Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
1. 1 Жеке адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтары
1. 2 Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары
1. 3 Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмдері және ұлттық институттар
2 АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ, МӘСЕЛЕЛЕРІ
2. 1 Әлеуметтік-экономикалың құқықтар мен бостандықтар. Азаматтардың мәдениет саласындағы құқықтары
2. 2 Құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырудың кепілдіктері
2. 3 Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық міндеттері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3
5
5
9
12
18
18
20
23
25
27
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Конституциясының басты идеясы ретінде «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетті [1, 3-б] .
Адам құқығына ешкімнің қиянат жасап, қол сұғуына қақысы жол. Бұл жалпыға бірдей қарар. Сан түрлі зұлматты бастан өткерген адамзат қоғамы бұл қарарды ерекше қастерлей білуі тиіс. Бұл туралы Астанада адам құқықтарына байланысты алқалы жиында ерекше қадап айтылды.
Адамдардың бостандығы мен құқықтарын қорғау, сондай ақ осы саладағы заңдық нормаларды ары қарай жетілдіру, ұлттық заңнаманы халықаралық құқық нормаларына сәйкестендіру мақсатында «Нұр Отан» партиясы Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның бастамасын қолдап, партия өзара ынтымақтастық келісімін жасауы туралы меморандум түрінде бекіді [2, 9-б] .
Тақырыптың өзектілігі.
Адамдардың бостандығы мен құқықтарын қорғау, сондай-ақ осы саладағы заңдық нормаларды ары қарай жетілдіру, ұлттық заңнаманы халықаралық құқық нормаларына сәйкестендіру, қолданыстағы құқық жүйесінің жетілдіруіне, елдегі заңдылықтың нығаюына ықпал ететін Қазақстандық конституционализмді, конституцияның өзекті теориялық мәселелерін жан - жақты мақсаты алға қойылды.
Мақсаты мен міндеттері.
Курстық жұмыстың мақсаты - конституциядағы адам құқықтары мен бостандықтары құқығының мазмұнын, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары жүйесіне алатын орны мен атқаратын рөлін, жүзеге асырылуының құқықтық механизмін зерттеу. Осы құқыққа қатысты конституциялық нормалар мен өзге де ағымдағы заңнамалардың нормаларына кешенді сипаттама беру және соның негізінде ұлттық заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізілді:
- адам құқығын қорғау Қазақстан Республикасында қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін айқындау;
- адам құқығын қорғаудың конституциялық табиғатын зерттеу және оның ішкі мазмұнының ашылуы;
- адам құқығының жүзеге асырылу нысандарының қолданыстағы заңнамада кездесетін кемшіліктерді анықтау және оны жетілдіру жөніндегі ғылыми негізделген ұсыныстар енгізу.
Зерттелу деңгейі.
Қазіргі кезде Қазақстанның құқықтық ғылымында адам құқықтары мен бостандықтарының тізбегіне мемлекет кепілдік береді, бірақ та, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтары, халықтың денсаулығы мен имандылығы, адам құқықтарының механизмі, оны сақтаудың теориялық негізі және жеке адамның өміріне қол сұғылмау тиісті кепілдіктерін қарастырумен байланысты кешенді зерттеу жұмысы жүргізілуде.
Дегенмен де, Қазақстан Республикасында адам құқығының қалыптасуына айқын Есім, Қасым, Абылай, Тәуке хандарды, сондай-ақ қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абайды, сонымен қатар қазан төңкерісіне дейінгі отаршылдыққа қарсы батыл үн көтерген ірі қоғам қайраткерлері - Б. Сыртанов, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов т. б. жатқызамыз.
Осы зерттеу заң ғылымындағы адам құқықтары мен бостандықтарының жалпы теориялық проблемеларын зерттеуге арналған отандық заңгерлері: Б. Өтемұратов, М. Тоқашбаев, Е. Бопабаев, С. Табанов, А. Тасболатов еңбектері қаралып отырған ғылыми еңбектің негізіне пайдаланылды.
Зерттеудің объектісі.
Зерттеу объектісі - адамның негізгі құқықтарының рөлі мен орын анықтаудың теориялық мәселелері, оны сақтау және жүзеге асыру механизмі болып табылады. Зерттеу пәніне адамның құқықтары мен бостандықтарына тән ерекшеліктерді зерттеу, оның заңнамаларда қорғалуы, тәжірибеде жүзеге асырылу жағдайы және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу құрайды.
Ғылыми-практикалық маңызы мен жаңашылдығы.
Курстық жұмыстың жоғары теориялық құндылығы және практикалық маңыздылығы бар. Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы алғаш рет монографиялық деңгейде 1995 жылы Қазақстан Республикасы негізінде адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселесінің қарастырылуында. Курстық жұмыс ғылыми жаңашылдығы Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау мәселесі осы кезге дейін зерттелмеген.
1 АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
1. 1 Жеке адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтары
Конституция бойынша Қазақстан Республикасы өзін демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады. Мемлекеттің басты қазынасы болып адам және адамның өмipi, оның құқықтары мен бостандықтары танылады.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін, дербес мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатындай барша құқықтық негіздерді қайта құру қажетті туындағанды.
Сонғы кездері «құқықтық мемлекет» идеясы заңды ойлаудың, тағы да ең маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына жатады.
Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белісі ғана емес, сонымен бipre адамның бостандықтарын , қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш.
Құқықтық мемлекет терминінің өзі XIX ғасырдың алғашқы жартысында немic ғалымдарынын еңбектерінде жарық көрді. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. XIX ғасырдың соңы және XX ғасырдың алғашқы жартысында құқықтық мемлекет теориясы құқықтық мемлекет жөніндегі үстемдігін бекітті. В. М. Гессен былай деп көрсетті: «Құқықтық мемлекет деп өзінің қызметінде, үкіметтік және соттық функцияларды атқарғанда құқықпен шектелетін және байланысты болатын, құқықтан төмен тұратын, одан тыс және жоғары болмайтын мемлекетті айтамыз».
Құқық пен заңның, айырмасы, олардың табиғатын анықтау, қолдану аумағы мен қарым-қатынасы екі мың жылдан астам Еуропаның саяси ойлау процесінің ортасында тұрды. Мысалы, Аристотель кез-келген заң, өзінше құқықтық білдіреді деп жазды. Құқыққа қарамай, заңның билік етуі мүмкін емес, себебі құқық оны мойындау немесе мойындамауға тәуелді емес.
Қазіргi кезеңде теорияның даусыз мойындалып отырған белгісі - мемлекет пен адам арасындағы байланыста басымдықтың адамға берілуі. Мемлекеттің міндеті тек адамдардың кейбір топтарына ғана қатысты емес, жекелей алғанда әpбip адамның мүддесіне қатысты басқарушылық шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады. Сондықтан да құқықтық мемлекет құрудың мәселелерін кешенді түрде талқылау бірінші кезектегі міндетке жатады.
Шынайы құқықтық мемлекет құру үшін қоғамдық өмірдегі әр салаға заңның күші бірдей дәрежеде әрекет етуі тиіс, әcipece ол ең алдымен биліктің бөлінуі барысында пайда болған заң шығарушы, сот және атқарушы билікті жүзеге асыратын органдар үшін міндетті қағида. Тек, осы жағдайда ғана азаматтардың құқықтары мен бостандықтары еш шүбәсіз қамтамасыз етілмек.
Қоғам мен мемлекеттің ара-қатынасының маңызды түйіні заңның үстемдігін және қоғамның құндылығы ретіндегі құқықты, мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігін, жоғары құқықтық мәдениетті, азаматтарды құқықтық қорғауды, тиімді құқықтық жүйелер мен рәсімдерді және заңдылықты қамтамасыз етуді мойындайтын құқықтық мемлекет болып табылады. Құқықтық мемлекет, яғни жеке адам және қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру ici - қоғамды демократияландыруға, құқықтық тәртіптің және заңдылық принциптерінің сақталуына негізделеді.
Негізінен құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам бip-бірімен тығыз байланыста қалыптасқан ұғымдар. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардын көп болатын себептepi тек қана мемлекеттің, қоғамның мазмұнының өте күрделі болуынан немесе олардың, нысанының сан қырлы өзгеруінен емес, сонымен бipre азаматтық қоғам мен мемлекеттің саяси билікті жүргізуі және олардың іс-әрекеті барлық таптардың, топтардың мүдде-мақсатына қатысты болуы.
Жеке құқықтар мен бостандықтар адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің түпқазығы болып табылады. Оларды шектеуге болмайды. Сондықтан Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-23-баптарында аталған құқықтар мен бостандықтар кейде «азаматтардың өзіндік құқықтары мен бостандықтары» деп те аталады, оларға мемлекет тарапынан берілген кепілдіктің деңгейі өте жоғары.
Азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтарын өмір сүру (15-бап) ; жеке бас бостандығы (16-бап) ; адамның қадір-қасиетіне қол сұқпау (17-бап) ; жеке өміріне қол сұғылмау, өзінің және отбасының құпиясы болу, ар-намысы мен абыройын қорғау (18-бап) ; өзінің қай ұлтқа, қай дінге жататынын анықтау және оны көрсету-көрсетпеу, ана тілі мен шығармашылық тілін еркін тандап алу (19-бап) ; заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алу және тарату, т. б. құқықтары жатады.
1. Өмір сүру құқығы. Бұл әр адамды оның өміріне жасаған қаскөйліктен қорғауға кепілдік беру міндетін мемлекет өз мойнына алады дегенді білдіреді. Оның үстіне ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқ (15-бабы) . Бұған заңға сәйкес өлім жазасына кесілетін қылмыскердің ерекше ауыр қылмыс жасау жағдайлары ғана жатпайды, өйткені ол ең ауыр жаза ретінде заңда белгіленген. Бірақ өлім жазасына кесілген кінәлі адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығын пайдалануға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы мәлімет Конституцияның 15-бабының 2-тармағында арнайы көзделген. Кешірім беру құқығы мемлекет басшысы әрі ең жоғары лауазымды адам ретінде Қазақстан Республикасының Президентіне берілген (44-баптың 15-тармағы) .
2. Мемлекет әркімнің қадір-қасиетін қорғауға міндетті екенін Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабынан көруге болады. Онда: «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық кадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды» (2-тармақ) . Қазақстан Республикасы Конституциясының көптеген нормалары да жеке адамның қадір-қасиетін қорғау мақсаттарына қызмет ететінін есте ұстау керек. Мысалы, жеке өміріне қол сұғылмау құқығы, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, жазысқан хаттарының, жеке салымдарының құпиялылығын сақтау құқығы, тұрғын үйге күштеп кіруге. сол сияқты заңсыз қарап, тінту жүргізуге тыйым салу және т. б. Ешкімге де өзінің келісімінсіз медициналық, ғылыми немесе басқадай тәжірибе жасалынбайды.
3. Жеке бастың бостандығына қол сұғылмаушылық құқығы оған мемлекеттік органдар тарапынан қауіп төндіру әрекеттеріне жол беруге болмайтындығында. Тек заңда көрсетілген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, бірақ тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы берілетіндігін ерекше атап айту керек. Прокурордың санкциясынсыз адамды 72 сағаттан аспайтын мерзімге ғана ұстауға болады. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам адвокаттың (қорғаушының) көмегін сол ұсталған, тұтқындалған немесе айыптағылған кезден бастап пайдалануға құқығы бар (16-бап) .
4. Конституцияның 19-бабына сәйкес әркімнің өзін қай ұлтқа жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге құқығы бар. Бұл - ешкімді де өзінің ұлтын еріксіз таңдап алуын күштеп көндіруге болмайтындығын білдіреді. Әркім оны өз қалауы бойынша таңдап алуға ерікті. Мұндай саналы істі әрбір 16 жасқа толған әрекет қабілеттілігі бар адам жасай алады, өйткені осындай жасқа жеткен Қазақстан Республикасының азаматы ғана жеке куәлік алуға, сөйтіп өз ұлтын таңдауға құқылы. Бірақ оның міндеті емес.
5. Қазақстан Республикасы Конституциясындағы елеулі құқықтардың бірі - оның 19-бабының 2-тармағындағы әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар», - делінген тұжырымдар. Бұл құқықтың мазмұны Конституцияның 7-бабынан туындайды. Онда - еліміздегі мемлекеттік тіл - қазақ тілі, ал мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды, - деп нақтыланған. Ал осы конституциялық қағидалар 1997 жылғы қабылданған Тіл туралы заң арқылы іс жүзіне асырылады. Әрбір адам ресми емес жерлерде, жеке қарым-қатынаста қай тілде сөйлейтіндіктерін өздері таңдай алады, оған ешкімнің де килігуіне құқығы жоқ. Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік органдарға арызданып шағымданғанда өз тілін не өзі білетін басқа да тілді таңдауға құқылы. Осындай құқықты олар сот істеріне қатысқанда, заң, шығармашылық жұмыстарда, диссертацияны жазғанда пайдалануға ерікті. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңында: «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл және барлық басқа тілдер мемлекеттің қарауында болады. Мемлекеттік органдар бұл тілдердің қолданылуы мен дамуына қажетті жағдай жасайды», - делінген.
Қазақстан халықтары тілдерінің дамуы үшін қажетті жағдайлардың іс жүзінде қамтамасыз етілуі - Ана тілін меңгеруге тілек білдірушілердің барлығына арнайы мүмкіндіктер туғызу деген сөз. Мұның өзі ана тілінде орта білім беру немесе ана тілін міндетті пән ретінде оқыту, мұғалім кадрларын даярлау, оқу және оқу-әдістемелік құралдар мен көркем әдебиет, газет-журналдар шығаруға жәрдем жасау жолымен жүзеге асырылады.
Мұндай жұмыс этностардың мәдени-тілдік мүдделерін білдіре алатын ұлттық мәдени орталықтардың белсенді қатысуымен тиімді болады. Сонымен қатар Қазақстандағы этникалық диаспоралар этносының негізгі бөлігі тұратын елдермен, саны аз халықтар тілдерінің Еуропалық бюросымен және басқа халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жолға қою қажет.
Сөйтіп, елдегі этностар тілдерінің жай-күй мен жалпы тілдік ахуалға нақты және ғылыми талдау жасалмайынша, тіл құрылысының табысты жүруі мүмкін емес. Әлеуметнамалық және әлеуметті-лингвистикалық мониторинг тілдік процестердің серпіндігі мен оның демографиялық, әлеуметтік этникалық белгілері бойынша аймақтық жіктелуін бейнелейтін тіл саясатына ұдайы түзету енгізіліп отыруын қамтамасыз етуге тиіс. Тіл жөніндегі мемлекеттің болжамды қызметтердің бағыттарын Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4-қарашадағы «Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұжырымдамасы туралы» өкімінен білуіңізге болады.
6. Конституция тұжырымдарының әрбір адамға қолайлы жерінің бірі - ол 25-бапта көрсетілген, ешкімнің тұрғын үйге қол соқпайтындығы. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. Біздің елімізде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасалынған. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген мөлшерге сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан беріледі. Демек, тұрғын үй деп отырғанымыз, ол пәтер, бөлме, қонақ үй нөмірі, т. б.
7. Жеке адам құқықтарының ішіндегі ең маңыздысы - бұл әркімнің еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді қалауынша таңдап алуға құқығы болатындығы. Осыған байланысты еліміз Ата Заңының 21-бабында - Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адамның, заңда арнайы көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп- тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар. Әркім Республикадан тыс жерлерге кетуге және оған кедергісіз қайтып оралуға құқылы, - делінген. Бірақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгілі бір жерде адамның емін-еркін жүріп-тұруына шектеулер қойылған (мысалы, жабық әскери объектілерінде, экологиялық апат аймақтарында, т. б. ) . Мемлекеттік құпияны білетін азаматтардың шет елдерге шығуы арнайы нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген.
8. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына хақысы бар (18-бап) . Бұл жерде жеке өмір деп тұрғанымыз өзінің немесе отбасының құпиясын, жеке салымдары мен жинаған қаражаттарын почта, телеграф, телефон арқылы жазысқан хаттарының, сөйлеген сөздерінің және тағы басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиясын айтамыз, егер де оған моральдық зиян келтірілген болса. Конституциада көрсетілгендей, бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.
9. Ақпарат көздерімен танысуға хақылы (18-бап, 3-т. ) дегеніміз кез келген мемлекеттік органдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, ақпараттармен қамтамасыз етуге міндеттілігінен туындайтын мүмкіншілікке ие болу деген сөз.
1. 2 Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары
1. Мұның жеке адамға қатысты құқықтар мен бостандықтардан ерекшелігі - көптеген саяси құқықтар мен бостандықтар тек қана Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі. Атап айтқанда, бұған бірлесу бостандығы жөніндегі құқық жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясы 23-бабының 1-тармағында былай делінген: «Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі» және оған кепілдік беріледі. Оған қоса, Конституцияның 5-бабында қоғамдық бірлестіктердің құрылуы мен қызметі қандай жағдайда шектелетіні, азаматтардың бұл шектеулерден тыс өз құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігі, өздерінің құқықтарын пайдалануға қатысты ой-мақсаттарына қандай да бір келісімді немесе бекітуді қажет етпейтіні айқын белгіленген.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 106-бабына және «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы Заңға сәйкес ортақ мақсатқа жету үшін ерікті негізде құрылған азаматтар бірлестігі қоғамдық бірлестіктер болып табылады. Осы Заңның 3-бабында оның ықпалының барлық қоғамдық бірлестіктерге тарайтыны, бірақ саяси партияларды, кәсіподақтар және жекелеген қоғамдық ұйымдардың түрлерін (соның ішінде адвокатураны да) құруға не жоюға байланысты ерекшеліктер басқа заң актілерімен реттелуі мүмкін екендігі айтылған. Осы бапқа сәйкес қағидаттар негізінде қоғамдық бірлестіктерді құру мен қызметі негіздерін анықтайтын адвокатураны ұйымдастыру мен қызметі тәртібін реттейтін арнайы актілерді шығару дұрыс. Өйткені адвокатураның қоғамдық ұйымдардың қатарына жатқызылуы жөнінде талас пікірлердің, соңғы кезде, көбейіп кеткендігі баршаға аян. Осыған орай, мынаны атап айту керек. Мемлекеттің қоғамдық ұйымдардың ісіне негізсіз араласуы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар тарапынан өз қызметін заңды түрде жүзеге асыратын қайсыбір қоғамдық ұйымдарға бағытталған құқыққа қарсы әрекеті болып табылады.
Конституцияның 5-бабының 2-тармағы мемлекет пен қоғамдық бірлестіктер арасындағы негізгі ұстанымдық өзара қарым-қатынас принциптерін белгілейді, сондай-ақ олардың арасында қандай қарым-қатынасқа жол берілмейтінін айқындайды.
Қоғамдық бірлестіктердің заң алдындағы теңдігі мемлекеттің қоғамдық бірлестіктердің жарғыларына, оларды тіркеудің және олардың қызметін тоқтатудың тәртібіне бірдей талап қоюынан көрінеді. Олар қоғамдық-саяси және шаруашылық саласында өз құқықтарын жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста да тең.
Бұнымен бір мезгілде Конституция мәтінінен шығатын нәрсе, қандай да бір азаматтар тобының мүддесін білдіретін қоғамдық бірлестік басқа адамдардың пікірімен санаспай және оған құқығы жоқ бола тұра өз шешімдерін мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асыратын болса, ондай жағдайдың туындауына жол берілмейді. Осыған байланысты мемлекеттік органдардың қызметін қоғамдық бірлестіктерге жүктеуге және мемлекеттік институттарға қосуға, мемлекеттік органдарда саяси партиялар ұйымдарын құруға жол берілімейді (5-баптың 1, 2-тармақтары) . Сондай-ақ ешкімді де күштеп бірлестіктер құруға не оған кіруге итермелеуге заң бойынша тыйым салынғандығын әрдайым есте ұстауымыз кажет. Бұл жағдай қоғамдық бірлестіктердің өз қызметінде тәуелсіздігі мен еркін қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Жоғарыда сөз етілген саяси құқық саяси бостандықтармен толықтырылады, бұған мемлекет тарапынан кепілдік беріледі. Мәселен, Конституцияның 20-бабына сәйкес сөз еркіндігіне кепілдік беріліп, цензураға тыйым салынады. Оны былай түсіну қажет: адам өзінің жұрт алдында сөйлеуіне не өз ойын айтуына қандай да болсын кедергі келтіріп, бөгет жасайтын субъектіден қорғауды мемлекеттен талап етуге қақылы. Мұндай адам ойды әртүрлі нысанда жеткізуі мүмкін, мысалы, жазбаша, ауызша, не схемалар, графиктер, суреттер, т. б. арқылы. Демек, айтылған сөздер ешкімге зияндығын тигізбесе, құқықтық шектеулер қойылуға тиісті емес. Тек сөз біреуге зиянын тигізгенде ғана заң жүзінде құқық бұзушылық делініп, ол қатаң жауаптылыққа әкеліп соқтырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz