Авторлық құқықты қорғау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Авторлық құқықтың қолданылу аясы
2.2. Авторлық құқық объектісі
2.3. Авторлық құқықты қорғау
2.4 Тең авторлар
2.5. Қызметтік туындыларға авторлық құқық
2.6. Авторлық сыйақының ең төмен ставкалары

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заң санаткерлік меншік
саласында ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық),
қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлік және кабельдік хабар
тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқықтар) жасауға және пайдалануға
байланысты туындайтын қатынастары реттейді.
Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы
заңдары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және
соларға сәйкес шығарылатын басқа да нормативтік актілерден тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекітетін халықаралық шартта осы
Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың
ережелері қолданылады
Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы
заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
автор - шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға;
авторлық құқық - автордың мүліктік және мүліктік емес жеке
құқықтары;
электронды — есептеу машинасына (бұдан әрі — ЭЕМ) немесе деректер
базасына арналған бағдарламаны бейімдеу — ЭЕМ-ге немесе деректер базасына
арналған бағдарламаның пайдаланушының нақты техникалық құралдарында немесе
пайдаланушының нақты бағдарламаларының басқаруымен жұмыс істеуін қамтамасыз
ету мақсатында ғана жүзеге асырылатын ЭЕМ-ге немесе деректер базасына
арналған бағдарламаға өзгерістер енгізу;
дыбыстау-бейнелеу туындысы — тиісті техникалық құрылғылардың
көмегімен көріп және естіп (дыбыспен берілетін жағдайда) қабылдауға
арналған өзара байланысты кадрлардың немесе бейнелердің тіркелген
серияларынан құралатын (дыбыспен немесе дыбыссыз берілетін) туынды.
Дыбыстау-бейнелеу туындылары кинематографиялық туындыларды және бастапқы
немесе одан кейінгі түсірілу әдісіне қарамастан кинематография құралдарына
ұқсас құралдармен бейнеленген туындылардың бәрін (теле- және
бейнефильмдерді, диафильмдер мен слайдфильмдерді және сол сияқты
туындыларды) қамтиды;
деректер базасы — деректер ЭЕМ көмегімен табылатындай және
өнделетіндей етіп жүйеге түсірілген материалдардын іріктелуі мен (немесе)
орналасуы жағынан шығармашылық еңбектің нәтижесін білдіретін деректер
(мақалалар, есептер, фактілер және басқалар) жиынтығы. Көмегімен деректер
базасының материалдарына электрондық кіруді жүзеге асыруға болатын ЭЕМ-ге
арналған бағдарламаға деректер базасы ұғымы қолданылмайды;
қайта шығару - туындылардың немесе сабақтас құқықтар объектілерінің
бір немесе одан да көп тұрақты немесе уақытша даналарын кез келген әдіспен
және кез келген нысанда, толық немесе ішінара, тікелей немесе жанама түрде
дайындау. Дыбыс-немесе бейнежазбаны дайындау, екі өлшемдік немесе үш
өлшемдік туындының бір немесе одан да көп даналарын дайындау, сондай-ақ
туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектілерін кез келген материалдық
нысанда кез келген тұрақты немесе уақытша сақтау қайта шығару түрлері болып
табылады;
ЭЕМ-ге арналған бағдарламаны қайта құрастыру — ЭЕМ-ге арналған
бағдарламаның құрылымын зерттеу және кодын белгілеу мақсатында объектілік
кодты бастапқы мәтінге өзгертуді қамтитын техникалық тәсіл;
жалпы жұрттыц назарына жеткізу — авторлық құқық және (немесе)
сабақтас құқықтар объектілерін көпшілік оларға өзінің жеке қалауы бойынша
кез келген жерден және кез келген уақытта (интерактивтік режимде) қол
жеткізуді жүзеге асыра алатын сым арқылы немесе сымсыз байланыс
құралдарымен хабарлау;
жазу - дыбыстарды және (немесе) бейнелерді техникалық құралдардың
көмегімен оларды бірнеше қайтара қабылдауға, қайта шығаруға немесе
хабарлауға мүмкіндік беретін кез келген құралмен және кез келген нысанда
жазып алу;
құқықтарды басқару жөніндегі ақпарат — туындыны, туынды авторын,
орындаушыны, орындаушының орындаушылығын, фонограмма жасаушыны,
фонограмманы, туындыға, орындаушылыққа немесе фонограммаға немесе туындыны,
орындаушылықты немесе фонограмманы пайдалану шарттары туралы ақпаратқа
қайсыбір құқық иеленушіні бірдейлендіретін ақпарат. Ақпараттың кез келген
элементі туындының, жазып алынған орындаушылықтың немесе фонограмманың
данасына қоса берілетін, не жалпы жұрттың назарына туындыны хабарлауға
немесе жазып алынған орындаушылықты немесе фонограмманы хабарлауға және
(немесе) жеткізуге байланысты пайда болатын кезде осындай ақпарат берілген
кез келген цифрлар немесе кодтар да құқықтарды басқару жөніндегі ақпарат
деп ұғынылады;
айрықша құқық — автордың немесе сабақтас құқықтар иеленушінің
туындыны, орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы, эфирлік немесе кәбілдік
хабар тарату ұйымдарының хабарын осы Заңмен белгіленген мерзім ішінде өз
қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалану жөніндегі мүліктік құқығы;
орындау - туындыны, фонограмманы, орындаушылықты, қойылымды тікелей
орындалатын ойын, ән, би арқылы немесе қандай да бір техникалық құралдардың
(телерадио хабарлары, кәбілдік телевизия және басқалары) көмегімен көрсету.
Дыбыстау-бейнелеу туындысының кадрларын реті бойынша дыбыспен сүйемелдеп
немесе сүйемелдемей көрсету;
орындаушы - актер, әнші, музыкант, биші немесе рөлде ойнайтын, ән
салатын, оқитын, мәнерлеп оқитын, музыкалық аспапта ойнайтын немесе әдебиет
және (немесе) өнер туындыларын (соның ішінде эстрадалық, цирк немесе
қуыршақ нөмірлерін) немесе халық шығармашылығы туындыларын қандай да бір
өзгедей жолмен орындайтын басқа да адам, сондай-ақ дирижер;
авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектісініц контрафактілік
данасы — жасалуы, таратылуы немесе өзгедей пайдаланылуы осы Заңнын
ережелеріне не Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың
нормаларына сәйкес авторлық құқық және сабақтас құқықтардың бұзылуына әкеп
соғатын туындының, жазылған орындаушылықтың, фонограмманың, эфирлік және
кәбілдік хабар тарату ұйымдары хабарының данасы. Құқық иеленушінің
рұқсатынсыз құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертілген,
немесе объектілерді қорғаудың техникалық әдістерін айналып өтуге мүмкіндік
беретін заңсыз пайдаланылатын құрылғылардың көмегімен жасалған авторлық
құқықтың және сабақтас құқықтардың объектілері де контрафактілік болып
танылады;
ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаны түрлендіру
(өңдеу) — ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаның
бейімделуге жатпайтын кез келген өзгерістері;
айрықша емес құқық — осы Занда белгіленген жағдайларды қоспағанда,
автордың тиісті рұқсатымен басқа адамның құқық иесімен бірге туындыны
пайдалана алатын құқығы;
туындыны жариялау - туындыны жариялау, көпшілікке көрсету, көпшілік
алдында орындау, жалпы жұрттың назарына жеткізу арқылы және өзге де
әдістермен оған көпшіліктің алғаш рет қолын жеткізетін іс-әрекетті автордың
келісімімен жүзеге асыру;
жариялау — автордың не авторлық немесе сабақтас құқықтар
объектілеріне өзге құқық иеленушінің келісімімен туындының немесе
фонограмманың даналарын көпшіліктің орынды қажеттіліктерін
қанағаттандыратын мөлшерде меншік құқығын не туындының немесе фонограмманың
данасын иелену құқығын сату, прокатқа (жалға) тапсыру немесе өзгедей беру
арқылы көпшілікке ұсыну;
туындыны аудару - шығарманы түпнұсқа шығарманың тілінен басқа тілде
білдіру. Бұл ретте аударма дұрыс және түпнұсқа туындының мазмұнын да,
стилін де бұрмаламайтын болуға тиіс;

2.1. Авторлық құқықтың қолданылу аясы
Осы Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңына сәйкес
авторлық құқық:
1) Қазақстан Республикасының аумағында жарияланған не жарияланбаған, бірақ
авторлардың немесе олардың құқықтық мұрагерлерінің азаматтығына қарамастан
Қазақстан Республикасының аумағында қандай да болсын объективті нысанда
болатын туындыларға қолданылады;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған,
бірақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қандай да болсын объективті
нысандағы туындыларға қолданылады және Қазақстан Республикасының азаматтары
— авторлары және олардың құқықтық мұрагерлері деп танылады;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған,
бірақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қандай да болсын объективті
нысандағы туындыларға қолданылады және авторлардың (олардың құқықтық
мұрагерлерінің) — шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан
Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқығы бар деп
танылады.
