Turbo Pascal тілінде программа дайындау жолдары
Мазмұны
Кіріспе
1 Turbo Pascal программалау тілі
1.1 Turbo Pascal тілінің негізгі элементтері
1.2 Мәлімет типтері
1.3 Turbo Pascal тілінде программа дайындау жолдары
1.4 Программа құрылымы
2 Turbo Pascal - дағы енгізу және шығару операторлары
2.1 Сандық мәліметтерді енгізу операторы
2.2 Символдық мәліметтерді енгізу операторы
2.3 Мәліметтерді шығару операторы.
3. Блок схема құрылымы
4. Программаның түсінігі
4.1 Алгоритмнің түсінігі
5. Қолдану ережесі
6. Программа
7. Программаның нәтижесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Президентіміздің нақты тапсырмасына сәйкес, Республика Үкіметі орта
білім беру мекемелерін ісіне қазірдің өзінде кірісіп кетті. Алайда, білім
беру мекемелерін компьютерлендіру дегеніміз өзі сандық көрсеткіштер арқылы
ғана өлшенбек емес. Әңгіме, оқушылардың қазіргі заман талабына сай жан-
жақтылығын қамтамасыз ету жолындағы кеңінен ақпараттандыру процесі жайлы
болып отыр.
Мектепте информатиканы оқытудың мақсаты - әрбір оқушыға информатиканы
ғылыми негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін бері, оқушыларға осы
білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және
сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру
болып табылады. Информатиканы оқытудағы алгоритмдер құру, оларды ЭЕМ-да
орындау оқушыдан ойлануды және шыдамдылықты арттыруды, көңіл қоя білуді,
көз алдына елестете білуді талап етеді. Алгоритмді жазуға дағдылану
жауапкершілікпен қарауды, жаңа талап қоюды керек етеді.
Қазіргі заманда адам көп істі компьютерді пайдалану арқылы атқарады.
Кез-келген міндетті орындау алгоритмнің болуын, яғни нәтиже алуға
жеткізетін әрекеттердің алдын ала жазылып қоюын қажет етеді. Алгоритмнің
негізінде программа түзіледі, яғни есеп шешушінің алгоритмі оны компьютерде
орындауға жарамды түрде жазылады. Осыдан барып компьютердің көмегімен
есепті шешу процесінің мәні алгоритмді құру екені көрінеді.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Орта мектепте программалау негіздерін оқыту ерекшеліктері, алгоритмдік
тіл және оның ерекшеліктері, алгоритмдік тілдері жайындағы ұғымдарды
толығырақ ашу, оқушылардың программалау дағдыларын қалыптастыру және және
оларды орындау жолдарын түсіндіріп, оқушылардың өздері дербес орындай
алуына мүмкіндік жасау және соған дағдыландыру.
Тақырыптың өзектілігі: Кез келген есепті компьютермен шешу үшін
алдымен есептің математикалық қойылуын анықтау, алгоритмін құру, одан соң
оны програмалау тілінде жазу керек екені белгілі. Программалау тілінің бірі
– Turbo Pascal дің негізін салушы Никлас Вирттың тұжырымдауынша,
программалау ісі қалай болған күнде де математикасыз өмір сүре алмайды.
Соған байланысты орта мектепте программалау курсын оқытуда зертханалық
жұмыстарды орындау арқылы оқушылардың математикалық білімдерін кеңейте
отырып, программалау жүйесінің дамуын жетілдіру.
Мәселенің зерттелу деңгейі: Жалпы білім беретін орта мектептегі
информатика курсынан басталады. Информатиканы оқыту әдістемесі деп
аталатын курс мектептегі информатика курсының жалпы ғылыми оқу-
әдістемелік, дидактикалық, ұйымдастырушылық, педагогикалық, психологиялық
мәселелерін жан-жақты қарастыратын курс болып табылғандықтан, зертханалық
жұмыстар зерттеу объектісі болып табылады.
Курстық жұмысының құрылымы: Кіріспе, 3 тараудан, эксперименттік
бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған дерек көздерінен тұрады.
І тарауда. Орта мектепте программалау негіздерін оқытуды осы тарауда
қарастырдым. Яғни, оқушыларды программалауға баулу.
ІІ тарауда. Бұл тарау толығымен мектептегі Turbo Pascal программалау
тілін оқытуға және лабораториялық жұмыстарды ұйымдастыруға арналған.
ІІІ тарауда. Информатика қабинетіне қойылатын талаптар және
қауіпсіздік ережелері қарастырылған.
Эксперименттік бөлімде. Turbo Pascal программасына арналған
зертханалық жұмыстар қарастырылған.
Сонымен бірге Қорытынды және пайдаланылған әдебиеттермен
толықтырылған.

Turbo Pascal тiлiн 1968 - 1971 жылдары швейцариялык. ғалым Никлаус
Вирт оқып - үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл
тілдің стандарты кейiнiрек бекiтiлдi, ол сол кездері кең таралған АЛГОЛ,
ФОРТРАН, БЕЙСИК тiлдерiне қарағанда жетiлдiрiлген, жұмыс iстeyгe ыңғайлы
тiл болды. Turbo Pascal тiлi өзінің қарапайымдылығының және тиiмдiлiгiнің
арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазiргi кезде барлық дербес
компьютерлер осы тілде жұмыс iстей алады. Turbo Pascal тiлiнде жазылған
программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жiберiлген қатенi тузету
оңай.
Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен
трансляцияланады (машина тiлiне аударылады), объектiк программаға
түрлендіріледі де содан кейiн ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде
программаның екі нұсқacы болады, оның бiрiншiсi - алгоритмдiк тiлдегi
алғашқы түпнұсқасы, ал екiншiсi - объектiк кодтағы жазылған программа. Есеп
нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны
түзету қажет болғанда, оның алгоритмдiк тiлде жазылған алғашқы нұcқacы
өңделеді.
Қазiргi кезде Turbo Pascal кез келген күрдлі есептерді шығара алатын,
кең таралған стандартты оқу тіліне айналды.
Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есеп шығару
барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай
өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға
шығарылатыны айтылады.
Turbo Pascal тілінде программа жеке - жеке жолдардан тұрады. Оларды
теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар атқарылады. Программа алдындағы
азат жол немесе бос орын саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарда бірнеше
команда немесе оператор орналаса алады, олар бір - бірімен нүктелі үтір (;)
арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны
дұрыс, ол түзету жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы.
Turbo Pascal тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау
бөлімі және операторлар бөлімі.
Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның
тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипаттау
бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді
объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.
Сипаттау бөлімі бірнеші бөліктерден тұрады, бірақ программаның
күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы
мүмкін.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып
табылады. Орындалатын іс - әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол
begin түйінді сөзінен басталып, бірақ атқарылатын операторлар (командалар)
тізбегі жеке - жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен
аяқталады.
Program BASTAU:
Сипаттау бөлімі
begin
Операторлар бөлімі
end
Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады. Олардың кейбірі
шартқа байланысты атқарылса, ал кейбір қайталанатын цикл немесе қосымша
программа түрінде орындалады. Операторлар бөлімінде орнатылатын негізгі
әрекеттерді қарастырайық.
Деректер - сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз тіркесін мән ретінде
қабылдай алатын тұрақтылар, айнымалылар т.б. осы тәрізді құрылымдар немесе
солардың адрестері.
Дерек енгізу - бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе
еңгізу - шығару порттарынан еңгізу арқылы жүзеге асады.
Операциялар немесе амалдар - берілген және есептелген мәндердің
меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру операцияларын орындайды.
Шартты түрде атқарьшу белгілі бір көрсетілген шарттың орындалуына
байланысты, командалар жиыны атқарылады, әйтпесе олар аттап өтіледі немесе
басқа командалар жиыны орындалады.
Цикл - белгілі бір шарттар орындалған жағдайда көрсетілген командалар
жиынын бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен
беріледі.
Көмекші программа - алдын ала қандай да бір атаумен атымен атымен
аталған командалар тобы. Олар программаның кез келген жерінен оның атауын
көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.
Түсініктеме - программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері
арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып жазылған
сөз тіркесітері. Олар программа операторларының орындалуына ешқандай әсер
етпейді.
1.2 Мәлімет типтері
Программада пайдаланылатын мәліметтердің немесе шамалардың мәндері
Turbo Pascal тіліндегі алдын ала келісілген типтердің біріне тән болуы
тиіс.
Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын
мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиының анықтауды
айтады, яғни тип дегеніміз - шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін
сипаттама.
Мәліметтердің әр типі тек өзіне ғана сәйкес келетін операциялар жиынын
орындата алады. Мысалы, 1 мен 2 мәндері бүтін сандар типіне жатады, оларды
қосуға, азайтуға, көбейтуге және бөлуге болады.АJI, ІВМ және РС мәндері
сөз тіркесі типіне жатады, бұларды біріктіріп жазуға ғана болады (ІВМ
РС). Қосуға, азайтуға, көбейтуге, бөлуге болмайды. Кез келген тұрақты,
айнымалы функция немесе өрнек өзіне тән бір типпен ғана сипатталады. Turbo
Pascal тілінде шамалардың типін көрсету міндетті болып табылады. Сондықтан
программа алдына оның сипаттау бөлімінде пайдаланылатын барлық шама
атаулары және оның типтері көрсетілуі қажет.
Turbo Pascal тілінде пайдаланылатын барлық типтер скалярлық
(қарапайым) және құрылымдық (структуралық) болып үлкен екі топқа бөлінеді.
Скалярлық (қарапайым) типке шамалардың стандартты типі және жасанды тип
(тағайындалған) жатады. Стандартты типтерге:
• Бүтін - INTEGER;
• Нақты - REAL;
• Логикалық - BOOLEAN;
• Тіркестік - (STRING);
• Мәтіндік (ТЕХТ) тәрізді типтер жатады.
Құрылымдық типтері жиымдар - ARRAҮ, жазбалар - RECORD, жиындар - SET
және файлдар - FILE түрлеріне бөлінеді.
Бұлардан өзге типтер программаның типтері сипаттау бөлігінде анықталуы
қажет. Тұрақты сандардың типін олардың сыртқы пішініне қарап - ақ ажыратуға
болады, ал айнымалылар мен функциялар типтері программаның сипаттау
бөлімінде көрсетіледі.
Ол үшін type түйінді сөзі қолданылып, жазылу пішімін былай көрсетуге
болады:
Туре тип атауы =тип мәндері;
Логикалық шамалар екілік сандар жүйесіне сәйкес 1 және О деген
мәндерді ғана қабылдайды. Мұндағы 1 тексерілетін белгілі бір шарттың -
логикалық тұжырымның орындалатынын, яғни ақиқат екенін, ал О сол шарттың
орындалмайтынын - тұжырымның жалған екенін көрсетеді. Бұл екі мән
программада ағылшын тіліндегі айтылуына сәйкес true (1) және false (О)
болып жазылады.
Символдық шамалар апострофқа алынған бір символды ғана мән ретінде
қабылдай алады, мысалы, 'R','Л','%'тағы басқа. Бірақ әрбір таңбаны оның
кодына байланысты реттелген бүтін сандармен де өрнектеу мүмкіндігі бар.
Мәліметтердің қарапайым түрлерін стандартты типтер деп атау
қалыптасқан. Стандартты типтердің real түрінен өзгелері реттелген деп
аталады, өйткені оларды бүтін сан арқылы өрнектей отырып өсуі не кемуі
бойынша реттеп орналастыруға болады.
Стандартты типтер. Turbo Pascal тілінде төмендегі қарапайым типтер
пайдаланылады:
• Бүтін типтер - SHORTINT, INTEGER, LONGINT, ВУТЕ, WORD;
• Нақты тип - REAL, SINGLE, DOUВLE, EXTENDED, СОМР;
• Логикалық - BOOLEAN;
• Симводық - CНAR;
• Ауқымды (диапозонды) тип;
• Саналатын тип;

Turbo Pascal тілінің программасы блоктардан құрылады. қандай да бір
блок ішінде басқа да кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі
бөлімнен тұрады, олардың алғашқысы - мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал
екіншісі.- сол мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі іс - әрекеттерді
(операцияларды, амалдарды) атқару бөлімі.
Мәліметтерді сипаттау бөлімінің болуы міндетті емес, ал екінші негізгі
бөлімінің болуы міндетті. Басқа блокқа кірмейтін блок негізгі (глобальді)
блок болып саналады. Ал блок ішіндегі блок - жергілікті (локальді) блок деп
аталады.
Негізгі блок - негізгі программа блогы, сондықтан ол басқа блоктарға
кірмеуі тиіс. Жергілікті блоктарға процедуралар мен функциялар кіреді, олар
кейбір программаларда болмауы да мүмкін.
Программалардың негізг объектілері болып саналатын айнымалы, тұрақты
және oлapдың типтері орналасқан блогына байланысты басты немесе жергілікті
деп аталады. Программа объектілерінің де жұмыс істеу, ықпал ету аймағы сол
өздері орналасқан блокпен шектеледі. Блоктық құрылым программа мәтінін
тиянақты түрде қатесіз құрастыруға мүмкіндік береді.
Турбо Turbo Pascal программасының тақырыбын (атауын) жазбай кетуге де
болады, бірақ жалпы Turbo Pascal тілінің стандарты бойынша программада
тақырып болуы қажет.
Сонымен Turbo Pascal тіліндегі кез келген программаның тақырыбы, одан
кейін сипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар
бөлімі болуы керек.Сипаттау бөлімі толық жағдайда, 7 бөліктен тұрады, олар:
1) Программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының
тізімі (ол uses түйінді сөзімен басталады);
2) Белгілерді (lаbеl) сипаттау;
3) Тұрақтыларды (const) сипаттау;
4) Мәліметтер типтерін (true) анықтау;
5) Айнымалыларды (var) сипатгау;
6) Процедураларды (procedure) сипатгау;
7) Функцияларды (function) сипатгау;

Берілген мәндерді айнымалыға беру ушін меншіктеу операторы пайдалануға
болады. Мысалы, А:= -15; ВЕС:=16,4; тағы басқалар. Бірақ бұл жағдайда
программада жалпылық қасиет болмайды, яғни ол тек көрсетілген мәндер үшін
ғана есептеу жұмысын жүргізіп, қалған кез - келген мәндер үшін дұрыс нәтиже
бермейді. Программаны дұрыс әрі әмбебап етіп жасay үшін айнымалылардың
мәндері өзгерілетін түрде жасалып oлap пернетақтадан енгізілуі қажет,
мұндайда программа айнымалының әр түрлі мәндері үшін дұрыс жұмыс атқара
алады.
Turbo Pascal тілінде мәліметтерді енгізу және шығару үшін, яғни адам
мен компьютер арасында мәлімет алмасу мақсатында алдын ала анықталған
Input, Output файлдары қолданылады. Программа берілген мәндерді Input
файлынан алады да, алынған нәтижені Output файлына орналастырады.
Стандартты енгізу файлы болып пернетақта, ал шығару файлы болып дисплей
экраны саналады. Ол үшін енгізу операторы пайдаланылады.
Turbo Pascal тілінде мәлімет енгізетін READ ( READ - ағылшынша оқy )
операторының жалпы турі (пішімі) төмендегідей:
READ (а1, а2 ... ап);
READLN (а1, а2, ... , ап);
READLN;
Мұндағы а1, а2, ..., аn - айнымалы атаулары, оларды енгізу
операторының параметрлері деп те атайды. Алғашқы оператор көрсетілген
айнымалылардың мәндері пернелер арқылы араларына бір бос орын қалдыру
арқылы енгізілген соң, курсорды келесі қатарға көшірмейді. Ал readln ( read
lіnе - қатарды оқу деген сөздің қысқартылуы) алдыңғы оператордағыдай
пернетақтадан мәндер енгізілгеннен кейін курсорды келесі қатарға көшіріп
жібереді. Соңғы қатарда жазылған параметрсіз оператор ешбір мән енгізбей,
тек курсорды келесі қатарға көшіруді ғана атқарады.
Енгізілетін айнымалылардың мәндері integer, reаl, char немесе stгіпg
(сөз тіркесі) типтеріне жатуы мүмкін. Логикалық айнымалылардын мәндері өз
типтеріне сәйкес Turbo Pascal тілінің ережесі бойынша енгізіледі. Егер ол
шарт бұзылса (мысалы, а1 типі integer болса, ал енгізгенде сhаг типтес мән
терілсе), онда экранға енгізу-шығару қатесі шығады, оның пішімі мынадай
болып келеді:
ІО error ХХ,
мұндағы ХХ - бүтін сан түріндегі қaтенің сипатына сәйкес коды.
READ операторы орындалtанда параметрлер өздеріне сәйкес мәндері
қабылдайды, бұл міндет INPUT енгізу файлы арқылы жүзеге асырылады.
Параметрлер жаңа мән қабылдағанда, оларда бұрын орналасқан (жазылған) ескі
мән өшіріліп, орнына жаңа мәндер жазылып отырылады да, прогрaмма
параметрдің жаңа мәні бойынша жұмыс атқарады.
Мысал.
var
І: real;
J: integer;
К: cҺar;
begin
Read (І, J, К);
...
Программаға мынадай бастапқы мәндер енгізіледі 212.5 38 ‘п’. Осыдан
кейінгі келесі мәндер енгізілсін: 'л' 121.35 25.
Алғашқы нұсқасында мәлімет енгізу дұрыс орындалады, өйткені енгізілетін
мәндер өз ретімен орналасқан айнымалылар типтеріне (І, J. К) сәйкес келіп
тұр. Екінші нұсқа коды 10 болып келетін қате бар екенін айтады, себебі real
типтес 1 айнымалысы үшін char типіндегі мән енгізіліп отыр.
Егер енгізу пернетақта арқылы емес, дискіден немесе файлдан жүзеге
асырылса, онда жақша ішіне алдымен файл аты жазылады.
READ (FN, аl, а2 ... ап);
READLN (FN, аl, а2, ... , ап);
READLN (FN);
Мұндағы FN - енігізілетін мәндер жазылған дискідегі файлдың аты; а1-
айнымалылар идентификаторлары, файлдарда да мәндер бір қатардан немесе
келесі қатардан оқыла береді, сол себепті мұнда да жоғарыда көрсетілген
операторлардың үш түрі қолданылады. Файлдағы мәліметтер де бір-бірінен бос
орын немесе енгізу пернесін басу арқылы бөлінуі тиіс, яғни файлға
енгізілгеннен кейін _, ал енгізу соңында Enter пернесі басылады.
Файлдардан мәлімет енгізу мысалдары кейінірек қарастырылады.
READ операторы кез келген сандармен, символдармен және сөз
тіркестерімен жұмыс атқара алады.
Сонымен, параметрлердің сандық мәндері бір - бірінен бос орын арқылы
ажыратылып жазылады. Мәндерді беріп болдық дегенді білдіру үшін Enter
(енгізу) пернесі басылады. Мысалы, енгізу операторы READ (А,В,С); түрінде
берілсе, парметрлерге мәндер былай беріледі: 5 _ 6.2 _ 4.5 Enter. Бұл
жағдайда
А=5, В=6.2, С=4.5 мәндер қабылдайды. Осы мәндер арқылы программа орындалып
болған соң, басқа мәндер үшін программаны қайталау қажет болса, онда
программа басынан бастап қайта орындау қажет.
Бүтін айнымалыларға бүтін, нақты айнымалыларға нақты мәндер берілуі
қажет.
Айнымалы сипатталғанда нақты ретінде көрсетілсе, оған нақты да, бүтін
де мән беруге болады, себебі нақты сан құрамына бүтін сан енеді. Ал машина
өзі бүтін санды нақты сан түріне келтіріп алады.
Мысалы:
VAR
А, В: REAL;
BEGIN
READ (А, В);
...
END.
түрінде беріліп А,В айнымалылары үшін 4 5 Enter орындалса, онда машина
оларды А= 4.0, В=5.0 түрінде қабылдайды.
Сандар арасында бір немесе бірнеше бос орын қалдыруға болады, себебі
сан енгізілгенде бос орын есепке алынбайды.
Мәндерді енгізгенде мән енгізілген жолдан келесі жаңа жолға өту үшін
параметрсіз немесе параметрге сәйкес READLN; READLN (аl, а2, ... ,аn);
операторларын пайдалану қажет. Сонымен, READ (аl, а2,...,an); READLN;
операторларының орнына бір ғана READLN (аl, а2,...,an) операторын
пайдалануға болады.

Символдық деректерді пернетақтадан енгізу READ (READLN) операторы
арқылы жүргізіледі, оларды енгізудің төмендегідей ерекшеліктері бар.
1. Бос орын таңбасы - '_' Turbo Pascal тілінде символ орнына
жүретіндіктен,
символдық айнымалылардың мәндері (символдар) бос орынсыз жазылады.
2. Бір айнымалыға бір ғана символ меншіктеледі. Мысал ретінде
төмендегі
программа үзіндісін қарастырайық:
... ... ... ... ... ..
VAR А, В, С: CHAR;
... ... ... ... ... ...
READ (А, В, С);
... ... ... ... ... ...
Бұл мысалдағы READ операторы орындаларда пернетақтадан мынадай мәндер SNR
енгізсек, онда айнымалылар өз орындарына сәйкес: A='S', B='N', C='R'
мәндерін қабылдайды. Егер мәндерді S_N_R түрінде берсек, онда айнымалылар
орындарына сәйкес A='S', В='_', С=' N' мәндерін қабылдайды да, соңғы екі
таңба ешқайда енгізілмейді.
3. Символдық айнымалыларды енгізудің тағы бір ерекшелігі - тек Eпter
пернесі басылса да, оны READ операторы бос орын символы ретіндe қабылдайды.
Мысалы, айнымалыларға: А=3, В=4, C='W', D='F' ,мәндерін меншіктеп, оны
экранға шығару қажет болса, онда оған мынадай программа жазу керек:
VARA, В: INTEGER;
С, D: CНAR;
BEGIN
WRlTELN (' А, В, С, D мәндерін енгізіндер :');
READ (А, В);
READ (С, D);
WRlTELN (А, В, С, D);
END.
Бұл программа орындалу кезінде пернетақтадан мынадай мәндер енгізілген
болса:
3 4
WF
онда А = 3, В = 4, С=' " D = 'W' болады, себебі 4 санынан соң басылған
Enter пернесі бос символ ретінде меншіктеледі де, соңғы F символы ешқайда
енгізілмейді. Программадағы айнымалылар мәнді дұрыс қабылдауы үшін екі
оператордың арасына параметрсіз және бір енгізу операторын мына түрде жазу
қажет:
READ (А, В);
READLN;
READ (С, D);
Осылай жазылған уш оператор А = 3, В = 4, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz