Ұлттық Банктің кәсіпорындар мониторингі жүйесінің ұйымдық құрылымын құру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

Директорлар кеңесінің

2007 жылғы 30 мамырдағы

№ 113 қаулысымен

бекітілген

Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін мониторингінің 2007-2011
жылдарға арналған тұжырымдамасы

Мазмұны

I. Кіріспе
II. Кәсіпорындардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін
мониторингін ұйымдастырудың негізгі мақсаты, міндеттері, қағидаттары
III. Кәсіпорындар мониторингі тұжырымдамасын іске асырудың 2000-2006
жылдардағы негізгі қорытындылары және кәсіпорындар мониторингін одан
әрі дамыту проблемалары
IV. Нақты сектор кәсіпорындарының мониторингін дамытудың 2007-2011
жылдарға арналған басым бағыттары
V. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде кәсіпорындар мониторингін
жүргізудің функционалды схемасы

Қосымша:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде кәсіпорындар мониторингін
жүргізудің функционалдық схемасы.

I. Кіріспе

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің
Қазақстан экономикасының нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі
туралы 2000 жылғы 18 наурыздағы № 103 қаулысының аясында Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) мониторинг
жүйесін құру, оның бірінші даму сатысында жұмыс істеуі мақсатында қойылған
мақсаттар тұтастай алғанда орындалды. Қалған жекелеген проблемалар, сондай-
ақ одан әрі дамудың жинақталған өз тәжірибесіне және шетелдердің орталық
банктерінің тәжірибесін зерттеуге байланысты негізді мәселелері келесі орта
мерзімді кезеңге арналған Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының
мониторингі тұжырымдамасын әзірлеу қажеттілігіне себепші болады.
Осы Ұлттық Банк жүргізетін Қазақстан Республикасы экономикасы нақты
секторының кәсіпорындары мониторингінің тұжырымдамасы (бұдан әрі –
Тұжырымдама):
кәсіпорындар мониторингін одан әрі дамытудың басым бағыттарын және
оның нәтижелерін пайдалануды;
Ұлттық Банктегі Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының
мониторингі автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе (бұдан әрі – ЭНСКМ
ААШЖ) шеңберінде осы бағыттарды іске асыру жөніндегі қажетті шараларды
айқындау және іске асыру мақсатында 2007-2011 жылдарға арналып әзірленді.
Осы Тұжырымдамада айтылған басымдықтарда сондай-ақ Қазақстан
Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған
тұжырымдамасының Қаржы секторын мемлекеттік басқаруды нығайту және сапасын
арттыру 3.1-бөлімінің ережелері Ұлттық Банк жүргізетін кәсіпорындар
мониторингін жандандыру және жетілдіру қажеттілігі бөлігінде ескеріледі.
Тұжырымдамаға жоғарыда көрсетілгендермен қатар кәсіпорындар
мониторингінің құрамдас бөліктері, кәсіпорындардан бастапқы деректерді
жинау және өңдеу кезеңдері және түпкілікті нәтижелерді пайдалану бағыттары
көрсетілетін кәсіпорындар мониторингі жұмыс істеуінің жалпы схемасы кіреді.

II. Ұлттық Банкте кәсіпорындар мониторингін ұйымдастырудың негізгі
мақсаты, міндеттері, қағидаттары

Ұлттық Банктегі нақты сектор кәсіпорындары мониторингінің негізгі
мақсаттары:

экономикадағы негізгі үрдістерді экономикалық талдау және қысқа
мерзімді болжау жүйесін жетілдіру;

ақша-кредит саясатының операциялық рәсімдерін және құралдарын
жетілдіру, оның тиімділігін арттыру болып табылады.
Жұмысқа Ұлттық Банктің филиалдарын тарту негізінде жүргізілетін
кәсіпорындардың жүйелі мониторингі экономикалық конъюнктураның қаржылық жай-
күйін, өндірістік, инвестициялық белсенділігін және өзгеруін талдау үшін
жедел және объективті ақпарат алуға және осы бастапқы ақпарат негізінде
макро және аймақтық деңгейлердегі маңызды теңгерімдер және құрылымдық
өзгерістер қысқа мерзімді болжау жасауға мүмкіндік береді. Тауарлар және
қызмет көрсетулер өндірісі саласындағы кәсіпорындар деңгейіндегі үрдістерді
талдау және макро деңгейдегі біріктіру динамиканы нығайтуға және макро
көрсеткіштерді болжауды жетілдіруге мүмкіндік жасайды.
Осы міндеттерді шешу іс жүзінде негізгі міндет – ресми қайта
қаржыландыру ставкаларын белгілеуге (Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі туралы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес) қажетті
инфляцияның деңгейін және инфляциялық күтулерді бағалауды ақпараттық
талдаумен қамтамасыз етуді шешуге және мемлекеттік ақша-кредит саясатын
жүргізу шеңберінде басқа шешімдерді қабылдауға мүмкіндік жасайтын болады.
Кәсіпорындар мониторингінің жоғарыда көрсетілген міндеттерін макро
деңгейде тиімді шешу, бірінші кезекте, кәсіпорындарды сала және аймақ
бойынша іріктеудің көрнекілігіне қол жеткізуге байланысты. Бұл аймақтық
деңгейде мынадай міндеттерді шешу қажеттілігіне себепші болады:
кәсіпорындардың аймақтық көрнекі іріктеуін қалыптастыру;
аймақ экономикасының нақты секторының экономикалық конъюнктурасының
және қаржылық жағдайының өзгерісін тепе-тең көрсету;
банк секторының аймақ экономикасының қаржылық емес секторына әсер
етуін бағалау.
Осы міндеттер Ұлттық Банктің аймақтық филиалдары үшін кәсіпорындар
мониторингі бойынша жұмыс шеңберінде негізгілер болып табылады.
Кәсіпорындар мониторингін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары.
Кәсіпорындар мониторингін ұйымдастырудың негізі кәсіпорындардың осы
жұмысқа қатысуға ерікті келісуі болып табылады.
Кәсіпорындарды мониторингке қатысуға тарту мақсатында Ұлттық Банктің
олар үшін кәсіпорынның көрсеткіштерін орташа салалық деңгеймен салыстыра
отырып бағалаудан тұратын кезекті мониторингтің нәтижелері бойынша
жіберілетін талдама материалдарды қалыптастыруы көзделеді.
Кәсіпорындардың Ұлттық Банктің мониторингке қатысуы үшін олардың
жүйелі түрде жіберіп отыратын жіберілетін талдама материалдармен қолдау
жасалатын мүддесі мониторингтің маңызды қағидаты болып табылады, түпкілікті
нәтижесінде кәсіпорындарды іріктеудің тұрақтылығы, кәсіпорындардың
мониторингі нәтижесінде қалыптастырылатын бірқатар деректер мен талдама
ақпараттың сапасы соған қатысты болады.
Жоғарыда көрсетілгендермен қатар кәсіпорындар мониторингінің негізгі
қағидаттарына сонымен бірге мыналар жатады:
Ұлттық Банктің және оның аймақтық филиалдарының нақты кәсіпорыннан
алынған ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз етуі;
кәсіпорындардың оларды толтыру үшін талап етілетін көрсеткіштері мен
ең аз уақытты бір мағынада түсінуі тұрғысынан алғанда пікіртерім
сауалнамаларының қарапайым болуы;
кәсіпорындар мониторингін жүргізудің сауалнамалар толтыруға және
кәсіпорындардан оларды алуға қатысты және сол сияқты бастапқы деректерді
өңдеуге, талдау материалдарын қалыптастыру мен оларды Ұлттық Банк
басшылығына ұсынуға қатысты оралымды болуы.
Микро, өңірлік және макро деңгейлерге талдау мен қысқа мерзімді
болжау кәсіпорындар мониторингі шеңберінде ақпаратты неғұрлым оралымды алу
және пайдалану мүмкіндігінің өзі Ұлттық Банк үшін экономиканың нақты
секторының кәсіпорындары мониторингінің іс жүзіндегі мәнін айқындайды,
өйткені қолданылып жүрген жылдық және тоқсандық есептілік есепті кезең
аяқталғаннан соң айтарлықтай кешіктіріліп ұсынылады. Сонымен қатар
кәсіпорындар мониторингі нәтижесінде алынған ақпарат талдау және болжау
мақсатында пайдаланылған кезде қолданылып жүрген статистикалық есептілікті
жоққа шығармайды, қайта оны толықтырады.

III. Кәсіпорындар мониторингінің тұжырымдамасын іске асырудың 2000-
2006 жылдардағы негізгі қорытындылары және кәсіпорындар
мониторингін одан әрі дамыту проблемалары

Ұлттық Банк жүйесінде ЭНСКМ ААШЖ шеңберінде кәсіпорындар
мониторингін құрудың бірінші кезеңінде (2000 жыл) мына төмендегідей
ұйымдастыру-әдістемелік іс-шаралары іске асырылды, сондай-ақ нақты секторда
қалыптасып отырған ахуал және оның қысқа кезеңдегі ықтимал өзгерісі туралы
талдау материалдары түрінде Ұлттық Банк басшылығына тұрақты ұсыну үшін
мониторингтің іс жүзіндегі алғашқы нәтижелерін алу мақсатында пилоттық
жобаны ендіру жүргізілді:
Ұлттық Банк жүйесінде кәсіпорындар мониторингінің әдістнамасы
әзірленді;
Ұлттық Банктің аймақтық филиалдары кәсіпорындардан алғашқы
деректерді жинау үшін пікіртерім сауалнамалары мен нұсқаулық-әдістемелік
материалдардың макеттерін әзірледі;
деректерді автоматтандырылған түрде өңдеу үшін жіктемелер мен
сөздіктер әзірленді;
олардың аймақ экономикасына қосқан үлестерінің критерийлері
бойынша, қызметінің біркелкілігі, түрі және басқа да белгілері бойынша
аймақтық бөлікте мониторингтің бірінші кезеңі кәсіпорындарын іріктеу жүзеге
асырылды;
Ұлттық Банктің аймақтық филиалдарының мамандарын кәсіпорындар
мониторингін ұйымдастыру бойынша бастапқы оқыту бағдарламасы әзірленді және
іске асырылды;
деректерді бастапқы жинауды жүргізуге байланысты ұйымдастыру
жұмыстары кешенді түрде орындалды (пікіртерім сауалнамалары мен нысандарын
жіберу және жинау, кәсіпорындар оларды толтырған кезде әдістемелік көмек
көрсету және басқалары);
Ұлттық Банк басшылығының қызметін талдамалы қамтамасыз ету
мақсатында кәсіпорындар мониторингін пайдаланудың шетелдік тәжірибесі
мұқият зерделеніп, қолданылды;
тоқсан сайынғы кәсіпорындар мониторингінің нәтижелері бойынша
Ұлттық Банк басшылығы үшін ақпараттық-талдау материалдарын қалыптастыруды
қамтитын ЭНСКМ ААШЖ пилоттық жобасын әзірлеу, эксперименталдық және
тәжірибелік пайдалану жөнінде жұмыс бағдарламасы жүзеге асырылды.
Кәсіпорындар мониторингінің кейінгі даму кезеңдерінде (2001 жылдан
бастап) мынадай іс-шаралар іске асырылды:
шет елдердің орталық банктерінің тәжірибелері негізінде Ұлттық
Банктің ақша-кредит саясатын ақпараттық-талдаумен қамтамасыз ету мақсатында
кәсіпорындар мониторингін пайдаланудың әдіснамасы жетілдірілді;
аймақтардың, салалардың деңгейлері мен макродеңгейді қамти отырып,
кәсіпорын мониторингінің нәтижелерін біріктірілген талдау нысандары мен
әдістері айқындалды;
Ұлттық Банк басшылығы үшін талдау материалдарын қалыптастыра
отырып, кәсіпорындар мониторингінің нәтижелерін қайталама өңдеу бойынша
бағдарламалық өнімдер жасалды және жетілдірілді;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аймақтық филиалдарының
Ұлттық Банктегі кәсіпорындар мониторингі жүйесін құрудың бірінші кезеңіне
қатыспаған мамандарын оқыту және дайындау бойынша іс-шаралар жүргізілді;
кәсіпорындар мониторингінің элементтерін дамыту өткен кезеңдерде
анықталған проблемаларды талдау және шешу, ЭНСКМ ААШЖ бұдан әрі дамыту
бойынша ұсыныстарды Ұлттық Банк басшылығына дайындау және ұсыну негізінде
жүзеге асырылады;
экономиканың нақты секторы кәсіпорындары бойынша облыстар
бөлігінде ақпарат жинау, сақтау және өңдеудің ақпараттық жүйесі құрылды
(Ақпарат технологиясы департаментінің тікелей қатысуымен);
ЭНСКМ ААШЖ тоқсан сайынғы режимде жұмыс істеуін қамтамасыз
ететін нормативтік және әдістемелік құжаттар әзірленді;
кәсіпорындар мониторингі жүйесінің ұйымдастыру құрылымына қатысты
Зерттеу және статистика департаментінің құрамында Кәсіпорындар мониторингі
бөлімі құрылды, ол ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты, Ұлттық Банктің
орталық аппараты мен аймақтық филиалдарының осы бағыттағы жұмыстарын
үйлестіруді жүзеге асырады.

2000-2006 жылдары кәсіпорындар мониторингін жүргізу барысында
кәсіпорындар мониторингі жүйесін одан әрі дамыту айтарлықтай дәрежеде
оларды басымдықпен шешуге тәуелді болатын мәселелер мен проблемалар
анықталды. Бұл проблемаларды екі топқа бөлуге болады:
1) Кәсіпорындарды көрнекі іріктеуді қалыптастыру проблемалары.
Оларға:
кәсіпорындарға жіберілетін талдау ақпаратын жетілдіру. Бұл ақпарат
кәсіпорындардың Ұлттық Банктегі мониторингке тұрақты қатысуға мүдделілігін
қамтамасыз етуі және іріктеуді көрнекі деңгейге дейін кеңейтуге мүмкіндік
беруі тиіс. Осы мәселенің түбірлі мәні бар, өйткені кәсіпорындар
мониторингі жүйесінің тұтастай алғанда өміршеңдігі (кәсіпорындар
пікіртерімге ерікті тұрде қатысқан жағдайда) және бірдейлік және салыстыру
талаптарын қанағаттандыратын деректердің сапалы бастапқы қатарын
қалыптастыру оның шешімін табуына тәуелді. Осындай ақпараттық база ғана
кейінгі өңдеу барысында кәсіпорындар мониторингінің түпкілікті нәтижелері
ретінде талап етілетін талдамалық шолуларды жиынтық деңгейде алуды
қамтамасыз ете алады;
Ұлттық Банк филиалдары мамандарының кәсіпорындармен жұмысын пікіртерім
жүргізу барысында да, сол сияқты пікіртерімдердің нәтижелері бойынша
жіберілетін талдама ақпараттарды қалыптастыру барысында жақсарту. Филиалдар
мамандарының жеткілікті түрдегі жоғары біліктілігін талап ететін
кәсіпорындардың олар үшін неғұрлым пайдалы деректерді нақты қажет етуін
анықтауға және есебін жүргізуге бағытталған жеке тәсілдерді барған сайын
жоғары деңгейде іске асыру қажет. Сонымен қатар, ақпараттық пайдалылық
дәрежесімен қатар, кез келген зиян шегуді болдырмаудың мүмкіндігі осыған
тәуелді болғандықтан жұмысты уақтылы орындауды қамтамасыз ету қажет.
Мысалы, пікіртерім сауалнамаларын толтыру мәселелері бойынша
кәсіпорындармен тоқсанның 1-ші айының 5-10 күндерінен кешікпей жұмыс істеу
қажет (әдетте, телефонмен), себебі бұл мерзімнен кейін кәсіпорындарда
мемлекеттік есептіліктер дайындау және т.б. кезеңдер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің несиелік операциялардың теориясының аспектілері
Кәсіпорынды дамытуды стратегиялық жоспарлау
Қарыз алушы туралы ақпарат
Банктік менеджмент және оның ерекшеліктері
Қаржы менеджменті банктік менеджменттің құрамдас бөлігі және аясы ретінде
Несиені қайтаруға ынталандыру
Әлемдік банк жүйелері
Банктік тәуекелді басқару
КХП АҚҚАЙНАР АҚ - НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Банктің директорлар кеңесі банк
Пәндер