Банктің директорлар кеңесі банк



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 148 бет
Таңдаулыға:   

ҚРӘМ № 3925 09.11.2005ж.тіркелді

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН
ҚАДАҒАЛАУ АГЕНТТІГІ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

Алматы қаласы 2005 жылғы 30 қыркүйек № 359

Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау
жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту және
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының “Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір
нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы” 2005 жылғы 26
наурыздағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

өзгерістер мен толық:
1.ҚҚА № 234 27.10.2006ж.
2.ҚҚА № 235 29.12.2008ж.
3.ҚҚА № 64 27.03.2009ж.
4.ҚҚА № 229 02.11.2009ж.
5.ҚҚА № 263 29.12.2009ж.

Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық
актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік)
Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау
жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі қоса беріліп отырған
Нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының “Екінші
деңгейдегі банктерде ішкі аудитті (бақылауды) ұйымдастыру ережесін бекіту
туралы” 1998 жылғы 5 маусымдағы № 112 қаулысының (нормативтік құқықтық
актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 571 тіркелген, Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы және
Вестник Национального Банка Казахстана, № 33 басылымдарында 1998 жылғы 11-
17 тамызда жарияланған);
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының “Екінші
деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің
болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы” 2003 жылғы
6 желтоқсандағы № 434 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерін
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2653 тіркелген, “Казахстанская правда” №
27 (27337) газетінде 2004 жылғы 10 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп
танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі Басқармасының “Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір
нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы” 2005 жылғы 26
наурыздағы № 116 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік
тіркеу тізілімінде № 3571 тіркелген, “Қаржы хабаршысы” № 5 (17) журналында
2005 жылы жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.
4. Осы қаулы, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін
Нұсқаулықтың 5-тармағы мен 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа
енгізілетін Нұсқаулықтың 6-тармағынан басқа, Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн
өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі,

5. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу
шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің
мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, екінші
деңгейдегі банктерге және “Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы” заңды
тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев
Т.Ш) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында
жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары
Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

Төраға Б. Жәмішев


Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2005 жылғы 30
қыркүйектегі №359 қаулысымен
бекітілген

Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi басқару және
iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар
туралы нұсқаулық

1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Қазақстан
Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заңына сәйкес әзiрлендi
және екiншi деңгейдегi банктердiң сақтауы үшiн тәуекелдердi басқару
жүйелерiнiң болуына қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Нұсқаулықтың мақсаты тәуекелдердi басқару және iшкi бақылаудың
теңбе-тең жүйесiн банктерде қалыптастыруға қойылатын талаптарды және
банктер тәуекелдерiн олар жүргiзетiн операциялардың түрiн және көлемiн
ескере отырып, тиiмдi айқындауды, бағалауды және шектеудi қамтамасыз
ететiн, банктерде тәуекелдердi бақылау әдiстерiн қолдануды қарастыратын
iшкi бақылауды айқындау болып табылады.
2-ТАРМАҚ АЛЫНЫП ТАСТАЛСЫН.
3. Екінші деңгейдегі банктер:
жыл сайын есепті жылдан кейін келетін жылғы 1 шілдеден кешіктірмей
қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге
асыратын мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) өздері осы
Нұсқаулықтың талаптарын орындауын бағалау жөніндегі есепті ұсынады;
тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейін келетін айдың 30 күнінен
кешіктірмей уәкілетті органға:
осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес кредиттік тәуекелінің
мониторингі, кредиттік тәуекелін бағалау, кредиттік тәуекелін бақылау
матрицаларын;
осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасына сәйкес өтімділік тәуекелінің
мониторингі, өтімділік тәуекелін бағалау, өтімділік тәуекелін бақылау
матрицаларын ұсынады.
3-1. Сценарийлер, стресс-тестілеудің қорытындылары, сондай-ақ
кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер жоспары уәкілетті
органға есепті айдан кейін келетін айдын 30 күнінен кешіктірмей ұсынылады.
4. Тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына
қойылатын талаптар тізбесі осы Нұсқаулықтың 1-6-қосымшаларында айқындалған.
5.Талаптардың негізгі критерийлері осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасында
айқындалған.
6. Банктердің орындауы үшін міндетті болатын талаптардың қосымша
критерийлері осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасында айқындалған.
6-1. Осы Нұсқаулықта белгіленген талаптар критерийлерін орындау
жөніндегі есеп уәкілетті органға осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес
нысанында ұсынылады. Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келуінің бағасы осы
Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес анықталады.
7. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бэк-офис - негiзгi функциясы фронт-офистен алынған бастапқы
құжаттар негiзiнде қосалқы есепте жасалған операцияларды тiркеу болып
табылатын банктiң бөлiмшесi;
2) бэк-тестинг - көрсетiлген операцияларды жасаудан болған ағымдағы
(нақты) нәтижелермен банк операциялары бойынша тарихи деректердi пайдалану
және есептелген нәтижелердi салыстыру арқылы тәуекелдердi өлшеу
рәсiмдерiнiң тиiмдiлiгiн тексеру әдiстерi;

3) валюта тәуекелi - банк өз қызметiн жүзеге асырған кезде шетел
валюталары бағамдарының өзгеруiне байланысты болған шығыстардың
(шығындардың) туындау тәуекелi. Шығыстардың (шығындардың) қаупi құндық
көрiнiсте валюталар бойынша банктердiң позицияларын қайта бағалаудан пайда
болады;

4) гэп - сыйақы ставкаларының өзгерiсiне ұшыраған немесе белгiлi бiр
мерзiм iшiнде өтеуге жататын банктiң активтерi мен мiндеттемелерiнiң
көлемiн салыстыру негiзiнде банктiң процент тәуекелiн және өтiмдiлiктi
жоғалту тәуекелiн өлшеу әдiстерi;

4-1) гэп – қолма-қол ақшақолда бар ақша бойынша позиция – банктің
қолма-қол ақшасының келіп түсуі мен есептен шығарылуының арасындағы
алшақтық шегі;
4-2) комплаенс-бақылаушы - комплаенс қызметінің жұмысын үйлестіру
жөніндегі жауапкершілік және комплаенс қатысушыларының комплаенс-тәуекелін
басқару саясатын іске асыруға бақылауды жүзеге асыру айрықша құзыретіне
кіретін банк қызметкері;
4-3) комплаенс-тәуекел – банктің Қазақстан Республикасының заңнамасы
талаптарын, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық кесімдерін,
сондай-ақ банктің ішкі ережелерін және рәсімдерін қадағалау негізінде пайда
болған шығыстар (шығындар) тәуекелі;

5) кредит тәуекелi – банктік заем, лизинг, факторинг, форфейтинг,
ломбард операцияларын, банктiк кепiлдiк беру операциялары мен басқа да
операцияларды жүргiзу кезiнде өзiне алынған ақша мiндеттемелерiн орындау
бойынша шарттың (келiсiм-шарттың) бастапқы талаптарын клиенттердiң бұзуы
салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

6) операция тәуекелi – қызметкерлердің тарапынан жіберілген ішкі
процестерді жүзеге асыру барысындағы кемшіліктердің немесе қателердің
нәтижесінде шығындардың туындау тәуекелі, ақпарат жүйесі мен
технологиясының қызмет етуі, сонымен қатар сыртқы оқиғалар салдары.
Операция тәуекеліне мынадай тәуекелдер жатады:
жауапкершілікті бөлуді, есеп берушілік құрылымы мен басқаруды қоса
отырып, банктің белгісіз, бірдей емес ұйымдық құрылымымен байланысты
тәуекелдер;
ақпарат технологиясы саласындағы бірдей емес стратегия, саясат
жәненемесе стандарттар, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы
кемшіліктер тудыратын тәуекелдер;
бірдей емес ақпаратқа не оны сәйкес пайдаланбауға байланысты
тәуекелдер;
қызметкердің сәйкес басқармауына жәненемесе банктің біліксіз штатына
байланысты тәуекелдер;
бизнес-процестің тең емес құрылуына не ішкі ережелердің сақталуын
нашар бақылауға байланысты тәуекелдер;
банк операциясына сыртқы ықпал етудің күтпеген немесе бақыланбайтын
факторлары тудырған тәуекелдер;
заңнаманың өзгеруіне байланысты тәуеке не банк қызметін жүргізуді
реттейтін ішкі құжаттардаережелерде кемшіліктердің немесе қателердің
болуына байланысты тәуекел;
клиент базасының қысқаруына, клиенттердің және контрагенттердің
сенімсіздігіне немесе банкті қолайсыз қабылдауына, алааяқтыққа апарып
соқтыратын банк басшылығының және қызметкерлерінің дұрыс емес іс-
қимылдарына байланысты тәуекелдер.
7) құқықтық тәуекел - банктiң Қазақстан Республикасы заңдарының
талаптарын бұзуы не банк тәжiрибесiнiң оның iшкi құжаттарына сәйкес
келмеуi, ал Қазақстан Республикасы резидент еместерiне қатысты басқа
мемлекеттер заңдарының талаптарын бұзуы салдарынан болған шығыстардың
(шығындардың) туындау тәуекелi;
8) проценттiк тәуекел - сыйақы ставкаларының қолайсыз өзгеруi
салдарынан туындаған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi, оның
iшiнде:
банктiң орналастырған активтерi мен тартылған мiндеттемелерiн
(белгiленген сыйақы ставкалары кезiнде) қайтару және өтеу мерзiмдерiнiң
сәйкес келмеуiнен шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
банк активтерi бойынша, бiр жағынан, және мiндеттемелерi бойынша
екiншi жағынан ставкалардың әр түрiн (өзгермелi не белгiленген) банктiң
қолдануы салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
өзге тең жағдайларда ұқсас баға сипаты бар құралдардың бiрқатары
бойынша алынатын және төленетiн сыйақыны есептеу және түзетудiң түрлi
әдiстерiн қолдануға байланысты негiзгi тәуекел;
9) бедел тәуекелi - қоғамдық жағымсыз пiкiрдiң немесе банкке сенiмнiң
төмендеуi салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
10) өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелi - банктiң өз мiндеттемелерiн
орындамауы не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Өтiмдiлiктi жоғалту
тәуекелiн басқару кезiнде банктiң ағымдағы өтiмдiлiгi бақылауға алынады,
сондай-ақ сыйақы алуға (төлеуге) байланысты орналастырылған және тартылған
ақшалардың, кiрiстер мен шығыстардың мерзiмдерi салыстырылады;
11) банк қызметінің тәуекелі – банктің өз операцияларын жүзеге
асыруынан шығатын залалдан туындайтын тәуекел;

12) рыноктық тәуекел – рыноктық параметрлердің (валюта бағамы, сыйақы
мөлшерлемесі, қаржы құралдарының құны) тиімсіз өзгеруіне байналысты
шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;

13) тәуекелдердi басқару жүйесi - бұл процеске төрт негiзгi элемент
кiредi: тәуекелдi бағалау, тәуекелдi өлшеу, тәуекелдi бақылау және тәуекел
мониторингi;
14) ішкі бақылау жүйесі – Қазақстан Республикасының заңнамаларын және
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, банк саясатын, ішкі
ережелер мен рәсімдерді сақтауға, шығын тәуекелдері мен банк беделінің
төмендеуіне ықпал ететін қаржылық және басқарушылық есеп берудің сенімді
жүйесінің пайдалылығы мен оны қолдаудың ұзақ мерзімді мақсаттарын банктің
іске асыруын қамтамасыз ететін ішкі бақылау рәсімдерінің және саясатының
жиынтығы;
15) ішкі аудит қызметі – банкте ішкі аудитті ұйымдастыруды және
жүзеге асыруды қамтамасыз ететін банктің қызметін жетілдіру мақсатында
объективті бағалау мен консультациялық қызметті жүзеге асыратын банк
бөлімшесі. Банктегі ішкі аудит тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау
процестерінің тиімділігі жөніндегі ұсынымдарды беру жолымен белгілі бір
мақсаттарға қол жеткізуіне ықпал етеді;
15-1) комплаенс қызметі – Қазақстан Республикасының заңнамасы
талаптарының, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық
кесімдерінің, сондай-ақ банктің ішкі ережелерін және рәсімдерінің
(комплаенс - тәуекелді басқару) талаптарына сәйкестігіне ішкі бақылау
жасау кіретін айрықша құзыреті бар комплаенс-бақылаушы және комплаенс
қатысушыларынан тұратын банктің ішкі қызметі;
15-2) жиынтық лимит – операция жүргізу кезіндегі шығындарға барынша
жоғары жол берілген мөлшері;
16) елдiң (трансферт) тәуекелi - шетел мемлекетiнiң немесе шетел
мемлекетi резидентiнiң банк алдындағы қаржы тәуекелдерiне қатыссыз себептер
жөнiнде мiндеттемелер бойынша төлем қабiлетсiздiгi немесе жауап беру
ниетiнiң болмауы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау
тәуекелi;
17) стресс-тестинг - банк қызметiне әсер етуi мүмкiн ерекше, бiрақ
ықтимал оқиғалардың банктiң қаржы ережелерiне қарымды ықпалын өлшеу
әдiстерi;
17-1) cауда операциялары – банктің өз мүддесі үшін және өз есебінен
сатып алғансатқан бағалы қағаздары бойынша операциялары;
17-2) комплаенс қатысушылары – комплаенс - тәуекелді басқару айрықша
құзыретіне кіретін банктің бөлімшесі жәненемесе қызметкерлері;
18) фронт-офис - негiзгi функциясы банк клиенттерiмен мәмiле жасау
болып табылатын банктiң бөлiмшесi;
19) баға тәуекелi - қаржы құралдарының рыноктық құнына әсер ететiн
қаржы рыноктарының жағдайы өзгерген жағдайда пайда болатын қаржы құралдары
портфельдерi құнының өзгеруi салдарынан болған шығыстардың (шығындардың)
туындау тәуекелi;

2-тарау. Тәуекелдердi басқару жүйелерiнiң
болуына қойылатын талаптар

8. Банктiң тәуекелдi басқару жүйесiнiң болуы корпоративтiк басқаруға
осы Нұсқаулық талаптарының сәйкес келуiн, банктік заем операцияларын
жүргiзу тәжiрибесiнiң, қаржы құралдарымен операциялар жүргiзу
тәжiрибесiнiң, активтер мен мiндеттемелердi басқару тәжiрибесiнiң болуын,
ақпарат жүйелерiнiң және басқару ақпараты жүйелерiнiң қалыптасуын
қарастырады.
9. Тәуекелдердi басқару жүйесiн ұйымдастыру осы Нұсқаулықтың 1-
қосымшасында көрсетiлген талаптарға банктiң сәйкес келуiмен қамтамасыз
етiледi.
10. Банктiк заем операцияларын жүргiзуi банкке сыйақы төлемiмен немен
сыйақы төлемiнсiз қайтару жағдайында, оның iшiнде борыштық бағалы қағаздар
және басқа қаржы құралдарын сатып алу, кепiлдiк беру, аккредитив ашу,
вексельдi есепке алу және кредит тәуекелiне байланысты өзге де
операцияларды жүргiзу арқылы берiлген банктiк заем берудi және
қаржыландырудың басқа түрлерiн қарастырады.
Тәуекелдердi басқару жүйесi шеңберiнде банктік заем операцияларын
жүргiзу тәжiрибесiнiң болуы, оның ішінде жеке тұлғаларға берілген
ипотекалық тұрғын үй заемдарын және жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген
немесе жылжымайтын мүлік құрылысы мақсатында берілген ипотекалық заемдарды
беру осы Нұсқаулықтың 3-4-қосымшаларында көрсетілген талаптарға банктiң
сәйкес келуiн қамтамасыз етедi.
10-1. Өтімділік тәуекелін басқару банктерде жеке, сондай-ақ
шоғырландырылған негізде өтімділік тәуекелдерін жеткілікті шамада ескеретін
бірдей құрылымның, оның ішінде кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайда
төтенше жағдайлардағы өтімділіктің жетіспеушілігі проблемасын шешудің айқын
стратегиялары бар жоспарының болуын, сондай-ақ өтімділіктің бірдей деңгейін
қолдауды көздейді.
Тәуекелдерді басқару жүйелерінің аясында өтімділік тәуекелін басқару
практикасының болуы банктің осы Нұсқаулыққа 4-1-қосымшада көрсетілген
талаптарға сәйкестігімен қамтамасыз етіледі.
11. Қаржы құралдарымен операциялар жүргiзу баға тәуекелiне ұшыраған
ықтимал сыйақы төлемдерi бойынша бағалы қағаздар және өзге де қаржы
құралдарын сатып алусату қарастырылады.
Активтер және мiндеттемелердi басқару банктiң активтерi мен
мiндеттемелерiн оның стратегиялық мақсаттарымен, оның iшiнде олармен
тәуекелдерге байланысты мақсаттарды сәйкес келтiруге бағытталған iс-
шараларды жүргiзу, сондай-ақ банк маржасын қажеттi деңгейде ұстауды
қарастырады.
Тәуекелдердi басқару жүйесi шеңберiнде қаржы құралдарымен операциялар
жүргiзу тәжiрибесiнiң болуы осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасында көрсетiлген
талаптарға банктiң сәйкес келуiн қамтамасыз етедi.
12. Ақпарат жүйесiн және басқару ақпараты жүйесiн қалыптастыруды
қамтамасыз ету банкте бағдарламалық-техникалық кешеннiң, қызметкерлердiң
және банк жүргiзетiн операцияларға бiрдей, оның iшiнде банктiк операциялық
тәуекелдерге ұшырау дәрежесiн шектейтiн ақпараттық-коммуникациялық жүйенiң
болуын қарастырады.
Тәуекелдердi басқару жүйесi шеңберiнде банктiң операциялық
қызметiнiң, ақпарат жүйесiн және басқару ақпараты жүйесiн қалыптастырудың
болуы осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасында көрсетiлген талаптарға банктiң сәйкес
келуi кезiнде рұқсат етiледi.

3-тарау. Ішкі аудит жүйесінiң
болуына қойылатын талаптар

13. Банктің Директорлар кеңесі мен басшылығы ішкі бақылаудың бірдей
жүйесінің болуын қамтамасыз етеді және банк қызметкерлерінің ішкі бақылау
саласында өз міндеттерін орындауы үшін жағдай жасайды.

14. Банктегі ішкі бақылау мынадай мақсаттарды:

1) банктің активтерін басқарудың тиімділігі мен пайдалылығын және
шығын ықтималдығын болжайтын банк қызметінің операциялық және қаржы
тиімділігін;

2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігін, толықтығы мен
уақтылылығын. Аталған мақсат шынайы және сапалы қаржылық есептің жасалуын
және шешімдер қабылдаған кезде банк пайдаланған басқа қаржы құжаттарын
тексеруді болжалдайды;

3) банктің заңнамаларды, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік
құқықтық актілерін, сондай-ақ банктің ішкі саясаты мен рәсімдерін
айқындайтын құжаттардың талаптарын тексеруді болжайтын Қазақстан
Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтауды жүзеге асыру үшін жасалады.

15. Ішкі бақылау өзара байланысты бес элементтен тұрады:

1) басқарушылық бақылау;

2) тәуекелді анықтау және бағалау;

3) бақылауды жүзеге асыру және өкілеттіктерді бөлу;

4) ақпарат және өзара іс-әрекет;

5) мониторинг және кемшіліктерді түзету.

Осы компоненттердің тиісінше қызмет етуі банктің тиімді қызметінің,
ақпараттық жүйе жұмысының және пруденциалдық нормативтер мен уәкілетті
орган белгілеген банктің өзге нормаларын және лимиттерін сақтаудың маңызды
шарты болып табылады.

16. Ішкі бақылау жүйесі мынадай үш кезеңнің үздіксіз кезекті түрде
жүру принципі бойынша қызмет етуі тиіс:

1) банктің ішкі регламенттеріне рәсімдерді қосу жолымен ішкі бақылау
жүйесін (тиімділікті бақылау нәтижелерін есепке ала отырып)
қалыптастыру;

2) жұмыста банктің ішкі регламенттерін пайдалану;

3) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау.

17. Ішкі аудитті жүргізу:

1) банктің қаржылық қызметінің ағымдағы қорытындылары туралы
есептерді қаржылық қызметтің жоспарлы көрсеткіштерімен қоса директорлар
кеңесіне және басшылыққа беру арқылы банктің алға қойылған мақсаттар мен
міндеттерге қол жеткізу процесін тоқсан сайын тексеру;

2) жоспарлы көрсеткіштерден ауытқу мен жоспарлы көрсеткіштерді
орындамау себептерін көрсетуден тұратын бөлімше қызметінің нәтижелері
туралы стандарт нақты есептерді бөлімше басшыларының ай сайын тексеруі;

3) кассалық қолма-қол ақша мен бағалы қағаздарды, қосарлы
кастодиандық сақтауға бақылау жасауды, мерзімдік түгендеу жүргізуді қоса
отырып, материалдық активтерге қол жеткізудің шектеулілігіне бақылау жасау
мақсатында тексеру;

4) тәуекелдің белгіленген лимиттерінің сақталуын тексеру мен
анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шараларды іске
асыру;

5) міндетті авторизацияны талап ететін операциялардың тізбесіне банк
басшылығының талаптарын белгілеу;

6) операциялардың шарттары мен банк қызметіне байланысты тәуекелдерді
басқару үлгілерін қолданудың нәтижелерін тексеру;

7) жүргізілген банктік және Қазақстан Республикасының заңнамаларында
көзделген өзге операциялар көрсетілуінің уақтылылығын, дұрыстығын,
толықтығы мен дәлдігін тексеру;

8) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстауды) және
лаңкестікті қаржыландыруды жою жатады.

18. Банкте ішкі бақылау жүйесінің сәйкестігін тексеру үшін ішкі аудит
қызметі құрылады.

Банк бөлімшелерінің жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау
жағдайы, ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқару жағдайы туралы уақтылы және
шүбасыз ақпартпен қамтамасыз ету әрі банк басшылығына жұмысты жақсарту
жөніндегі ұтымды және тиімді ұсынымдар беру ішкі аудиттің мақсаты болып
табылады.

19. Ішкі бақылаудың бірдей жүйесінің болуы мен қызмет етуін
қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды директорлар кеңесінің жүзеге асыруы
кезінде туындайтын міндеттерді шешу мақсатында ішкі аудит қызметі құрылады.

20. Ішкі аудит қызметі өз қызметінде банк жарғысын, ішкі бақылау
жүйесін ұйымдастыру мен банктің ішкі аудит қызметі туралы ережелерді,
сондай-ақ банктің қызметін реттейтін басқа ішкі құжаттарды және осы
Нұсқаулықтың талаптарын басшылыққа алады.

21. Ішкі аудит қызметінің мүшелерін банктің директорлар кеңесі
тағайындайды.

22. Ішкі аудит қызметі банктің кез келген бөлімшесін тексеруді
тағайындайды. Ішкі аудит қызметі директорлар кеңесінің алдында үнемі дауыс
береді.

23. Ішкі аудит қызметі ішкі аудиттің жоспары мен банктің директорлар
кеңесі бекіткен ішкі аудит бағдарламасын жасайды.

24. Ішкі аудит қызметінің міндетіне мынадай мәселелерді:

ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуін;

ішкі аудит қызметінің жұмысын;

ағымдағы жылда ішкі және сыртқы аудитке қамтылуы қажет банк
операцияларындағы тәуекел саласын;

менеджмент пен сыртқы пайдаланушыға берілген қаржы ақпаратының
анықтығын және дәлдігін;

ішкі немесе сыртқы аудитор анықтаған бухгалтерлік есептегі немесе
ішкі аудиттегі кез келген елеулі кемшіліктерді.

25. Ішкі аудиттің негізгі функциялары:

1) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін тексеру мен бағалау;

2) банк тәуекелдерін бағалау әдістемесінің және банк тәуекелдерін
басқару рәсімдерінің (әдістемелерінің, бағдарламаларының, ережелерінің және
банк операцияларын жасау мен мәмілелер, тәуекелдерді басқару рәсімдерінің)
қолдану толықтығын және тиімділігін тексеру;

3) деректер базасының тұтыстығы мен оларды санкция берілмеген
рұқсаттан қорғауды және пайдалануды, күтпеген жағдайларда іс-қимыл
жоспарының болуын қоса отырып, автоматтандырылған ақпарат жүйесін
пайдаланғаны үшін ішкі бақылау жүйесінің қызмет ету сенімділігін тексеру;

4) бухгалерлік есеп пен есеп берудің анықтығын, толықтығын,
объективтілігі мен уақтылылығын, сонымен қатар ақпарат пен есеп алудың және
берудің сенімділігін әрі уақтылылығын тексеру;

5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес
өзге мәліметтерді берудің анықтығын, толықтығын, объективтілігі
мен уақтылылығын тексеру;

6) банк мүлігінің сақталуын қамтамасыз етудің қолданылып жүрген
тәсілдерін (әдістерін) тексеру;

7) банк жасаған операциялардың экономикалық мақсатқа лайықтылығын
және тиімділігін бағалау;

8) тармақша алынып тасталсын;

9) ішкі бақылау процестері мен рәсімдерін тексеру;

10) Қазақстан Республикасының нормативтік құқытық актілерінің
талаптарын сақтау мақсатында құрылған жүйелерді тексеру;

11) банк қызметкерлерін басқару қызметінің жұмысын бағалау;

12) анықталған тәуекелдер деңгейін төмендетуді немесе бөлімше
басшысының және (немесе) басқару органдарының банк үшін анықталған
тәуекелдердің жарамдылығы туралы қабылдаған шешімін құжаттандыруды
қамтамасыз ететін банк бөлімшелерін тексеру нәтижелері бойынша банк
бөлімшелері мен органдарының қабылдаған шараларының тиімділігіне бақылау
жасау;

13) банктің ішкі құжаттары көздейтін басқа мәселелер болып табылады.

26. Ішкі аудит қызметі сыртқы аудитордың үміткерін ұсынады.

27. Ішкі аудит қызметінің басшысы және қызметкерлері бір мезгілде
банктің басқа бөлімшелеріне басшылық (жетекшілік) жасап, сондай-ақ әрі
кредит комитеті мен банктің басқа органдарының мүшелері бола алмайды.

28. Ішкі аудит қызметінің басшысында және қызметкерлерінде жоғары
білім бар, азаматтық және банк заңнамаларын меңгерген, кәсіби
құзыреттілікті (нормативтік құқықтық актілер білімі мен қаржылық қызмет
көрсету және реттеу саласында кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар) меңгерген,
сонымен қатар экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы үшін, сыбайлас
жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы
өзге қылмыстары үшін заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе
алынбаған сотталғандығы болмайды.

29. Банк қызметкерлері өзінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру
процесінде заңсыз жолмен алынған кірістерді (ақшаның заңсыз жолмен өтуі)
және лаңкестік жолмен алынған заңдастырудың алдын алу бөлігінде Қазақстан
Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтайды.

30. Банк қызметкерлері мынадай мәмілелер (операциялар):

1) олардың шығу көздерін растайтын құжаттарсыз бес миллион теңгеден
астам банкке түске кез келген түсімдер (депозит, заем, банктің бағалы
қағаздарын сатып алу түріндегі);

2) қолма-қол ақша түрінде ақы төлей отырып бес миллионнан астам
сомаға кез келген мәмілелер;

3) корпоративтік бағалы қағаздармен жасалатын алыпсатарлық
операциялар;

4) растайтын құжаттарды ұсынбайқаржы құралына қойылатын талап
құқықтарын қайта ресімдеу немесе қайта табыстау;

6) заңдылығына күмән келтірілетін басқа операциялар немесе мәмілелер
туралы ішкі аудит қызметіне ақпарат береді.

31. Банктің ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру осы Нұсқаулықтың 2-
қосымшасында көрсетілген талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.

4-тарау. Қорытынды ережелер

32. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес шешiледi.

Екiншi деңгейдегi банктерде
тәуекелдердi басқару және iшкi
бақылау жүйелерiнiң болуына
қойылатын талаптар туралы
нұсқаулыққа 1-қосымша

Тәуекелдердi басқару жүйесiн
ұйымдастыруға қойылатын талаптар

Талаптардың атауы Талап критерийлері
Директорлар   кеңесі   ұзақ Директорлар      кеңесі    банк     
мерзімді      корпоративтік қызметінің стратегиясын бекітеді;
стратегияны қалыптастырды. банктің  корпоративтік  
стратегиясында  банк қызметінің қысқа
мерзімді  және ұзақ мерзімді мақсаттары
айқындалған; Қызметтің қысқа мерзімді 
және ұзақ мерзімді мақсаттарының
мерзімдерін банктер дербес айқындайды;
банктің   қысқа және ұзақ  мерзімді  
стратегиясы   жасалған және  банк
 қызметіне   бұрын  жағымсыз   әсер
еткен   факторларды   алып   тастау  
мақсатында үнемі жетілдіріліп отырады.
Директорлар кеңесі талаптары Директорлар       кеңесі      
корпоративтік басқарудың тиімділігінбанктегі       мүдделер қайшылығын реттеу
қамтамасыз ететін банк қызметін жөніндегі саясатты бекітті;
басқару саясатын белгіледі. директорлар    кеңесі    тәуекелдермен   
(кредит тәуекелі, процент тәуекелі,
өтімділікті жоғалту тәуекелі,   валюта 
тәуекелі)   байланысты   және
банктің      стратегиясына,     
саясатына      және рәсімдеріне    қайшы
келетін немесе    банкпен ерекше  
қатынастармен   байланысты   тұлғалар
үшін жеңілдік жағдайларын туғызатын   
банк операцияларының мониторингін
жүргізеді; директорлар       
кеңесі        банкпен        ерекше
қатынастармен    байланысты   
тұлғалар    үшін жеңілдік    
жағдайларын     туғызатын          банк
операцияларының мониторингін жүргізеді.
Директорлар кеңесі директорлар Банктің ішкі ережелері мен рәсімдерін
кеңесінде құрылған комитеттер арқылысақтауын бақылауды, ішкі және сыртқы
банк қызметінің мониторингін аудиторлардың есептерді орындауын,
жүргізеді. уәкілетті органның ықпал ету шараларын
және өзге де талаптарын жүзеге асыратын
ішкі аудит қызметі;
банктік заем операцияларының талаптарын
белгілейтін және бекітетін кредит
комитеті     заемдардың сапасын
қадағалайды және банктің меншікті
капиталының бес процентінен асатын
заемдарды беруге алдын ала рұқсат береді;
активтерді     және    
міндеттемелерді     басқару жөніндегі
комитет қарыз алу    ережелері мен
рәсімдерін, қаржы құралдарын сатып
алусату операцияларын  жүргізуді, 
инвестициялау  мен банктік  
кепілдіктер   беруді   белгілейді   және
бекітеді,    сондай-ақ    активтерді   
түрлендіру, тиімділік,      
өтімділік       және       капиталдың
жеткіліктілігі бойынша бағдарды
айқындайды.
Директорлар кеңесі банктің қаржылық Директорлар    кеңесі    ай сайын   
жағдайын бақылауға мүмкіндік беретінмынадай есептерді талдайды:
қажетті ақпаратты кезең-кезеңімен жиынтық      баланс      және     
алады, есепті кезеңдегі банктің өткен      жылмен салыстырғандағы 
қызметіне талдау және бағалау банктің  кірісі  мен  шығысы туралы  
жүргізеді. есеп   және   қызметтің   жоспарланған
көрсеткіштері;
инвестициялар    туралы:    қаржы   
құралдарын түрлеріне    қарай   
топтастыра    отырып    және баланстық
құнын, рыноктық құнын, кірістілігін және
сатып алу мен сатудың жалпы сомасын
көрсете отырып жасалған есептер;
оларға    қарсы    қалыптасқан   
провизиялардың көлеміне   жіктелген  
кредиттердің   қозғалысы туралы есептер;
банктермен ерекше қатынастармен
байланысты тұлғалар алған жаңа заемдар
туралы есеп.
Директорлар кеңесі тоқсан сайын мынадай
есептерге талдау жасайды:
процент тәуекелі бойынша банк позициясына
қысқаша талдау;
валюталардың    айырбас    бағамының   
ауытқу тәуекеліне банктің ұшырауына
қысқаша талдау; директорлар кеңесі
уәкілетті органның ықпал ету шараларын
және өзге де талаптарын орындамауының
себептерін, оның ішінде банк қызметіндегі
кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар
жоспарын түсіндіре отырып бақылау
жүргізеді.
Директорлар   кеңесі   жыл сайын    Директорлар   кеңесі  банктің    басшы
банктің     басшы қызметкерлерінің қызметкерлерінің    функционалдық  
функционалдық міндеттерінде міндеттері бойынша жыл сайынғы есептерді
мүдделердің  болуы мүмкін    талдайды; директорлар      кеңесі     
қайшылықтарын талдайды. директорлар      кеңесі мүшелерін, басшы
қызметкерлерді, банктің ірі қатысушысы   
болып    табылатын    тұлғаларды
және       банкпен       ерекше      
қатынастармен
байланысты өзге де тұлғаларды кредиттеу
жағдайын банктің басқа заемшыларына
қызмет көрсетумен, оның ішінде жеңілдік
жағдайлар беру фактілерін тексеру
мақсатында салыстырады;
директорлар кеңесі банкпен ерекше
қатынастармен байланысты тұлғалар
тізілімін ай сайын қол қояды;
Директорлар кеңесі жыл сайын есепті Директорлар     кеңесі     жыл    
жыл ішінде басқарма сайын     банктің ағымдағы     
қызметінталдайды. қаржы      жылына      жоспарланған
мақсаттарына    жетуге    арналған   
қызметтерін талдайды;
директорлар   кеңесі  
өзінің  құзыреті шегінде ағымдағы 
жылдың  мақсатты  көрсеткіштеріне банк 
қызметінің  нәтижелері   сәйкес  
келмеген жағдайда банк   
басқармасының    мүшелеріне шаралар
қолдана алады.
Басқарма банкті басқарудың Банктің ұйымдық-функционалдық құрылымының
ұйымдық-функционалдық құрылымын схемасы, оның ішінде:
қалыптастыру рәсімдерін белгілейді; банк   бөлімшесінің   немесе   банк  
ұйымдық құрылымы (ұйымдық жүргізетін операцияларға байланысты
құрылымының схемасы) банктің әрбір негізгі тәуекелдерді тәуекелсіз бағалау
қызметшісін қосуы міндетті емес, мен талдауға жауап беретін
бірақ оған банктің барлық басшы тәуекелдерді     басқару    
қызметкерлері кіреді. жөніндегі     тұлғаның өкілеттігі мен
міндеттерін;
олардың   функционалдық  міндеттеріне  
сәйкес келетін      банк     
басқармасы      органдарының құрылымын;
банктің        әрбір        басшы       
қызметкерінің лауазымдық міндеттері мен
өкілеттіктерін;
есепті жыл ішінде банктің басшы
қызметкерінің (басқарма мүшелерінен
басқа) қызметін бағалау тәртібін,   
оның    ішінде         банк    қызметінің
мақсатты  көрсеткіштерін  банк 
орындамағаны үшін  шара қолдануды  және 
жауапкершілікке тартылуды реттейді.
Директорлар кеңесі Қазақстан Жылдық бюджеттер мен стратегиялық
Республикасының, шет елдердің, жоспарлар жасауды басқарма ағымдағы және
банктің клиенті болып табылатын болашақтағы бәсекелестікті, экономикалық
резиденттердің болашақтағы орта мен нормативтік құқықтық базаны,
экономикалық жағдайларын және банк капиталының қосымша қажетті мөлшерін
әлемдік қаржы және тауар және банк капиталын қаржыландырудың жаңа
рыноктарының конъюктурасын ескере ұзақ мерзімді көздеріне қол жеткізуді
отырып, қысқа мерзімді кезеңге ескере отырып жүргізеді.
жылдық бюджеттіқаржы жоспарын жасау
және ұзақ мерзімді кезеңге жоспарлау
тәртібін бекітеді
Басқарма банк жүргізетін Тәуекелдерді     басқару    
операцияларға байланысты әлуетті функциясын     жүзеге асыратын банк
және ықтимал тәуекелдерді бөлімшесі   әлемдік тауар және
сәйкестеңдіреді және бағалайды, қаржы       рыноктарына      
тәуекелдерді басқарудың реттелген теріс        динамика жағдайында меншікті
рәсімдерін қолданады. капиталдың, кірістіліктің және
өтімділіктің жеткіліктілігін бағалау
әдісін пайдаланады; Басқарма   
әлуетті    және    ықтимал    тәуекелді
білдіретін   ішкі   және   сыртқы  
экономикалық факторларды 
сәйкестендіреді  және  талдайды,
олардың     банктің     қаржы    
көрсеткіштеріне әсерінің дәрежесін
бағалайды;
директорлар кеңесі бекіткен жиынтық
лимиттер бөлігінде    басқарма    банк   
операцияларының түрлері бойынша жеке
алғанда тәуекелдердің рұқсат мөлшеріне
лимитті айқындайды.
Басқарма банктің ықтимал және Басқарма олардың ай сайынғы есебі
әлуетті тәуекелдеріне бақылауды негізінде тәуекелдердің    түрлері    
жүзеге асырады. бойынша     жиынтық лимиттерді сақтауын
бақылайды; басқарма   банк  
бөлімшелерінің   әлуетті   және ықтимал  
тәуекелдерді   басқарудағы   саясатты
сақтауын бақылайды, банк бөлімшелерінің
олар үшін белгіленген лимиттер шегінде
тәуекелдер мөлшерін    сақтауына   
мониторингті    жүзеге асырады.
Банк банк тәуекелдерін түрлендіру Басқарма     олар     жүргізген    
(бөлу) саясатын ұстайды. операциялардың түрлері    бойынша   
тәуекелдерді    бөлу,    яғни меншікті
капитал мен төлем қабілеттігін сақтау
мақсатында оларға байланысты тәуекелді
ескере отырып,   банк   операцияларының  
құрылымын және       көлемін      
қалыптастыру       саясатын қолданады   
және    оны         банктің    жауапты
бөлімшелерінің орындауын бақылайды;
банкте    түрлендіру    саясатын   
іске    асыруды қамтамасыз    ететін   
ұйымдық-функционалдық және операциялық
құрылымы бар.
Банктің ұйымдық және Тәуекелдерді басқару саясаты:
функционалдық құрылымы, банктің банктік басшы қызметкерлерінің
қаржы қызметі жөніндегі шешімдерін өкілеттіктері мен    функционалдық   
қабылдау рәсімдері банктің ішкі міндеттерін    реттейтін, оның ішінде
саясатымен реттелген. банк операцияларын жасау мен оларға   
байланысты    тәуекелді     бақылаудың
дұрыстығына             қосарланған      
бақылауды қамтамасыз етуді қарастыратын
ережелер;
ішкі бақылау қызметі басшы
қызметкерлердің банк қызметін басқару
жөніндегі өкілеттіктері мен функцияларын
шоғырландыруын анықтауға тексеру
жүргізеді;
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау
жөніндегі саясат директорлар кеңесі,
басқарма мүшелерінің және банктің жауапты
қызметкерлерінің тәуекелдерді басқару
бойынша өкілеттіктері мен функционалдық
міндеттерін айқындайды.
Банкте басқарма мен директорлар Банктің ағымдағы қаржы жағдайы туралы
кеңесіне банктің ағымдағы қаржы ақпарат форматтары және олар қабылдаған
қызметі және банк қабылдаған тәуекелдер басқару есебінің белгілі бір
тәуекелдердің мөлшері туралы нысандары түрінде стандартталған, оның
ақпаратты кезең кезеңмен алуға ішінде кредит, процент тәуекелдері,
мүмкіндік беретін басқару есебі мен өтімділікті жоғалту тәуекелі, валюта
есеп беру жүйесі бар. тәуекелі, елдіңтрансферт тәуекелдерін
сәйкестендіреді және өлшейді, сондай-ақ
тәуекелдерге ұшырау дәрежесі, белгіленген
лимиттер шегінде олардың сақталуы
айқындалады; Банктің директорлар
кеңесіне және басқармаға ұсынылатын
басқару ақпаратының тізбесі директорлар
кеңесі мен басқарманың тәуекелдерді
басқару жөніндегі өзінің функционалдық
міндеттерін тиісті түрде орындауы үшін
жеткілікті болуы керек.
Функциялары тәуекелдерді басқару Тәуекелдерді басқару жөніндегі
бойынша ресімдерді қарастыратын бөлімшенің қызметкерлері тәуекелдерді
қызметкерлерге білікті талаптар басқару бойынша функционалдық міндеттерді
тәуекелдерді басқару жөніндегі жүзеге асыру үшін стажының, тиісті
банктің ішкі саясатымен белгіленеді.біліктілігі пен жұмыс тәжірибесінің
болуын қарастыратын басшы қызметкерлерге
қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес
келеді.
Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше
және ішкі бақылау қызметі
қызметкерлерінің функционалдық міндеттері
олар жүргізетін операцияларға сәйкес
келеді.
Басқарма      және      банк Ішкі саясатпен банктің кірісін
операцияларын       жүзеге (шығысын), оның ішінде банктік қызмет
асыруға    жауапты    банк көрсетулердің түрлері, банктің     
бөлімшелерінің басшылары            аумақтық      және      функционалдық
банктің директорлар             бөлімшелері    бойынша    ай сайын,
кеңесі бекіткен              сондай-ақ шоғырландырған негізде тоқсан
лимиттер шегінде    оларды    сақтаусайын бақылап отыратын банк бөлімшесін
мақсатында                 банк белгіленді.
кірістерінің Ішкі саясатпен директорлар кеңесі
(шығыстарының)           ай белгілеген жиынтық     лимиттер     
сайынғы       мониторингін шегінде      бөлімшенің қызметіне
жүргізеді. байланысты кірістерді (шығыстарды)
басқару жөніндегі банк бөлімшесінің
өкілеттігі қарастырылған.
Бөлімше     қабылданатын    
тәуекелді     ескере отырып, банктің
күтіліп отырған    кірістеріне бағалау
(есептеу) жүргізеді.
Басқарма директорлар кеңесі Басқарма  жаңа   банктік     қызметті  
белгілеген рұқсат етілген жоспарлы түрде көрсетуге байланысты
лимиттерді, оның ішінде тәуекел мен меншікті капитал мен әлуетті
кірістілікке, тәуекел мен банктік тәуекелдердің динамикасына талдау
меншікті капиталына қатысты жасайды.
лимиттерді сақтай отырып, банк Басқарма     директорлар      кеңесі     
операцияларын жүзеге асыруға жауаптыбелгілеген тәуекелдердің    жиынтық   
банк бөлімшесі бойынша қаржы лимиттері    шегінде қаржы операцияларын
ресурстарын бөлудің мониторингін жүзеге  асыратын банк бөлімшелерінің    
жүргізеді. әрқайсысы     үшін     тәуекел лимитін
айқындайды.
Банктің  ішкі   саясатымен Басқарма тартылатын депозиттер мен
банк                   көрсететін берілетін кредиттер     бойынша    
қызметтің құнын оларды сыйақы     ставкаларын белгілеу жөніндегі
көрсетуге       байланысты саясатты бекітті.
шығыстарға, кірістершығыстар Сыйақы ставкаларын белгілеу жөніндегі,
жоспарларына, экономикалық оның ішінде сыйақы ставкаларын белгілеу
жағдайлардың конъюктураларына, рәсімдерін реттейтін саясат.
қаржы рыногына және тәуекелдерге
байланысты белгілеу қарастырылады;
Тәуекелдерді          басқару Директорлар     кеңесі     бекіткен    
бөлімшесі  банктің қаржы тәуекелдерді басқару         
көрсеткіштерінің       және жөніндегі          саясат          қаржы
банктің                  еншілес көрсеткіштерінің    шоғырландырылған   
ұйымдарының     қызметін негізде қабылданған      
ескере                    отырып, тәуекелдер       мониторингінің
шоғырландырылған негізде           рәсімдерін айқындайды.
қабылданған тәуекелдердің Директорлар кеңесі айқындаған банк
мониторингін жүргізеді; тәуекелінің     жиынтық    
лимиттері      шегінде еншілес ұйымдар
үшін тәуекелдер лимиттерін растайды.
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі Тәуекелдерді     басқару    
банктің еншілес ұйымдарының бөлімшесі     еншілес ұйымдар    мен   
тәуекелдер мөлшерінің тоқсан сайынғыбанк    холдингтерінің    қаржы қызметіне
мониторингін жүргізеді және еншілес мониторингті жүзеге асырады.
ұйымдардың тәуекелдерді өлшеуінің Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің
дұрыстығын және шынайлығын банктердің банк холдигтерімен жасалатын
бағалайды. операцияларын тексеру жөнінде
өкілеттіктері бар.
Директорлар     кеңесі     банк    
холдингтерімен жасалатын         
мәмілелердің          шарттарына
қойылатын талаптарды белгілейді.
Басқарма   банк   холдингі    болып   
табылатын тұлғалар     ұшырайтын    
тәуекелдер     туралы, сондай-ақ банк
холдингтері қабылдаған, банктің қызметіне
әсер етуі мүмкін тәуекелдер туралы
мәліметтерді талдайды.
Басқарма    банктің    шарт Банк бөлімшелері өз қызметінің Қазақстан
қатынастарын,     уәкілетті Республикасының заңнамаларына, банктің
органның       нормативтік ішкі ережд елері және құжаттарына сәйкес
құқықтық   актілерін,   заң келуіне баға береді
талаптарын,                банк Ішкі  бақылау  қызметі   банк 
операцияларын жүргізудің ішкі қызметінің  жаңа түрлерін    ендіру   
саясатын сақтауына тұрақты түрде кезінде   банк    қызметін реттейтін   
мониторингті          жүзеге нормативтік    қүқықтық    актілерді
асырады. сақтауға      байланысты     
банктік      қосымша тәуекелдерінің пайда
болу мүмкіндігіне бағалау жүргізеді.
Басқарма   банк   қызметін
реттейтін        нормативтік
құқықтық актілерді сақтау бойынша   
саясатты банк бөлімшелерінің
орындауына
мониторингті жүзеге асырады;
Басқарма директорлар кеңесіне және Директорлар кеңесі басқарманың  
банктің акционерлеріне банктің директорлар кеңесі мен банк
қызметі туралы қаржы және басқару акционерлеріне банктің қаржы
есебін ұсынады; көрсеткіштерін бағалау мүмкіндігін
қамтамасыз ететін    қаржы    және   
басқару   есебін   ұсыну нысандары мен
мерзімдерін бекітті.
Директорлар    кеңесі    ішкі   
бақылауды    және тәуекелдерді  
басқаруды   жақсарту   жөніндегі
ішкі          аудиторлардың        
қорытындыларын талдайды.
Басқарма  тәуелсіз халықаралық Есеп және есеп беру жөніндегі банк
аудиторлық ұйымдардың қорытындылары саясаты сонымен бірге банк аудиті
негізінде банктің  есебі  және  есепбарысында мынадай мәселелерді
беру жүйесін жақсартуды жүргізеді. қарастырады:
күн сайынғы баланстарды өңдеудің
дұрыстығы;
банктің    есеп    саясатының    қаржы   
есебінің халықаралық стандарттарына
сәйкестігі;
қаржы есептерімен бухгалтерлік негізсіз
айла әрекет жасау фактілерінің болуы;
жіктелген активтер және шартты
міндеттемелер бойынша            
провизиялар             (резервтер)
қалыптастырудың дұрыстығы;
банктің есеп саясатында белгіленген
талаптарға есеп   және   есеп   беруді  
жасау      әдістерінің сәйкестігі;
жылдық есептегі банктің және оның еншілес
ұйымдарының   құрылымы   мен      
тәуекелдер мөлшерін ашудың толықтығы мен
дұрыстығы.
Басқарма        директорлар Тәуекелдерді     басқару    
кеңесіне    кейін        тиісті бөлімшесі     меншікті
есепті бере отырып,   банк капиталдың         
қызметіндегі экономикалық жағдайдың жеткіліктілігше,          мынадай
дағдарысты көрсеткіштеріне      факторлардың тиімділігі мен өтімділігіне
талдау жасайды. әсерді болжайды: мұнайға      бағаның
     төмендеуі;      Қазақстан
Республикасының       тәуелсіз
рейтингінің  үш айда бір деңгейге және
бір жылда екі деңгейге төмендеуі;
шетел    банктері    ставкаларын   
көтерді    және Қазақстан   
Республикасына    банктер    беретін
заемдар бойынша мерзімдерді қысқартты;
теңгенің құнсыздануы.
Басқарма             меншікті Тәуекелдерді басқару бөлімшесі:
капиталдың жеткіліктілігін банктің    баланстық    және   
және    кез келген         баланстан    тыс есептерге,           
факторлардың басталуы              сондай-ақ            экономикалық
кезіндегі өтімділікті               жағдайлардың өзгеруіне сезімтал кірістер
қолдау жөніндегі         шараларды және шығыстар шоттарына; банктің    
әзірледі. баланстық     және     баланстан     тыс
есептерге,    сондай-ақ   банк  
холдингі    болып табылатын еншілес
ұйымдар мен тұлғалардың кірістер және
шығыстар шотына; банк алған
синдикатталған заемдар және өзге де
сыртқы заемдарды ставкаларын артыру және
өтеу мерзімдерін азайтуға; заңды   
және    жеке    тұлғалардың   депозиттер
көлемінің ықтимал төмендеуіне;
өтімділіктің   төмендеуі,    қаржы   
құралдарына бағаның өзгеруіне;
мұнай       газ       секторының      
және       оның инфрақұрылымының   
субъектілеріне    берілген заемдарды
қайтармау деңгейіне; шетел     
валютасында      берілген      заемдарды
қайтармау деңгейіне үнемі талдау
жүргізеді.
Банкте тұтыну заемдары бойынша Тұтыну заемын алуға берілетін
кредит скорингінің үлгісі болады. өтінімдерді өңдеуді тіркеу процесін
автоматтандыру;
соңғы бес жыл ішіндегі тұтыну заемдары
бойынша деректердің тарихи базасының
болуы;
тұтыну заемдарын берудің талаптарын,
бекітудің рәсімдерін және мониторингін
айқындайтын ішкі саясаттың болуы;
заемшылардың скорингтік бағалауының және
рейтингтік жүйенің ішкі
автоматтандырылған математикалық немесе
статистикалық үлгісінің болуы;
скорингтің қолданылатын үлгілерінің
сапасын жыл сайын тексеру.
Банктің директорлар кеңесі бекіткен Саясат:
тұтыну заемдарын берудің талаптарын,сапалық және сандық сипатқа негізделген
бекітудің рәсімдерін және кредит скорингінің көмегімен заемшының
мониторингін айқындайтын ішкі саясаткредит қабілеттілігінің болу, оның
болады. ішінде:
заемшының тұрақты және жеткілікті
кірісінің болу;
жұмыс орны мен қызметі;
ағымдағы кәсібі бойынша жұмыс ұзақтығы;
кепіл ретінде қабылданған жылжымайтын
мүлігінің болу;
несие берешегінің болу, оның ішінде басқа
банктердің алдында;
банк заемдары бойынша төлем тәртібі;
кредит тарихының болу;
заемшының ішкі кредит рейтингін белгілеу;
заемшы берген деректердің шынайылығын
айқындау;
тұтыну заемдарының мониторингі мен оларды
жіктеу;
тұтыну заемдары бойынша провизияларды
қалыптастыру тәртібін айқындайды.
Басқарма банктің және оның еншілес Кездейсоқ жағдай туындаған жағдайға
ұйымдарының қаржылық тұрақтылығына арналған жоспарды әзірлеген кезде банк
әсерін тигізуі мүмкін кездейсоқ мынадай факторларды ескереді:
жағдайлар туындаған жағдайға ықтимал кездейсоқ жағдайлардың түрлері
арналған жоспарды, оның ішінде мен сипатын, олармен байланысты банктің
мыналар бойынша шараларды қамтыған күнделікті жұмыс істеу режиміне және оның
ішкі құжатты әзірлейді: өзіне қабылдаған міндеттерін орындау
банктің өзіне қабылдаған қабілетіне жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін
міндеттемелерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпоративтік басқару жайлы
Коммерциялық банктің негізгі операциялары
Альянс Банк
«Forte bank» АҚ
Мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфроқұрылымдарды және өңдеуші өндірістерді дамыту жолдары
«АТФБанк» АҚ-ның негізгі қызметтерін ұйымдастыру
Клиенттерге берілген несиелер
Тұран Әлем Банкі АҚ
«АТФ Банк» акционерлік қоғамы - коммерциялық банк
Ұйымдарды корпоративтік басқару
Пәндер