Қазір нағыз кооперацияға бірігуге қолайлы кезең
ӘОЖ 338.436:338.33 (574.54)
Қолжазба құқығында
УТЕГЕНОВА КАМШАТ АМАНДЫКОВНА
Агроөнеркәсіп өндірісінде кооперацияны және интеграцияны дамыту (Қызылорда
облысы мысалында )
08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару
(салалар мен қызмет сфералары бойынша)
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
дисссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2008
Жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті орындалған
Ғылыми жетекші экономика ғылымдарының
докторы,
профессор
Тәжібаев С.Д.
Ресми опоненттер экономика ғылымдарының
докторы,
профессор
Сүлейменов Ж.Ж.
экономика
ғылымдарының кандидаты
Бекбулатова
Р.К.
Жетекші ұйым РМК Агроөнеркәсіп кешені
экономикасы
және ауыл
аумақтарды дамыту ғылыми –
зерттеу
институты
Қорғау 2009 жылы 2 ақпанда 14.00 сағатта Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінде экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін
алу үшін диссертациялар қорғау жөніндегі Д 14.61.15 диссертациялық
кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Оңтүстік Қазақстан облысы,
Түркістан қаласы, Университет қалашығы.
Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат __ желтоқсан 2008жылы таратылды.
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы, э.ғ.д.:
Ж.С.Раимбеков
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы аграрлық
саясатының стратегиялық түпкі нысаны отандық өндірісті дамыту, өнім сапасын
жақсарту, оның өзіндік құнын әлемдік бәсекелестік деңгейінен асырмау және
өнеркәсіпті шикізатпен толық қанағаттандыру болып табылады.
Нарықтық экономика басталған алғашқы жылдардағы ағаттықтардан ауыл
шаруашылығында зор нұқсан келтіріліп, агроөнеркәсіп кешенінің барлық
сфералары төмендеді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы кооперативтік қозғалысы
да дағдарыс жағдайында болды. Оның негізгі себептері: ауылшаруашылығы
өнімін өңдіруші кәсіпорындармен қызмет көрсетуші кәсіпорындар келісім-
шартқа монополиялық үстемдікпен отыруы; мемлекеттік және құқықтық қолдаудың
жеткіліксіздігі; ауылшаруашылығы өнімін өндірушілердің кооператив құруға
қаражаттарының жеткіліксіздігі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан өз
дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында атты Қазақстан халқына
Жолдауында Қазақстан тиімді экономика-географиялық орналасуына және қолда
бар ресурстарына сүйене отырып, жаһандану экономикасына интеграциялануына
ықпал ететін көпжақты халықаралық жобаларға белсенді қатыса алады және
қатысуы тиіс деп айтқан болатын.
Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі көптеген сұрақтарды жаңаша түрде
қарастыру қажет. Отандық және шет елдік тәжірибе көрсеткендей нарықтық
экономика жағдайында, меншіктің әртүрлі формаларында және
шаруашылықтандыруда тиімді ұлғаймалы ұдайы өндірістің приоритетті ұйым
формасы болып кооперация мен агроөнеркәсіптік интеграция табылады.
Сондықтан да кооперация мен интеграцияның алуан түрлі формаларын дамыту
мәселелері зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды. Жеке қосалқы
шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарының әрекеттері дәлелдегендей, қазіргі
жағдайда олардың тиімді қызмет жасауы құқықтық дербестігін сақтай отырып,
өздерінің материалдық-техникалық және еңбек ресурстарын кооперациялағанда
ғана жүзеге асады.
Кооперациялау арқылы шаруашылық жүргізудің тиімділігіне және оның
өміршеңдігіне тарихи кезеңдер дәлел бола алады. Әлемнің дамыған елдерінде
кооперацияға бірігу негізгі шараушылық жүргізу формасы болып отыр.
Агроөнеркәсіп өндірісінде интеграция мен кооперативтік қозғалыстың
сапалық жаңа кезеңі үшін, оның нарықтық құрылымдар саласына дендеп енуі
үшін алғы шарттар мен жағдайлар жасалуда.
Ғылыми зерттелу дәрежесі. Ауыл шаруашылығы кооперациясының және
интеграциясының экономикалық мәселелерін зерттеуде Ф.Райффайзен, У.Кинг,
Ш.Фурье, Р.Оуэн, А.А.Кауфман, М.И.Туган-Барановский, А.В.Чаянов,
К.А.Пажитнов, А.Смит және тағы басқалары өз үлестерін қосты.
Кооперация мен агроөнеркәсіптік интеграция сұрақтары соңғы жылдары
терең зерттеліп, Отандық ғалымдар М.Кемел, Ж.Ж.Сүлейменов, Ә.М.Джуманов,
Ж.С.Сүндетов, А.Б.Молдашев, Ш.К.Көпешов, Ә.Ә.Сатыбалдин, Б.Ж.Иманбердиев,
Ғ.А.Қалиев, С.Д.Тәжібаев, А.А.Никонов т.б. және Ресейлік ғалымдар
В.Р.Боева, И.Г.Ушачев, А.И.Чупров, А.Н.Анцыферов, Л.Н.Успенко т.б. ғылыми
еңбектерінде кеңінен көрініс тапқан.
Дегенмен, нақты жағдайда агроөнеркәсіп өндірісінде интеграция мен
кооперативтік тиімді қызмет ету және дамыту мәселелерінің зерттелуі аймаққа
пайдаланылуы үшін жеткіліксіз болды. Экономиканың аграрлық секторындағы
кооперация мен интеграцияның теориялық, метологиялық және әдістемелік
сұрақтары ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудағы
негізгі құрама бөлігі ретінде терең зерттеуді қажет етеді. Аграрлық
сектордың көп укладты экономикасы жағдайында кооперацияның обьективті
қажеттілігін, алатын орнын және даму бағыттарын толыққанды өңдеп, бір
жүйеге келтіру қажет. Сондықтан да зерттеу жұмысы бұрынғы түсініктерді жаңа
жағдайға қайта қарастырып, әрі қарай дамытуға қатысты нақты шешімдерді
бағдарлауға арналған.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың
негізгі мақсаты - агроөнеркәсіп өндірісіндегі кооперация мен
интеграцияның дамыуы мен тиімді қызмет атқаруын қалыптастыруда теориялық-
әдістемелік және тәжірибелік негізін тұжырымдау.
Аталған мақсатқа сай мына төмендегі міндеттерді шешуді қажет етеді:
- нарықтық экономика жағдайында аграрлық сектордағы кооперация мен
интеграцияның дамуын теориялық негіздеу;
- аграрлық реформа және кооперация мен интеграцияның обьективті
қажеттілігінің пайда болуының алғы шарттарын зерттеу;
- зерттелетін өңірдің жағдайына сәйкес қолданатын қалыптасқан көп
укладты экономика шегінде қазіргі аграрлық сектордағы кооперацияның даму
тенденциясын бағалау;
- ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуда кластерлік жүйенің
ерекшеліктері мен күріш өсірудің экономикалық нәтижелерін ұсыну;
- агроөнеркәсіп өндірісіндегі кооперация мен интеграцияны дамытудың
экономикалық механизмін жетілдіру;
- аграрлық кешендердің интеграциялық үрдістерін зерттеу, өздерінде бар
интеграциялық үлгілерді талдау, мүмкін инвестиция көздерін және
агроөнеркәсіптік интеграцияға қатысушылардың экономикалық қарым-қатынасын
жетілдіру жолдарын айқындау.
Зерттеу нысаны. Қызылорда облысы ауылшаруашылығы өндірістік
кооперативтері, интеграциялық бірлестіктері, шаруа (фермер) қожалықтары
мен жеке қосалқы шаруашылықтар кооперативтері зерттеу нысаны болып
табылады.
Зерттеу пәні. Агроөнеркәсіп өндірісіндегі интеграция мен кооперативтік
құрылымдардың әр түрлі формаларының қалыптасуы мен дамуына байланысты
ұйымдық-экономикалық қатынастарды зеттеу болып табылады.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері. Жалпы зерттеудің теориялық
әдістемелік негізі ретінде заңдылық актілер, Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлықтары мен Жолдаулары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулылары, ауыл шаруашылық кооперациясы мен агроөнеркәсіптік интеграция
проблемаларын зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері
қолданылды.
Зерттеу жұмысының нормативтік – ақпараттық базасы. Ақпараттардың
негізгі көздері: ҚР статистика бойынша агенттігінің, Қызылорда облысының
статистикалық басқармасының мәліметтері және нормативтік-анықтама
материалдары, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жылдық есептері.
Зерттеу тәсілдері. Абстракты-логикалық, статистикалық-экономикалық,
салыстырмалы талдаулар, экономика-математикалық, болжамдау әдістерін
қолдану көмегімен жүргізілді.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жүргізілген зерттеулер
қорытындысында жұмыстың ғылыми жаңалығын айқындайтын мына төмендегі негізгі
нәтижелерге қол жеткізілді:
- экономика жағдайында облыста қолданылатын агроөнеркәсіптік интеграция
мен кооперацияның даму тенденциясы мен қазіргі жағдайы қарастырылды;
- шаруа (фермер) қожалықтары кооперациясының қажеттілігінің негізгі
маңызы, фермераралық кооперативтер құру арқылы олардың тұрақтануы мен
дамуына мүмкіндік жасау жолдары айқындалды;
- ауыл шаруашылық өнімдерін сату процесстерінде жеке қосалқы
шаруашылықтар мен қоғамдық шаруашылықтармен кооперативтік байланысын
дамытуда кластерлік жүйені жетілдіру ұсынылды;
- ауыл шаруашылығы өндіріс көлемін арттыруды, шығаралатын өнімдердің
ассортиментін кеңейтуді, инвестиция тартуды және байланысын қалыптастыруды
ұсынатын интеграциялық құрылымдар және ет корпарациясын құруға ұсыныс
жасалды;
- интеграцияланған агроқұрылымның құрамына ену үшін ауылшаруашылығы
кәсіпорындарының экономикалық тартымдылығына кешенді бағалаудың әдістемесі
жасалды;
- аграрлық өндірісті дамытуда ауыл шаруашылығы кооперациясының әр түрлі
формаларын дамыту арқылы интеграциялық құрылымдарды жетілдіру жолдары
ұсынылды.
Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар.
- кооперацияға енген ауыл шаруашылығы құрылымдарының негізгі
экономикалық нәтижелері анықталды;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу мен сатуды ұйымдастыруда
кластерлік жүйенің тиімділігі нақтыланды;
- ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын интеграцияланған агроқұрылымдардың
құрамына қосу арқылы олардың тартымдылық дәрежесін анықтауда
экспоненциалды тәуелділік формасындағы логикалық функциялар класын қолдану
қарастырылды;
- мал шаруашылығы, құрама жем зауыты, ет комбинаттарының
инвестициялық және өндірістік-өткізу әрекеттерін интеграциялап және
координациялайтын нақты аймақтың жағдайына сай қызмет атқаратын ет
корпорациясының үлгісі жасалды;
- облыстық деңгейдегі нарықтық интеграцияға қатыстырушылар мен
кооперацияны дамытуға мүмкіндік беретін көкөніс-бақша кешеніндегі
салаларды координациялайтын және реттейтін орталық құрылым ұсынылды.
Зерттеудің ғылыми - тәжірибелік маңызы. Диссертациялық жұмыста
тұжырымдалған ауыл шаруашылығы өндірісіндегі кооперация мен интеграцияны
дамытудың негізгі бағыттарын анықтау негізінде қол жеткізілген қорытындылар
мен ұсыныстардың қолдану мүмкіндіктері айқындалды. Зерттеу материалдары
облыстық және аудандық әкімшіліктерде агроөнеркәсіп өндірісін дамыту
мақсатындағы бағдаламаларын жасауда қолдануға болады. Жұмыстың теориялық
қағидалары мен тәжірибелік тұжырымдарын жоғарғы оқу орындарында Ауыл
шаруашылығы экономикасы, Сала экономикасы, Кәсіпорын экономикасы,
Агробизнесті ұйымдастыру және менеджмент негіздері және әр түрлі
курстарда экономикалық пәндерді оқытуда қосымша материалдар ретінде
қолдануға болады.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми-зерттеу жоспарларымен байланысы.
Диссертациялық жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті Тараз институтының ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасына
сәйкес орындалды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу ( апробациясы). Диссертацияның
негізгі бөліктері бойынша Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда,
жас ғалымдар мен аспиранттардың конференциясында баяндама жасалды. ҚМУ
жаршысы журналы, (Қызылорда қ. 2003ж.); Сыр өңірі: өткені, бүгіні және
болашағы атты РҒТК, (Қызылорда қ. 2005ж.); Шоқан тағылымы -11 ХҒТК,
(Көкшетау қ. 2006ж.); Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі мен
экономикасын жетілдіру мәселелері атты ХҒТК, (Алматы қ. 2006ж.); Орталық
Азия елдерінің мемлекетаралық интеграциялық байланыстарын жаңғырту атты
Орта Азия елдерінің интеграциялық форумы, (Түркістан қ. 2006ж.); Социально-
экономические и правовые аспекты индустриально- инновационного
развития Казахстана атты ХҒТК(Алматы қ. 2006ж.); Қазақстан
Республикасының индустриалды – инновациялық дамуы: сараптама, басымдықтар
және бағыттар атты ХҒТК, (Тараз қ.2006ж.); Ізденіс ғылыми журналы,
(Алматы қ. 2007ж.); Ізденіс ғылыми журналы, (Алматы қ. 2008ж.); ХҚТУ
жаршысы (Түркістан қ. 2008ж.). Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен
ұсыныстар нақты іс тәжірибелерде, атап айтқанда Қызылорда облыстық ауыл
шаруашылығы департаментінде (21.06.2007ж), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінің (18.06.2007ж) ғылыми-әдістемелік ізденістер мен
оқу үрдісінде қолданылды.
Жұмыстың негізгі концептуалдық жағдайлары әр түрлі республикалық,
аймақтық, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, Білім және ғылым
саласындағы қадағалау және аттестаттау Комитеті ұсынған басылымдарда
жарияланған. Барлығы 11 мақала, жалпы көлемі 2,9 б.т. авторлық мәтінмен
жарық көрді.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі.
Диссертациялық жұмыс 125 бетте мазмұндалған, кіріспеден, үш негізгі
бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлім
Агроөнеркәсіп өндірісіндегі кооперация мен интеграция проблемалары
нарықтық экономика жағдайында ғылым зерттеушілерінің қайта назарын аударып,
кооперацияның теориялық және тәжірибелік сұрақтары әлі де болса зерттеуді
талап етуде. Экономикалық әдебиеттерде және заңдық актілерде өндірістік
кооператив, тұтыну кооперативі т.б. терминдер жиі кездеседі. Дегенмен,
экономист-аграрниктердің арасында осы терминдер мазмұнын айқындауда бірдей
пікір қалыптаспаған, яғни, бір ұғым әртүрлі түсіндірме айтылады. Кооператив
біраз тұлғалардың өз еркімен біріккен шаруашылық кәсіпорыны, ол өзінің
мақсаты етіп жұмсалған капиталына неғұрлым көп өсім алуды емес, өз
мүшелерінің еңбек табыстары барынша өсуін қамтамасыз етуге және шығатын
шығындардың барынша аз болуына қызмет етеді.
Жалпы кооперация тұжырымдамаларында кейбір өзгешеліктер болғанымен,
кооперативтер жұмысының қағидалары мен мақсаттары бәрінде ұқсас болып
келеді. Жұмыс жасау бағыты бойынша кооператив: өндірістік және қызмет
көрсетуші болып бөлінеді.
Ауыл шаруашылық кооперациясы – ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің
экономикалық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында
құрылған, әртүрлі ауыл шаруашылық кооперативтер жүйесі мен олардың
одақтары. Кооперация - еңбек кооперациясы және өндірістік кооперация болып
бөлінеді.
Қазіргі кезде кең тараған экономикалық өндіріс кооперациясының екі
формасы бар: горизонтальды ауылшаруашылығы кәсіпорындарындағы әртүрлі
меншік формаларында және шаруашылықтандырылған және біріктірілген ұжымдық
өндіріс әрекеттерінде, шаруа (фермер) қожалықтарында, тұрғындар
шаруашылығында сондай-ақ көбінесе бөлек ұжымдық шаруашылықтар шекарасында
көрсетілген және вертикальды ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының біріккен
түріндегі, олардың бөлімдері немесе ресурстар бөліктері өңдеуші
өндірістердің қалыптасуымен сәйкестенген, сату және басқа да агроөндірістік
кешеннің ұйымдары кіреді. Барлық экономикалық дербес ауыл шаруашылығы
тауар өндірушілері: шаруа (фермер) қожалықтары, ауылшаруашылығы өндірістік
кооперативтері, акционерлік қоғамдар, әртүрлі серіктестіктер және ұжымдық
шаруашылықтар вертикальды кооперацияға қызығушылық танытуда. Бірақ ол баяу
дамуда, өйткені ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері меншік және
шаруашылықтандыру формасына тәуелсіз, шикізатты жеткізіп беруші рөлінде
қала отырып дайын өнімді сатудан түскен пайданың 30-40 пайызын (өңдеу
кәсіпорынына, көлік ұйымына, көтерме және бөлшек саудаға, көптеген
делдалдарға) жоғалтады.
Сонымен, кооперативтік ұйымдарға тән жалпы белгілер: кооператив ерікті
негізде құрылады; кооператив ұжымдық құрылымды білдіреді; кооператив-
мүшелік ұйым; кооператив мүлкі үлестерге бөлінген; кооперактивке басқару
мен бақылау демократиялық негізде жүзеге асырылады.
Интеграция астарында экономикалық субъектілердің бірігуі олардың қарым-
қатынастарының тереңдеуі және байланыстарын дамыту түсініктері жатыр.
Экономикалық интеграцияның ұлттық шаруашылық деңгейінде, кәсіпорындардың,
фирмалардын, компаниялардың, корпорациялардың арасында да орны бар.
Экономикалық интеграцияда өндірістік технологиялық байланыстардың кеңеюі,
ресурстарды бірігіп пайдалану, қаржылық біріктіру, экономикалық әрекеттерді
іске асыруда бір-біріне жағдай жасау, арадағы кедергілерді жою
қатынастарынан көрініс табады.
Интеграция – бұл кооперацияның жоғары формасы ретінде әртүрлі салалар
мен қызмет түрлеріндегі кәсіпорындардың бірігуі. Айталық ауылшаруашылық
кәсіпорындары өңдеуші кәсіпорындармен сондай-ақ өндірістік, нарықтық және
әлеуметтік инфрақұрылымның кәсіпорындарымен бірігуі.
Біздің ойымызша, аталған өндірістік кооперация мен интеграция
формаларының анықтаушы рөлі - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тән
болуы керек, олар номенклатураны, өндіріс көлемі мен мерзімін, іс-әрекет
мінездемесін және т.б. жағдайларды келісіп отырады. Ол үшін кәсіпорындардың
әрекеттерінің бірлескен бағдарламасы жасалуы керек, онда кооперация
мүшелерінің экономикалық қарым-қатынасын этап бойынша дамуын алдын-ала
қарастыру, өнім өндіруден бастап және оны ұйымға жеткізу, құрылған
интеграцияның қалыптасу шеңберінде біртіндеп қатал экономикалық байланысқа
көшу және біріккен еңбек соңғы нәтижесін орнықтыру қажет.
Интеграциялық қалыптастыру кезінде қатысушылардың құрамына ауыл
шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша кәсіпорындарды және сауда ұйымдарын
қосумен қатар олардың қарым-қатынасын, бірдей басқару органдармен еңбек,
материалдық және қаржылық ресурстарды толық біріктіру негізінде тұрғызу
керек. Толық интеграция келісім шарт негізінде ұйымдастырушылық,
экономикалық, әлеуметтік бірлікті қалыптастыру, интеграциялық жүйеге кіру
және бірдей соңғы нәтижеге жұмыс істеу болып табылады. Кооперацияға
қатысушылардың өзара экономикалық қарым-қатынасын дамытудың маңызды
құрамдас бөлігі болып, жеткізілген шикізатқа өзара есеп айырысу жүйесі,
оның өңделуі және негізі баға белгілеу механизмі болатын, дайын өнімді
сату, яғни баға белгілеу кәсіпорын-қатысушылардың арасындағы айырбас
эквиваленттілік қағидасы негізінде жүргізілуі қажет.
Ауылдық несие және сақтандыру кооперациясы жүйесінің қалыптасуы үшін,
ауыл шаруашылық ұйымдарында шаруашылық аралық кооперацияны кеңейту және
несиелік кооперация негізінен ұсақ ауылдық тауар өндірушілерге бағдарлануы
қажет. Несиелік кооперациялардың даму мүмкіндігінің өсуі, ауыл тұрғындарына
есеп айрысу және басқада қаржылық қызмет көрсететін, банктік кооперативке
бірігеді. Несиелік кооперативтер сату, қамтамасыз ету және басқа да
кооперативтермен бірге қызмет атқару керек. Сонымен бірге ауылдық несиелік
кооператив және ауылдық несиелік банктік құрылым өте маңызды топ болып
табылады.
Жоғарыда келтірілген барлық жағдайларды іске асыру жұмысы біздің
пікірімізше екі этапқа бөлінеді. Бірінші этапта әртүрлі бағыттағы ауыл
шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін қажетті нормативтік-құқықтық,
экономикалық және ұйымдастырушылық талаптардың қабылдануы мемлекеттік
қолдау механизмі негізінде жұмыс жасайды. Екінші этапта қаржылық тұрақтану
және ұйымдастырушылық және қаржылық қолдауды күшейту арқылы бұрынғы
құрылған кооператив іс-әрекетін кеңейту мен жаңа кооперативтерді құру
процесін жеделдету негізінде олардың бірігуі басталады.
Қазіргі кезде кооперацияның дамуына алғышарттар бар. Ірі
кәсіпорындармен қатар ауқаты жоғары, өзін-өзі ешкімнің жәрдемінсіз,
несиесіз қамтамасыз ете алатын жеке шаруа қожалықтары пайда болады. Олар
үшін кооперацияға бірігу онша қажет емес. Сонымен бірге, 120 мыңнан астам
ұсақ шаруа қожалықтары бар, олардың басым көпшілігінің жер үлесі шағын,
ауқаты ортадан төмен. Қазір нағыз кооперацияға бірігуге қолайлы кезең.
Ауыл шаруашылық кооперативтері агроөнеркәсіп өндірісінің өндірістік
потенциалын сақтауға мүмкіндік береді; шаруашылардың рынокке шығуын
қамтамасыз етеді; меншік иесінің қызығушылығын тудыруға жағдай жасайды;
кооператив мүшелерінің одан еркін шығуын және пайлық салымын салған күйінде
алуына кепілдік береді. Осы фактілер нарықтық экономикасы дамыған елдердің
кооперативтік қозғалыстағы тәжірибесін дәлелдейді.
Агроөнеркәсіп секторы бойынша тұрақтану тенденциясын алға бастыру оның
бүгінгі таңдағы макродеңгейлік проблемаларының оңды шешіле бастағанын
тиімді пайдалану егіс көлемі мен мал санын көбейту егіннің шығымдылығы мен
мал өсімталдығын арттыру жемшөп қорын нығайту, ауыл өнімдерінің сатылуын
мейлінше жоғары деңгейге жеткізеді. Осының бәрі қосыла келіп ел
экономикасының жылына кем дегенде 10-12% артуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сыртқы факторларды ескере отырып, жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсімін
өсіру көзделуде. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру бірінші
кезектегі мәселе болып табылады. Шын мәнінде бұл кез-келген тауардың
бәсекелестік қабілетін арттырудағы негізгі тетік.
Ауыл шаруашылығындағы соңғы жылдардағы қалыптаса бастаған оң құбылыстар
еліміздің көптеген аймақтарына тән, соның ішінде Қызылорда облысы ауыл
шаруашылығының аяқ алысына тоқталатын болсақ: 2005-2007 ж.ж. арналған
облыстық азық-түлік бағдарламасы қабылданғалы ауыл шаруашылығында біраз
өзгерістер болды. Ауыл шаруашылығында 1995-2000ж.ж. жалпы аймақтық өнім
көлемі 7 млрд. теңгені құраса, 2007ж. бұл көрсеткіш 17,9 млрд. теңгеге
жеткізілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің 65-70%-ы өсімдік шаруашылығының
үлесінде. 2002-2007 ж.ж. аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,6 есе
өскен болса, өсімдік шаруашылығының өнімін 2,1есе көбейту қамтамасыз
етілді.
Облыс бойынша 1996 жылы барлық егіс көлемі 241,2 мың гектарды алатын
болса, оның ішінде бидай, дәндік жүгері, күріш егістігінің көлемі кеміп,
керісінше картоп, көкеніс, бақша дақылдарының егіс көлемі көбейген. Жалпы
алқаптың 35-40%-тін күріш егісі алады, ал күріш ауыспалы егісіндегі айнымас
элементі ретінде көп жылдық шөптер алқабы 25-27%-тін алады. 2007 жылы жалпы
егіс көлемі 151,5 мың гектар алқапқа орналастырылды. Бұл өткен жылмен
салыстырғанда 2,1 мың гектарға артық. Бұл ретте ауыл шаруашылығы
дақылдарының жалпы алқабы ішінде дәнді дақылдардың үлесі 56% болып отыр.
Облыста егілген барлық дақылдардың ішінде күріштің еншісінде 47,7% болса,
ал дәнді дақылдар құрылымында күріштің үлесі 84,6% болып отыр.
2006 жылы Республикалық бюджеттен гербицидтің бағасын арзандатуға 27
млн. теңге субсидия бөлінді. Бөлінген қаржыға күріштің арам шөптеріне қарсы
күресу үшін арзандатылған бағамен 189,4 кг – Гулливер, 8220 литр – 2М
4Х, 637 литр Фацет, 370 литр Базарган гербицидтері алынды және 2007
жылы 14,7 мың гектар жер арам шөптерге қарсы гербицидтермен өңделді.
Әрбір гектардан алынатын түсімділік деңгейі дәнді дақылдар бойынша 1996
жылы 14 цга болса, 2007 жылы бұл көрсеткіш 32 цга жетіп 2,28 есеге
көбейген(1 кесте). Демек, бұл көрсеткіштерге сүйене отырып, егіс көлемінің
елеулі артпағанымен де, одан алынатын өнімділік деңгейі жоғарылағаны
байқалады.
Кесте 1 – Қызылорда облысы бойынша негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының
өнімділігі мен жалпы түсімділігі
Көрсеткіштер 1996ж. 2003ж. 2004ж. 20005ж.2006ж. 2007ж.
Жалпы жиналған өнім, мың тонна
Дәніді дақылдар 173,3 196,7 189,2 191,3 256,6 252,3
барлығы
Бидай 28,9 12,0 15,8 22,6 16,9 14,6
дәнді жүгері 1,0 2,1 2,5 5,7 3,0 2,0
Тары 0,2 3,3 2,0 4,4 3,4 2,1
Күріш 142,8 179,1 168,9 158,4 233,3 233,1
Картоп 19,4 62,4 75,9 79,9 75,6 89,5
көкөніс 13,3 61,1 71,5 74,6 78,2 93,5
Бақша дақылдары 31,8 88,5 93,1 99,0 94,8 111,3
Түсімділік 1цга
Дәнді дақылдар 14,0 27,8 27,1 28,0 30,6 32,0
барлығы
Бидай 5,6 10,8 15,8 19,7 15,5 14,4
дәнді жүгері 4,4 29,2 21,8 25,6 25,3 23,7
Тары 3,0 15,0 14,5 12,5 13,6 13,3
Күріш 20,8 30,9 29,5 31,1 33,7 35,3
Картоп 39 97 101 101 107 114
көкөніс 42 107 107 107 116 128
Бақша дақылдары 71 115 120 117 121 120
*Ескертпе- Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы департаментінің мәліметтері
негізінде
Іс жүзінде облыста Үкімет тарапынан қолдау көрсетілмек. 2008 жылы
үкіметтің күріштің әр гектарына 20 мың теңге көлемінде субсидия төлеу
туралы шешім қабылдаған хабары Сыр бойындағы барша диқан қауымды қуантып
отыр. Осы уақытқа дейін күріштің әр гектарына 7500 теңгеден алынып тұрса,
енді мемлекеттік қолдау қаржысы үш есеге өсіп, дақылдың әр гектарына 20 мың
теңге болып ұлғайды. Жанар-жағар майдың, қосалқы бөлшектердің қымбат болуы,
судың тапшылығы, жер өңдеу шаруашылықтарға ауырлау тиіп тұрғанда Үкіметтен
қосымша қаржы бөлінсе, аймақта күріштен мол өнім алу мүмкіндігі артады.
Банктер де мұндай қаржылай қолдау болса, несие беруге әзір. Сонымен қатар,
субсидия беруде майда шаруашылықтарды ірілендіру үшін 500-1000 гектар жерге
егін егетін шаруашылықтарға беру керек. Нәтижесінде, ұсақ шаруашылықтар
кооперациялану негізінде бірігіп, тұрақты және тиімді қызмет етеді;
шығындарды азайтады; нарыққа шығу мүмкіндіктерін кеңейтеді; өнімдерінің
немесе қызметтерінің сапасын арттырады; кіріс көздерін көбейтеді.
Мал шаруашылығы - ауыл шаруашылығындағы мал өсіріп, өнім өндіретін
кәсіпшілік. Облыста 21 асыл тұқымды мал шаруашылықтары және 1 асыл тұқымды
мал зауыты бар. 2007 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласын дамытуға
38,7 миллион теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен
28,4 млн. теңге, ал облыстық бюджеттен 10,3 млн. теңге бөлінген. Осы асыл
тұқымды шаруашылықтардағы мал басын өткен жылмен салыстырғанда мүйізді ірі
қара – 0,6, қой – 3,5, жылқы мен түйе сәйкесінше 0,2 -0,1 мың басқа
көбейді.
2007 жылы 53 пункт жұмыс істеп, 6155 бас сиыр қолдан ұрықтандырылды,
немесе өткен жылмен салыстырғанда 545 басқа көбейді.
Сонымен қатар, 238 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы мүйізді ірі қара
малы мен 1200 бас қаракөл қойы әкелініп, Сырдария, Қазалы, Жалағаш
аудандарының шаруашылықтарына лизингіге берілді. Осы әкелінген қойдың 500
басы өнімділігі жоғары Атырау облысында жаңадан шығарылған етті-майлы
Атырау елтірі қойының тұқымы. Алдағы уақытта осы қой тұқымын көбейту
бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Кесте 2 - Шаруашылық санаттары бойынша мал басы және құстың құрамы мен
құрылымы, 2007ж.
Мал түрлеріБарлық оның ішінде
және құс категория
бойынша
ЖШС, ӨК, АҚ Шаруа қожалықтары Тұрғындар шаруа-ғы
мың бас% мың бас % мың бас %
Сауын сиыр 78,1 0,93 1,2 2,34 3,0 74,81 95,8
МІҚ 144,1 2,59 1,8 3,74 2,6 137,75 95,6
Қой, ешкі 768,3 41,48 5,4 23,81 3,1 702,99 91,5
Шошқа 3,6 0,24 6,7 0,25 6,9 3,11 86,5
Жылқы 53,7 3,18 5,9 2,09 3,9 48,43 90,2
Түйе 24,6 2,46 10,0 1,42 5,8 20,71 84,2
Құс 407,7 150,4 36,9 0,4 0,1 256,8 63,0
Барлығы,
(құсты 1072,4 50,88 4,7 33,65 3,2 987,8 92,1
қоспағанда)
*Ескертпе- Ауыл дамуының мониторингі мәліметтері негізінде автордың есептеуі
Малдың генетикалық әлеуетін жақсартумен бірге мал шаруашылығы
өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін осы саланы ғылыми
ұйымдастырудың маңызы зор. Осы мақсатта Оңтүстік Батыс ауыл шаруашылығы
ғылыми орталығымен және осы орталықтың облыстағы филиалы Арал өңірі
агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу орталығымен 6 шаруашылық
келісім-шартқа отырып, асылдандыру жұмыстарын жүргізуде. Биылғы жылы асыл
тұқымды шаруашылық статусын алуға 3 шаруашылық құжаттары сараптамадан
өткізу үшін комиссияға ұсынылып, Қазалы ауданындағы Рза АҚ және Сырдария
ауданындағы Ақжарма Жер ЖШС шаруашылықтары асыл тұқымды шаруашылық
статусын алды.
Шаруашылық типтері бойынша мал басының бөлінуі 2 кестеде берілген.
Кестедегі мәліметтерден Қызылорда облысы бойынша шаруашылық санаттары
бойынша топтастырылған мал басы түрлерінің саны мен олардың құрылымына
талдау жасауға болады. Ірі шаруашылықтар қатарына жататын ЖШС-тер мен ӨК-
терде 2007 жылы құстарды қоспағанда 50,88 мың бас мал түрлері болып, 4,7 %-
ды; шаруа қожалықтарында 33,65 мың бас – 3,2 %-ды; тұрғындардың жеке
шаруашылықтарында 987,8 мың бас – 92,1 %-ды құрап отыр.
Ірі шаруашылықтардағы малдар жыл бойы жайылымдарда жайылып бағылады.
Себебі: қысқы мезгілде жем-шөптің жетіспеуі; тұрғылықты халықтың жайлауға
көшу дағдыларының болуы және т.б.
Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуден түскен
табыстылық соңғы 2007 жылы нәтиже беріп отыр, өсімдік шаруашылығына
қарағанда мал шаруашылығы өнімдерінің табыстылығы жоғары, яғни жекелеген
өнім түрлері бойынша (қой, ешкі еті, құс еті, жұмыртқа өнімдері) сатудан
белгілі бір деңгеде табыс алуда. Бірақ әлі де болса ауыл шаруашылығы
өнімдерін өткізудегі рентабельділік деңгейі қанағаттанарлық емес, мәселе
табыстың шығынынан аз ғана артықшылығында болып отыр.
Қазіргі уақытта аграрлық салада жұмыс істейтін барлық заңды тұлғалар
ұйымдастырушылық-құқықтық формасы бойынша қолданыстағы заңға сәйкес қайта
тіркеуден өтті. 2007 жылдың аяғында Қызылорда облысында меншік және
шаруашылық қызметтерінің барлық түрі бойынша 2863 ауыл шаруашылық
кәсіпорындары тіркелген.
Кесте 3 – Шаруашылық санаттары бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарының саны
және үлесі, 2007ж.
оның ішінде
Көрсеткіштер Барлығы
Мемлекеттік Серік-Акцио- ӨндірісШаруа
шаруашылықтар тестернерлік - қож-ры
қоғам тік
коопер.
Қызылорда облысы 2863 5 542 16 54 2246
оның ішінде:
Арал 244 1 27 1 21 194
Қазалы 313 - 104 2 2 205
Қармақшы 213 - 126 6 7 74
Жалағаш 255 1 50 - 12 192
Сырдария 398 - 61 2 3 332
Шиелі 482 - 11 1 7 463
Жаңақорған 793 1 145 1 - 646
Қызылорда қаласы 165 2 18 3 2 140
Шаруашылықтардың 100 0,2 19 0,5 2 78,3
құрылымдық үлесі,%

3 кестедегі мәліметтерден облыс бойынша аграрлық экономикадағы
мемлекеттік саланың үлесі не бәрі 0,2 % құрайтынын, қалған бөлігі мүлік
және жердің жеке меншігіне негізделген кәсіпорындарға тиесіліекенін көруге
болады. Олардың көбі шаруа қожалықтары (78,3 %) мен серіктестіктер (19 %),
ал ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерінің үлесі 2 % құрап отыр.
Статистикалық мәліметтер бойынша Қызылорда облысында шаруа (фермер)
қожалықтарының саны 2007 жылы аяғында 2246 болып, 2003 жылмен
салыстырғанда 2 есеге өскен. Олардың сандық өсу қарқыны жылдан жылға өсіп
отыр, 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 23,3 пайызға артқан. 2004 жылы
бір шаруашылыққа орташа 71 гектардан келген. Шаруа қожалықтарындағы ауыл
шаруашылығына арналған пайдалы жер 2437,5 мың гектарды (бөлінген жердің
86,5%-ы), егістік 569,69 мың гектарды (23,4%) алды. Фермерлердің үлесіне
ауыл шаруашылық пайдалы жерінің 17%-ы және егістіктің 53%-ы тиесілі болды.
Бүгінгі таңда халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары көптеген объективті
және субъективті жерлерге байланысты өндірістің көлемі, тауарлығы және
табысы бойынша әр түрлі сипатқа ие.
Жеке қосалқы шаруашылықты дамыту өңірлік ерекшеліктерге, олардың
жүргізілуі, өндірістік түрі және мөлшері, отбасылық елді мекендердің түрі,
демографиялық сипаттамасына байланысты. Қаржының жетіспеушілігі мен
несиелік қорлардың аздығына байланысты жеке қосалқы шаруашылықтардың
көмегімен, ұжымдық шаруашылықтардағы қызмет көрсету мен өндірістік базаны
кооперативтік негізде пайдалану маңызы артуыда. Жеке қосалқы
шаруашылықтарды кооперацияға біріктіру азық-түлік мәселелерін шешуге және
мемлекеттік, жергілікті деңгейде қолдау арқылы агроөнеркәсіп өндірісін
дамытуға мүмкіндіктер туады.

өміршеңігіне тарихи кезеңдер дәлел бола алады. Әлемнің дамыған елдерінде

Кейінгі жылдар аралығында ауыл кооперациясын дамыту бағытында көптеген
құқықтық және ұйымдастырушылық іс-шаралар қабылданды. Бірақ ауыл
шаруашылығы еңбеккерлерінің бұл бастамаларына мемлекет тарапынан қолдау
болмады, яғни бюджет қарастырылмады. Сондықтан да біріншіден, кооперативтік
жүйені ел экономикасының өз алдына және толыққанды бір секторы деп қарау
керек. Екіншіден, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің барлық түрлеріне
компенсациялаушы бюджеттік төлемдер, салық жеңілдіктері түріндегі
мемлекеттік реттеу саясатын жүзеге асыру қажет.
Ауыл шаруашылығы экономикасы сұрақтары туралы әдебиеттерді талдай
отырып келесідей қорытындылар жасауға болады, атап айтсақ, кооперацияға
соңғы кезде көп көңіл бөлінуінің себебі, бұл әріптестік өзара қарым-
қатынастағы шаруашылықтандырудың ең әділетті жүйесі болып табылады.
Ауыл шаруашылық кооперациясы – ұсақ тауар өндірісінің бөлінбейтін
серігі болып табылады. Жеке қосалқы шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарының
әрекеттері дәлелдегендей, қазіргі жағдайда олардың тиімді қызмет жасауы
құқықтық дербестігін сақтай отырып, өздерінің материалдық-техникалық және
еңбек ресурстарын кооперациялағанда ғана жүзеге асады.
Осыған орай, Қызылорда облысының біршама шаруашылықтары бойынша
кооперациялық жүйеге енудегі басты себептеріне талдау жасай отырып, негізгі
көрсеткіштеріне тоқталамыз (Кесте 4).
Кесте 4- Кооперациялық жүйедегі Қызылорда облысы шаруашылықтарының негізгі
экономикалық және тиімділік деңгейін сипаттаушы көрсеткіштер,2007ж.
Көрсеткіштер Ақжарма Шаған Жаңажол
ЖШС ЖШС ЖШС
Ауылшаруашылық жер көлемі,га 11300 7850 29960
Оның ішінде егістік жер,га 3375 5835 3905
күріш, га 2350 3200 2520
Ауылшаруашылығы
еңбеккерлер саны, адам 364 727 375
Өнімділік цга
күріш бойынша 36,2 37,5 36,8
Жалпы өндірілген өнім құны, мың теңге 168129 280123 200804
өсімдік шаруашылығы бойынша, мың т 104239 179278 110258
мал шаруашылығы бойынша, мың т 63890 100844 90546
Таза табыс, мың теңге 11532 26165 14512
Инвестиция көлемі, мың т 10305 27385 4760
Материалды техникалық ресурстар
- тракторлар 27 34 24
- комбайндар 11 12 8
1га егістік жеріне шаққандағы
инвестиция, теңге 3,05 4,69 1,21
1га егістік жеріне шаққандағы жалпы 49,81 48,0 51,38
өнім көлемі, теңге
1 жұмысшыға шаққандағы табыс, мың теңге31,68 36,0 38,7
Орташа жалақы, теңге 16200 17500 15800
Еңбек өнімділігі, теңге 461,8 385,3 535,4
Қор қайтарымы, теңге 1,61 1,34 1,52
Қор сиымдылығы, теңге 0,67 0,77 0,64
Қормен жарақтану, теңге адам 314 211 309
* Ескертпе - Аталған шаруашылықтардың мәліметтері негізінде автордың
есептеулері
Кесте мәліметтеріне сүйене отырып, Сырдария ауданына қарасты үш
шаруашылықтың негізгі экономикалық көрсеткіштерін салыстыра отырып,
кооперациялық жүйедегі дамуына әсер етуші көрсеткіштерге талдау жасайтын
болсақ: Шаруашылықтардың барлығы күріш өсірумен айналысады. Күріштің әрбір
гектарынан алынатын өнімділік деңгейі бірқалыпты. Ең басты көрсеткіш таза
табыс деңгейі Шаған ЖШС-гі бойынша 26165 мың теңгені құраса, Жаңажол
ЖШС-гі 14512 мың теңгені, ал Ақжарма ЖШС-гі 11532 мың теңгені құрап
отыр. Таза табыс деңгейі Шаған ЖШС-гі бойынша басқа шаруашылықтарға
қарағанда біршама жоғары деңгейде. Басты себеп шаруашылыққа соңғы жылы
жұмсалған қаржы көлемі басқа шаруашылықтарға қарағанда екі есеге артық.
Сырдария ауданы бойынша Қоғалкөл Жер ЖШС, Шаған жерЖШС, Ақжарма
ауылдық округі, ІІІ- Интернационал ЖШС, Шіркейлі, Н.Ілиясов,
Бесарық, Мәді Қажы және тағы басқа шаруашылықтар Шапағат ЛТД ЖШС-нің
құрамында бірігіп жұмыс атқарады. Бұл шаруашылықтарды Жихан холдинг
компаниясы қаржыландырады және лизингке техникалармен, жанар-жағар маймен,
тұқым минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етеді. Демек, кооперациялық
жүйеге енген шаруашылықтардың негізгі экономикалық тиімділік көрсеткіштері
кесте бойынша бірқалыпты деңгейде болып отыр.
Зерттеу жұмысының барысында шаруашылық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz