Қазақ қайраткерлерінің көзқарасына әсер еткен қоғамдағы саяси процестер мен саяси қақтығыстарды заман тұрғысынан сараптамадан өткізу



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 329 (574)
Қолжазба құқығында

Нургалым Кәдір Салықұлы

Қазақстанда саяси институттардың қалыптасуында қоғамдық ойдың
модернизациялану мәселелері (салыстырмалы саяси талдау)

23. 00.02 - Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және
саяси процестер мен технологиялар мамандығы бойынша

Саяси ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарих
факультетінің теориялық-қолданбалы саясаттану және әлеуметтану кафедрасында
орындалды

Ғылыми жетекшілері: философия ғылымдарының докторы,
профессор Сыдықов Ұ.Е.
саяси ғылымдарының докторы
Симтиков Ж.Қ.

Ресми оппоненттері: саяси ғылымдарының докторы,
Әуелғазина Т.Қ.
саяси ғылымдарының кандидаты
Байсұлтанова К.Ш.
Жетекші ұйым: Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі
Ғылым Комитетінің
Философия және саясаттану
институты

Дисссертация 2010 жылы 27 тамызда сағат 14.00 Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық университетіндегі 23.00.02. - саяси институттар,
этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар
мамандығы бойынша саяси және философия ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін алу үшін диссертациялар қорғалатын Д 14.21.03. диссертациялық
кеңесінің мәжілісінде қорғалады.
Мекен - жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30,
диссертациялық зал. (ауд. 215).

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
кітапханасында (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30) танысуға
болады.

Автореферат 2010 жыл 26 шілдеде таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғалыми хатшысы, саяси
ғылымдарының докторы
Жабина Ж.Р.

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста Қазақстандағы саяси
институттардың қалыптасуындағы қоғамдық ойдың модернизациялану
мәселелеріне саяси салыстырмалы талдау жасалып, нақты ұсыныстар берілген.
Мемлекеттің қалыптасуындағы демократиялық билікке көшу процесіне теориялық
тұрғыдан пайымдаулар жасалынған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Саяси тарихымыздың тәлімі мен
сабағынан қоғамымыз үйренеді, артық-кемін ашық талқыға салып талдап,
қайталанбаудың алдын алады. Неге солай болды деп ойланып ұғыну, себеп-
салдарына үңілу, қателігін көңілге мықтап тоқу арқылы ғана кешегі
халқымыздың басына түскен қасіретті оқиғалардың қайталанбасына кепілдік
бере аламыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1997 жылды Жалпы ұлттық
татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы [1], 1998 жылды
Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы [2] деп жариялауы - ұлттық саяси
тарихымыздың ірі саяси оқиғаларына сабақтастықпен баға беріп отыруының
нақты көрінісі. Ендеше еліміздің зиялы қауым өкілдерінің басын қосқан
жиында Елбасының: Бұл – Қазақ елінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен
өткізіп: Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз? – деген төңіректе
ойлансын деген сөз. Бұл әрбір азамат туған елінің, туған халқының тағдыры
ешкімдікінен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл – әрбір азамат тарих
қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең
байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз– деп тереңінен
толғауы жалпы жұртшылыққа ой салумен қатар, қоғамдық ғылым салаларына,
әсіресе саясатшыларға зор міндеттердің жүктеліп отырғандығын көрсетті.
Бүгінгі Қазақстан халқы азат, тәуелсіз елге айналды. Ол - қазақ
жұртының ғасырлар бойғы арманы еді. Егемендік алғаннан бергі 19 жыл ішінде
Қазақстан Республикасы ғасырларға тән сан-салалы өзгерістерді басынан
кешірді. Дүние жүзіне өзімізді бейбітшілік сүйгіш халық, өркениетті саясаты
бар ел ретінде танытып үлгердік. Алайда өзгеге таныту үшін өзімізді тану
қажеттігін билігімізді нығайтып, шаруамызды қолға алғанда барып түсіндік.
Тәуелсіздік ұзақ жылдарғы ұлтты азат ету жолындағы саяси күресінің заңды
нәтижесі болғандығын өскелең ұрпақтың мықтап есінде ұстағаны жөн деп
ойладық. Саяси тарихымыздың өткен ғасырдың басындағы маңызды оқиғаларының
саяси сабақтарына көңіл қойып, зерделеу саяси прагматизм мақсаттарынан
туындап отыр.
Осынау кезеңдегі күрестің көшбасында халқының ақыл-айнасы, жанашыр
саяси акторлары болған ұлтымыздың таңдаулы қайраткерлері тұрды. Егер
төңкеріске дейін-ақ езілген жұртының санасына саяси ойдың сәулесін түсіріп,
оятқан, азаттық жайлы идеяның негізін қалап бағыттаған А.Байтұрсынов,
Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, М.Дулатовтардай көсемдері ұйытқы болған Алаш
зиялыларының ісі деп білсек, ізінше 1916-17 жылдардың ұлт-азаттық күресі
мен саяси төңкерістерінің аласапыранында қалыптасып, шынығып, айқындалып,
саяси билікке көтерілген Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев,
Н.Нұрмақов, Ы.Мұстамбаев т.б. секілді қайратты жастарды көреміз.
Алдыңғылар негізінен ағартушылық, саяси-идеялық қызметімен еліміздің
болашақ даму жолын саралап берген болса, кейінгілер кеңес билігі шеңберінде
ұлттық мұраттарды жүзеге асыруда бар күш-жігерімен саяси стратегия жасады.
Олар жоғалтып алған мемлекеттік белгілерімізді қалпына келтіріп,
Қазақстанның шынайы саяси тәуелсіздігінің негізін қалауға орасан зор күш
жұмсады. Бөлшектелінген қазақ жерін біріктірді, шаруасын түзеп, мәдени
дамуына жағдай жасады.
Өкінішке орай, ұлтымыздың зиялылары түгелдей дерлік тоталитарлық
жүйенің қысымын көрді, абақтыға қамалды, елден қуылды, кейінгі қуғын-сүргін
науқанында репрессия құрбанына айналып, жазықсыз мерт болды.
Алайда, олардың еңбектері мен есімдері тарихтан күштеп өшірілгенімен
де, озбыр режим олардың өз халқына деген жанпида қызметімен ерекшеленген
азаматтық бейнелерін санамыздан өшіре алған жоқ. Тіпті, қатал саясаттың
тоңы жібіген тұста көпшілігінің ақталғанымен де, олар туралы толық шындықты
айтып, ақ-қарасын тануға идеологиялық құрсау мүмкіншілік бермеді. Осылайша,
халықтың тарихи жадында сақталып келген сол ұлтжанды азаматтарымыздың
есімдері мен мол мұралары тәуелсіздік тұсында қайта жаңғырды. Бірқатар
ғылыми жұмыстың арқауына айналып, жүйеленген саяси тақырыпта немесе жеке
саяси тұлға ретінде зерттелді.
Қоғамды модернизациялауда ұлттық интеллигенция мұрасы өткен мен
болашақтың рухани көпірі. Олардың тұлғалық мұратын ақиқаттын бағалаудың
өзі, саяси болжам жасауға жарайтын білімі мол үрдіс. Әсіресе елдің сындарлы
кезең аясындағы қажеттіліктеріне бағыт-бағдар жеткізіп отыратын саяси
зиялылардың ұлағаты. Сондықтан да аталмыш тақырып өзекті болып табылады.
Демек, біздің де жұмысымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел
ретінде саяси иниституттардың қалыптасуына ықпал еткен ұлт зиялыларының
қызметі, демократиялық бағыттағы модернизациялық саяси ойлар мен құқықтық
көзқарастардың қалыптасып дамуы, мәні, қоғамымызды ілгерлетудің рөлі мен
ерекшеліктері, яғни, оған ат салысқан акторлар, саяси күштер мен ағымдар,
көрнекті саяси қайраткерлерінің жанкешті қызметінің айтылмай, зерттелмей
келген олқылығын саясаттану пәні бойынша, саяси талдай отырып толтыру
қажеттігінен туындап отыр.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Көтерілген мәселе бойынша отандық тарих
пен әдебиет философия және де басқа ғылым саласында біршама зерттеулердің
бар екені рас. Дегенмен де саясаттану пәні бойынша саяси тұрғыдан талданған
еңбектер жоқтың қасы, жалпы тақырып бойынша жарияланған зерттеу еңбектерін
саяси сипатына орай былайша топтауға болады. Бірінші кезеңде, 1920-1980
жылдары яғни Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін жарияланған
еңбектерде қазақ қоғамдық ойын модернизациялауға тырысқан алаш азаматтары
туралы, олардың ұлт-азаттық қозғалыстары, республикамызда саяси ойды
қалыптастырудағы жетекшілік рөлін зерттеуге тиым салынды, оларға сол
кездегі режимге қарсы азаматтар деген айдар тағылды. Олардың есімдері саяси
санамыздан күштеп өшіріліп тасталды. Ұзақ жылдар бойы зерттеу еңбектерінде,
оқулықтарда ұлтжанды кеңес қайраткерлері, әсіресе, Алаш қозғалысы мен оның
жетекшілерінің қызметтеріне, саяси ой-пікірлеріне, саяси мақсаттары айқын
ұлт-азаттық қозғалыстарға теріс баға беріліп келді. Бұл кеңестік
иделогияның талабы болатын. Екінші кезеңде, қазақ елі азаттыққа аяқ басқан
алғашқы жылдарының өзінде тарих ақиқатын толық жеткізе алмай, жалтақтықпен,
кеңестік идеологияның тар құрсауынан шыға алмаған еңбектер де жарық көрді.
Жарияланған зерттеулер дерекнамалық сипатта болуы, терең методологиялық
талдаудың жетіспеуі заңды болатын. Саяси ғылым тұрғысынан арнайы зерттеліп,
оған объективті баға берілмеді. Қазақ қайраткерлерінің мемлекетті
қалыптастырудағы қызметі, саяси көзқарастары, жалпы саяси ойларының
қалыптасып, дамуының бүгінгі күнмен сабақтастығы зерттелмеген еді. Үшінші
кезеңде яғни бүгінгі таңдағы қазақ қайраткерлерінің саяси-қоғамдық
қызметіне байыпты түрде жаңаша көзқарас білдірген және мемлекеттік
қызметіне жалпы саяси ойының дамуына қатысты табылған тың құжаттарды
ұсынып, саяси қызметінің ұлтжандылық мәні жайлы тұжырым жасаған мақалалар
да, зерттеу еңбектері де жарық көре бастады. Сондай-ақ, демократиялық
бағыттағы саяси-қоғамдық, құқықтық көзқарастардың қалыптасуы, мәні мен
ерекшеліктері ғылыми тұрғыдан арнайы эмпирикалық зерттеудің нысанына
айналды
Саяси жүйелер мен саяси ойдың қоғамдық модернизациялау мәселесі жарты
ғасыр бұрын батыстық ғылымның зерттеу нысанына айналған. Дамуда, саяси
ойдың қоғамды модернизациялау теориялары АҚШ, Еуропа және тағы да басқа
елдердегі қоғамдық-саяси жаңартулар тәжірибесін зерттеу нәтижесінде ғылыми
негізделген тұжырымдамаға айналды. Модернизация – қазіргі, жаңа жағдайға
байланысты жаңару, өзгеру, икемделу. Саясатта саяси жүйенің, әдіс-
тәсілдердің, бағдарлама, тұжырымдамалардың өзгеруі. Заман талабына сай
жаңару қоғамның жылдам дамуына мүмкіндік беріп, тұрақтылығын қамтамасыз
етеді. Ондай өзгерістер жасалмаса, саяси тоқырауға ұшырауға болады.
Модернизация саяси жүйеде қоғамдық институттар қызметі өзгерістерінің
әртүрлі қырларына назар аударады. Кейбір зерттеушілердің еңбектерінің
Қазақстандағы әлеуметтік-саяси шындыққа қатыстылығы шектеулі екенін айта
кету керек. Себебі, олар батыстық әлеуметтік-мәдени дәстүрлерге
бағытталған. Дегенмен, батыстық авторлардың өзге елдердегі саяси ойдың
қоғамды модернизациялау үдерісінің ерекшеліктерін экономикалық, саяси және
мәдени өзгерістер аясында анықтауға тырысқан еңбектерінің зерттеулер үшін
маңызы бар. Егер саяси ойдың қоғамды модернизациялауы әлеуметтік
өзгерістердің белгілі бір түрі ретінде ұғынсақ, Т.Гоббс, Дж.Локк,
Т.Джефферсон, Ж.Ж.Руссо, И.Шумпетер елеулі үлес қосты.
Алғаш рет қазақ зиялыларының қоғамдағы атқаратын рөлі, шынайы миссиясы
турасында А.Байтұрсынов[3], Ә.Бөкейханов[4], М.Дулатовтар [5] сияқты алаш
қайраткерлері терең толғанған болатын. Олар өздері үлгі-өнеге көрсете
отырып, Қазақ газеті, Айқап журналы т.б. ана тіліміздегі төл
баспасөзде жарияланған шығармаларымен сол кезеңдегі қоғамдық ой-пікірді
дамытты, бағытын белгіледі. Саяси мәселелерді көтеріп, халықтың саяси
сауатын көзін ашуға жалпы оқыған зиялы қауымға үндеу тастап, қоғамды саяси
модернизациялауға негіз салды.
Ал, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін саясаттану
ғылымында билік жүйесін модернизациялауға байланысты ғылыми еңбектер жазып
зерттеген ғалымдар қатары соңғы жылдары молая түсті. Оларға
А.С.Балғымбаев[6], Д.Т.Медеуова[7], К.Ж.Жаулин[8], Ж.Қ.Симтиковтың [9] және
т.б. еңбектерін жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасындағы биліктің президенттік вертикалінің
контексіндегі басқарудың жергілікті органдары, сондай-ақ қоғамды
модернизациялаудың кейбір өзекті мәселелері С.И.Абдулпаттаевтың[10],
Ә.Бәкірдің[11], К.Н.Бурхановтың[12], Л.М.Иватованың [13] зерттеулерінде
қаралады.
Саяси модернизациялаудың эмпирикалық тәжірибесінің жинақталуының
теориялық негізі ТМД елдерінің ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапты.
Ресейлік Б.М.Лазарев[14], А.И.Черкасов[15], Б.Курашвилидің[16] еңбектері
модернизация мәселесін ғылыми сараптауымен ерекшеленеді.
Тәуелсіздіктің орнауымен қазақ зиялыларының саяси-ой мәселесіне,
қоғамдық-саяси қызметіне мүлде жаңаша баға беру үрдісі басталды. Әсіресе
қазақ қайраткерлерінің өмірі мен қоғамдық қызметін қамти отырып, ең бастысы
шығармашылық жолы және саяси жүйені модернизациялауда алатын орны туралы
мерзімдік басылымдарда мақалалар мен жекеленген ғылыми еңбектер, жинақтар
жариялана бастады.
Қазақстандық қоғамды жаңартудың демократиялық негіздерін зерттеген
алғашқылардың қатарында белгілі ғалымдар Ә.Н. Нысанбаев[17],
А.Қ.Бижановтар[18] болған. Сондай-ақ, қоғамды демократияландырудағы
жаңарту үрдісінің саяси маңыздылығы мен оның кейбір қырлары отандық
саясаттанушылар Г.Н.Иренов[19], Е.К.Әлияров[20] еңбектерінде де көрініс
тапқан. Саяси жаңарудың этносаяси аспектілерін кешенді зерттеуге
Р.Б.Әбсаттаров[21], Н.В.Романова[22], Н.А.Абуеваның[23] зерттеулері үлкен
үлес қосты.
Қазіргі саяси жүйелерді зерттеу бойынша, негізгі ережелер белгілі
Қазақстан саясаттанушысы М.С.Машанның[24] тұжырымдамалық сипаты бар
еңбектерінде мазмұндалған және Қазақстанның саяси институттарын дамыту
динамикасын модернизациялауға мүмкіндік берді. Салыстырмалы әдіс әлемдік
тәжірибедегі жергілікті өкілді органның әр түрлі моделдерінің тиімділігін
айқындады.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Қазақстандағы саяси қоғамдық
ойларды модернизациялау барысын тиянақты түрде жан-жақты зерттеп-талдаудың
барысындағы басты мақсатымыз – қоғамымыздағы ой-пікірлердің еліміздің дамып-
өркендеуіндегі атқарған рөлі мен оның көрнекті өкілдерінің ұлтына әр кез
бүйрегі бұратын ұлтжанды қайраткер болғандығын және олар құрып басқарған
қоғамдық ұйымдар, партиялар, үкімет органдарының елдің, халықтың мүддесіне
қызмет атқарғанын гносеологиялық дәлелдеу.
Мақсатымызға жету үшін алдымызға төмендегідей міндеттерді қойып
отырмыз:
- Қазақстандағы саяси иниституттардың қалыптасуында қоғамдық ойлардың
қайнар көздері, әлеуметтік негіздерін тарата отырып, жалпы көзқарастардың
қалыптасу негіздерін саралау;
- Қазақстанды модернизациялаудағы саяси-қоғамдық, құқықтық көзқарастар,
қалыптасуы, мәні, ерекшеліктерін бейнелеу және себептерін талдау;
- Ұлт мәселесін шешу жолындағы саяси-мемлекеттік және құқықтық
көзқарастар мен тәлімін жүйеге келтіріп, қоғамымызды демократияландырудағы
рөлін ашу;
- Саяси иниституттардың қалыптасуындағы қоғамдық ой-өрістің негізгі
бағыттары және олардың сол қоғамда өткір қойылуы, саяси айтыстардың өзегіне
айналуы (1924 жылдың қарашасы – 1927 жылдың ақпаны) қазақ қайраткерлерінің
Қазақстандағы халық шаруашылығын дамыту жолындағы саяси талас-тартыстарға
түсуінің негізі жерді, елдігімізді сақтау талабынан туындағанын айқындау;
- Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының факторы ретінде
Қазақстандағы саяси ойдың қоғамды модернизациялаудағы рөлі
(салыстырмалы саяси талдау) – мәселелердегі ойтұжырымдылық
негіздерін ашып көрсету.
Зерттеудің деректемелік негізі. Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың
қалыптасуы мен даму ерекшеліктері және саяси иниституттардың қазіргі
кезеңдегі маңызын талдап көрсетудегі мұрағат қорларының, басқа да дерек
көздерінің өзіндік орны бар
Зерттеудің объектісі. Диссертациялық жұмыстың объектісіне Қазақстандағы
саяси иниституттардың қалыптасуындағы саяси ойдың қоғамды
модернизациялаудағы рөлін саяси, салыстырмалы талдау болып табылады.
Зерттеудің пәні. Саяси көшбасшылардың ой пікірлерінің саяси
иниституттардың қалыптасуына әсері, қазақ мемлекеттін модернизациялау
ерекшелігі мен оның қайшылықтарын, үрдістерін талдау. Қазақ
қайраткерлерінің көзқарасына әсер еткен қоғамдағы саяси процестер мен саяси
қақтығыстарды заман тұрғысынан сараптамадан өткізу. Тәуелсіз Қазақстанның
өзіндік дамуының болашағын іске асыруда қоғамды модернизациялау
маңыздылығын көрсету.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Объективтілік,
саяси-тарихилық, жүйелілік және саяси-салыстырмалы талдау принциптері
басшылыққа алынды. Бұған дейін отандық саяси тарих марксистік-лениндік
методологиясы тұрғысынан талданып, шешіліп келген болса, тәуелсіздік
заманында саяси ұйымдар мен партиялардың, саяси тұлғалардың қызметін жаңа
көзқарас тұрғысынан зерттеу талабы қойылуда. Сондықтан зерттеудің үлгісіне
соңғы жылдарда жарық көрген саяси қоғамдық тақырыптарға, жазылған зерттеу
жұмыстары, қоғам қайраткерлерінің саяси қызметі мен өмір жолы туралы жарық
көрген еңбектер негізге алынды. Елбасы, үкіметтің жүргізіп отырған саяси
бағыттары негізінде бағаланып, қазіргі республикамыздағы жетекші
партиялардың қызметі мен саяси бағдарламалары салыстырмалы талданды.
Зеттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Біріншіден, Қазақстандағы қоғамдық-
саяси пікірлер мен мемлекеттің саясаты туралы ойлар мен тұжырымдар,
тәжірибелер, сабақтар, сондай-ақ, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың,
ұлттық қайраткерлердің қызметі жаңаша қырынан жүйелі түрде зерттеліп отыр;
екіншіден, қоғамдық ұйымдар мен партиялардың ұйымдық құрылымы және саяси-
қоғамдық қызметі зерттеліп, сарапталған. Қазақ қайраткерлерінің үкімет
мүшесі ретіндегі мемлекеттік маңызды шаруаларды республика көлемінде жүзеге
асырудағы саяси ұстанымдары, көзқарастары, ойлары жан-жақты талданып, саяси
жүйені модернизациялауда рөлі айқындалды. Қазақтарды отырықшылдандыру, мал
шаруашылығын сақтап, дамыту, тәлкілеу мәселесі, өнеркәсіпті өркендету және
т.б. шаруашылық науқандарындағы үкіметіміздің бағыттары мен қазақ
қайраткерлерінің саяси көзқарасын көрсететін тың деректер мен тұжырымдар
зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығын құрайды. Сондықтан қоғамдық ұйымдар мен
саяси партиялар, саяси билік және қазақ қайраткерлерінің атқарған қызметі
бүгінгі күнмен салыстырылып, талданып гносеологиялық заңдылықтарын ашып
көрсетті.
- Саяси талдау, саяси көзқарастар арқылы методологиялық негізде
талданып, саяси технологияның өміршеңдігі дәлелденді. Саяси
қайраткерлердің Қазақстандағы қоғамдық-саяси, ұлттық мемлекеттік
құрылыс принциптері туралы пікірлері, саяси ойлары, теориясы
зерттеліп, саяси ғылым тұрғысынан талдау жасалынды. Қазақ саяси
қайраткерлерінің көзқарастары тәуелсіздік принциптерімен сабақтастығы
дәлелденді. Осы ғылыми бағыт Қазақстандағы саяси ойдың қоғамды
модернизациялаудағы рөлін арттырып, саяси жүйесінің даму потенциалын
ашуға мүмкіндік береді.
- Ғасыр басындағы Ж. Мыңбаев, Ы.Мұстамбаев, Н.Нұрмақовтардың ұлттық
мүддені қорғау жолындағы ой-пікірлері, халық шарушашылығын дамытудағы
саяси шешімдері алғаш рет саяси тұрғыдан қаралып, аксеологиялық талдау
жасалды.
- Қазақстанның көппартиялық үрдісі зерттеліп, оның дамуында орын алған
өрлеу – құлдырау – қайта өрлеу құбылыстарының себептері мен салдарлары
сарапталынған. Қазақстан Республикасын ары қарай демократиялық жолмен
модернизациялауды жүзеге асыру шарттары анықталды және болжам жасалды.
Саяси жүйенің дамуының болашағы қоғамдық қатынастарда
модернизациялауды тереңдете берумен тікелей байланысты екендігі
дәлелденген.
- Мемлекеттік басқаруды модернизациялаудың әлеуметтік-саяси мазмұны
ашылды және бұл құбылыстың елдің нарықтық экономикалық даму үрдісімен
өзара байланыстылығы дәлелденіп, қоғамның негізгі салаларын
модернизациялау бір-біріне міндетті түрде ықпалы болатындығы айқын
көрсетілді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі ғылыми тұжырымдар. Диссертациялық зерттеу
жұмысының мақсаты - тәуелсіздік жолында саяси иниституттардың
қалыптасуындағы саяси ойының қоғамды модернизациялаудағы рөліне
салыстырмалы саяси талдау жасау. Тұжырымдамалық сипаты бар отандық және
шетелдік ғалымдардың ғылыми жұмыстарына сүйене отырып, төмендегі саяси
мәселелерді негіздеуге бағытталды:
1. Бүгінгі таңда Қазақстандағы саяси иниституттардың қалыптасуында
қоғамдық ойдың модернизациялану рөлін салыстырмалы саяси талдау өзекті
мәселе, көшбасшылардың жалпыұлттық тұлға болуына әсер еткен қоғамдағы
саяси процестер мен саяси шиеліністің пайда болу себептерін, оны шешудегі
саяси талпыныстардың мәнін ашу және сол мәселелерді шешудегі саяси
әрекеттерін талқылауда, теориялық терең зерттеудің объективті қажеттілігі
бар екендігі анықталды;
2. Саяси иниститутарды қалыптастыруда қоғамдық ойдың модернизациялану
қазақ қайраткерлері саяси іс-әрекеттерінде болашақ қазақ мемлекетінің
жерінің тұтастығы мен ұлт қауіпсіздігін сақтаудағы түрткі болған ішкі
себептерге: аймақтағы ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдай, Ресей
империясының езгісінде болған қазақ елінің де азаттық пен бостандықты
баянды ету мақсатындағы саяси күресінің өсуі және т.б. кіреді;
3. Модернизациялау нәтижесінде саяси көшбасшылар бейнесі қазақ халқының
жадында тәуелсіздік символы ретінде айғақталып, саяси құндылық болып
табылады. Қазақ қайраткерлері армандап, жоғалтып алған мемлекеттік
белгілерімізді қалпына келтіріп, Қазақстанның шынайы саяси тәуелсіздігінің
негізін орнықтырып, оның дамуында, саяси ғылыми болжамдарды пайдалануға
негізделді. Бұл үлгілердің қалыптасуы барысында нақты елдің ұлттық, саяси,
экономикалық, мәдени, құқықтық даму ерекшеліктері ескеріледі;
4. Саяси иниституттарды қалыптастыруда қоғамдық ойды модернизациялау
мәселесі қоғамда саяси мәдениет қалыптастырады, бұл көп ұлтты Қазақстан
үшін аса өзекті мәселе, сондықтан қоғамды модернизациялауда жалпыұлттық
идеяны басшылыққа ала отырып дамуы шарт. Қазақстандағы саяси ойдың қоғамды
модернизациялаудағы рөлін анықтауда, қоғамда әлі де болса жаңару ісіне
кедергі келтіретін келеңсіз жағдайлар баршылық. Мысалы, шенеуніктердің
немқұрайлылығы мен жауапкерсіздігі қоғамда орын алып жатқан жемқорлық және
т.б. Олай болса қоғамдық саяси ойдың модернизация процесін әлі де
жетілдіре түсетін тұстары аз емес. Қоғамда жеке адамның құқы және
міндеттерін жүзеге асырудың кепілі елімізде қабылдайтын заңдар арқылы
қамтамасыз етілуі керек. Бұған дейінгі жүйедегідей тек бұйрық арқылы іске
асырылмауы керек. Конституциялық өзгерістерге сәйкес енді заң актілерінің
нақтылы жүзеге асырылуын Парламент толық қадағалай алатын өкілеттілікке ие
болуы, Қазақстандағы саяси ойдың қоғамды модернизациялаудағы рөлінің
қажеттілігі айқындалды. Осы ғылыми бағыт Қазақстанның саяси жүйесінің
дамуының жетістіктерін ашуға мүмкіндік береді.
5. Толыққанды саяси иниституттардың қалыптасуына, қоғамды
модернизациялауға оның барынша тәуелсіз Қазақстан жағдайында толық жүзеге
асуына мүмкіндік бар, саяси ойлардың тарихи-идеялық астарлас сабақтастығы
елімізде бірлік саясатының орнығуына қолайлы әсер етуде. Болашақта 2 немесе
оданда көппартиялық жүйеге көшу мәселесін жүзеге асыру туралы шаралардың
қолға алына бастауы, сондай-ақ, Қазақстан Халқы Ассамблеясы мүшелері бір
топ өкілдерінің Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болып
сайлануы ұлтаралық татулықты қолдау екені сөзсіз.
6. Жергілікті өкілді органдардың маңыздылығын теориялық жағынан және
олармен атқарылатын қоғамдық іс-қимылдарының саласын зерделеу, біріншіден,
халық билігінің Конституциялық институты ретінде, екіншіден, жергілікті
мемлекеттік басқарудың біртұтас субъектісі ретінде анықтауға мүмкіндік
береді. Мәслихаттардың осындай материал маңыздылық ерекшелігін ескере
отырып, олардың саяси-құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктер көлемінің заң
шығарушылық реттелуі жүзеге асырылуы керек;
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі мазмұны,
нәтижелері Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің
оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми-теориялық конференцияларында және
Халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларында, Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушы профессорлар құрамының
ғылыми-теориялық конференцияларында баяндалып, қорытындысы мақала түрінде
жарық көрді.
Зерттеу тақырыбы бойынша жалпы 9 еңбек, оның ішінде 4 мақала арнайы
ғылыми журналдарда және 4 ғылыми мақала халықаралық, республикалық ғылыми-
тәжірибелік конференцияларда талқыланып, нәтижесі жарияланды. Саяси
талдамадан тұратын бір мақаламыз Қырғыз республикасының жоғары оқу
орындарының бас журналы Известие ВУЗ-ов атты басылымында жарық көрді.
Диссертацияның ғылыми және тәжірибелік маңызы. Диссертацияда
Қазақстандағы саяси иниституттардың қалыптасуында қоғамдық ойды
модернизациялау рөлі мен даму ерекшеліктері және қазіргі кезеңдегі саяси
қоғамдық ойлар негізінде салыстырмалы талдау мен жеке саяси тұлғалардың
ара қатынасын анықтап, баға беру қорытындылары, айналымға қосылған тың
мұрағаттық құжаттар мен ғылыми тұжырымдарды зерттеушілердің пайдалануына
болады. Cаяси, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы болашақ магистр,
бакалавр мамандары үшін теориялық, әдістемелік мәселелеріне байланысты
арнайы курстар дайындауда қолданылатындығын айтуға болады
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертация жұмысы кіріспеден, екі
тараудан, қорытынды бөлімнен, пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Жұмыстың
жалпы көлемі 144 беттік компьютермен терілген мәтінді құрайды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Зерттеу бағытын таңдау Қазақстанда саяси иниституттардың қалыптасуында
мемлекеттік билікті модернизациялауда ұлт қайраткерлерінің қызметінде саяси
ойларының эволюциясы ұсынылған, оны дамытуы бойынша нақты ұсыныстар
әзірленген. Қазақстандағы саяси жүйені мадернизациалауды одан әрі жетілдіру
жолдары жан-жақты талданып, тың ұсыныстар берілген.
Кіріспеде диссертация тақырыбының өзектілігі негізделіп мәселенің
зерттелу деңгейіне қысқаша шолу жасалып, зерттеу пәні мен нысаны, мақсаты
мен міндеттері анықталды, теориялық-әдістемелік базасы мен практикалық
маңызы, ғылыми жаңалығы қорғауға ұсынылатын тұжырымдар берілді.
Саяси иниституттардың қалыптасуындағы қоғамдық ойдың
модернизациялануының теориялық және методологиялық негіздері атты бірінші
бөлімде саяси иниституттардың қалыптасуындағы саяси ой қоғамды
модернизациялау ұғымдары теориялық және әдістемелік сипатта талданған.

Саяси-қоғамдық ойлардың қалыптасуы, қайнар көздері, әлеуметтік
негіздері деп аталатын бірінші бөлімшеде Тәуелсіз қазақ еліндегі болып
жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер егемендігімізді одан әрі
нығайтып қана қоймай, дүниежүзілік даму деңгейіне көтерудің кепілді бағыты
болмақ. Әсіресе, саяси процестердің оң нәтижесі республикамызда билік
тізгінін берік ұстауға қабілетті, парасатты, саяси мәдениетті жастарды
тәрбиелеп, көшке қосуға зор мүмкіндік жасайды. Оған қоса халқымыздың
ғасырлар бойы жинақтаған бай рухани ой-қазынасы мен біртуар ғұлама
перзенттерінің қоғамдық, саяси ой-пікірді дамытудағы еңбектері, ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасын тапқан, сыннан өткен тәжірибелері, тәлім-тәрбиелік
мақсаттағы мұралары мен халық мүддесі бағытындағы қимыл-әрекеттерін
зерттеп, практикалық нәтижесін пайдалану – қоғамның көкейтесті мәселесі,
талабы. Әр саяси тарихи кезеңнің сұранысы - қоғамына лайық тұлғаларын
тудырады. Қоғамдық дамудың тәртібіне сәйкес олар қоғамдық саяси күштерге
сүйене отырып, халқының, заманының талап – тілегін дұрыс айырады. Идеяның
қоғамда өміршең болып, жүзеге асуына бар күш-жігерін жұмсайды. Өміршең
болуының басты кепілі өткеннің сабағын ескеріп, тәлімін алу болып саналады.
Бүгінгі Тәуелсіз қазақ мемлекетінің ең ұлы мұраты - ұлттық идеяны
қалыптастыру болып отырғаны анық. Өсер ұрпақтың саяси қоғамдық санасын
қалыптастырып, тәрбиелеп отыру мақсатында кешегі саяси тарихымыздың
ақиқатын зерттеп оқыту маңызды. Бұл жөнінде оң бағыт берген Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев былай деген болатын: ...Өткен ғасырдың басында ұлттық
бірлікті нығайту идеясын алған, таратқан рухани-зерделі игі жақсылар
қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі
тарапынан шыққандар әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері
еді. Қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты
сипаты болғанын атап айтқан абзал. Ол тұста ой еңбегімен кәнігі түрде
шұғылдану атадан балаға жұғысты болып отырған. Ендеше, саяси ой-
пікірлердің ерекше айшықталып, қоғамымызды дамытудың саяси жүйесі ретінде
дамытуды Елбасы атап көрсеткендей қазақ зиялылары өз мойнына алды. Олар
қазақ халқын тәуелсіздікке жеткізетін маңызды саяси құндылықтарды дөп
басып, ұлттық идеяның басты мұраттарын анықтап берді.
Қазақстан әлемдік саяси құрылыс тәжірибеден және саяси ойдың дамуының
салдары мен нәтижесінен, әлемдік саяси тәжірибеден тысқары мүлдем жаңа
саяси мәдениет жасай алмайтындығы даусыз. Осындай жалпылық даму заңдылығына
ене отырып Қазақстан өзінің төл ерекшеліктерін ескеруге қаблетті
қалыптастыратын феномен, әлемдік саяси ойларды және Қазақ көшбасшыларының
ұлттық идеяларын басшылыққа алып қоғам дамуын болжамдау.
Б.А.Грушин, саяси сананы модернизациялауда құрылымдағы әр түрлі
психологиялық компоненттерді абсолюттендіруге болмайды, қоғамдағы
психология саяси ойдың бір көрінісі ретінде қарастыру керек дегенді
ұсынады[25]. Саяси ойдың дамуында көптеген әлеуметтік мәселелер мен
қоғамның қайшылықтары көрініс табады, мемлекеттегі өзгерістерге тікелей
әсерін тигізеді. Саяси ой, саяси сананың қоғамдық болмыспен бірігіп
күрделенеді және қарама-қайшы процесс. Қоғамдық сана экономикалық
қатынастармен байланысып, саяси іс-әрекетті қалыптастырады. Идеологиялық
және әлеуметтік-психологиялық факторлар экономиканың дамуына септігін
тигізеді, оның даму жолдарын қарастырады. Адамның қоғамдағы болып жатқан
құбылыстар мен оқиғаларға өзінің позициясын алға қойып, көптеген қоғамның
кең мәселелерін қозғайды, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, оның
шешу жолдарын анықтауға тырысады.
Саяси психологиялық ойдың қалыптасуы туралы толығырақ Н.М.Сапошковтың
еңбегінде қарастырылған. Қалыптасатын саяси ой стихиялы практикалық
қызметтің нәтижесінде, еңбек пен тұрмыстың эмпиристік жағдайларында пайда
болды. Саяси ойдың бұл түрі арнаулы саяси қызметтің жемісі емес. Бұл саяси
ой-күнделікті өмірдің рационалды және эмоционалды тұрмыстық, қоғамда
қалыптасқан салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, қөзқарастардың және
дүниетанымның көрінісі[26]. Күнделікті сананың драматизмі – өмір шындығымен
байланысады, ал саяси ой – теориялық сананың идеологиясы күнделікті
санадан бейтарап емес. Бірақ ол күнделікті саяси ойға сын көзбен қарап,
стихиялы қалыптасқан қөзқарастарға белгілі бір идеологиялық база жасай
отырып, қоғамдық пікірге, қоғамда саяси ойды модернизаициялауға ықпал
етеді.
Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкедегі отаршылдық
езгіге, әлеуметтік теңсіздік пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт-
азаттық, жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың
ерекше серпін алуына, әрине, патшалық Ресейдегі 1905-07 жылдарда өткен
тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революцияның ықпалы зор болды.
Біріншіден, өлкенің экономикалық және саяси дамуы дәрежесінің салдарынан
жұмысшы қозғалысы өрістеді. Екіншіден, оған өнеркәсіп пен қала жұмысшылары
қатысты. Үшіншіден, аграрлық қозғалыстар, негізінен, қазақ ауылдарының,
қоныс аударған деревнялардың, еңбеккерлер топтарының іс-әрекеттерінен
көрінді. Төртіншіден, ұлт зиялылары қоғамдық-саяси жұмысқа белсене
араласып, ұлт-азаттық қозғалысты жаңа сатыға көтерді.
Қоғам қайраткерлерінің ең басты, ізгі мақсаттары - халқына қызмет ету
болды. Бұл мәселе М. Дулатовтың 1929 жылы Бутырск түрмесінен жазған хатынан
байқалады. Мен өзімнің құлдыққа түсіріліп, езгіге салынған бейшара
халқымның осы құлдық жағдайдан шығуына көмектесуді өз борышым деп
санадым... Саяси саладағы оқиғаларды дер кезінде болжай алмадым деп
санаймын, ал қазір Кеңес өкіметіне қарсы күрес деп отырғанның бәрі менің
қазақ ұлтын дербес, тәуелсіз, бақытты жағдайда көргім келген тілегім
[27].
Міне, осындай күрделі, қайшылықты, ауыр жағдай тұрғылықты халықтың
болашағына сенімін жоғалтты, соның ішінде қазақ елі алдына өзін-өзі аман
сақтап қалу міндетін қойды. Сол кезде Қазақстанда құрылып жатқан, Түркістан
және Сібір автономиясына байланысты пікірлер әртүрлі болды. Ә.Бөкейханов
Қазақта жарияланған мақаласында былай деп жазды. Түркістан өз алды
автономия болар. Біздің қазақтың Түркістанға қосылғаны оң деген пікір де
бар. Біз Түркістанмен діндес, туысқанбыз. Автономия болу өз алды мемлекет
болу. Мемлекет болып іс атқару оңай емес. Біздің қазақ іс атқаратын
азаматқа жұтап отырған болса, біздің жалпы қазақ қараңғы болса, Түркістан
халқының қараңғылығы һәм шебер адамның жоқтығы бізден он есе артық. Қазақ
Түркістанмен бір автономия болса, автономия арбасына түйе мен есекті пар
жеккен болады. Бұл арбаға мініп, біз қайда барамыз. Деп өз ойын
білдіре отырып, қазақтар тұратын аймақтарды біріктіретін, жалпы ұлттық
мүддесін білдіретін автономия құру идеясы, қазақ жастарының саяси
көзқарасын өзгертеді деп үміттенемін.
Қазақстанды модернизациялаудағы саяси-қоғамдық, құқықтық
көзқарастардың, мәні мен мазмұны атты екінші бөлімшеде Қазақстан
мемлекетінің жүйелік басқаруын модернизациялау билік органдары мен
басқаруды халыққа жақындатудың қамтамасыз етілуіне негізделген. Бұл
Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген биліктің бірден-бір
қайнар көзі - халық туралы ережесін толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік
береді. Қазақстан азаматтарына тікелей немесе билік органдары арқылы өз
еркін білдіру құқығы берілген. Сондықтан Қазақстан Республикасының саяси
жүйесін реформа жасау арқылы модернизациялау басты бағыты болып табылады.
Қазақстан мемлекетінің қалыптасуына саясат тарихында көп еңбек еткен,
өткен ғасырдың басында шыққан зиялылардың қоғамды саяси модернизациялау іс-
әрекеті халыққа танылды: олар бүгінгі саясатпен сабақтас, жалпыұлттық
мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық-саяси
қозғалыстың бастауында тұрды. Бұл істің басы-қасында болған, қазақтың
жаңадан қалыптаса бастаған ат төбеліндей аз ғана тұңғыш интеллигенттерінің
жаңа сапалы легі жалпыұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге
тырысты. Модернизация мақсаты-modernity, немесе қазіргі уақыт жағдайы
ретінде танылатын белгілі бір жетістікке жету. Бұл жағдайдың дамыған үлгісі
ретінде нарық пен азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік
экономика танылады. Модернизация мен жаһандану үрдістерін байланыстырса,
онда қарым-қатынастардың капиталистік жүйесі тек модернизациялық қана емес,
сонымен бірге жаһандану үрдістердің де негізінде жатқаны анықталады.
Олардың бірі саяси жүйені саясат негізінде жатқан идеялар жиынтығы деп
дәлелдесе, екіншілері оны өзара қарым-қатынас жүйесі деп есептейді.
Қоғамды басқарудың билікті жүзеге асыруға байланысты өзара әрекеттесу
субъектілерінің әлеуметтік-саяси қарым-қатынастарының жиынтығы деп
түсіндірілетін биліктің тиімді модернизациялау мәселелері саяси жүйенің
қызмет ету игілігінің маңызды сипаттамасы болып табылады[28]. Қоғамның
саяси жүйесін модернизациялау дегеніміз – жалпы алғанда белгілі бір
таптардың, әлеуметтік топтардың, ұлттардың әрқайсысына және бәріне тең
мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған билік жүргізуші құрылымдар жиынтығы.
Оған мемлекеттік мекемелер, саяси партиялар және түрлі қоғамдық ұйымдар
кіреді. Қоғамның саяси жүйесі барлық елде бірдей емес. Ол әрбір қоғамның
өзіндік ерекшеліктеріне қарай құрылады, өзгерістерге түсіп дамиды.
С.Хантингтонның саяси-құқық көзқарасына сәйкес саяси модернизацияның
әлеуметтік механизмі мен динамикасын қарастырсақ, модернизацияның бастамасы
үшін саяси элитада реформаны бастауды оятатындай ішкі және сыртқы
факторлардың кейбір жиынтығы қызмет етеді. Қайта құрулар экономикалық және
әлеуметтік институттарды қозғай алады, бірақ дәстүрлі саяси жүйеге қатысы
болмайды. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық модернизацияны жоғарыдан
әлуметтік-экономикалық жағынан ескі саяси институттар шеңберінде және
дәстүрлі элита жетекшілігімен жүзеге асырудың принципі мүмкіндігіне жол
беріледі. Алайда, дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өту үрдісі ойдағыдай
аяқталуы үшін бірқатар шартты қадағалау қажет, ең алдымен, қоғамның түрлі
саласында болатын өзгерістер арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету керек.
Бұдан басқа билеуші элитаның тек қана техникалық - экономикалық жағын ғана
емес, сонымен бірге дәстүрлі институттардың өзгеріс жағдайларына ыңғайлану
үрдісімен қатар жаңасын да құрайтын саяси модернизацияны жүзеге асыруға
дайын болғаны жөн.
Қазақтар арасынан шыққан зиялылардың қоғамды саяси модернизациялау іс-
әрекеті халыққа танылды: олар жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет
бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық – саяси қозғалыстың бастауында тұрды.
Бұл істің басы-қасында болған, қазақтың жаңадан қалыптаса бастаған ат
төбеліндей аз ғана тұңғыш интеллигенттерінің жаңа сапалы легі жалпыұлттық
сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты.
Ахмет Байтұрсыновтың Қазақтың өкпесі атты мақаласында мынадай жолдар
бар: ...Ата жолдасы надандық, өнерсіздік қазір қазақтан айырылатын емес.
Надандықтың кесепаты әр жерден-ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз
болған соң, біз де қиып айрылмай келеміз...Жоқты барға теңгерген ғылым мен
өнерді керек қылатын қазақ аз.... Осы ғылым мен өнерді керек қылатын
қазақтардың көбеюі Ахмет Байтұрсынұлының ойынша, халықты тығырықтан
шығаратын сара жол болып табылады. А.Байтұрсынұлы РКП(б) қатарына өтерінде:
...азат етілген қазақ халқы қаналған адамзаттың бүкіл басқа бөлігімен
бірге ғана, яғни дүниежүзілік революция, дүниежүзілік федерация арқасында
ғана бақытқа жете алады-деп жазды[29]. А. Байтұрсынұлының көрегендікпен
айтқан тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құру арқылы ғана бақытқа жететініміз
бүгінгі таңда шындыққа айналып отыр. Өздерінің өмірі мен іс-әрекеттерін
халқына арнаған осындай ұлтжанды азаматтарды ешқандай да күш тоқтата
алмады. 1924 жылдың 5-10 қаңтар аралығында өткен Кеңестердің Бүкілқазақтық
IV съезінде Н.Нұрмақов ҚАКСР Конституциясының жобасы жайлы баяндама
жасады.
Қазақстанда соңғы жылдары экономист-ғалымдармен қатар ірі мемлекет
қайраткерлері де дағдарыстан шығудың жолдарын басты назарда ұстап келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың дағдарыстың болу
себебі мен дағдарыстан шығудың жолдарын теориялық және практикалық тұрғыдан
зерттей келе, тұжырымдап айтқан пікірлері біздің елімізде ғана емес,
әлемдік деңгейде қызу талқылануы, саяси ойлары әлемдік модернизацияға
негізделгені байқалады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев саяси
жүйені модернизациялауда саясаттанудың легитимділігінің, харизматикалық
типке негізін қалаушы ұлы ойшылдардың – Н. Макиавелли, Ж. Руссо, М.
Вебердің саяси ойлары негізінде, мемлекеттің 2030 жылға дейінгі
бағдарламасы бекітілді. Президенттің биылғы Жолдауында 2020 жылға дейін
атқарылатын нақты саяси шешімдер, әлеуметтік мәселелер, тұрақты
экономикалық даму және Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстан негізінде
Еуразиялық Одақ құру идеясын жүзеге асыру айқындалған.
Конституциялық реформа аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі
мен өкілеттігі өсті. Біздің көп ұлтты еліміздің барлық халқының мүдделерін
бейнелей отырып, Ассамблеядан сайланған депутаттар Қазақстандағы
этносаралық бітім мен келісімді нығайту үдерісінде айрықша рөл атқаруы
тиіс.
Қазақстанда қазіргі заманғы саяси жүйені дамыту міндеті тұр. Бұл
үдерісте саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да қоғамдық
институттар басты рөл атқаруы тиіс. Партиялық механизмді нығайту қазіргі
заманғы азаматтық қоғамның қалыптасуына, халықты қоғамдық үрдістерге
кеңінен таратуға жағдай жасайтын болады.
Модернизация мемлекетті әкімшілік реформа саяси және реформалар
бағдарламасындағы әкімшілік басымдылық ретінде қаралатын жоғарғы
дәрежедегі бағалы процесс болып табылады. Тіпті Батыстың тұрақты
демократиялық елдерінде де күрделі институционалдық проблемалар қалыптасуы
мүмкін. Бұл басқа елдерден жай ғана көшіріп алатын мемлекеттік басқарудың
ізгі жүйесі болмайтынын дәлелдейді.
Қоғамды модернизациялауда демократиялық бағыттағы көппартиялық
жүйенің орны мен рөлі атты үшінші бөлімшеде Қазақстанда болып жатқан саяси,
әлеуметтік-экономикалық өзгерістер тәуелсіздігімізді одан әрі қамтамасыз
ету үшін, еліміздің тізгінін берік ұстауға қабілетті, парасатты ұрпақты
тәрбиелеп шығаруды талап етеді. Ғасырлар бойы жинақталған халықтың бай
рухани қазынасын және ғұлама ғалымдардың еңбектерін, ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып келе жатқан ой-пікірлері мен тәрбие туралы мұраларын зерттеу
бүгінгі таңда жалпы көкейтесті проблема болып табылады. Әр тарихи кезең өз
патриот ұландарын тудырады. Қоғамдық дамудың заңы бойынша, уақыттың талап
етуімен бойында қабілеті бар жастардың саяси ойын модернизациялау өмір
сахнасына шығуына жол ашады.
Саясатқа бет бұрғанымызда билік қарым-қатынасы жағынан болсын, шешім
қабылдау жағынан болсын оған ерекше мән бергенімізде осы екеуінің
түйісетін жері саяси партия екені белгілі. Қазіргі заман түсінігінде саяси
партияның саясат сахнасына шығуы ертерекке бара қоймайды. Сонымен қатар,
бұл ұйымдар өте жылдам дами отырып барлық елдерде саяси өмірдің негізгі
элементі мен басты демократиялық күшіне айналған. Саяси жүйенің ерекшелігі
мен сипаты қандай болмасын, демократиялық, автократиялық немесе
тоталитарлық, казіргі заман қоғамының бәрінде партиялар бірінші дәрежеде
ерекше рөл ойнауда. Бүгіндері партиясыз режимдерді тек дәстүрлі (саяси
модернизациядан тыс қалған) қоғамдардан көруге болады. Бұл жағынан саяси
партиялар әртүрлі кұндылықтардан бұрын, заманауи мемлекеттің
қалыптасуындағы бастапқы факторы ретінде қабылдануда.
Саяси партиялар жайында салыстырмалы зерттеулерге зер салатын болсақ
партиялардың нені түсіндіретінін байқай аламыз:
Саяси партиялар жеке немесе ұжым ретінде өздерін саяси көзқараспен
біріктірген азаматтардың бір ортаға топтасу құбылысы (демократ немесе
жұмысшы сияқты);
Осы азаматтардың кейбіреуі үкіметте немесе одан тыс партияның мақсатын
орындауға атсалысады;
Бұл азаматтардың ұйымдасу құқы мен партия мақсаты үшін жұмыс жүргізуі
заңды. Осы жағынан, ресми түрде тыйым салынған және билік үшін күрескен
топтарды, партия деуден бұрын жасырын ұйым деп атау дұрыс болар;
Саяси партиялар үкіметтің жұмысын қадағалайды, билікке келу үшін
өз үміткерлерін дайындайды, электораттың қолдауына ие болу үшін ат
салысады. Сондай-ақ сайлау болмаған жерде саяси партиялардың өмір сүруі
неғайбыл.
Көппартиялық жүйенің қалыптасуы саяси билікті модернизациялаудың ең
маңызды белгілерінің бірі. Саяси партиялардың пайда болуы мен дамуы
айтарлықтай мөлшерде қоғамның саяси жүйелерінің тиімділігін куәландырады,
мемлекеттің демократиялық табиғатын нығайтудың, оның азаматтарының саяси
құқықтарын қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады.
Ә. Бөкейхановтың Мен кадет партиясынан неге шықтым? деген Қазақ
газетіндегі ашық хатында негізінен жеке саяси партия құруға негіз болған
үш себеп сөз етілген: біріншіден, кадет партиясының жерді жекешелендіруді
жақтауы, екіншіден, кадеттердің өзге ұлттардың ұлттық автономия құруына
қарсылығы; үшіншіден, діннің мемлекет ісінен бөлінуіне кадеттердің
қарсылығы. Осы үш себепке тоқтала келе, Ә.Бөкейханов ашық хатта өзінің
ұлттық Алаш партиясын құруға бел шеше кіріскенін мәлімдейді.
Мемлекет мәселесін талқылай келіп, қорытындысында, Алаш бағдарламасы
жобасының Жергілікті бостандық деп аталған екінші бабында – Россия
Федеративтік мемлекетінің құрамдас бөлігі (ағзасы) болуға тиіс Қазақ
автономиясы бүкіл қазақ халқы мекендеген жерлерге иелік етеді (қазақ
жүрген облыстарды байланыстарды) және тең құқықты Федерация мүшесі ретінде
оған нұқсан келген жағдайда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болып
бөлініп шығады; екінші - өзінің нақтылы саяси қызметінде Алаш партиясы
жалпы адамзаттық игіліктерді басшылыққа алып, әділетке жақ, зорлыққа қас
болады делінген.
Қазақтың саяси қайраткерлерінің бірі Көлбай Төгісов болды. Ол Ташкентте
Алаш газетін ұйымдастырып шығарып, бас редактор қызметін атқарды, саяси
аренаға Үш жүз партиясын құрған, Үш жүз газетін шығарған публицист,
драматург, ағартушы, саясаткер, ұлт болашағын ойлайтын азамат ретінде
танылды.
Дала округі бойынша Бүкілресейлік құрылтай жиналысына сайлау 1917
жылдың желтоқсанының 25 жұлдызында аяқталып, халыққа жария етілді. Сайлау
нәтижесі бойынша, Үш жүз партиясы төмендегідей дауыс санына ие болды:
Семей қаласы-1, Қызылжар уезінде-4, Көкшетау уезінде-164, Омбы уезінде-50,
Семей уезінде-2. Сонымен бірге жекелеген уездерде Алаш партиясы жоғары
орындарға ие болды. Айталық, Семей уезінде сайлау барысында Алаш атынан
түскен депутаттар 58331 дауыс, кадеттер 106, эсерлер 3375, қазақ
социалистері 2, мұсылман демократтары 14 дауыс алған [30]. Қазақ халқына
егеменді мемлекет құру саясаты Үш жүз партиясы мен Алаш партиясы
басшыларын қатты ойландырды. Қазақ автономиясы мен ұлтаралық қатынас
мәселелері хақында Үш жүз партиясы Алашпен бірде жақындасып, бірде
қайшы келіп отырды. К.Төгісовтің Үш жүз газетінің 1918 жылғы №7 санында
жарияланған Алаш автономиясы сынды мақаласында қазақ автономиясын құруда
үлкен қиыншылықтардың туу мүмкіндігін айта келе: қазақ халқы өзі көшпелі,
өзі кедей, өзі ата қуып, тап-тайпасымен тұратын, өзі бұрын тарих жүзінде
мемлекет болып өнер алмаған жұрт дейді. Қорыта келе, Үш жүздіктер қазақ
автономиясы құру қолымыздан келмейді, Түркістанмен қол ұстасып өмір сүру
қажет деп тұжырым жасаған. Алаш пен Үш жүз партияларының осы автономия
құруда көзқарастары келіспеді. Үшжүзшілер Орта Азия мен Түркістан
халықтарымен бір ынтымақтастағы федерация құру қажеттігін саяси басшылыққа
алды. Сондай-ақ, Үш жүз соғыс мәселесі жөнінде де Алаштан басқа
көзқараста болды. Импералиалистік соғысты тез арада тоқтатып, соғысушы
елдер арасында аннекциясыз және контрибуциясыз келісімге келу мәселесін
көздеді.
Жалпы, Қазақстандағы демократияландыру үрдісі негізінде қоғамды
модернизациялауға көппартиялық пен плюрализм маңызды рөль атқарады. Себебі,
еліміздің тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғамға өтудің басты белгісі –
көппартиялық екенін ескерсек, саяси партиялардың басты мақсатына айналған
пікір-алуандылықты кең өрістету, азаматтардың белсенділігін көтеру,
қоғамның дамуы мен идеологиялық демократияның өрістеуіне зор ықпал ету ашық
әрі еркін қоғамды қалыптастырудың басты жолдары деп қарастыруға болады. Бұл
процесс елімізде кезең-кезеңімен жүзеге асуы тәуелсіздік алғаннан кейін
көппартиялық жүйенің қалыптасуына мүмкіндік жасады.
Саяси партиялардың пайда болуы мен құрылуы жағынан тағы бір
категорияға тоқталатын болсақ партиялардың бөлінуі немесе бірігуі
нәтижесінде пайда болған партиялар. Бұл категорияға кіретін партиялардың
саны өте көп. 1999 жылы ел Президентін сайлауы кезінде Президентке үміткер
Н.Ә.Назарбаевты қолдау мақсатында бірнеше партия мен қозғалыстан құрылған
штабтың нәтижесінде үлкен партия дүниеге келгені белгілі. Отан
Республикалық саяси партиясы жұмысын тиянақты жүргізіп, халықтың едәуір көп
бөлігінің қолдауын тапты. Араға бірнеше жыл салып Қазақстандағы бірнеше,
атап айтатын болсақ, Асар, Азаматтық және Аграрлық партиялар Отан
партиясының қанатының астында бірігіп, бүгінде Нұр Отан Халықтық
Демократиялық Партиясы еліміздегі ең үлкен саяси күшке айналды. Бұл саяси
ұйым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интеграция
ҒАЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
Мақыш қалтайұлы жайлы
Саяси режим сипаттамасы
Тарих ғылымының принциптері
Бақытжан Қаратаев және патша үкіметінің жер саясаты
Қайта өрлеу және ағартушылық кезең тарихнамасына лекция мәтіндері
Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ.Қараштың ізденіс жылдары жайлы мәлімет
Мәдениет - күрделі қоғамдық рухани құбылыс
Қазақ зиялылары естеліктеріндегі тоталитарлық қоғам мәселесі
Пәндер