Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуы
ӘОЖ 339.187.62:336.713
Қолжазба құқығында
САБИТОВ АРМАН САБИТОВИЧ
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуы
08.00.10 – Қаржы, ақша айналысы және несие
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде
орындалды
Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының докторы Искаков
У.М.
Ресми опоненттер: экономика ғылымдарының докторы
Абдрахманова Г.Т.
экономика ғылымдарының кандидаты
Смагулова Р.У.
Жетекші ұйым: Туран университеті
Қорғау 2010 жылдың 1 шілдесінде сағат 14.00-де Т. Рысқұлов атындағы
Қазақ экономикалық университетіндегі экономика ғылымдарының докторы
дәрежесін іздену үшін құрылған Д 14.02.01 диссертациялық кеңестің
мәжілісінде өтеді, мекен-жайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55,
144 бөлме.
Диссертациямен Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
университетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2010 жылы ____ мамырда таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғылыми хатшысы, экономика
ғылымдарының докторы
Темірбекова А.Б.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның әлемнің 50 бәсекелестік
елдерінің қатарына кіруі Стратегиясы туралы ҚР Президентінің жолдауындағы
негізгі міндеттердің бірі – Қазақстан экономикасын әрі қарай жаңарту және
диверсификациялаудың тұрақты экономикалық өсудің негізгі ірге тасы ретінде
көзделуі де жай емес. Бұл стратегия Қазақстан экономикасының тек шикізат
бағытында дамуының жеткіліксіздігін, яғни шикізат емес сектордың дамуына
көңіл бөлу қажеттігін айқындады.
Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытта дамып отырғандығын ескеріп,
ҚР Үкіметі оның бағытын өзгерту жолында республикамыздың 2003-2015
жылдарға арналған индустриалды-инновациялық стратегиясында еліміздің
өндірістік секторындағы қызмет ететін негізгі құралдарды жаңарту міндетін
белгілеген болатын.
Кеңес одағының тұсында қызмет етіп отырған кейбір құрал-жабдықтардың
отандық өндіріс орындарында қолданылып келуі, бүгінгі қазақстандық
өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсеке қабілеттілігін арттыруға кері ықпал
етіп отырғаны жасырын емес. Нақтырақ айтсақ бүгінгі отандық өндірістегі
негізгі құралдардың 60-70 % ескі немесе тозған негізгі құралдар.
Өндірістік сектордағы құрал-жабдықтарды жаңартудың негізгі қаржыландыру
түрі лизинг екендігін әлемдік тәжірибе дәлелдеп берді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұлттық
экономиканы көтерудің басымды шаралардың біріне инвестицияларды пайдалану
жатады және бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде сонымен қатар көп
жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржыландыру
түріне айналады деген болатын.
Осы жерде кәсіпорындарды орта және ұзақ мерзімді қаржыландырудың
қазіргідей тиімді формасы лизинг бола алады. Лизинг қазіргі кезде қызмет
жасайтын және жаңадан құрылатын лизинг алушылардың активтерін ұлғайтудың ең
тиімді құралы болып саналады.
Әлемдік тәжірибеде бұл құрал шағын және орта бизнестің қолжетімді
қаржыландыру көзіне айналған. Бастапқы кезде лизингтің дамуы үшін
мемлекеттің қолдауы қажет екендігі белгілі. Мемлекет лизингтің дамуы үшін
жасайтын қадамдарына салықтық жеңілдіктер және кеден бажынан босату сияқты
шаралары бәсекеге қабілетті өндірісті дамытуға ықпал етері сөзсіз.
Лизингтің дамуы үшін қолайлы макроэкономикалық және нормативтік
ахуалдың болуы қажет. Экономикалық қатынастар тұрғысынан алғанда лизинг бұл
өндіріске капитал инвестициялауға байланысты банктің қаржылық қызметтерінің
біріне жатады.
Қазақстандағы лизингтік қызметтер нарығы 2000 жылдан бастап қана
белсенді дами бастады. Бұл жерде лизингтік мәмілелердің басым бөлігі
Қазақстандағы ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған агроазық-
түлік бағдарламасы төңірегінде үкіметтің бастамасымен 100 пайыз мемлекеттің
қатысуымен құрылған лизингтік компанияларға тиесілі. Қазіргі кезде
Қазақстанда қаржылық лизинг сияқты қаржы нарығының бір секторы қалыптасып
дамып отыр десе болады.
Қазақстан мемлекеті бүгінгі күні лизингтің дамуына үлкен көңіл бөлуде.
Ең бастысы лизингтік қатынастардың дамуына қажетті заңдылықтар базасы
жетілдіріліп, салық салуға байланысты жеңілдіктер жасалды.
Коммерциялық банктерде бүгінгі күні өздерінің лизингтік компанияларын
құру арқылы және лизингтік операцияларды жүзеге асыру арқылы мұндай
үрдістің дамуына біршама өз үлестерін қосуда. Қазіргі кездегі Қазақстандағы
жұмыс жасайтын 20-дан астам лизингтік компаниялардың 8-і отандық
коммерциялық банктердің еншілес компаниялары болып саналады.
Лизинг бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында маңызы бар
инвестициялық саясаттың құралы болып табылады. Лизингті дамытудың
өзектілігі қазіргі кезде отандық кәсіпорындарды қаржыландырудың балама
көзіне айналуымен сипатталады. Сондықтан да бұл қызмет түрі өзінің
экономикалық табиғаты жағынан ұлттық экономикамыздың сауығуына және әрі
қарай өркендеуіне үлкен үлес қосатын, ал екінші жағынан халықаралық
деңгейде отандық өндірушілердің шетелдік серіктестермен жаңа байланыстар
орнатуға, оны нығайтуға ықпал ететін қаржылық қызмет түріне жатады.
Лизинг – шетелден елімізге жоғарғы технологияларға ие құрал-
жабдықтардың келуіне жол ашатын және кәсіпорынға қаржылық өтімділігін
сақтай отырып, негізгі капиталға инвестиция жұмсаудың балама көзі.
Біздің ойымызша, отандық банктердің лизингтік компаниялары арқылы
лизингті қаржыландырумен қатар банктер өздерінің де лизингтік операцияларын
дамытуға көңіл аудару қажет.
Мұндай мәселелерді шешуде қазақстандық коммерциялық банктердің
лизингтік қызметін дамыту және жетілдірудің маңыздылығы теориялық және
тәжірибелік тұрғыдан арта түседі.
Ендеше, коммерциялық банктердің лизингтік қызметін дамыту барысындағы
жоғарыда аталған мәселелердің бүгінгі күнге дейін оң шешімін таппай
отырғаны және олардың отандық ғылыми жұмыстарда терең де жете зерттелмей
келуі, осы диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамыту мәселелерін
теориялық тұрғыдан оқып-білу, оның Қазақстандағы лизингтік қызмет көрсету
нарығын дамытуға байланысты талаптарына қаншалықты жауап беретіндігі туралы
өзекті мәселелер, өз кезегінде диссертациялық зерттеу жұмысының мақсаты
болып және оның басты міндеттерін анықтап отыр.
Диссертациялық зерттеу жұмысының мақсаты және басты міндеттері:
Диссертациялық жұмыстың мақсаты – лизингтік қызмет көрсету нарығында
нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін коммерциялық банктердің лизингтік
операцияларын дамытудың қажеттігі мен маңыздылығын теориялық және
әдістемелік тұрғыдан негіздей отырып, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің
лизингтік қызмет көрсету нарығындағы тәжірибелеріне талдау жасау, сондай-ақ
коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамыту және жетілдіру
жолдарын іздестіру болып табылады.
Көзделген мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:
– банктердің лизингтік операциялары ұғымын нақтылау;
– банктердің лизингтік қызмет көрсетулердің ерекшеліктерін көрсету;
– шетел тәжірибесіндегі коммерциялық банктердің лизингтік
операцияларын зерделеу;
– ҚР-ғы лизингтік қызметтер нарығындағы коммерциялық банктер
қызметтерінің жағдайына талдау жасау және проблемаларды айқындау;
– коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамытуы арқылы
экономиканың шағын және орта бизнестің дамуын қаржыландыру әдістерін
жетілдіру жолдарын қарастыру;
– коммерциялық банктер қызметіндегі лизингтік тәуекелді басқару
әдістерін қарастыру.
Зерттеу пәні коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының аясында
қалыптасатын экономикалық қатынастар.
Зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі
банктердің лизингтік қызмет көрсету нарығындағы қызметі жатады.
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі
отандық және шетелдік экономистердің коммерциялық банктердің лизингтік
операцияларын дамытудағы орын алатын мәселелері туралы және оның тиімді
қызмет етуінің экономиканы модернизациялау мен диверсификациялаудағы рөлін
сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.
Статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық банктің
ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік
құжаттары, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерінің және ҚР Қаржылық қадағалау
агенттігінің жылдық есеп деректері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік
конференция материалдары, сондай-ақ коммерциялық банктердің лизингтік
операцияларының дамуы жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік
басылымдардағы мақалалар және т.с.с. пайдаланылды.
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуының теориясы мен
тәжірибесіне қатысты мәселелер осы күнге дейін шетелдік ғалымдардың
еңбектерінде басты орын алуда, атап айтсақ, Т.Кларк, В. Хойер, М. Гордон,
В.Д. Газман, В.М. Джуха, Е. Кабатов, Е.Н. Чекмарев, В. А Перов, П.А.
Анреев, О.И.Лаврушин, К.Р. Тагирбеков, Г.Г. Коробовой, В.И.Колесников,
О.М.Марков, В.М.Усоскин, Е.Ф.Жуков, Е.Б.Ширинская және өзгелер.
Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы банктердің лизингтік
операцияларының дамуының теориялық және тәжірибелік аспектілері отандық
экономист-ғалымдардың: К.Ә. Сағадиев, Қ.О. Оқаев, Ғ.С. Сейітқасымов,
У.М. Искаков, Н.Н. Хамитов, Ж.О. Ихданов, А.С. Смағұлов, Т.Ә. Есіркепов,
С.Б. Мақыш және т.б. еңбектерінде кездеседі.
Құқықтық негізіне ҚР Президентінің заңдары мен заң күші бар жарлықтары,
ҚР Ұлттық банктің нормативтік құжаттары мен актілері және әр түрлі
әдістемелік нұсқаулары жатады.
Коммерциялық банктердің лизингтік қызметін зерттеу белгілі
экономистердің еңбектерінде әр жақты құбылысты байқатып отыр. Сондықтан да,
банктердің лизингтік қызметінің түсініксіз мазмұны және оның қаржылық-
несиелік аспектілері, сондай-ақ оның қызмет етуі барысындағы орын алатын
өзекті мәселелері және оларды ғылыми тұрғыдан оқып білу, бұл диссертациялық
жұмыстың тақырыбын анықтауға негіз болды.
Ғылыми жаңалығы:
- лизинг және қаржылық лизинг терминдерінің ұғымы авторлық
көзқарас тұрғысынан нақтыланды және лизингтің жаңа функциялары мен
белгілері ұсынылды;
- кешенді талдау арқылы қаржы лизингінің несиелік аспектілері
жүйелендірілді;
- Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік
компанияларының қызметінің дамуына әсер етуші факторлар айқындалды;
- лизингтік мәмілелердегі тәуекелді басқару әдістерін жетілдірудің
жолдары ұсынылды;
- Қазақстандағы лизингтік операциялардың болашақтағы даму бағыттары
айқындалды.
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:

көзқарас және оның экономикадағы атқаратын функциялары мен
белгілері;
- қаржылық лизингтің несиелік аспектілері мен олардың өзара
байланысы;
- екінші деңгейдегі банктердің лизингтік компанияларының қызметінің
қазіргі жағдайы мен даму үрдісі;
- Қазақстандағы лизингтік операциялардың дамуына әсер етуші факторлар;
- банктік лизингтік бизнестегі тәуекелдерді басқарудың қазіргі блок-
сұлбасы.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Диссертацияда жасалған қорытындылар мен
ұсыныстар екінші деңгейдегі банктердің лизингтік компанияларының несиелік
қызметтерінде болашақта пайдалануы мүмкін.
Жұмыстың мақұлдануы. Жұмыстың негізгі нәтижелері мен диссертацияның
қорытындылары Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде, әл-
Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде, Қазақ экономика, қаржы және
халықаралық сауда университетінде, Қарағанды копперативтік экономикалық
университетінде өткізілген 2005–2009 жж. ғылыми-тәжірибелік және ғылыми-
теориялық конференцияларда баяндалып, сондай-ақ 7 мақалаларда көлемі 2,98
б.т. жарық көрді.
Жұмыстың жалпы бағыттары мен зерттеу логикасы диссертациялық зерттеудің
ішкі біртұтастығы мен құрылымын анықтайды.
Зерттеу жұмысының ғылыми негізделген тұжырымдары мен ұсыныстары БТА
ORIX Лизинг АҚ және Темірлизинг АҚ лизингтік компанияларының
қызметтеріне енгізілді.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Көптеген экономикалық әдебиеттерде лизинг ұғымы туралы ғылыми
негізделген пікірлердің болғанымен де, оның банк қызметімен байланысты
зерттелген тұстары сирек кездеседі.
Лизингтік компанияның өзін қаржыландыратын банктік мекемелерге
тәуелділігінің нәтижесінде банктік капиталдың лизингтік бизнеске қатысуының
жанама әдісі пайда болады.
Лизинг пен несие арасында айырмашылық бар. Несие беру саласында
инвестиция кез келген кәсіпкерлік іс-әрекетке бағытталады, ал лизингте
өндіріс іс-әрекетін дамытуға бағытталады. Несиелік келісімді жасау
барысында мақсатталған қаражат шығынын бақылау қиындық туғызады, ал
лизингте жалға нақты бір мүлік беріледі.
Сонымен қатар, бірінші жағдайда несиені қайтаруға және оны пайдаланғаны
үшін пайыздық мөлшерлемені қайтаруға жүз пайыздық кепілдеме қажет, ал
екінші жағдайда сол объектінің өзі кепілдеме болып саналатындықтан
кепілдеме мөлшері лизингке сатылатын мүлік құнынан төмендетіледі.
Несиелік келісім жасау барысында иемденетін мүлік кәсіпорын балансында
тіркеледі, ал лизингтік келісім жасау барысында иемденетін мүлік лизинг
алушының немесе лизинг берушінің балансында тіркеледі.
Соңында несие төлемі кәсіпорын пайдасынан алынған салық төлемінен кейін
қалған кірістен төленеді. Лизингтік төлемдер өнімнің өзіндік құнына енеді
және ол салық төлемін азайтады. Қаржы лизингі кезінде лизингтік төлемді
төлеу келісім-шарт соңына дейін жүзеге асады, тіпті ғылыми-техникалық
прогрестің жетістігі лизингке алынған мүлікті моральды тозуға ұшыртады.
Қаржы лизингі несиенің бір нысаны ретінде қарастырылады. Халықаралық
тәжірибеде қаржы лизингі – капиталды лизинг немесе лизингке берілетін
активтің толық өзін-өзі өтейтін лизинг ретінде сипатталды. Қаржы лизингі
жалгерлік, саудалық, несиелік және өзге де экономикалық қатынастар
жиынтығын білдіреді. Бұл жерде қаржы лизингін несиенің нысаны ретінде, яғни
оның қызмет етуімен және басқарылу ерекшелігімен байланысты несиелік
қатынастар жиынтығы ретінде қарастырамыз.
Қаржы лизингінің несиелік қатынастары көп аспектілі және кең мағыналы
болып келеді. Мұндай қаржылық лизингтің несиелік аспектілері мыналармен
сипатталады (1-сурет):
Сурет 1 − Қаржылық лизингтің несиелік аспектілерінің сипаты
Ескерту - автормен құрастырылған.
1. Қаржылық лизинг бұл ұзақ мерзімді несие түріндегі заемдық
капиталға деген қажеттілікті қанағаттандырады. Қазақстанның
бүгінгі экономикалық даму жағдайында кәсіпорындарды ұзақ
мерзімді банктік несиелеу мәселесі орын алып отырғаны белгілі.
Бұл өз кезегінде кәсіпорындардың айналымнан тыс активтерін
жаңартуға және олардың құрамын кеңейтуге байланысты
инвестициялық қызметті жүзеге асыруды тежеуде. Сондықтан да
осындай мақсаттарға қаржы лизингін пайдалану кәсіпорындардың
ұзақ мерзімді несиеге деген қажеттіліктерін біршама
қанағаттандыруға тиіс.
2. Қаржылық лизинг кәсіпорындардың заемдық қаражаттарға деген
нақты да мақсатты қажеттіліктерін толық көлемде
қанағаттандырады. Қаржы лизингін кәсіпорындардың айналымнан тыс
активтерін жаңартуға және олардың құрамын кеңейтуге байланысты
пайдалану, кәсіпорынға меншікті және қарыздық қаражаттар
есебінен аталған үдерісті қаржылдандыру мәселесін толығымен
шеше отырып, кәсіпорынның банктік несиелеуге деген тәуелділігін
азайтады.
3. Қаржылық лизинг автоматты түрде несиені толық қамтамасыз етеді
және шығынды азайтады. Ондай қамтамасыз ету нысанына лизингке
берілетін актив жатады және оны кәсіпорын банкротқа қаржылық
тұрақсыздыққа ұшырай қалған жағдайда несие беруші төленбеген
лизингтік төлемдердің бір бөлігін және мәміле бойынша
тұрақсыздық ақысын өндіріп алу мақсатында сатып жібере алады.
Сонымен қатар мұндай қамтамасыз етудің қосымша нысанына лизинге
берілген активтің лизингке алушының тарапынан міндетті түрде
сақтандырылуы жатады. Мұндай мәмілеге сәйкес несиелік
тәуекелдің төмендеуі тәуекел үшін алынатын сыйақыны төмендетіп,
банктен алынатын несиеге қарағанда аталған несие формасын тарту
құны азаяды.
4. Қаржылық лизинг бойынша тартылатын несиенің барлық көлемі
салықтық жеңілдіктерге ие болады. Лизингтік төлемдер тартылатын
несие бойынша негізгі қарыздың барлық сомасы аммортизацияны
сипаттайтындықтан, олар кәсіпорынның салық салынатын пайда
көлемін азайтады. Сонымен бірге лизингтік мәміледе лизинг
берушіге қатысты салықтық жеңілдіктер де қолданылады.
5. Қаржы лизингі қарызға қызмет етумен байланысты кең көлемді
төлемдерді қамтамасыз етеді. Банктік несиеде негізгі қарыз
ақшалай нысанда жүзеге асатын болса, ал қаржы лизингінде
ақшалай төлемдермен қатар, өзге де нысандарда, айталық
лизингтік активтік қатысумен алынған өніммен жабдықтау
нысанында да жүзеге асуы мүмкін.
6. Қаржы лизингі қарызға қызмет етумен байланысты төлем
мерзімдерінде үлкен икемділке ие. Банктік несиеге қызмет ету
және қарызды өтеу тәжірибесімен салыстырғанда қаржылық лизинг
кәсіпорынға лизингтік төлемдерді лизингтелетін активтің қызмет
ету мерзімінен байланысты кең көлемді диапазонды пайдалану
мүмкіндігін береді. Осындай сипатына қарай қаржы лизингі
кәсіпорын үшін ең жақсы несиелік құрал ретінде саналады.
7. Қаржы лизингі банктік несиеге қарағанда несиенің оңайлатылған
рәсімделу процедурасын сипаттайды. Отандық және шетелдік
тәжірибе көрсеткендей, лизингтік келісімшарт бойынша шығын және
қажетті қаржылық құжаттар тізімі банктік несиелеуге қарағанда
біршама аз болып келеді. Оған алынған несиенің көзделген
мақсатқа қатаң пайдалану мен сенімді қамтамасыз етуінің болуы
ықпал етеді.
8. Қаржылық лизинг лизингтелетін активтің жойылу құны есебінен
несиенің құнын төмендетуді қамтамасыз етеді. Себебі, қаржылық
лизинг бойынша лизингтің мерзімі аяқталғаннан кейін лизингтік
актив толығымен лизинг алушының меншігіне өтетіндіктен, және
оның толық амортизациясы жасалғаннан кейін лизинг алушы ол
активті жойылу құны бойынша сатып жіберу мүмкіндігіне ие
болады. Сөйтіп, лизингтік келісім-шарттағы несие бағасынан
жойылу құнының сомасы шегеріледі.
9. Қаржылық лизинг бойынша кәсіпорын лизингке алатын активтің
біртіндеп аммортизациясын жасайтындықтан да ондай актив бойынша
негізгі қарызды қайтару қорын құру қажет етілмейді. Өйткені
қаржы лизингінде негізгі қарызға қызмет ету және оның
амортизациясын жасау бірқатар жүзеге асырылатындықтан да
лизингтік мерзім аяқталған кезде лизингтік актив бойынша
негізгі қарыздың сомасы нолге тең болады. Бұл кәсіпорынның
меншікті қаражаты есебінен қарызды қайтару қорын құру
мәселесінен толық босатады.
Қаржы лизингінің жоғарыда аталған несиелік аспектілері кәсіпорынның
экономикалық дамуын қамтамасыз етуге арналған заемдық капиталды тарту
үдерісінде біршама тартымды несиелік құралы ретінде анықтайды.
Қазақстандағы лизингтің дамуы көп қырымен Еуропадағы лизингтің
қалыптасуына ұқсас. Қазақстандағы алғашқы лизингтік компаниялар да
Еуропадағы секілді қаржыландыру жобасы бар банк қарамағында пайда болды.
Лизингтік компаниялардың негізгі клиенттері даму сатысында банктің
корпоративтік клиенттері болды.
Қазіргі таңда Қазақстанда 20 лизинг компанияларының реті жұмыс
істейді, олардың сегізі жергілікті банктердің компаниялары болып
табылады және олардың үлесіне лизингтің жалпы үлесінің 51% тиеді де,
26% КазАгроФинанс лизинг компаниясының үлесіне тиеді.
Қазақстанда қызмет ететін лизингтік компанияларды мынадай белгілеріне
қарай жіктеуге болады (2-сурет).
Сурет 2 − Қазақстандағы лизингтік компаниялар құрылымы
Ескерту – автормен құрастырылған
Мұндағы мемлекеттік лизингтік компанияларға КазАгроФинанс және БРК-
Лизинг компаниясы жатады.
Екінші деңгейдегі банктердің еншілес компаниялары ретінде құралған
лизингтік компаниялар: Альянс Лизинг АҚ; БТА ОRIX Лизинг АҚ; Халық
Лизинг АҚ; Центр Лизинг ЖШС; НурИнвест Лизинг ЖШС; Темірлизинг АҚ;
АТФ Лизинг АҚ; Альфа Лизинг Компаниясы ЖШС.
Қазақстандағы ЖІӨ-гі лизингтің үлесі туралы мәліметтер 1-кестеде
берілген.
Кесте 1 − ЖІӨ-гі лизингтің үлесі
Көрсетікіштер 01.01.2006ж. 01.01.2007ж. 01.01.2008ж. 01.01.2009ж.
ЖІӨ-гі лизингтің 0,28 0,40 0,44 0,52
үлесі, %
Негізгі қорларға 1,01 1,53 1,52 1,86
салынатын
инвестициялар
көлеміндегі лизингтің
үлесі, %
Ескерту – ҚР статистика агенттігі материалы негізінде құрастырылған
Қазақстан қаржылық лизинг нарығының алдағы уақытта қарқынды дамуын
көрсететін барынша ұқсас қаржылық қызметтер нарығы бар ТМД елдері арасында
ЖІӨ көлемінде лизингтік қызметтің ең аз үлесін алып отыр.
Қазақстандағы лизингтік нарықтың даму негізі 2000 жылы Қаржы лизингі
туралы заңның қабылдануымен байланысты болды. Лизинг нарығы қаржы
нарығының ең бір тез дамып отырған нарығының біріне жатады. 2002 және 2008
жылдар аралығында лизингтік операциялар көлемі 75 есеге өскен (3-сурет).
Сурет 3 − Лизингтік операциялардың жалпы көлемі,
мың АҚШ долларымен

Лизингтік нарықтың мұндай қарқынмен дамуы өндірістің негізгі
құралдарының жоғары дәрежеде тозуы, жаңа өндірістің дамуы, алдыңғы
жылдардағы қарқынды құрылыстың дамуымен, сондай-ақ мемлекеттің қолдауымен
тікелей байланысты.
Бірақта, Қазақстанда біршама лизингтік операциялардың көлемі өскенімен,
лизинг негізгі құралдардың жаңаруын қаржыландырудың толық қанды құралына
айнала алмай отырғандығы жасырын емес. Сарапшылардың бағалауынша лизингтік
операциялардың көлемі 2002 жылы 22 млн. АҚШ долларын құраса, ал 2008 жылы
оның көлемі 1 600 млн. АҚШ долларына жуық шаманы құраған.
2008 жылы лизинг арқылы негізгі құралдарға салынған инвестициялардың
сомасы 6,2 ( құрады. Ал Германияда аталған көрсеткіш 18 (, Ұлыбританияда 38
(, Швецияда 28 ( және Ирландияда 25 ( құрап отыр. Халықаралық тәжірибеге
сүйенетін болсақ, аталған бизнестің біздің елімізде болашағының барлығына
күмән келтіруге болмайды.
Лизингтік қызметті құқықтық жағынан қамтамасыз ету міндетті түрде
керек, бірақ лизинг даму шарты жеткіліксіз. Лизингтік сектордың қалыптасуы
– жұмыс істеуді қажет ететін экономикалық шарттарға тәуелді және алғашқы
кезекте кіші және орта кәсіпкерлікті инвестициялаудың қаржылық
институттардың мүмкіндіктері.
Қазақстан үшін экономикалық өсуде соңғы үш жылда жоғары қарқын
көрсетілген, кәсіпкерлік құру мен инвестиция тартудың негізгі
механизмінің бірі лизинг болу керек, бұған оның барлық жетістіктері
бар. Лизинг дамуының оптималды шарты Қазақстанда жергілікті өнеркәсіп пен
инвестиция көлемін лизингтен ортақ дүниежүзілік пропорцияға дейін әкелді.
Алайда Қазақстандағы лизинг секторының өсуі бүгінгі күні оның потенциалымен
саластыруға келмейді. Оның себебі - қаржы ресурстарына шектеулік, сонымен
бірге лизинг механизмі арқылы кіші және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру көп
инвестиция қажет етеді.
Ендігі жерде лизингтік қатынастарды банктік құрылымдар арқылы
ұйымдастырудың ерекшеліктеріне тоқталайық.
Бүгінгі таңда еліміздегі отандық лизингтік компаниялардың сырттан
қаражаттар тарту мүмкіндігі жылдан-жылға ұлғайып келеді деуге болады. Оны
коммерциялық банктерден экономика салаларына бөлінген лизингтік
операцияларды қаржыландыруға арналған сомалар көлемінен көруге болады (2-
кесте).
Кесте 2 − Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларды қаржыландыруы
Көрсеткіштер 2005 ж. 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж.
Лизингтік операцияларды қаржыландыру,47,3 85,1 170 321
млн. АҚШ долларымен
Лизингтік мәмілелер саны 120 440 1300 2700
Ескерту - Халықаралық Қаржы компаниясының 2008 жылғы есептік
мәліметтері негізінде автормен құрастырылған
Қазіргі уақытта экономика салаларына банктік сектордан бөлініп отырған
орта және ұзақ мерзімді несиелердің үлес салмағының жоғарлауы еліміздің
экономикалық өсуіне әсер етеді деген қорытынды шығаруға болады. Сонымен
бірге, лизингтік операциялардың ұзақ мерзімді сипатта болатындығын
ескерсек, онда бүгінгі танда лизингтік компаниялардың коммерциялық
қызметінде және отандық лизингтік нарықтың стратегиясы мен тактикасын
қалыптастыруда банктік несиелердің маңыздылығы артуда. Мұндай жағдай
лизингтік компанияның банк алдындағы төлемдік міндеттемелерін өз уақытында
орындауын және өтімділік деңгейін қамтамасыз етуін талап етеді.
Коммерциялық банктер лизингтік фирмалармен несиелік қатынастарды
ұйымдастыру кезінде несиелеудің банкте қабылданған жалпы тәртіптерін
пайдалану арқылы жүзеге асырады. Сондықтан да мұндай несиелік операцияларды
клиенттерге несие беру бойынша қарапайым активті операциялар ретінде де
қарастыруы мүмкін. Бірақ кейбір жағдайларда лизингтік компаниялар үшін
несиені беру және оны өтеудің ерекше механизмін жасауды да қарастырады.
Яғни, лизингтік компанияларға берілетін несиелер бойынша баға белгілеудің
және олардың төлем қабілеттілігін анықтаудың ерекше қағидалары көрсетілуі
мүмкін.
Бүгінгі таңда біздің елімізде лизингтік операциялардың дамуы лизинг
шартымен пайдалануға беру мақсатында жабдықтарды сату үшін қажетті ақша
қаражаттарын жинақтау мәселесіне келіп тірелуде. Ал, коммерциялық банктер
айналыстағы бос ақша қаражаттарын жинақтаумен айналысатын мекемелердің бірі
болып табылатындықтан, лизингтік операцияларды банктік операциялардың бірі
ретінде қарастыру лизингтік бизнестің дамуы үшін тиімді әдістердің бірі
болып табылады.
Соңғы жылдарда мемлекет банктердің нақты секторды, соның ішінде кіші
бизнес пен ауыл шаруашылығын несиелеу бойыша қызметін жандандыруға
бағытталған көптеген түрлі шаралар қабылдап отыр. Бұл мәселелерді шешудегі
салмақты үлес қаржылық лизингке келеді, лизингтің арқасында кәсіпорындар,
кепілдік мүлігі болмаған жағдайда да, өндірісті техникалық қайта
қаруландыру үшін қажетті қаржылық және материалдық көмекті ала алады.
Бірақ, екінші деңгейлі банктер лизингтік мәмілелерді қаржыландыруда әлі
де болса, ынталанушылық байқалтпай отыр, мұны бірнеше жағдайлармен
түсіндіруге болады. Біріншіден, банктер өзінің несиелік саясатын ескеретін
көп жоспарлы қызметін атқарып отыр, оның құрамына қаржылық лизинг
мәселелері әрқашан кіре бермейді.
Екіншіден, банктердің белгілі бір бөлігі бұрынғыдай өндірістік
қызметпен байланысты емес операциялардан кіріс алуды қалайды. Ал өндірістің
түрлі салаларындағы лизингті ұйымдастырудың және жүргізудің айқын
процедуралары болмағандықтан, банктерге оған қызмет көрсетудің сәйкес
стандарттарын жасауға және оларда өзінің қатысуының тиімділігін анықтауға
мүмкіндік бермейді.
Лизинг нарығындағы қатысушылардың құрылымын анықтауда 2009 жылдың 1
қаңтарына берілген статистикалық мәліметтерге сүйеніп, төмендегідей
диаграмма құруға болады (4-сурет).
Сурет 4 − Лизинг нарығындағы банктердің үлесі

Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің лизингтік
операцияны жүргізудегі ерекшеліктерін түсіну үшін біз республикамыздың
алдыңғы қатарлы банктердің бірі БТА Банк АҚ-ы мысалға алдық.
Бүгінгі күні БТА ORIX Лизинг компаниясы Қазақстанның 12 өңірінде
лизингтік қызмет көрсетумен айналысып келеді. Қазақстандағы банктік лизинг
бизнесінің алғашқыларының бірі ретінде БТА ORIX Лизинг компаниясының
бастамасымен Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығының жанынан Қазақстандық
лизинг берушілер қауымдастығы құрылды.
Сонымен қатар 5-суретте БТА ORIX Лизинг компаниясы арқылы БТА Банк
АҚ экономиканың секторлары бойынша лизингтік мәмілелерді қаржыландыру
құрылымын көруге болады.
Сурет 5 − БТА ORIX Лизинг компаниясының қаржыландырған лизингтік
келісім-шарттарының динамикасы, млн. АҚШ долларымен
Ескерту – БТА ORIX Лизинг компаниясының жылдық қорытынды материалдары
негізінде құрастырылған
БТА ORIX Лизинг компаниясының лизингтік қоржынының құрылымына талдау
жасасақ, онда негізінен құрылыс саласы басым үлес алады. Оның себебі, 2009
жылға дейін Қазақстанда құрылыс секторының қарқынды дамуымен түсіндіруге
болады. Сонымен қатар біршама жоғары үлесті металлургия (15,2%), тау-кен
өндірісі өнеркәсібі (9,2%) және көлік (8,76%) салалары алады (6-сурет).
Сурет 6 - БТА ORIX Лизинг компаниясының лизингтік қоржынның
құрылымы, пайызбен (01.01.2009ж. )
Ескерту – БТА ORIX Лизинг компаниясының материалдары негізінде
құрастырылған
БТА ORIX Лизинг компаниясының лизингтік қызметі Қазақстанның барлық
өңірлерінде оның құрған 22 филиалдары арқылы жүзеге асады. Олардың ішінде
лизингтік қызметті белсенді түрде көрсететін филиалдарға: Алматы, Астана,
Атырау, Шымкент, Карағанды, Өскенмен қаласындағы бөлімшелер жатады. 2006-
2008 жылы ең көп жасалған лизингтік келісім-шарттар жасаған филиалдарға
Алматы – 19,1%, Астана – 16,2%, Атырау – 15,3%, Қарағанды 15,7%, Өскемен –
8,3% жатады.
БТА Банк АҚ БТА ORIX Лизинг компаниясы арқылы бүгінгі күні қаржылық
және қайтарылмалы лизинг түрлері бойынша қызмет көрсетеді. Ең көп лизингтік
мәмілелер қаржы лизингі бойынша жасалған. Лизинг беруші мен лизинг алушының
салық салу тетігін оңтайландыруға бағытталған қайтарылмалы лизингтік
келісім-шарттар да банктің несиелік қоржынынан кездеседі.
Бүгінгі күні шағын және орта бизнес кәсіпорындарына қымбат құрал-
жабдықтарды сатып алу мүмкін емес екендігі белгілі. Лизингтік компаниялар
мұндай жағдайда лизингке берілетін мүліктің құнын 90%-ға дейін
қаржыландырады. Лизинг алушылар өз қаражаттарының аз мөлшерін салуға тиіс.
Лизингке берілген құрал-жабдықтар мен техникалардың көбі шетелден
әкелінетіндігі белгілі. Мысалға, 2008 жылы берілген лизингтік мүліктердің
төрттен үші импортқа әкелінген заттар болып табылған. Оны төмендегі
3-кестеден байқауға болады.
Кесте 3 − БТА Банк АҚ-ның жабдықтаушы елдер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz