Сұйық минералды тыңайтқыштар несімен бағалы


2008-11-14:
STANDART&POORS-ҚАЗАҚСТАН ҮКІМЕТІНІҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАРЫНА БЕРІЛГЕН БАҒАЛАР ТУРАЛЫ
Интерфакс-Қазақстан агенттігі хабарлағандай, Қазақстан билігі қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар қазақстандық коммерциялық банктердің рейтингтерінің төмендеу ықтималдығын азайтуы мүмкін, деп есептейді Standart & Poors-тың париждік офисінің “Қаржы институттары” тобы директорының орынбасары Екатерина Трофимова. “Осы жылдың ортасында-ақ S&P, өкінішке қарай, Қазақстанның банк секторында теріс факторлар жиынтығы барған сайын қордалана түсуде дегенді айтқан болатын. Дегенмен, Үкімет қабылдаған шаралар оны толықтай жойып жібермесе де, рейтингтердің төмендеу мүмкіндігінің азаюына жағдай жасауы мүмкін”, деп жауап берді “Интерфакс-Қазақстан” агенттігіне Екатерина Трофимова.
“Біз Үкіметтің таяуда мәлім еткен экономиканың нақты секторы мен банк секторын қолдау жөніндегі шараларын қуаттаймыз, бірақ бұл жоспардың тетіктерін нақтылау әлі де жалғасуда. Шаралардың тиімділігі мен банктер рейтингіне тигізер ықпалы да дәл осы тетіктерге байланысты болмақ”, дегенді де қосып қойды ол. Таяудағы уақыттарда “рейтингтердің көтерілу мүмкіндігі туралы айтуға әлі ертерек”.
“Алдағы 12 ай Қазақстанның қаржы рыногы үшін айтарлықтай қиынға түспек, ол ең алдымен, халықаралық қаржы рыноктарындағы жағдайдың нашарлауына байланысты болады. Өткен 12 айға қарағанда таяудағы 12 ай неғұрлым күрделірек болады, атап айтқанда, ол қазақстандық банктердің шетелдік қарыздарының кейін қайтуы арқылы көрініс табады, ал ол өтімділікке қосымша салмақ түсірмек”- деп есептейді Е. Трофимова.
Оның пікірінше, Қазақстанның банк секторындағы өтімділіктің ағымдағы ахуалы болып жатқан жағдайлармен толық сәйкеседі.
“Жоғары өтімділікті активтердің ағымдағы деңгейі таяу 12 айдағы шетелдік міндеттемелерді өтеу көлемін де артығымен жабады. Дегенмен, ахуал әлі де айқын емес, сондықтан өтімділіктің қолайлы көпшігі қазіргі сәтте оның таяудағы тұрақтылығын білдіре алмайды. ҚҚА мен Ұлттық банк қабылдаған алдын алу шаралары қазірдің өзінде өтімділіктің таяу айлардағы тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталып отыр”, - деп атап көрсетті ол. S&P-ның Е. Трофимова келтірген бағалау мәліметтері бойынша, коммерциялық банктердің таяудағы 12 айда қайтарылуға тиіс 12 миллиард доллар шетелдік міндеттемелерінің кем дегенде үштен бірінен астамы қайта қаржыландырылатын болады. Осыған байланысты Е. Трофимова қазақстандық коммерциялық банктерді қорландырудың маңызды көзі халықтың және компаниялардың депозиттері болатынын атап көрсетті.
“Депозиттік базаның тұрақтылығы қазақстандық банктердің ресурстық базаларының тұрақтылығын сақтауда айқындаушы орын алмақ. Соңғы айлардағы салыстырмалы түрде алғандағы тұрақтылық пен депозиттік базаның өсуі қазақстандық банк жүйесі тұрақтылығының негізгі кепілі болып отыр”, - деді ол.
“Ресейлік және украиндық банк жүйесі қазір ауыр кезеңді бастан кешіп отыр және негізгі проблема клиенттер салымдарының кейін қарай ағылуына байланысты орын алуда. Мұндай теріс көріністер қазақстандық банк жүйесінде өткен жылдың жазы мен күзінің басында ғана шамалы дәрежеде көрініс берді”, деп жалғады ол өзінің сөзін.
Е. Трофимова қазақстандық банк секторының соңғы айларда халықаралық қаржы рыноктарындағы теріс өзгерістерге қатысты кісі қызығарлықтай тұрақтылық танытқанын атап көрсетті.
“Біз алдағы уақыттарда қазақстандық банктер, атап айтқанда, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілу есебінен әлемдік қаржы рыноктарындағы теріс әсерлерге табысты түрде қарсы тұра алады деп үміттенеміз”, - деді ол.
Оның айтуынша, банктердің резервтер көлемін ұлғайту жөіндегі табанды да принципті жұмыстары олардың қауіпсіздік көпшігін нығайта түседі.
“Біз Қаржы қадағалау агенттігінің банктердің капитал базасын қорландыру көлемін ұлғайту мен нығайтуға ерекше салмақ салуын қуаттаймыз, сөз жоқ, бұл сыртқы қаржы рыноктарындағы нашарлап кеткен жағдайға қатысты өзін өзі ақтайтын жауап болып табылады”, - деді ол.
Сол сияқты Е. Трофимова S&P-ның “Самұрық-Қазына” мемлекеттік қорының Қазақстанның ірі-ірі коммерциялық банктерінің капиталына енуі туралы Үкіметтің мәлім еткен жоспарына осы сөзін классикалық тура мағынасында алғанда национализациялау ретінде қарамайтынын да атап көрсетті.
“Біз бұл шараға, ең алдымен банк секторындағы, оның ішінде, шетелдік қаржыландыру рыноктарына неғұрлым тәуелді ірі банктердің тұрақтылығына қолдау көрсетуге бағытталған алдын алу шарасы ретінде қараймыз”, - деді ол.
“Экономиканың нақты секторы мен банк секторын қолдау жөнінде мәлім етілген шаралар пакеті банк секторының тұрақтылығына қолдау көрсетуде аса маңызды фактор болып табылады. Дегенмен рынокта тұрақты оң бетбұрыс орнату ең алдымен екі факторға байланысты болмақ. Атап айтқанда, олар Қазақстанның жылжымайтын рыногында тұрақты оң бетбұрыс қалыптастыру және әлемдік қаржы рыноктарының тұрақтануы”, - деп атап өтті ол.
Стресті активтер қоры қазақстандық рыноктағы проблемалы кредиттердің айналымы үшін жағдай жасамақ.
Стресті активтер қорының өз жұмысын бастауы қазақстандық рынокта проблемалы кредиттердің айналымы үшін жағдай туғызуда аса зор маңызға ие, деп санайды Е. Трофимова.
“Бұл шараның жеке инвесторлардың рыноктың осы буынына деген мүдделерін қамшылай түсуі мүмкін”, - деп жауап берді Е. Трофимова “Интерфакс-Қазақстан” агенттігіне берген сұхбатында.
Бұл қордың құрылуы қазақстандық банктердің проблемалы активтермен жұмыс істеудегі мүмкіндіктерін кеңейтуі үшін өте-мөте маңызды.
“Біз мұндай қордың құрылуын қуаттаймыз және оның тез арада капиталданарына үміт артамыз, ал ол таяу уақыттарда жүзеге асуға тиіс”, - деп атап көрсетті ол.
“Қазіргі уақытта банктер қор қызметін пайдалануға онша асығып отырған жоқ, оның өзі олардың бүгінде бірқатар қиыншылықтарды бастан өткеріп отырған өз клиенттерімен қарым-қатынастарын бұзуға ықыласты болмауынан туындап отыр. Дегенмен, банктер өздерінің аталған борыштарды қайта құрылымдауды жеке-дара жүзеге асыра алмайтынын түсінгенде, сондай-ақ кредиттерді сатып алу шарттары тестіленген кезде, қормен жүргізілетін жұмыстар арта түсетін болады”, - деп атап көрсетті Екатерина Трофимова.
Осыған дейін хабарланғандай, Стресті активтер қорын капиталдандыру үшін республикалық бюджеттен биылғы жылы 52 миллиард теңге (119, 87 доллар) бөлініп, кейін, яғни 2009 жылға қарай ол көрсеткішті 1 миллиард долларға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Таяуда Қазақстанның Қаржы министрі Болат Жәмішев болашақта Стресті активтер қорын бюджет қаржылары есебінен 1 миллиард долларға және шамамен 5 миллиард доллардай жеке инвестицияларды тарту арқылы капиталдандырудың жоспарланып отырғанын атап көрсетті.
2009-01-21:
ЖҰМЫС ОРНЫ ҚЫСҚАРМАЙДЫ
Ұлттық инвесторлар кеңесінде Елбасы жүктеген міндеттер үдесінен шықсаң, қиын асуларды еңсеруге болады. Бір ғана біздің “Иіркөл” кенішіндегі қарқынды жұмысты соның жарқын мысалына жатқызар едім, дейді аталмыш кеніш басшысы Әшім Оразбекұлы.
Кеніш бастығы айтқандай, тұрақты жалақысы мен жұмыс орны бар кәсіпорын жұмысшылары ағымдағы жылы қысқармайды, қайта жаңа жұмыс орындары ашылатын көрінеді. Сондықтан да олар алдағы күндеріне күдікпен емес, үлкен үмітпен қарап отыр.
“Иіркөл” кенішіндегі алғашқы зерттеу мен барлау жұмыстары өткен ғасырдың сексенінші жылдары басталған екен. Сол уақытта алғашқы 80 тонна уран өндіріледі. Кеніш басындағы қазіргі зауыт құрылысы 2006 жылы басталып, өткен жылдың тамыз айында пайдалануға берілді. Жиырма жылға жоспарланған жобаның жалпы құны 3 млрд. 691 млн. теңгені құрайтын көрінеді.
Жоспар бойынша өткен жылы 300 тонна уран өнімі шығарылса, биылғы жылы 450 тонна өнім өндіру көзделіп отыр. Мамандардың пайымдауынша, 2010 жылы өнім көлемі 750 тоннаға жеткізілмек. Бір айтарымыз, “Иіркөл” кеніші уран өндіруден Австралия мен Канададан кейінгі үшінші орында келеді екен. “Қазатомөнеркәсіп” АҚ 2015 жылға қарай уран өндірудің көлемін арттырып, әлемде бірінші орынға шығуды межелеп отырған сыңайлы.
Бүгінде “Иіркөл” кенішіндегі зауытта тәулігіне бір тоннаға дейін уран шикізаты өңделуде. Тәулік бойына зауытта 78 адам еңбек етеді. Ал, ағымдағы жылы қосымша тағы да 30 жұмыс орны ашылмақ. Жұмысшылардың дені сол жерге жақын елді мекен тұрғындары. Олардың орташа айлық жалақылары 60-70 мың теңге көлемінде.
Сөз орайы келгенде айта кетейік, таза құмның қойнауына қоныс тепкен кеніш қазірдің өзінде қалашыққа айналып келеді екен. Өткен жылы кенішті көгалдандыру мақсатында 400 түп түрлі ағаш отырғызылып, аз ғана жыл бедерінде “Иіркөл” кеніші құм ішіндегі жасыл желекті елді мекенге айналған.
“Иіркөл” кеніші қазірдің өзінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпалын тигізіп, аудан тұрғындарына қамқор қолдарын созуда өзгелерден көш ілгері келеді. Демек, бұл кәсіпорынның дағдарыстан қиналмай шығарына сенімі зор.
Еркін ӘБІЛ, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы.
ДАҒДАРЫС ҚЫСПАҒЫ БАРЛЫҚ ЖЕРДЕ БАР
2008 жылғы жағдай болжамдардан төмен болды
Kzkapіtal. com жазғанындай, Украина статистика жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметтеріне қарағанда, елдің 2008 жылғы жалпы ішкі өнімінің өсімі 2007 жылғы 7, 6 пайыздан 2, 1 пайызға дейін түсіп кеткен. ХВҚ 2009 жылға Украинаның ЖІӨ-сінің 3 пайызға, ал Бүкіләлемдік банк 4 пайызға қысқаратынын болжамдаған. Украина үкіметі 2009 жылдың мембюджетін есептегенде ЖІӨ-нің 0, 4 пайызға өсуі тұрғысынан белгілеген көрінеді.
Қытай бюджетінің тапшылығы 100 лрд. доллар болуы мүмкін
Vestі. ru хабарына қарағанда, Қытай мемлекеттік бюджетінің тапшылығы 2009 жылы жоспарлы көрсеткіштен асып түсіп, 650 миллиард юань (95, 6 млрд. доллар) болуы мүмкін. “2008 жылдың аяғында ҚКП Орталық комитетіндегі жұмысшы кеңесінде 2009 жылға 500 млрд. юань көлемінде тапшылық белгіленген болатын, мұның өзі 2007 жылға қарағанда 320 млрд. юаньға артық еді. Енді сол тапшылыққа қосымша 150 млрд. юань қосылып отыр”, - деп атап өтті ҚХР үкіметінің өкілі.
ҚХР Қоғамдық ғылымдар академиясынан қаржы және сауда ғылыми-зерттеу институтының қызметкері атап айтқанындай, “тапшылықтың болжанған ұлғаюының екі себебі бар: экономика бастан кешіп отырған қиындықтар есепті көрсеткіштен асып түсті, сондай-ақ жергілікті орындарда көзделген қаржылық табыстардың төмендеуі әлдеқайда көп болып отыр”.
Америка компанияларында жұмыс орындарының қысқаратыны айтылған
Wall Street Journal былай деп хабарлайды: АҚШ-тың шетелдердегі 20 компаниясы жұмыс орындарын қысқартуға әзір екенін мәлімдеген. Румынияда тыңайтқыштар өндіру жөнінен екінші орын алатын Amonіl SA-дан бастап, АҚШ-та денсаулық сақтау жөнінен екінші орындағы Fіat Spa Magnet Marellі-ге дейін 1, 5 мың вакансияны қысқартпақ, соның ішінде 600 қызметкер және 900 вакансия қысқаратын болады. Әрқайсысы осыншалықты қысқартса, 30 мыңдай қызметкер жұмыссыз қалатыны белгілі болып отыр. Болжам бойынша АҚШ-та 2009 жылы 2, 1 миллионға жуық жұмыс орны қысқармақ.
Қырғызстанда құрылыс қарқыны біраз қысқарған
“24. kg” ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық статистика комитетінің мәліметтеріне сүйеніп, 2008 жылдың қорытындысы бойынша Қырғызстанда құрылыс қарқынының қысқаруы 10, 8 пайызды құрағанын хабарлайды. Елдің Экономикалық даму және сауда министрлігі мұндай қысқаруды бұрын да болжамдап, ол 4 пайызды құрайды деп белгілеген. Бірақ жағдай басқаша қалыптасып отыр.
Араб елдері 2, 5 триллион доллар жоғалтқан
Франс-пресстің жазғанына қарағанда Кувейттің сыртқы істер министрі Мохаммед ас-Сабах Араб экономикалық саммитінің қарсаңында мәлімдегеніндей, қаржы дағдарысының салдарынан Араб елдері өздерінің сыртқы активтері құнының 40 пайыздайын, немесе 2, 5 трлн. доллар жоғалтқан. 22 ел қатысып жатқан форумда дағдарыстан бірлесіп шығудың жолдары қарастырылуда.
2009-01-20:
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАРЖЫЛЫҚ ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДА SІGMABLEYZER ҚАЗАҚСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯ САЛУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ТАУЫП, ЕҢ АЛҒАШ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ “ӘСЕМ-АЙ” КОМПАНИЯСЫН САТЫП АЛДЫ
Қазақстанда жұмыс істеп жатқан, тікелей инвестициялау жөніндегі халықаралық менеджер SіgmaBleyzer компаниясы SBV-V Қазақстан қоры арқылы минералды су шығаратын “Әсем-Ай” акцияларының бақылау пакетін сатып алып отыр. Айтарлықтай қомақты қаржыны құрайтын аталмыш инвестиция өткізу рыногын ұлғайтуға және жаңа өндірістік қуаттар салуға бағытталмақ.
“Әсем-Ай” компаниясы минералды су шығарумен 11 жылдан бері айналысып келе жатқан және Қазақстанда минералды және асханалық су нарығындағы жетекші компаниялардың бірі болып табылады. Ал осы компанияның негізін қалаған Мұхтар Қошқаров акционерлердің қатарында қалып, компанияны басқаруды одан әрі жалғастыра бермек.
“Біз “Әсем-Ай” сияқты жоғары сапалы компанияға инвестиция салуға мүмкіндік алып отырғанымызға қуаныштымыз. Сондай-ақ Мұхтар Қошқаровпен әріптестікті жоғары бағалаймыз. Ол жоғары әлеуеттік өсімі бар аса тартымды бизнесті құрып, жасақтады. Ендігі жерде біз “Әсем-Ай” компаниясын өз дамуының жаңа деңгейіне көтеру үшін бірігіп жұмыс істейтін боламыз. Сонымен бірге, біз тіпті әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында, әрі өзіміз үшін жаңа да тартымды рынокта, яғни Қазақстандағы алғашқы инвестициялауды жүзеге асыруға қол жеткізгенімізге ризамыз. Сондай-ақ, біз Қазақстанда жаңа инвестициялар салу мүмкіндіктерін іздеуді жалғастыра беретін боламыз”, - деді SіgmaBleyzer компаниясының президенті Майкл Блейзер.
Мұның өзін де Қазақстанға инвестиция тартудың айтарлықтай жаңа қадамдарының бірі деп қарастыруға болады. Бұл, Қазақстандағы өзінің даму жоспарларын жүзеге асыруға ұмтылып жатқан барлық компаниялар үшін сөзсіз жағымды оқиға.
Ал 2007 жылдың желтоқсанында өз жұмысын бастаған SBV-V Қазақстан қоры қазір жоспарлық көрсеткішінен асып түсті. Дәл қазіргі жазылымды аяқтау сәтінде оған 150 миллион еуро салынып отыр. Сонымен қатар, SіgmaBleyzer компаниясы бұрын құрылған, қатарына SBF ІV және Ukraіnіan Growth Funds (UGF) қорлары кіретін төрт қорды басқарады. Компания инвесторларының қатарында ірі халықаралық қаржы институттары, ірі отбасылық бизнес өкілдері және әлемнің әр мемлекетінен бақуатты жеке тұлғалар бар.
SіgmaBleyzer компаниясы Шығыс Еуропада он жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан және осы аймақтағы ең ірі жеке капиталдың тәжірибелі инвесторларының бірі болып табылады. SіgmaBleyzer жақсы дамыған жергілікті инфрақұрылымның, батыстық үлгі бойынша жасақталған басқару жүйесінің, жергілікті нарықты білудің арқасында өңірдегі ең мықты инвестициялық компанияның бірін құрған. Ол жалпы сомасы 1 миллиард шамасында АҚШ долларын құрайтын қорлар мен инвестициялық компанияларды басқарады және 1994 жылдан бері Шығыс Еуропадағы 100-ден астам компанияға инвестиция салған.
Тікелей инвестициялайтын қорлар тобын басқара отырып, дәл қазіргі таңда Украина, Румыния, Болгария мен Қазақстанда жұмыс жүргізіп жатқан SіgmaBleyzer компаниясы нарықтық экономикасы дамып жатқан елдер үшін арнайы әзірленген құрама инвестициялық модельді қолданады. Бұл үлгі бір мезгілдік микро (кәсіпорындар деңгейінде) және макродеңгейдегі құндылықтарды құруға негізделген. Осындай тамаша қадамның және аймақтағы белсенді іс-қимылдың арқасында SіgmaBleyzer - компаниясы клиенттерінің көпшілігі өз бетінше жүзеге асыра алмайтын жағдайда, инвесторларға тартымды инвестициялардың кең ауқымын ұсына алады.
SіgmaBleyzer компаниясының Киев, Харьков, София, Бухарест, Астана, Алматы және Хьюстон (АҚШ-тың Техас штаты) қалаларында кеңселері бар. Ол портфельдік компанияларды сәтті басқаруға қажетті және олардың өз әлеуетін толық ашуға мүмкіндік беретін, оған қоса инвесторлар, акционерлер, қызметкерлер мен клиенттер үшін осы компаниялардың бағасын арттыратын инфрақұрылымға ие.
2009-01-17:
ӘЛЕМДІ ШАРПЫҒАН ДАҒДАРЫС ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДІ ДЕ ТІТІРЕНТІП БАҒУДА
Жетекші индикаторлар индексі төмендеуде
Daіly Telegraph жариялаған материалға қарағанда, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Қытайда, Германия мен Ресейде экономикалық ахуал барынша жедел қарқынмен нашарлап бара жатқанын ескерткен. ЭЫДҰ пайдаланатын, үрдістегі өзгерістер туралы бірнеше ай бұрын ескертетін жетекші индикаторлар индексі Азияда және шикізат өндіруші елдерде күрт құлдырау болатынын көрсетеді. Бұл ретте сауда балансының оң сальдосы бар болғанымен, экспортқа тәуелді елдерге барынша көп залал келтірілмек. Индекс Үндістан мен Бразилияда да төмендей бастаған, бұл елдер жаһандық дағдарыстың алғашқы кезеңдерінде құлдыраудан аман екендігін ЭЫДҰ атап көрсеткен болатын.
Қытай экспорты төмендеп барады
Bloomberg жаһандық рецессияның тереңдеуі және ойыншықтар, киім-кешек пен электроника секілді ұлт өнімдеріне сұраныстың қысқаруы салдарынан, қытай экспортының көлемі былтырғы желтоқсанда соңғы 10 жылдағы ең төмен деңгейге жеткенін атап өткен. Салыстыру үшін бір жыл бұрын экспорттың өсімі 21, 7 пайыз болғанын айтуға болады. Жыл бойы экспорт 2007 жылғы 25, 7 пайызбен салыстырғанда 17, 2 пайызға ғана өскен. Экспорттық сұраныстың төмендеуі қытай зауыттарында қарсылық туындатып, Гуандун провинциясында ғана өнеркәсіп сектордың 600 мың қызметкерінің ауылдық жерге оралуын туындатқан. Сарапшылардың бағалауына қарағанда, қалалардағы жұмыссыздық деңгейі 9 пайыздан асып түскен.
ХВҚ Белоруссияға 2, 46 млрд. доллар бөледі
Reuters-тің хабарлауына қарағанда, 788 млн. доллар көлеміндегі алғашқы траншты Белоруссия таяудағы уақытта алады. 2008 жылғы қазаннан бастап бұл ел ХВҚ-мен қаржы дағдарысы жағдайында “қауіпсіздік жастығын” жасау мақсатында қаржы беру туралы келіссөз жүргізумен болған. ХВҚ-ның ұсынысын орындай отырып, Минск 2 қаңтардан бастап ұлттық валютаны 20 пайызға құнсыздандырып, орташа жалақы мөлшерін төмендеткен. Белоруссия президенті Александр Лукашенко АҚШ-қа 5 млрд. доллар несие беру туралы өтінішпен шығатынын мәлімдеген.
Британ банктеріндегі жұмыстан шығару
The Daіly Maіl Ұлыбританияның ірі банктерінің бірі Barclays 2100 адамды қысқартуға әзірлік жүргізіп жатқаны туралы хабарлағанын жазған. Сондай-ақ 7, 7 мың адам жұмыс істейтін Американың Merrіll Lynch банкінің лондондық офисінде 1900 британ қызметкерінің жұмыстан шығарылуы белгіленген.
Өзбекстан валютасының құлдырауы байқалған
ferghana. ru хабарлағанындай, 2008 жылы ӨР Орталық банкінің ресми бағамына сәйкес, өзбек сумы доллармен салыстырғанда 7, 88 пайызға арзандаған. 2007 жылы сумның құнсыздануы бұған қарағанда 2 есе жай жүріп, ол доллармен салыстырғанда 4, 1 пайыз арзандаған болатын.
2009-01-07:
ӨМІРШЕҢ ӨНДІРІСТЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
Бетбұрыс
Қазыналы қазақ даласының қатпар-қатпар қойнауынан шығып, жер-жаһанның рынок әлемін жаулап алған газы мен мұнайының, алтыны мен күмісінің, жезі мен мысының көлеңкесінде қалып келген бай фосфор кеніштері бүгінде алыс-жақындағы ақшалы алпауыттардың да назарын аудара бастады. “Құдайсыз қурай сынбайды” дегендей, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл өңіріне қазан айындағы жұмыс сапары кезінде осы оқшау отаудай ошарылып қалған салаға түбегейлі бетбұрыс жасап, өңір тұрғындарының кеудесіне жақсылықтың үмітін оятты.
Химия өнеркәсібін дамытудың кейбір мәселелерін қараған осы республикалық семинарға Елбасының өзі төрағалық етіп, оны жүргізіп отыруы мәселенің аса маңыздылығынан біраз сыр түйдіргендей болатын. Өйткені, Елбасы өз сөзін:
- Менің бұл сапарым - Қазақстандағы химия саласын, осы өндірісті дамыту мәселесі. Химия саласында біз әлі күшіміз жетіп, қолымыз тиіп жөндеп жұмыс жасағанымыз жоқ. Бұл - ел экономикасын өркендетуге қомақты үлес қосып келе жатқан темір, көмір, мұнай, газ сияқты байлығымызбен пара-пар, яғни болашақта халқымыздың жағдайының жақсаруына үлкен пайдасын тигізетін сала. Елдегі фосфор кенінің қазіргі нақты белгіленген қоры 5-6 миллиард тонна дейтін болсақ, жалпы жобасы шамамен 15 миллиард тоннаға жетіп отыр. Яғни, біз фосфор кенінің қоры бойынша дүние жүзіндегі төртінші орында тұрған елміз деп батыл мәлімдеуімізге болады.
Соның ішінде Жамбыл өңірі - химия өнеркәсібінің кіндігі болған, болып қала да береді. Кешегі Кеңес өкіметінің кезінде біз фосфордың үштен бірін шығаратынбыз, қазір сол өндіріс қарқыны бәсеңсіп қалды. Сондықтан ел болып, Үкімет болып тиісті жұмыстар атқарып, осы пайдалы салаға қаржы тартып, халықтың әлеуметтік жағдайын түзеуге, табиғат байлығын өркениетті нарық талабына сәйкес игеру арқылы елімізге көп пайда келтіру жағын ойлауымыз керек, - деп бастаған болатын.
Ендеше Елбасының елдік, экономикалық тұрғыдан үлкен мән бере айтқан сөзінен шығаратын қорытынды не?
Сұраныс және әлеует
Иә, Қазақстан түрлі минералды тыңайтқыштардың ірі жеткізушісі ретінде әлемдік рынокқа ұялмай шыға алатын ел. Өйткені, бүгінде бұл өнімге деген сұраныс көп, тұтынушылар ауқымы да үлкен. Әлемде қазір тек қаржы дағдарысы емес, сонымен бірге азық-түлік дағдарысы да анық сезіле бастады. Яғни, көптеген елдерде халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету өткір мәселелердің біріне айналуда. Ал бұл мәселеде минералды тыңайтқыштардың орны ерекше сезіліп, оның ауыл шаруашылығы өнімдерін көптеп өсіруде қажеттілігі арта бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz