АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1 АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ 7
1.1 Абай шығармаларындағы тәрбие мәселелері 7
1.2 Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы білім, ғылым, тәрбие
мәселелерін педагогикалық пәндердің тақырыптарына пайдалану
9
2 АБАЙДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІН ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ
ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
2.1 Абайдың нақыл сөздеріндегі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер 12
2.2 Абай "қара сөздері" мен қазақ рухани психологиясы арасындағы12
сабақтастық мәселесі
2.3 Абай шығармаларындағы педагогикалық және психологиялық идея 18
ҚОРЫТЫНДЫ 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
30
33
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болғалы
ғылым, мәдениет салаларында жасалып жаткан шаралардың барлығы жастарға
жалпы адамзаттық және жеке ұлттың игіліктер негізінен тәрбие мен білім беру
ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде.
Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру
жағдайында ұлттық ерекшеліктерімізді айқындайтын рухани мәдениетінімізді
жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Тәуелсіздік жолына түсіп, өркениетті
елу елдің қатарына қосылу мақсатын жүзеге асыруға кіріскен Қазақстан үшін
халқымыздың ұлттық сана-сезімі мен ұлттың дүниетанымын қалыптастыру бүгінгі
таңда аса маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Сондықтан елімізде жасалып
жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық
игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге
көтеруге ықпал етуде. Қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру
жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді
жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.
Қазіргі кезде рухани мәдениетіміздің тарихына айрықша назар аударылып
отырғанының себебі де осы. Жастар тәрбиесінде халқымыздың рухани мұраларын
пайдаланып, жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік туып отыр.
Сондықтан да ұлттық мәдениетіміздің дамуына зор үлесін қосқан ұлы дала
ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың педагогикалық мұрасын зерделеу
ешуақытты маңыздылығын жоймайды. Ал бұл мәселені зерттеу педагогикалық
пәндер курсының мазмұнын кеңейтіп, онан әрі байыта түсетіні хақ.
Рухани мәдениетіміздің тарихына айрықша назар аударуымыздың себебі де
осы. Бұл процеске қоғам танушы ғалымдар–тарихшылар, филологтар, философтар,
психологтар мен қатар педагогтарда жан-жақты зерттеп келеді. Бәрінің
мақсаты – тамыры тереңде жатқан ұлттық философиялық ой-санасының ерте
дәуірлерден күні бүгінге дейінгі тарихын зерделеу, оның дамуына өріндік
үлес қосу. Қазір ұлттық сананың көтерілуіне байланысты тарихтың "ақтаңдақ"
беттеріде ашылып рухани байлықтарымызбен төл мәдениетімізге және білім мен
тәрбие беруге жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік туып отырғаны
белгілі [1. 5].
Қазіргі уақытта әр саладағы Қазақстанның көрнекті ғалымдары
Т.Қ.Айтқазин, Ж.Молдабеков, Т.Есімов, Д.Кішібеков, Ә.Нысанбаев, ғалым-
педагогтар Т.Ә.Әлсатов, С.Қалиев, К.Қожахметова, С.Ғаббасов, Қ.Жарықбаев,
К.Құнантаева, К.Шәймерденова, І.Халитова, Н.Әлқожаева, І.И.Төретаева,
А.Елемесовалардың ғылыми зерттеулері мен жекелеген мақалаларында
зерттелген.
Тек тәуелсіз Қазақстанда ғана ғұлама ойшылдар мен гуманистер
көзқарастары жүйелі түрде зерттеуге мүмкіндік туды.
Өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау – жалпы ұлттық
бірлігіміздің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік байланысын
қалыптастырудың, оның егемендігін нығайтудың, азаматтық пен отаншылдықты,
ұлттық сананы тәрбиелеудің ең басты факторларының бірі. Тарих – халықтың
зердесі, ол содан сусындап, әлеуметтік шығармашылыққа, жарқын болашаққа
бастайтын күш-қуат алады. Сондықтан да Абай мұраларындағы тәлім-тәрбиелік
ой-пікірлер жас ұрпақ бойында адамгершілік, имандылық т.б. қасиеттерді
қалыптастырып дамытуға, қадірлеуге, ұлттық мәдениетті дамытуға зор ықпал
етеді. Ал бұл мәселені зерттеу педагогикалық пәндер курсының мазмұнын
кеңейтіп, байыта түсетіні хақ.
Абай Құнанбаев мұрасы халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа
жалғасатын, уақыт өткен сайын маңызын жоймайтын зерттеудің көзі болып
табылады.
Абай шығармаларындағы білім, ғылым, тәрбие мәселелерін ұлттық тәрбие
тұрғысынан қарастырып, оларды бүгінгі күнде жастардың адами қасиеттерін
қалыптастырудың кәдесіне жаратуды көздедік.
А.Құдиярова, І.Халитова, А.Елемесов, Н.Әлқожаева зерттеулерінде Абай
мұрасының тәлім-тәрбиелік жақтары туралы небір құнды пікірлер берілген.
Оларды біз негізге алып, талдай келе, ғалым-педагогтардың еңбектерінде әлі
де болса жеткіліксіз зерттеле қоймаған мәселені байқадық. Ол – Абайдың
нақыл сөздерін оқу-тәрбие процесінде қолданудың тәрбиелік мәні.
Зерттеудің мақсаты: Абай Құнанбаев еңбектеріндегі тәлім-тәрбиелік ой-
пікірлерді мүмкіндігімізше ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, оларды
педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде тиімді пайдалану.
Зерттеудің пәні: Абай Құнанбаев шығармаларын зерттеп, талдап
педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану.
Зерттеудің міндеттері:
• Абай Құнанбаевтің әлеуметтік-қоғамдық көзқарастары және
шығармаларындағы білім, ғылым, тәрбие мәселелерін педагогикалық
пәндердің әрбір тақырыптарына пайдалануға іріктеу;
• Абайдың педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану жолдарын анықтау;
• Абайдың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері педагогикалық пәндерді оқытуда
пайдалану атты арнаулы курс бағдарламасын жасау, оны өткізу, ғылыми-
әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің болжамы: егер А.Құнанбаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік
ой-пікірлері ғылыми-әдістемелік жағынан негізделсе, педагогикалық пәндерді
оқыту үдерісінде пайдаланылса, онда келешек маманның кәсіби дайындығының
тиімділігіне белгілі бір дәрежеде оң ықпалын тигізеді.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі: жеке тұлға, іс-әрекет
теориясы, А.Құнанбаевтің философиялық, психологиялық, педагогикалық ой-
пікірлері, зерттеу проблемасына қатысты отандық және шетел педагог
ғалымдарының еңбектері, Қазақстан Республикасының заңы, білім беру,
тәрбие тұжырымдары мен бағдарламалары.
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты философиялық,
педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, А.Құнанбаев
шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой пікірлерді оқу-тәрбиеде пайдаланудың
жағдайын зерттеу, сауалнама, бақылау, эксперимент ұйымдастыру және
нәтижесін қорыту.
Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
1.1 Абай шығармаларындағы тәрбие мәселелері
Біз өз зерттеуімізде Абай мұраларын зерттеуге үлкен үлес қосқан
ғұламалар Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев,
М.Дулатов, М.Әуезов, ғалым-педагогтар Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев,
К.Шәймерденова, Б.Ұзақбаева, С.Ғаббасов, К.Құнантаева, Л.Халитова,
А.Елемесовалардың еңбектеріне сүйендік. Аталған ғалымдар еңбектерінде ұлы
ұстаздың тәлім-тәрбиелік ойлары туралы ғылыми тұжырымдар белгілі дәрежеде
түрде қарастырылғандықтан, біз бұл зерттеуімізде Абайдың нақты
шығармаларындағы білім, ғылым, тәрбие туралы ой-пікірлерін болашақ
педагогтардың кәсіби дайындығында пайдаланудың әдістемелік жолдарына
тоқталуды жөн көрдік.
Абайдың дүниетанымы зерттеушілер назарын аударып, оқырман қауымның
рухани қазынасына айналды. Профессор Т. Тәжібаевтың еңбектерінде Абайдың
ақыл-ой, адамгершілік, еңбек тәрбиесі жайлы тұжырымдарына талдау жасалған.
Ол Абайдың педагогикалық, психолиялық көзқарасын тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан
жан-жақты ашып берді. Ақынның ағартушылық түрғыдағы ой-пікірлері туралы
бірқатар зерттеулер жазылып, диссертациялар қорғалды. Абайдың педагогикалық
көзқарасы мәселелерін арнайы тақырып етіп қозғамаса да М. О. Әуезов, Қ. Б.
Жарықбаев, X. Сүйіншәлиев еңбектерінде ақынның ағартушылық тұжырымдары
жайлы біршама құнды пікірлер ұшырасады. Абай педагогика саласынан арнайы
ғылыми- теориялық шығармалар жазып, тікелей педагогикалық қызметпен
шұғылданбаса да, оның өлеңдері мен қарасөздерінен жастарды тәрбиелеу мен
оқытудың кейбір дидактикалық мәселелері жөнінде үлгі-өнеге тұтарлық
салиқалы ойлар мен тұжырымдарды көп кездестіруге болады.
Абай еңбектерін педагогика, философия, психология, әдебиет, тарих
тұрғысынан зерттеуші белгілі Қазақстандық ғалымдар С.Қирабаев,
Х.Сүйіншәлиев, Г.Есімов, З.Ахметов, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев т.б. тәлім-
тәрбиелік ой-пікірлердің бар екендігін жан-жақты көрсетсе, Ш.Әлжанұлы,
А.Көбесов, А.Дайрабаева, Т.Төретаева ақын мұрасындағы оқыту, оқу, яғни
дидактика мәселелері де орын алғанын атап көрсеткен.
Абай шығармаларындағы оқу, оқыту, ғылым, білім мәселелерін бүгінгі
дидактиканың талаптарымен сабақтастыруға тырыстық.
Абайдың қара сөздері - оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына
дейміз. Абайдың өз тұсында болған тарихи шындықпен, қоғамдық құрылыспен,
күнделік сан алуан надандық, қанаушылық, озбыр зұлымдық атаулының
барлығымен байланысты туған шығармаларды көрдік. Қарасөздердің бағасы -
Абай заманындағы жағдайды, тарихтық шындықты өз қалпында бұлжытпай толық
танытып береді.

деуге болады. Бұл қарасөздердің құндылығы сол замандағы жағдайды, тарихтың
шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып беруінде. Әрине, қазіргі заман
үшін Абай сынап, суреттеп отырған ортаның барлық болмысы және Абайдың сол
кездегі күнделік өмірмен байланысты атап отырған мақсаттары, кейбір
ұсыныстары - ескірген. Қазіргі Бұл тұрғыдан қарасақ қарасөздердің мазмұны
мен мұраттары тек тарихи жағынан бағалы болмақ. Ал, Абайдың адамгершілік
жөніндегі моральдық өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да
бағасы зор шындықтары, тәрбиелік ойлары аз емес.
Абайдың қара сөздері жалпы тақырып мазмұны жағынан алғанда, оның
ақындық мұрасымен тығыз байланысты. Көп сөздеріндегі ойлар, пікірлер
өлеңдерімен ұштасып, солардың мән-мағынасын кейде қайталап, пысықтап, әрі
қарай жалғастыра дамытып отырады.
Бұл қара сөздер жанрлық, стильдік жағынан әр алуан. Мұнда терең
публицистикалық тебіреністер де, жүйелі философиялық толғаулар да, ойға
оралымды нақыл сөздер де, ғибрат ретінде жазылған аңыз-хикая да, тарихи
эссе-очерк те табылады. Қара сөздерді алғаш жазуға кіріскенде ақын:
...Ойыма келген нәрселерді жаза берейін... кімде-кім ішінен керекті сөз
тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де,
ақыры осыған байладым - деп қарапайымдылық білдірсе де, бұл жазбалар
ғылыми-танымдық және әдеби көркемдік мәні өте зор, ақынның жалпы ақыл-ой
өрісін, дүниеге көзқарасын танытуға баға жетпес мағлұмат беретін аса құнды
қазына болып табылады.

Еліміздің егемендік алып, коғамдық өмірдің барлық салаларында, соның
ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті
қазіргі кезеңдегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазакстан Республиқасы Президентінің халқымызға арналған Жолдауында
басшылықпен бүкіл қауымның алдына қойған өрелі талаптары да осы жөнінде:
Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің бабаларымыз бен
немерелеріміз оиымен бірге ер жетеді. Олар өз ата-бабасынан алған мұрасын
игеріп, өз ұрпағының жауапты да, жігерлі білім өресі биік, денсаулығы мықты
өкілдері болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге
әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады, -делінген.
ХХІ-ғасыр елімізге айтарлықтай өзгеріс әкеліп, қоғамымыз дамудың сан-
қилы сатысынан өтіп, өркениетті елдерінің қатарына қосылады деп күтілуде.
Жеке тұлғаның қалыптасып, ой-өрісінің дамуында белсенділігінің артып,
қоршаған ортаны танып, білуінде және алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдана
білуінде негізгі орын алып, оқушыларды шығармашылыққа жетелейтін іс-
әрекеттердің бірі-оқушылардың сабақ барысында және сабақтан тыс кездерде
орындайтын өзіндік жұмыстары.
Егеменді ел болып, өркенниетті даму жолын таңдаған қазақ мемлекетінің
мақсатының алдында тұратын негізгі мақсаттарының бірі - жас ұрпақты,
білімді, тәрбиелі және қазак халкының адал азаматтары етіп тәрбиелеу
болып табылады. Соның бірі қазақ халқының дарынды перзенті
А.Құнанбаев.Бүгінгі ұрпак тәрбиесіне қатысты ең күрделі мәселе ұлттық және
жалпы адамзаттың мәдени мұраларды жас өспірімнің бойына ізгі қасиеттерді
сіңіріп, ұлттық сана сезімін қалыптастыру,рухани байлығын өсіру болып отыр.
Сондықтан, бүгінгі таңда жас ұрпакты халықтың тәрбие негізінде тәрбиелеу
үшін ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаевтың психологиялық көзқарастары мен
идеяларын қазақ мектебінің сыныптарына енгізу мүмкіндіктерін зерттеу өзекті
мәселенің бірі болып табылады.
Осыған орай, Қазақстан тарихындағы көрнекті қазактың ұлы ақыны,
композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы
классигі Абай Құнанбаевтың психологиялық идеялары мен ағартушылық
қызметінің дамуын және оның ізбасар шәкірттерінің тәлім-тәрбиелік мұраларын
жаңаша зерттеудің қажеттігі туындады. Біздің мақсатымыз XIX ғасырдың II
жартысы мен XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі педагогиқалық идеяларға бүгінгі
күн тұрғысынан ғылыми-теориялық сипаттама беру, олардың өзара үндестігін
айқындау болып отыр.
Көшпелі де қараңғы елдің ортасында өмірі өткен аса дарынды ақын Абай
тағдырының қандай ауыр, қандай аянышты болғанын бар бейнесімен көз алдыңа
әкеле қою да оңай емес. Абайдың абайлық бітім кескінін, тарихтық тұлғасын
танытқан ерекшеліктері бар.
Осындай қасиеттері Абайдың жас жігіт шағынан өлер кезіне шейін әр алуан
болып айқындалып шығып отырады. Жекелеп санасақ, жас кезіндегі өмірлік,
азаматтық ең бірінші ерекшелігі: Әкенің ұлы болмай, халықтың ұлы боламын
деген тартысында, Әкесінің баласы - адамның дұшпаны, адам баласы -
бауырың деген ой Абайдың сөзі ғана емес, адамгершілік, гуманистік жолы да
болатын. Арлан бөрінің соқпағына бөлтірік бөрі ақылы көптігінен түспейді,
бөрілік табиғатынан деп білген Абай, жасында әкеден кол үзгенде ел үшін, ел
көшіне, тарих көшіне соны қоныс тың өріс табу үшін қол үзген, сол үшін
кеткен. Ол кетуі үстем тап әкімдерімен кетісуі еді. Осыны ісінде де, өлең
еңбегінде де арман етті.
Екінші ерекшелігі: өзі үшін, елі үшін ізденді, ізденді де тапты және
бар тапқаны мен тудырғаны ұстаздыққа салды. Ақын болып өсер ақынды
тәрбиеледі. Қазақтың жаңа әдебиетінің классик әдебиетінің іргесін өзі қалап
туғызып, сол әдебиетке басшы, халыққа қамкор, қайраткер болады.
Үшінші ерекшілігі: жуан бел надан содыр ру басылардан бөліне кеткен
бетінде бірден халықты, халықтың мұңын тапты. Сол халықтың жоғын берер
жаңалықты іздеді. Жеке қазақ тарихы мен топырағынан іздеген жоқ, үлгілі
көрші елдер - өнерлі орыс халқынан іздеді. Ұлы орыс халқының ғасырлық
қазынасына өз халқының қолын, жолын жеткізуді мұрат етті. Орыс халкының
өткен тарихынан, өзі тұтас тірісінен өзіне де, жұртына да дос, көмек тапты.
Төртінші ерекшелігі. Қос қанаттан биікті меңзеген ақындығын бұрынғы
қазақ ақындарының ешқайсысы шығармаған әлеуметтік ұлы тартыс кұралына
айналдырды. Санай берсек, Абай басынан, өмір, еңбек соқпағынан тағы талай
ерекшеліктер аталар еді. Бірақ өмірбаянын тұрғы-тұрғы биігінен қарап, жинап
түйемін дегенде, дәл осы аталған төрт күнгей анық Абайдың төрт тірек
діңгегі сияқты.
Барынша тұтас ой ықыласымен ілгері, жарқын заманға ұмтылғандықтан,
Абай өз халкының ой-санасы өсу тарихында анық прогресс жолын бастаушы
болды. Өз заманының тарихтың кертартпалық бөгетінің бәрінен аттап өтіп, ел-
жұртын дүниелік мәдениетке жеткізем деушінің ең алдыңғы бірі болды.
2 АБАЙДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІН ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК
МӘНІ
2.1 Абайдың нақыл сөздеріндегі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер
Абай шығармаларынан туған халқының жан дүниесі мен салт-санасы, әдет-
ғұрпы дәстүрінің лебі аңқып тұрады. Соның ішінде заманына қарай жаңадан
енген халқының санасына, әдет пен ғұрпына жат қылықтармен бірге ғасырлардан
бері келе жатқан кертартпалық, керенаулықты да өлтіре сынайды. Сөйтіп,
халқын ілгері дамыған жұрттардың қатарына жетуге, өнер, білім, ғылымды
меңгеруге шақырады.
Абайдың нақыл сөздері (афоризмдері) - ҚазССР саяси және ғылыми
білімдер тарату қоғамы 1958 ж. шығарған зерттеу еңбек. Авторы - Қ.
Өмірәлиев. Еңбек Абайдың нақыл сөздерінің қалыптасу жолдары және Абайдың
нақыл сөздері деген тақырыптардан тұрады. Онда автор Абай шығармаларында
кездесетін тұжырымды ой мен ұтымды ұйқасқа құрылған нақыл сөздерді сала-
салаға жіктеп, талдау жасайды, олардың қоғамдық сипатын танытып, әлеуметтік
астарын ашады. Қазақ жазба әдебиетінде нақыл сөздердің негізі Абайдың
дидактиктикалық шығармалары арқылы орныққанын нақты деректермен айғақтайды.
Ақынның қысқа қайырымды, мағынасы бай, тәрбиелік мәні орасан зор көркемдік
дәрежесі жоғары, айшықты, қанатты сөздерін тарихи қажеттіліктер негізінде
туған, уақыт жүгін арқалайтын күнделікті өмірде сүйіспеншілікпен
қолданылатын, үлгі-өнеге тұтатын еңбек деп бағалайды. Кітапша әдебиетшілер
мен ғылыми қызметкерлерге, көпшілік оқырмандарға арналған.
Ақын мұрасының өміршеңдігін, замана озған сайын маңызы, әсері
қаншалықты күшейе түскенін зер салып байыптап қарасақ, оның өз заманының
озық тілек-қасиеттерін айқынырақ танимыз. Сол замандағы қоғамдық өмір
салтының ой-сана, ұғым-түсініктерінің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-
тамыры арыда жатқанын ескерсек, Абайдың өнегелі өсиет сөздері қай заманда
да мәнін жоймайтындығын және қанша заман ауысып, уақыт жағдай өзгерді
дегенмен халықтық ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттері жаңғырып
жаңаша сипат алып, жалғасын тауып өрістеп, дами беретінін ескерсек, Абай
мұралары кейінгі дәуірдің, соның ішінде бүгінгі замандағы өмір-шындығын
танып-білуге үлкен себеп болатындығын мойындауымыз қажет.
Абай Құнанбаев шығармалары педагогика ғылымының көптеген салаларына
қатысты пікірлерге бай, сондықтан әлі де болса, ақын мұраларының оқу –
тәрбие процесіне енгізу мәселелері жеткіліксіз есептейміз. Бұл мәселе
аумағында Қ.Құнантаева, І.Халитовалар Абай мұрасы арқылы жас ұрпақтарды
оқыту және тәрбиелеудің теориялық - әдіснамалық тұжырымдамасын жасады.
Аталмыш ғалымдар ақын мұрасының мектепті оқытылуы мен ондағы тәрбие
процесінде қолданылуын теориялық - әдіснамалық, тарихи – педагогикалық
негізде қарастырған. Бұл зерттеудің құндылығын атай отырып, оның кейбір
тұстарының әсіресе, жоғары оқу орнында болашақ педагогтарды кәсіби жағынан
дайындалуда жеткіліксіз зерттелгендігін байқадық.
Абай педагогика саласынан арнайы ғылыми-теориялық шығармалар жазып,
тікелей педагогикалық қызметпен шұғылданбаса да, оның өлеңдері мен қара
сөздерінен жастарды тәрбиелеу мен оқытудың кейбір дидактикалық мәселелері
жөнінде үлгі -өнеге тұтарлық салиқалы ойлар мен тұжырымдарды көп
кездестіруге болады.
Ақынның қарасөздері мен нақылдары- ақын творчествосының елеулі саласы,
өлеңдері мен мұңдас, идеялас, бірін-бірі толықтыра түсетін маңызды
шығармалары. Абайдың қарасөздерін негізінен прозаның шағын түрі деп атау
керек.
Болашақ педагогтарды мектепті оқу - тәрбие жұмысына дайындалуда
педагогикалық пәндерді оқыту барысында Абайдың тәлім – тәрбиелік
тағылымдарын тиімді пайдалану жолдарын анықтаудың мәні зор. Мұны төмендегі
кесте арқылы бердік.
1-кесте. Педагогикалық пәндерді оқытуда пайдаланылатын Абай
шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер
РПедагогика-лПән бойынша Абайдың Абайдың Абай
с ық пәндердіңтақырыптар еңбектерінің тәлім-тәрбиелік тағылымдарын
аттары аттары ой-пікірлері оқу-тәрбие
үдерісінде
пайдалану
жолдары
1 2 3 4 5
1 Педагогика-л- Сегіз аяқ, - ұстаздық еткенЭссе жазу:
ық Педагоги-калЖас өспірім жалықпас Маманды-ғым
мамандыққа ық замандас қапыүйретуден –
кіріспе мамандық-тың қалма, балаға; мақтаны-шым
пайда болуы;Әсемпаз - әрбір
- болма әрнегеғұламаның басқанАбай
педагоги-кал ізінде бір-бір өлеңдерін
ық медресе жатыр; жатқа айтып,
іс-әрекетке - білімдіден талдау
кәсіби шыққан сөз, жасау.
дайындық; талаптыға болсын
- педагог кез;
тұлғасы және - әсемпаз болма
оның кәсіби әрнеге, өнерпаз
қасиеттері болсаң арқалан,
сенде бір кірпіш
дүниеге тетігін
тапта бар қалан.
1 2 3 4 5
2Педагогика Тұлға Сегіз аяқ, - Еңбек етсең 17-ші,
қалыптас-тыруғылым таппайерінбей тояды 18-ші,
ға әсер мақтанба, қарның тіленбей,бірінші қара
ететін бірінші қара- ондай болмақ сөздеріне
факторлар, сөз, он қайда деп айтпа талдау
тәрбие жетінші қара ғылым сүйсеңіз. жасау.
мақсаттары, сөз, он - талаптан да Пікірталас
эстетика-лықсегізінші білімнен өнер өткізу:
, адамгерші- қара сөз, үйрен; ондай
лік, қалың елім, - білімсіз, болмақ
имандылық, қазағым, өнерсіз болады қайда деп
еңбек, интернатта ақыл тұл айтпа ғылым
отбасы, оқып жүр - білімдіден сүйсеңіз.
экология талай қазақ шыққан сөз,
тәрбиесі, баласы, талаптығы болсын
ғылым, насихат, кез;
білім, қыс, жаз,- есектің артын
оқыту, жазғы-тұрымжусаң да, мал
ақыл-ой , ауылдың тап;
тәрбиесі, маңы терең - болмасаңда
патриоттық сай, желсізұқсап бақ, бір
тәрбие, түнде жарық ғалымды
тәрбие ай, жиырма көрсеңіз,
принцип-теріжетінші қара - дүние де өзі
, сөзі, малда өзі,
дидактика-ныоныншы қара ғылымға көңіл
ң сөзі бөлсеңіз;
принцип-тері - махаббат,
, отбасы әділет, сезім
тәрбиесі - кімнің ұяты
жоқ болса, оның
иманы жоқ.
- баланың
жақсысы – қызық,
жаманы – күйік.
1-кесте (жалғасы)
1 2 3 4 5
3Педагогика ХІХ ғасырдың10-шы қара - әкесінің Адам баласы
тарихы екінші сөзі, 37-шібаласы-адамның болса -
жартысын-дағықара сөзі, дұшпаны, адамныңбауырың
ағартушы-лар 25 сөз, баласы - (пікірталас)
мұраларын-дағ19-шы сөз бауырың; .
ы - құдайдан Әл-Фараби
педагогика-лы қорық, пендеден мен Абайдың
қ ойлар; ұял, балаң бала тәлім-тәрбие
Әл-Фараби болсын десең – лік
және Абай оқыт, мал аяма; ойларының
- адам сабақтас-тығ
ата-анадан ы (реферат)
туғанда есті
болмайды: естіп,
көріп, ұстап,
татып адам
болады.
Болашақ мұғалімдердің Абай тәлім – тәрбиелік ойларын пайдалануға
даярлықтарының деңгейін анықтау үшін қазақ тілі мен әдебиет, педагогика
және психология мамандықтарында оқитын студенттерге төмендегідей сұрақтар
қойдық:
1.Абай қай өлеңдерінде ғылым, білім, оқу туралы ойлар бар және
олардың бірнешеуін атаңыз?
2. Абай қара сөздеріндегі тәрбие туралы ойлары қандай?
3.Абай адам мінезі туралы не деген?
4.Ұлы ақынның махаббат, табиғат, білімнің пайдасы туралы ойларына
байланысты тәрбиелік іс-шаралар өткізуге даярлығыңыз қандай?
5.Абай айтқан Толық адам қандай болу керек?
Сауалнама арнаулы курс оқылмай тұрғанда және оқытылғаннан кейін
өткізілді.
2-кесте. Болашақ мұғалімнің арнайы курстар мен семинарлар, тәрбиелік
іс-шаралар бойынша оқу-тәрбие жұмысына даярлықтарының көрсеткіштері.
(Кестенің сұлбасы ғалым К.Бөлеевтің кітабынан алынды)
Педагогика және психология Қазақ тілі және әдебиеті
Сұрақтар Оқытылғанға Оқытылған соң %Оқытылғанға Оқытылған
дейін % дейін % соң %
1 11 80 17 87
2 4 74 13 91
3 6 64 14 79
4 2 77 11 86
5 7 71 11 82
"Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы тәлім – тәрбиелік ойларды
педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану " атты арнаулы курс
Ж О С П А Р Ы
Дс Пәндердің аттары Тақырыптар лекция Семи-нар
1 Педагогикалық мамандыққаАбай шығармаларындағы 2 1
кіріспе педагогикалық идеялардың
маңызы ақын ұстаз және
оған қойылатын талаптар
туралы
2 Жалпы педагогика Абай Құнанбаев 2 2
өлеңдеріндегі, қара
сөздеріндегі адамгершілік,
имандылық, еңбек,ақыл-ой
тәрбиесі мәселелері.
3 Әлеуметтік педагогика Абай шығармаларындағы 2 2
отбасы тәрбиесі, қоршаған
ортаның тәрбиеге әсері.
4 Педагогика тарихы Абай шығармаларындағы оқу 2 2
– тәрбиелік ойлардың
бүгінгі ғылыми
педагогиканың талаптарымен
сабақтастығы.
8 с 7с
Барлығы:
2.2 Абай "қара сөздері" мен қазақ рухани психологиясы арасындағы
сабақтастық мәселесі
Халқымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің
негізін қалаушы, ғұлама ойшыл, психолог , ағартушы, қалың қазақ қауымына,
ауыр ойды арқалап ауырған жанның Жүрек сырын, тылсым сезім, терең ойын
жеткізуге тырысты. Олар өздеріне рухани көсем, білікті ұстаз тұтты.
Қазір Абай мұрасын талдап, зерттеуге арналған еңбектер саны мың
жарымнан асады. Абай мұрасын шынайы танып білудің ен басты жолы,
халқымыздың тарихи жадын қайта жаңғырту,қайта талдау. Оның ішінде ең қажеті
Абай ғұмыр кешкен дәуірдің мәдени тәлім-тәрбиелік, саяси, әлеуметтік
болмысы, елдің отарлану тарихи, халықтың рухани қазынасы, дәстүрлі
мәдениеттің өзіндік сабақтастық жолдары. Осы процестерді жалпы азаматтық
көзқарас принциптері негізінде талдай алсақ, Абайдың психологиялық
көзқарасындағы іздерін аша алсақ, Абайтану бағытында көптеген белгісіз,
соны, жаңаша ойлар туар еді.
Абай шығармашылығында алты мыңнан аса сөз коры бар екен, әсіресе онша
көп зерттелмеген Қара сөздерін бүкіл қазақ қауымына, әлем жұртшылығына
түсінікті ету, даналығының тылсым сырларын ашып, сайын далада ғасырлар бойы
өсіп-өніп келе жатқан көшпенділер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz