Туризм кластерінің даму ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ:
:
3:
КІРІСПЕ: 1
: ЭКОНОМИКАНЫ КЛАСТЕРЛІК ЖҮЙЕМЕН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
3: 9
КІРІСПЕ: 1. 1
: Кластер анықтамасы, түсінігі және мазмұны . . .
3: 9
КІРІСПЕ: 1. 2
: Туризм кластерінің даму ерекшеліктері. . .
3: 15
КІРІСПЕ: 1. 3
: Әлемдік салалық кластерге кешенді шолу . . .
3: 21
КІРІСПЕ:
:
3:
КІРІСПЕ: 2
:

ТУРИСТІК КЛАСТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТӘРТІБІ МЕН ТҮРЛЕРІНЕ ТАЛДАУ . . .

3:
КІРІСПЕ: 2. 1
: Туристік кластердің құрамы мен құрылымы . .
3:
КІРІСПЕ: 2. 2
: Туристік кластердің қалыптасу механизмы . . . . . .
3:
КІРІСПЕ: 2. 3
: Көшбасшы шетелдік туристік кластерінің үздік әрекет ету технологияларына талдау . . . . . .
3:
КІРІСПЕ:
:
3:
КІРІСПЕ: 3
:

ШЕТЕЛДІК КЛАСТЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕСІНІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЬЛИКАСЫНА ТРАНСФЕРТІ ……… . . .

3:
КІРІСПЕ: 3. 1
:

Қазақстан Республикасында туристік кластерді дамыту қажеттілігі . . .

3:
КІРІСПЕ: 3. 2
:

Туристік кластерді құру және басқару салаларын жетілдіру . . .

3:
КІРІСПЕ: 3. 3
:

Туристік кластер тиімділігі мен өнімділігін арттыру бағыттары . . .

3:
КІРІСПЕ:
:
3:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
:
3:
КІРІСПЕ:
:
3:
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
: ТІЗІМІ
3:
КІРІСПЕ:
:
3:
КІРІСПЕ: ҚОСЫМШАЛАР
:
3:

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде кластерлерлер елдердің, сол сияқты жекелеген аймақтардың экономикасын дамыту мен бәсекеге қабілеттілігін көтеруде танымал әрі маңызды құрал болып табылады. Кластер - бұл қосымша құнды құру үрдісінде өзара байланысқан жабдықтаушыыр, өндірушілер, тұтынушылар, өнеркәсіптік инфрақұрылым элементтері мен зерттеу институттарының жүйесі. Ол адам капиталы, ғылыми, инновациялық және өндірістік әлеуеттердің шоғырлануымен сипатталады, әйтпесе кластерлер тұрақты әрі бәсекеге қабілетті бола алмайды. Кластерлік жүйе алдыңғы қатарлы елдер экономикасының көп бөлігін қамтыған. Күннен күнге кластерлер экономикалық дамудың ұлттық және аймақтық жоспарларының маңызды құраушысына айналуда. Дәстүр бойынша кластерлер теориясы көп жағдайда қызметтер секторының, оның ішінде туризмнің, жоғары қарқынен дамып келе жатқаны мен болашақтағы зор әлеуетіне қарамастан өндірістік өнеркәсіпке бағытталған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ниетімен жасалған Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін бағалау жобасы нәтижесінде анықталған жеті салада кластерлік бастаманы енгізу жөнінде шешім қабылданды. Оның ішінде туризм индустриясының ел экономикасындағы перспективті салалардың бірі және осы саланың өркендеуі мен дамуы үшін нақты нарықтық мүмкіндіктердің бар екендігі анықталды. Қазақстанның туризм үшін қажеті табиғи ресурстары бар бола тұра оны дамытуда өзінің мүмкінідіктерін толығымен қолданбайды деуге болады. Сол себептен «туризм» пилоттық кластерін дамыту мен оның перспективаларын анықтау өзекті мәселе болып табылады. Еліміздің әлемдік туризм нарығында өзінің орнына ие болуына ерекше мүмкіндігі бар, ол үшін туристер үшін тартымды жаңа территориялар мен объектілерді ашып, оларды қамсыздандыру керек. Туризм кластерінің дамуына барынша қолайлы жағдай жасау осы мақсаттағы тиімді әрі жедел жолдардың бірі.

Қазіргі уақытта туризм әлемдік шаруашылықтағы неғұрлым қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі және ең табысты бизнестердің бірі болып табылады. Ол мемлекет экономикасы үшін маңызды болып табылады. Туризмнің негізгі үш оң әсерін байқауға болады: ол шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді, төлем балансы мен жиынтық экспорт сияқты маңызды экономикалық көрсеткіштерге жағымды әсерін тигізеді, халықтың жұмысбастылығын арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар туризм экономиканың 32 саласының дамуы мен елдің инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасайды. Сондықтан Қазақстандағы басымдықты кластерлердің бірі - туризм кластерінің дамуына баса көңіл аудару маңыздылығы сөзсіз.

Кластерлік теорияның негізін қалаушы Майкл Портер зерттеулері, сонымен қатар басқа да кластерлік зерттеулерде дәстүрлі түрде басты назар өндірістік өнеркәсіпке аударылған. Бұл басымдық қызмет көрсету секторының, оның ішінде туризм маңызының өсуі мен оның зор болашақ әлеуетіне қарамастан әлі де сақталуда. Туризмге тән осы салада қызмет етуші объектілердің дамуы мен табыс алуында бір-бірімен тығыз байланыста болуы мен туризм саласының басқа салалар дамуына тәуелді болуы сияқты ерекшеліктерді ескере отырып, оның кластерлік әдіспен дамуының маңыздылығы өзекті. Кластерлер туралы білімді өсіріп, кластерлік тұжырымдаманың не үшін керектігін түсіну түрлі деңгейдегі жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін маңызды, өйткені бұл механизмді іске қосу арқылы кез келген субъект кластер құраушысы бола отырып экономикалық өсу мен дамуға өз үлесін қоса алады.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты туризм индустриясын дамытудағы кластелердің қалыптасу және даму үрдісін ғылыми, әдістемелік және тәжірибиелік тұрғыдан негіздеп зерттеу және жалпы кластерлердің экономикалық өсуді қамтамасыз ететін, жаңашылдықтың жоғары деңгейі мен бәсекеге қабілеттілікті арттыратын құрал ретіндегі рөлін ғана емес, сонымен қызмет сферасы үшін маңыздылығын ашып көрсету, туризм кластерінің ел экономикасын дамытуда қолдану мүмкіндігін қарастырып, оның даму перспективаларын анықтау.

Көзделген мақcаттарға сәйкес дипломдық жұмыста келесідей міндеттер қойылған:

  • кластерлердің түсінігін, құрылымын, даму ерекшеліктерін қарастырып және экономиканы дамытуда оларды қолдану маңыздылығын айқындай отырып, теориялық негіздерін ашып көрсету;
  • мәліметтерге сүйене отырып Қазақстандағы туризм саласының даму жағдайын зерттеу және тенденцияларын айқындау;
  • Қазақстандағы туристік кластер мен жалпы туризм саласының дамуына кедергі болып табылатын тетіктерді айқындау және соның негізінде осы салада кластерлік жүйені дамытуды белсенді жүргізу, қалыптасып жатқан толыққанды нарықтық қатынастар шеңберінде оны жүзеге асыру бағыттарын анықтау;
  • туризм кластерінің ел экономикасындағы даму персективаларын бағалау.

Зерттеудің пәні - туризм кластерін белсенді дамыту мен еліміздің туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін негізгі бағыттарды анықтау және даму перспективаларын бағалау.

Зерттеудің нысаны - Қазақстанның туризм саласының көрсеткіштері, туризм кластерінің қатысушыларының қызметі мен осы салаға тиесілі инфрақұрылым жағдайы негізінде саланың бәсекеге қабілеттігінің деңгейі.

Дипломдық жұмысты жазу барысында кластерлер мен бәсекелестік теориясы жайында жазылған шетелдік және отандық зерттеушілердің еңбектері, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт Министрлігінің, Статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері, сондай-ақ мерзімдік басылымдарда жарияланған материалдар мен интернет сайттарының ақпараттары кеңінен қолданылды.

Жұмыста зерттеулердің логикалық, экономикалық-статистикалық, монографиялық және есептік, сондай-ақ жүйелі және жағдайлық талдау әдістері кеңінен пайдаланылды.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, 9 бөлімшеден, қорытындыдан құралған, соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар ұсынылған. Иллюстрация ретінде _ кесте және _ сурет келтірілген. Жұмыс _ баспалық бетте орындалған.

1 ЭКОНОМИКАНЫ КЛАСТЕРЛІК ЖҮЙЕМЕН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Кластер анықтамасы, түсінігі және мазмұны

Ағылшын тілінде «claster» сөзінің көптеген мағынасы бар, бірақ олардың бәрінің жалпы сипаттамасы қандай да бір функцияны орындау мен нақты бір мақсатқа жету үшін жекелеген элементтерді біріктіру болып табылады. Осы мағына бұл түсініктің экономикалық мазмұнына да жатқызылады [1] .

«Кластер» түсінігі экономикада жаңа болып саналады. Кластерлік даму жайлы пікір-таластар алғаш рет 1990 жылы әйгілі американдық экономист, әлемнің әртүрлі елдерінің 100-ден аса саласын зерттеген Майкл Портердің «Ұлттық бәсекелестік артықшылықтары» атты кітабында жазылған. Оның пікірі бойынша кластер - нақты бір салада қызмет ететін және өзара бір-бірін толықтыратын географиялық көршілес орналасқан өзара байланысты компаниялар (жабдықтаушылар, өндірушілер және басқалары) және олармен байланысты ұйымдар (білім беру ұйымдары, мемлекеттік басқару ұйымдары, инфрақұрылымық компаниялар) тобы. Бірінен бірі жақын орналасқан компаниялар оларға өздерінің түпкілікті тұтынушылары үшін бір бірінен оқшау компанияларға қарағанда анағұрлым жоғары құн жасауға мүмкіндік беретін ілеспе экономикалық әсерден ұтады. М. Портер елдің бәсекеге қабілеттілігін жеке фирмалардың бәсекеге қабілеттілігімен емес, ішкі ресурстарды тиімді қолдануға бейімделетін әртүрлі саладағы фирмаларды біріктіретін кластер арқылы қарастыру керек деп санайды. Яғни, Портердің негізгі тезисі перспективті бәсекелестік артықшылықтар ішкі нарықта қалыптасады деген қорытындыға әкеледі [2] . Кластердің географиялық масштабы бір қаладан немесе аймақтық- әкімшілік бірліктен бір ел немесе тіпті бірнеше көршілес елге дейін өзгеруі мүмкін.

Кластерлер қызмет тиімділігін, еңбек өнімділігін арттыру, инновацияларды ынталандыру мен жаңа кәсіпорындардың құрылуына жағдай жасау үшін қандай да бір аймақтың, жекелеген аудандардың, тіпті әртүрлі елдердің кәсіпорындары мен мекемелерін біріктіре алады. Кластерлер кәсіпорындарға бизнесті жүргізудің шарттары мен нарықтағы сұраныстың өзгеруіне неғұрлым икемді болуына мүмкіндік береді. Осылайша, кластер өмірге қабілетті, өзін жеткілікті түрде қамтамасыз ете алатын, сәтті түрде дамушы ұйымды білдіреді.

Кластерге тән негізгі ерекшеліктер:

  • жаңа кластерлік технологиялар негізінде фирмалар, ғылыми мекемелер, жергілікті және аймақтық билік органдарының интеграциясы мен ынтымақтастығы;
  • ортақ мақсаттар мен мүдделер;
  • бәсекелестіктегі күресте жаңа мүмкіндіктерді бере алатын өндіріс, өнімді өткізу, инвестицияларды қаржыландыруды ұйымдастыру мен басқарудағы инновациялар мен жаңа технологиялар;
  • ақпараттың толықтығы мен ашықтығы, қол жеткізе алушылығы, кластердің барлық қатысушылары үшін мәліметтер мен білім алмасу; мәліметтер базасын құру мен жабдықтау, өткізу нарықтарына, жұмыс күші нарығы мен ноу-хау нарығына Интернет арқылы қол жеткізе алу;
  • ортақ мақсаттарға жетуде кластердегі барлық субъектілердің кооперациясы мен ынтымақтастығы;
  • нарық қажеттіліктеріне, тұтынушылардың өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыруға бағыт ұстаушылық;
  • кластерге тиесілі шағын, орта кәсіпорындарды қолдау мен дамыту [1] .

Кластердің өмірлік циклі бірнеше сатыдан өтеді. Бірінші сатысы - негіздің болуы, алғышарттар, яғни аймақта компаниялар мен басқа да әрекет етуші тұлғалардың болуы. Одан кейін кластердің пайда болуы орын алады, бұл кезде агломерация қатысушылары негізгі қызмет жанында кооперациялануды және өздерінің байланыстары арқылы ортақ мүмкіндіктерді жүзеге асыруды бастайды. Кластер өзінің дамуын бастағанда аймақтағы сол немесе байланысты қызметтің жаңа қатысушылары пайда болады және тартылады, жаңа байланыстар осы жаңа әрекет етуші тұлғалар арасында туындайды. Кластердің есеюі әрекет етуші тұлғалар қандай да бір критикалық массасына жеткенде басталады. Ол өз байланыстарын шекарасынан тыс жерлерде, басқа кластерлермен, қызмет бағыттарымен, аймақтармен дамытады. Бұл кезде кластер ішінде жаңа фирмалар мен жаңа бағыттарды құру динамикасы басталады. Осылайша біртіндеп өзгеру келеді - уақыт өте келе нарықтар, технологиялар мен үрдістер кластерлер сияқты өзгереді.

Кластерге өмір сүру, өмір сүруге қабілетті болу, тоқырау мен құлдырауды болдырмау үшін инновацияларды өндіріп, өзгерулерге икемделу керек. Ол бір немесе оның қызметі аясында жинақталатын бірнеше кластер формасын таңдай алады немесе өнімдер мен қызметтер жеткізілетін жолдарды өзгерте алады.

Жіктелу бәсекелестік пен инновацияны күшейте алса да, ол тоқырау мен құлдырауға әкелетін тәуекелдер мен қақпандардан сақтандырылмаған. Кластеризацияның келесідей су асты тастарын бөліп көрсетуге болады. Бұл осал жерінің болуы, өйткені мамандану аймақтың шектеулігіне әкеле алады, ал технологиялық үзіліс кластердің қандай да бір артықшылықтарын бұза алады. Өз кезегінде қалыптасқан қатаң құрылымдар бағыттың мүлдем өзгеруін кешіктіруге немесе қажетті қайта құруға бөгет жасауға тәуекел жасайды, бұл көбіне жүргізілетін саясаттың икемсіздігінен болады. Бәсекелестік қысымның төмендеуінен корпорация көмегімен инновациялардың итермелеуші күштері қысқарады. Нәтижесінде жеткіліктілік синдромы болуы мүмкін, бұл кезде өткен жетістіктерге үйренген кластер енді өзгеруші тенденцияларды көріп білуге жағдайы болмайды [3] .

Кластердің жалпы құрылымы күрделі болып келеді (сурет 1) [4] . Ол географиялық, сол сияқты сыртқы ортамен байланысқан бірегей ішкі ақпараттық орта шеңберінде де біріккен. Кластер кеңесі аймақтық басқаруды қамтиды және бизнес бойынша үкімет кеңесімен байланысқан. Оның міндеті тек қана аналитикалық болып табылады. Кластер құрылымындағы бастысы - құн құруда инновацияның бүкіл тармаққа таралуы және сыртқы ортамен әрекеттесуде ортақ логистикалық терезе. Бұндай құрылым трансакциялық шығындарды минимизациялауға мүмкіндік береді.

Сурет 1 Кластердің жалпы құрылымы

Кластердің қызмет етуінің негізінде Портердің ромбі жатыр, басқаша оны «Даймонд моделі» деп атайды (сурет 2) . Ромбта қарастырылған өзара әрекеттесулердің кешені қажеттілік пен оған негізделетін кластердің бәсекеге қабілеттігін анықтайды. Өндіріс шарттары табиғи және адам ресурстарын, капитал, физикалық, әкімшілік және ғылыми-техникалық инфрақұрылым ресурстарының сәтті сәйкестендірілуі есебінен туындайды. Бұл жағдайлар мамандану мен сапа факторларының негізі ретінде болады.

Байланысқан және қосалқы салалар құрамдас бөлшектер мен технологиялық жабдықтар бағытында инновацияларды енгізуді қамтамасыз етеді, бұл оларды неғұрлым бәсекеге қабілетті етеді. Мысалы, төменгі Манхэттеннің мультимедиялық кластері өзара байланысты салаларда қызмет ететін және бір-бірін қамтамасыз ететін баспасөз ісі, радио мен видео ақпарат сияқты фирмалардан тұрады. Кластердің бәсекеге қабілеттігі өсуі үшін талапшыл және ізденгіш жергілікті тұтынушылардың бар болуы маңызды, оның талаптары басқа нарықтардағы сұраныстан ерте туындайды және жаңа тауарларға глобальді сұраныс үшін «байқау тасы» болып табылады.

Сурет 2 «Даймонд» моделі»

Ромб ортасындағы өзара әрекеттесулердің «кресті» (сурет 2) жергілікті әкімшілік және институционалдық орталар тарапынан қолдау көретін оның барлық құраушыларының өзара қажеттілігін көрсетеді. Осы айтылған әкімшілік және институционалдық орталар кластерлер стратегиясы мен құрылымының дамуына сәйкес үзіліссіз жетіліп отырады және оның құрылымына түрлі мүмкін нысандағы инвестицияларды ынталандырады.

Кластерлерде бәсекелестік пен кооперцияның күрделі комбинациясы қалыптасады. Олар әртүрлі жазықтықтарда бола тұра бір-бірін толықтырып тұрады. Әлемдік нарықта кластерлер жүйе мен бәсекелестіктің бір агенті ретінде қатысады, бұл оларға тең жағдайда қатысуға және глобальді бәсекелестік тенденциясына төтеп беруге мүмкіндік береді. Корпоративті жолмен инновациялық саясат та жүзеге асырылады, бұл кезде трансакциялық шығындарды біршама төмендетуге жағдай туады.

Қазіргі кезде әлем жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқанда біздің «өзіміздің машинамызды» құрастыратын уақыт жоқ, ең үздік технологиялар, әдістерді іріктеп алып, оларды біздің жағдайларымызға икемдеуіміз қажет. Өйткені бүкіл әлемдегі бизнес ұқсас ережелермен дамуда, сонымен ең үздік брендтер, бизнес пен экономикалар қалай да болса кластерлік сатыдан өткен.

Дамушы елдердің үкіметтері экономиканы кластеризациялау феноменіне 1990-жылдардан бастап ерекше көңіл бөлуде және ол өз кезегінде экономикалық саясаттың негізі болуда. Бұл үшін елдер мен аймақтар деңгейінде кластерлер ісі бойынша ақпараттық-талдау жұмыстарын жүргізетін, сонымен қатар сәйкес кластерлердің қажеттіліктерімен барлық деңгейлерде білім беру бағдарламаларын бақылайтын департаменттер (кеңестер, агенттіктер) құрылады [4] .

Кластерлердің пайда болу себептері ұлттық артықшылықтардың себепшілерімен тікелей байланысты және олардың жүйелік сипатының көрінісі болып табылады. Бір бәсекеге қабілетті сала өзара нығайтушы қатынастар процесінде екінші салалық бәсекеге қабілетілігін жасауға көмектеседі. Мұндай сала көбінесе өзі тауарлар мен қызметтің аса талапшыл сатып алушысы болып келеді. Ондай саланың елде бар болуы жабдықтаушы саланың бәсекеге қабілеттігінің өсуін анықтаушы маңызды факторлар болып табылады. Бәсекеге қабілетті жабдықтаушылар да елде бәсекеге қабілетті тұтынушы салалардың дамуына мүмкіндік туғызады. Олар екіншілерін технологиялармен қамтамасыз етеді, ортақ өндрістік факторлардың дамуын ынталандырады, жаңа өндірушілерді туындатады. Кластер қалыптасқан кезде оның құрамындағы барлық өндірістер бір-біріне өзара қолдау көрсете бастайды. Тиімділік, пайда баланстарының барлық бағыттары бойынша тарайды. Бір саладағы белсенді бәсекелестік кластердің басқа салаларына тарайды, соның арқасында қосылған кұн тізбесін өсіре түседі.

Салалардың толып жатқан кластерлерінің болуы - ішкі бәсекелестер тобы бар жерде факторларды тудыру процесін тездетеді. Өзара байланысты салалар кластерінің барлық фирмалары маманданған, бірақ та біртектес технологияларға, ақпаратқа, инфрақұрылымға, адам ресурстарына инвестициялар жасайды, бұл өз кезегінде жаңа фирмалардың жаппай пайда болуына әкеліп соғады. Кластер тұтас алғанда ірі капитал жұмсауға және мамандануға мүмкіндік тудырады [5] .

Кластерлер кәсіпорындар мен салалардың өнімділігін мыналардың нәтижесінде жоғарлатады: технологиялар, жабдықтар, ақпаратқа қол жеткізуді жақсартуы; бәсекелестіктің арқасында кластерлер ішінде неғұрлым тиімді мамандандыруды құруы; неғұрлым талапшыл тұтынушылардың пайда болуының нәтижесінде тауарлар мен қызметтер сапасын жақсартуы, т. б.

Кластерге ортақ технологиялық тізбекте байланысқан, яғни бір соңғы өнімді жасауда қызмет ететін кәсіпорындар бірігуі тиіс. Жалпы алғанда, соңғы өнімге қайсысы неғұрлым жақын болса, сол соғұрлым жоғары қосылған құнды алады және ол үшін соғұрлым тиімді болады. Алайда кластерлік жүйе тек қана соңғы өнім иелеріне ғана емес, сонымен бүкіл кластер қатысушыларына тиімді болу үшін арналған [6] .

Кластердің өндірістік құрылымын талдау оның басқа фирмааралық байланыстарды ұйымдастыру формалары алдындағы артықшылықтарын көрсетеді [7] :

  • Кластердің айрықша ерекшелігі болып оның бірқатар оң әсерлер шеңберінде пайда болуы табылады, ең алдымен өндіріс масштабы әсері. Оның негізінің қызметін фирмалардың бірінде қандай да бір өнім немесе қызмет түрін өндіру үшін кластердің инновациялық ядросының болуы.
  • Екінші оң әсер қамту әсері болып табылады. Жалпы жағдайда қамту әсері өнімнің бірнеше түрін өндіру үшін бір уақытта пайдаланыла алатын өндіріс факторы болған кезде туындайды. Бұл фактор көпфункционалды табиғатымен сипатталады. Фирмаларды кластерге біріктіргенде қамту әсері біршама күшейеді, өйткені трансакциялық шығындарды минималдау кезінде түрлі кәсіпорындарда көпфункционалды факторларды қолдану мүмкіндігі пайда болады.
  • Кластердің үшінші оң әсері болып өнімді жалпы стандарттау жағдайында туындайтын синергия әсері болып табылады. Тиімділік байланыстардың барлық бағыты бойынша таралады. Бір саладағы белсенді бәсекелестік кластердің басқа да салаларына таралады. Кластердің басқа салаларынан келетін жаңа өндірушілер ҒЗТКӘ-ге түрлі қадамдарды ынталандырады және жаңа стратегиялар мен квалификацияларды біліктіліктерді енгізуде жаңа құралдарды қамтамасыз ете отырып дамуды жеделдетеді.

Өз кезегінде экономиканы кластерлік құрылымдау мемлекеттің жалпы экономикалық саясатына елеулі әсер етеді. Бұл ең алдымен ғылымды, тәуекеді инновацияларды қолдаумен, экспорттық қызметпен, қажетті инфрақұрылымды құру мен біліммен байланысты (сурет 3) [4] . Кластерлерді дамытуға негізделген саясат мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің жоғарлауына әкеледі.

Сурет 3 Кластерлердің жалпы экономикалық саясатқа әсері

Кластерлік бағдарламаның маңыздылығы оның қоғамың іскерлік өмірінің барлық аспектілерін қамтуында: тиімсіз әкімшілік реттеу, сыбайлас жемқорлық, тәуелсіз сот мәселелері, т. б. кластерлер шеңберінде талқыланады. Әр кластердің дамуына байланысты мәселелер институционалдық мәселелермен ұштасып жатады.

«Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға Индустриалдық - Инновациялық даму стратегиясының» шеңберінде және Президенттің «Бәсекелестікке қабілетті Қазақстанға, бәсекелестікке қабілетті экономикаға және бәсекелестікке қабілетті ұлтқа» Жолдауына негізделе отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі экономиканың өндірмейтін салаларын кластерлік дамыту арқылы Қазақстан экономикасын әртараптандыру бойынша жаңа жобаны іске асыруға кірісті.

2004 жылдың шілде айында «Қазақстан экономикасын өндіруші емес салаларда кластерлерді дамыту көмегімен диверсификациялау» жобасы бастау алды. Қазақстанның кластерлік даму бағдарламасы еліміздің шикізаттық бағыттан бас тарту және бәсекеге қабілетті экономиканы құрудағы талпынысында басымдықты құралдардың бірі болып табылады. Жобаның тапсырушысы Қазақстанның Үкіметі, ал мердігерлер кластерлер концепциясының негізін қалаушы, Гарвард бизнес мектебінің стратегия және бәсекеге қабілеттілік Институтының жетекшісі, әлемнің кеңес берушілерінің алғашқы ондығына кіретін Майкл Портер бастаған «Austin Associates» американдық консалтингтік компаниясы мамандары болды. Майкл Портер жобаның ғылыми кеңесшісі болды. Бұл инициативаның басты мақсаты - экономиканың өндіруші салаларынан өндіруші емес салаларға ауысу және олардың өнімділігін арттыру.

Жоба шартты түрде 3 кезеңге бөлінді: әлеуетті кластерлерді анықтау, кластерлік саясатты дамыту, бағдарламаны жүзеге асыру. Бірінші кезеңінде Қазақстан бәсекелестік артықшылықтарға ие нарық сегменттерін анықтау мақсатында 150-ге жуық өндіруші емес салалар мен қосалқы салаларға талдау жасалды. Бәсекеге қабілеттілік екі негізгі критерий бойынша бағаланды: саланы дамыту үшін қажетті негіздің болуы мен саланың Қазақстан экономикасындағы рөлі. Берілген сала жұмысбастылықты қамтамасыз ету мен экспортқа қаншалықты әсер ететіндігі мен динамикадағы саланың өсуі зерттелді, сонымен іскерлік ортаның бағасы да маңызды критерий болды.

Бағдарламаның екінші кезеңі барысында 23 салалық кластер мен нарық сегменттері үшін қазақстандық, аймақтық және әлемдік деңгейдегі нарықтың тартымдылығы мен динамикасы бағаланды. Экономиканың берілген саладағы соңғы 5-10 жылдағы сұраныс пен ұсынысты бағалау көмегімен осы көрсеткіштердің келесі 5-7 жылға болжамды сипаттамалар жасалды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм саласында кластерлік жүйені дамыту
Экономиканы кластерлік жүйемен дамытудың теория-әдістемелік негіздері
Қазақстан экономикасындағы кластерлік жүйе
Түркістан қаласындағы туризмінің дамуы
Туризмді ұйымдастырудың экономикалық тетіктері
Қазақстанның туристік кластерінің дамуын қозғалтқан инвестициялық жобалар
Қазақстандағы кластерлерді ұйымдастырудың экономикалық – құқықтық формалары
Кластерлік жүйені дамытудың экономикалық бағыттары
Туризм - экономиканы дамытудағы басты жол
Алматы облысының туризм индустриясының даму жағдайын айқындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz