықтарын қорғайтын келесі институты
прокуратура болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 83- бабына сәйкес:
Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың,
Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік
құқықтық актілердің дәлме дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру
қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс
жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез
келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай- ақ
Республика Конституциясы және заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да
құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін
білдіреді, сондай – ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте
қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады.
Адам құқығын қорғаудың аралас институттарының қатарына Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияны
жатқызуға болады, оның Ережесі, 2003 жылғы 19 наурызда, Қазақстан
Республикасының Президентінің Жарлығымен бекітілді. Мұның басты мақсаты –
Мемлекет басшысының , Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес
танылатын және кепілдік берілетін адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарының кепілі ретіндегі өзінің конституциялық өкілеттіктерін іске
асыруына жәрдемдесетін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Комиссияның негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасында
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретіндегі
өзінің конституциялық мәртебесін іске асыруы үшін жағдай жасау;
2) Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз ету мен
қорғау тетігін жетілдіруге жәрдемдесу;
3) Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы
мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметіне жәрдемдесу;
4) Адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау
саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамалары мен бағдарламаларын
әзірлеуге қатысу;
5) Адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау
саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу болып
табылады.
Комиссияның құзіреті:
1) мемлекет басщысына және тікелей Комиссияға жолданған, Қазақстан
Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтардың, азаматтығы жоқ
адамдардың, сондай-ақ ұйымдардың адамның және азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарының бұзылу фактілері туралы ақпарат бар өтініштерін
қарайды.
2) Мемлекет басшысының атына Қазақстан Республикасында адамның және
азаматтың құқықтарының сақталуы туралы жыл сайынғы және арнаулы
баяндамалар әзірлейді. Бұл баяндамалар баспасөзде жариялануы мүмкін;
3) Комиссияның құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік
органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, өзге де ұйымдардың және
азаматтардың ұсыныстарын қарайды;
4) Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету,
қорғау тетігін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлейді және оларды ,
Қазақстан Республикасының Президентінің қарауына енгізеді;
5) Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз ету мен
қорғау мәселелерін қозғайтын , Қазақстан Республикасының заңнамасына
талдау жасайды, осы мәселелерді реттейтін заң жобаларын әзірлеуге
қатысады;
6) Адам құқықтары саласындағы халықаралық шарттар бойынша талдау
материалдарын, сараптау – ұсынымдық қорытындылар мен ұсыныстар
дайындайды;
7) Адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдардың, басқа үкіметтік емес
құқық қорғау ұйымдарының жұмысыеа қатысады.
Комиссия өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік билік
органдарымен, үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарымен, сондай-ақ бұқаралық
ақпарат құралдарымен белгіленген тәртіппен өзара іс-қимыл жасайды.
Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында: 1)
мемлекеттік органдардан, сондай-ақ ұйымдар мен лауазымды адамдардан қажетті
мәліметтерді, құжаттар мен материалдарды сұратып алуға;
2) өз оытрысында адамның және азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты мәселелер жөнінде
мемлекеттік органдардың тиісті лауазымды адамдарының ақпаратын тыңдауға;
3) уәкілетті мемлкеттік органдардың адамның әне азаматтың
құқықтарының бұзлуы туралы мәліметті тексеруіме бастамашылық жасауға;
4) жекелеген жұмыстарды жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен
ғалымдар мен мамандарды тартуға;
5) адамның азаматтың негізгі құқықтары мен босатандықтарының
сақталуына байланысты мәселелерді талқылау үшін Тәуелсіз Мемлекетер
Достастығына қатысушы мемлекеттердің, сондай-ақ өзге де мемлкеттердің адам
құқықтары жөніндегі комиссияларымен және басқа да осындай құрылымдарымен
ынтымақтастық жасауға құқықылы.
Комиссияның құзіретіне кіретін мәселелер бойынша оның мүшелерінің
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлкеттік билік органдарына, сондай-ақ
мемлкеттік ұйымдарға баруға құқығы бар.
Комиссияның отырыстарында қабылданатын және Қазақстан
Республикасының Президентінің назарына жеткізілетін ұсынымдар мен
қортындылар оның шешімдері болып табылады.
Комиссияның ұсынымдары мен шешімдері оның отырысқа қатысқан мүшелері
санының жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда
отырыста төрағалық етуші жақтап дауыс берген шешім қабылданған болып
саналады.
Комиссияның құрамын – төрағасын, хатшысы мен мүшелері, Қазақстан
Республикасының Президенті бекітеді.
Комиссияның өз өкілеттілігі шеңберінде қабылдаған ұсынымдары мен
қорытындылары мәселені шешу құзіретіне кіретін тиісті мемлкеттік органға
жолданады.
Комиссияның ұсынымдары мен қорытындыларын алған мемлкеттік орган
меноның лауазымды адамдары белгіленген мерзімде оларды қарауыға және
қабылданған шешім туралы оған хабарлауға міндетті.
Комиссия төрағасы мен мүшелері оның жұмысына қоғамдық негізде
қатысады.
Комиссия төрағасы комиссияға жалпы басшылықты жүзеге асырады,
Комиссия хатшысы мен мүшелеріне тапсырма беріп, оынң отырыстарының кн
тәртібін белгілейді.
Комиссияның қызметтік құжатарына, ұсынымдары мен қортындыларына қол
қояды, адам құқықтары мен бостандықтарына қатыстыкеңестерге қатысады.
Қазақстан Республикасының Президентіне Комиссия қызметін жетілдіру
жөнінде ұсыныстар енгізіледі.
Комиссия төрағасы орнында болмағанда, Комиссияның қызметтік
құжаттарына ұсынымдары мен қортындыларына оның хатшысы қол қояды.
Комиссияның отырыстарын оның төрағасы қажеттігіне қарай, бірақ
тоқсанына кемінде бір рет шақырады. Комиссия отырстарына оынң мүшелерінің
жартысынан астамы қатысса, құқылы болып саналады.
Комиссия төрағасы орнында болмағанда, оның отырстарында комиссия
хатшысы төрағалық етеді.
Комисияның қызметін ақпараттық талдау және ұйымдық қамтамасыз етуді
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрамына кіретін
хатшылығ жүзеге асырады.
Комиссия хатшылығы адам құқықтары мәселелрі құзырында болатын
облыстардың, Республикалық маңызы бар қалалар мен республика астанасының
әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарына ұйымдастыру - әдістемелік,
ақпарттық және өзге де көмек көрсетеді.
Сараптама – тадау зерттеулерін жүпгіщу үшін Комисия жанынан ғылыми
мекемелер, білім беру ұйымдары мен үкіметтік емес ұймыдар өкілдері мен
қоғамдық негізде жұмыс істейтін сарапшылық кеңес құрылады. Сарапшылық кеңес
құрамы Комиссия оытырсатырнда бекітіледі.
Адам құқытары аясындағы Қазақстандық Заң базасы адам мен азамттың
негізі құқықтары мен бостандықтары қорғау мен іске асырылу тәжірибесін
қамтамасыз етілуін төрт деңгейге бөлуге болатындығын көрсетті.
Бірінші деңгей (халақаралық) – адам құқығы аясындағы халықаралық
ұйымдар шегінде қабылданған халықаралық шарттардағы, келісімдерге және өзге
де құжаттардағы адам құқықтары бостандықтарын қорғау мен іске асырылу
кепілдігін қамтамасыз ету, егер де оның мүшесі болып саналатын ел осы
құжаттарды таныса, бекітсе.
Адам құқықтары туралы конвенцияларға Қазақстан қосылуына қарамастан
қазіргі уақытта бұл халықаралық шарттар тікелей сот практикасында
қолданылмайды десек те болады, ал ұлттық заңдар толық көлемді олармен
сәйкестендірілмеген. Сондықтан Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық
шарттар нормаларының адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін
пайдаланылуы әзірше мардымсыз.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 4-бабына сәйкес, оның ең
жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей
қолданылады, - делінген. Сөйтіп екінші (конституциялық) деңгейде
Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтарын, қорғау мен іске асырылу
кепілдігі Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бөлімінде: Адам мен
Азамат бекітілген нормалардың іс-әрекеттерімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Мұнымен қатар Конституцияда азаматтардың құқықтарын қорғау мен сот
төрелігін іске асыру принциптеріне қатысты кейбір ережелермен бірге
кінәсіздік принципі де тұжырымдалған.
Алайда, адам құқықтары мен бостандықтары мемлекет тарапынан қорғалу
кепілдіктері мен олардың іске асырылуы заңдардың мынадай деңгейлеріне: заң
шығарушы мен атқарушы биліктердің конституциялық заңдарына, қаулыларына
және өзге де нормативтік актілеріне тікелей байланысты. Конституциялық
нормалардың азаматтық, азаматтық істер жүргізу, қылмыстық істер жүргізу,
әкімшілік заңдарында дамытылуы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
нығайтуы да, немесе оларды негізсіз шектеуі же мүмкін.
Қолданыстағы ел заңдары, яғни үшінші деңгейі (халықаралық және ел
конституциясында бекітілген құқықтар мен бостандықтардың қорғалуы мен іске
асырылу кепілдіктерін қамтамасыз ету) көп көлемді заңдар иен заңға тәуелді
нормативтік құқықтық актілеоден тұрады.
Ақырғы, төртінші деңгейі (практикалық), мұнда: биліктің атқарушы
тармағы заңдарды қалай орындайтындығы, азаматтардың конституциялық
құқықтарын қорғау мен сақтау бөлігін кімдер бақылайтындығы, сондай – ақ
егер азаматтардың ойынша бұл құқықтар заңдарда немесе құқық қолдану
практикасында қайда, қай органға жүгінуі және бұл қорғаудың қандай
рәсімдерінің бар екендігі анықталады.
Қазақстан Республикасында қазіргі кездегі қолданылып жүрген адам
құқығы жөніндегі заңдардың басты проблемаларының бірі – оның адам құқығы
жөніндегі халықаралық құжаттардағы ұғымдарға, нормалар мен ережелерге сай
келмейтіндігі болса, екінші жағынан, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын пайымдайтын заң нормаларына ресми түсініктеме беретін
мемлекеттік органдардың болмауы, соның кесірінен, адам өз мұқалған
құқықиапын қалпына келтірілуі туралы оның Конституция нормаларына
сәйкестігін білулеріне кейбір жағдайларда мұқтаж болуда.
Мұның өзі, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғауды
қамтамасыз ету жөніндегі конституциялық нормалар мен қағидаларын тиімді
қолданылуын көптеген жағдайларда әлсіретеді. Сондықтан Қазақстан
Республикасында адам құқығын кез келген бұзушылықтан қорғау жөнінде заңдар
жасап, ол өмірге енгізілуі тиіс. Біз қоғамдық қатынастарды заңдық тұрғыда
толық реттеу, заңдылық қағидасын дәйекті түрде жүзеге асыру қажет деген
пайымдауды толық бөлісеміз.
70 жылдық тоталитарлық режимнің зардаптарынан құтылу үшін
қазақстандық қоғам мен қазақстандық қорғау ұйымдарына көп уақыт қажет. Бұл
зардаптар психологиялық қондырғыдан, халықтың басым көпшілігінің
менталитетімен және қоғам биліктің қалыптасқан стереотиптік өзаралық қарым-
қатынастарынан және де билікші элита өкілдерінің басым көпшілігінде
сервативтік басқару идеологиясының сақталуынан және Қазақстандағы
диссиденттік қозғалыс дәстүрінің, сондай-ақ өз құқықтары үшін өркениетті
күресу дағдысының жоқтығынан көрініс табады.
Бұл жағдайда, Қазақстанда құқық қорғау қозғалысының қалыптасуына,
адам мен азаматтың фундаменталдық құқықтары мен бостандықтарын қорғап қалу
үшін оның ұйымдастырушылық – техникалық қабілеттілігі мен дағдысының
жоғарлауына халықаралық жұртшылықтың, дамыған демократиялық елдердің құқық
қорғау ұйымдарының пәрменді қатысуы өте тиімді. Өз кезегінде, Қазақстан
құқық қорғаушылары өздерінің тарихында осындай кезендерді басынан кешірген
немесе кешіріп жатқан елдердің тәжірибелерін кең түрде пайдаланулары қажет.
Осы тұста өзімізден басқа біздің проблемаларымызды ешкім де
шешпейді,- деген жауырынды сөздерді қайталамасқа амал жоқ [3, 219-б].

2 БӨЛІМ. Қазақстан құқықтық мемлекет, Басты қазынасы адам және азамат

2.1 Қазақстан қоғамының басты игілігі – адам құқығы

Конституция бойынша Қазақстан Республикасы өзін демократиялық және
құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады. Мемлекеттің басты қазынасы болып
адам және адамның өмipi, оның құқықтары мен бостандықтары танылады.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін, дербес
мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатындай барша құқықтық
негіздерді қайта құру қажетті туындағанды.
Сонғы кездері құқықтық мемлекет идеясы заңды ойлаудың, тағы да ең
маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына
жатады.
Құқықтық мемлекет — тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы
белісі ғана емес, сонымен бipre адамның бостандықтарын, қадір-қасиетін, ар-
намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш.
Құқықтық мемлекет терминінің өзі XIX ғасырдың алғашқы жартысында
немic ғалымдарынын енбектерінде жарық көрді. Құқықтық мемлекетті
қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды.
XIX ғасырдың соңы және XX ғасырдың алғашқы жартысында құқықтық мемлекет
теориясы құқықтық мемлекет жөніндегі үстемдігін бекітті. В.М, Гессен былай
деп көрсетті: Құқықтық мемлекет деп өзінің қызметінде, үкіметтік және
соттық функцияларды атқарғанда құқықпен шектелетін және байланысты болатын,
құқықтан төмен тұратын, одан тыс және жоғары болмайтын мемлекетті айтамыз
[4, 132-б].
Құқық пен занның, айырмасы, олардың табиғатын анықтау, қолдану
аумағы мен қарым-қатынасы екі мың жылдан астам Еуропаның саяси ойлау
процесінің ортасында тұрды . Мысалы, Аристотель кез-келген заң, өзінше
құқықтық білдіреді деп жазды. Құқыққа қарамай, заңның билік етуі мумкін
емес, себебі құқық оны мойындау немесе мойындамауға тәуелді емес.
Қазіргi кезеңде теорияның даусыз мойындалып отырған белгісі -
мемлекет пен адам арасындағы байланыста басымдықтың адамға берілуі.
Мемлекеттің міндеті тек адамдардың кейбір топтарына ғана қатысты емес,
жекелей алғанда әpбip адамның мүддесіне қатысты басқарушылық шешімдер мен
бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады. Сондықтан да құқықтық мемлекет
құрудың мәселелерін кешенді түрде талқылау бірінші кезектегі міндетке
жатады.
Шынайы құқықтық мемлекет құру үшін қоғамдық өмірдегі әр салаға
заңның күші бірдей дәрежеде әрекет етуі тиіс, әcipece ол ең алдымен
биліктің бөлінуі барысында пайда болған заң шығарушы, сот және атқарушы
билікті жүзеге асыратын органдар үшін міндетті қағида. Тек, осы жағдайда
ғана азаматтардың құқықтары мен бостандықтары еш шүбәсіз қамтамасыз
етілмек.
Қоғам мен мемлекеттің ара-қатынасының маңызды түйіні заңның
үстемдігін және қоғамның құндылығы ретіндегі құқықты, мемлекет пен тұлғаның
өзара жауапкершілігін, жоғары құқықтық мәдениетті, азаматтарды құқықтық
қорғауды, тиімді құқықтық жүйелер мен рәсімдерді және заңдылықты қамтамасыз
етуді мойындайтын құқықтық мемлекет болып табылады. Құқықтық мемлекет, яғни
жеке адам және қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық
принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру ici -
қоғамды демократияландыруға, құқықтық тәртіптің және заңдылық
принциптерінің сақталуына негізделеді.
Негізінен құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам бip-бірімен тығыз
байланыста қалыптасқан ұғымдар. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет
туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-
пікірлердің, теориялардын көп болатын себептepi тек қана мемлекеттің,
қоғамның мазмұнының өте күрделі болуынан немесе олардың, нысанының сан
қырлы өзгеруінен емес, сонымен бipre азаматтық қоғам мен мемлекеттің саяси
билікті жүргізуі және олардың іс-әрекеті барлық таптардың, топтардың мүдде-
мақсатына қатысты болуы.
Егерде біздер заңдарды жақсы білетін болсақ, ешкімге пара бермеген
болар едік. Сонда ғана құқық қорғау органдарының қызметкерлері өзінің
азаматтық әрі кәсіби жауапкершілігін терең сезініп, әділетсіздік азаяр ма
еді? Құқықтық сауаттылық үшін күресетін уақытымыз жетті. Құқық мәселесін
әрбір Қазақстан азаматы өзінен бастаса, тезірек құқықты ел боламыз. Қазақ
халқы 1995 жылғы қабылдаған конституциясындағы құқықтар мен бостандықтарын
1978 жылғы қазақ КСР конституциясында жарияланған жүйесімен салыстырсақ,
маңызды қағидалық ерекшеліктерін көруге болады.
Біріншіден, коғам мен мемлекеттегі адам құқықтары мен бостандықтары
институтының рөлі мүлдем басқаша көрсетілген. Конституцияның 1-бабында
адам мен адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары - ең қымбат қазына
екендігі белгіленген, ал осы құқықтар мен бостандықтарды тану, сақтау және
қорғау мемлекеттің міндеттемесін құрайды. Бұл ретте 1995 жылғы конституция
жеке тұлғаның құқықтары мен мүдделеріне қатысты мемлекет құқықтары мен
мүдделерінің абсолютті басымдығынан бас тартты.
Екіншіден, құқықтар мен бостандықтар басқаша теориялық - құқықтық
негіздеуге ие болды: оларды тек мемлекет сыйлайды деген тұжырым алып
тасталды, адам құқықтары мен бостандықтарының әркімге тумысынан
жазылғандығы және олардың ешкімнің айыра алмайтындығы танылады. Үшіншіден,
бұл конституцияда құқықтар мен бостандыктардың қалыптасқан халықаралық
стандарттарға, Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясындағы олардың
сыныптамасына сай келетін басқа жүйесі көрініс тапқан. Азаматтық және саяси
құқықтар туралы халықаралық пактіде, сол секілді Қазақстан Республикасы
2003 жылы қосылған экономикалық, әлеуметтік және мәдени кұқықтар туралы
халықаралық пактіде — қазіргі кезде БҰҰ-ға мүше 140-тан астам мемлекет
қатысушылары болып табылатын екі пактіде - бірінші орынға жеке тұлға
кұқықтары мен бостандықтары өмір сүру құқығы, жеке тұлғаның қадір-қасиеті,
әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауы, еркін жүріп-тұруы, діни наным
бостандығы, сөз және ой бостандығы шығарылған. Бұл экономикалық және мәдени
құқықтарды кемсітпейді, бірақ оларды толық іске асырудың қажетті алғышарты
қызметін атқарады.
Төртіншіден, құқықтар мен бостандықтар туралы ұлттық заңнаманың
халықаралық құқыкпен байланысы елеулі түрде кеңейтілген: халықаралық
құқықтың ортақ танылған қағидаттары мен нормалары және халықаралық шарттар
Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі деп
жарияланған (ҚР конституциясы, 4-бап, 1 тармақ).
Бесіншіден, 1995 жылғы Негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық
Салықтық құқықтық нормалар және салықтық құқықтық қатынастар, салық құқығығылымының мемлекеттік салық салу қызметіне тигізетін әсері
Халықаралық деңгейде индивидтің құқығын қорғау
Адам құқықтары мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын топтастыру
Адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің конституциялық құқықтық қырлары
Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Қазақстан Республикасының азаматтары құқықтары мен міндеттерінің бірлігі
Адам және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары
Анықтама мен тергеудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың міндеттері, маңызы
Ауыл шаруашылығы өндірісінде жерді пайдалануды құқықтық реттеу
Пәндер