Егер туынды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алғаш жарияланған
күннен кейінгі отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының аумағында
жарияланса, ол Қазақстан Республикасында жарияланды деп саналады.
Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес, егер ол
Қазақстан Республикасы бекіткен тиісті халықаралық шарттың ережелері
бойынша айқындалатын туындының шыққан елінде авторлық құқықтың осы елде
белгіленген қолданылу мерзімінің бітуінің салдарынан қоғам игілігіне
айналмаса және авторлық құқықтың қолданылу мерзімінің бітуінің салдарынан
Қазақстан Республикасында қоғамның игілігіне айналмаса, туындыға қорғау
беріледі.

2.2. Авторлық құқық объектісі
Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі
мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын
ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.
Авторлық құқық белгілі бір объективті түрге ие болған:
1) жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты);
2) ауызша (көпшілік алдында айтушылық, көпшілік алдында орындаушылық және
сол сияқты);
3) үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттік, оптикалық
және сол сияқты);
4) бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар, сызба, кино, телебейне -
немесе фотокадрлар және сол сияқты);
5) көлемді - кеңістікті (мүсін, үлгі, макет, ғимарат, және сол сияқты);
6) өзге де нысанда жария болған да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан
шыққан, көпшілік алдында орындалған, көпшілік алдында көрсетілген),
жарияланбаған да туындыларға қолданылады.
Заңның осы бабының 1-тармағында аталған белгілері бар және дербес
қолдануға болатын туынды бөлігі (оның атауымен, кейіпкерлердің атауларымен
қоса) авторлық құқық объектісі болып табылады.
Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердін,
әдістердің, жүйелердің, процестердің, жаңалықтардың, фактілердің өздеріне
қолданылмайды.
Туындыға деген авторлық құқық туынды жасалған материалдық объектіні
меншіктену құқығымен байланысты емес.
Қандай да болсын материалдық объектіге меншік құқығын немесе иелену
құқығын беру, осы Заңда көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы объектіде
көрсетілген туындыға авторлық құқықтың берілуіне әкеп соқпайды.
Авторлық құқық объектілері болып табылатын туындылар
Мыналар авторлық құқық объектілері болып табылады:
1) әдеби туындылар;
2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
3) сценарий туындылары;
4) хореография және пантомима туындылары;
5) мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындылар;
6) дыбыс-бейнежазу туындылары;
7) кескіндеме, мүсіндеме, графика және бейнелеу өнерінің басқа да
туындылары;
8) қолданбалы өнер туындылары;
9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнері туындылары;
10) суретке түсіру туындылары және суретке түсіруге орайлас әдістермен
жасалған туындылар;
11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендірулер және географияға,
топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемді туындылар;
12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
13) өзге де туындылар.
ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау ЭЕМ-ге арналған
бағдарламалардың (соның ішінде операциялық жүйелердің) бастапқы мәтін мен
объектілік кодты қоса алғанда, кез келген тілде және кез келген нысанда
жасалуы мүкін барлық түріне қодданылады.
Авторлық құқық объектілеріне мыналар да жатады:
1) туынды шығармалар (аудармалар, өнделген дүниелер, аннотациялар,
рефераттар, түйіндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық өндеулер және
басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын өндеулер);
2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және
материадцарының іріктелуі және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық
еңбектің нәтижесі болып табылатын басқа да құрама туындылар.
Туынды және құрама шығармалар, өздерінің негізге алынған немесе
өздеріне енген туындылардың авторлық құқық объектілері болу болмауына
қарамастан, авторлық құқықпен қорғалады.
Авторлық құқық объектілері болмайтын туындылар
Мыналар авторлық құқық объектілері болмайды:
1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешімдері, заң әкімшілік, сот сипатындағы
және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтіндер), сондай-ақ олардың ресми
аудармалары;
2) мемлекеттік нышандар мен белгілер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша
белгілері және өзге де мемлекеттік нышандар мен белгілер);
3) халық шығармашылығы туындылары;
4) оқиғалар мен фактілер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар.

2.3. Авторлық құқықты қорғау
Ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу
фактісіне қарай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге
асырылуы үшін туындыны тіркеу, туындыны өзге де арнайы ресімдеу немесе
қандай да болсын шарттылықты сақтау талап етілмейді.
Өздерінің айрықша мүліктік құқықтары туралы хабарлау үшін автор және
(немесе) құқық иеленуші авторлық құқықты қорғау белгісін пайдалануға
құқылы, ол белгі туындының әр данасына қойылады және міндетті түрде мынадай
үш элементтен тұрады:
1) қоршауға алынған латынша С әрпі;
2) айрықша авторлық құқықтар иесінің есімі (атауы);
3) туындының алғаш жарияланған жылы.
Жарияланбаған туындыға жеке мүліктік емес құқықтарын куәландыру үшін
автор, сондай-ақ құқық иеленуші туындыға айрықша мүліктік құқықтарды
иеленетінін растау үшін авторлық қүқықтың қорғалатын не тиісті шарттардың
қолданылатын мерзімі ішінде кез келген уақытта оларды ресми тізілімдерде
тіркеуге құқылы. Тіркеуді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
уәкілетті орган жүзеге асырады.
1. Бір жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларын (қызметтерін) басқа жеке
немесе заңды тұлғалардың біртекті тауарларынан (қызметтерінен) ажырату үшін
қолданылатын (соған арналған) туындылар авторлық құқық объектісі ретінде
тіркелмейді.
2. Өзге дәлелдер болмаған жағдайда туындының түпнұсқасында немесе данасында
автор ретінде көрсетілген адам туындының авторы деп саналады.
3. Туынды жасырын немесе бүркеншік атпен жарияланған жағдайда (автордың
бүркеншік аты оның өзі екеніне күмән туғызбайтын жағдайды қоспағанда),
туындыда есімі немесе атауы көрсетілген баспагер өзге дәлелдер болмаған
кезде осы Заңға сәйкес автордың өкілі болып табылады және оның өкіл ретінде
автордың құқығын қорғауға, оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге құқығы
бар. 4. Егер өзін жарияланбаған туынды қолжазбасының авторымын деп
санайтын жеке тұлға оны басқалардың заңсыз пайдалануына немесе иемденіп
кетуіне жол бермеу үшін сақтауға өткізуді қажет деп тапқан жағдайларда
уәкілдік берілген орган қолжазбаны қабылдап алуға міндетті, ол туралы
қолжазбаны өткізген адамға оның түскен мерзімі туралы анықтама беріледі.

2.4. Тең авторлар
Екі немесе одан да көп адамның (тең авторлардың) бірлескен
шығармашылық еңбегімен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының
бөлінбес біртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие
бөлімдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесілі болады.
Егер туындының бір бөлігін осы туындының басқа бөліктеріне қарамастан
пайдалану мүмкін болса, бұл бөлігі дербес мәні бар туынды деп танылады.
Егер тең авторлар арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, олардың
әрқайсысы туындының дербес мәні бар өзі жасаған бөлігін өз қалауы бойынша
пайдалануға құқылы.
2. Тұтас алғанда туындыны пайдалану құқығы тең авторларға ортақ. Тең
авторлардың өзара қатынастары олардың арасында жасалған келісім арқылы
белгіленуі мүмкін. Егер тең авторлардың туындысы бөлінбейтін біртүтас дүние
болса, тең авторлардың бір де бірінің туындыны пайдалануға жеткілікті
негіздері болмайынша тыйым салуға құқығы жоқ.
3. Тең авторлардың әрқайсысы өз атынан, соның ішінде, басқа тең авторлардың
рұқсатын алмастан, егер олардың арасында келісіммен өзгеше көзделмесе, өз
құқықтарын қорғауға байланысты осы Заңда және Қазақстан Республикасының
өзге де заң актілерінде көзделген шараларды қолдануға құқылы.
Құрамдас туындыларға авторлық құқық
Жинақтың және басқа да құрама туындылардың авторына (құрастырушысына)
шығармашылық (құрастырушылық) еңбек нәтижесі болып табылатын материалдарды
іріктеуді және (немесе) орналастыруды жүзеге асырғандығы үшін авторлық
құқық беріледі.
Құрастырушының өзі құрама туындыға енгізілген әрбір туынды
авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда авторлық құқықты пайдаланады.
Егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе, құрама туындыға енгізілген
туындылардың авторлары өз туындыларын құрама туындыға қарамастан пайдалана
беруге құқылы.
Құрастырушысының авторлық құқығы басқа адамдардың сол материалдарды
басқа құрама туындылар жасау үшін дербес іріктеуіне және (немесе)
орналастыруына кедергі жасамайды.
Энциклопедияларды, энциклопедиялық сөздіктерді, мерзімді және шығуы
жалғаса беретін ғылыми еңбектер жинақтарын, газеттерді, журналдарды және
басқа да мерзімді басылымдарды жарыққа шығаратын баспагерге мүндай
басымдарды тұтас пайдалануға айрықша құқық беріледі. Баспагер мұндай
басылымдарды кез келген жағдайда пайдаланса да өзінің атауын көрсетуге
немесе оны көрсетуді талап етуге құқылы.
Мұндай басылымдарға енгізілген туындылардың авторлары жалпы басылымға
қарамастан өз туындыларын пайдалануға айрықша құқықтарын сақтап қалады.
Туынды шығармаларға авторлық құқық
Аудармашыларға және басқа да туынды шығармалардың авторларына
өздерінің жасаған аудармасына, қайта жасағанына, музыкалық әуендерден
немесе басқа да өңдеуден өткізгеніне авторлық құқық беріледі.
Аудармашы және басқа да туынды шығарма авторы өзі аударатын, қайта
жасайтын, музыкалық әуендейтін немесе басқа да өңдеуден өткізетін туынды
авторының авторлық құқығын сақтаған жағдайда өзі жасаған туындыға авторлық
құқықты пайдаланады.
Аудармашылардың және басқа да туынды шығарма авторларының авторлық
құқығы сол туындыларды өзге адамдардың аударуына және өңдеуіне кедергі
болмайды.
Дыбыс-бейнежазу туындысына авторлық құқық
1. Дыбыс-бейнежазу туындысының авторлары (тең авторлары):
1) сценарий авторы;
2) дыбыс-бейнежазу туындысына арнайы жасалған музыкалық туывдының (мәтіні
немесе мәтінсіз) авторы (сазгер);
3) қоюшы-режиссер;
4) қоюшы-оператор;
5) қоюшы суретші болып табылады.
Бұрын шығарылған, қайта өңделген немесе дыбыс-бейнежазу туындысының
құрамдас бөлігі ретінде енгізілген туынды авторы да дыбыс-бейнежазу
туындысының тең авторы болып саналады.
Дыбыс-бейнежазу туындысын жасауға немесе бұрын жасалған туындыға құқық
беруге авторлық шарттың жасалуы, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды
қоспағанда, осы туынды авторларының (немесе бұрын жасалған туынды
авторларының және өзге де авторлық құқықтар иелерінің) дыбыс-бейнежазу
туындысын жасаушыға, егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе, дыбыс-
бейнежазу туындысын пайдалануға айрықша құқық беруіне әкеп соғады.
Дыбыс-бейнежазу туындысын жасаушы бұл туынды кез келген жағдайда
пайдаланылса да өз есімін немесе атауын көрсетуге, не солай көрсетілуін
талап етуге құқылы.
Дыбыс-бейнежазу туындысына арнайы шығарылған музыкалық туындының
(мәтінмен немесе мәтінсіз) авторы осы музыкалық туындының дыбыс-бейнежазу
туындысы ретінде көпшілік алдында әрбір орындалуы жағдайында оның
көпшілікке хабарланғаны, сондай-ақ дыбыс-бейнежазу туындысы данасының
прокатқа (жалға) берілгені үшін сыйақы алу құқығын сақтап қалады.

2.5. Қызметтік туындыларға авторлық құқық
Қызмет бабында міндеттерді немесе жұмыс берушінің қызметтік
тапсырмасын орындау тәртібі бойынша жасалған туынды авторының мүліктік емес
жеке құқығын қызметтік туынды авторы иеленеді.
Егер жұмыс беруші мен автор арасындағы шартта көзделсе және өзгеше
көзделмесе, қызметтік туындыны пайдалануға мүліктік құқықты жұмыс беруші
иеленеді.
Қызметтік туынды кез келген жағдайда пайдаланылса, жұмыс беруші өз
атауын көрсетуге немесе солай көрсетілуін талап етуге құқылы.
Туынды табыс етілген кезден бастап он жыл өткеннен кейін, ал жұмыс
беруші келіскен жағдайда - одан да ертерек, жұмыс берушімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Авторлық құқықтың субъектілері және олардың құқықтары
Авторлық және сабақтас құқықтардың пайда болуы
Әдеби және көркем өнер туындыларына халықаралық құқықтық қорғау мәселелері
Авторлық құқық туралы ақпарат
Авторлық құқық туралы мағлұматтар
Авторлық құқықтың ұғымы және қатынастардың реттелуі
Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне жалпы сипаттама
Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Авторлық құқық туралы заңнама
Пәндер