Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беру


СОДЕРЖАНИЕ
Көмекші құрал Қазақстан Республикасы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және
ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік қатысуымен әзірленді
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе
Негізгі ұғымдар мен айқындамалар.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге қандай жерлер жатады?
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір санаттан екіншісіне ауыстыруды қалай жүзеге асыруға болады?
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беру
Жеке меншік құқығын қалай түсінуге болады?
Жеке меншік құқығы қалай туындайды?
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жеке меншікке кімдерге және қандай мақсатпен беріледі?
Шаруа (фермерлер) қожалығын жүргізу үшін жеке меншікке немесе жер пайдалануға жер учаскесін алуға кімнің басым құқығы бар?
Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға қандай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бөлек меншікке берілуі мүмкін?
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке қандай шарттармен сатып алуға болады?
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы учаскелерін жеңілдетілген шарттармен кімдер ала алады?
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеңілдетілген жағдайлармен жеке меншікке сатып алған тұлғалар үшін қандай шектеулер бар?
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жене меншікке мерзімін ұзартып кімдер сатып ала алады?
Жерді төлеу мерзімін ұзартып сатып алу кезінде қандай шектеулер қойылады?
Меншік иелері өз жер учаскелеріне қалай билік ете алады?
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді уақытша жер пайдалануға беру
Жер пайдалану құқығы дегенді қалай түсінуге болады?
Жер пайдалану құқығы қалай туындайды?
Жер пайдалану құқығы кімдерге беріледі?
Жер пайдаланудың қандай түрлері бар?
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы деген не?
Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін уақытша жер пайдалану (жалдау) құқығын беру.
Тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі мен орман өсіруді жүргізу үшін уақытша жер пайдалану құқығын беру.
Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы қандай мақсаттар үшін беріледі?
Қызметтік жер телімі деген не?
Қызметтік жер теліміне құқықты кімдер иелене алады?
Қызметтік жер теліміне қатысты қандай шектеулер бар?
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығын және жер пайдалану құқығын ресімдеу рәсімі
Жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру туралы шешімді қандай мемлекеттік органдар қабылдайды?
Жер учаскесіне құқық беру тәртібі.
Жерге орналастыру жұмыстарын кімдер жүргізе алады?
Жерге орналастыруды жүргізу жөніндегі жұмыстарға тапсырыс берушінің қандай құқықтары бар?
Қандай құжаттар жер учаскесін құқықтық куәләндыратын құжаттарға жатады?
Қандай құжаттар жер учаскелеріне құқықты куәландырушы болып табылады?
Егер жер учаскесі жер пайдалануда болатын болса, оны мемлекеттен жеке меншікке қалай сатып алуға болады?
Шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшін жер учаскесін беру кезінде қандай ерекшеліктер болады?
Ауыл шаруашылығы жерлерінің, ортақ меншіктегі немесе ортақ жер пайдаланудағы жерлер құрамынан шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшін жер учаскесін алу кезінде қандай ерекшеліктер болады?
Оралмандарға жер учаскелерін беру
Оралмандарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері қандай жағдайларда беріледі?
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қандай шарттамен беріледі?
Шартты жер үлесіне құқыққа билік ету және жер кодексінің өтпелі ережелері
Шартты жер үлесіне құқықтың иелері, егер олар осы құқықты бұрын жалға беріп қойса не істеулері керек?
Шартты жер үлесіне құқықты шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталына салым ретінде, акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде беру қалай жүргізіледі?
Шаруашылық субъектісі қатысушыларының құрамынан шыққан кезде жер учаскесін бөліп беру қалай жүзеге асырылады?
Қосалқы жалдау шарттарының қолданысын тоқтату туралы.
Тұрақты жер пайдаланудың бұған дейін сатып алғанын құқығына қалай билік етуге болады?
Мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдары жекешелендіретін жер учаскелерін бөлудің тәртібі қандай?
Жер үшін төленетін төлемдер
Қандай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне салық салынады?
Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мемлекет жеке меншікке берген кезде ауыл шаруашылығы алқаптарының 1 гектары қанша тұрады?
Жер учаскелерін мемлекет жалға берген кезде олар үшін төлемақы мөлшері қанша болады?
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салық төлемдерінің мөлшері қандай?
Жеке тұлғаларға өзіндік үй (қосалқы) шаруашылықғын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық ставкалары.
Ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлерге салық ставкалары
Жер учаскелерін беру нормалары
Жер учаскелерін жеке меншікке беру нормалары.
Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін жер пайдалануға беру нормалары.
Жер иелік ету
Жер учаскесіне құқықтардың шектері.
Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың құқықтары.
Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың міндеттері.
Жеке меншік құқықтарын және жер пайдалану құқықтарын қорғау.
Азамат қайтыс болған жағдайда жекеменшік жер пайдалану құқығының заңды мұрагері кім болып табылады?
Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда жеке меншік немесе жер пайдалану құқығы кімге берілуі мүмкін ?
Жер учаскесін немесе жер пайдалану құқығын кепілге салып қалай кредит алуға болады
Кредитті рәсімдеуді бастау үшін қандай жалпы мәліметтерді білу қажет?
Ипотека (қозғалмайтын мүлік ипотекасы) дегеніміз не?
Қандай жер учаскесі кепіл мәні болуы мүмкін?
Жерге құқығын кепілге салып кімдердің кредит алуына болады?
Жер учаскесі мен жер пайдалану құқығын кепілге салуға қандай кезде жол берілмейді?
Кредит алу кезінде құжаттарды рәсімдеу тәртібі.
Кредит алу үшін Банкке қандай құжаттар ұсыну қажет?
Ипотека туралы шартқа қандай талаптар қойылады?
Ипотекалық куәлік деген не және ол қандай жағдайларда беріледі?
Үйлер, құрылыстар, ғимараттар бар жер учаскесін немесе сондай жер учаскесіне жер пайдалану құқығын кепілге салу.
Жеке меншіктегі жер учаскесінен немесе Жер пайдалану құқығынан қандай жағдайларда өндіріп алу жүргізіледі?
Борышкер негізгі міндеттемені орындамаған жағдайда оның қандай салдарлары болуы мүмкін?
Кепілді сот тәртібімен іске асыру
Ипотеканың кепілін соттан тысқары тәртіппен іске асыру рәсімі.
Сотқа жүгіну құқығы
Жер учаскелеріне құқықтарды мемлекеттік
Жер учаскелеріне құқықтарды мемлекеттік тіркеуді қандай органдар жүзеге асырады?
Қандай құқықтар мемлекеттік тіркеуге жатады?
Жер учаскесіне құқықты мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарға қандай талаптар қойылады?
Мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін негіздер
Сервитуттар
Сервитут деген не?
Сервитуттың қандай түрлері болады?
Сервитут ауыртпалығын көтеруші жер учаскелерінің меншік иелерінің немесе жер пайдаланушыларының қандай құқығы бар?
Мүддесіне сервитут белгіленген адамдардың қандай құқықтары мен міндеттері бар?
Уақытша (маусымдық) пайдаланатын мал айдау жолдары.
Сервитутты тіркеу қалай жүргізіледі ?
Сервитуттың тоқтатылуына не нәрселер негіз бола алады?
Жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтату
Жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтату үшін не нәрселер негіз бола алады?
Жер учаскесін, соның ішінде сатып алу жолымен алып қоюды қоса алғанда, қандай жағдайларда алып қоюға болады?
Мемлекеттік қажеттіктер үшін жер учаскесін сатып алу қалай жүргізіледі?
Мемлекеттік қажеттіктер үшін сатып алынатын учаскеге баға қалай белгіленеді?
Мемлекеттік қажеттіктер үшін жер учаскесін сатып алу туралы шешіммен келіспеген жағдайда диқанға не істеу керек?
Қандай жағдайларда жер учаскесі уақытша алып қойылуы мүмкін?
Жер учаскесі мақсаты бойынша пайдаланбаған немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланған меншік иелері мен жер пайдаланушыларға қатысты қандай шаралар қолданылады?
Жер учаскесін тәркілеу деген не?
Қосымшалар
Кіріспе
Ұлттық экономиканың ең ірі саласы болып табылатын Қазақстанның ауыл шаруашылығы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саласында маңызды орын алады. Соңғы екі жылда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2 іргелі мемлекеттік бағдарламаны: 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік Агроазық-түлік бағдарламасы және 2010 жылға дейінгі мемлекеттік ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын бекіткенін айтсақ та жеткілікті.
Қазақстан Президенті ауылды қайта дамыту деп жариялаған 2003-2005 жылдар шеңберінде Үкімет ауыл шаруашылығы өндірісін экономиканың тұрақты өсу факторына айналдыру үшін үлкен назар аударып отыр.
Ауылды дамытудың негізгі үш басымдығы белгіленді:
- азық -түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді арттыру және оны ішкі де, сыртқы да рыноктарда өткізу көлемін ұлғайту;
- ауылда тіршілік етудің қалыпты жағдайларын жасау.
Қабылдаған бағдарламаларға сәйкес мемлекет осы міндеттерді іске асыруға жыл сайын елеулі қаражат бөледі.
Сонымен бірге осы кезеңдегі басты міндеттердің бірі ауылдағы жер реформасын аяқтау, жердің нақты әрі тиімді меншік иесін қалыптастыру үшін қажетті заңнамалық база жасау болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанның ауыл шаруашылық алқаптарының алаңы 222 миллион гектарды құрайды, немесе бұл дегеніңіз бүкіл Ұлыбритания аумағынан 9 есе көп. Орташа алғанда республиканың әрбір тұрғынына 15 га ауыл шаруашылық жерінен келеді. Осы көрсеткіш бойынша біздің еліміз әлемде, тек Австралиядан кейін, екінші орын алады.
Қазіргі уақытта жер пайдаланушыларға 90 млн. га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер бекітілген, соның ішінде 21 млн. гектары егістік. Тек ауыл тұрғындарының ғана емес, бүкіл республика тұрғындарының игілігі жерді қалай тиімді пайдалануға байланысты болмақ.
Көптеген дамыған елдердің тәжірибесі экономикалық гүлдену жолының түпкілікті аграрлық реформаларды және бәрінен бұрын жер реформасын жүзеге асыру арқылы өтетінін көрсетіп отыр. Қазақстан бірнеше себептерге байланысты, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында экономиканың аграрлық секторына қатысты реформаны толық көлемде жүзеге асыра алмады. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Жер кодексі қабылданған 2003 жылға дейін Қазақстанның жер туралы заңдары кеңес құқығының күні өткен принциптеріне негізделіп, ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастардың дамуын баяулатты. Жерге меншіктің басым мемлекеттік нысанының басты кемшілігі жерге жауапсыз қатынас, оны ұтымсыз және тіпті заңсыз пайдалану проблемасы болды.
Жерге жеке меншіктің жоқтығы нақты “қожайынды” қалыптастыруды баяулатты, жерді ұтымсыз пайдалануды күшейтті. Жерді еркін сатып алу-сатудың мүмкін еместігінен жерді бөліп беру, оны заңсыз пайдаланып, алынған кірістерді жасыру жөніндегі әкімшілік шешімдер мен көлеңкелі сауда-саттық өсе түсті.
Бұнымен қатар, жер заңдарының айқын еместігі және тұрақсыздығы соңғы 12 жыл бойына жердің құнарлылығын арттыруға жер пайдаланушыларды және өндіріске ұзақ мерзімді инвестицияларды ынталандырмады.
Осының барлығы ауыл экономикасын дамытуға айтарлықтай кері әсерін тигізді.
Жер қатынастары саласындағы қордаланып қалған проблемаларды шешу, ауыл шаруашылығына инвестициялар тарту үшін жағдай жасау мақсатында 2003 жылғы маусымда ел Президентінің Жарлығымен Жер кодексі қабылданды. Әсірелемей-ақ айтқанда, оның қабылдануымен ауыл шаруашылығына жеке меншік институтының енгізілуімен байланысты біздің ауылдарымыз түбегейлі өзгерістердің жаңа кезеңіне аяқ басты.
Жеке меншіктің енгізілуі жердің толыққанды нарықтық айналымын қамтамасыз ету үшін және мынадай мақсаттарға қол жеткізу үшін жағдай туғызады:
- жер пайдаланудың ашық та жариялы санын қамтамасыз ету;
- жер пайдаланушылардың жерді ұтымсыз пайдаланғаны үшін экономикалық жауаптылығын көтеру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы алқаптарының құнарлылығын сақтау мен көтеруді ынталандыру;
- өзінің жер учаскесі үшін және оның сапалы жай-күйі үшін жауап беретін адал меншік иесін қалыптастыру;
- жер туралы заңдарды нарықтық экономика талаптарына сәйкес келтіру;
- аграрлық секторға капитал салуды тартудың ең әрекетті тетіктерінің бірі ретінде жер мен жер пайдалану құқығын кепілге салып кредиттеудің ипотекалық нысанын пайдалана отырып, аграрлық сектордағы қаржы-кредиттік қатынастарды жетілдіру;
- ауыл шаруашылығынан артық еңбек ресурстарын босатып, оларды экономиканың басқа салаларына бағыттау;
- аграрлық өндірістің тиімділігін және елдегі село халқының өмір сүру деңгейін көтеру.
Жер кодексінің жаңа енгізулерін іске асыру барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев құқықтық ағартудың тиімді әрі қолжетімді жүйесін жасауды, сондай-ақ ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік институтының енгізілуіне байланысты ауылдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қ Р Президентінің Әкімшілігі Жүйелі зерттеулер орталығының басшылығымен Қазақстандағы Техникалық ынтымақтастық жөніндегі герман қоғамы (GTZ) сарапшылар тобы осы “Жер кодексі - Сіздің білгіңіз келген нәрсе (Ауылды ақпараттық қолдау) ” көмекші құралын әзірледі. Көмекші құрал Қазақстандағы жер қатынастарын реттейтін мәселелердің кең ауқымын қамтиды және фермерлер мен басқа да мүдделі адамдарға Жер кодексінің нормаларын жақсы түсінуге, атап айтқанда, жер пайдаланушылардың, жер учаскелерінің меншік иелерінің және ауыл шаруашылығы жерлерінде шаруа қожалығын жүзеге асыруға байланысты шартты жер үлестері иелерінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге қол жеркізуге көмектесуге арналған. Көмекші құралды әзірлеу кезінде жер ресурстарын басқару және жерлерді иелену, пайдалану және билік ету жөніндегі қатынастарды реттеуші салада жұмыс істейтін мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың семинарлар, кездесулер мен келіссөздер өткізу барысында туындаған пікірлері ескерілді.
Көмекші құралды әзірлеуге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен орман алқаптарын басқарудың, сату мен жалға берудің көп жылдық тәжірибесі бар BVVG - Жерді өткізу және сату жөніндегі қоғам (Германия) қатысты.
Осы көмекші құралды басып шығаруды қаржыландырғаны үшін ГФР Экономикалык даму және ынтымақ тастық министрлігі, GTZ GHmbH Техникалық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамы, және Қазақстандағы GTZ Өкілдігінің директоры Карлфрид Мейтцлер мырзаға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Негізгі ұғымдар мен айқындамалар.
Жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтардың, заңды тұлға құрмай-ақ, кәсіпкерлік қызметпен және шаруашылық қызметпен және шаруа (фермер) қожалығымен айналысуға құқығы бар (ҚР АК 19-бабын және “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” ҚРЗ 1-бабын қараңыз) .
Мемлекеттік емес заңды тұлғалар - меншікке, шаруашылық жүргізуге немесе жекеленген мүлікті оралымды басқаруға құқығы бар ұйымдар (түрлері мен нысандары - шаруашылық серіктестердің барлық түрлері, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер) . Заңды тұлғалардың және коммерциялық емес ұйымдар (мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, тұтынушылар кооперативтері, селолық тұтынушылар кооперативтері және заңдарда көзделген өзге де нысандар) .
Жергілікті атқарушы органдар - аудандық дәрежедегі, облыстық, Алматы, Астана қалаларының, облыстық дәрежедегі қалалардың, аудандық (қаладағы аудандардан басқа) атқарушы органдары кент, ауыл (село), ауылдық селолық округ әкімдері.
ҚР ҮҚ - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган - облыстық, аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге қандай жерлер жатады?
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер - құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелорациялық желі, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жерлер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар кіретін ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін берілген жерлер) .
Ауыл шаруашылығы алқаптарына:
- егістік;
- тыңайған жер;
- көп жылғы екпелер, егілген жерлер;
- шабындықтар;
- жайылымдар жатады.
Ауыл шаруашыл
ығы алқаптарын бір санаттан екіншісіне ауыстыруды қалай жүзеге асыруға болады?
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір санаттан екіншісіне ауыстыру жер учаскесінің меншік иесінің ауыл шаруашылығы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға берген өтініші, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру қажеттігі табиғи факторларға, оларды бұдан кейін де басқа жер алқаптарының құрамында пайдаланудың экономикалық тұрғыдан орындылығына негізделеді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлерді жеке меншікке беру
Жеке меншік құқығын қалай түсінуге болады?
Жеке меншік құқығы - бұл тиесілі жер учаскесін осы Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және билік ету, соның ішінде иеліктен айыру (сату, сыйға тарту ж. т. б) мүмкіндігі.
Жеке меншік құқығы қалай туындайды?
Жеке меншік құқығы:
- мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін тікелей мемлекеттен мемлекеттік органдар актілерінің негізінде алу;
- азаматтық-құқықтық мәмілелердің (сыйға тарту, сатып алу-сату және т. б. ) негізінде;
- жер учаскесін әмбебап мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) алу жолымен туындайды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жеке меншікке кімдерге және қандай мақсатпен беріледі?
Ауыл шаруашылығындағы жер учаскелері жеке меншікке:
ҚР азаматтарына шаруа (фермер) қожалығын жүргізу, жеке қосалқы шаруашылығын, бағбандықты және саяжай құрылысын дамыту үшін;
ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғаларына - тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін, орман өсіруді, ғылыми-зерттеу, тәжірибе және оқыту мақсатына, қосалқы ауыл шаруашылығын, бағбандық пен мал шаруашылығын жүргізу үшін беріледі.
Шаруа (фермерлер) қожалығын жүргізу үшін жеке меншікке немесе жер пайдалануға жер учаскесін алуға кімнің басым құқығы бар?
Шаруалықты жеке еңбегімен қатысу негізінде жүргізетін арнаулы білімі мен біліктілігі бар, ауыл шаруашылығында іс жүзіндегі жұмыс тәжірибесі бар және осы ауданда, қалада, ауылда (селода), кентте тұратын азаматтардың басым құқығы бар.
Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға қандай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бөлек меншікке берілуі мүмкін?
Бөлек меншікке:
- тұрғын халықтың қажетіне арнап пайдаланатын және соған арналған жайылымдық және шабындық алқаптар;
- ортақ пайдаланудағы жолдар, оның ішінде шаруашылықаралық және мекенаралық маңызы бар, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы жер учаскелеріне өтуге арналған жолдар;
- жер учаскелерінің екі немесе одан көп меншік иелері немесе жер пайдаланушылар бірлесіп пайдаланатын суландыру құрылыстары (суландыру арналары, суағарлар, құдықтар, суат пункттері) орналасқан жер учаскелері берілмейді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке қандай шарттармен сатып алуға болады?
- Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең бағамен:
- бірден,
- 10 жылға дейін мерзімін ұзартып.
- Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының 75%-іне тең жеңілдетілген бағамен:
- бірден;
- 10 жылға дейін мерзімін ұзартып сатып алуға болады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы учаскелерін жеңілдетілген шарттармен кімдер ала алады?
Азаматтар мен мемлекетік емес заңды тұлғалар ҚР Үкіметі белгілеген жеңілдетілген баға бойынша кадастрлық (бағалау) құнының 75%-і мөлшерінде республиканың кез келген аумағында жер учаскесін ала алады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеңілдетілген жағдайлармен жеке меншікке сатып алған тұлғалар үшін қандай шектеулер бар?
Жер учаскелерін жеңілдетілген жағдайлармен жеке меншікке сатып алған тұлғаларға жер учаскелерімен, кепілге беруді қоспағанда, жер учаскесіне жеке меншік құқығы мемлекеттік тіркелген сәттен бастап 10 жыл ішінде мәмілелер жасасуға тыйым салынады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жене меншікке мерзімін ұзартып кімдер сатып ала алады?
ҚР азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін толық құнымен және жеңілдетілгенбағамен ала отырып, оны 10 жылға дейін мерзімін ұзартып сатып ала алады, бұл шарт өтініште көрсетіледі.
Жерді төлеу мерзімін ұзартып сатып алу кезінде қандай шектеулер қойылады?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz