Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы


«Азаматтық iстер бойынша сот актiлерiнiң заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекiту туралы»
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 27 маусымдағы N 37 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде
2006 жылғы 14 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4295
Азаматтардың, мемлекеттiк және заңды тұлғалардың конституциялық пен өзге заңдар қорғайтын құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету және азаматтық сот iсiн жүргiзудiң заңдылығына прокурорлық қадағалаудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11, 18-баптарын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Ұсынылып отырған азаматтық iстер бойынша сот актiлерiнiң заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулық бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрық пен азаматтық iстер бойынша сот актiлерiнiң заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу үшiн азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот актiлерi мен атқару өндiрiсiнiң заѕдылығын қадағалау департаментi (Т. Ержанов) шаралар қолдансын.
3. Бұйрық Бас әскери прокурорға, облыстық, қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокурорларға жiберiлсiн.
4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының осы салаға жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсiн.
5. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келесi бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын:
1) 2002 жылғы 27 желтоқсандаєы 76 санды "Азаматтық iстер бойынша сот актiлерiнiң заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы" (нормативтiк құқықтық актiлердiң Мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2167 санымен тiркелген) ;
2) 2004 жылғы 19 мамырдағы 29 санды "Азаматтық iстер бойынша сот актiлерiнiң заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2002 жылғы 27 желтоқсандағы 76 санды бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" (нормативтiк құқықтық актiлердiң Мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2866 санымен тiркелген) .
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
2-сыныпты мемлекеттік
әділет кеңесшіс Р. Түсіпбеков
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2006 жылғы 27 маусымдағы
37 санды бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Азаматтық істер бойынша сот актілерінің
заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне, Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" Заңына және азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың тәртібін белгілейтін өзгеде заң актілеріне сәйкес әзірленген. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 26-тарауымен реттелетін қатынастарға қолданылмайды.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына сәйкес азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың конституциялық, өзгеде заңдар қорғайтын құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, азаматтық заңнаманың негізі - сот әділдігін жүзеге асырудың қағидаларын бұлжытпай сақтауы азаматтық сот ісін жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың міндеті болып табылады.
3. Әкімшілік және азаматтық істер бойынша сот қаулылары мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау Департаменті (әрі қарай Департамент), Бас әскери прокурор, облыстық, Астана мен Алматы қалаларының прокурорлары, қала, аудан және оларға теңестірілген прокурорлар азаматтық істер бойынша сот актілерінің заѕдылығын тұрақты және тиімді қадағалауды, өз бастамасымен және басқа да тұлғалардың бастамасымен қозғалған азаматтық істерді сотта қарау кезінде қатысуды, сот актілерінің заңдылығын тексеріп, олар заңсыз болған жаєдайда наразылық келтіруді, азаматтық істерді қарау кезінде соттың іс жүргізу мерзімін сақтауын тексеруді, азаматтық істердің сотта жүргізілуіне қадағалаудың жағдайына тұрақты талдау жасауды қамтамасыз етеді.
Көлік прокурорларының ведомстволық бағыныштылығына жататын азаматтық істерді сотта қарауға тағайындаған кезде оларға қатысу және кейінгі қадағалауды жүзеге асыру осы соттың мекен-жайы бойынша орналасқан көлік прокурорларына жүктеледі. Егер көлік прокурорларының ведомстволық бағыныштылығына жататын азаматтық істерді тағайындаған соттың мекен-жайы бойынша көлік прокуратуралары орналаспаған болса, аймақтыќқпрокурорлар осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес сотта қатысуды қамтамасыз ету үшін ол туралы көлік прокурорларына дер кезінде хабарлайды, ал көлік прокурорлары сотқа келмеген жағдайда, бірінші сатыдағы сотқа қатысу және апелляциялық тәртіпте қадағалауды жүзеге асыру тиісті аймақтық прокурорларға жүктеледі. Бұдан кейін осы істер бойынша қабылданған сот актілерінің заңдылығын қадағалау тәртібінде тексеруді тиісті көлік прокурорлары жүзеге асырады. Соттарда қаралған істер бойынша аймақтық және көлік прокурорлары тоқсан сайын салыстырып, анықтау есебін жүргізеді.
4. Прокурор міндетті түрде заңда көзделген, сот немесе жоғары тұрған прокурорлар қажет деп тапқан, прокурордың бастамасы бойынша қозғалған, мемлекеттің мүддесіне қатысты, денесі мен ақыл-есінің кемістігінен өзінің мүддесін сот арқылы қорғау құқығын жүзеге асыра алмайтын азаматтардың, кәмелетке толмағандардың (алимент өндіру туралы істерді қоспағанда) құқықтары мен мүдделеріне қатысты, мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды тұлғалардың шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) арыздану, азаматты тұрғын үйден басқа үй-жай берместен шығару, жұмысқа қайта орналастыру, азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы сотта қаралатын істер бойынша іс жүргізуге қатысып, қорытынды береді.
Сонымен қатар, мемлекет мүддесіне қатысты істердің санатына, мемлекеттік кәсіпорындардың көрсеткен қызметтері үшін тұтынушылардан берешек сомаларын өндіру туралы даулар бойынша азаматтық істерді қоспағанда, тараптары мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындар болып табылатын барлық істер жатады.
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың бірінші сатыдағы сот мәжілісіне қатысу, соттарда басқа прокурорлардың талаптарын қарауды қоспағанда, осы соттардың мекен-жайы бойынша орналасқан прокурорларға жүктеледі. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарда басқа прокурорлардың талаптарын қарау барысында істі бірінші сатыда қарау кезінде іске қатысуды облыстық немесе оларға теңестірілген прокуратуралардың тиісті бөлімдерінің қызметкерлері қамтамасыз етеді. Астана және Алматы қалаларында мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот актілерінің заңдылыєын қадағалауды іске асырудың тәртібін Астана және Алматы қалаларының прокурорлары анықтайды.
Әскери соттарда қаралатын азаматтық істерге қатысу осы соттардың мекен-жайы бойынша орналасқан әскери прокурорларға жүктеледі.
5. Азаматтық сот ісін жүргізудің барлық сатыларында, осы Нұсқаулықтың 4-бөлігінде көзделген және өз бастамасымен қатысатын істер бойынша прокурорлар өз ұстанымын тек іс құжаттарына, заң талаптарына қатаң негіздеп, оны жүйелі түрде қолдап, заңдылық, азаматтардың және заңды тұлғалардың заң мен сот алдындағы теңдігі, тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы туралы принциптерді басшылыққа алады. Іс бойынша қорытынды берген кезде өз ұстанымын нормативті құқықтық актілер мен сотта зерттелген іс құжаттарына сүйеніп, анықтап дәлелдейді.
Азаматтық іспен танысқаннан кейін, нәтижесі прокурорға немесе осы салаға жетекшілік ететін орынбасарға алдын-ала баяндалады.
Қаралған іс бойынша заң бұзылған жағдайда қатысушы прокурор сот алдында лауазымды тұлғаға немесе ұйымға қатысты жеке ұйғару шығару туралы өтініш етеді. Анықталған заңды бұзу фактілері бойынша қосымша тексеріс жїргізу және кінәлі деп танылғандарды заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешуге прокурорлар шара қолданады.
6. Прокурорлар азаматтық істер бойынша өндірісті тоқтату туралы сот ұйғаруларының заңдылығын тоқсан сайын тексеріп, заңдылық бұзушылығы анықталєан жағдайда оларды жою үшін шаралар қолданады.
7. Прокурорлардың талап арыздары бойынша қозғалған істерге, қай бөлімшенің бастамасы бойынша іс қозғалса, соның қызметкерлері сотта қатысуды қамтамасыз етеді. Апелляциялық мерзім ішінде белгіленген категориядағы істер бойынша сот шешімдеріне наразылық келтіру жауапкершілігі осы қызметкерлерге жүктеледі.
8. Прокурорлар осы Нұсқаулықтың 4-бөлігінде аталған және өз бастамасымен қатысқан істер бойынша сот тарапынан жіберілген қателіктерді заңсыз сот қаулыларына апелляциялық тәртіпте наразылық келтіру арқылы уақтылы жоюға шара қолданады. Апелляциялық наразылықты, тек Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 364-бабында белгіленген сот шешімінің күшін жоюдың не оны өзгертудің негіздемелері болған жағдайда ғана, және осы Кодекстің 335-бабының талаптарын сақтай отырып келтіреді.
Заң бұзушылық айқындалған жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 6-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес прокурорлар судьяларды жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасына апелляциялық (жеке) наразылық келтірген жағдайда оның көшірмесі бір мезгілде Департаментке жолданады.
9. Прокурорлар апелляциялық тәртіпте қаралатын барлық істерге қатысады (Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 350-ші бабының 2-тармағы) . Апелляциялық сатыда қарауға тағайындалған азаматтық істерді зерттегеннен кейін негізделген қорытынды жасалып, оны осы салаға жетекшілік ететін орынбасар бекітеді.
Департамент прокурорлары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының барлық мәжілістеріне қатысады.
10. Сотта қаралған осы Нұсқаулықтың 4-бөлігінде көзделген істер бойынша сот шешімдерінің заңдылығы мен осы істер бойынша бұзылған сот шешімдерінің санынан есептелетін апелляциялық наразылық келтірудің тиімділігін ескере отырып, азаматтық сот ісін жүргізудегі прокурорлық қадағалау жағдайына баға беріледі.
Қадағалау қалпына баға берудің өлшемі ретінде апелляциялық наразылық келтірудің тиімділігі, жұмыс нәтижелеріне қанағаттандырылған және келтірілген (соның ішінде, қаралған, қайтарып алынған және қараусыз қайтарылған) наразылықтардың жалпы санының ара қатынасы негізінде баға берілетін, көлік және өзге мамандандырылған (әскерилерді қоспағанда) прокурорларға қолданылмайды.
11. Прокурорлардың жұмысының сапасы қанағаттандырылған апелляциялық, қадағалау наразылықтарының және келтірілген (соның ішінде, қаралған, қайтарып алынған және қараусыз қайтарылған) наразылықтардың жалпы санының ара қатынасы негізінде, сондай-ақ апелляциялық шағымдардың негізінде бұзылған, прокурордың өз бастамасымен қатысқан істер бойынша қабылданған сот шешімдерінің жалпы санынан анықталады.
12. Прокурорлар облыстық және оларға теңестірілген соттардың қадағалау алқаларының барлық мәжілістеріне, тараптар мен басқа тұлғалардың қадағалау шағымдарын алдын ала қарау жөніндегі мәжілістерін қоспағанда, міндетті түрде қатысады (Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 398-бабының 1-тармағы) . Қадағалау алқасында қарауға тағайындалған азаматтық істер зерттелгеннен кейін, нәтижесі бойынша негізделген қорытынды жасалып, оны осы салаға жетекшілік ететін орынбасар бекітеді.
Облыс, Астана, Алматы қалаларының және оларға теңестірілген прокурорлар Бас прокуратураның наразылықтарын облыстық және оларға теңестірілген соттардың қадағалау алқаларының мәжілістерінде білікті қолдап, қарау нәтижесі туралы Департаментке хабарлап, олардың көшірмелерін кідіріссіз жіберуді қамтамасыз етеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz