Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы заңдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен
балалардың қадағалаусыз
 және панасыз қалуының алдын алу туралы
2004 жылғы 9 шілдедегі № 591-II Қазақстан Республикасының Заңы
(2010.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
 Түпнұсқада мазмұны жоқ Осы Заң кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз
қалуының алдын алу жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң құқықтық,
экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.
 
1-тарау. Жалпы ережелер2009.10.07. № 176-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа
редакцияда (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік оңалту – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің
органдары мен мекемелері жүзеге асыратын өмірде қиын жағдайға душар болған
кәмелетке толмағанды құқықтық, әлеуметтік, дене бітімі, психикалық,
педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық жағынан қалпына
келтіруге бағытталған шаралар кешені;
2) 2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы
мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу (бұдан әрі –
кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және
панасыз қалудың профилактикасы) – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат іс-
әрекеттердің алдын алуға, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды
анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, кәмелетке
толмағандардың оларды тәрбиелеу, оқыту немесе бағып-күту жөніндегі
міндеттерін орындамайтын не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-
аналарымен немесе басқа да заңды өкілдерімен, сондай-ақ кәмелетке
толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға
тартып жүрген өзге де адамдармен жеке профилактикасы шараларын қоса жүзеге
асыратын құқықтық, педагогикалық және өзге де шаралар жүйесі;
4) кәмелетке толмағанды бағып-күту – кәмелетке толмағанның ата-анасының
немесе басқа да заңды өкілдерінің өздерінің қаржылық мүмкіндіктерінің және
қабілеттерінің шегінде оның толыққанды дамуы, оның мүліктік және мүліктік
емес құқықтары мен мүдделерін және мемлекеттік ең төмен әлеуметтік
стандарттарды қорғау үшін жағдай жасауы;
5) кәмелетке толмағанды тәрбиелеу – балаға қоғамда қалыптасқан және оның
рухани, дене бітімі, имандылық, психикалық, мәдени, зияткерлік жағынан
дамуына және әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан қорғауға бағытталған мінез-
құлық ережелері мен нормаларын дарыту жөніндегі ата-анасының немесе басқа
да заңды өкілдерінің, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметкерлерінің
тарапынан оған әсер ететін үздіксіз процесс;
6) қадағалаусыз қалған бала – ата-анасының немесе олардың заңды
өкілдерінің, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға
міндетті оқыту, тәрбиелеу және өзге де мекеме педагогтарының,
тәрбиешілерінің және басқа да қызметкерлерінің тарапынан оны тәрбиелеу,
оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі міндеттерді орындамауы немесе
тиісінше орындамауы салдарынан не оның үйден немесе баланың құқықтарын
қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз бетімен кетуі
салдарынан мінез-құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған бала;
7) қадағалаусыз қалу – кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтар
жасауына ықпал ететін, олардың мінез-құлқы мен тұрмыс жағдайына тиісінше
бақылаудың жоқтығымен сипатталатын әлеуметтік құбылыс;
8) 2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) панасыз қалған бала – тұрғылықты жері жоқ қадағалаусыз қалған бала;
10) тұрмысы қолайсыз отбасы – кәмелетке толмағандардың ата-анасы немесе
заңды өкілдері оларды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін
орындамайтын және (немесе) олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін отбасы.
 
2-бап. Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы
заңдары
1. Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы
заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң
мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен
тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы
Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi
қолданылады.

3-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк
саясат
1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз
және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк саясат құқықтық
саясаттың бiр бөлiгi болып табылады және ол кәмелетке толмағандар үшiн
құқықтық және әлеуметтiк кепiлдiктер жасау, кәмелетке толмағандар
арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалу
профилактикасының жүйесiн құрайтын органдар мен мекемелердi материалдық-
техникалық, қаржылық, ғылыми-әдiстемелiк және кадрлармен қамтамасыз етудi
қамтиды.
2. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз
және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк саясат:
1) заңдылық;
2) кәмелетке толмағандарға iзгiлiкпен қарау;
3) отбасын қолдау;
4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз
және панасыз қалудың профилактикасы шараларын қолданудағы кешендiлiк;
5) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандармен жеке жұмыс
жүргiзу;
6) құпиялылық;
7) ғылыми негiздiлiк;
8) жүйелiлiк принциптерi бойынша жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттiк саясаттың мақсаты:
1) балалардың дене бiтiмi, зияткерлiк, рухани және имандылық дамуына,
оларды патриоттыққа, азаматтыққа және бейбiтшiлiк сүйгiштiкке тәрбиелеуге,
сондай-ақ баланың қоғам мүдделерiмен, мемлекет халықтарының дәстүрлерiмен,
ұлттық және әлемдiк мәдениеттiң жетiстiктерiмен ұштасқан жеке басын
тәрбиелеуге ықпал ету;
2) кәмелетке толмағандардың құқықтық санасын және құқықтық мәдениетiн
қалыптастыру жөнiндегi мақсатты жұмысты қамтамасыз ету;
3) кәмелетке толмағандармен жеке профилактикасы шаралары жүргiзу үшiн
құқықтық негiздердi қалыптастыру;
4) кәмелетке толмаған баланың ата-анасымен және басқа да заңды
өкiлдерiмен өзара қарым-қатынас жасау;
5) балаларды оқыту, тәрбиелеу, емдеу, спорт және өзге де мекемелерінің
тиісті дәрежеде жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
6) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны үшiн
жауапкершiлiктi белгiлеу;
7) қызметi әлеуметтiк тапсырыстар беру және Қазақстан Республикасының
заң актiлерiне сәйкес өзге де шаралар арқылы кәмелетке толмағандар
арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың
профилактикасы жөнiндегi шараларды жүзеге асырумен байланысты коммерциялық
емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдау арқылы жүзеге асырылатын кәмелетке
толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз
қалудың профилактикасы болып табылады.

2009.10.07. № 176-IV ҚР Заңымен   4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк
органдардың негiзгi мiндеттерi
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз
және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк органдардың
негiзгi мiндеттерi:
1) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз,
панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын алып, олардың
жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
2) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды
қамтамасыз ету;
3) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк
оңалту;
4) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мiнез-құлқын
қалыптастыру;
5) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат iс-
әрекеттер жасауға тарту фактiлерiн анықтап, жолын кесу;
6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз
және панасыз қалудың алдын алу жөнiндегi заңды тұлғалардың қызметiн
үйлестiру болып табылады.

5-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк
реттеу
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз
және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк реттеудi
Қазақстан Республикасының Үкiметi, орталық атқарушы органдар, сондай-ақ
жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асырады.

6-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және панасыз қалу профилактикасының жүйесi
1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз
және панасыз қалу профилактикасының жүйесiне iшкi iстер, бiлiм беру,
денсаулық сақтау, әдiлет органдары, халықты жұмыспен қамту саласындағы
мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын үйлестiретiн мемлекеттiк орган,
жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, кәмелетке толмағандардың iсi және
олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялар және өз құзыретi шегiнде
өзге де мемлекеттiк органдар кiредi.
2. Iшкi iстер, бiлiм беру, денсаулық сақтау, әдiлет органдарында және
жергiлiктi атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген тәртiппен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жөнiндегi
жекелеген функцияларды жүзеге асыратын мекемелер құрылуы мүмкiн.
3. Өзге ұйымдар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар,
қадағалаусыз және панасыз қалу жағдайының профилактикасына Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қатысады.

2-тарау. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттік
органдар мен мекемелердің функциялары және өкілеттіктері

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары мен оны жүзеге асыру
жөнiндегi шараларды әзiрлейдi;
2) кәмелетке толмағандардың әлеуметтiк қорғалу жүйесiн айқындайды;
3) кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерiн сақтау және қорғау, бала құқықтарын қорғау жөнiндегi мiндеттердi
жүзеге асыратын ұйымдардың желiсiн дамыту жөнiндегi шараларды әзiрлейдi
және iске асырады;
4) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегi
ведомствоаралық комиссияны құрады;
5) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз
және панасыз қалудың профилактикасы, оларды әлеуметтiк оңалту жөнiндегi
бағдарламаларды бекiтедi.
 
8-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретi
1. Жергiлiктi өкiлдi органдар өз құзыретi шегiнде:
1) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз
және панасыз қалудың профилактикасына арналған жергiлiктi бюджеттердiң
шығыс бөлiгiнiң атқарылуын, экономикалық және әлеуметтiк өңiрлiк даму
бағдарламаларын бекiтедi және олардың iске асырылуын бақылайды;
2) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
комиссиялардың құрамын бекiтедi;
3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес кәмелетке
толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге
де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Жергiлiктi атқарушы органдар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы
саласындағы өз жұмысын жергiлiктi мемлекеттiк басқару деңгейлерiне сәйкес
және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген құзыретi шегiнде
ұйымдастырады.
3. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi
атқарушы органдары:
1) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
комиссиялардың дербес құрамын бекiту үшiн тиiстi мәслихаттарға ұсынады және
олардың жұмысын ұйымдастырады;
2) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандардың және
жайсыз отбасылардың өңiрлiк есебiн жүргiзедi;
3) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жұмысқа орналастыру және
тұрмыстық жағдайын жасау, өзге де көмектер көрсету жөнiндегi шараларды
қолданады;
4) қызметтерi кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, жасөспiрiмдердiң
салауатты өмiр салтын насихаттау, құқықтық сауаттылығын арттыру жөнiндегi
шараларды жүзеге асыруға байланысты коммерциялық емес және өзге де
ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдiстемелiк көмек көрсетедi;
5) кәмелетке толмағандар үшiн, оның iшiнде бала құқығын қорғау жөнiндегi
мiндеттердi жүзеге асыратын ұйымдардың әлеуметтiк инфрақұрылымының
қалыптасуын қамтамасыз етедi және олардың қызметтерiнiң мониторингiн
жүргiзедi.
4. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы
органдары:
1) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
комиссиялардың дербес құрамын бекiту үшiн тиiстi мәслихаттарға ұсынады және
олардың жұмысын ұйымдастырады;
2) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандардың және
тұрмысы қолайсыз отбасылардың дербес есебiн жүргiзедi;
3) кәмелетке толмағандарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымның
қалыптасуына жәрдемдеседi;
4) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жұмысқа орналастыру және
оларға тұрмыстық жағдай жасау, өзге де көмек көрсету жөнiндегi шараларды
қолданады;
5) қызметтерi кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, жасөспiрiмдердiң
салауатты өмiр салтын насихаттау, құқықтық сауаттылығын арттыру жөнiндегi
шараларды жүзеге асыруға байланысты коммерциялық емес және өзге де
ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдiстемелiк көмек көрсетедi.

2009.10.07. № 176-IV ҚР Заңымен  9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бап. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау
жөнiндегі комиссиялар
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
комиссия кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк
органдар мен мекемелердің қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ететiн тұрақты
жұмыс iстейтiн алқалы орган болып табылады.
2. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
ведомствоаралық комиссия - Қазақстан Республикасының Үкiметi жанынан, ал
облыстық, қалалық, аудандық - қалада, аудандық комиссиялар тиiстi
жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдiк) жанынан құрылады.
3. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмағандардың iсi және олардың
құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия аудан орталығынан едәуiр қашықтықта
орналасқан кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi жанынан құрылуы
мүмкiн. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi жанындағы
кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
комиссияның аудандық комиссияның құқықтары мен мiндеттерi болады. Кәмелетке
толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi кенттiк,
ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк комиссияны құру туралы
шешiмдi облыс әкiмдiгi қабылдайды, ал оның дербес құрамын тиiстi ауданның
мәслихаты бекiтедi.
4. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары, комиссия мүшелерi және
хатшы кiредi. Төраға мен хатшы тиiстi мемлекеттiк органдар аппараттарында
штаттық лауазымды атқарады. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау
жөнiндегi кенттiк, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк комиссия
төрағасының функцияларын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әкiмi
атқарады.
5. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
комиссияның құрамына тиiстi мәслихаттардың депутаттары, iшкi iстер, бiлiм
беру, мәдениет, денсаулық сақтау, әдiлет органдарының, жұмыспен қамту,
қамқоршылық пен қорғаншылық мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның,
кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз
және панасыз қалудың профилактикасына мүдделi қоғамдық және өзге де
ұйымдардың өкілдері кіреді.
6. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
комиссиялар өз құзыретi шегiнде:
1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және
қалпына келтiру, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуына,
құқық бұзушылықтар мен қоғамға жат iс-әрекеттер жасауына ықпал ететiн
себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөнiндегi шараларды жүзеге
асырады;
2) мемлекеттiк органдардың кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-
әрекеттердiң профилактикасы жөнiндегi қызметiн жетілдiруге, оларды
әлеуметтік оңалтуға бағытталған бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлейдi;
3) бала құқығын қорғау жөнiндегі мiндеттердi жүзеге асыратын ұйымдардағы
кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, әкету, бағып-күту жағдайларын бақылауды
қамтамасыз етуге қатысады;
4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз
және панасыз қалудың жай-күйiн зерделейдi және осы салада әлеуметтiк
зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады;
5) бала құқығын қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыратын ұйымдар
желiсiнiң дамуына жәрдемдеседi және олардың қызметiнiң мониторингiн
қамтамасыз етедi;
6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз
және панасыз қалудың профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдардың
оң тәжiрибесiн жинақтап, таратады және оларға әдiстемелiк және практикалық
көмек көрсетедi;
7) мүдделi мемлекеттiк органдар басшыларының кәмелетке толмағандар
арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың
профилактикасы, олардың құқықтарын қорғау бойынша жүргiзген жұмыстары
туралы есептерiн тыңдайды және олардың арасында жетекшiлiк ететiн мәселелер
бойынша өзара ақпарат алмасуды ұйымдастырады;
8) кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарына және ерекше
режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберу мәселелерi бойынша сотқа
материалдар дайындауға қатысады;
9) қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнен босатылған не арнаулы бiлiм
беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарынан оралған
кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыруда және тұрмыстық жағдайын
қалыптастыруда, сондай-ақ өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке
толмағандарды әлеуметтiк оңалту жөнiндегi өзге де мiндеттердi жүзеге
асыруда мүдделi органдардың қызметiн үйлестiреді;
10) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз
және панасыз қалудың профилактикасы жөнiнде жүргiзiлген жұмыс туралы
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырады.
7. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
комиссияларды құру тәртiбi және олардың қызметiн ұйымдастыру Қазақстан
Республикасының заңдарымен айқындалады.

10-бап. Iшкi iстер органдарының құзыретi
Iшкi iстер органдары өз құзыретi шегiнде:
1) осы Заңның 19-бабы 1-тармағының 1) - 12) тармақшаларында аталған
кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу,
оқыту, бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын және (немесе)
олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн олардың ата-аналарын немесе заңды
өкiлдерiн анықтайды, есебiн жүргiзедi және оларға қатысты жеке
профилактикасы шаралары жүргiзедi;
2) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар, қоғамға қарсы iс-
әрекеттер жасауға тартатын не балаларға қатысты басқа да құқыққа қарсы ic-
әрекеттер жасайтын адамдарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу,
оқыту және (немесе) бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын немесе
тиiсiнше орындамайтын, не олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн кәмелетке
толмағандардың ата-аналары мен заңды өкiлдерiн, педагогтарды,
тәрбиешiлердi, оқу, тәрбие және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге
асыруға мiндеттi өзге де мекеменiң басқа да қызметкерлерiн анықтайды және
оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту
жөнiнде шаралар қолданады;
3) кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен жасалған
әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы өтiнiштер мен
хабарламаларды белгiленген тәртiппен қарайды және оларға итермелейтiн
себептер мен жағдайларды жою жөнiнде шаралар қолдану туралы ұсыныстар
енгiзедi, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етедi;
4) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттiк мекемелерге
жiберуге немесе кәмелетке толмағандарды қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа
алуды ресiмдеуге жәрдемдеседi;
5) арнаулы бiлiм беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру
ұйымдарына жiберiлетiн кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды
дайындауға қатысады;
6) қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға және өзге де қылмыстық-
құқықтық ықпал ету шараларына сотталған кәмелетке толмағандардың өмiр
салтын және мiнез-құлқын бақылауды қамтамасыз етуде әдiлет органдарының
қылмыстық-атқару инспекцияларына жәрдемдеседi;
7) Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару инспекцияларымен бiрлесе
отырып, балаларын тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн
орындамайтын және (немесе) олардың мiнез-құлқына керi әсер ететiн,
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 72-бабының тәртiбiмен жазасын
өтеу кейiнге қалдырылған сотталған әйелдерге қатысты материалдар
дайындайды;
8) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуы, құқық
бұзушылықтары туралы және қоғамға жат iс-әрекеттерi, оған итермелейтiн
себептер мен жағдайлар туралы мүдделi органдар мен мекемелердi хабардар
етедi;
9) кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын және басқа заңды
өкiлдерiн құқықтық тәрбиелеуде бiлiм беру органдарына жәрдемдеседi;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) он сегіз жасқа толмаған және қылмыс жасаған адамдарды, егер оларды
оқшаулау қажет болса, арнаулы мекемелерде ұстайды.
Қылмыстық жауаптылық туындайтын жасқа толмаған және қылмыс жасаған,
сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін
кәмелетке толмағандар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына,
оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген қорғаншыларына,
қамқоршыларына және өзге де адамдарға беріледі;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру
ұйымдарына, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған,
үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi және ата-аналарының немесе оларды
алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған қадағалаусыз балалар мен
жасөспiрiмдердi кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізеді;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды
12) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы
Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген
өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
 
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-бап. Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары
1. Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары (бұдан әрi – Орталық):
1) ата-аналарын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан
он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған;
2) уақтылы орналастыру мүмкiндiгi болмаған жағдайда ата-аналарының
немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ
олардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қауiп төнген кезде қорғаншылық
және қамқоршылық органы ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе оларды
қамқорлыққа алған басқа да адамдардан алып қойған;
3) арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберілетін кәмелетке толмағандарды
қабылдауды және уақытша ұстауды қамтамасыз ететiн, білім беру органдарының
қарамағындағы ұйымдар болып табылады.
2. Кәмелетке толмағандарды Орталыққа орналастыруға:
1) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген кәмелетке
толмағандарға қатысты - соттың қаулысы;
2) осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген
кәмелетке толмағандарға қатысты - қорғаншылық және қамқоршылық
органының қаулысы негiз болып табылады.
3. Түнгi уақытта, демалыс немесе мереке күндерi, сондай-ақ өзге де
ерекше жағдайларда кәмелетке толмағандар Орталық әкімшілігі актісінің
негiзiнде Орталыққа орналастырылуы мүмкiн, бұл туралы жиырма төрт сағат
iшiнде Орталық әкiмшiлiгi прокурорды жазбаша түрде хабардар етедi.
Кәмелетке толмағандарға қатысты материалдар оларды одан әрi ұстау не
орналастыру туралы мәселенi шешу үшiн Орталыққа орналастырылған кезден
бастап үш тәулiктiң iшiнде қорғаншылық және қамқоршылық органына ұсынылады.
4. Кәмелетке толмағандарды Орталыққа орналастыру үшiн қажеттi құжаттарды
жинақтауды iшкi iстер органдары немесе қорғаншылық және қамқоршылық
органдары қамтамасыз етедi.
5. Кәмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзiмi үш айдан аспауға
тиiс.
6. Кәмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзiмiне денсаулық сақтау
саласындағы уәкiлеттi орган жариялаған карантин кезеңi, сондай-ақ кәмелетке
толмағандардың ауруына байланысты стационарлық медициналық мекемеде болу
уақыты кірмейдi.
7. Орталыққа алкогольден, есiрткiден немесе уытқұмарлықтан масаң
күйiндегi кәмелетке толмағандар, сондай-ақ психикалық аурудың айқын
белгiлерi бар кәмелетке толмағандар орналастырылмайды.
8. Кәмелетке толмағандарды Орталықта ұстаудың тәртiбi мен шарттары
Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы бекiткен
қағидаларда айқындалады.
 
12-бап. Бiлiм беру органдарының құзыретi
Бiлiм беру органдары өз құзыретi шегiнде:
1) девиантты мiнез-құлықты кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы
бiлiм беру ұйымдарының және ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарының,
сондай-ақ бала құқығын қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыратын өзге де
ұйымдар жүйесiн дамыту жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
2) кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытын және еңбекпен
қамтылуын ұйымдастыруға қатысады;
3) дәлелсiз себептермен жалпы бiлiм беретiн оқу орындарына бармайтын
кәмелетке толмағандарды анықтайды және есепке алады, олармен және олардың
ата-аналарымен немесе заңды өкiлдерiмен жеке профилактикасы шаралары
жүргiзедi;
4) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мiнез-құлқын
қалыптастыруға, олардың бойына имандылық пен салауатты өмiр салтының берiк
негiздерiн дарытуға бағытталған бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлеп,
бiлiм беру ұйымдарының жұмыс тәжiрибесiне енгiзедi;
5) дамуында немесе мiнез-құлқында ауытқушылықтары бар кәмелетке
толмағандарды анықтайтын психологиялық-медициналық-педагогик алық
комиссияларды құрады, олардың кешендi түрде тексерiлуiн жүргiзедi және
оларды одан әрi оқыту және тәрбиелеу нысандарын анықтау жөнiнде ұсыныстар
әзiрлейдi;
6) девиантты мiнез-құлықты кәмелетке толмағандарды, тұрмысы қолайсыз
отбасыларын анықтауға, оларды iшкi iстер органдарында есепке алуға және
олармен жеке профилактикасы шаралары жүргiзуге қатысады;
7) жалпы бiлiм беретiн оқу орындарында қол жетерлiк спорт секцияларын,
техникалық және өзге де үйiрмелер, клубтар ұйымдастыруды қамтамасыз етедi
және оларға кәмелетке толмағандарды тартады;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған
кәмелетке толмағандарды, ата-аналарының немесе оларды алмастырушы
адамдардың қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарына
жіберілетін кәмелетке толмағандарды заңда белгіленген тәртіппен Кәмелетке
толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұстайды;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы
Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген
өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
 
13-бап. Арнаулы бiлiм беру ұйымдары
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Арнаулы бiлiм беру ұйымдары оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбие мекемелерi
болып табылады және әкiмшiлiк жазалау шараларына әкеп соғатын құқық
бұзушылықтарды жүйелi түрде жасайтын, бастауыш, негізгі орта және жалпы
орта бiлiм алудан қасақана жалтаратын, отбасынан және балалардың оқу-тәрбие
ұйымдарынан үнемi кетiп қалатын, өзге де қоғамға жат iс-әрекеттер жасайтын
он бiр жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу,
оқыту және әлеуметтiк оңалту мақсатында құрылады.
2009.10.07. № 176-IV ҚР Заңымен  2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
комиссияның ұсынысы бойынша кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру
ұйымдарына жiберудiң орындылығы туралы шешiмдi сот қабылдайды. Алкогольдік
ішімдіктерді, есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды құмарлықпен
салынып пайдаланатын кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарына
жiберу туралы мәселенi қарау кезiнде мiндеттi түрде оларға нашақорлық
аурулардан емделу курсынан өтудi белгiлеудiң орындылығы зерттеледi.
3. Кәмелетке толмаған бала арнаулы бiлiм беру ұйымына бiр айдан бiр
жылға дейiнгi мерзiмге жiберiлуi мүмкiн.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Кәмелетке толмағанның арнаулы бiлiм беру ұйымында болуы оның
кәмелеттiк жасқа толуына байланысты, сондай-ақ мекеме әкiмшiлiгiнiң не
кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
аумақтық комиссияның ұсыныстары негiзiнде арнаулы білім беру ұйымы
орналасқан жердегі сот кәмелетке толмаған бала өзiнiң түзелуi үшiн бұл
шараны қолдануды бұдан әрi қажет етпейдi деген қорытындыға келген жағдайда
мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Кәмелетке толмағандардың арнаулы бiлiм беру ұйымдарында болуының сот
белгіленген мерзімін осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген
тәртіппен, тек қана мына жағдайларда:
1) кәмелетке толмаған баланың жалпы бiлiмiн немесе кәсiби даярлығын
аяқтау қажет болған, бiрақ ол кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн;
2) әкiмшiлiк жазалау шараларына әкелiп соғатын құқық бұзушылықтарды
жүйелi түрде жасаған, орта бiлiм алудан қасақана жалтарған, арнаулы бiлiм
беру ұйымынан өз еркiмен кетiп қалған, өзге де қоғамға жат ic-әрекеттер
арнаулы білім беру ұйымы орналасқан жердегі сот ұзартуы мүмкін.
6. Арнаулы бiлiм беру ұйымының тәрбиеленушiсi қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын жасқа дейiн қылмыс белгiлерi бар қоғамдық қауiптi әрекет жасаған
жағдайда, ол осы Заңның 14-бабында белгiленген тәртiппен ерекше режимде
ұстайтын бiлiм беру ұйымына жiберiлуi мүмкiн.
7. Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберу туралы
мәселенi қарау кезiнде прокурордың қатысуы мiндеттi болады.
8. Осы баптың 1-тармағында аталған кәмелетке толмағандарды анықтауды
және есепке алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар кәмелетке
толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарына орналастыру үшiн қажеттi
құжаттарды жинауды қамтамасыз етедi.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды
8-1. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымдарына жіберу
тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде
айқындалады.
9. Арнаулы бiлiм беру ұйымдарының әкiмшiлiгi:
1) кәмелетке толмағандарды бағып-күтудiң, аталған мекеменiң аумағын
күзетудi, тәрбиеленушiлердiң жеке қауiпсiздiгiн және олардың терiс әсерден
барынша қорғалуын, аталған мекеменiң аумағына бөгде адамдардың еркiн кiруiн
және одан тәрбиеленушiлердiң өз еркiмен кетуiн шектеудi, кәмелетке
толмағандарды тәулiк бойы, оның iшiнде ұйқыға бөлiнген уақытта қадағалау
мен бақылауды, кәмелетке толмағандардың өздерiн, олардың заттары мен
тынығатын бөлмелерiн тексерiп қарауды қамтитын арнайы жағдайларын
қамтамасыз етедi;
2) аталған мекеменiң орналасқан жерi бойынша және кәмелетке
толмағандардың тұрғылықты жерi бойынша iшкi iстер органдарына олардың өз
еркiмен кетiп қалу фактiлерi туралы хабарлайды және оларды iздестiрiп,
қайтаруға тiкелей қатысады;
3) кәмелетке толмаған баланы аталған мекемеден шығару туралы
хабарламаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаға мiнездеменi және онымен
алдағы уақытта жеке профилактикасы шаралары жүргiзудiң, жұмысқа орналасуына
және тұрмыстық жағдайын қалыптастыруға көмек көрсетудiң қажеттiлiгi туралы
нұсқауларды кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерiндегi кәмелетке
толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияға
олардың болу мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр айдан кешiктiрмей жiбередi.
10. Арнаулы бiлiм беру ұйымдарына өздерiн аталған мекемелерде бағып-
күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулары бар кәмелетке толмағандар
орналастырылмайды. Мұндай аурулардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының
Үкiметi бекiтедi.
11. Арнаулы бiлiм беру ұйымдарын құру, қызметiн ұйымдастыру тәртiбi және
оларда кәмелетке толмағандарды бағып-күтудiң шарттары Қазақстан
Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiткен осы
ұйымдар туралы ережемен айқындалады.
12. Арнаулы бiлiм беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату
туралы шешiмдi жергiлiктi атқарушы органдар қабылдайды.

2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-бап. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары
1. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары оқу-тәрбие немесе емдеу-
тәрбие мекемелері болып табылады және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудің,
оқытудың және әлеуметтік оңалтудың ерекше жағдайларын қамтамасыз ету
мақсатында құрылады.
2. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына тәрбиелеудің, оқытудың
ерекше жағдайларын қажет ететін және арнаулы педагогикалық тәсілді талап
ететін он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мынадай
жағдайларда, егер олар:
1) оларға қатысты қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмауына
байланысты қылмыстық іс қозғаудан бас тарту немесе қылмыстық істі тоқтату
туралы қаулы шығарылғаннан кейін қоғамға кауіпті әрекетті қайтадан жасаса;
2) орташа ауыр немесе ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталса және сот
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 81-бабында көзделген тәртіппен
қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатса, орналастырылады.
3. Қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмаған кәмелетке
толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберудің
орындылығы туралы шешімді ішкі істер органының ұсынысы бойынша сот
қабылдайды.
Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған кәмелетке толмаған
баланы ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы ұсынысты ішкі істер
органдары аталған кәмелетке толмаған балаға қатысты қылмыстық істі тоқтату
туралы немесе оны қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап
отыз тәулік ішінде сотқа жібереді.
Ерекше жағдайларда бұл мерзім ішкі істер органы бастығының немесе
прокурордың қаулысы негізінде отыз тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген материалдар оларды сотқа жіберу
алдында кәмелетке толмаған балаға және оның заңды өкілдеріне танысу үшін
ұсынылады.
Мүдделі адамдар көрсетілген материалдармен танысқандығы туралы ұсынылған
материалда тиісті жазба жасайды.
5. Кәмелетке толмаған бала ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына
алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге жіберілуі мүмкін.
Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында
ұстауға:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдарға қатысты –
сот қаулысы;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдарға қатысты –
сот үкімі негіз болып табылады.
Кәмелетке толмаған баланың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында
болуы адамның кәмелетке толуына байланысты, сондай-ақ егер ерекше режимде
ұстайтын білім беру ұйымы әкімшілігінің ұсынысы негізінде сот кәмелетке
толмаған бала өзінің түзелуі үшін осы шараны қолдануды бұдан былай қажет
етпейді деген қорытындыға келген болса, мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
7. Кәмелетке толмаған баланың ерекше режимде ұстайтын білім беру
ұйымында болуының сот айқындаған мерзімі осы баптың 3-тармағында
белгіленген тәртіппен, тек қана мынадай:
1) кәмелетке толмаған баланың жалпы білім алу немесе кәсіби даярлығын
аяқтау қажет болған жағдайда, бірақ ол кәмелетке толғанға дейін;
2) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толғанға дейін қылмыстық
белгілері бар қоғамға қауіпті әрекет жасаған жағдайда ұзартылуы мүмкін.
8. Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру
ұйымдарына жіберу туралы мәселені қарау кезінде прокурордың қатысуы
міндетті.
9. Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру
ұйымдарына орналастыру үшін қажетті құжаттарды жинауды ішкі істер органдары
қамтамасыз етеді.
10. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күресудегі ІІО-ның қызметі
Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың әлеуметтік мәселесі
Әрекерт қабілеттілік
Ата – ана қамқорынан қалған балалар психологиясы
Республикадағы балаларға қосымша білім беруші ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттардың жинағы
Балалар құқықтарын халықаралық қорғау
БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРНАЙЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Құқық бұзушылық және оның алдын алу
Девиантты мінез - құлықтың пайда болу себептері
Пәндер