Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие беру


ӘОЖ 373. 1. 02:37. 035. 4:34(574) «15» Қолжазба құқығында
НУКЕТАЕВА ДИНАР ЖУСУПАЛИЕВНА
Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие беру
13. 00. 01. - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінде орындалған.
педагогика ғылымдарының докторы
Пірәлиев С. Ж.
педагогика ғылымдарының докторы
Әлсатов Т. М.
Қорғау 2010 жылы «30» желтоқсан сағат 10. 00 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д14. 05. 01 диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 2 - қабат, мәжіліс залы.
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би 30, 3 қабат
Автореферат 2010 жылы «___»таратылды
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы: Көшербаева А. Н.
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Тәуелсіз, егеменді, демократиялық елімізде құқықтық мемлекет құрудың негізі мектеп табалдырығынан басталады. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгісі азаматтық қоғамды құру үшін қоғам азаматтарының парасаттылық, әділеттілік қасиеттерімен қатар, санасы мен мәдениетін дамыту негізінде құқықтық тәрбие беру бірден бір өзекті мәселе болып табылады. Оқушы жастардың құқықтық тәртібін дамыту үшін олардың құқықтық сауатын ашқан дұрыс. Сол себепті, оқушылардың құқықтық білімін, сана-сезімін қалыптастыру ежелгі және көне түркілердің құқық тарихынан бастау алатындығын негізге алуымыз керек.
Бүкіл әлемнің белгілі бір заңдылықтарымен өмір сүретінін қазіргі заман ғылымы жан-жақты дәлелдеп отырғаны мәлім. Соның ішінде бұл заңдылықтар жастарға құқықтық тәрбие беруде адамзаттың жан дүниесі мен рухани ішкі өмірін де қамтиды.
Қазақ хандығы кезеңіндегі заңдар жүйесіхатқа түсіріліп, халық арасында ауызша қалыпта таратылған және оның алдында ханнан бастап жай шаруа адамдарға дейін тең құқықты болған. Осыған орай ел басы Н. Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегінде «Халықтың әлеуметтік этникалық ұжымдық жадын, дәстүрін сақтап қалып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырудың тұрақты институттық әлеуметтік механизмдері патриархалдық отбасы, рулық қарым-қатынастар, дәстүрлі құқық жазылмаған нормалар болып отырады» делінген.
Қазақ әдет-ғұрып құқығы - көшпелі халықтың өркениет мәдениеті, әрі қазынасы. Бұл қазынаны ата-бабамыз ұрпақтан-ұрпаққа қасиеттеп табыстап, бертінге дейін жоғалтпай келді. Себебі, бұл мұралар тыныс-тіршілігімен өзектес, өздеріне жақын, қажетсінулерін қанағаттандыра алтын қазыналары еді.
Қазақ халқы тарих сахнасына шыққалы бері әр-түрлі замандарды басынан өткізгенімен, ешкімге ұқсамайтын адамдық жақсы қасиеттерін ұлағатты да адамгершілікке толы ережелерге сиыстырып, өзіндік ерекшеліктерімен құрастырған. Оның ең бастысы адам құндылығы, әділеттік, теңдік, адамгершілік нысандары. Осы нысандарды негізге ала отырып мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беру мәселелері зерттеу жұмысының негізі болып отыр.
Педагогика саласы бойынша құқықтық тәрбие беру мәселелерін Г. П. Давыдов, А. Ф. Никитин, В. М. Обухов, А. В. Мицкевич, Л. В. Кузнецова, В. Д. Бабкин, В. Ф. Яковлев, В. П. Понамарева, А. Н. Аббасов, В. А. Балюк, Л. А. Байсерке, Р. К. Баймурзаева, Г. М. Дайрабаева, Ә. Табылды, В. В. Берман, И. М. Дарманьска, Н. Г. Суворова, Г. А. Голубева т. б. зерделесе, заң саласындағы құқықтық білім мен тәрбие проблемаларын С. З. Зиманов, Ғ. С. Сапарғалиев, А. Қ. Мұхтарова, З. К. Аюпова, С. И. Корыкбаев, М. В. Лукьяненко, Е. О. Алауханов және т. б. зерттеген ғыламдардың негізгі мақсаты - құқықтық тәрбие беру арқылы оқушы жастардың құқықтық білімін, мәдениетін, санасы мен белсенділігін қалыптастырып жетілдіру арқылы құқықтық мемлекет азаматын тәрбиелеу болып табылады.
Қазіргі уақытта құқықтық мемлекет құру мақсатында азаматтық қоғамды жоғары дәрежеде дамыту, жастардың құқықтық сана-сезімі мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру құқықтық тәрбиенің әдіс-тәсілдерімен жүзеге асырылады. Ал тұлғаның құқықтық санасы мен мәдениеті мектеп табалдырығынан бастау алатын құқықтық тәрбие үдерісінің өтілу сапасына байланысты дамиды.
Құқықтық мемлекеттің азаматын тәрбиелеп, қалыптастыру мәселелерімен А. С. Макаренко, А. Б. Сейфуллина, А. В. Турлаев, Ж. А. Макатова, С. Ю. Савченко, Ж. Ыбыраев, Г. О. Медетбекова айналысса, құқықтық сана мен мәдениетті қалыптастырып, жетілдіруді зерттеген ғалымдар: Е. В. Милова, С. Б. Бейсебаева, А. О. Бейсембаева, Г. С. Джусуповалар болатын.
Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында әртүрлі құқық нормаларын ұстамау кездеседі. Оның себебі мектепте құқықтық тәрбиенің талапқа сай жеткіліксіз жүзеге асу салдарынан қоғамдағы тәртіп бұзылады.
Құқықтық тәрбиенің кемістігінен қылмыстылықты алдын-алу шаралары арқылы жүргізу мәселелерінің тиімді шешімдерін ұсынған ғалымдар қатарына Л. К. Керимовты, К. Бегалиевты, Д. Б. Бұғыбайды, В. В. Трифоновты, А. В. Гаврилинді, Ә. Жұмабаевты, А. Н. Лиді, Г. К. Пралиеваны және Д. Пстронгты жатқызуға болады.
Жалпы ұлттық тәлім-тәрбиеде, соның ішінде жалпы тәрбие жүйесінде елеулі орынға ие болатын тәрбиенің бір саласы - құқықтық тәрбие. Бұл салада С. Қалиев, Т. Әлтасов, А. Қ. Қисымова, С. Е. Жанболатов, Г. Оспанова сынды қазақтың педагог ғыламдары ұлттық тәрбие жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргіссе, қазақ далсындағы заң жүйесінің тарихын, тәрбиелік маңызы мен мәнін С. З. Зиманов, М. Есламғалиұлы, Қ. Омарханов, Н. Өсерұлы, С. Өзбекұлы, Қ. Мәми, Г. Смашова, А. В. Алимбетов, З. Ағдарбекова, Н. Қ. Мыңбатырова, Р. К. Абилшеева, Ж. Ж. Бақытхожаев, Ш. Қ. Ергөбек, А. Н. Өсерқызы және т. бзаңгер ғалымдар қарастырған.
Қазіргі заманда мектеп деңгейінде құқықтық тәрбиенің ұлттық мазмұнындағы тарихи-педагогикалық материалдарды теориялық және әдістемелік тұрғыдан зерделеу тұжырымдамасының қажеттілігі мен оқушыларды құқықтық тәрбиелеуде ата-бабамыздың мұрасы болып табылатын ұлы қазақ даласындағы заң жүйесі элементтерінің мектептердің оқу-тәрбие үдерісінде жеткілікті қолданылмауы аралығында қарама-қайшылық туындап отырғанын көреміз. Осы қарама-қайшылықты шешуде адамзаттың өркендеу кезеңінен құқықтық бастау алатын тәрбие мәселесі қазіргі уақыттағы құқықтық тәрбиемен сабақтастыру зерттеу тақырыбымызды « Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие беру » деп таңдауға себепші болды.
Зерттеу мақсаты: қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық негізін және мазмұнын айқындап, ғылыми әдістемесін жасап, тәжірибелік-экспериментте тексеріп, қорытындысын шығарып, ғылыми ұсыныстар беру.
Зерттеу нысаны: оқушыларды заң жүйесі негізінде құқықтық тәрбие беру жүйесі.
Зерттеу пәні: қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие беру үдерісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы . Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие беруге бағытталған педагогикалық үдеріс төмендегідей ықпалдастықта жүзеге асады егер : қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық негіздері анықталса; мектеп оқушыларына қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде құқықтық тәрбие берудің құрылымдық-мазмұндық моделі жасалынып, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері айқындалса; қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие беру бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілсе, онда оқушыларға сапалы құқықтық білім мен тәрбие берілу арқылы азаматтық қоғамның белсенді, бәсекеге қабілетті мүшесін қалыптастыруға жағдай туады.
Зерттеу міндеттері:
- қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық негіздерін анықтау;
- қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие берудің мазмұндық-құрылымдық моделін жасау, көрсеткіштері мен өлшемдерін айқындау;
- қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие берудің мазмұнын анықтап, оның оңтайлы әдістемесін негіздеу;
- қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие беруде ұсынылған технологияны тәжірибелік-экспериментте тексеру, қорытынды нәтижесін шығару, ғылыми негізделген ұсыныстар беру, тәжірибеге ендіру.
Зерттеудің жетекші идеясы. Құқықтық, демократиялық және зайырлы мемлекеттің білімді, саналы және мәдениетті азаматтық қоғамның жеке тұлғасын қалыптастырып, дамыту қазіргі қоғамның талабы.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері: жеке тұлға теориясы; біртұтас педагогикалық үдеріс теориясы; демократиялық қоғамдағы тұлғаның қалыптасуы туралы ереже; адам өркениетіндегі мемлекет пен құқықтың рөлі; қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі мен билер институтының тәрбиелік мүмкіндіктері мен маңыздылығы; әлеуметтік-құқықтық әрекет үдерісіндегі азамат тұлғасын тәрбиелеу; адамның құқықтары мен бостандықтарын жан-жақты қорғау жөніндегі бағдарламалық құжаттар; қажетті халықаралық келісімдер; құқықтық мемлекет азаматтарының толық және бірқалыпты даму мәселелері жөніндегі мемлекеттік құжаттар.
Зерттеудің көздері: Қазақ хандығы тұсындағы заңдар жүйесі, ҚР Конституциясы, ҚР-ның Білім туралы Заңы, ҚР Үкіметінің білім саласына қатысты және ҚР білім және ғылым министрлігінің, әлеуметтік институттардың нормативтік-құқықтық актілері (қаулылар, жарғылар және т. б. ), еліміздің, шет мемлекеттердің философия, психология, педагогика, заң салалары бойынша монографиялық зерттеулер, мерзімді басылым ақпараттары, білім мекемелерінің іс-тәжірибе жұмыстары.
Зерттеу әдістері: философиялық, психологиялық, педагогикалық, гендерлік, арнайы және оқу-әдістемелік әдебиеттердің жүйелілігі мен арақатынасы; орта мектеп тәжірибелерін тақырыпқа байланысты талдау; тәжірибелік сараптама жұмыстары, бақылау, сұрақ-жауап алу, оқушылардың міндеттемелерін белгілеу.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезең (2005-2006жж. ) тарихи-педагогикалық материалдарды теориялық тұрңыдан талдаумен қатар тәжірибелік-ізденіс жұмыстары жүргізіледі; мектеп оқушыларын құқықтық тәрбиеге баулуда қазақ хандығы тұсындағы заң жүйеснің мазмұнын анықтап, осы мәселеге байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, құқықтық, гендерлік, әлеуметтану салалары бойынша монографиялық зерттеулер мен диссертациялар, ғылыми әдебиеттер, мақалалар, сонымен бірге мерзімді баспа материалдарымен танысып талданды, қорытылды. Тақырыптың теориялық негізі анықталып, айқындау эксперименті жүргізіліп нәтижелері сарапталды.
Екінші кезең (2006-2008жж. ) ғылыми-әдістемелік тұрғыдағы қалыптастыру экспериментті жүзеге асыруда “ҚР мемлекет және құқық тарихы” атты пән бағдарламасы құрылып, оқу-әдістемелік кешені жасақталып, тәжірибелік-эксперименттен өткізіліп, нәтижесі Мектептердің оқу-тәрбие үдерісіне енгізілді. Орта мектептердегі құқық пәндері бойынша оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру арқылы оқушылардың құқықтық білімдерін, іскерліктері мен дағдылары қалыптастырылды. Құқықтық тәрбие бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныстар топтамасы жасалды.
Үшінші кезең (2008-2010жж. ) арнайы тереңдетілген сыныптарының оқушыларына құқықтық пәндерін оқытудың бағдарламасын, әдістемелік жұмысын қамтамасыздандыруын жетілдіру үстіндегі жұмыстары жалғасты. Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие берудің әдістемесі сұрыпталды Мектеп оқушыларына құқықтық пәндерден білім беруде жаңа педагогикалық технологияларын оқыту үдерісіне ендірілді, оқытудың жалпы педагогикалық технологиясы жетілдіріліп, тәжірибелік экспериментте тексерілді. Педагогикалық эксперимент нәтижелері қорытындыланды, деректер статистикалық өңдеуден өтті. Пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтірілді. Диссертациялық жұмыс талап бойынша дайындалды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
- қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық негіздері анықталды;
- қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие берудің мазмұндық-құрылымдық моделі жасалынып, көрсеткіштері мен өлшемдері айқындалды;
- қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие берудің мазмұны анықтала отырып, оның оңтайлы әдістемесі негізделді;
- қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие беруде ұсынылған жаңа педагогикалық технологияның нәтижесі тәжірибелік-экспериментте тексерілді және тәжірибеге ендірілді, қорытынды нәтижесі шығарылды, ғылыми негізделген ұсыныстар берілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Зерттеу нәтижелері бойынша арнайы сынып оқушыларына арналған “ҚР мемлекет және құқық тарихы” атты пәніне арналған оқу бағдарламасы жасалынып, оқу үдерісінде қолданылды.
Зерттеу нәтижелерін мектеп оқушыларын құқықтық білім мен тәрбие беруде, олардың құқықтық мәдениеті мен санасын, белсенділігін арттыру мақсатында қолдану пайдалы.
Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:
- ғылымилық, проблемалық оқыту, көрнекілік, саналылық, жүйелілік және бірізділік ұстанымдарға негізделген қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері;
- қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие берудің мазмұндық-құрылымдық моделі (мотивациялық, когнетивтік, мазмұндық және процессуалдық) компоненттерінің даму деңгейінің көрсеткіштері және тәжірибелік эксперимент нәтижелері;
- қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие берудің сапасын жетілдіруде құқықтық пәндердің мәні, мазмұны және құрылымы;
- қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие берудегі құқықтық кәсіби пәндерді оқыту әдістемесі, оқу материалдары және кешенді түрде (оқу бағдарламалары, оқу әдістемелік құралдар, силлабустар, әдістемелік нұсқаулар) қамтамасыздандырылуы оқушылардың құқықтық білімін, заманауи технологияларды меңгеру іскерлігін, дағдысын, біліктілігін арттырады.
Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы және практикаға енгізілуі.
Зерттеу нәтижелері Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде “Педагогикалық кадрларды даярлаудың сапасын арттырудағы инновациялық технология мәселелері және даму ерекшеліктері” және «Дүниежүзі тарихы: зерттеу және оқыту мәселелері» атты «Нұрпейісов оқулары», Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясында “Салыстырмалы педагогика Қазақстандағы және дүниежүзіндегі білім беру жүйелерінің даму тенденциялары” және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің хабаршысында, «Ізденіс», «Ұлт тағлымы» журналдарында жарияланды.
Зерттеу базасы. Тәжірибелік-эксперимент жұмысы Алматы қаласының № 104 жалпы білім беру және № 175 орта мектептерінде жүргізілді.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: зерттеу бағытына негізделген педагогикалық қағидалардың теориялық айқындылығымен және әдіс-тәсілдерді қолдану мен зерттеу мазмұнының ғылыми ақпаратқа сәйкес келуімен, тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың жоспарлылығымен, тәжірибелердің мақұлдануымен қамтамасыз етілген.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, мәні, маңыздылығы, ғылыми аппараты баяндалды.
“Орта мектептерде оқушыларға құқықтық тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық негіздері” атты бірінші бөлімінде жалпы құқықтық тәрбие ұғымы мен пайда болу тарихы, қазақ хандығы тұсындағы құқықтық тәрбие мәселесі жөнінде зерттеу жүргізген философ, психолог, педагог, заңгер ғалымдардың осы сала бойынша теориялық тұжырымдамалары, ғылыми еңбектері талданып, қазақ хандығы тұсындағы заңдар жүйесі негізінде оқушыларды құқықтық тәрбиеге баулу арқылы олардың құқықтық білімін, тәртібін, санасы мен мәдениетін қалыптастырып дамытудың алғышарттары қарастырылып, құрылымдық-мазмұндық моделі, көрсеткіштері мен өлшемдері, деңгейлері айқындалды.
“Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі материалдарын оқу үдерісіне ендіру арқылы оқушыларға құқықтық тәрбие беру әдістемелер” атты екінші бөлімінде оқушыларға қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде құқықтық тәрбие берудің мазмұны мен бағдарламаларын ұйымдастырып өткізуге даярлықтарын қалыптастыру тәжірибелік-экспериментте тексеріліп, қорытынды нәтижесі талданды.
Диссертацияның қорытынды бөлімінде зерттеу нәтижелеріне негізделген қорытынды нәтижелер мен ұсыныстар берілді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Адам өмірге келгеннен соң ар-ұят, абырой, намыс сынды қасиеттерге ие болуы мақсатында әдептілік жайлы әрдайым толғанып, оны қалыптастыруға бар күш-жігерін аямаған. Осы қасиеттерден арылмас үшін оны сақтаушы әділдік, адамгершілік, имандылық институттарды ұстану мақсатында қазақ даласында тәртіп ережелері, яғни заңдар болды. Ата-бабаларымыздың әдет-ғұрып құқықтық жүйесінің бастауы құқықтық сананың қалыптасуымен байланысты дамыды. Нәтижеде ұлан-байтақ даладағы құқықтық нормаларды бұлжытпай орындау барлық халыққа міндеттелді. Сондай-ақ, қазақ халқы өзінің материалдық және рухани мәдениетінің ірге тасын ежелден-ақ қалап, осы күні өзгелерден жақсы сипаттарымен ерекшеленіп тұратын әдептілік тағылымдарын барынша сомдап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, желісін үзбей сақтап келеді.
Әділеттік, адамгершілік, теңдік принципіне құрылған әдет-ғұрып құқықтық жүйе феодалдық қарым-қатынасты дамытып, егемендігіндегі жерді қорғау мүддесімен ұштаса отырып, тайпа-рулардың бірлесуіне, ұлан-асыр кең даланы бейбіт жағдайда игеруге алғы шарт жасады.
Құқық жүйелерінің өзіне тән белгілері: әуелі, құқық қоғамның объективтік байланысы, қатынасы - диалектикалық даму процесіне сәйкес қалыптасқан нормативтік актілердің бірлігі және құқықтық қоғамның даму процесін реттеушісі. Егер қоғам мен құқықтың объективтік байланысы мен қатынасы дұрыс дамымаса қоғам дағдарысқа ұшырайды. Екіншіден, құқық - қоғамның көп жүйелі, көп салалы әлеуметтік қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей міндетті нормалар.
Қазақ құқығы - қазақ халқының және барлық көшпелі өркениеттің мәдени байлығы. Ол мыңжылдық тарихымен, ерекшелігі және өміршеңдігімен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен әлем назарына ілінді.
Қазақ құқығының жүйелі түрде қалыптасып дамуына әсерін тигізген үш түрлі факторларды атап айтуға болады. Оларға: біріншіден, Евразия кеңістігін мекендеген қазақ елінің жер көлемінің кеңдігі; екіншіден, Евразиялық даламен Шығыстан Батысқа қарай көшкен көшпенділердің жүздеген жылдарға созылған көш жолдары; үшіншіден, осы ұлан байтақ даладағы жаугершілік рухының бейбітшілік өмірге жылдамырақ ауысуы болып табылады.
Қазақ халқының шыққан тегі, тарихы, құқықтық мәдениеті өте қызықты, әрі күрделі мәселе. Қазақ халқы тарих аренасына шыққаннан бастап қаншама қилы-қилы замандардан өткенімен адамгершілік қағидасын ұстануы негізінде қоғамдағы қолданыста болған әдет-ғұрып нормаларының қазіргі уақытқа дейінгі маңыздылығы жоғалмаған. Бұл нормаларды құрауда халық адам құндылығын, әділеттікті, теңдікті және адамгершілікті бірінші орынға қойғандығы көрінеді.
Қазақтың ежелгі дәстүрлі құқықтарының пайда болуын сөз еткенді біздің жыл санауымызға дейінгі дәуірдегі патриархалдық қоғамдағы қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, заң тәртібі ретінде қолданылған жол-жора, үкім-кесімдердің құқықтық өлшемдерін айтпай кетуге болмайды.
Кез келген қағида-ереже алтын қазына бола қоюы екіталай. Ал қазақ әдет-ғұрып құқығының өміршеңдігі ең алдымен өзге құқықтық жүйелерден өзгеше ерекшелігі барлығында әрі адам құқықтарын, еркіндік, бостандық, теңдік, әділдік, адамгершілік категорияларын бірінші орынға қоюында жатыр. Сондықтан да тарихта қоғамдық құрылыстың дамып не құлдырауына қарамай, құқықтық мәдениеттің беделі мен қызметі құлдырамай, өз өміршеңдігін көрсете алды.
Қазақ даласындағы әдет-ғұрып нормалары қазақтардың ежелгі заң жүйесінің негізгі қайнар көзі болып табылады. Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесіне әдет-ғұрып нормаларымен қоса Дала заңдарына Шыңғыс ханның «Жасағы», Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы» және Тәуке хан дәуіріндегі қабылданған «Жеті жарғы» заңдары жатады.
ХҮ ғасырдан бергі уақытта қазақ даласындағы заңдарды жүйелеген нормалар - Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», және «Жеті жарғы» заңдары болып табылады.
Шыңғыс ханның атақты «Жасақ» заңымен қоса, «Билік» нормативтік-құқықтық актісі қазақ даласында маңызды роль атқарған. «Билік» заңы елді басқару тәртібін, мемлекеттік билік органдарын, олардың құқықтары мен құзіреттерін, заң нормаларының орындалуын және олардың орындалмау жағдайында қолданылатын шаралар мен жаза түрлерін қамтыған. Ал, «Жасақ» заңында сот органдарының құзіреті, міндеттері және сот істерінің жүргізілу тәртібі, жаза таңайындау заңдылығы қарастырылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz