Бейне атрибуттары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей мектебі

Реферат
Paint-графиктік редактор

Орындаған:Сәрсембинов Әнуар
Тексерген:Камиль
Айбек

Мазмұны
Алғашқы мәліметтер 1
Программа терезесі 2
Қолданылатын саймандар (инструменттер) 3
Фрагменттермен жұмыс істеу 13
Бейне атрибуттары 16
Бейнелерді дискіге жазу мен оқу 16
Суреттерді баспаға шығару 18

Алғашқы мәліметтер

Графиктік редактор – графиктік бейне түріндегі суреттер салуға және
оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазір кезде нүктелік
(немесе растрлық) және векторлық. деп аталатын графиктік редакторлардың екі
түрі белгілі. Нүктелік графиктік редакторларда кез келген сурет пиксельдер
деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер (мозаика) арқылы
салынады, ал нүктелердің әрқайсысы түрлі түске бояла алады.
Paіnt (Paіntbrush) – Wіndows жүйесінің стандартты программалар
тобына кіретін қарапайым нүктелік графиктік редактор. Paіntbrush өзінің
мүмкіндіктері жағынан профессионалды графиктік редакторлардан біршама
төмендеу болып саналады. Сөйтсе де, ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-
түсті және ақ-қара суреттер, схемалар, сызбалар (чертеждер) салуға
мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша
қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге
арналған стандартты қарапайым құрал-жабдықтар (құрал-саймандар не
инструменттер) бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графиктік
форматында сақталады.

Программа терезесі

Редакторды іске қосу үшін (Wіndows 3.х) "Реквизиттер" тобында орналас-
қан Paіntbrush шартбелгісін таңдаймыз.
Ал, Wіndows 95 жүйесінде Іске қосу - Программалар - Стандартты -
Paіnt командалар тізбегін орындасақ, экранда программаның терезесі пайда
болады. Оның құрамында бізге осыған дейінгі таныс элементтермен (жұмыс
аумағы, меню тақырып қатарлары) бірге бірсыпыра жаңа элементтер де бар.
Терезенің сол жақ шеткі қабырғасына жақын тізбектеле саймандар
немесе инструменттер панелі орналасқан. Оның бойынан сіздер Paіnt-та
кездесетін барлық сурет салу саймандарын көре аласыздар (12.1-сурет). Кез
келген сайманды таңдау үшін
соның бейнесіне тышқан курсорын жеткізіп, оны сырт еткізсе жеткілікті.
Осыдан кейін таңдап алынған сайманның бейнесі (шартбелгісі) айқын түске
боялып тұрады.
Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналасқан. Paіnt-
та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам түсімен (мұнан былай
оны қысқаша негізгі түс деп атаймыз) және фон түсімен (мұнан былай оны
фондық деп атаймыз). Палитраның сол жақ шетінде бірі екіншісінің ішіне
орналасқан кішкене екі тіктөртбұрыш тұр, осылардың. үстіңгісі – негізгі
түсті және астыңғысы – фондық түстерді көрсетіп тұрады. Кез келген сәтте
түстерді өзгерту мүмкіндігі бар. Ол үшін курсорды палитрадағы жаңа түске
апарып, тышқанның сол жақ батырмасын сырт еткізе отырып негізгі түсті, ал
оң жақ батырмасын басу арқылы – фондық түсті өзгертуге болады. Саймандар
панелінің төменгі жағында сызықтар қалыңдығын анықтайтын терезе орналасқан.
Сызықтар қалыңдығын таңдап алған соң, соның көмегімен түзу сызықты,
доғаларды, тіктөртбұрыштар мен эллипс контурларын салуға
болады. Сызықтың қалыңдығы сондай-ақ мыналарға да әсер етеді:
– аэрозоль балонының сиясының ені;
– өшіргіш (ластик) ені;
– бояуыш (кисть) ені.
Жұмыс аумағы – салынатын графиктік бейне орналаса алатын экранның
тіктөртбұрышты ауданы (бөлігі). Егер жұмыс аумағынан да үлкен көлемді сурет
салынса, онда терезе шеттерінде жылжу сызғыштары пайда болады. Олар экран
бетінде жылжи отырып, бейненің кез келген бөлігін көруге мүмкіндік береді.
Ал егер жұмыс аумағынан кіші сурет салынса, онда ол терезенің жоғарғы сол
жақ бұрышында қара жақтаулармен қоршалып көрсетілетін болады.

Қолданылатын саймандар (инструменттер)

Paіnt саймандарын іс жүзінде игеруге кіріспес бұрын алдын ала
ескертетін бір жайт – редакторда жұмыс істеу барысында соңғы орындалған
әрекетті болдырмау, яғни оның әсерін қайта алып тастау мүмкіндігі бар (бұл
әрекет барлық программаларда кездеседі). Болдырмау операциясы жиі
қолданылады. Оны іске асыру үшін менюдегі Өңдеу-Болдырмау {Ctrl+Я}
(Редактирование -Отменить) командасын орыңдау қажет. Саймандар панелі
қарапайым суретшінің инструменттеріне ұқсас болып келеді. Ең алғашқы сайман
рөлін Бояуыш (Кисть) атқарады. Ол әдеттегі қарындаш тәрізді сурет салу
жұмысын жүргізеді. Мұндай сайманды таңдаған соң, "тышқан" курсоры Бояуышқа
айналады. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып (оны жібермей) экран
бетімен курсорды жылжыта отырып кәдімгі қағаз бетіне сурет салғандай сызық
жүргізе аласыз. Курсор әр өткен жерінде із қалдырады, оның түсі бұған дейін
анықталған негізгі түске сәйкес келеді. Мұнан төмен орналасқан сайман –
Аэрозольді баллон немесе Шашыратқыш. Оны таңдап алғаннан кейін тышқан
курсоры қосу символына ұқсас таңбаға айналады. Енді сол жақ батырманы басып
тұрып курсорды экран бетімен жылжытсаңыз, оның артында шашыраған бояуға
ұқсас із қалады.
Панель құрамында екі түрлі өшіргіш (ластик) бар, олардың басқалардан
басты айырмашылығы – өшіруді белгілі бір түспен жүргізетіні болып табылады.
Бірінші ластик жай өшіргіш сияқты кез келген сызықтар мен суреттерді фондық
түспен өшіруге арналған. Ал екінші өшіргіш негізгі түспен боялып салынған
фрагменттерді ғана фондық түске айналдыра отырып өшіреді.
Бірінші өшіргіш арқылы кейіннен басқаша фондық түсті таңдапалып,
экрандағы әртүрлі түстегі бейнелерді жаңа фондық түске бояуға болады. Осы
тәсілді пайдалану кезінде тышқанды екі рет сырт еткізсек, онда курсор маңы
бірден фондық түске боялады.
Екінші түрдегі өшіргіш арқылы өзімізіге қажет негізгі және фондық
түстерді анықтаған соң, өшіру нәтижесінде негізгі түстегі фрагменттер
фондық түске бояла бастайды. Осы тәсілмен тышқанды екі рет сырт еткізу
суреттегі курсор маңындағы бір түсті бояуды түгелдей дерлік екіншісіне
бірден өзгертуге мүмкіндік береді (яғни, дәл осы уақытқа дейін негізгі
түспен боялған бейне фондық түске боялып кетеді).

Тапсырма

1. Бояуыш пен Аэрозольді баллонды қолдана отырып, кез келген бір сурет
салыңыз.
2. Екінші типті өшіргішті пайдалана отырып, салынған суреттің түр-
түсін өзгертіңіз.
Сызықтар мен доғалар

Paіnt редакторы саймандарының көмегімен белгілі бір қалыңдықпен
берілген түзу сызықтар мен доғалар сызуға болады.
Негізгі түспен түзу сызық сызу үшін мынадай әрекеттер орындалады:
– сызықтың қалыңдығын анықтап алып Түзу сызық бейнесіндегі сайманды
таңдау;
– курсорды бастапқы нүктеге апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басу;
– батырманы басулы күйінде ұстап тұрып, курсорды сызықтың соңғы
нүктесіне жеткізу;
– батырманы босату.
Осылардың нәтижесінде экран бетінде негізгі түспен сызылған түзу
сызық пайда болады.
Егер тік (вертикаль) немесе көлденең (горизонталь) сызықтарды
сызғыңыз келсе, онда сызу кездерінде сол жақ батырмамен бірге Shіft
пернесін басыңыз.
Доға сызу үшін аздап машықтану керек. Алдымен сызық қалыңдығын
белгілеп алып, Доға сызатын сайманды таңдаңыз. Сонан кейін мына әрекеттерді
орындау қажет:
– жоғарыда айтылып өткендей түзу сызық жүргізу (түзу сызықтың шеткі
нүктелері салынатын доғаның шеттерімен дәл келуі тиіс);
– түзудің ортасындағы белгілі бір нүктеге курсорды жеткізіп, тышқанның
сол жақ батырмасын басып оны басулы күйінде ұстап жібермей, курсорды
доғаның контуры ойыңыздағыдай болғанша көлденең бағытта жылжыту керек;
– батырманы қоя беру қажет.
Экран бетінде берілген қалыңдықта негізгі түстпен сызылған доға
пайда болады. Егер доға ойдағыдай болып шықпаса, онда бірнеше рет қайталап
бірінші салынған доғаңызды өзгертуге тырысыңыз.

Тапсырма

Түзу сызық және Доға саймандарының көмегімен кез келген сурет салыңыз.
Доғалар мен сызықтардың қалыңдықтары әртүрлі болуы тиіс.
Геометриялық фигуралар

Paіnt редакторында тіктөртбұрыштар, эллипстер және көпбұрышты тұйық
сызық салатын арнайы саймандар бар. Барлық фигуралардың контуры белгіленген
қалыңдықтағы негізгі түстегі сызықтармен салынады. Фигуралардың іші бос
болуы мүмкін немесе белгілі бір түспен бояуға да болады. Бояу түсі фондық
түске сай келуі тиіс. Саймандар панелінде түрлеріне сәйкес бейне сызуға
мүмкіндік беретін мынадай белгілер орналасқан:
– іші бос тіктөртбұрыш;
– іші боялған тіктөртбұрыш;
– қырлары жұмырланған іші бос тіктөртбұрыш;
– қырлары жұмырланған іші боялған тіктөртбұрыш;
– іші бос эллипс;
– іші боялған эллипс;
– іші бос көпбұрыш;
– іші боялған көпбұрыш.
Ең соңғы екі фигурадан басқасы жалпы үлгі бойынша салынады. Мысалы,
іші бос
тіктөртбұрышты салу үшін:
– қажетті негізгі түсті, сызықтың қалыңдығын белгілеп алу қажет;
– саймандардан іші бос тіктөртбұрышты таңдау керек;
– курсорды бастапқы нүктеге апару қажет (әдетте бұл тіктөртбұрыштың
сол жақ жоғарғы бұрышы);
– тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып, өзімізге
қажет пішіндегі тіктөртбұрыштың мөлшерінің контурын салу қажет;
– батырманы босату керек.
Көпбұрыштар басқа жолмен салынады. Олардың түстерін, сызықтарының
қалыңдығы мен саймандық белгісін таңдаған соң, төмендегілерді орындау
қажет:
– курсормен салынатын көпбұрыштың бір төбесін белгілеп алып, оның
алғашқы қабырғасын түзу сызық сызғандай етіп салу;
– курсорды көпбұрыштың барлық төбелеріне жеткізіп және оның
әрқайсысында тышқанды бір сырт еткізу керек (әр сырт еткізуден соң, соңғы
төбе алдыңғы төбемен қосылатын болады);
– курсор соңғы төбеге жеткенде, тышқанды екі рет сырт еткізу керек,
сонда соңғы төбе бірінші төбемен қосылады.

Тапсырма

1. Тіктөртбұрыш және Эллипс саймандары көмегімен кез келген түрдегі
сурет салыңыз.
Контурлық сызықтар қалыңдығын және ішкі аумақтарының бояуын
өзгертіңіз.
2. Көпбұрыштар сайманының көмегімен өз қалауыңызша көпбұрыш суретін
салыңыз.
Контурлық сызықтар қалыңдығын және ішкі аумақтарының бояуын
өзгертіңіз.
Ішкі аймақтарды бояу (Заливка)

Paіnt редакторы тұйық сызықтар ішін негізгі түспен бояуға мүмкіндік
береді. Бұл үшін Білік (валик) сайманын белгілеп алып, курсор кішкене білік
түрінде айналғанда, оны тұйықталған аймақтың кез келген ішкі нүктесіне алып
барып, тышқанды сырт еткізсе болғаны. Сонда тұйық аймақ түгелдей негізгі
түске бояла бастайды.
Тұйық аймақты бояу барысында оның қабырғаларының үзік жері болмауын
қадағалап отырыңыз. Тіпті бір нүкте (пиксель) сиятын үзілген жердің болуы
бояудың аймақтан тыс таралып кетуіне себепші болады.

Тапсырма

Түзу сызық, Доға, Іші бос тіктөртбұрыш және Іші бос эллипс
саймандарын пайдалана отырып, кез келген бейнелі сурет салыңыз. Білік
сайманының көмегімен суреттегі тұйық аймақтарды әртүрлі түске бояңыз.
Микроскоп тәртібі (режимі)

Әдемі суреттерді, сызбаларды немесе схемаларды құру барысында оларда
ешқандай "қоқырсықтың" – артық нүктелердің болмағаны жөн. Суретте басқа
түске боялған бір нүктенің болуы одан алған әсеріңізді жоқ етеді.
Сурет салудың әдеттегі тәртібінде белгілі бір нүктеге курсормен дәл
түсу оңай емес. Ол үшін көптеген редакторларда "Микроскоп тәртібі" деп
аталатын сурет салудың арнайы тәртібі қолданылады. Мұндай тәртіпте әр
нүктенің көлемі (масштабы) бірнеше есе өседі, оның есесіне жалпы сурет
бейнесін көру пропорционалды түрде нашарлай түседі. Өйткені экранға
суреттің тек белгілі бір бөлігі ғана сиып тұрады, бірақ бұл тәртіпте
қажетті нүктеге дәл түсу көп еңбекті талап етпейді.
Paіnt (Paіntbrush) редакторына Микроскоп режимін орнату үшін,
менюден Көру - Жақындату {Ctrl+П} (Просмотр - Приблизить) командасын
орындау керек. Бұдан кейін курсор сурет ішінде жылжытуға болатын
тіктөртбұрышты кішкентай жақтау пішіндес
болады. Бұл төртбұрышты контурға суреттің кейіннен үлкейтілетін бөлігі
ғана орналасады. Суреттің қажетті бөлігін таңдап алып, тышқанды сырт еткізу
арқылы экран бетінен сіз оның бірнеше есе үлкейтілген бейнесін көре аласыз
(кейбір графиктік редакторлар масштабты өзгертуге мүмкіндік береді). Сол
жақ жоғарғы бұрышта бейненің табиғи шамасына сәйкес үлкейтілген суреті
көрсетіледі, онда да суретті салу процесін қадағалауға болады.
Paіntbrush редакторының Микроскоп режимінде тек екі сайман ғана
қолданылады: Бояуыш және Білік. Бояуыш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
HTML тілі жайында
WWW – айқасқан сілтемелер жүйесі
CISCOIOS командаларын орындау үшін желі
Желілік технология енгізу пані бойынша электронды оқулық
Электрондық оқулық туралы түсінік
World wide web технологиясы
Интернет, web-бет және оны қалыптастыратын HTML
Corel Draw, Photoshop
PAINT ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫ ТУРАЛЫ
HTML-ге кіріспе. Web-дизайнның негізгі ұғымдары
Пәндер