Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллингтің рөлі
ӘОЖ 658.562:330.341.1:637.1(574)
Қолжазба құқығында
Жунисбекова Гульфайруз Еркубековна
Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллингтік жүйені дамытудың
ұйымдастырушылық-экономикалық аспектілері
(Алматы облысы сүт саласы кәсіпорындарының мәліметтері бойынша)
08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару
(салалары мен қызмет сфералары бойынша) мамандығы
Экономика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде орындалған
Ғылыми жетекшісі: экономика
ғылымдарының докторы
А.М.Сейтказиева
Ресми оппоненттер: экономика
ғылымдарының докторы
С.Ж.Тәшенова
экономика
ғылымдарының кандидаты
М.У.Успанова
Жетекші ұйым: Қазақ аграрлық
өнеркәсіптік
кешенінің
экономикасы және ауылдық
аумақтарды дамыту ғылыми-
зерттеу
институты ЖШС
Қорғау 2010 жылдың 26 тамызы күні сағат 16-00-де Т.Рысқұлов атындағы
Қазақ экономикалық университетіндегі экономика ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін алу жөніндегі Д 14.02.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде
өтеді, мекен-жайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55, 144 бөлме.
Диссертациямен Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің
кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2010 жылдың 24 шілдесінде таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы,
экономика ғылымдарының докторы
А.Б.Темирбекова
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның ұлттық экономикасының
индустриалды-инновациялық тұрғыдан дамуы жоғары технологияларға негізделген
бәсекеге қабілетті, экономикалық тұрғыдан тиімді ұйымдастырушылық-
экономикалық механизмдерді одан әрі жетілдіру болып отырғаны белгілі.
Сондықтан кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлемдік
стандарттарға сәйкес келетін өнім өндіру барысында жаңа технологиялық
механизмдерді өндіріске енгізу, оның тиімділігін арттыру бағытында
инновациялық тұрғыдан экономиканың нақты салаларын дамытуға ерекше көңіл
бөлініп отыр. Осы тұрғыдан алғанда, кәсіпорындарды ұйымдастыру мен
басқарудың жаңа әдістерін енгізудің қажеттілігі туындап отыр. Бұл мәселелер
еліміздегі сүт өндіру және өңдеп, әр түрлі өнім алатын кәсіпорындар үшін
ерекше маңызға ие.
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының
2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ұлттық экономиканың
тұрақты өсуі мен бәсекеқабілеттілікті күшейту арқылы халықтың әл-ауқатын
жоғарылатуда, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін, мемлекеттің қаржылық және
материалдық активтерін ұтымды түрде басқару мен пайдаланылуын қамтамасыз
ету жетістіктерін енгізуге ерекше мән берілуде.
Қазіргі уақытта инновациялық қызметті дамыту, ел экономикасын
инновациялық бағытта өркендету, әсіресе нақты сектор өндірістерінің аясында
инновациялық жетістіктерді енгізудің маңызы зор. Ал осы үдерістерді
бақылау, олардың уақытылы және кедергісіз жүзеге асырылуын қадағалайтын,
реттейтін, басқаратын және үйлестіретін жүйе - контроллингтің қалыптасуы
мен оны жетілдіру аспектілерін анықтау зерттеу тақырыбының негізі болып
табылады.
Инновациялық қызметті экономикалық басқару шаруашылық және коммерциялық
жағдайды алдын ала көре білу, шығындар-нәтиже арақатынасын оңтайландыру
бағытындағы іс-шараларды жүргізе білу және осы арқылы қойылған мақсаттарға
жету, ең бастысы күтілетін пайданы алуды қамтамасыз етуде контроллинг
жүйесінің маңызы ерекше. Контроллинг және оны басқару механизмін зерттеуге,
оны дамыту мен жетілдіру мәселелеріне шетелдік, ресейлік, және отандық
мамандар ерекше көңіл бөліп отыр.
Контроллинг қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес, алдын ала
анықталған, болжанған нәтижелерді алуға байланысты әлсіз жерлерді жоюға
бағытталған қазіргі заманғы тұжырымдама ретінде де қарастырылады. Сондықтан
да бәсекелік ортасы жоғары сүт өнімдері өндірісінде контроллингті
қолданудың маңыздылығы жоғары.
Сүт саласы өнеркәсіптің маңызды салаларының бірі болып табылады.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жалпы республикада сүт жеткілікті
дәрежеде өндірілгенмен, оның 13 ғана өңделуден өтеді. Мысалы, 2008 жылы
өндірілген өнімнің 31,6 % өңдеуден өткен, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 1,4
%-ға төмен. Сондықтан ішкі нарықта сүт өнімдерінің импорттық үлесі
әдеттегідей жоғары деңгейде. Бұл отандық сүт өндіруші сала кәсіпорындарында
халықаралық сапа стандарттарының толығымен енгізілмеуі, отандық өнімдердің
бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, инновациялық қызметтің белсенді
жүргізілмеуі (өңдеу саласында, соның ішінде тамақ өнімдері өндірісінің
инновациялық белсенділігі-4% ғана) немесе инновациялық қызметті басқарудағы
олқылықтар есебінен болып отыр. Сол себепті де аталмыш салада
контроллингтік жүйені дамытудың маңыздылығы жоғары деп айтуға болады.
Кәсіпорында жоспарлау мен бақылаудың тиімді жүйесін құру әлеуеті жоғары
инвесторлар үшін бизнестің ашықтығын қамтамасыз етуге, сапалы жаңа даму
сатысына көтерілуге, бәсекеқабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты контроллинг қағидасы бойынша кәсіпорынның инновациялық
қызметін басқару саласында ғылыми зерттеулер жүргізу ерекше құндылыққа ие.
Бұл бағытта жүргізілген зерттеулер көбінесе жалпы контроллингтік жүйеге,
стратегиялық контроллингке негізделген, ал инновациялық қызметтегі
контроллингті қолданудың тиімділігінің жекелеген аспектілерінің зерттелу
дәрежесі әлі де болса төмен деңгейде қалып отыр. Сондықтан да кәсіпорынның
инновациялық қызметінде контроллингті дамытудың ұйымдастырушылық-
экономикалық аспектілерін ғылыми тұрғыда зерттеу қажеттілігі байқалып отыр.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Диссертацияда контроллинг көзқарасы
тұрғысынан инновациялық қызметті басқарудың теориялық және әдіснамалық
аспектілері зерттелген. Зерттеудің кейбір мәселелері мен жекелеген
бағыттары келесі ғалымдардың еңбектерінде келтірілген:
- кәсіпорынды басқару тұжырымдамасы ретіндегі контроллингтің дамуы
бойынша – А.Беккер, Ю.Вебер, Е.Гютенберг, А.Гидденс, Х.Кюппер, Т.Манн,
Э.Майэр, Т.Райхман, П.Фридман, Д.Хан, П.Хорват, Д.Шнайдер т.б.еңбектері;
- инновациялық механизмдер негізінде шаруашылық субъектілерді олардың
даму жағдайын есепке ала отырып басқару саласы бойынша – И.Ансофф, Т.Модиц,
Д.Гарнер, С.Д. Ильенкова, т.б.;
- экономикада контроллинг қағидаларын қолданбалы пайдалану мәселелері
бойынша - ресей ғалымдарының Н.Г.Данилочкина, А.М.Карминский, Н.И.Оленев,
А.Г.Примак, С.Г.Фалько, сондай-ақ отандық авторларының Ж.Н. Әшімова және
С.Ж. Тәшенова еңбектерін атап өтуге болады.
Қазақстанның сүт өнеркәсібінің дамуының, оның қызмет ету тиімділігі мен
бәсеке қабілеттілігін арттырудың, кәсіпорынның инновациялық қызметін
басқаруды жетілдірудің әртүрлі аспектілеріне көптеген отандық ғалымдардың:
С.С.Арыстанбаеваның, О.Баймұратовтың, В.В.Григоруктың,
, Т.И.Есполовтың, Ғ.А.Қалиевтың, А.К.Қошановтың, А.Б.Молдашевтың,
Қ.Қ.Нұрғалиеваның, Қ.О.Оқаевтың, А.Б.Сатбекованың, А.А.Сатыбалдинның,
Т.С.Саткалиеваның, А.Б.Темірбекованың, М.У.Успанованың және т.б.
еңбектерінде ерекше көңіл бөлінген.
Экономикалық және ғылыми әдебиеттерде басқару жүйесі бойынша
контроллинг қызметінің әрекет ету бағыттары мен ұстанымдарына жеткілікті
көңіл бөлінбеген. Әлемдік экономиканың дамуы кейбір құбылыстарды жеделдету
мен оның серпінінің күрделенуін тудырады. Мұнда тек нарық және
технологиялардың өзгерісі ғана емес, сондай-ақ оның динамикалық қасиеттері
де ескеріледі. Көптеген ғалымдар контроллинг туралы үстіртін пікірде, олар
көбінесе басқару тиімділігін арттыру сұрақтарын шешуде құрал ретінде
қарастырады, яғни жаңа үлгі енгізу мәселесі жеткілікті зерттелмейді.
Экономикалық әдебиет көздерінде кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі
контроллингтің теориясы мен тәжірибесі, сондай-ақ дағдарыс жағдайында
өнеркәсіптің өңдеуші салаларында контроллингті қолдану қажеттілігі жете
қарастырылмаған.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі
мақсаты – сүт саласы кәсіпорындарының инновациялық қызметіндегі
контроллингтік жүйені жетілдіру бағытында теориялық, тәжірибелік және
ғылыми-негізделген ұсыныстар дайындау болып табылады.
Диссертациялық жұмыстың мақсатына сәйкес, келесі міндеттер қойылған
және шешілген:
- кәсіпорынды басқару үдерісіндегі контроллингтік жүйенің экономикалық
мәні мен маңызын зерттеу;
- кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллингтік жүйенің
қалыптасуының ерекшеліктерін анықтау және әдістемелік тәсілдерін зерттеу;
-қазақстандық экономиканың өзіндік ерекшелігін ескере отырып,
кәсіпорынның инновациялық қызметінде контроллинг жүйесін пайдаланудың
шетелдік тәжірибелерін бейімдеу бағыттарын негіздеу;
- контроллинг жүйесін енгізуге байланысты ҚР сүт саласының қазіргі
жағдайы мен оның даму перспективасын талдау,
-Алматы облысы сүт саласы кәсіпорындарының инновациялық қызметіндегі
контроллингтік жүйенің тиімділігін бағалау;
- сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың инновациялық қызметіндегі
контроллингтік жүйенің ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін
жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеу объектісі ретінде Алматы облысының сүт және сүт өнімдерін
өндіретін кәсіпорындары алынды.
Зерттеу пәні болып сүт саласы кәсіпорындарының инновациялық қзметіндегі
контроллингтік жүйені енгізу және дамыту бағытындағы инновациялық қызметті
басқару үрдісінде туындаған ұйымдастырушылық-экономикалық қарым-қатынастар
жиынтығы саналады.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін кәсіпорындардың инновациялық
қызметіне контроллингтік жүйені енгізу және дамыту мәселелері жөніндегі
отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми еңбектері, ҚР
Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, мемлекеттің даму
стратегиялары мен бағдарламалары құрайды.
Зерттеу жұмысы үшін бастапқы материал ретінде Қазақстан Республикасының
Статистика жөніндегі агенттігінің Алматы облысы мен аудандары бойынша
жинағы, заңнамалық және нормативтік актілер, әдістемелік материалдар
қолданылды.
Қойылған мақсат пен міндеттерге байланысты жұмыста экономика-
статистикалық және салыстыру, логикалық ойлау, кешенді сипаттау,
сараптамалық бағалау, топтау т.б. зерттеу әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы диссертацияда келтірілген төмендегі
тұжырымдар мен ұсыныстармен айқындалады:
-әртүрлі көзқарас тұрғысында контроллинг ұғымдары жүйеленіп,
инновацияға бағытталған контроллингке автордың жеке көзқарасы зерттелді;
-кәсіпорынның қызмет етуінің әртүрлі бағыттарының қазіргі таңдағы өзара
байланыстарын кешенді бағалауға мүмкіндік беретін контроллинг жүйесін
бағалаудың әдістемелік тәсіл негізделді;
-кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллинг жүйесінің қалыптасу
моделі әзірленді;
-ҚР сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың инновациялық қызметіндегі
контроллингтік жүйені жетілдіру бағытында ұсыныстар кешені дайындалды.
Қорғауға шығарылған негізгі тұжырымдар:
- басқарушылық шешімдердің инновациялық бағыттылығын ескеретін
кәсіпорын қызметіндегі контроллингтің түсінігіне авторлық
тұжырым;
-контроллинг жүйесінің қалыптасу үлгісі мен оны бағалаудың әдістемелік
тәсілдері, олардың ерекшелігі ретінде оперативті және стратегиялық
басқарушылық шешімдердің өзара байланысына бағытталуы саналады;
- ҚР сүт саласы кәсіпорындарының инновациялық қызметіндегі
контроллингтік жүйені дамытудың ұйымдастырушылық тетіктерін
жетілдіру бойынша ұсыныстар;
- кәсіпорындардың инновациялық қызметіндегі контроллингтік жүйені
экономикалық ынталандыру бағытында ұсыныстар.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңызы. Диссертациялық
жұмыста анықталған ғылыми нәтижелер (тұжырымдар) мен ұсыныстар сүт
өнімдерін өндіру, өңдеу және өткізу жүйесі бағытында кәсіпорындардың қызмет
тиімділігін арттыруға, шикізат өндіруден дайын өнімге дейінгі бірыңғай
инновациялық технологиялық циклмен байланысқан кәсіпорындар арасындағы
өзара тиімді экономикалық қатынастарды дамытуға мүмкіндік береді.
Диссертациялық жұмыста келтірілген сүт өндіру және өңдеу
кәсіпорындарының қызмет етуінің экономикалық механизмін жетілдіру,
кәсіпорынның инновациялық қызметінде контроллингтік жүйені енгізу және
дамыту жөніндегі ұсыныстар осы саланың өнімділігі мен табыстылығының өсуіне
көмектеседі.
Ізденуші зерттеуімен анықталған контроллинг тұрғысынан кәсіпорын
қызметін бағалау көрсеткіштерінің жүйесі, контроллингтік жүйені енгізу және
дамыту, инновациялық қызметтегі оның тиімділігін арттыру бағытында
ұсынылған іс-шаралар нарықтық ортада сүт саласы кәсіпорындарының бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жұмыстың негізгі нәтижелерінің қолданылуы. Диссертациялық жұмыстың
негізгі нәтижелері мен өзекті мәселелері халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференцияларда баяндалып талқыланған. Диссертация материалдары келесідей
баяндамаларда мазмұндалды: Үшінші Рысқұлов оқулары атты халықаралық
ғылыми-зерттеу конференциясы (Алматы, Т.Рысқұлов ат. ҚазЭУ, 2008 ж.),
Заманауи интеграция: мәдениет, ғылым және технология (Алматы, Сымбат
сән бизнесі Академиясы, 2008 ж.), Қазақстандағы бизнестің әлеуметтік
жауапкершілігі: аңыздар, ағымдағы күйі, болашағы (Алматы, әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ, 2008 ж.), Төртінші Рысқұлов оқулары халықаралық ғылыми-
зерттеу конференциясы (Алматы, Т.Рысқұлов ат. ҚазЭУ, 2009 ж.),
Модернизация основных фондов-основа перехода к устойчивому экономическому
развитию (Алматы, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 2009 ж.), Жас ғалымдардың
қазіргі заманғы зерттеулері; проблемалар және оларды шешу жолдары (Астана,
Тұран-Астана университеті, 2007 ж.), Модернизация сельскохозяйственной
экономики Казахстана: государственные, региональные и отраслевые проблемы
(Алматы, Қаз АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ҒЗИ, 2009 ж.)
және т.б.
Зерттеу нәтижелерінің жүзеге асырылуы. Зерттеудің негізгі тұжырымдары
экономиканың дамуы және басқарудың өзекті мәселелеріне арналған халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференцияларда жүзеге асырылған. Зерттеудің жекелеген
ғылыми нәтижелері Солнечный сүт зауыты ЖШС, Қайсар сүт ЖШС-нің
қызметтеріне, сонымен қатар Контроллинг, Шығындарды басқару курстарын
меңгеру барысында енгізілген және пайдаланылған.
Зерттеу нәтижелерінің жарияланымдары. Диссертация тақырыбы бойынша
жалпы көлемі 3,6 баспа беттен тұратын 11 ғылыми жұмыс, соның ішінде 4-і ҚР
БҒМ білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау Комитеті
ұсынған басылымдарда, 7 тезис халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференциялардың ғылыми еңбектер жинағында жарияланды.
Диссертацияның құрылымы және көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден,
үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшалардан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Контроллинг экономикалық тұрғыда басқару және бақылауды білдіреді,
дегенмен мақсат қою мен оны жүзеге асыру бағытындағы іс-шараларды жоспар
құру әрекетінсіз тиімді басқару мүмкін емес. Сондықтан контроллинг
жоспарлау, реттеу және бақылау бағытындағы іс-шаралар жиынынан тұрады.
Контроллинг жүйесінің барлық элементтері жоспарлаудан бастап, оның
орындалуына мониторинг жасауға дейін ең алдымен жоспардың орындалу
нәтижелерін талдау, оны жүзеге асыру үдерісінде оң және теріс ауытқуларды
бағалау негізінде жоспардың орындалуы үшін қажетті жағдайлар жасауға
бағытталған.
Контроллингтің мақсаты ұйымның жалпы мақсатынан туындайды және ең
алдымен ұйымның қалыпты жағдайын сақтау және оның табысты дамуына бүкіл
басқарушылық үдерісті бағдарлауға негізделген.
Контроллинг – кәсіпорын экономикасын талдау мен болашақта күтілетін
әрекеттерге қатысты басқарушылық қызметті үйлестіру бағытындағы кәсіби
қызметтің заманауи жаңа тұжырымдамасы.
Контроллингтің міндеттеріне табыстылықты, өтімділікті қамтамасыз ету,
тәуекелді төмендетуді жоспарлау және бақылау жатады. Мұнда контроллингтің
негізгі мақсаты ретінде қызметті басқару, төтеп беру және күшейту
бағытындағы іс-шараларды дер кезінде жүргізуге мүмкіндік беретін ақпаратпен
уақытылы қамтамасыз ету.
Біздің пікірімізше, контроллинг – кәсіпорын қызметінің табыстылығын
арттыру жолымен ұзақ мерзімді кезеңде оның өмір сүруін қамтамасыз етуге,
серпінді дамуы үшін ұтымды инвестициялық шешімдерді қабылдауға, сондай-ақ
кәсіпкерлік қызметте тәуекелді төмендетуге мүмкіндік беретін кәсіпорынды
басқарудың заманауи жүйесі.
Отандық және шетелдік экономист-ғалымдарының контроллинг аясындағы
пікірлері мен ғылыми ұстанымдары көбінесе басқару қызметіне, үйлестіруге
және ақпаратқа негізделген. Сол себепті контроллинг жеке ғылыми зерттеуді
қажет етеді. Біздің пікірімізше, инновацияға негізделген контроллинг-
инновациялық жобалар бағытындағы шешімдерді қабылдау үшін басқарушылық
қызметті бағыттау, инновациялық жобалардың ұзақмерзімді өміршеңдігін және
үйлесімділігін қамтамасыз етуге ақпараттық-инструменталды қолдау көрсету.
Инновацияларға шаруашылық механизмнің әсері ерекше басқару стратегиясы
мен белгілі бір әдіс-тәсілдер көмегімен жүзеге асырылады. Әдіс-тәсілдер мен
стратегиялардың жиынтығы инновацияларды басқарудың өзіндік механизмі,
басқару үдерісін басқару жүйесі – контроллинг қызметі арқылы жүзеге
асырылады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллинг келесі кезеңдерден
тұрады:
1) инновациялар үшін негіз ретінде көрінетін идеяларды іздеу;
2) идеяларды жүзеге асыруда ақпараттық-инструментальды қамсыздандыру;
3) берілген инновациялар үшін инновациялық үдерісті жоспарлау және
ұйымдастыру;
4) нарыққа инновацияларды енгізу және олардың қозғалу үдерісін
бақылау.
Кәсіпорын қызметіне объективті және негізделген баға беру үшін
контроллинг қызметінде екі көрсеткіштер топтамасын, яғни басқару тиімділігі
мен табыс пайдаланылады, бұл кәсіпорынды тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Контроллинг – күтпеген жағдайлардан шығу және кәсіпорын экономикасына
қауіп төнген жағдайда уақытылы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін,
кәсіпорын мақсаттарына жетуге көмектесетін, қызмет нәтижелері мен
шығындарды реттеу жүйесі, экономикалық тиімділікке қол жеткізу
тұжырымдамасы. Бұдан әрбір кәсіпорын басшыларының алдында тұрған міндет
ретінде ұйымның инновациялық белсенділігін көтеру бағытында контроллинг
жүйесін енгізуде стратегиялық басымдықтарды анықтауы саналады.
1-сурет - Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллингтің рөлі
Е с к е р т у – Әдебиет көздерін зерттеу негізінде дайындаған автор.
Оперативті және стратегиялық контроллинг тұрақты түрде өзара қарым-
қатынаста болады. Оперативті жоспарлау стратегиялық жоспарға сәйкес
жүргізіледі және керісінше, оперативті қабылданған шешімдердің кәсіпорынның
стратегиялық бағытта қызмет етуі және дамуы үшін маңызы зор. Кәсіпорынның
табыстарға қол жеткізуі оның басшыларының өндірістік мәселелерді уақытылы
анықтап және талдай білу қабілеттілігіне тікелей байланысты болады. Қажетті
басқарушылық шешімдерді шұғыл түрде қабылдау үшін ақпараттардың дер кезінде
дайындалуы және басшыларға ұсынылуы қажет. Бұл тиімді контроллинг жүйесіне,
оперативті және стратегиялық аспектілерін ескеретін кешенді бағалау
әдістемесіне байланысты болады (2-сурет).
2-сурет - Контроллинг жүйесін кешенді бағалаудың жалпы сызбанұсқасы
Е с к е р т у – Өңдеген автор.
Инновациялық контроллингті стратегиялық контроллингтің құралнамасы
ретінде айқындауға болады, себебі кәсіпорынның инновациялық қызметі оның
болашақтағы ұзақмерзімді қызмет етуін айқындайды және едәуір тәуекелдермен,
белгісіздіктермен байланысты келеді. Стратегиялық контроллинг құралнамалары
ең алдымен кәсіпорынның перспективасы мен тәуекелін, оның ұзақмерзімді
қызмет етуіне кедергі келтіретін факторларды анықтау және үйлесімділігін
қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі стратегиялық контроллингтің
қалыптасу үлгісі 3-суретте келтірілген.
Инновациялар экономиканың кез келген секторы сияқты күрделі қаражат
салымдарын талап етеді. Қосымша пайда табу, ұйым қызметінің тиімділігін
арттыру және әлеуметтік-экономикалық тиімділікке жету үшін қаржылық
салымдар салу қажет.
3-сурет - Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі стратегиялық
контроллинг
Е с к е р т у - Зерттеулер негізінде автормен дайындалған.
Стратегиялық контроллинг тұрғысынан белгісіздік деңгейі жоғары
жобаларды бағалауда STAR жүйесін қолдану тиімді болып табылады.
Бұл жүйе тәжірибеге бағытталғандықтан ел экономикасында қолданудың
маңыздылығы жоғары. Бірақ, ел экономикасының өзіндік өзгешеліктері
ескерілуі тиіс.
STAR жүйесінің негізгі артықшылығы – технологиялық және стратегиялық
аспектілердің кешенділігі.
Контроллинг, әдетте тәуекел ықтималдылығын төмендетумен байланысты.
Әрбір тәуекел өзінің орындалу мерзімдері мен орындалу критерийлері бар
арнайы іс-әрекеттер жоспарын қажет етеді.
Зерттеу объектісі ретінде Алматы облысының сүт өндірісімен айналысатын
кәсіпорындары алынды.
Қазақстанда сүт өнімдерінің ішінде 2008 жылы сыр және сүзбе өнімдері
4,2 %-ға, қойылтылған сүт пен кілегей 19,5 %-ға төмендегені байқалады. Бұл
жағдайды келіп түскен шикізаттардың сапасының төмендігімен, өнім дайындау
жүйесінің дамымауымен, оны тасымалдау кезінде шығындардың көптігімен,
өндірістің маусымдылық сипаты және жыл бойы шикізаттың әркелкі түсуімен
түсіндіруге болады.
1-кесте - Сүт және сүт өнімдерінің ресурстары мен пайдаланылуын талдау, мың
тонна
Көрсеткіштер 2005ж. 2006ж. 2007ж. 2008 ж. 2008 ж. 2005
жылмен
салыс-тырғандағ
ы өзгерістері
Ауылшаруашылық шикізаты ресурстарының жеткіліксіздігі азық-түлік
импортына отандық нарықтың тәуелділігінің күшеюіне алып келді. Тұтыным
құрылымында импорт көлемінің артуы сүт саласындағы отандық кәсіпорындардың
жұмыстарын күрделендірді, сондай-ақ жалпы Қазақстанның ауылшаруашылығының
қызметіне кері әсерін тигізді.
1-кестеден көргеніміздей, сүт және сүт өнімдері импорты 2005 жылы 431,9
мың тоннаны құраса, 2008 жылы 860,1 мың тоннаға тең, яғни 2008 жылы 428,2
мың тоннаға артқан, ал экспорт көлемі 2008 жылы 2005 жылмен салыстырғанда
39 мың тоннаға қысқарған. Қазақстан сүт өнімдерін өте аз көлемде
экспортқа шығарады. Атап айтсақ, 2006 жылы 36 мың тонна, 2007 жылы – 40,2
мың тонна шығарса, ал 2008 жылы– небәрі 23 мың тонна ғана экспорттаған.
Негізінен бұл май, сыр және ультрапастерленген сүт.
Жалпы контроллинг жүйесін енгізу алдында қажетті көлемде ақпараттар
жинақталып, саланың, кәсіпорынның әлсіз және күшті жақтары, мүмкіндіктері
мен перспективаларына талдау жасалады.
Сүт саласы кәсіпорындарына SWOT-талдау 2-кестеде келтірілген.
2-кесте - ҚР сүт саласының қазіргі жағдайын SWOT – талдау
Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Үкімет тарапынан қабылданған Жалпы ірі қара мал басы санындағы
стратегиялық жоспарлардың, асыл тұқымды мал басының үлесінің
бағдарламалардың және төмендігі
нормативті-құқықтық актілерінің жүзегеСүт өңдеу зауыттарына түсетін шикізат
асырылуы сапасының төмендігі мен мен жыл бойы
Сүт өнімдерінің сапасы Сүт және сүт әркелі түсуі
өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын Мал шаруашылығында жем-шөп базасының
талаптар техникалық регламентпен дамымауы
реттеледі Ірі қара мал басын тамақтандыру
Шағын және орта бизнесті қолдау және рационының бұзылуы
тұрақтандыру іс-шараларына бөлінген Өзіндік құн құрамында шикізатқа
қаражаттар есебінен сүт саласы жұмсалған шығындардың үлесі жоғары
кәсіпорындарына қолжетерлік несие Қораптау бойынша кәсіпорынның
ресурстарымен қамтамасыз ету тапшылығы
бағытында мемлекеттік қолдау Тасымалдау, көтерме-бөлшек сауда
Несие құнын 50%-ға дейін арзандататын Сүт саласы кәсіпорындарында
несиенің сыйақылық ставкаларын халықаралық сапа стандарттарына
субсидиялау есебінен мемлекеттік толығымен өтпеуі
қаржылық қолдау Бәсекеге қабілетті өнім өндіруге
Өңдеуші сала кәсіпорындары үшін (сүт мүмкіндік беретін алдыңғы қатарлы
өңдеу және сыр өндіру бойынша) ҚҚС технологиялармен жабдықталу деңгейі
мөлшерлемесі 70 %-ға дейін төмен
төмендетілген Сүт саласы кәсіпорындарында
Халықаралық стандарт талаптары инновациялық беленділіктің төмендігі
негізінде сапа менеджменті жүйесін Дайындық жүйесінің дамымауы, өнімді
енгізу бағытында АӨК субъектілерінің дайындау және тасымалдау кезінде
шығындарының 50 % субсидиялануы шығындардың көптігі
Өндірістік қуатының толық жүктелмеуі
Мүмкіндіктері мен перспективалары Кедергілер
Сүт өнімдеріне әлемдік сұраныстың 1. Сүт нарығының импорттық өнімдерге
жылдан жылға артуы тәуелділігі
Қытай экономикасының жылдам өсу 2. Шикізаттың терең өңделмеуі
қарқыны осы елдерге сүт өнімдерін 3.Инфрақұрылымның бір ізге салынбауы
экспорттау мүмкіндігін арттырады 4. Негізгі құрал-жабдықтардың тозуы
Сүт саласы кәсіпорындарында жаңа 5. Ірі қара мал басының жұқпалы
басқару механизмін енгізу, яғни аурулары
контроллинг жүйесін енгізу және 6. Сапаны бақылау жүйесінің әлсіздігі
бейімдеу 7. Инфляция деңгейі
Тауарлы-сүт фермаларда дәстүрлі емес
жаңаланған энергия көздерін қолдану
Кластердің өндірістік әлеуетінің өсімі
Ескерту – Зерттеулер негізінде дайындаған автор.
SWOT-талдау әдісі ҚР сүт саласының күшті және әлсіз жақтарын,
мүмкіндіктері мен кедергілерін анықтауға мүмкіндік беретін стратегиялық
контроллингтің құралнамаларының бірі болып табылады.
Талдау нәтижесі көрсеткендей, аталған саланың күшті жақтары мен
мүмкіндіктерінен гөрі оның әлсіз тұстары мен дамуына кедергі келтіретін
факторлары көп.
Сүт саласының әлсіз жақтары мен кедергі келтіретін факторлары ретінде
келесілерді атап өтуге болады:
1. Сүт саласында шикі сүт өндірісінің маусымдық өзгерістері өңдеуші
кәсіпорындарға шикізаттың тұрақты түсуін тежеп, алшақтықтарға
әкеледі. Қарашадан ақпанға дейінгі сүт өндіру көлемі 17,4 % (5036
мың тонна жылдық сүт өндіру көлемінің 878,8 мың тоннасы осы кезеңде
өндіріледі).
2. Жалпы ірі қара мал басы санындағы асыл тұқымды малдардың үлесінің
(3,5 %, с.і. 0,63 %-асыл тұқымды сауынды сиырлар), сәйкесінше
сиырлардың өнімділігінің төмендігі. Республикада орташа жылдық
сауым 2,8 тонна сүтті құраса, АҚШ-та бұл көрсеткіш-8,6 тонна.
3. Сүттің 90,5% (4558,2 мың тонна) жеке үй шаруашылығында өндірілуі.
Бұл сүттің жоғары деңгейде бактериалды тұқымдануына әкеледі және
сүт өңдеу зауыттарын жоғары сапалы шикізаттармен толық көлемде
қамтамасыз етілуін тежейді.
4. Мал шаруашылығында жем-шөп базасының дамымауы, ірі қара мал басын
тамақтандыру рационының бұзылуы
5. Өзіндік құн құрамында шикізатқа жұмсалған шығындардың үлесі жоғары.
Шағын бизнес үшін сүт өндірісі рентабельділікті қамтамасыз етпей
отыр. Өнім бірлігіне кететін шығындардың құрамында шикізаттан басқа
шығындардың үлесі 40-50 %-дейін жетеді. Ол шығындар - еңбекақы,
салық, электр энергиясы, су, тасымал шығындары. Егер зауыттың қуаты
төмен болып, өнім ассортименттері көбірек болса, соғұрлым осы
шығындардың үлес салмағы жоғары болады. Айталық, йогурттың өзіндік
құны 15 теңге мөлшерінде, ал қосымша 5 теңге шағын кәсіпкерге
қорапталуға – бір рет қана пайдаланатын пластмасса стақаншасына
кетеді. Егер қораптаушы затты кәсіпорынның өзі шығармаса, онда өнім
ассортиментін кеңейту кәсіпкер үшін тиімді емес.
6. Жаңа технологияларды шығару саласында зерттеу жұмыстарының аздығы,
инновациялық белсенділігінің төмендігі (өңдеуші салада, соның
ішінде тамақ өнеркәсібі бойынша 4 %-ды құрайды).
7. Сүт нарығының Ресей, Қырғызстан, Украина елдерінен әкелінетін
импорттық өнімдерге тәуелділігі (қойытылған сүт және кілегейлі сүт
– 84 %, сары май - 30%, сыр және сүзбе - 65%, құрғақ сүт -79,7%) .
ҚР үшін ТМД елдерінің ішінде сүт өнімдерінің басты импорттаушысы
ретінде Ресей саналады. Оның үлесіне біздің нарықтағы барлық
жеткізілімдердің жартысына жуығы тиесілі. Сүт импортының
құрылымындағы 15,8% Беларусь, 15%-Украина, 7,7% - Қырғызстан
өнімдері құрап отыр. Қазақстандық компаниялар республикалық нарықты
сүт өнімдерімен қамтамасыз ете алмайды, сондықтан импорт көлемі
басым болып отыр. Бұл отандық сүт тұтынушылары үшін қолайлы
болғанымен, қазақстандық сүт өндірушілері үшін тиімсіз.
8. Көлік инфрақұрылымындағы мәселелер – сүт өнімдерін өндірушілердің
басты кедергісі болып табылады, яғни қашықта орналасқан
тұтынушыларға жеткізу жұмыстарын күрделендіреді, жоғары тасымал
шығыстары, жеткізу сызбанұсқасының бір ізге келтірілмеуі. Себебі,
сүтті сақтау мерзімінің қысқа болуына байланысты өнімді өткізу
кезінде ерекше дәлдікті, жоғары маркетингтік көрсеткіштерді талап
етеді.
9. Негізгі құрал-жабдықтардың тозуы. Кейбір сүт саласы
кәсіпорындарында 70-80 %-ға жеткен.
10. Инновациялық белсенділіктің төмен дәрежесі. Сүт саласында
инновациялық үдерістерге кедергі келтіретін факторлардың ішінен
төмендегілерді атап өтуге болады:
- ғылыми зерттеу базасының әлсіз деңгейі, кәсіпорындардың жаңа ғылыми-
техникалық жетістіктерді игеруге дайын еместігі, жаңа технологиялар мен
жаңа өткізу нарықтары туралы ақпараттардың жетіспеушілігі;
- меншікті ақша қаражаттарының жетімсіздігі, жоғары экономикалық тәуекел,
инновациялық жобалардың қайтарымдылық мерзімінің ұзақтығы;
- регламенттелген заңды және нормативті-құқықтық құжаттардың анықталу
деңгейінің төмендігі;
- технологиялар нарығының инновациялық бағытта дамуының төмен дәрежесі.
11. Сапаны бақылау жүйесінің әлсіздігі. Зертханаларда құрамында жануар
майы бар екенін көрсететін тереңдетілген талдаулар жүргізілмейді,
тек үстіртін талдау жасалады.
Сүт өндірісі әлемдік сауда ұйымының талаптары мен нормаларына әлі де
сай келмейді деуге болады. Осыған байланысты барлық салалардың бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға бағытталған жүйеде шаруашылық жүргізуді және оны
жүзеге асырудың экономикалық механизмін құру талап етіледі.
Контроллингтің маңызды тетіктерінің бірі - есепке алу және бақылау.
Елімізде сапаны бақылау жүйесі жоқтың қасы деуге де болады. Зертханаларда
сүт өнімдерінің құрамында әртүрлі жануарлардың майы бар екенін көрсететін
терендетілген талдаулар жүргізілмейді, тек үстіртін талдау жасалады.
Алматы облысы бойынша 15-ке жуық сүт және сүт өнімдерін өндіретін
кәсіпорындар қызмет етеді. Солардың ішінде зерттеу объектісі ретінде
Қайсар сүт ЖШС, Солнечный сүт зауыты ЖШС және Фудмастер ЖШС алынды.
Зерттеуге алынған кәсіпорындардың инновациялық қызметінде контроллинг
жүйесін жетілдіру бойынша зерттеулерді олардың экономикалық жағдайын
сараптаулардан бастауға болады (3-кесте).
Талдау нәтижелері көрсеткендей, Солнечный ЖШС және Фудмастер ЖШС
қаржылық жағдайы тұрақты, Қайсар сүт ЖШС дағдарысты жағдайда екенін
байқауға болады. Кәсіпорынның нарықта өз тауашасын нық ұстап тұру, шығарған
өнімдерінің сапасын арттыру, еңбек өнімділігін жоғарылату инновациялық
жетістіктерді қолданбай жүзеге асыру қиындық туғызады.
3-кесте – Алматы облысындағы сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың
негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері
№
Қайсар сүт ЖШС белсенді инновациялық қызметпен айналыспайды.
Есепті кезең қорытындысы бойынша Қайсар сүт ЖШС техникалық-
экономикалық көрсеткіштері 2008 жылы төмендеген. Кәсіпорынның жоғары
көрсеткіштерге қол жеткізуі үшін өнімді өткізу және инновациялық
стратегиялардың ұтымды жүргізілуі, басқару құрылымының қайта қарастыруы
қажет.
Ішкі нарықта өндірілетін сүт өнімдерінің бәсекеқабілеттілігін арттыру
көп жағдайда сүт өнімдерінің жаңа түрлерін шығаруға, игеруге, жоғары сапа
деңгейі мен бағалық артықшылықтарды қамтамасыз етуге, сыртқы нарықтарға
белсенді түрде орналастыруға, оның қозғалысы үшін жағдайлар жасауға
қабілетті кәсіпорындардың инновациялық қызметіне байланысты болады.
Қазақстандағы сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың көбі, қазіргі
уақытта, тек өнімнің бір ғана түрін өндіруге икемделген және шығаратын
өнімдерін терең өңдеу технологиясы әлі де жолға қойылмаған. Қазақстандағы
сүт өнімдерін өндіру саласы кәсіпорындарында МСТ-технологиясын енгізу
тиімді. МСТ технологиясы – сақтау мерзімін ұзарту арқылы экономикалық
көрсеткіштерін төмендетпей-ақ, таза өнімнің нәрлі қасиеттері мен дәмдік
сапасының сақталуын қамтамасыз ететін сұйық тағамдық өнімдерді төмен
температурада өңдеудің жаңа әдісі.
Ресейлік нарықта 2008 жылы МСТ-ны енгізумен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz