Қостанай облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2007 - 2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Әкімдiктiң
_____________ жылғы
№ ________
қаулысына қосымша

Жоба

Қостанай облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын
алудың 2007-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы

Қостанай қаласы,
2007 жыл

МАЗМҰНЫ

1. Бағдарламаның паспорты

2. Кiрiспе

3. Мәселенiң қазiргi жай-күйiн талдау.

4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi.

5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және оны iске асыру тетiгi.

6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi.

7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже.

8. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар.

1. Бағдарламаның паспорты

Қостанай облысында кәмелетке толмағандар
Бағдарламаның атауы арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың
2007-2011 жылдарға арналған өңірлік
бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасының “Кәмелетке
негiздеме толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын
алу және балалардың қадағалаусыз және бағып
қағусыз қалуын болдырмау туралы”Заңы. Облыстық
мәслихаттың 2005 жылғы 8
шiлдедегi №205 “Қостанай облысында құқық
бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен
күресудiң 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік
бағдарламасы” шешiмi Қостанай облысы
прокуратурасының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы
алқа мәжiлiсiнiң қаулысы.
Бағдарламаны “Қостанай облысының бiлiм беру
әзiрлеушi департаментi”мемлекеттік мекемесі
1 - кезеңнiң мақсаты Кәмелетке толмағандар арасында құқық
(2007-2009 жылдар) бұзушылықты болдырмау жөнiндегi шаралардың
кешендi жүйесiн құру.
2 - кезеңнiң мақсаты
(2010-2011 жылдар) Өмiрдiң қиын жағдайларына тап болған,
қаңғыбастылық пен әлеуметке жат қылықтарға
бейiм балаларды әлеуметтiк бейiмдеу мен
оңалтуға себеп болушы, бiлiм беру ортасының
әлеуетін дамыту.
1 - кезеңнiң Жергiлiктi билiк мекемелерi мен қоғамдық
мiндеттерi ұйымдардың жоғары құқықтық және өнегелi
(2007 – 2009 жылдар) мәдениетiн қалыптастырудағы iс әрекетiн келiсе
отырып жүргiзiлуiн қамтамасыз ету және
кәмелетке толмағандар арасында олардың
тәртiбiнiң шектен шығып кетуiне жол бермеу.
Облыстың құқық қорғау органдары тарапынан
қылмыс жасаушы және әкiмшiлiк құқық бұзушы
немесе соған бейiм тұратын кәмелетке толмаған
балаларды дер кезiнде анықтау, есепке алу және
олармен профилакитикалық жұмыс жүргiзу.
Алкоголь iшiмдiгiн, нашақорлық пен
токсикоманиямен айналысатын немесе психикаға
зор әсерiн тигiзетiн заттарды қолдануға бейiм
балаларды анықтау, есепке алу және кейiннен
оларды сауықтырып оңалту, кәмелетке
толмағандар арасында медициналық
профилактикалық жұмыс жүргiзу.
Кәмелетке толмағандардың iсi жөнiндегi
облыстық және өңірлік комиссиялары жұмысының
маңыздылығы, олардың құқықтарының қорғалуын
жетiлдiру.
2009 жылға дейiн Алтынсарин, Аманкелдi,
Жанкелдин, Қарабалық, Қарасу, Меңдiқара,
Науырзым, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл, Федоров
аудандары мен Арқалық қаласында, аудан
орталығынан шетте орналасқан ауылдық
мектептердің жанынан бос уақыт өткізу
орталықтарын ашу, спорт алаңдарын жабдықтау,
құрал-саймандарын сатып алу.
Кәмелетке толмағандар мен ата-аналарға
құқықтық бiлiм беру.

Қараусыз қалған балалар үшін Әулиекөл,
2 - кезеңнiң Денисов, Жiтiқара, Қостанай, Қарабалық,
мiндеттерi Қамысты, Қарасу және Меңдiқара аудандарында
(2010-2011 жылдар) пана ашу және Рудный қаласындағы пананы 2010
және 2011 жылдары кенейту.
Әуликөл, Денисов, Жiтiқара, Қамысты
аудандарында, аудан орталығынан шетте
орналасқан ауылдық мектептердің жанынан бос
уақыт өткізу орталықтарын ашу, спорт алаңдарын
жабдықтау, құрал-саймандар сатып алу. Қостанай
ауданы мен Қостанай қаласында бұл жұмыс жыл
сайын Бағдарламаны iске асыру уақытына
үзіліссіз жүргiзiледi. Лисаков пен Рудный
қалаларында 2007 жылдан 2011 жылға дейін жыл
сайын аула клубтарының материалды базасы
нығайтылады.
Кәмелетке толмағандарды облыстың мәдени және
спорт салаларына белсене араластыру.

Iске асыру мерзiмдерi2007 – 2011 жылдары
(кезеңдерi) 1 - кезең – 2007-2009 жылдар;
2 - кезең – 2010-2011 жылдар.
Қаржыландыру көздерi Облыстық және аудандар мен қалалардың
мен көлемдерi бюджеттерiнiң қаражаттары.
Болжамдалған қаржыландыру көлемдерi:
барлығы – 226522,8 мың теңге, оның ішінде:
2007 жылы - 64349,5 мың теңге
2008 жылы – 64440,4 мың теңге
2009 жылы – 97732,9 мың теңге;
оның iшiнде облыстық бюджет қаражатынан:
барлығы –2388,0 мың теңге, оның ішінде:
2007 жылы – 745,0 мың теңге
2008 жылы – 896,0 мың теңге
2009 жылы – 747,0 мың теңге;
оның iшiнде аудандар мен қалалар бюджетінің
қаражаты:
барлығы – 224134,8 мың теңге, оның ішінде:
2007 жылы - 63604,5 мың теңге
2008 жылы - 63544,4 мың теңге
2009 жылы - 96895,9 мың теңге.
Күтiлетiн нәтижелер Қостанай облысының кәмелетке толмаған
жасөспiрiмдерi арасында 2011 жылдың аяғына
қарай құқық бұзудың алдын алу жөнiндегi жаңа
әлеуметтiк-педагогикалық негiздегi толық жүйе
құрылатын болады. Кәмелетке толмағандармен
және жаңа материалдық-техникалық базасы
негiзiндегi құқық бұзудың алдын алудың
тиiмдiлiгiн және әлеуметтiк-педагогикалық
процеске қатысушылармен әлеуметтiк
серiктестiктi жетiлдiру кешендi iс-шаралары
өткiзiлетiн болады.

2. Кіріспе

Қостанай облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың
алдын алудың 2007-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі -
Бағдарлама) Қазақстан Республикасының Кәмелетке толмағандар арасында құқық
бұзушылықтың алдын алу және қараусыз әрі бағусыз қалуға жол бермеу туралы
Заңына, Қостанай облысында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен
күресудің 2005 - 2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасына сәйкес және
Қостанай облысы прокуратурасы алқа мәжiлiсiнiң 2005 жылғы 20 қаңтардағы
қаулысы негiзiнде әзірленген.
Облыстағы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық жағдайлардың орын
алулары бұл бағдарламаны әзiрлеудің қажеттілігін көрсетті. 2006 жылғы 10
айдың қорытындысы бойынша 2005 жылдың осындай кезенiмен салыстырғанда
қылмыстардың саны 20%-ға азайғанын, кәмелетке толмағандардың үлес салмағы
қылмысы 11,3%, республикалық көрсеткiштер бойынша 6% азайғаны байқалады.
Бағдарламаны iске асыру кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтың алдын алу үшiн облыстағы мүдделiк ведомстволардың бағыт
–бағдарлы әрекеттерi негiзiнде және әлеуметтiк – педагогикалық ортаның
материалдық – техникалық базасын кеңейту, жинақтылық пен нәтижелi, жүйелi,
атаулы бағыттылық принциптерiн сақтау арқылы орындалады деп күтілуде.

3. Мәселенің қазіргі жай-күйін талдау

2006 жылғы 10 ай ішінде Қостанай облысында кәмелетке толмағандардың
қолымен және олардың қатысуымен 548 қылмыс жасалған, 2005 жылдың осы
кезеңінде бұл көрсеткіш 685 қылмыс болған. Сонымен бірге қылмыстың жалпы
көрінісі ішіндегі кәмелетке толмағандардың қолымен жасалған қылмыстың үлес
салмағы да азайған. Бұрын 20 пайыз болса, қазір жалпы алғанда 12,9 пайыздан
11,3 пайыз болып отыр.
Облыс бойынша жасөспірімдер арасындағы қылмыстың деңгейі аздап болса
да төмендегенімен, қазіргі таңда бұл проблема өткір күйінде қалуда. Бұған
қылмыстың мына түрлерінің орын алуы дәлел болып отыр: автокөлiктi ұрлау-320
пайыз, кісі тонау-2,6 пайызға, біреудің ақшасын немесе затын тартып алу-
46,1 пайызға өскен.
Балалар мен жасөспірімдердің арасында орын алған қылмысқа жасалған
талдауға сараптама мынаны көрсетеді: жалпы орта пен арнайы орта бiлiм беру
жүйесiндегi оқушылардың жасаған қылмыстары 56 пайызды құрайды. Алайда
мектептер, кәсіптік мектептер мен лицей, колледж оқушыларының тарапынан
жасалған қылмыстың саны 307 болса, оның iшiнде 548 қылмысты 777 кәмелетке
толмағандар жасаған, 500-і мектеп пен колледж оқушылары.
Қостанай облысының iшкi iстер департаментiнiң кәмелетке толмағандарды
уақытша шеттету және оңалту орталығы кәмелетке толмағандардың негізгі
контингенті өз бетімен үйлерінен кетіп қалғандар, мектеп-интернаттардан,
балалар үйінен қашып кеткендер, қаңғыбастыққа және қайыршылыққа бейімделіп
алғандар. Сондықтан да олар психикалық тексеруден өтіп, емделуді қажет
етеді.
Кәмелетке толмағандардың өз беттерімен, қараусыз өмір сүруіне
итермелейтін себептердің бірі отбасындағы берекесіздік-257 жәйт,
қаңғыбастыққа бейім тұру - 183 жәйт, оқуға деген ынтасының төмен болуы- 51
жәйт, ата анасымен, құрбы-құрдастарымен ренжісіп қалу - 29 жәйт.
Көбінесе, балаларының құқық бұзуына ата-аналардың өздері себеп
болады. Балаларға бұрын сотталғандар немесе тергеуде жүрген туысқандары
кері әсерін тигізеді. Әдетте мұндай балалардың өмір тұрмысы қиын болады,
отбасында бірге дұрыс тұра алмайды. Өткен мерзім ішінде қалалық және
аудандық соттар арқылы 178 ата-ана алкогольдік ішімдік ішкені және есірткі
қабылдағаны үшін, немесе бала тәрбиесінен бас тартқаны үшін ата-аналық
құқықтарынан айрылса, 2006 жылғы 9 ай iшiнде 184 адам болған. “Әлеуметтiк
жетiм” (бiлiм берудiң интернатты ұйымдарына бөлiнген, ата-аналарының ата-
аналық құқығынан айырылған балалар) балалар санының өсуi алаңдатушылық
туғызып отыр: 2005 жылы – 132 бала, 2006 жылға 9 ай iшiнде 181 адамға дейін
өскен. Кәмелетке толмағандардың қайтара қылмыс жасау саны өсуде (2005 жылғы
9 ай iшiнде – 59 болса, 2006 жылы – 66 адам).
Облыстың әлеуметтік паспорты мынаны көрсетеді:
2028 оқушы (1,6%) кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi орында есепте
тұрады;
4536 оқушы (13,3%) тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленуде.
4535 оқушы (3,4%) қолайсыз отбасыларда тәрбиеленуде;
1351 оқушы (1,9%) ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған мекемелерде тұрады.
Сонымен, балалардың 20,2 пайызы қиын тұрмыстық жағдайға тап болып
тұр. Бұл балалар ертеңгі күннің қоғамға жат мүшелері болары анық.
Мемлекеттің қорғауына мұқтаж балаларды уақытша асырап бағу проблемасын
уақытша жетімдер панасы шешеді. Олардың негізгі мақсаты балаларға жақсы
тұрмыс жағдайын туғызу, тыныс тіршілігіне психологиялық
қолдау көрсету, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау. Арқалық
қаласы панасының жұмысы көңілге қонарлық, онда балаларды қорғау мамандары
мен әлеуметтік педагогтардың басшылығымен сондай кәмелетке толмағандардың
ата-аналарын оңалту жөніндегі қызметі тәжірибеленеді: емдеу жұмыстары
жүргізіледі, жеке бастарының куәліктері ресімделеді, еңбекке
орналастырылады. Отбасындағы жағдай түзелген соң, бала үйіне жіберіледі.
Қазақстан Республикасының Бала құқығы туралы Заңында мемлекеттік
мекемелердің, жергілікті атқару органдары қызметінің басым жақтары
мемлекеттік саясатты балалардың мүдделеріне сай жүзеге асыру арқылы
анықталады. Сонымен бірге, қиын жағдайға тап болған балалардың саны бүгінгі
күні оларды бейімдеу үшiн облыстың мүмкіндіктерін жүзеге асырудан асып
түседі.
Үш панада (Арқалық, Қостанай, Рудный) жоба бойынша 69 орынға
лайықталған орында 2006 жылдың басында 78 бала тұрып жатыр. Бүгінгі таңда
Әулиекөл, Денисов, Жітіқара, Қостанай, Қарабалық, Қамысты, Қарасу,
Меңдіқара аудандарында осындай жетімдер панасын ашу мәселесі өзектi болып
тұр және Рудный қаласындағы пананы 2010 және 2011 жылдарда кенейту.
Статистикалық деректер кемшіліктер деп мыналарды атайды:
білім беру, ішкі істер, денсаулық сақтау мекемелерінде түрлі
профилактикалық есепте тұрған және сенімсіз топқажататын балалар мен
жасөспірімдерді оңалту, заңнама және мораль нормаларымен сәйкес оларды
әлеуметтік өмірге бейімдеу жөніндегі жұмыс, өкілетті биліктің және атқарушы
биліктің мүдделі мекемелерінің, бизнес секторының, БАҚ кәмелетке
толмағандардың әр ауданда және әр қаланың ықшам аудандарында олардың
құқығының, денсаулығы мен мүдделерінің сақталуына ықпал ететін іс
қимылдарын ведомствоаралық үйлестіру.
Кәмелетке толмағандардың арасында қылмыс деңгейін азайту жөнінде бiлiм
беру кеңiстiгiнде заңды тұлға болып табылатын 6 балалар ұйымы, заңда тұлға
болып табылмайтын 60 балалар бiрлестiгi жұмысын жалғастыруда. Мемлекеттiк
емес ұйымдар мен балалар бiрлестiктерiнде балалар мен жасөспiрiмдерді қамту
58,6% құрайды, 2005 жылға қарағанда 20% жоғары, балалар қозғалыстары мен
мемлекеттiк ұйымдарының бiлiм беру жүйесiндегi алға жылжушылығы айғақ
болады.
Облыстың бiлiм беру жүйесiнiң бейiмделу мүмкiндiктерiн кенейту
мақсатында 4 психологиялық-медициналық-педагогик алық комиссия қызмет
iстейдi, 2005 жылы және 2006 жылдың 9 айы iшiнде олармен 6630 бала
тексерiлген. Барлық балаларға ақыл-ой және дене мүмкiндiктерi деңгейiне
сәйкес оқытудың бағдарламалары белгiленген. Сонымен қатар, 11 коррекция
кабинетi және 56 логопедтiк пункт ашылған, олардың көмегiмен 2000 оқушыға
түзету көмегi көрсетiлдi.
Облыстың бiлiм беру кеңiстiгiнде осы уақыт iшiнде, оқушылардың
адамгершiлiк және салауатты өмiр салты негiзiнде ұластыруға бағытталған 9
лицензиялы авторлық әдiстеме мен бағдарлама iске асырылуда. Оқу жоспарына
зиянды әдеттердiн алдын–алудың деңгейлi бағдарламасы бойынша “Өзiн-өзi
тану” арнайы курсы енгiзiлген, 8 тәжiрибе алаңы бақыланған. 60-тан астам
жалпы бiлiм беретiн мектептер “Денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін
мектептер” ұлттық жүйесiне кiредi.
2004 жылдан бері республикалық трансфертпен облыстың білім беру
кеңістігінде 354 әлеуметтік педагог, 82 психолог, 372 мейірбике жұмыс
істейді.Бiлiм беру мекемелерiнде қылмыс деңгейін азайту жөнінде 350
денсаулық клубы жұмысын жалғастыруда, облыстың жалпы білім беретін
мектептерінде 333 есірткіге қарсы пункт жұмыс істейді, онда тәртібі шектен
шыққан балаларға бақылау жасалынады. Есірткіге қарсы бекет қызметкерлерінің
құрамына есірткіге тәуелді балалармен профилактикалық жұмыс жүргізу ісі
курсынан өткен фельдшерлер, нарколог дәрігерлер, директордың тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, психологтар кіреді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәртіпті нығайту
Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күресудегі ІІО-ның қызметі
Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын қамтамасыз етудегі әлеуметтік жұмыс
Нашақорлықтың алдын - алу
Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың әлеуметтік мәселесі
Балалардың құқықтық қағидалары
Қазақстан Республикасында балаларды әлеуметтік қорғаудың теориялық негіздері
Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының себептері және олардың алдын алудың тиімді жолдары
Қазақстандағы балалар құқығы
ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫН БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК БАҒЫТТАРЫН ТАЛДАУ
Пәндер