ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР және ИНЖИНИРИНГ
УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНСТИТУТЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ

БЕКІТЕМІН

ПТИ директоры

______________Ахметов А.Қ.

_____ ____________2011ж.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ МЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
пәнінен ҚАБЫЛДАУ емтихан
БАҒДАРЛАМАСЫ

6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті, магистратура мамандығы үшін

АҚТАУ, 2011

Жұмыс бағдарламасына негізге алынған құжаттар:

ҚР ҒжБМ 11.05.2005 ж. № 289 бұйрығымен бікітілген типтік бағдарлама;

Құрастырғандар: қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары,
филология ғылымдарының кандидаттары Ә.Д.Қабылов, Ш.С.Әбішева,

Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен
әдебиеті кафедрасының 2011ж. “___“ __________ отырысында бекітілді.
Хаттама № _____
Кафедра меңгерушісі: _______________ ф.ғ.д., проф. Нұрдәулетова Б. І.

Институт әдістемелік кеңесінің 2011 ж. “___“ __________ мәжілісінде
мақұлданды.
Хаттама № _____
Әдістемелік кеңес төрағасы: __________ п.ғ.к., Қалиева Г.

АЛҒЫСӨЗ

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында оқитын студенттерге пәннің
типтік бағдарламасына сәйкес, қазақ әдебиетінің ғылыми курстары бойынша
және қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесінен міндетті пәндер жүргізіледі.
Бұл пәндерден дәріс сабақтармен бірге практикалық, семинар сабақтар
өткізіліп, студенттердің пәннің теориялық және практикалық мәселелері
бойынша білім-біліктері мен дағдыларын жетілдіру жүзеге асырылса, СОӨЖ
сабақтарында оқытушының көмегімен осы білімдерді дамытуға, өз беттерімен
ізденулеріне бағыт беріледі. Студенттер, сол сияқты, СӨЖ бойынша түрлі
тапсырмалар орындап, ғылыми-ізденіс жұмыстарының нәтижелерін көрсете алады.

Университет түлектерінің ғылыми-ізденіс жұмыстарының түпкілікті нақты
қорытындысы - дипломдық жұмыс. Ал мемлекеттік емтихан - университетте
оқыған кезең ішінде мамандық бойынша жүргізілген пәндерден меңгерген
білімдерін тексеріп, нақты бағалайтын мемлекеттік аттестация болып
табылады.
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша университетті
бітірушілерге арналған мемлекеттік емтихан бағдарламасында қазақ әдебиеті
бойынша оқытылған пәндерден, атап айтқанда қазақ әдебиетінің тарихы
курстарынан (Халық ауыз әдебиеті, Ежелгі дәуір әдебиеті, Хандық дәуір
әдебиеті, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті, ХХ ғасырдың басындағы қызық
әдебиеті, Қазіргі қазақ әдебиеті), Әдебиет теориясы, Қазақ әдебиеті
сынының тарихы, Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәндерінен берілетін
сұрақтар қамтылған.
Бағдарламада жеке пәндер бойынша сұрақтар жинақталып берілген. Әр
сұрақтың қысқаша мазмұны (қамтылатын мәселелер тізбесі) түзілген. Бұл
бағдарлама студенттердің мемлекеттік емтиханға дайындалуына, сол секілді
емтихан кезінде тақырыпқа байланысты білетіндерін еске түсіріп, ойларын
жинақтап, жүйелі жауап берулеріне септігін тигізеді деп ойлаймыз.
Бағдарламаның соңында әр пән бойынша қажетті әдебиеттер тізімі берілген.

ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ

1. Қаһармандық эпосқа тән негiзгi ерекшелiктер

Әдебиет 3 түрлі текке бөлінеді. Эпос-көркем әдебиеттің негізгі
жанрының бірі ретінде қарастырылады. Эпос жанрында оқиға, адамдардың
арасындағы қарым-қатынас біртіндеп дамиды. Эпостық жырлардың өзіндік
ерекшелігі. Қаһармандық эпос, оның негізгі айырмашылықтары. Қазақ
әдебиетіндегі қаһармандық эпостың үлгілері.

2. М.Әуезовтың алғашқы әңгiмелерiндегi жаңашылдық

Дәстүр - дара суреткердің сөз өнеріндегі айрықша көркемдік жетістік
тағылым ретінде ұғынылады. Дәстүрден тағылым алу, үйрену, оны
шығармашылықпен игеру, жалғастыру болып табылады. Қазақ әдебиетіндегі
дәстүр мен жаңашылдық. Дәстүрді шығармашылықпен игерудің жаңашылдыққа
әкелетіндігі, ал жаңашылдықтың негізінде жаңа дәстүр туады. М. Әуезовтың
алғашқы әңгімелерінің өзінде оның реализмінің сипаты айқын аңғарылады.
Іздер, Қасеннің құбылыстары, Құм мен Асқар, Бүркітші, Асыл
нәсілдер тәрізді шығармаларындағы жаңашылдық.

3. Әдебиеттiң халықтығы мен ұлттығы

Өнер мен әдебиеттегі халықтық ұғымы, оның тарихи категория екендігі.
Әдебиеттің халықтығы, ұлттық сипаты жайлы ой-толғамдар. Әдеби шығарма
ұлттық дүниетанымның, тарихи-поэтикалық зерденің аясында қалыптасқан, өз
ұлтының шығармашылық өкілі болып табылатын қаламгердің туындысы. Әдебиеттің
халықтығы шығарманың халықтың тілек-мүддесіне толық сәйкес келер идеялық-
көркемдік сапасы ретінде қарастырылады. Шынайы халықтық әдебиет заманның ең
озат арман-мұраттарын бейнелеп көрсететіндігімен ерекшеленеді. Қазақ
әдебиетінде Абай шығармаларының халықтық мәселелердің көтерілуі. Орыс
әдебиеті мен сынында әдебиеттің халықтығы туралы мәселе. Пушкин дәуірінен
бастап көтеріледі. (П.Вяэемксий Баспагер мен классик арасында әңгіме,
О.Сомов Романтикалық поэзия жайында). Сыншы В.Н.Белинскийдің әдебиеттің
халықтығы, ұлттық сипаты жайлы ой-тұжырымдары.

4. Ғашықтық эпос

Эпос оқиғаны баяндап жеткізуге негізделетін шығармалар тобын құрайды.
Эпостық сарындағы шығармалардың негізгі өзгешелігі-қандай да бір оқиғаны
баяндап айтуы. Қазақ әдебиетіндегі ғашықтық эпостың көркем үлгілері.
Ғашықтық эпостың негізгі тақырыбы, идеясы. Ғашықтық эпосқа тән негізгі
өзгешеліктер.

5. С.Сейфуллин шығармаларындағы дәстүр мен жаңашылдық

Дәстүр ұғымы үздік, дара суреткердің сөз өнеріндегі айрықша көркемдік
жетістік тағылымы. Дәстүрден тағылым алу, үйрену, оны шығармашылықпен
игеру, жалғастыру болып табылады. Дәстүр мен жаңашылдық тығыз бірлікте
алынады. Дәстүрді шығармашылықпен игерудің жаңашылдыққа әкелетіндігі, ал
жаңашылдықтың негізінде жаңа дәстүр туады. С.Сейфуллиннің поэзиясы Абай
мен С.Торайғыров творчествосының заңды жалғасы бола тұра, өзіндік идеялық-
творчестволық жағынан өзгешеленеді. Сәкен поэзиясына тән жаңашылдық
белгілері.

6. Тақырып пен идея

Тақырып туралы түсінік. Тақырып-жазушының болмыстан саналы түрде
таңдап алып бейнелеген материалы -нәрсесі, құбылысы, проблемасы ретінде
қарастырылады. Тақырып таңдау және өмір шындығын зерттеу. Басты және
қосалқы тақырыптар, олардың өзара бірлік-байланысы. Тақырыптың көркемдік
шешімін табуы. Тақырыптың әлеуметтік мәнділігі.
Негізгі тақырып, жеке тақырып, тақырыптық сарынға жіктеледі. Идея-
тақырыптың шешімі, шығармада көтерілген проблема, бейнеленген құбылыс пен
нәрсе жайлы автордың пікірі болып табылады. Көркем шығармада негізгі идея,
авторлық және обьективтік идеялар болады. Тақырып пен идея мазмұн ұғымын
құрайды. Халықтық мұрат, ұлттық асыл қасиет-мінездерді, адамдық ізгі арман-
аңсарды бейнелеу-шығарманың озық идеялылығының белгісі. Көркем шығармадағы
тақырып пен идея бірлігі.

7. Көркемдiк әдеби әдiс және стиль

Көркемдік әдіс туралы ұғым. Көркемдік әдістің негізі-дүниетаным
екендігі. Әдеби әдіс-бір бағыттағы жазушылардың өмірлік құбылыстарды,
характерлерді, оқиғаларды таңдау, бағалау және бейнелеу тарапында тұтынатын
ортақ принциптері арқылы айқындалады.
Стиль-әр жазушының өзіне тән шығармашылық ерекшелігі ретінде
ұғынылады. Стиль ұғымы белгілі бір дәуірдегі әдебет дамуының
ерекшеліктерінен бастап әртүрлі әдеби бағыттар пен әдістердің
ерекшеліктері, жеке қаламгер шығармаларына тән ерекшеліктерді қамтуымен
ерекшеленеді. Аристотель, Белинский көркемдік әдіс жайлы. Өнер дамуының әр
кезеңдерінде туып, қалыптасқан көркемдік әдістер және олардың арасындағы
сабақтастықтар мен айырмашылықтар.

8. Романтизм

Көркемдік әдістің негізі- дүниетаным. Өнер дамудың әр
кезеңдерінде туып, қалыптасқан көркемдік әдістердің арасында өзара
сабақтастықтар мен айырмашылықтар бар. Романтизм әдісінің тууына негізгі
себеп - қоғамдық әләуметтік жағдайлар. Романтизм өмір шындығы мен адамды
бейнелеуде ұстанған өзіндік көркемдік принциптерімен
ерекшеленеді.(Махамбет, Абай – қазақ әдебиетіндегі романтизм)

9. Әдебиет және өнер түрлерi

Өнердің негізгі түрлерінің бірі. Әдебиеттің – сөз өнері, көркем
сөз ретіндегі мағынасы басымырақ болып келеді. Өнер және оның
түрлері: мүсін, сәулет, саз, сурет және сөз өнерлері т.б. бұлардың жеке
өнер ретіндегі өзіндік ерекшеліктері, шындық болмысты таныту жолдары
және қоғамдық-әлеуметтік орта-функциясы болып табылады. (А. Байтұрсынов
– сөз өнері туралы).

10. Мазмұн мен пiшiн.

Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы түсінік. Мазмұн мен пішін
бірлігі-көркемдік шарты. Көркем туындыны мазмұн мен пішіннің бірлігі
тұрғысынан қарастыру-әдебиет теориясының негізгі принципі екендігі. Мазмұн
әдеби шығарманың өмір шындығын, құбылыстарын бейнелі түрде көрсетіп, ой-
сезімге әсер беретін мағыналылығы деуге болады. Өнер туындысының
мазмұны мен пішіні, олардың өзара бірлігі болып қалыптасады. Мазмұн
мен пішіннің бірлігі жайлы түрлі толғамдар бар. Мазмұнсыз пішін
ұраны-жалған ілім. Жаңа мазмұн-жаңа пішін.

ӘДЕБИЕТТАНУҒА КІРІСПЕ

1. Лирикалық жанрлар

Әдебиеттің үш текке (эпос, лирика, драма) бөлінуі, мұның өмір
шындығын бейнелеу тәсілінің ерекшелігіне байланысты екендігі. Тек, түр,
жанр терминдерінің мағына-мәні. Жанрлық жіктеудің шарттылығы. Лирикалық
туындылардағы ішкі ғалам сыры, субьективтік сипат басым болады. Ода,
элегия, сатиралық лириканың өзіне тән ерекшеліктері бар. Лирикалық
шығармалар сыршыл сезімге құрылған, көлемі шағын өлеңдік шығармалар болып
табылады.

2. Қайталау түрлері

Тіл адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы. Поэтикалық тілдің
ерекшеліктері оған қойылатын талаптар. Поэтикалық фигуралардың
(айшықтаудың түрі) – қайталау. Қайталаудың бірнеше түрлері бар: еспе
қайталау, кезекті қайталау т.б.

3. Ұйқас түрлерi

Поэзия мен көркем қара сөз. Өлең сөздің өзіндік өлшем-ырғағы. Абай
өлең туралы. Өлең жүйелері, олардың халықтың тілдік жүйесімен
байланыстылығы. Ұйқас және оның шумақта атқаратын рөлі. Жыр ұйқасының басты
ерекшелігі бір ұйқасты ұзақ сақтап, көптеген тармақтарды бірыңғай
үйлестіру болып табылады. Ұйқас былайша ажыратылады: егіз ұйқас, шалыс
ұйқас, кезекті ұйқас, шұбыртпалы ұйқас, қара өлең ұйқасы т.б. Ішкі ұйқас.
Өзіндік ерекшеліктері.

4. Әдеби жанрлар

Әдебиет үш текке бөлініп қарастырылады. Эпостық шығармаларда
лиризм, лирикада сюжеттің болуы, драмада лирикалық және эпикалық
сипаттардың қатар көрінуі байқалады. (Аристотель, Гегель, Белинский,
Байтұрсынов - әдебиеттің текке, түрлерге бөлінуі жайлы). Эпикалық тектің
жанрлық түрлері: ертегі, мысал, әңгіме, новелла, повесть, дастан, батырлар
жыры, роман, роман-эпопея. Қазақ әдебиетіндегі роман жанры. Лирикалық тек.
Лирикалық бейнелеу тәсілінің ерекшелігі. Белинский, Байтұрсынов лирика
туралы. Лирикалық қаһарман сыры. Лирикалық тектің кейбір жанрлық түрлері:
ода, элегия, сонет, сатиралық лирика, ән өлеңі, мадригал. Бұлардың
тақырыптық-идеялық, жанрлық ерекшеліктері.Лирикалық шығармаларды тақырыпқа
қарай бөлудің шарттылығы. Драмалық тек. Драмалық бейнелеу тәсілдерінің
ерекшеліктері. Драматургия және театр. Белинский драмалық поэзия жайлы.

5. Сюжет пен композици.

Әдеби шығарманың құрылысы. Шығарманың композициялық құрылысын
белгілеуде елеулі орын алатын ерекшеліктер: уақиға автордың, автордан
басқа баяндаушының атынан айтылуы немесе кейбір тұстарда болған
жағдайлар шығармадағы кейіпкердің көзімен көрген қалпында алынып,
соның ұғым-түсінігі арқылы берілуі. Сюжет -әдеби шығармалардағы өзара
жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі болып табылады. Ол
көркем шығарма мазмұнын құрайтын оқиғалар жүйесі, характерлердің
қалыптасу тарихы негізінде қалыптасады. Сюжетке арқау болған
оқиғалардың даму кезеңдері: экспозиция, сюжеттік байланыс, ситуациялық
жағдай, оқиғаның шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі.

6. Айшықтау тәсiлдерi

Жазушының тіл байлығын игеру жолдары. Поэтикалық тілдің көркем
шығармада кейіпкер тілі және автор тілі үлгісінде қолданылуы. Шығарманың
жанрлық ерекшелігі және тілі. Тілдің тура және ауыспалы мағынада
қолданылуы. Айшықтаудың (фигураның) түрлері. Бұлардың жасалу жолдары мен
көркемдік қызметі. Поэтикалық фигуралар: инверсия, арнаулар мен
қайталаулар. Бұл тәсілдердің идеялық-көркемдік қызметі, түрлері.

7. Әдебиеттегi жинақтау мен даралау

Көркем шығармаың тілі. Әдеби шығармадағы ейіпкер бейнсін мағыналық
сипатына қарай жіктеу. Тип. Образ ұғымдарына түсінік. Образдылық-көркемдік
сырлары. Көркем образ, оның өмірді таныту құралы екендігі.

ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ

1. А.Яссауи өмiрi. Диуани хикмет

Сопылық әдебиеттің ірі өкілі- Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмет-
исламның дін жолдарын поэзия тілімен өрнектеген жыр жинағы. Исламдағы
суфизм – ХІІ ғасырдан бұрын пайда болған мистикалық-аскеттік ағым. Суфизм
жалпы азаматтық идеяларды – теңдікті, әділеттілікті, адамгершілікті
уағыздайды. Қожа Ахмет – дін уағыздарын жырлаған сопылық әдебиеттің өкілі.
Ол озбырлық пен зұлымдыққа қарсы, дүниеқор дүмше молдаларды сынап,
әділдікті, жақсы іс-әрекеттерді уағыздайды. Диуани хикматтағы сопылық
ағымның философиялық ой-пікірлері: әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп
табу, адамның рухани өмірінің таза болуы, т.б

2. Қорқыт ата кiтабы

Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыз. Қорқыт ата ҮІІІ ғасырда Сыр бойында
өмір сүрген тарихи тұлға, аңызға айналған күйші-сазгер,мәшһүр жырау,
кемеңгер философ. Қорқыт ата адамзат баласына өлмейтін өмір, мәңгілік
тіршілік іздеуші аңыз кейіпкері.
Қорқыт ата кітабы-оғыз-қыпшақ әдеби ескерткіші. Қорқыт ата кітабының
қолжазба нұсқалары туралы мәлімет. Қорқыт ата кітабын зерттеуші,
тәржімалаушы Еуропа және орыс ғалымдары: Этторе Росси, Г.Диц, В.Бартольд,
Х.Короглы. Қорқыт ата кітабының тақырыбы, мазмұны, композициясы,
қаһармандары, көркемдік ерекшеліктері. Оғыз-қыпшақ дәуірінің эпикалық
туындысындағы тарихи шындық пен аңызға айналған бейнелер.

3. Ж.Баласағұни Құтты бiлiк дастаны

Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни – ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, данышпан
ойшыл, энциклопедист ғалым, қоғам қайраткері. Әлемдік әдебиет тарихына
қалдырған еңбегі – Құтты білік дастаны. Құтты білік дастанының бізге үш
нұсқасының-Вена, Каир және Наманган нұсқаларының жеткендігі. Құтты білік
дастанын зерттеуші ғалымдар, аудармашылар, бастырып шығарушылар:Ж.Амадес,
Г.Вамбери, В.Радлов, Е.Бертельс, А.Валитова, С.Малов, К.Каримов, С.Иванов,
А.Егеубаев, Б.Сағындықов, және т.б.
Құтты білік дастанының негізгі идеясы. Дастанның басты төрт принципке
негізделіп жазылғандығы. Құтты білік-дидактикалық дастан. Құтты білік
дастанының негізгі сюжеттік желісінің шығарманың негізгі төрт қаһарманының
өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, бір-біріне жазған хаттарынан
тұратындығы. Құтты білік дастанындағы ел басқарған әкімдер бйнесі. Ел
басқарған әкімдер мен қалың бұқара арасындағы қарым-қатынас мәселесі.

4. А. Иүгiнекейдiң Ақиқат сыйы еңбегi

Ахмет Иүгнеки - ХІІ ғасырдың орта кезі мен ХІІІ ғасырдың
басында өмір сүрген аса көрнекті ақын, кезінде бүкіл Қарахан
мемлекеті түркілеріне аты мәлім болған ғұлама ғалым. Ақиқат сыйы -
дидактикалық сарында жазылған шығарма. Композициялық құрылысы. Идеялық
мазмұны. Ақиқат сыйы дастанының көркемдік ерекшеліктері. Ақынның бір-
біріне қайшы екі құбылысты қатар қойып, жұптап суреттеу әдісі. Дастанның он
бір буынды аруз жүйесімен жазылуы. Ақиқат сыйы дастаны көркемдік сапасы
жағынан ерекшеленеді. Ақиқат сыйы дастанын зертеушілер, аударма
жасаушылар: Рашид Арат, Е.Бертельс, В.Радлов, С.Малов, Қ.Махмұдов, Э.Нәжіп,
Б.Сағындықов, Ә.Құрышжанов, т.б.

5. Әл – Фарабидiң өмiрi мен еңбектері

Әбу Насыр әл-Фараби ( толық аты-жөні - Әбу Наср Мұхаммад ибн
Тархан ибн Узлағ әл-Фараби)-дүние жүзілік мәдениет пен білімнің
Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған данышпан, философ,
энциклопедист ғалым, әдебиетші.
Ол ежелгі Отырар қаласында туған. Әл-фарабидің философия, этиа, логика,
тіл білімі, әдебиеттану, музыка, т.б салалар бойынша жазған зерттеулері.
Философиялық трактаттары: Данышпандықтың інжу маржаны, Ғылымдардың
шығуы, Философияны оқу үшін алдымен не білу керек, Аристотель
еңбектеріне түсіндірме, т.б.
Әл-Фарабидің музыкалық мұрасы. Музыканың ұлы кітабы атты трактаты.
Бұл зертеудің төрт бөлімнен тұратыны: Музыка өнеріне кіріспе,
Музыка өнерінің тарихилық негіздері, Музыкалық аспаптар, Музыка
композициясы.
Әл-Фарабидің қоғамдық, әлеуметтік және этикалық мәселелер жөніндегі
зерттеулері: Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары, Мемлекет
қайраткерлерінің нақыл сөздері, Бақытқа жету жайында, т.б
АБАЙТАНУ

1. Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы

Абайдың өмірбаяны туралы деректер. Абай мұрасының жиналуы,
жариялануы, зерттелуі. Абайдың қалыптасуы мен өсу жолындағы өнегелі әкесі
Құнанбай қажының, әжесі Зеренің, шешесі Ұлжанның және басқа да билердің,
шешендердің, ақын-жыраулардың, оқымысты орыс достарының пайдалы әсер-
ықпалы. Ұлы Абайдың шығармашылық қалыптасуына ықпал еткен үш арна. Қазақ
халқының рухани мәдениеті (фольклоры, ақын-жыраулар мұралары, т.б. Шығыстың
класикалық әдебиеті мен ғылым, орыстың классикалық әдебиеті және Еуропаның
философиялық ғылымы.

2. Абай өлеңдерінің тақырыптары

Шығармашылық өмірбаяны. Абайдың жас шағындағы өлеңдері: Иузи-
Раушан, Фзули-Шәмси, Әлиф-би, Сап-сап көңілім, Тайға міндік.
Өлеңдерінің тақырыптық жағынан жіктелуі. Идеясы. Ән-өлеңдері. Аудармалық-
назиралық өлеңдерге арнап шығарған әндері: Онегиннің жауабы, Татьянаның
хаты.
Абай-қазақ өлеңі өрімінің дәстүрлі өрнектерін жаңғырта түлеткен жаңашыл
ақын. Ақын өлеңдеріндегі жаңа өрімдер.

3. Абай қарасөздерінің мәні

Абайдың тағылымдық мәнді қарасөздері. Қарасөздерінің этика-
эстетикалық, философиялық, тәрбиелік құндылығы.Стиль, Мазмұн жағынан
алғанда, осы шығармалар көркем сөздің Абайдың өзі тапқан бір түрі екендігі.
Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбіне адамшылық, мораль мәселелеріне
арналған өсиет, толғау тәрізді.
Абайдың қара сөздері-ежелгі грек ойшылдарының шәкірттеріне айтқан
әңгіме-сұхбат жанры дәстүріндегі шығармалар. Олардың тақырыптық-мазмұндық
ерекшеліктеріне қарай ажыратылатын түрлері: халық тарихы, елді басқару
мәселелері; еңбек, шаруашылық, тұрмыс туралы; оқу-ағарту, ғылым, өнер-
білім, халықтық тәлім-тәрбие; адамгершілік, мінез-құлық мәселелері туралы,
дін, имандылық, өмір сырлары туралы. Абай қарасөздерінің жанрлық түрлері,
тілі, стилі. Қарасөздердегі автор мен тыңдаушы сұхбатына тән стиль
ерекшеліктері. Абай қарасөздері-ұлттық сөз өнеріндегі публицистика, ғылыми-
философиялық мазмұнды прозалық шығармашылық дәстүрінің бастау негізі.

4. Абай поэмалары

Абай поэмалары-оқиғаларды суреттеу арқылы өсиеттік, ұстаздық ой
туғызатын шығармалар. Абай поэмалары-дәстүрлі нәзира үлгісіндегі
шығармалар. Масғұт поэмасында адамгершілік мәселесінің философиялық
тұрғыда көркем жырлануы. Қыдыр қарт ұсынатын жеміс (ақ-ақыл, сары-дәулет,
қызыл-әйелмен достық) және оның мәні.
Ескендір поэмасындағы ұлы Абайдың гуманистік ойлары. Поэмадағы адамның
көз сүйегіне Аристотельдің берген бағасы арқылы дидактикалық, философиялық
қорытынды жасау.
Әзім әңгімесі атты аяқталмаған поэмасының арқауы Мың бір түннің бір
тарауы Әлидің Әзімі екендігі. Поэманың опасыздықты (аяршал) танытушылық
қуаты.
Абай поэмаларының көркемдік қуаты, тілі, композициялық сюжеттік
құрылымы.

5. Абайдың ақындық мектебі

Абай Құнанбаевтың өмірі, шығармашылығы. Шығармашылық қалыптасуына
әсер еткен үш арна. Абайдың ақындық қуаты, тілі, көркемдік ерекшеліктері.
Ақындық мектеп. Абайдың шәкірттері. Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы.
Ақынның өнерлі достары. Көкбай Жанатайұлы. Әдеби мектептің үздік
суреткердің жаңашылдық дәстүрінің тікелей шығармашылық ықпал-әсерімен
қалыптасатындығы. Орыс әдебиетіндегі Гогольдің натуралдық мектебі,
Некрасовтың мектебі, қазақ әдебиетіндегі Абайдың ақындық мектебі.

6. Абай сөз өнерi туралы

Әдебиет-сөз өнері. Өмір мен өнер. Өнердің туу себептері. Абайдың
өлең, сөзге қатысты айтқан жырларының мазмұны, тілдік ерекшеліктері.
Абайдың өлең құрылысына енгізген жаңалықтары. Абайдың өлеңге қоятын
талаптары.
Абайтану ғылымының дамуы.

7. Абай – жаңа реализм әдiсiн дамытушы

Көркемдік әдіс туралы ұғым. Жазушылардың көркемдік әдісінде ортақ
белгі-сипаттар тақырып таңдау, белгілі жанрлық түрлерді қолдану, адамның
бейнесін суреттеу өзгешеліктерінен көрінеді. Көркемдік әдіс екеу: романтизм
мен реализм. Абай поэзиясында кең өріс алған көркем әдіс-реализм. Бұл әдіс
өмір шындығын терең ашуға мүмкіндік береді. Қазақ жазба әдебиетінде
реализмнің Абайдан бастап жандануы.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Әдебиетті оқытудың мақсат-міндеттері

Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты әдебиеттің сөз өнері әрі ғылым
ретіндегі ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның халқымыздың көркем тарихын,
өмір оқулығының дәрежесінде оқып-үйрету. Бұл пән сонымен бірге әдебиетті
өмірмен байланыстыра оқыту арқылы көркем шығармадан тәлім алуға,
шәкірттердің оқырмандық қызығушылығын қалыптастыруға жол сала отырып,
олардың әдеби қабілетін дамытуды көздейді.

Әдебиеттің оқу пәні ретіндегі сипаттамасы

Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылым пәні екендігі. Әлдебиет пәнінің
мектептер жүйесіндегі орны және өзіндік ерекшеліктері. Теориялық,
методологиялық негіздері. Философия, тарих, әдебиеттану, тіл білімі,
эстетика, педагогика, т.б. ғылым салаларының байланыстылығы.
Мұғалім және оның әдеби білім берудегі орны. Әдебиетші мұғалімнің кәсіби
шеберлігі мен адамдық, азаматтық тұлғасына қойылатын өлшемдер.
Әдебиетті ғылым әрі сөз өнері ретінде оқыту әдістемесінің дидактика,
әдебиеттану, тарих, музыка, бейнелеу өнері, т.б. салалармен сабақтастығы.
Педагогикалық психология мен оқыту әдістемесінің тоғысар тұстары.

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы

1917 жылға дейін қазақ жерінде үш түрлі мектептің (қадым, жәдит,
медреселік) өмір сүргендігі, өзіндік ерекшеліктері. Ы.Алтынсарин –ағартушы
ұстаз, оның ағартушылық көзқарасының қазақтың дәстүрлі мәдениетімен және
орыс педагогтарының (К.Д.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой) байланыстылығы.
Оқыту әдістемесіне қосқан жаңалықтары.
Қазақ ағартушы-демократтарының халық санасын оятуға қосқан үлесі.
Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуындағы үш кезек (1917-
1927, 1928-1938, 1939-1990 жж). Партия мен үкіметтің білім беру саласындағы
қаулы-қарарларының әдебиетті оқытуға ықпалдары.
Әр кездерде мектепке арналған әдебиет пәнінің оқулықтары мен
бағдарламаларының жасалуы.
Қазақтың ұлттық мектебі тұжырымдамасының дүниеге келуі. Оқытудың жаңа
технологиялары, олардың әдістемелік ізденістерді байытудағы орны, Ғылыми-
әдістемелік басылымдардың ролі.

Мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы

Әдебиеттің оқу пәні ретінде халықтың көркем тарихын оқып үйрену
арқылы оқушылардың рухани дамуын қалыптастырып, дамуын
көздейтіндігі.Әдебиет пәні бағдарламасының мемлекеттік құжат ретіндегі
қызметі. Бастауыш (І-ІҮ) базалық (Ү-ІХ) сыныптарда берілетін әдеби білім
көлемі, өтілу принциптері мен мақсты. Х-ХІ сыныптардағы тарихи-әдебиеттік
курстың ғылыми негіздері, әдістемелік құрылымы. Гуманитарлық және
жаратылыстану бағытындағы оқулықтардың ерекшеліктері мен оқыту принциптері.
Базалық білім беру және тарихи-әдеби куірстар негізінде дамыта оқыту
(сатылай, сұрыптай оқыту), көрнекілік, саналылық пен белсенділік, жүйелілік
пен бірізділік, т.б. принциптері. Ерекшеліктері.
Жоғары сыныптардағы (Х-ХІ) тарихи-әдеби курстың базалық білім (Ү-ІХ)
курсымен тығыз сабақтастығы. Әдебиеттің тарихи курсының кезең-кезеңмен,
белгілі бір хронологиялық жүйеде оқытылатындығы. Ақын-жазушының өмірі мен
шығармашылығы және нақты шығармасы идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне сай
сараланып, жан-жақты талданатындығы. Жоғары сыныптарда әдебиетті оқытуда
әдебиеттану ғылымының жетістіктерін пайдаланудың тиімді жақтары.

Әдебиетті оқытудың дәстүрлі әдістері

Әдебиетті оқытудың ғылым және сөз өнері ретіндегі жетекші
методологиялық принциптерге сүйенетіндігі. Содан туындайтын әдістемелік
принциптер. Әдебиетті оқыту процесі. Оқытуда әдістердің алатын орны мен
қызметі.
Оқытудың ауызекі әдістері: әңгіме, лекция, пікірлесу, т.б. Оқытудың
көрнекілік әдістері: иллюстрация, демонстрация. Оқытудың практикалық
әдістері: ауызша, жазбаша жаттығулар, тіл дамыту. Олардың оқушының әдеби
қабілетін дамытудағы орны. Мұғалімнің оқыту әдістерін таңдауына, оны
шығармашылықпен қолдана білуіне қойылатын талаптар.
Оқытудың шығармашылық, эвристикалық, зерттеуц, трепродуктивтік әдістері.
Ерекшеліктері.

Көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері

Сабақ және оның кезеңдері. Кіріспе сабақтар, ерекшеліктері. Сабақ
процесінде алатын орны. Оны ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Дұрыс
ұйымдастырылуы мен бөлінетін уақыт мөлшері. Кіріспе сабақтарда шығарманың
жанрына қатысты мәселелердің ескерілетіні. Жазушы өмірі мен
шығармашылығына, шолу тақырыптарды, монографиялық тақырыптарды өтуге
қатысты кіріспе сабақтар.
Көркем мәтінмен жұмыс кезеңі. Кіріспе бөліммен сабақтастығы. Орталау
сыныптарда мәнерлеп оқу, мазмұндау, салыстырмалы талдау жұмыстары. Жоғары
сыныптарда көркем шығарманы оқып-үйренудің жан-жақты талдау арқылы
меңгерілетіні. Талдау түрлері.
Қорытынды сабақтар, ерекшеліктері. Көркем шығарманы талдаудың шешуші кезеңі
екендігі. Бекіту сұрақтарының орны.
Жазушы өмірбаянын оқыту. Шолу тақырыптарды оқыту. Әдебиет теориясының
мәселелерін оқыту.

Әдебиет сабақтарында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын қолдану

Оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары туралы түсінік. Технология
ұғымы, оның педагогика мен әдістемедегі мәні. Жаңа педагогикалық
технологияларды пайдаланудағы мұғалімнің әдіскерлік шеберлігіні,
зерттеушілік мәдениетінің орны.
Жаңа педтехнологияның түрлері: Электронды оқыту, модульдық оқыту, деңгейлік
тапсырмалар жүйесі, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, т.б. олардың
ерекшеліктері мен тиімділігінің мысалдары.

Әдеби шығарманың идеясын ашу жолдары

Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы туралы түсінік. Шығарма идеясының
көркем шығарма арқылы автордың айтпақ болған ойы екендігі. Шығарма идеясы
туралы ұғым-түсінікті жақсы меңгерген оқушының кез келген шығарманың
идеясын өз бетінше анықтау алу керектігі.
Шығарма идеясы мен тақырыптың байланыстылығы. Шығарманың танымдық,
тәрбиелік мәні туралы. Шығарма идеясынан оқушыларға ой түйгізу. Көркем
шығарманың өмірмен байланыстылығы. Реалистік сипаты туралы.

Көркем шығарманы талдау жолдары

Көркем мәтінді талдауда қамтылуға тиісті негізгі мәселелер. Мәтінді
талдау мақсаты. Шығарма негізінде жатқан негізгі проблема, оның басты ойы,
тілі, көркемдік компоненттерді аша білу. Оқушылардың мәтінді талдау,
дағдыларын, іскерлік, машықтарын қалыптастыру жолдары.
Шығарманы мазмұндай, мазмұндау түрлері. Шығарманы идеялық, проблемалық
тұрғыдан талдау. Көркемдік компоненттеріне талдау. Стильдік-тілдік
талдаудың бастапқы дағдылары.

Эпикалық шығармаларды оқыту

Эпикалық шығармаларды оқытуды ұйымдастыру. Шағын, орташа, кең көлемді
эпикалық түрге жататын шығармаларды оқыту әдістемесіндегі өзгешеліктер.
Ү-ҮІІ, ҮІІІ-ІХ, Х-ХІ сыныптарда көркем шығарманы талдауға қойылатын
тталаптар. Проблемалық оқыту, оның эпикалық шығармаларды меңгерудегі
тиімділігі. Проблемалық сұрақтардың қызметі. Проблемалық ситуация тудырудың
әдіс-тәсілдері. Көркем шығарманың көркемдік құндылығы мен тәрбиелік
құнарының жан-жақты талдау арқылы ашылатыны.
Шығарманың сюжеттік-композициялық желісіне талдау жасау жолдары. Көркем
мәтінмен жүргізілетін ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарының түрлері.
Тіл дамыту жұмыстарының оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастырудағы
қызметі.
Эпикалық шығармаларды оқытудағы белгілі әдіскер мұғалімдердің кең тараған
әдістемелік тәжірибелері.

Лириканы оқыту
Лириканы мектепте оқытуға арналған әдіскер ғалымдардың еңбектеріне
шолу.
Лириканы оқыту әдістемесі шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына,
эстетикалық-көркемдік қуатына, сабақтың оқу-тәрбиелік міндетіне сай
белгіленетіндігі.
Ү-ҮІІ сыныпта лириканы оқыту әдебиеттік оқу сипатында ұйымдастырылатындығы.
Мәнерлеп оқу, лириканы оқйп-үйретудегі оның айрықша қызметі. Мәтінмен
жүргізілетін жұмыс түрлері.
ҮІІІ-ІХ сыныптардағы көркем оқу. Бұл сыныптарда оқушылардың қызығушылығын
лирикалық шығармалардың азаматтық үніндегі, әлеуметтік мазмұнындағы
астарларға, жеке сөз, сөз тіркесіндегі, тұтас сөйлемдердегі көркемдік
баяндауларды, эмоциялық реңктерді қабылдау қабілетін дамытуға
бағытталатындығы.
Х-ХІ сыныптардағы тарихи-әдеби курс табиғатына сай лириканы оқытудың
күрделене түсетіндігі. Лирикалық өлеңнің ақын шығармашылығымен тығыз
бірлікте әрі жан-жақты талданатындығы.

Драмалық шығармаларды оқыту

Драмалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктеріне тән заңдылықтарымен
таныстыру. Драмалық шығармалардың мәтінімен жүргізілетін жұмыс түрлері.
Драмалық шығармаларға тікелей қатысты акт, көрініс, шегініс, монолог,
диалог, ремарка, т.б. әдеби-теориялық ұғымдар қызметі.
Драмалық шығармалардың көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау жолдары.
Драмалық образ, оның көркемдік бітіміне тән ерекшеліктеріне назар аудару.
Пьесаны сахналық қойылымға айналдырудағы драматург, актер, суретшінің
еңбегі. Драмалық қойылымдағы декорация, музыкалық көркемдеу, т.б.
жұмыстардың мазмұнын күшейтудегі қызметі.

Көркем мәтінмен жұмыс түрлері

Көркем мәтінді меңгертуде мәнерлеп оқи білуге үйретудің маңызы.
Мазмұндау, оның түрлері. Мәтінді меңгертудің талдау-жинақтау арқылы
жүргізілетіндігі.
Көркем шығарманың сыныптар жүйесі бойынша белгіленген әдеби білім
көлеміне сай меңгертудің әдеби талдау арқылы жүзеге асатыны. Мектептік
талдаудың оқушының әдеби қабілетін дамытуға тигізетін ықпалы. Көркем
туындыны талдаудың педагогикалық принциптері.
Талдаудың әдебиетті оқытуда кеңінен қолданылып жүрген түрлері. Образ
бойынша талдау, оның өзіндік ерекшелігі. Тақырыптық талдаудың тиімді
жақтары. Проблемалық талдау. Проблемалық талдаудың оқушыны көркем туындының
ішкі әлеміне бойлатудағы ерекше қызметі. Тұтас талдаудың шығармадағы
авторлық позицияны көре білуге қолайлылығы. Талдау түрлерінің өзара
сабақтастығы.

Әдебиет сабағын үйымдастыру

Мектепте әдеби білім беру заңдылықтарын сақтаудың міндеттілігі (әдеби
білім тұжырымдамасы, бағдарлама, оқулық т.б.).
Әдебиет сабағы және оның мектептегі пәндер жүйесіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиет сабағында қолданылатын әдіс - тәсілдер жүйесімен танысу
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Әдебиетті оқыту әдістемесі пән ретіндегі мақсаты
Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ халқының көркем әрі шебер сөз туындысы
ОҚЫТУ ОРЫС ТІЛІНДЕГІ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ЖАҢАША ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Әдебиет сабақтарында дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың түрлері мен әдістемесі
Пәндер