Абылай хан тұсындағы қазақ елі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

Абылай хан тұсындағы қазақ елі
1) тарихи аспектілер
2) әлеуметтік аспектілер
3) құқықтық аспектілер

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Елдің тыныштығы мен бірлігін сақтап қалуды басты ұстанымы етіп алған
Абылай хан көршілес елдермен бейбіт қарым-қатынас орнатып, қазақ
дипломатиясының озық үлгісін көрсетті. Бұл туралы Елбасы Н.Назарбаев:
Ақылды хан жалаң қылыш, жадағай ұранның заманы өткенін өзгелерден бұрын
аңғарып, ел болашағы тату көршілік пен ағайынның ауызбіршілігінде екенін
сезе білді, деп атап өткен болса, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов:Қазақтың
дербес ел болуына, әрі-беріден соң сол қазақтың қазақ болуына, басы қосылып
бір жеңнен - қол, бір жағадан - бас шығаруға еңбек сіңірген Абылайдан артық
адам болмас, деп жазды.
Абылай хан XVIII ғасырда Қазақ хандығының шекарасын қалпына келтіріп,
үш жүздің басын біріктірді. Қазақ хандығының қуатын арттырып, іргелі елге
айналдырды.
Үш жүздің тағына (үш жүздің беделді рубасылары мен сұлтандарының
қолдауымен) легитимді түрде көтерілген Абылай хан ру-руға бөлінген қазақ
жұртын темірдей тәртіпке бағынған бір орталықтық мемлекеттік жүйені құруға
ұмтылады. Бұл – сонау көне түркі заманынан бері келе жатқан ірі
билеушілердің басты мұратының бірі еді. Сондықтан ол ішкі және сыртқы
факторлардың әсерінен хал-ахуалы әбден шиеленіскен қазақтың саяси жүйесіне
реформалар жүргізе бастайды. Сөйтіп, Абылай хан: біріншіден, қазақ
қоғамының ішкі мәселелерін шешуге сыртқы күштердің (әсіресе, Ресей
әкімшілігінің) ықпалын араластырмауға және сыртқы істер мәселесіне
жекеленген рулардың қарым-қатынасын бір орталықтан–хандық билік тізгіні
арқылы жүзеге асыруды жол қояды.
Екіншіден, ханды алқалы кеңес арқылы шектеп отыратын рубасылар мен
сұлтандардың билігін шектейді. Әрине, мұндай реформа ру-тайпаларды еркін
билеп үйренген, хандық билікті шектеп отыруға әдеттенген кейбір рубасылары
мен сұлтандарға ұнай қоймайды (Валиханов Ч.Ч. Аблай.Собр. соч. в 5-ти
томах. Т. ІV. А., 1985, с.114).
Жекелген рубасылары Абылайдың темірдей қатал тәртібіне қарсы
шыққанымен, халықтың негізгі бөлігі хан саясатын қолдады. Оны қазақ елінің
басшысы ретінде таныды. Абылай заманы қазақтың кейінгі дәуіріне көп азық
болды.
Абылай – үш жүздің басын қосқан данышпан хан, алып мемлекеттердің
аузына іліктірмей елін сақтап қалған кемеңгер дипломант, жаумен айқаста
жеңістің жолын таба білген көреген қолбасшы.
Қазақ тарихында өшпес орны бар Абылай Ханның мерейін асқақтатуымыз
керек. Егеменді ел болып, тәуелсіздігіміздің көк байрағын желбіреткен шақта
біз тамыры тереңде жатқан тарихымызды өзімізге де, өзгелерге де танытуға
тиіспіз.

Абылай хан тұсындағы қазақ елі
1) тарихи аспектілер

Абылай ханның XVIII ғасырдың 70 жылдарындағы сыртқы саяси қызметі
қазақ мемлекетінің бірлігін уақытша қалпына келтіруге, оның халықаралық
аренадағы жағдайының нығайюына жеткізді. Абылайға дейін де, одан кейін
бірде-бір қазақ ханының мұндай шексіз билігі болған емес. Бұл ең алдымен
оның билігінің сөзсіз құдыреттілік сипатына байланысты еді. Көреген
саясатшы және шебер дипломат Абылай өзіне ергендердің сүйіспеншілігіне және
қарсыластарының құрметіне лайық бола білді. Бұған ханның жеке қасиеттері де
едәуір дережеде себепші болды. Абылай мұсылманша жақсы сауатты болды, оқып,
жаза білді. Ол сирек кездесетін саясатшы, қолбасшысы және дипломат болды.
Дегенмен де, ол тарих көшін өзгерте де, көшпелі өркениеттің бұрынғы күш –
қуатын қайтадан келтіре де алмады. Ол қайта түлеткен біртұтас Қазақ хандығы
ханның өзі қанша өмір сүрсе, сонша өмір сүрді.  Саяси
ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан
басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. 1754-1755 және 1764 жылдары
қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарда шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ және Шынқожа
батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Осы
себепті Абылай 1755-1765 жылдары Қырғыз ұлысына жорық жасап, Іленің сол
жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздардың Нарынқолдан Қордайға
тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтады[2,526].
Абылайдың сыртқы саясаты
икемділігімен және ымыршылдығымен сипатталды. Оның Ресей мен Қытай сияқты
күшті мемлекеттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен
қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын
өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан Ресей протекторатын танудан бас тартпай,
екінші жағынан өз иеліктеріңде екі державаның да ықпалы күшеюіне жол
бермей, олармен қатынастарда барынша икемділік көрсетуге тырысты. Бір
жағынан, Абылай Қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иландырып
отырды, екінші жағынан, ол мәселені Ресей сарайына әлдеқайда ынталықпен...,
ал Қытай ханымен хат жазуды бір нәрсе үшін, оған бағынышты қырғыз-
қайсақтарға Қытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып
отырған сияқты етіп көрсетті.
Ш.Уәлиханов Абылайдай шексіз билікке ие болған бір де бір қазақ
ханының болмағанын, оның мемлекет билігін орталықтандырып, нығайту
бағытындағы әрекеттерін, Ханның билігін алқалы кеңес арқылы шектеп
отыратын рубасылар мен сұлтандардың өркөкірек үстемдігін тыйғандығын
жазды. Шоқан: Қазақтардың аңыз-әңгімелерінде Абылай айрықша қасиеті бар
киелі, керемет құдірет иесі болып саналады. Абылай дәуірі, қазақтардың
ерлігі мен серілігінің ғасыры. Оның жорықтары және батырларының көзсіз
ерлігі мен қаһармандығы жыр-дастандардың арқауына айналған, - деп атап
көрсетті [3,477].
Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің
геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды
жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің
басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді.
Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған
кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық
белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан айында Петропавл бекінісіне
барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен Қасірет
белдеуі (Горькая линия) бойындағы орыс бекіністерін шапты. Ш.Уәлиханов:
1771 жылы хан сайланғанда да, ол орыс шекарасына барып, ант бергісі
келмеді. Сөйтіп ол өзін халық қалап, баяғыда-ақ бұл дәрежеге лайықты
қойғанын, Көктің ұлының және өкілеттік қағазы барын желеу етті, - деп
жазды. 1779 жылы қазанның 4-інде Орынбор әкімшілігіне жолданған патша
жарлығында: Ордадағы Абылай ықпалын әлсірету мақсатында, онымен тайталасқа
түсе алатын адам табу шаралары да қарастырылды[4,88].
1738-1741 жылдары Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншыларына
бірнеше мәрте соққы береді. 1742 жылы Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған
жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90
адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 жылы 5 қыркүйекте Абылайды
тұтқыннан шығарып алады. 1740 жылы тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен,
т.б. 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің қамқорына кіруге
келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау
мақсатында Шың империясымен де қарым-қатынасын суытпады. Петербург пен
Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара
қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. 1752 жылы ол
бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адам ойраттар қолының шабуылына
тойтарыс берді. 1753 жылы желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар
әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті [5,23].

2) әлеуметтік аспектілер

Мемлекеттілік туралы мәселе – бұл бір аймақты екіншісінен бөліп
тұратын әлеуметтік кеңістіктің әуелгі шекарасы туралы мәселе. Демек, қазақ
мемлекеттілігі Қазақ хандығы аясында шектеліп қалмайды. Өйткені біздің
мемлекеттілік ұғымымыз қазақ мемлекетінің пайда болуы мен дамуын ғана емес,
түркі этносының ғұмырында ұзақ жылдар бойы жүріп келген мемлекеттік-
құқықтық үдерістерді де меңзейді. Ендеше, қазақ мемлекеттілігін теория
жүзінде ұғыну үшін мемлекеттік билікті генезисінен, ертедегі дала
мемлекеттерінен бастап, қазақ хандарының жаңғыртуларына дейін зерттеу
қажет. Қазақ хандығы өн бойына дала мемлекеттілігінің барлық салттарын
жинақтаған иерархияланған әлеуметтік-саяси құрылым болды. Жыл сайын
құрылтайлар шақырылатын. Беделді рубасылары хан алдын­да заң жөнінде кеңес
беретін орган – билер кеңесін құрды. Мемлекеттік-саяси жоралғының негізі
хан сайлау жүйесі еді. Ақ киізге көтеру салты – халық пен ел билеуші
ынтымағының белгісі, мемлекеттің тұтастығы мен беріктігі үшін қажетті
этногенетикалық интеграцияның дәлелі іспетті.
Абылай өз мүддесінен ел мүддесін жоғары қоя білген санаулы
саясаткерлердің бірі екені тарихи құжаттарда көрініс табады. Мысалы, Қытай
елшілерімен кездесу үстінде Абылайға бәйбішесі хал үстінде жатқаны жөнінде
хабар келгенде 8-айдың 25-і күні біз Абылайдың бастауымен Атбасар
маңындағы Есіл өзенінің бойынан аттандық. 9-айдың 7-сі күні біз Көксеңгір
деп аталатын жерге жеткенде, Абылайдың үйінен екі мәрте адам жіберіліп,
Абылайдың бәйбішесі науқастан халі нашарлап қалды деген хабарды жеткізді.
Сонда Абылай Отбасымның жағдайы соншалықты маңызды емес қой. Оның
сыртында, мен үйімде болғанда да өлейін деп жатқан адамды тірілте алмаспын.
Оған қарағанда Боғда Ежен ханмен арадағы іс маңыздылау. Мен сіздерді ел
шетіне дейін апарып тастағаннан кейін қайтармын деді де, әрі қарай сапарды
жалғастырды. Сонан кейін тағы да адам келіп, Абылайды үйіне қайтуын сұрады.
Абылай бізбен ақылдасқанда бұрынғысынша әрі қарай жүре бермекші болып еді,
біз ол кісіні тоқтатып, сіз істің бәрін орны-орнына қойып болдыңыз ғой
қайта беріңіз деген ниет білдірдік. Абылай қытай елшілеріне: Ендеше,
сіздер жол ортада бізді тастап кетті демеңіздер. Мұндай қиын жағдай
болғандықтан мен де шарасыз болып тұрмын. Мен қайтып барғанда (бәйбішем)
бойында әлі жан бар болса, онда мен оны дәрігерге көрсетермін; ал егер мен
қайтып барғанда ол әлдеқашан қайтыс болса, онда мен оны міндетті түрде
үлкендеріміз жатқан Түркістан жеріне апарып жерлеймін - деп қоштасқан.
Абылайдың ел мүддесін, халықтың әл-ахуалын ойлағаны 1758 жылы 19-
мамырда жазылған мына құжаттан да байқалады: Весьма усилился помянутый
Абылай-салтан, ибо как слышно от бывших там здешних людей, что он в
воинских случаях, по их киргизскому обыкновению, ни себя ниже иждивения
своего не жалеет, и что где вербыч достанет, то ничего себе не оставлял, в
народ раздает, и тем у них весьма властительным учинился.
Халықтың әл-ахуалын көтеру үшін Абылай сауда-саттыққа жол ашып, оған
тікелей өзі басшылық етті.
Ханның сауда-саттықты дамытқаны туралы Шоқанның еңбегінде мынадай
жазбалар бар: Между тем сам Абылай имел свидание с Илийским цзян-цзунем
(генерал-губернатором) около озера Сайрам-Куль и заключил с ним торговый
договор, по которому открыты были в Тарбагатае (Чугучаке) и в Или (Кульдже)
меновые базары. Абылай Ресей мен Қытай шекараларындағы қалалардың
қазақтарға сауда үшін ашық болуына, жәрмеңкелер ұйымдастыруға көп үлес
қосты. Абылай хан дәуірінде қазақтардың Қытаймен сауда-саттықтары
айтарлықтай деңгейде болғандығын Чианлұң жылнамасы сарай жазбаларының
көптеген архив бумаларынан көруге болады. Солардың бірінде 1757 жылдың
желтоқсан айының 15-і күні жазылған мәлімдемесінде былай делінген: Біздің
бұрынғы келіскен пікірімізше болса, қазақтармен Үрімжіде айырбас сауда
жасауды біз бұрын Абылаймен ақылдасып бекіткенбіз... Келер жылы жәрмеңкеде
жылқы саудасы ғана жасалады. Егер қазақтар түйе, сиыр, қой секілді
түліктерді айдап әкеліп жатса, оны да алайық. Қонысымызға олар да қажет.
Жалпы, халықтың жағдайы Абылай хан кезінде жақсарғаны туралы
мәліметтер бар. Орта жүзде болған тау-кен инженері И.П. Шангиннің 1816
жылғы жазбалары бойынша Абылай хан тірі кезінде көне заңдылықтар қатаң
бүге-шігесіне дейін орындалды. Кез келген ұсақ-түйек қылмыс үшін жауапкер
міндетті түрде жазаланды, қырғыздар (қазақтар) арасында барымта деген
болмады. Халқының ең кедейінде 500, ауқаттысында 5 мыңнан 15 мыңға дейін
төрт түлікті малы болды. Мемлекеттік мүдде үшін Абылай алым-салық жинатқан
қазақ билеушілерінің бірі.
Абылай 1762-1763 жылдары Іле өзені бойында диқаншылық жасауға әрекет
етті, Есіл өзені бойында Абылайдың айтуымен егіншілік бастау алғаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқар – өзі өмір сүрген дәуірдің болмыс-шындығын көркем бейнелеп, артына елеулі әдеби мұра қалдырған жырау
Қазақ сөзінің этнонимі
Ұлттық және саяси процестер мен технологиялар
Қазақ хандығы кезіндегі педагогикалық ойлар
Бұхар жыраудың билік шешімдері
Жыраулар шығармашылығы
Қазақ хандығының құрылуы туралы
Жыраулар поэзиясы - тәуелсіз мемлекеттік деңгейде өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірінің әдеби мұрасы
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама
Қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектері
Пәндер