Экономикалық ресурстар және өндіріс факторы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

І тарау. АДАМ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА
1.1 Адамды модельдеудің бағыттары
1.2 Экономикалық ресурстар және өндіріс факторы
1.3 Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижелері

ІІ тарау. РЫНОКҚА ӨТУ ЖАҒДАЙЛАРЫНА ЭКОНОМИКАНЫ ТҮРЛЕНДІРУДІҢ ТҰЖЫРЫМДЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1. Құрылымдық қайта құрудың теориялық және әдіснамалық негіздері
2. Экономикалық даму модельдері және өнеркәсіпті құрылымдық қайта құру
3. Шетел инвестициялары мен жоғары технологияларды селективті жұмылдыру

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Экономикалық білім негіздері – қазіргі экономикалық жүйелер мен
шаруашылық жүргізудің әр түрлі әдістері, сонымен бірге қоғам дамуы мен оның
мүшелерін ынталандыру, адамзат өркендеуіндегі әлеуметтік қорғау
жағдайларына талдау жасайды, зерттеп үйретеді.
Ал жастардың экономикалық білім негіздерін меңгеруі мыналардың мән-
мағынасын түсінуге жәрдемдеседі:
❖ Нарықты экономикада тұтынушы, онымен бірге өндіруші, жұмысшыларды
жалдаушы және сол жұмысқа жалданушы қандай міндеттер атқарады.
❖ Нарықты экономикада тұтынушы, сонымен бірге өндіруші, не өндіру керек,
қалай өндіру керек, өндіргенді кім пайдаланатыны туралы кім және қандай
шешім қабылдайды.
❖ Экономикадағы мемлекеттің атқаратын міндеті, оның экономикалық өмірдегі
орны және бұл қатынастың тиімділігі.
❖ Жұмыссыздықтардың пайда болуы мен түрлері, олардың инфляциямен
байланысы, экономикалық өрлеудің проблемалары.
Экономикалық білім негіздері- бұл адам өзі үшін өзінің от басы және
бірлесіп істеп жүрген жұмыскерлер үшін тапшы, нарықты экономика деп-
экономикалық шешімді орталықтан емес жергілікті тауар өндірушілердің шешімі
қабылдайтын экономиканы айтады. Нарықты экономикалық жұмыс істеу негізі
нарық арқылы болады. Нарық туралы әртүрлі түсініктемелер бар, олардың
барлығы мына жағдайларға тіреледі: ол шаруашылық жүргізетін субъектілердің
өз бетімен дербес шешім қабылдайтын өзара қарым-қатынастары.
Экономикалық білім негіздерін игеру нарықтық экономикадағы адамды
қорғайтын құқықтарды біліп, оны игеру, сонымен бірге адам құқықтарының
тиімді кепілдемесі, ал бұл өз кезегінде жекеменшік болып табылады. Адам
абстракты түрде мүддесін қорғамай нақты адам тұтынушының мүддесін қорғау
нарықты экономиканың объективті заңы болып табылады. Сондықтан жастардың
экономикалық білімін игеруіне бұл жалпы халықтық бағдарлама, демократия
мемлекет құқығы және игеру болып есептеледі.
Өндірістің экономикалық қатынастары 2 түрлі және көп жақты болады.
Экономикалық өмір тіршілігін жандандырып жалғастырады. Сондықтан өндірістің
өзіне тән құрылымы бар. Өнім өндіретін мекеме кәсіпорын болып табылады.
Елімізде экономикалық реформалардың табысты жүргізілуі арқасында
әлеуметтік жағдай да айтарлықтай жақсара түсуде. Оған зейнетақылары мен
бюджет саласы қызметкерлері еңбекақыларының жыл санап өсуі, әлеуметтік
салаға, денсаулық сақтау мен білім беруге жұмсалатын қаржы көлемінің барған
сайын молая түсуі дәлел. Еліміз бойынша 2000-2002 жылдардағы ІЖӨ-нің жалпы
көлемі 45 пайыз құрайды деген болжам бар.
Қазақстан демократиялық, нарықтық бағыттағы мемлекет құру жолына
сенімді түрде аяқ басты, ал елдің экономикалық дамуындағы оң ілгерлеулер
стратегияда белгіленген шаралардың нәтижелі болып отырғанын көрсетеді. 2001
жылы экономикалық өсімнің 13,2 пайыз құрап, үстіміздегі жылы ол көрсеткіш
9 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде. Нарық экономикасының жұмыс істеуі
мемлекеттік қуатты реттеуін, макроэкономикалық және секторлық саясаттың
ырғақты жүзеге асырылуын талап етеді. Нарық экономикасында жұмыс істейтін
мемлекеттік кәсіпорынның бәсекелесуші нысан ретінде жұмыс істейтін жеке
меншік кіәсіпорыннан айырмашылығы онша көп емес. Телекомуникация, электр
энергиясы, авиация тәрізді айтарлықтай жоғарғы технологиялы ауыр салаларда
жұмыс істейтін көптеген мемлекеттік кәсіпорындар қолайсыз деген
жағдайлардың өзінде бизнесті жақсы жүргізіп отыр. Қазақстан өте бай
мемлекет. Сондықтан экономиканы одан әрі өрге бастыру үшін қолда бар
мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, дұрыс таңдап алынған стратегияны одан әрі
жүзеге асыра беру қажет. Дүниежүзілік практикада кәсіпорындардың әр қилы
ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң
шығарушы органдары анықтайды. Соның негізінде оларға заңды статус
беріледі. Осы мүмкіндігіне орай міндеттемелеріне сәйкес жауапкершіліктері
болады. Кәсіпорындар азаматтық процестерде, сотта, шаруашылық сатысында
және аралық сотта өз мүдделерін қорғайды.

І тарау. АДАМ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА
1.1 Адамды модельдеудің бағыттары

Адам - бұл ең басты өндіруші күш, өйткені ол, жасап қана қоймай,
жүзеге асырады және өндіріс құралдарын пайдалану әдістерін анықтайды. Өз
кезегінде, өндірістің жаңа құралдарын тарату жүмыс күшіне жаңа талаптар
қояды.
Экономикалық немесе шаруашылық қызметі тұтас мақсатты қызметті,
яғни, әр түрлі тараптағы тұтынушылықты қанағаттандыруға бағытталған және
белгілі бір есепке негізделген шаруашылыққа адамдардың күш жұмсауын
көрсетеді. Бір жағынан ол энергияны, ресурстарды және т.б. шығындарда, ал
екінші жағынан өмірдегі шығындарды соған сәйкес толтырғанда көрінеді.
Мұндай жағдайда, экономикалық субъект (шаруашылық қызметіндегі адам) шығын
мен табысты салыстыру арқылы, ұтымды іс жүргізуге тырысады. Адамдардың
шаруашылық қызметі - бұл төрт сатыға бөлінетін әр түрлі пайда болулар мен
үдерістердің күрделі кешені: меншікті өндіріс, бөлу, айырбастау және
тұтыну.
Адамдардың тұтынушылықты сезінгенінде еңбекке уәждеме пайда болады.
Мұндай жағдайда, тұтынушылық нақты нысанға - нысан мүддесіне ие болады.
Экономикалық мүдде – бұл экономикалық тұтынушылықтың пайда болу нысаны.
Экономикалық мүдделер шаруашылық (экономикалық) қызметінің объективті
қозғаушы уәжін көрсетеді. Шаруашылық субъектісінің көпжақтылығы
экономикалық мүдделердің көпжақтылығын туындатады. Экономикалық мүдделерді
жіктеу әр түрлі критерийлерді пайдалану негізінде жүргізіледі. Мүдделерді
алып жүрушілерді анықтау негізінде қоғамдық, ұжымдық, жекелік, ұлттық және
интернационалдық, аймақтық, мекемелік, топтық, жанұялық, таптық, әр түрлі
әлеуметтік топтардың (жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін, жастардың,
зейнеткерлердің және т.б.) мүдделерін айырады. Ағымдағы, келешектегі,
ұтымды және ұтымды емес, түпнүсқа, жасанды куәлар, қаржылық, еңбектік және
т.б. мүдделерді ерекше топтар құрайды. Барлық осы мүдделер бірлікте өмір
сүреді, бірақ, олардың араларында қарама-қайшылықтар бар. Сөйтіп, жеке
мүдде ұжымдық мүддемен қарама-қайшылықта болуы мүмкін.
Материалдық уәждемеден басқа, материалдық мүдделілікке байланысты,
әлеуметтік немесе моральдық уәждемені және әкімшілік (ұйымдастырушылық)
уәждемені айырады. Әкімшілік уәждеме мемлекеттің еңбекке қатысуды талап ету
құқығы мен әкімшіліктің қызметкерлерден еңбек қызметіндегі қабылданған
ережелерді сақтауды талап ету құқығына сүйенеді.
Бұл уәждеменің негізі - еңбек тәртібі, ал, оның нәтижесі қызметкерге
өзінің міндеттерін дұрыс орындамағаны немесе орындамағаны үшін шараларды
қабылдайтын тәртіптік жауапкершілік болып табылады.
Экономикалық әдебиетте адамды модельдеудің көптеген бағыттары
кездеседі. Солардың кейбіреуін қарастырайық.
1. Ағылшынның классикалық мектебі, маржиналдық және неоклассиктері
әзірлеген адамның жаңаша мінез-құлқынын моделі. Мұндай мінез-құлық
негізінде жеке адамның пайдаланылатын мүмкіндіктері мен ресурстарының
шектеулі жағдайындағы ең аз шығынмен ең көп нәтиже алуға тырысуы жатады.
2. Кейнсиандық мектеппен эзірленген адам моделі. Уәждемелі
ынталандыру өзіне материалдық игіліктерге ұмтылысты ғана қосып қоймай,
психологиялық сипаттағы белгілі бір элементтерге - көмек көрсету, бос
уақытты пайдаланып, дәстүрге байланысты мақсаттарға ұмтылуды ендіреді.
3. К. Маркспен әзірленген адам моделі. Бұл модель несиелі капитал
мен сауда, өндірісті көрсететін капиталистерге дейінгі қарапайым тауар
өндіруші деп аталатын абстрактылық жағдайдан нақты жағдайға көшуді талап
етуді болжайды.
4. Қазіргі шындықты көрсететін, әлеуметтік-экономикалық үдерістердің
субъектісінің жаңа моделі. Бұл модель үшін жеке адамның (еңбек үдерісінің
өзіне қанағаттану, оның әлеуметтік мәні, күрделілігі) рухани тұтынушылығы
қаншалықты болса, соншалықты материалдықты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін
бағытталған қызметтің өсуінің уәждемесіндегі өзгерістер сипаты тән. Оған
жоғары білімді және мәдениет деңгейі жоғары және т.б. адамдар өмір сүретін
әлем туралы елеулі ақпараттылықтың болу тән.

1.2 Экономикалық ресурстар және өндіріс факторы

Экономикалық ресурстар - бұл өндіріс үдерістерінің мүмкіндіктері,
қаржылар, көздер. Олар материалдыққа, еңбек және қаржылық ресурстарға
бөлінеді. Материалдық ресурстар өндіріс үдерісінде қолдану мен өңдеуге
арналған заттық элементтер кешенінің барлығын көрсетеді. Нақты құрамы
бойынша олар өзіне шикізатты, негізгі және қосымша материалдарды,
жағармайды, энергияны, сондай-ақ өндірістегі өңдеуі бітпеген жартылай
фабрикатты қосады. Еңбек ресурстарына қоғамдык пайдалы еңбекке жарамды
елдің тұрғындарын қосады. Қаржылық ресурстарға – мемлекеттің қарауында
болатын ақшалай қаржыларды, кәсіпорындарды, мекемелерді, тұрғындарды
қосады.
Барлық экономикалық ресурстар маңызды ерекшеліктерге ие: олар сирек
және шектеулі көлемде болады. Бұл ерекшелік әр түрлі өнімдер арасындағы
шектелген ресурстарды бөлу қажеттігі алдында және қатаң шектелген кызмет
төңірегіне өндірістік жүйені қояды. Осыған байланысты өндірістік қызмет
түрлері бойынша ресурстарды мақсатты дұрыс бөлу мәселелері пайда болады.
Сонымен бірге экономикалық ресурстар қол жететін, өндіретін, айырбасталатын
тәрізді ерекшеліктерге ие. Қолжетімділігі деген сөз өндіріс үдерісіне
қажетті уақытында сол немесе басқа ресурстардың белгілі бір көлемін тарту
мүмкіндігін білдіреді. Ресурстарды қайта өндіру сапаны көтеру мен олардың
санын көбейту мүмкіндігімен байланысты. Тіпті өнімділігін толық жоғалтқан
жер телімдерін жер өңдеу технологиясын пайдалану жолымен қайта қалпына
келтіруге болады. Экономикалық ресурстардың айырбасталымы, бір ресурстардың
жетпей қалған кезінде, оны басқамен айырбастауға болатынын көрсетеді.
Мысалы, станоктардың шектелген көлемінде көп жұмысшылар күшінің іске
қосылатынын көрсетеді.
Іске қосылған өндіріске берілген экономикалық ресурстар өндірістің
факторын анықтайды. Өндірістің негізгі факторлары еңбек, жер, капитал және
кәсіпкерлік қабілет болып табылады. Еңбек (жүмыс күші) - бұл материалдық
игілік пен қызметті құру үшін өндірісте қолданылатын адамдардың ақылы мен
барлық физикалық қабілеті жиынтығы. Жұмыс күшін жүзеге асыру еңбек
үдерісінде өтеді, сондықтан өндірістегі адам ресурстары ретінде, жұмыс
күші және еңбек деген түсінікті жиі теңдестіреді Еңбекті өмірдегі
жақсылықты құру үшін мақсатты бағытталған адамның қызметі ретінде бағалауға
болады. Уақыт бірлігіндегі өнім көлемімен өлшенетін еңбек өнімділігі оның
маңызды көрсеткіштері болып табылады.
Өндіріс факторы ретіндегі капитал - бұл өндіріс құралы, еңбек
құралының және еңбек затының жиынтығы. Еңбек құралы - бұл адамдар көмегімен
белгілі бір игілікті жасайтын, заттарды өндіретін (құралдар, машиналар,
жабдықтар, өндірістік ғимарат және кешен). Еңбек заттары - бұл неден
өндіреді, яғни, адамдар еңбек үдерісі кезінде ықпал ететін және келешектегі
өнімнің материалдық негізін құрайтын заттар (кен, мұнай, шикізат,
материалдар және т.б.). Өндіріс құралы - бұл шынайы капитал. Сондай-ақ,
ақшалай капиталды да яғни, өндіріс құралын сатып алу үшін ақшаны бөледі.
Жер өндіріс факторы ретінде - жер қойнауын, ормандарды, ауа мен суды
қосқандағы табиғи ресурстардың барлық түрі өнді-ріске тартылады.
Кәсіпкерлік қабілеті адамның бизнесті немесе кез келген жаңа істі
ұйымдастыруға дайындыгы мен істей білуіне, соған байланысты шығынды,
тәуекелді және жауаптылықты өзіне қа-былдауына байланысты қорытындыланады.
Әрбір адам мүндай қабілеттілікке ие бола бермейді.
Нағыз кәсіпкерді үлкен еңбек сүйгіштігі, үсынысшылдығы, жаңашылдығы,
шығармашылық рухы, іскерлік қасиеті, адам-дармен араласа білуі, көзін
жеткізе білуі, оларға ықпал ете білуі ерекшелендіреді.
Осы классикалық өндіріс факторларымен бірге казіргі уа-қытта
өндірісті ұйымдастыру, өндіріс технологиясы, өндірістің ақпараттық факторы,
ғылым, энергетикалық, экологиялық фак-торлар тэрізді, қазіргі заманғы
өндіріс факторларын бөлу қажет-тілігін айтып келеді.
Өндірісті ұйымдастыру - бұл барлық өндіріс үдерістерін тәртіптейтін
және бірлігін қамтамасыз ететін ішкі өндірістік байланыстардың құрылысын
анықтаушы құрылым. Өндірістің технологиясы еңбек затын өңдеудің нақты
әдісін, өндіріс үдерістерінің белгілі бір тәртібін көрсетеді. Ақпараттар
осындай немесе басқадай білімнің, деректердің және әр түрлі белгілердің
ағымдарын көрсетеді. Ғылым - бұл өндірісте пайдалануға тиісті теориялық
жүйеленген объективті білім. Энергия - бұл өндіріс құралдарын қажетті
козғалысқа келтіретін осындай немесе басқадай күш.
Экологиялық фактор - қорғау, сақтау және табиғатты қайта түрлендіру
қажеттілігіне қатысты, қоршаған орта мен адамдардың өзара қарым-
қатынастарына байланысты барлық кешенді мәселелер.
1.3 Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижелері

Өндіріс - бұл олардың тұтынушылығын қамтамасыз етуге бағытталған,
адамдардың мақсаттылықты қызметі. Материалдық өндіріс пен материалдық емес
өндірісті бөледі.
Материалдық өндіріс мыналарды өзше қосады:
1) материалдық игіліктерді өндіру жөніндегі кәсіпорындар мен салалар
(өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы, құрылыс);
2) материалдық қызметтер көрсететін кәсіпорындар мен салалар
(көліктер, сауда, коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызметтер).
Материалдық емес қызметтерге мыналар жатады;
1) материалдық емес игіліктерді жүзеге асыратын кәсіпорындар мен
салалар (кино, театр, тұтастай өнер);
2) материалдық емес қызметтер көрсететін кәсіпорындар мен салалар
(денсаулық сақтау, білім беру және т.б.);
Қоғамдық өндіріс екі бөлімге бөлінеді: І-бөлім - өндіріс құралдарын
шығаратын салалар, кәсіпорындар; ІІ-бөлім тұтыну заттарын шығаратын салалар
мен кәсіпорындар.
Қоғамдық өндірістің байлық, көрсетілетін қызметтер және заттар
түрінде көрінетін нәтижесі қоғамдық өнім болып табылады. Заттар - өмір
сүрудің тұрақтылығымен қалыпты тәуелсіздікке ие болатын материалдық
баршылықтың белгісі. Қызмет көрсету белгілі бір тұтынушылықты
қанағаттандыруға бағытталған адам немесе кэсіпорынның пайдалы қызметінің
нәтижесі. Өндірістің ерекшелігі мен қызметтерін өткізуі көп жағдайда өзара
айырбасталмайтын, жинау, сақтау, жеткізудің мүмкін еместігіңе орай,
материалдық игіліктермен салыстырғандағы тұтыну мен өндіріс үдерістерін
қатар алып жүрумен қорытындыланады. Байлық - бұл еңбекпен құрылған және
жиналған материалдық игіліктердің жиынтығы. Ол мыналарды өзіне қосады: а)
негізгі өндірістік қорлар (ғимарат, машиналар және құралдар) және
өндірістік емес (тұрғын үй, ғимарат және білім мекемелерінің құралдары,
мәдениет және денсаулық сақтау); ә) материалдық айналымдық құралдар; б)
азаматтардың жеке мүлкі.
Қайта өндіру - өндірістің үзіліссіз жалғасатын үдерісі. Қайта өндіру
кезеңдері : өндіріс, бөлу, айырбастау және тұтыну.
Өндіріс кезеңі өндіріс құралдары мен жүмыс күшін тікелей қосуды
қарастырады. Бөлу кезеңі өндіріс факторларын салалар және өндіріс аясы
бойынша бөлуді қарастырады. Айырбастау – бұл өз еңбсгінің онімдерімен
өндірушіге айырбастауға мүмкіндік беретін жүйс. Тұтыну адамдардың
тұтынушылығын қанағаттандыру үшін жасалған игіліктерді пайдалануды
білдіреді.
Қайта өндіру түрлері: жай және кеңейтілген.
Жай өндіру - бұл жылдан-жылға өзгермейтін көлемде қайталанатын
өндіріс үдерісі. Кеңейтілген өндіру - бұл үнемі көбейетін көлемдегі
өндірістің жандануы. Қазіргі заманғы экономикаға өндірісті кеңейту тән. Бұл
өндіріске салынған жаңа инвестициялар шығындалған капиталды тек қайтарып
қана қоймай, өндірістің қосымша немесе өндірістің ең тиімді құралдарымен
оны көбейтеді. Сонымен өндіріске қосымша капитал салу есебінен оны
ірілендіріп, капиталдың жинақталуын қамтамасыз етеді.
Өндіру экстенсивті және интенсивті түрлерге бөлінеді. Өндірістің
экстенсивтік түрі өндіріске тартылатын, еңбек және материалдық ресурстардың
сандық көбеюіне негізделген. Ал, интенсивтік түрде өндірістегі өндірудің
өсуі өндірістің анағұрлым жетілдірілген факторларымен жүзеге асады.
Экономикалық агент пен экономикалық игіліктің арасындағы өзара іс-
қимылы 1-суретте көрсетілген.

1-сурет. Экономикалық игіліктердің айналымы меп экономикалық
агенттердің өзара әрекеті

ІІ тарау. РЫНОКҚА ӨТУ ЖАҒДАЙЛАРЫНА ЭКОНОМИКАНЫ ТҮРЛЕНДІРУДІҢ
ТҰЖЫРЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Құрылымдық қайта құрудың теориялық және әдіснамалық негіздері

Қазіргі уақытта барлық посткоммунистік елдерде экономикалық
парадигманың ауысуы, шаруашылықты жүргізу теориясыиен тәжірибесінде
гуманистік даму бағыттарының дами түсуі болып жатыр. Жақында өткен заманда
экономикалық өсу қайнары басты түрде материалды-техникалық базаның
қалыптасуына байланысты қарастырылды. Елдің даму деңгейі өндіріс көлемінің
өсу дәрежесіне сәйкес анықталды, және адам капиталдың түпкілікті
элементтері сияқты тура сондай қор ретінде болғанда, тиімділік критерийлері
өндірістің негізгі элементтері қайтарымының түрлерімен ұштастырылды. Жаңа
экономикалық парадигмада акценттер ығыстырылады. Оның орталығында –
экономиканың тиімді сапалы түрленуге және құрымдылық ығысуға қабілеттілігін
бағалау тұрады.
Экономиканың даму дәрежесі туралы аса толық түсінікті халық
шаруашылығының құрылымы береді, ол нарықтық жағдайларда жеке салалардың
ілгері дамуына қойылатын талаптарға сәйкес келу керек.
Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен,
өндірістік және ғылыми потенциалдармен және материалдық өндірістің
әлеуметтік-экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. өндірістің
тиімді орналасуы – халық шаруашылық және территориялық пропорцияларды
жетілдіруге арналған база. Ғылыми ауқымды, бәсекеге қабілетті жаңа
кәсіпорындарды орналастыру арқылы үйлеспеушіліктер жойылады, олар қоғамның
мұқтаждықтарын есепке алумен қажетті пропорцияларды белгілейді. Ішкі
құрылыстағы ығысулар да салалардың даму қарқындарына, табиғи ресурстарды
және қолда бар өндірістік аппаратты пайдалануға байланысты болады.
Сонымен, бір аймақтың дамуы меншікті міндеттерді шешуді ескермегенде
басқа аймақтардың мұқтаждықтарын қанағаттандырумен анықталды. Оның
экономикасы тиімсіз құрылымдық саясаттың салдары болып табылған, бірқатар
ерекшеліктермен сипатталады:
- ауыр өнеркәсіптің шамадан тыс дамуы, соңғы емес, аралық өнімді
шығаратын материал сыйымы салалардың басым болуы;
- тұрғындардың қажеттері үшін өндірілетін өнімнің төмен үлесі;
- өндірістік аппараттың технологиялық артта қалғандығы (өнеркәсіптің
негізгі қорларының тозуы – 60 % -тен артық, оның шамадан тыс көп үлесі
металлургиялық, отын-энергетикалық комплекстерде);
- экологиялық проблемалар – Орталық Қазақстан қоршаған ортаның
ластану және құлдилау дәрежесі бойынша, табиғатқа антропогенді жер етудің
жиынтығы бойынша республикада алдыңғы орындардың бірін алады (ол
атмосфераға зиянды заттардың лақтырыстары бойынша – бірінші орын).
Барлық постсоветтік кезең бойында орталық органдар аймақтың
әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін база құруға емес, көмір
өндіру бойынша міндеттерді шешуге баса назар аударды. Шаруашылықты
жүргізудің және әлеуметтік проблемаларды шешудің жағымсыс тәжірибесі – бұл
аймақты шаруашылықтық игерудің технократтық тұжырымдамасын айтарлықтый іске
асыру, ол өндірістік мақсаттардың әлеуметтік мақсаттардан басылымдығымен
ғана емес, сонымен бірге келешекті міндеттерді шешуге зиян келтіріп,
ағымдағы қиыспаушылықтарды жоюға жұмсалатын күштерді шоғырландырумен де
сипатталған.
Өндірісті дамыту, ҒТП бойынша шараларды жүзеге асыру, өнім сапасын
жақсарту үшін өте қолайсыз жағдайлар қалыптасты. Сондықтан өнеркәсіптегі
онсыз да ескірген өндірістік аппарат, соңғы екі-үш жылда алапатты түрде
бұзылады, бұл көптеген кәсіпорындардың тоқтатылуы және жабылуы үшін қосымша
себеп болуы мүмкін. Сонымен бірге, бұрын көрсетілгендей, біздің
экономикамыздың жетілмеген құрылымын есепке алу керек. Ауыр өнеркәсіптегі
өндіруші және шикізатты салалардың меншікті салмағы өте жоғары. Және осы
кезде ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, яғни экономиканың
тұтынушы секторы жеткіліксіз дамыған болып қалады.
Әсіресе материалдық өндіріс пен әлеуметтік сфераның ара қатынасында
біздің артта қалғанымыз анық. Дамыған елдерден айырмашылығында, біздің елде
әлеуметтік сферада – 25 % болғанда, материалдық өндірісте еңбекке қабілетті
тұрғындардың 75 % - тен артығы қамтылған. Бұл ара қатынас материалдық
өндірісте еңбек өнімділігінің төмендігін білдіреді, басқаша айтқанда
тұрғындардың материалдық өнімдегі мұқтаждықтары қанағаттандырылмайды. Бірақ
істің мән-жайы біздің экономикалық дамуымыздың деңгейі өте төмен
екендігінде ғана емес. Істің мән-жайы – шаруашылықты басқару теориясы мен
тәжірибесінде осы уақытқа дейін экономика құрылымын жетілмеген
көзқарастардың пайдаланылуында. Сонымен, халық шаруашылығының өндірістік
және өндірістік емес сфераларға бөлінуі сақталады, ал соңғысының астарында
әлеуметтік сфера түсіндіріледі.
Экономикалық әдебиеттерде материалдық өндірістің шешуші ролі барынша
қолданады, ал әлеуметтік сфера тұрлаусыз сфера ретінде беріледі.
Шындығында, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ҒТР қызметтер сферасын
болып көрмеген өсу шегіне, ғылым, білім, мәдениет экономикалық дамудың
басты факторлары болып келеді. Сондықтан әлеуметтік сфераның басым дамуын
жариялап қана қоймай, оны іс жүзінде жүзеге асатындай қамтамасыз ету керек.
Өкінішке орай, қазіргі уақытта атап айтқанда ғылым, білім және мәдениет
ауыр халде қалды, бұл біздің елімізді әлемдік дамудың қазіргі деңгейінен
шегіндіріп тастайды. Мысалы, дамыған елдерде ВНП құруда әлеуметтік сфераның
үлесі, материалдық өндіріске қарағанда жоғары екенін біздің ұғынуымыз қиын
болады.
Өндірістік қатынастардың түрленуі өндірістік күштердегі терең
өзгерістермен үйлесуі керектігі әбден түсінікті. Бірінші кезекте, ауыр
өнеркәсіптің (ең алдымен, оның өндіруші және шикізатты салаларының) шамадан
тыс басым болуын жеңумен және халықтың мұқтаждықтарын тікелей қамтамасыз
ететін салалардың жылдам дамуымен байланысты, терең құралымдық өзгерістер
ескеріледі.
Дәстүрлі түрде жинақталған құралымдық диспропорцияларды жою, халық
шарушылығының жаңа құралымындағы ілгері техника-технологиялық негізде
пропорционалдықты қалпына келтіру нарықтық экономикада “циклдік дағдарыс”
кезеңінде жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, ұдайы өндіру процесінің
циклдік сипаты, мәні бойынша, кезеңдік техника-технологиялық жаңғыртудың
және жоғары дамыған мемлекеттерде де, дамитын елдерде де аймақтық
экономикалардың құрылымдық қайта құрылуының басты рычагы болып табылады.
Аймақтың халық шаруашылығы үшін ерекшелік – экономикалық дағдарыстың
біршама басқа себептермен болуында, ал нарықтық қатынастарға өту
дағдарыстық жағдайдан шығуды жеделдетуге қабілетті, қозғаушы күш ретінде
қарастырылады. Алайда, бұл экономиканың құлдырауын тоқтату, ҒТП-ны
пайдалану негізінде оның материалды-техникалық базасын техникалық және
экологиялық жаңғырту бойынша міндеттердің бір мезгілде шешілу қажеттігін
болғызбай тастамай, керісінше күшейтеді.
Экономиканың құрылымдық қайта құрылу проблемалары бойынша ауқымды
экономикалық әдебиеттерге қарамастан, қазіргі уақытқа дейін құрылымдық
қайта құру категориясын түсінуде бірлікке қол жеткізілмеген. Сонымен,
жұмыста экономиканың құрылымдық-технологиялық қайта құрылуын, осы
проблеманың әр түрлі аспектілерін қарастыра отырып, автор бұл категорияға
анықтама бермей, құрылымды-инвестициялық және ғылыми-техникалық саясаттың
сайланушылығы туралы, олардың басымдылықтары туралы мәселені қояды. Ф. М.
Дінішев экономикалық өсі мен белсенділіктің ауытқуларын экономиканың
технологиялық құрылымының жаңартылуымен және техника-экономикалық даму
бағыттарының өзгертілуімен байланыстырылады.
Алайда құрылымдық қайта құру жеке технологиялық процестерге ғана
емес, барлық макроэкономикалық жүйеге тән, және оны еңбектің қоғамдық
бөлінуіне негізделген, өндірістік күштерді дамытудың және өндірістік
қатынастар жүйесінің қол жеткізген деңгейімен себептелген қайта құру
ретінде қарастыру керек. Сонымен бірге экономиканың тиімді құрылымын
қалыптастыруда технологиялық тәртіптің атқаратын ролін ерекше атап көрсету
керек.
“Қазақстан өнеркәсібін құрылымдық қайта құрудағы ғылыми-техникалық
басымдылықтар” атты ұжымдық монографияның авторлары құрылымдық қайта құруды
өндіріске енгізілетін жаңалықтардың қуатты ағының қамтамасыз ету арқылы
белсенді ғылыми-техникалық саясатты жүзеде асыруды мемлекеттік реттеу
шараларының бірыңғай және қатаң дәлелденген жүйесі негізінде комплексті
түрде жүргізуді ұсынады.
Әр түрлі пікірлерді және экономиканы құрылымдық қайта құрудың
анықтамаларын салыстыру, берілген мәселені шешу алғашқы көзқарасқа
қарағанда едәуір күрделірек екенің растайды. Бұл зерттеудің әр түрлі
аспектілерінің бар болуымен себептелген, оларға байланысты экономиканың,
құрылымын мұндай немесе басқа құраушылардың басты ролі анықталады.
Құрылымдық қайта құрулар қоғамдық қажеттіліктердің өзгерген жүйесі
мен материалдық өндірістің құрылымы арасында пайда болатын қарама-
қайшылықты шешу, салалар арасындағы шектелген ресурстарды бөлу құралы болып
табылады. Бұл қарама-қайшылықты шешуде қажеттіліктерді де, сондай-ақ
экономиканың ресурстық базасын да түрлендіретін ҒТП маңызды роль атқарады.
Экономикадағы ұзын толқындар теориясына және оның негізінде
әзірленген технологиялық тәртіп (ТТ) теориясына сәйкес атап айтқанда
технологиялық тәртіптің ауысуы (өзінің даму процесінде тұтастықты сақтайтын
және тұйықталған қайта жаңғырту циклын қамтитын, технологиялық байланысқан
өндірістер жиынтығының ауысуы) ҒТП - ның төңкерістік кезеңінің негізгі
мазмұны болып табылады. Осындай ауысу нәтижесінде еңбекті қоғамдық бөлуде,
салалар арасындағы ресурстарды бөлуде өзгерістер болады, бұл экономикалық
өсуге және экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне әкеліп соғады.
Экономикалық әдебиеттерде XIX - XX ғ. ғ. бір-бірін ауыстырған, алты
технологиялық тәртіпті (ТТ) бөліп көрсетеді, олардың әрқайсысында
салалардың белгілі тобы түрінде технологиялық ядро басым болды.
Бірінші ТТ үшін – бұл тоқыма өнеркәсібі және машина жасаудың сәйкес
салалары; екінші – көмір өнеркәсібі, қара металлургия, ауыр мешина жасау;
үшінші – электр энергетикасы, электртехникалық өнеркәсіп; төртінші – химия
және мұнай-химия өнеркәсібі, түсті металургия, химиялық машина жасау,
автомобиль жасау.
70-ші жылдардың аяғында басталған бесінші ТТ есептеу техникасының
өндірісіне, микроэлектроникаға, аспап жасауға, радиоэлектрондық өнеркәсіпке
сүйенеді. Және, ақырында, әлемнің озық елдері информациялық технологиялар
мен телекоммуникацияларға, робот жасауға, биотехнологияларға негізделген,
алтыншы ТТ-ға өтуді бастады.
Қазақстан озық елдерден бір тәртіпке қала отырып, бесінші ТТ-ға
әзірше баяу өтуде. Бұдан басқа, біздің аймақта да реформа бесінші ТТ-ның
ядросын құрайтын салаларға теріс жерін тигізді. Қазақстан экономикасы
дамуының қазіргі кезеңінің ерекшелігі құрылымдық қайта құру механизмінің
толығымен жоқ болуы болып табылады. Реформа басталға дейін болған
ресурстарды бөлудің орталықтандырылған механизмі жойылған, құрылымдық қайта
құрудың нарықтық механизмі әлі құрылған жоқ.
Аймақтық экономика теориясында аймақтық дамуды реттеуге екі қарама-
қарсы ыңғай бар. Неоклассикалық бағыт аймақтардың дамуындағы айырмашылықтар
уақытша болып табылады және нарықтық механизммен жойылады деп болжайды.
Неокейнсиандық бағыт рынокты аймақтық диспропорциялардың нашар реттегіші
деп есептейді, олар мұндай “реттеу” кезіңде тек қана тереңдетіледі және
аймақтық диспропорцияларды тек мемлекеттің программалы-мақсаттық қызметі
ғана жоя алады.
Ұлыбританияның (Шотландия), Германияның (Рур), АҚШ-тың (Аппалачи)
тоқырау аудандарында құрылымдық саясатты жүргізуде бұл ыңғайларды пайдалану
тәжірибесі біріншіден, олардың қандай да бір комбинациясы керек; нарықтық
механизм әрекет ету керек, бірақ дамудың мақсаттық бағдарламалармен
белгіленетін тұрғыда әрекет ету керек деп куәландырады. Екіншіден,
мемлекеттік кірісудің нәтижелері мақсаттардың дұрыс қойылуына және
дағдарысты салаларды мемлекеттік қолдаудың келешегі жоқ, өйткені ескірген
технологиялық тәртіпті “тоқтатып қоюды” білдіреді. Дағдарысты салалардағы
тек жоғары технологиялық және ғылыми ауқымды өндірістерді ғана қолдау және
оларды әр тараптандыру тиімді.
Орталық Қазақстанның және Ұлыбританияның, Германияның, АҚШ-тың
тоқырау аудандарының проблемаларының ұқсастығына қарамастан, біздің
пікірімізше, Жапонияның соғыстан кейінгі тәжірибесі бұдан да құнды, Жапония
өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және өзінің әлемдік экономикалық ірі
мемлекет статусын қайтару проблемаларымен соқтығысты, сондай-ақ 80-ші
жылдарда аймақтық “өсу полюстерін” құрудағы Жапонияның тәжірибесі де құнды.
Бұл бағдарламалары – мақсаттық ыңғай және өнеркәсіптің инновауиялық
түрленуі есебінен жасалған болатын.
Қазақстанда мемлекеттің құрылымдық қайта құруға стратегиялық
араласуынан қашып құтылу мүмкін емес, өйткені “қуып жететін” экономика
моделін іске асыру үшін ғана емес, сонымен бірге әзірше толық көлемде
қалыптаспаған нарықтық шаруашылық механизмді толықтыру, түзету үшін қажет.
Орталық Қазақстандағы аймақтық саясат, біздің пікірімізше, тоқырауға
қарсы емес, ал ел экомикасында аймақтың сақталуын ғана емес, сонымен бірге
атқаратын ролін күшейтуді қамтамасыз ететін, құрылымды-инновациялық саясат
болу керек. Ол үшін барлық алғы шарттар бар: алуан түрлі табиғи ресурстар,
қуатты өндірістік және ғылыми потенциал, жоғары білікті кадрлар, ыңғайлы
геостратегиялық жағдай.
Қазақстан экономикасының құрылымдық қайта құру процесінде, біздің
пікірімізше, екі кезеңді бөліп көрсету керек: орта мерзімді және ұзақ
мерзімді. Жақын кезеңнің стратегиялық міндеті - өнеркәсіптік өндірістің
көтерілуін және аймақтық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу
үшін аймақтың материалдық өндірісін оңтайландыруды қамтамасыз ету.
Оңтайландырудың астарында оның құрылымын (көпшілігінде,
инфрақұрылымдық және тұтынымдылық кешендер үлесін ұлғайту), салаларын (сала
ішіндегі кәсіпорындарын бәсекелестігі және ынтымақтастығы үшін жағдай
жасау, кәсіпкерлік ортасын кәсіпорындардың инфрақұрылымы орналасуы және т.
б.), кәсіпорындарын (техникалық қайта қаруландыру, қайта құрылымдандыру,
басқаруды жетілдіру) қосқанда, материалдық өндірісті кешенді түрлендіру
түсіндіріледі.
Оңтайландыру үшін дағдарыстағы кәсіпорындарда жоқ болатын қаражат
қажет болғандықтан, алдымен нәтижесінде алынған қаражатты материалдық
өндірісті оңтайландыруға бағыттай отырып, аймақтағы өнеркәсіптік өндірістің
көтерілуін қамтамасыз ету қажет.
Ұзақ мерзімді стратегиялық міндет Орталық Қазақстанда аймаққа
халықаралық еңбекті бөлуде қолайлы орында қамтамасыз ететін, материалдық
өндірістің (алтыншы ТТ-ның “ядросының”) “зерделі құрылымын” қалыптастыру
болып табылады. Сондықтан Орталық Қазақстанның материалдық өндірісін
құрылымдық қайта құру үшін ортақ приоритет төмендегілер болып табылады:
өндірісті әлеуметтік қайта бағдарландыру;
қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендету;
қолданылып жүрген кәсіпорындарды техникалық қайта қаруландыру, соның
ішінде әртараптандыру негізінде;
өндірістік инфрақұрылымды дамыту;
икемді өндірістік құрылымдарды қалыптастыру.
Ресурстардың тапшылығынан құрылымдық қайта құру үнемі селективті.
Әсіресе жақын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресурстарды сақтау саясаты
Өндіріс. Өндіріс ресурстары мен факторлары
Экономикалық ресурстар мен экономикалық факторлар
Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы
Қоғамдық өндіріс факторлары және нәтижелері
Жүйе ретіндегі Ұлттық экономика
Өндіріс функциясы
Экономикалық өсу түсінігі туралы
Экономикалық жүйедегі өндірістің орны
Нарық экономикасының төртінші элементі
Пәндер