Төтенше жағдайлар министрлігінің регламенті
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2010 жылғы
№ бұйрығымен бекітілген

1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің осы
регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының
Конституциясына, заңдарына, Президенттің, Үкіметтің актілеріне және өзге де
нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзіне жүктелген функцияларын орындау
процесінде министрлік қызметінің жалпы ережесін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан
әрі – Министрлік) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың
алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы салааралық үйлестіру, мемлекеттік материалдық резервті құру мен
қалыптастыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесінің
жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өртті алдын алу және
сөндіруді ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуын жүзеге
асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда
және қала аудандарында аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар),
ведомстволары бар: Өртке қарсы қызмет комитеті, Төтенше жағдайларды және
өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті, Мемлекеттік
материалдық резервтер комитеті, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар.
3. Құпия емес іс қағаздарын ұйымдастыру мен жүргізу, хат-хабарларды
қабылдау, өңдеу және тарату, оның ішінде электрондық құжат айналымын
жүргізу Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер туралы
1998 жылғы 24 наурыздағы № 213, Әкімшілік рәсімдер туралы 2000 жылғы 27
қарашадағы № 107, Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі
туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221, Электрондық құжат және электрондық
цифрлық қолтаңба туралы 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 заңдарының
талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық
актілеріне сәйкес осы Регламентпен айқындалады.
Құпия іс қағаздарын ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы №390-16қ қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі
нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
4. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға
тағайындайтын және лауазымнан босататын Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар министрі (бұдан әрі – Министр) басқарады.
Министрдің орынбасарлары (вице-министрлер) және аппарат басшысы бар.
Министр, вице-министрлер, аппарат басшысы арасында міндеттерді бөлу,
сондай-ақ министрлік басшылығының өзара алмасуы министрдің бұйрығымен
бекітіледі.
Вице-министрлер мен аппарат басшысы Министрлікке қарауға енгізілетін
құжаттардың белгіленген осы Регламент тәртібінде өтуін сақтауды қамтамасыз
етеді.
6. Министрлікте мемлекеттік және орыс тіліндегі толық атауы
көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңба бейнесімен
фирмалық бланкілер, елтаңбалық мөрлер бар.
Елтаңбалық мөрлер әкімшілік жұмыс, экономика және қаржы
департаменттерінде, арнайы жұмыс басқармасында сақталады.
Министрдің, вице-министрлер мен министрлік аппараты басшысының
Министрліктің фирмалық бланкілеріне қол қою құқығы бар.
2. Жұмысты жоспарлау
7. Министрліктің қызметі ҚР Үкіметінің қаулысымен және тиісінше
Министрдің бұйрығымен бекітілген Министрліктің Стратегиялық, Операциялық
жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Министрліктің аталған жоспарларын Министрлік орталық аппаратының
құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, аумақтық органдары мен ведомстволық
бағынысты ұйымдары ережелерінің негізінде Стратегиялық жоспарлау,
ақпараттық-талдау жұмыстары, ғылым және жаңа технологиялар департаменті
құрады.
8. Министрлік орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, дербес
басқармаларының, ведомстволарының, аумақтық органдары мен ведомстволық
бағынысты ұйымдарының жұмыс жоспарларын Министр, жетекшілікке сәйкес вице-
министрлер мен аппарат басшысы бекітеді. Бұл ретте жұмыс жоспарлары жылдың
басынан бастап 25 күнтізбелік күн ішінде бекітіледі.
Жұмыс жоспарларының орындалуына министрліктің тиісті құрылымдық
бөлімшелері, дербес басқармалары, ведомстволары, аумақтық органдары мен
ведомстволық бағынысты ұйымдары басшылары жауапкершілікте болады.
Тоқсан сайын Министр, жетекшілік ететін вице-министрлер мен аппарат
басшысы орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелері, дербес басқармалары мен
ведомстволары есебін тыңдайды.
9. Жұмыс жоспарларынан іс-шараларды алып тастау немесе олардың
мерзімдерін ауыстыру туралы шешімді жетекшілік ететін вице-министр мен
аппарат басшысы келіскен, бөлімше басшысы ұсынған қызметтік жазба негізінде
Министр қабылдайды.
3. Министрліктің алқа отырысын жоспарлау, дайындау мен өткізу
тәртібі
10. Министрліктің алқа отырысын (бұдан әрі – Алқа) жоспарлау, дайындау
мен өткізу тәртібін және олардың орындалуын бақылауды Әкімшілік рәсімдер
туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы
№ 107 Заңының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына
сәйкес Министр айқындайды.
11. Алқа отырысы Министрліктің Операциялық жоспарына сәйкес күн
тәртібімен мемлекеттік және орыс тілдерінде өтеді. Алқа отырысында
қаралатын мәселелердің саны шектелмейді.
Алқа отырысы, егер оған Алқа мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен
екісі қатысса заңды болып саналады.
Алқа мүшелері отырыстарға қатысуда ауысуға құқысыз.
Алқа құрамының саны мен дербес құрамын Министр айқындайды.
Алқа отырыстарына:
1) қызметтің сабақтас салаларындағы олардың ведомствоаралық үйлестіру
міндеттерін негізге ала отырып, мемлекеттік органдар;
2) Министрдің шешімі бойынша бұқаралық ақпарат құрылдары мен үкіметтік
емес ұйымдар өкілдер шақырылуы мүмкін.
12. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері Алқа
отырысында тоқсанында кемінде бір рет қаралады.
13. Алқа отырысында мәселелерді қарау нәтижелері бойынша қатысып
отырған Алқа мүшелерінің көпшілік дауысымен Алқа қаулысы нысанында
ресімделетін шешім қабылданады.
Алқаны дайындау және өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіру мен бақылау
Ішкі бақылау және аудит департаментіне жүктеледі.
Операциялық жоспарда көзделген мәселелер бойынша Алқа қаулысының
жобасы мен анықтамасын дайындауға жауапты министрліктің құрылымдық
бөлімшелері немесе ведомстволары жасайды және Ішкі бақылау мен аудит
департаментіне енгізеді.
Министрліктің ресми WEB сайтында міндетті түрде Алқа жұмысының
қорытындылары туралы ақпарат орналастырылады.
4. Ведомстволармен, аумақтық органдармен және ведомстволық бағынысты
ұйымдармен өзара іс-қимыл
14. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір
мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы
25 қаңтардағы № 53 қаулысына сәйкес Министрліктің
облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары,
ведомстволары мен ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
15. Министрлік, ведомстволар, аумақтық органдар мен ведомстволық
бағынысты ұйымдар арасындағы өзара қатынас дара басшылық қағидаты
негізінде құрылады.
16. Министрлік ведомстволардың, аумақтық органдар мен ведомстволық
бағынысты ұйымдардың қызметіне жалпы басшылық пен үйлестіруді жүзеге
асырады, Қазақстан Республикасында жүргізілетін саясатқа сәйкес оларды
дамытудың негізгі бағыттарын айқындайды.
17. Күнделікті қызметте құрылымдық бөлімшелер, ведомстволар, аумақтық
органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар Министрге есеп береді және
өзінің қызметін Министр қойған міндеттерге және Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
18. Ведомстволар, аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты
ұйымдар қызметіне басшылықты қамтамасыз ету мақсатында Министр заңнамаға
сәйкес:
1) ведомстволар, аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар
басшыларының міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;
2) Номенклатураға сәйкес ведомстволар, аумақтық органдар,
ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларын және олардың орынбасарларын
лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) Министрліктің офицерлік әскери қызметшілері құрамының орын
ауыстыруға жататын лауазымдар тізбесін бекітеді;
4) Министрліктің өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерін әскери
қызметші және арнайы атағы бар қызметке өту мәселесін, оларға белгіленген
заңнамалық тәртіпте атақ беруді, сондай-ақ оларды қайта аттестаттауды
шешеді;
5) орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, аумақтық
органдары, ведомстволық бағынысты ұйымдары басшылары мен олардың
орынбасарларын көтермелеу және жазаға тарту мәселесін шешеді;
6) министрліктің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты
ұйымдары басшыларын өткізген жұмыстары және оларға жүктелген функциялар мен
міндеттердің орындалуы туралы есептерін тыңдайды;
7) Министрліктің аумақтық органдары туралы ережені, мемлекеттік
мекемелерінің жарғыларын бекітеді, жарғыларды Мемлекеттік кәсіпорындар
туралы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес бекіту үшін
уәкілетті органға енгізеді.
19.Министрдің бұйрықтары мен тапсырмалары министрлік орталық
аппаратының құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, аумақтық органдары,
әскери бөлімдері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары орындауы үшін міндетті
болып табылады. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары,
аумақтық органдары, әскери бөлімдері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары
басшылары олардың уақытында және сапалы орындалуына дербес жауапкершілікте
болады.
20. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, аумақтық
органдары, ведомстволық бағынысты ұйымдары мен әскери бөлімдері басшылары
министрліктің қызметін жетілдіру және тиісті учаскелердегі жұмыс жағдайын
жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді.
21. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар
департаменттері министрліктің аумақтық органы ретінде тиісті аумақтарда
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою,
аумақ пен халықты қорғау функциясын орындайтын, министрлік жүйесіне кіретін
барлық ұйымдардың өзара іс-қимылын үлестіру мен ұйымдастыруды жүзеге
асырады.
5. Кіріс және шығыс хат-хабарларын ресімдеу, өткізу, қарау
22. Министрлікте кіріс, шығыс хат-хабарларын және өзге де қызметтік
құжаттарды қарау мен өткізу Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдер
туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107, Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңдарына,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы 2002 жылғы
10 желтоқсандағы № 1300, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті
туралы 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулыларына және Қазақстан
Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2009
жылғы 25 қыркүйектегі № 128 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және
мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың
үлгілік қағидаларынажәне осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
23. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Парламентінен
және Премьер-Министрінің Кеңсесінен шығатын хат-хабарларды қоспағанда,
кіріс хат-хабарлары жұмыс күндері сағ. 9-00-ден 16-00-ге дейін қабылданады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Парламентінен,
және Премьер-Министрінің Кеңсесінен келіп түсетін хат-хабарлар жұмыс
күндері сағат 19-30-ға дейін, сенбіде сағат 14-00-ге дейін қабылданады.
Белгіленген уақыттан кейін, сондай-ақ демалыс және мереке күндері
түскен хат-хабарларды Министрлік бойынша жауапты кезекші қабылдайды.
Шұғыл тапсырмаларды (орындау мерзімі 10 күнтізбелік күнге дейін)
орындау үшін мемлекеттік органдар дайындаған құжаттардың шұғыл екенін
растайтын құжаттар (Қазақстан Республикасының Президенті, Президент
Әкімшілігі, Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Премьер-Министр Кеңсесінің
Басшысы актілерінің және тапсырмаларының көшірмелері) ұсынған кезде жұмыс
күні ішінде қабылданады.
24. Мемлекеттік органдардан қағаз және электронды жеткізгіштерде келіп
түскен құжаттар бірдей болуға және белгіленген үлгідегі тиісті елтаңбалық
бланкіде ресімделуге әрі мынадай міндетті деректемелерді:
шығыс нөмірін және күнін;
Президенттің, Президент Әкімшілігінің, Парламенттің, Парламент
Палаталарының, Үкіметтің және Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының
және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тиісті актілеріне және
тапсырмаларына, сондай-ақ мемлекеттік органның сауалына жауап берген кезде
оның нөмірі мен күніне сілтемені;
Мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оның орынбасарының не
жауапты хатшының (не жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды
адамының) қолын;
орындаушының тегі және оның телефон нөмірін қамтуға тиіс.
25. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Парламентінің
және Премьер-Министрі Кеңсесінің хат-хабарларынан басқа, осы Регламенттің
талаптарын бұза отырып ресімделген кіріс хат-хабарлары қабылданбайды және
оларды Әкімшілік жұмыс департаментінің Құжаттамалық қамтамасыз ету және
бақылау басқармасы (бұдан әрі - ӘЖД) тиісті мемлекеттік органға сол күні
қайтарады.
Министрлікке арнайы келіп түсетін хат-хабарларды ӘЖД Басқармасының
қызметкерлері лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес қабылдау күнін және
уақытын көрсетіп, қол қойып қабылдайды.
26. Министрлікке қағаз жеткізгіштерде түскен құжаттар ӘЖД
Басқармасында алғашқы өңдеуден, тіркеуден өтеді және әдетте, оның келіп
түскен сәтінен бастап екі сағаттың ішінде, ал шұғылын - дереу (кезектен тыс
тәртіппен) басшылықтың қарауына енгізіледі. Министрлік басшылығы кіріс хат-
хабарларын оларға келіп түскен күні, ал шұғылын - дереу қарайды.
Министрлік басшылығы қараған құжаттар тіркеу карточкасына бұрыштаманың
мазмұны енгізілетін ӘЖД Басқармасына қайтарылады, ал құжаттар тіркеу
карточкасына қол қойылып орындаушыларға жіберіледі. Орындалуы бірнеше
құрылымдық бөлімшеге жүктелген құжат бір уақытта Электрондық құжат
айналымының бірыңғай жүйесі арқылы (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) жіберіледі.
Түпнұсқа бұрыштамада бірінші көрсетілген орындаушыға жіберіледі.
27. Шығыс хат-хабарларына бөлінген міндеттерге сәйкес Министр, вице-
министрлер, аппарат басшысы қол қояды.
Қазақстан Республикасы Президентіне, Премьер-Министрге, Президент
Әкімшілігі Басшысына, Парламент, Үкімет палаталары төрағаларына, Парламент
депутаттарына және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесіне
жіберілетін хат-хабарларға тек Министрдің немесе оны ауыстыратын адамның
қолы қойылады.
28. Шығыс құжаттарын орындаушылар ӘЖД Басқармасының қызметкерлеріне
жібереді, олар оның дұрыс ресімделуін, негізгі құжатта көрсетілген
қосымшалардың болуын тексереді. Талаптар бұзыла отырып ресімделген хат-
хабарлар орындаушыға қайтарылады.
29. Қол қойылған құжаттар тіркеледі және қол қойылған күні немесе
келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей адресатқа (адресаттарға) жіберіледі, ал
телеграммалар мен телефакстер шұғыл түрде жіберіледі.
30. Егер құжат басқа ұйымға жіберілген болса, қайтарылуы керек, онда
құжаттың бірінші бетіндегі оң жақ жоғары бұрышына мәтіннен бос жолға
мөртаңба қояды немесе қайтару туралы белгі соғады, мұндай белгі тіркеу
есепке алу нысанына да қойылады (автоматтандырылған ақпараттық жүйедегі
электрондық деректер нысанына).
31. Шығыс хат-хабар Президент Әкімшілігіне, Парламентке және Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жіберілместен бұрын ӘЖД
Басқармасында оларда тапсырмаға сілтеменің барлығына және дұрыс
ресімделуіне тексеруге жатады.
6. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау, ресімдеу және
келісу тәртібі
32. Министрлікте өзінің құзыреті шегінде әзірленетін Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі - жобалар)
немесе жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын дайындау, келісуге ұсыну
және қол қою Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер
туралы 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213, Қазақстан Республикасындағы тіл
туралы 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 заңдарының, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2008 жылғы 4 маусымдағы № 535 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі
нұсқаулықтың, 1998 жылғы 22 шілдедегі № 678 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының және Премьер-Министрі
өкімдерінің жобаларын ресімдеу жөніндегі нұсқаулықтың (заңдық техникасы),
2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
регламентінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Кеңсесі Басшысының 2008 жылғы 22 мамырдағы № 01И-275 Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде қаулы жобаларының өту тәртібі
туралы хаттамалық шешімінің және осы Регламенттің талаптарына сәйкес
мемлекеттік және орыс тілдерінде Министрдің шешімі бойынша тиісті
құрылымдық бөлімшелер жүзеге асырады.
33. Министрлікке келісуге келіп түскен жобаларды ӘЖД басқармасы
жобаның өтуіне жауапты бөлімшені және министрліктің мүдделі бөлімшелерін
айқындайтын басшылықтың қарауына жібереді. Бұл ретте мемлекеттік органдар
осындай жобалардың көшірмелерін де жіберуі мүмкін. Бір мезгілде жобалардың
көшірмелері келіп түскеннен кейін, барлық жобалар міндетті түрде
келісілетін Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне жіберіледі.
Құрылымдық бөлімшелер жоба тіркелген күннен бастап 3 жұмыс күнінен
аспайтын мерзімде жобаны ќарайды және басшысы жобаның тікелей орындаушысын
анықтайтын жобаның өтуіне жауапты бөлімшеге өз қорытындыларын ұсынады.
Жобаларды қараудың жалпы мерзімі Үкімет Регламентімен және өзге де
нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ жоғары тұрған мемлекеттік
органдар мен лауазымды адамдардың тапсырмаларымен белгіленеді.
Жобаны орындаушы мүдделі бөлімшелердің пікірін қорытады және әзірлеуші
органға заңнамаға сәйкес жауаптың жобасын дайындайды, оған Құқықтық
қамтамасыз ету департаментінде жобаның өтуіне жауапты бґлімшенің басшысы,
мүдделі бөлімшелердің басшылары және жетекшілік ететін вице-министрлер
немесе аппарат басшысы қол қояды, одан кейін Министрге немесе оның міндетін
атқарушыға қол қоюға беріледі.
34. Жобаны ескертулерсіз келісу (қол қою) мүмкіндігі туралы қорытынды
дайындалған жағдайда әзірлеуші орган жұмыс тәртібімен келісуші
министрліктің бөлімше басшысының шешімі бойынша жобаның түпнұсқасын қол
қоюға ұсынады, бұл туралы бұрын ұсынылған ілеспе хатта белгі (алушының
Т.А.Ә., күні, қолы) қойылады.
Жобаны келісу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz