Экология ( лекциялар )



ДӘРІС № 1. Экология ғылымының анықтамасы, оның қалыптасуы және дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ДӘРІС № 2. Организм және қоршаған орта ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ДӘРІС № 3. Аутэкология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ДӘРІС № 4. Демэкология.популяциялық экология ... ... ... ... ... ...
ДӘРІС № 5. Синэкология.қауымдастық экологиясы ... ... ... ... ... ..
ДӘРІС № 6. Биосфера туралы В. И. Вернадскийдің ілімі ... ... ... ...
ДӘРІС № 7. Тұрақты даму концепциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ДӘРІС № 8. Табиғи ресурстар және табиғатты қолдану . тұрақты дамудың бір аспектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ДӘРІС № 9. Табиғи ортаның ғаламдық экологиялық мәселелері.
ДӘРІС 10. Су және топырақ ластану мәселелері ... ... ... ... ... ... ... .
ДӘРІС № 11. Қазіргі кезеңнің әлеуметтік.экологиялық мәселелер және тұрақты даму ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ДӘРІС № 12. Энергетикалық кризис және оны шешу жолдары ...
ДӘРІС 13. Табиғатты қорғау және тұрақты даму ... ... ... ... ... ... ...
ДӘРІС 14. Қазақстанның өзекті экологиялық мәселелері және тұрақты даму ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ДӘРІС № 15. Қазақстанның табиғи ортасының тұрақсыздану үрдістері. Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін іс.шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Жоспары:
1. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы.
2. Экологияның қалыптасуы және дамуының қысқаша тарихы.
3. Экологиялық көзқарастардың пайда болуы.
4. Экология бөлімдері.
5. Экологиялық зерттеу әдістері.
Дәріс мақсаты: Студенттерді экологияның даму тарихымен таныстыру, ғылымның қысқаша сипаттамасын беру, эколгогия пәнімен, оның міндеттерімен, мазмұнымен және негізгі әдістерімен таныстыру.
Дәріс ұзақтығы: 1 сағат
1. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы. Организмдердің бір түрге және әр түрге жататын топтары белгілі бір жерде қоныстанып өмір сүреді, сол ортада табиғи ортамен және өзара байланыс жасайды. Қоршаған табиғи ортаға адамдар, жануарлар, өсімдіктер басқа да тірі организмдер өзара ынтымақтастық немесе қастастық әрекеттері, олардың өмір сүретін ортасы кіреді.
Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз байланысқан біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді.
Қоршаған ортада өмір сүретін организмдерді зерттетін, олардың басқа организмдермен және қоршаған ортамен ара қатынастарын анықтап, ортаның физика-химиялық ерекшеліктерін қарастырып, қоршаған ортада өмір сүретін ағзаларды зерттейтін және ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласын экология дейміз. Сондықтан «экология» қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады.
Ол гректің “oicos”-“үй, тұрақ ететін орта, мекенжай” деген мағынаны білдіреді. Ең алғаш «экология» деген сөзді 1858 жылы пайдаланған Генрих Девид Торо. Экология терминін ғылымға бірінші болып енгізген 1866 ж. белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Эрнест Геккель.
Экология ғылымына берілген анықтамалар көп. Э.Геккель экологияға мынадай анықтама берді. Экология табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі организмдердің осы ортада басқа органикалық және органикалық емес заттардың ара қатынасын, өсімдіктер мен жануарлардың, олардың достық немесе қастық өзара байланыстарын зерттеу. Ол қоғам өмір сүруінің маңызды жағдайы ретінде табиғат экономикасын зертейді, сөйтіп ол тек биологиялық қана емес, сонымен бірге экономикалық факторларды да қарастырады.
Экология организмдер мен ортаның өзара байланыстары және өзар әсерлесуі туралы ғылым ретінде биологиялық білімдер дамуының белгілі кезеңінде пайда болды.
Экология біздің «табиғи үйімізді» зерттейді және сонда тұратын барлық ағзаларды және өмір сүру үшін қажетті сол «үйдің» барлық болып жатқан функционалдық процестерін қамтиды. Басқаша айтқанда, экология – ағзалар мен оларды қоршаған ортаның арасындағы байланыстары туралы ғылым.
Сонымен экология пәнінің арнайы мақсаты мен міндеттері бар.
Экология ғылымының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі ғаламдық мәселелерді бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын немесе тепе-теңдігін сақтау.
Экология ғылымының негізгі міндеттері:
- организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасын зерттеу;
- табиғи ресурстарды, оларды тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздерін жасау;
- адам, қоғам, табиғат арасындағы үйлесімдік байланыстарды реттеу;
- биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру;
- биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық ноосфералық деңгейге көтеру;
- көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық санасын, мәдениетін қалыптастыру;
- экологиялық қауіпсіздікті сақтау.
2. Экологияның қалыптасуы және дамуының қысқаша тарихы.
Пайдаланған әдебиет:
1. Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003
2. Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002
3. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.
4. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
5. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
6. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.
7. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
8. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.
9. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.
10. Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева

БЕЙСЕНОВА Р.Р.

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ПӘНІНЕН ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

АСТАНА - 2010

ББК 28.080я73

Бейсенова Р.Р. Экология және тұрақты даму пәнінен лекциялар жинағы:
Экология және тұрақты даму пәнін оқитын барлық университеттердің
факультеттерінің сттуденттеріне арналған оқу құралы. – баспасында
басылып шыққан, 2010 – 151 бет.

ISBN

Оқу құралында Экология және тұрақты даму курсының негізгі түсініктері,
қағидалары, экологияның заңдары, әртүрлі тіршілік орталарында мекен ететін
ағзалар топтарының сипаттамалары берілген. Сондай-ақ қоршаған табиғи ортаны
қорғау, табиғи қорларды сақтау және тиімді пайдалану, табиғи ортаның
ластануы жайлы түсініктер берілген. Қазіргі кездегі Қазақстан
Республикасының экологиялық жағдайы мен оны шешу жолдары, тұрақты даму
концепциясының негізгі қағидалары берілген.
ББК 28.080я73

Сыртқы пікір: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің
ботаника кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к. Погосян Г.П.

Ішкі пікір: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қоршаған
ортаны қорғау және инжиниринг кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор
Хантурин М.Р.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыи әдістемелік
кеңесінде талданып, бекітілген.

Баспаға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кеңесі
шешімімен жіберілген. Хаттама №

ISBN

Мазмұны:

ДӘРІС № 1. Экология ғылымының анықтамасы, оның қалыптасуы және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 4
... ... ...
ДӘРІС № 2. Организм және қоршаған 14
орта ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
ДӘРІС № 3. 23
Аутэкология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
ДӘРІС № 4. Демэкология-популяциялық 33
экология ... ... ... ... ... ...
ДӘРІС № 5. Синэкология-қауымдастық 37
экологиясы ... ... ... ... ... ..
ДӘРІС № 6. Биосфера туралы В. И. Вернадскийдің 47
ілімі ... ... ... ...
ДӘРІС № 7. Тұрақты даму 56
концепциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ДӘРІС № 8. Табиғи ресурстар және табиғатты қолдану – тұрақты
дамудың бір 76
аспектісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ..
ДӘРІС № 9. Табиғи ортаның ғаламдық экологиялық мәселелері. 89
ДӘРІС 10. Су және топырақ ластану 95
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... .
ДӘРІС № 11. Қазіргі кезеңнің әлеуметтік-экологиялық мәселелер
және тұрақты 100
даму ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
..
ДӘРІС № 12. Энергетикалық кризис және оны шешу жолдары ... 104
ДӘРІС 13. Табиғатты қорғау және тұрақты 111
даму ... ... ... ... ... ... ...
ДӘРІС 14. Қазақстанның өзекті экологиялық мәселелері және
тұрақты 127
даму ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..
ДӘРІС № 15. Қазақстанның табиғи ортасының тұрақсыздану
үрдістері. Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін
іс-шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 139
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
ДӘРІС № 1

Тақырып: Экология ғылымының анықтамасы, оның қалыптасуы және дамуы
Жоспары:
1. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы.
2. Экологияның қалыптасуы және дамуының қысқаша тарихы.
3. Экологиялық көзқарастардың пайда болуы.
4. Экология бөлімдері.
5. Экологиялық зерттеу әдістері.

Дәріс мақсаты: Студенттерді экологияның даму тарихымен таныстыру,
ғылымның қысқаша сипаттамасын беру, эколгогия пәнімен, оның міндеттерімен,
мазмұнымен және негізгі әдістерімен таныстыру.

Дәріс ұзақтығы: 1 сағат
1. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы. Организмдердің бір түрге және әр
түрге жататын топтары белгілі бір жерде қоныстанып өмір сүреді, сол
ортада табиғи ортамен және өзара байланыс жасайды. Қоршаған табиғи
ортаға адамдар, жануарлар, өсімдіктер басқа да тірі организмдер өзара
ынтымақтастық немесе қастастық әрекеттері, олардың өмір сүретін ортасы
кіреді.
Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз
байланысқан біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен
өзгерістер осында өтеді.
Қоршаған ортада өмір сүретін организмдерді зерттетін, олардың басқа
организмдермен және қоршаған ортамен ара қатынастарын анықтап, ортаның
физика-химиялық ерекшеліктерін қарастырып, қоршаған ортада өмір сүретін
ағзаларды зерттейтін және ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласын
экология дейміз. Сондықтан экология қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми
негізі болып саналады.
Ол гректің “oicos”-“үй, тұрақ ететін орта, мекенжай” деген мағынаны
білдіреді. Ең алғаш экология деген сөзді 1858 жылы пайдаланған Генрих
Девид Торо. Экология терминін ғылымға бірінші болып енгізген 1866 ж.
белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Эрнест
Геккель.
Экология ғылымына берілген анықтамалар көп. Э.Геккель экологияға
мынадай анықтама берді. Экология табиғаттың экономикасын білу, сонымен
қатар тірі организмдердің осы ортада басқа органикалық және органикалық
емес заттардың ара қатынасын, өсімдіктер мен жануарлардың, олардың достық
немесе қастық өзара байланыстарын зерттеу. Ол қоғам өмір сүруінің маңызды
жағдайы ретінде табиғат экономикасын зертейді, сөйтіп ол тек биологиялық
қана емес, сонымен бірге экономикалық факторларды да қарастырады.
Экология организмдер мен ортаның өзара байланыстары және өзар
әсерлесуі туралы ғылым ретінде биологиялық білімдер дамуының белгілі
кезеңінде пайда болды.
Экология біздің табиғи үйімізді зерттейді және сонда тұратын барлық
ағзаларды және өмір сүру үшін қажетті сол үйдің барлық болып жатқан
функционалдық процестерін қамтиды. Басқаша айтқанда, экология – ағзалар
мен оларды қоршаған ортаның арасындағы байланыстары туралы ғылым.
Сонымен экология пәнінің арнайы мақсаты мен міндеттері бар.
Экология ғылымының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі ғаламдық
мәселелерді бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын немесе тепе-
теңдігін сақтау.
Экология ғылымының негізгі міндеттері:
- организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи
ортасын зерттеу;
- табиғи ресурстарды, оларды тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-
теориялық негіздерін жасау;
- адам, қоғам, табиғат арасындағы үйлесімдік байланыстарды реттеу;
- биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды
қамтамасыздандыру;
- биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық ноосфералық деңгейге
көтеру;
- көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық
санасын, мәдениетін қалыптастыру;
- экологиялық қауіпсіздікті сақтау.
2. Экологияның қалыптасуы және дамуының қысқаша тарихы.
Экологияның даму ағымы өте ерте кезеңді қамтиды. Организмдердің
ортамен байланыстары және олардың қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі
туралы пікірлер антикалық философтардың еңбектерінде кездеседі. Мысалы
Аристотель (б.э.д. 384-322ж.ж), Эмпедокл (б.э.д.IVғ.), Теофраст (б.з.д. 371-
280ж.ж.) пен Үлкен Плиний (б.э.д. 23-79), Роберт Бойль (1627-1691),
К.Линней (1707-1778), Ж.Бюффон (1707-1788) еңбектерінде экологиялық
көзқарастар сипатталған.
Өз уақытында Александр Гумбольдтың (1769-1859) еңбектері елеулі болды.
Ол Оңтүстік және Солтүстік Американы, Орталық Европаны, Сібір, Алтай, Қытай
жерлерін зерттеп, Өсімдіктер географиясын жасады. Ол оны жер бетіндегі
өсімдіктердің таралу заңдылықтары туралы ерекше ғылым ретінде қарастырып,
өсімдіктер тіршілігін зерттеуде өсімдіктер географиясында экологиялық
бағыттың негізін салды.
XIXғ. соңында Ч.Дарвиннің ілімі негізінде экология – организмдердің
адаптациясы туралы ғылымға айналған. Жоғарыда айтылған Дарвиннің анықтамасы
бойынша, экология- тіршілік үшін күресті туындатушы жағдайлар ретінде,
табиғаттағы барлық күрделі қарым- қатынастарды зерттейтін ғылым дейді. XXғ.
60-жылдарының басында, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық
елдерде экологиялық зерттеулердің жылдам өсуімен сипатталады.
XXғ. 60-жылдарынан бастап экология дамуында жаңа кезең басталды, ол
барлық елдерде экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталды. Ұдайы
болатын экологиялық мәселелер ақпараттар санының өсуіне әкеледі. Мысалы,
қоршаған ортаның өзгеруі туралы, өсімдіктерді қорғау туралы және т.б.
фактілер саны көбейе түсті.
Қазіргі кездегі экология адамзат мүддесін ескере отырып, биосфераны
ғылыми түрде негіздеуге ұмтылады. Экология ойлаудың ерекше типін
қалыптастырады, ол табиғатты оңтайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды
қалпына келтіруге, қорғауға және молайтуға бағытталған. Жиырмасыншы жүз
жылдықтың екінші жартысында қазіргі ғылымның экологизациялануы жүрді. Бұл
экологиялық білімнің ролі зор екенін мойындатумен байланысты, яғни қоршаған
ортаға адам әрекеті, тек қана зиян келтірмей, оған жағымсыз әсер етуімен,
адам өмірінің жағдайын өзгерте, адамзаттың тіршілігіне қатер төндіреді.
Сондықтан қоршаған ортаға адамның әсері қалай болатынын түсіну, жағдайдың
өзгеру шегін табу, экологиялық дағдарысты жіберуге мұрша бермеу қажет.
Сонымен табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану үшін экология теориялық негіз
болып табылады.
Экологияның қысқаша даму тарихында бірнеше негізгі кезеңдерді бөлуге
болады.
1 кезең - экологияны әртүрлі организдердің бір – бірімен және қоршаған
ортамен байланыстарын биологиялық зерттеу кезеңі. Бұл кезең -
биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Мәселен, К. Линей
(1707 – 1788), Ж. Ламарк ( 1744 – 1788), А. Декандоль (1806 – 1893), П. С.
Паллас (1741 – 1811), И. И. Лепехин (1740 – 1802), А. Гумбольд (1769 –
1859), К. Ф. Рулье (1814 – 1858), Н. А. Северцов (1827 -1885), Н. А.
Бекетов (1823- 1902), Ч. Дарвин (1809 – 1882), К. Мебиус (1825 – 1908), Э.
Геккель (1834 – 1919), Е. Варминг (1841 -1924), В. В. Докучаев (1846 –
1903), т.б. табиғат зерттеуші биологтар, систематиктер, географтар
өздерінің еңбектерінде экологиялық сипаттағы ғылыми – зерттеулер жүргізіп,
экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Осы тұстардағы жарық көрген
Ж.Б.Ламарктың “Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы”, А. Декандольдың
“Ботаникалық география”, К.Ф.Рульенің “Жануарлар экологиясы”,
А.Н.Бекетовтың “Өсімдіктер географиясы”, Ч.Дарвиннің “Түрлердің шығу тегі”,
В.Докучаевтың “Ландшафтар мен табиғат зоналары туралы ілімі”, т.б. еңбектер
экология ғалымының негізін қалаған еді.
2 кезең –20 жылдардың ортасына қарай ”Экология” термині организмдер
бірлестігін зеттеуге қолдана бастаған кезең. Бұл - экология ғылымының жеке
ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э.Геккель, Е.Варминг,
К.Мебиус, т.б. шетелдік табиғат зерттеушілерімен қатар орыс ғалымдарының
есімдерімен байланысты. Атап айтқанда Мәскеу университетінің ғалымдары
Н.А.Северцов, М.А.Мензбир, Б.М.Житков, Д.Н.Қашқаров, Н.П.Наумов,
А.Н.Формозов, Н.И.Калабухов, т.б. жан – жақты экологиялық зертеулерді
жүргізсе, сол сияқты Қазан университетінде Н.Ф.Леваковский,
С.И.Коржинский, А.Я.Гордягин, Г.И.Панфильев, П.Н.Крылов, т.б. өсімдіктер
экологиясын зерттеп дамыта түсті. Отандық ғалымдарының еңбектерімен қатар
шетелдік экологтар А. Пирсанның “ Жануарлар эколгиясы ” (1934), Шелфорд пен
Ф. Клементтің “ Биология ” (1939) еңбектері жарық көрді.
3 кезең – 50 жылдардағы ғылымға ғылыми зерттеулердің негізгі бірлігі
ретінде қарастырылатын”биоценоз” және “экожүйе” түсініктері енгізілген
кезең. Экология ғылымы жіктеле бастады. Әсіресе, осы кездердегі
Г.Ф.Морозовтың “Орман және бірлестіктер”, “Жануарлар экологиясының
негіздері ”, ағылшын А.Тенслидің “Экожүйелер туралы ілімі”, орыс ботанигі
В.Н.Сукачевтың “Биоценоз”, В.И.Вернадскийдің “Биосфера туралы ілімі”, т.б.
ғалымдарының еңбектері. Оны біз су организмдерінің экологиясы
(Л.А.Зенкеевич, Г.Г.Винберг, Г.В.Никольский, Б.Г.Ноганзиян), топырақтағы
организмдер экологиясы (М.С.Гиляров), насекомдар экологиясы
паразитологиялық экология негізін салушылар сүтқоректі, құс және бауырымен
жорғалаушылар экологиясы, өсімдіктер экологиясы деп танимыз. Осы тұстарда
жоғарыдағы ғалымдардың экология ғылымының әр түрлі салалары бойынша
теориялық фундаментальды ғылыми еңбектері жарық көрді. Мәселен, А. П.
Шенниковтың “ Өсімдіктер экологиясы” (1950), Б. Г. Иогансеннің “ Экология
енгіздері” (1959), Н. П. Наумовтың “ Жануарлар экологиясы ” (1963), т.б.
еңбектер қазірге дейін маңызын жойған жоқ.
4 кезең – 70 жылдардағы әртүрлі экожүйелер түйісінде болатын облыстар
аймақ болып саналатын, ал маңызды экожүйе – биосфераның жете зерттелген
кезеңі. Экология ғылымының салалары бойынша көп жылғы ғылыми – зерттеу
жұмыстарының негізінде монографиялар, оқу құралдары, анықтамалар жарық көре
бастады. Ю. Одумның “Экология және экология негіздері” (1975,1986), Р.
Риклефстің т.б. еңбектері соңғы жылдары жарық көрген құнды еңбектер
қатарына жатады.
Осы орайда, Белоруссия ғалымдарының еңбектері ерекше аталуы тиіс. Атап
айтқанда, ғалымдар: В. А. Плющевский – Плющик, П. Ф. Соловьев, А. И.
Радкевич, С. В. Шостик, И. К. Лопатин, Л. С. Долбин, В. В. Адамов, Б. И.
Якушев, Г. А. Новиков, Г. Г. Винберг, Л. М. Сушени, т.б. өз кезегінде
экология ғылымын дамытуда шоқтығы биік тұрды.
5 кезең – биосфераның құрылуындағы адамның ерекше ролі және оның жауап
кемшілігі көрінетін соңғы кезең. Бұл - экология ғылымының өрлеу кезеңі.
Қазіргі заманғы экология бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік,
экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр.
Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары
дами түсуде. Экологияның жаңа салалары бойынша теориялық және пратикалық
зерттеулер жүргізілуде.
Соңғы жылдары экология ғылымының негізгі салаларының бірі –
экологиялық педагогика (көпшілікке эколгиялық білім мен тәрбие беру) адам
экологиясы және халықтық экология “ этноэкология ”бағыттары дами түсуде.
Бұл – бүгінгі өмір талабы. Өйткені биосферадағы тіршіліктің тұрақты
сақталуы – адамның ақыл ойына тікелей тәуелді екендігі анықтала түскен
кез уды. Сондықтан 21 ғасыр адамзаттың ақыл - ойы кемелденген -
нооэкология кезеңі болмақ, өйткені, жер шарының бүгінгі тағдыры мен
болашағы адам баласының ақыл – ойының деңгейіне тікелей қатысты.
3. Экология бөлімдері.
Экология зерттеу объектілерінің көлемі бойынша келесі негізгі
бағыттарды зерттейді.
1.Аутэкология – даралар немесе особьтар экологиясы.
Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара
қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда, осы организмге қоршаған орта
факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын
зерттейді. Одан әрі зерттеулер тереңдетіліп, биохимиялық, биофизикалық,
генетикалық сипат алады. Нәтижесінде жеке организмнің биоэкологиялық
қасиеттері арқылы жалпы түрге, оның табиғатта алатын орнына, ролі мен
маңызына, айнала қоршаған ортаның өзгерісі, тазалығы, ластану деңгейі,
маусымдық өзгеруі мен адамның іс - әрекеті туралы практикалық маңызына жан
– жақты сипаттама беріледі.
2. Демэкология - популяциялық экология.
Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ уақыт тіршілік етіп,
еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы.
Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайларын, құрылымы мен
динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың
себептерін зерттейді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрып тіршілік
ету ерекшіліктері, биоэкологиялық құрылымы (жас, жыныс, көбею, өлу,
табиғаттағы санының, тығыздығы, таралуы, т.б.) табиғаттағы сан мөлшерінің
реттелуі мен ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы мәліметтер қарастырылады.
3.Эйдэокология – түр мен оның популияцияларын органикалық дүние
дамуының жоғары деңгейі тұрғысында қарастырады. Өйткені, особь, популяция
белгілі бір нақты түрдің өкілдері. Сондықтан эйдэоколгия, особь,
популияция, түр, биоценоз – биогеоценоз (экожүйе) – биосфера деңгейіндегі
қарым - қатынастар жүйесі бойынша зерттеулер жүргізеді.
4. Синэкология – қауымдастық немесе бірлестік экологиясы.
Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін, әртүрлі түрлерден
құралған, тірі организмдер жиынтығы.
Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын, өзара және қоршаған
ортамен қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын
салумен айналысады, сондықтан оны биогеоценологиялық экология деп те
атайды. Организмдер бірлестіктерінің қалыптасуы, құрылымы, динамикасы,
қарым - қатынастар, энергия және зат алмасу, сандық және сапалық
өзгерістер, биоэкологиялық өнімділік пен бірлестіктердің тұрақтылығы туралы
жан – жақты мәселелер қарастырылады.
Қазіргі уақытта экология ғылымының көптеген бағыттары бар:
1.Классикалық экология- биологиялық жүйелердің қоршаған ортамен
байланыстарын зерттейді.
2. Ғаламдық экология- биосфераның бірлігін және тұтастығын зерттейді.
Табиғат және табиғи іс - әрекетінен туындайтын биосфера шегіндегі, тіптен
күн жүйесіндегі әлемдік өзгерістер мен құбылыстарды зерттейді. Мәселен,
ядролық қауіп - қатер, экологиялық апаттар, әлемнің климаттық ауытқуы,
жаппай қырып жоятын қарулар, қатерлі эпидемиялар, т.б. Осы бағыттағы ірі-
ірі бүкіл әлемді (ғаламды) қамтитын проблемаларды қарастырады.
3.Қоғамдық экология – қоғам мен қоршаған орта жүйесіндегі байланыс пен
тәуелділікті қарастырады.
4.Геоэкология - әртүрлі деңгейдегі геожүйелерді және оларға
антропогенді өзгерістер әсерін зерттейді. Бұл бағыт экологиялық жүйелерді
биосфералық деңгейде қарастырады. Құрлық пен дүниежүзілік мұхиттардағы
экожүйелер, ондағы қарым - қатынастар пен байланыстар, географиялық
ландшафтар бойынша экожүйелердің құрылымы, бірлестіктер тұрақтылығы,
кеңістік пен уақытқа қатысты өзгеруі, экожүйенің өнімділігі, агро және
антропогендік экожүйелер, олардың практикалық маңызы туралы зерттеулер
жиынтығы.
5.Адам экологиясы – адамның табиғи мәнін, оның тіршілік ортасының
денсаулығының экологиялық факторларын зерттейді. Ауыл, село, қала
тұрғындары мен дүниежүзі халықтарының сандық және халықаралық қатынастарды
үйлестіру, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру,
экологиялық мәдениет, этика, моральдық жағынан парасаттандыру, адамдардың
эколгиялық құқын қорғау және этноэкологиялық қауіпсіздігін сақтауды
қамтамасыз ету жолдарын іздестіреді.
6.Қолданбалы экология – агрожүйе байланыстарын, қала экожүйесін,
техносфераның қоршаған ортамен байланысын зерттейді.
7.Экологиялық мониторинг – бұл қоршаған орта жағдайын болжау, бағалау,
талдау мен бақылау жүйесі.
8. Нооэкология – адам, табиғат, қоғам арасындағы адами, әлеуметтік,
экономикалық және экологиялық жағдайларды, қарым - қатынастарды бір–бірімен
үйлестіре зерттей отырып, одан туындайтын проблемаларды адамның парасатты
ақыл – ойымен шешуді қамтамасыз етеді. Табиғат ресурстарын тиімді
пайдаланудың ең жоғарғы дәрежедегі жаңа технологиясын жасау, планетада
адамзат қауымын азық - түлік, энергия және шикізатпен қамтамасыз ету,
халықтар мен ұлттар арасындағы достықты, ауызбірлікті қалыптастыру,
этноэкология, экололгиялық білім мен тәрбие, мәдениет, мораль, құқық, т.б.
Адам мен биосфера шегіндегі тұрақты дамудың адами жоспарларын жасап, оны
жүзеге асырудың жолдарын іздестіреді.
Қазіргі кезде экологиядан көптеген пәндер қатары бөлінеді. Олар:
популяциялық экология, географиялық экология, химиялық экология, өндірістік
экология, өсімдік, жануар және адам экологиясы. Бұндай бағыттардың
көптігіне қарамастан, олардың даралығының негізінде тірі организмдердің
қоршаған ортамен арасындағы байланыс туралы биологиялық идеялар жатады.
Сондықтан қазіргі экология – жан-жақты, күшті дамыған, біздің планетадағы
барлық тұрғындар үшін практикалық маңызы үлкен, комплексті ғылым. Уақыт
өте келе экологиялық заңдылықтар организмнің жиынтығы популяцияларға,
бірлестіктерге экожүйелерге ақырында бүкіл тірі табиғатқа байланысты
қолданыла бастады. Өткен ғасырдың 60 – 70 жылдарға дейін экология биология
шегінде дамыды. Адам бұл жүйеде қарастырылмады, себебі оның қоршаған
ортамен өзара қарым-қатынасы биологиялық емес әлеуметтік заңдылыққа
бағынады. Шындығында адамның биосфера орынын екі жақта қарастыруға болады.
Бірінші жағынан ол биологиялық түр ретінде планетаның экоқұрам бөлігі
ретінде болады. Екінші жағынан биологиялық емес әлеуметтік мәдени
қажеттіліктермен даму механизмі тән.
Экология ғылымы – келешектің ғылымы және адамзаттың пайда болуы осы
ғылымның прогресіне тәуелді болуы мүмкін.
4. Экологиялық зерттеу әдістері.
Экологиялық ғылымның далалық, лабораториялық және эксперименттік
зерттеу әдістері бар.
Далалық зерттеу әдісі – далалық жағдайда жүргізіледі. Зерттеу
обьектілері – особь, популяция, түр және олардың табиғи бірлестіктері
(биоценоз, биогеоценоз, экожүйе), т.б. болуы мүмкін. Далалық зертеулер
белгілі бір түр, популяция, биоценоз, экожүйе, өзен-көлдер, т.б.
обьектілердің жағдайы, сандық қатынасы немесе сапасы, ауытқулар мен
өзгерістер, абиотикалық, биотикалық, антропогендік факторлардың әсері,
уақыт пен кеңістікке қатысты олардың көбеюі, құрып кетуі, апаттардың болу
себептері туралы жалпы мағлұматтар мен материалдар жинақталады.
Материалдарды жинақтау жылдың барлық мезгілінде және бірнеше жылдар бойы
жүргізіледі.
Лабораториялық зерттеу әдісінде – далалық материалдар лабораториялық
жағдайда өңделеді. Дүниежүзілік стандартқа сай лабораториялар қазіргі
заманғы – климекамералар, видеоаппаратуралар, оптикалық құралдар,
аналитикалық таразылар, топографиялық құралдар, термостаттар, хромотограф,
электронды микроскоптар, компьютерлік т.б. керекті құралдармен жабдықталуы
тиіс.
Зерттеу обьектілері лабораториялық жағдайда эксперимент арқылы
тексеріліп, бақылаулар, тәжірибелер жүргізіледі. Тірі табиғатта болып
жатқан алуан түрлі процесті оқуда, эксперименталдық әдістер үлкен көмек
көрсетеді. Лабораториялық тәжірибеде организмдерге әр түрлі жағдайда әсерін
зерттейді, олардың берілген әсерін түсіндіреді. Табиғатта болып жатқан
құбылысты тереңірек талқылауға болады, организмдердің жасанды жағдайда өмір
сүру ортасымен қатынасын зерттеу. Бірақ экология лабораториялық ғылым болып
табылмайды. Табиғатта тірі организмнің ортамен өзара байланысын толық
зерттелетіні анық. Бірақ бұл оңай емес, әсіресе қарапайым ортаның өзін
есепке алғанда қиын. Сондықтан экологияда табиғи бақылау және
эксперименттер ең маңызды орын алады. Сонымен қатар экологтардың
эксперименталдық тексеруінің мүмкінсіздігі байқалған фактілерді матеметика
тіліне аударуға әкеледі. Осы құбылыстың табиғатын терең түсіну үшін,
математикалық анализ (моделдеу) организдер мен ортаның қатынасының
жиынтығын барлығынан бөліп көрсетеді. Әрине, яғни математикалық модель
табиғаттағы құбылысты шамамен елестетінін ұмытуға болмайды.
Экологияда математикалық әдістер мен модельдеу жиі қолданылады. Соңғы
жылдары биоэкологиялық зерттеулер мен құбылыстарды модельдеу, биоиндикация,
экологиялық мониторинг қолданылып жүр.
5. Тұрақты даму туралы түсінік.
Тұрақты даму термині 1987 жылы БҰҰ үшін жасалған баяндамадан кейін
кең таралды. Тұрақты даму дегеніміз – қазіргі уақыттың мұқтаждығын
қанағаттандыратын, бірақ келешек ұрпақтың мұқтаждығын қанағаттандыруды
қауіпке қоймайтын табиғат пен қоғамның бірігіп даму түрі.
1992 жылы 3-14 маусым аралығында Рио-де-Жанейродағы өткізілген БҰҰ
Конференциясында Тұрақты даму Концепциясы қабылданды. Бұл Концепцияның
негізгі тұжырымы – табиғат-қоғам жүйесін коэволюция принципінде дамыту.
Адам қамын ойлау орнықты даму үшін – ол қарастырылатын талап-мүдделердің
өзегі болмақ. Ол табиғатпен үйлесімдік тауып, салауатты және баянды өмір
сүруге құқықты.
Сонымен, тұрақты даму Концепциясында қоғам ұзақ әлеуметтік сенімді
экономикалық дамуында қоршаған табиғи ортамен үйлесімді өзара қарым-қатынас
жағдайында болуы қажет.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Экологияның ғылым ретінде анықтамасын беріңіз.
2. Экологияның міндеттері мен зерттеу әдістерін атаңыз.
3. Экология білімінің қалыптасуы мен даму сатыларын анықтаңыз.
4. Әртүрлі критерийлерге сәйкес экологияның бөлімдерін көрсетіңіз.
5. Экология мен басқа іргелі пәндер арасындағы қатынасты көрсетіңіз.
6. Тіршілік деңгейлерін көрсете отырып сызба жасаңыз.
Әдебиет
1. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы.
Алматы, 2004.
2. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
3. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
4. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы.
Алматы,Ғылым, 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.
5. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы,
Қайнар, 1990.
6. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ
географиясы мен экологиясы. Алматы, қазақ университеті, 2000.
7. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, Ана
тілі, 1991.
8. Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

ДӘРІС № 2
Тақырып: Организм және қоршаған орта
Жоспары:
1. Тірі жүйелер ұйымдасуының сатылама деңгейлері.
2. Биосфера эволюциясы.
3. Организмдердің негізгі тіршілік орталары:
а) су тіршілік ортасы;
ә) құрлық -ауа тіршілік ортасы;
б) топырақ тіршілік ортасы;
в) тірі ағзалық тіршілік ортасы;
4. Биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм.

Дәріс мақсаты: Студенттерді тіршіліктің пайда болу теорияларымен және
негізгі тіршілік орталарымен таныстыру.

Дәріс ұзақтығы: 1 сағат

1. Тірі жүйелер ұйымдасуының сатылама деңгейлері. Тірі материяның
ұйымдастырылуына келесі деңгейлер жатады: Молекулалық → Жасушалық деңгей →
Ұлпалар мен мүшелер деңгейі → Ағзалық (Особь) деңгей → Популяциялық
(түрлік) деңгей → Биоценоздық деңгей → Биогеоценоздық деңгей → Экожүйелік
деңгей → Биосфералық деңгей.
Планетамызда 2 млн. астам тірі организмдердің түрі тіршілік етеді.
Фауна мен флора жер бетінде біркелкі таралмаған. Климаттық жағдайларға
байланысты арнайы өсімдіктер қауымдастығы қалыптасады - тропикалық жауынды
орман, таулы орман, тундра, тайга, саванна немесе шөлдала. Мұндай өсімдік
қауымдастықтарында тек осындай жағдайларға бейімделген жануарлар түрі
тіршілік етеді.
Биогеографиялық облыстар:
1. Голарктикалық – Солтүстік Америка (Гренландиясыз), Евразия
(Индиясыз), Исландия, Корея, Жапония, Солт. Африка)
2. Палеотропикалық – Оңтүстік Африка, Мадагаскар, Индия және Индо-
Китай)
3. Австралиялық (Австралия, Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия, Океания)
4. Неотропикалық (Оңт. және Орт. Америка)
5. Антарктикалық (Антарктика)
Биогеографиялық облыстардың геологиялық тарихы.
1. Палеозой эрасында - біріккен суперматерик (Пангей)
2. Мезозой эрасы, триас кезеңінде 2 бөлімге бөлінді:
Солтүстік бөлімі (Лавразия): Солтүстік Америка, Европа мен Азия;
Оңтүстік бөлімі (Гондвана): Оңтүстік Америка, Африка, Антарктида,
Австралия, Индия.
3. Кайназой эрасында- солт.суперконтинент → Евразия

→ Солтүстік Америка
2. Биосфера эволюциясы.
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы бірнеше теориялар арқылы
түсіндіріледі. Соның ішінде ең маңыздылары:
1. Абиогеноз теориясы (тірінің өліден пайда болуы)
2. Биогеноз теориясы (тіріден тірінің пайда болуы)
А.И.Опарин 1924ж. Химиялық эволюция концепциясын” жасаған. Осы
коацерваттық теория бойынша химиялық эволюция биологиялық эволюцияға
ауысады, кейін ерекше жүйе пайда болуы (қоршаған сыртқы ортамен өзара
әрекеттесуге қабілетті) ( протобионттар эволюциясы жүреді.
Протополимер-катализдік белсенділігі бар ақуыз.
Тіршілік - зат алмасу және көбею сияқты ерекше қасиеттермен
сипатталады.
Жер жасы-5-6 млрд. жыл, күн жүйесінің жасы 10 млрд. жыл. Жердегі
тіршілік дегеніміз негізінен нуклеин қышқылдары мен ақуыздың өзара
әрекеттесу функциясы болып табылады.
Нуклеин қышқылы-нуклеотид полимерлері болып табылады, ал ол өз
кезегінде азоттық негізден, центозалардан және фосфаттан тұрады. Ақуыздар-
бұлар да полимерлер және амин қышқылдардан тұрады, ақуыз функциясы -
әртүрлі.
Джон Берналдың теориясына сәйкес, тіршіліктің пайда болу тарихы 3
негізгі бөлімге бөлінеді: атомнан молекулаға дейін, молекуладан полимерге
дейін, полимерден организмге дейін.
1-сатысында өмір үшін сипатты метаннан және аммиактан аралық молекула
қалыптасқан. Олар, негізінен көміртектік азоттық қосылыстар, жай
күрделілігі бар қосылыстар-амин қышқылдар және органикалық негізді-аденин.
Олар Опаринмен Холдейн гипотезаларына сәйкес бірінші реттік сорпа құрамды
бөлігі болып саналады.
2-сатыдағы процесс - бұл молекулалардың полимеризациялануы, шешуші
жағдайға алып келетін динамикалық ұйымдастыру процесінің пайда болу, оны
біз тіршілік деп атаймыз.
3-сатысында организмдердің дамуы және олардың ішкі ұйымдастыруларының
қалыптасуы жүреді, ол жай метаболизмдік ортадан организмдік деңгейге ауысу,
яғни қоршаған өлі табиғаттан даралану. Осы этапта эобионттар пайда болды,
осыдан кейін тірі табиғатта күрделі компоненттері дами бастады. Осының
нәтижесіне осындай компоненттерден жүйе пайда болды, ол жүйе жоғары
ұйымдасқан тірі тіршілік иелеріне тән - эукариоттық жасуша (ядросы бар).
Дәл осыдан жасушаның пайда болуы нағыз тіршілік бастамасын береді.
Тіршілік дамуының көп түрлілігі және күрделілігі осыдан басталады.
Палеонтологиялық мәліметтер бойынша:
1. протерозой эрасында (700млн. жыл бұрын) - бактериялар, балдырлар,
қарапайым омыртқасыздар пайда болды.
2. палеозой эрасында (365 млн. жыл бұрын) – жер беті өсімдіктері,
амфибиялар пайда болды;
3. мезозой эрасында (185 млн. жыл бұрын)- сүтқоректілер, құстар,
қарағай өсімдіктері пайда болды;
4. кайназой эрасында (70млн. жыл бұрын) – қазіргі заманғы өсімдіктер
мен жануарлардың топтары пайда болды.
3. Организдердің негізгі тіршілік орталары:

Тіршілік ортасы дегеніміз – кез-келген организмнің өсіп-өніп,
көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруға қолайлы табиғи, тарихи қалыптасқан орта.
Қазіргі кезде жер шарында негізгі төрт тіршілік ортасы бар. Олар: су,
құрлық-ауа, топырақ және организдердің өзі.

а) Су тіршілік ортасы.
Гидросфера – планетамыздың ең үлкен көлемін алып жатыр. Су – жер
шарының барлық көлемінің 71% қамтиды. Судың негізгі қорын, яғни 94 %
мұхиттар мен теңіздер құрайды. Қалған 6 % мәңгі мұздықтар, тоңдар, өзен мен
көлдердің үлесіне тиеді. Суларда жануарлардың 1,5 млн., өсімдіктердің 500
мыңнан астам түрлері тіршілік етеді. Мұхиттар мен теңіздер екі экологиялық
аймаққа бөлінеді: су қалыңдығы-пелагиаль; судың түбі-бенталь.
Судың тіршілік ортасы ретінде бірқатар арнайы қасиеттері бар: су
тығыздығы, қысымның өзгеруі, оттектің құрамы, күн сәулесінің сіңіруі т.б.
Су ортасының мекендеушілерін экологияда гидробионттар деп атайды.
Су факторларына байланысты гидробионттарды бірнеше экологиялық
топтарға бөледі.
Планктон дегеніміз судың беткі қабатында оның ағысымен қалқып жүретін
ұсақ омыртқасыз жәндіктер мен өсімдіктер. Планктондардың өзі – зоопланктон
және фитопланктон деп бөлінеді. Фитопланктондардың су организмдері үшін
маңызы зор. Оларға: диатомды, көк-жасыл балдырлар, өсімдік қоректі
талшықтылар , т.б. жатады. Ал, зоопланктондар бактериялар мен балдырлардан
тереңіректе тіршілік етуге бейімделген. Оларға: шаянтәрізділер,
қарапайымдар, моллюскалар, медузалар, сальпалар және кейбір құрттәрізділер
жатады.
Нектондар дегеніміз судың терең қабаттарында еркін жүзіп жүретін
балықтар, т.б. организмдер. Нектондардың суда жүзуге икемді денесі, жүзу
қанаттары, жақсы дамыған сезім және қозғалу мүшелері бар. Оларға
балықтардың түрлері, кальмарлар, киттер, тюленьдер, морждар, дельфиндер
жатады.
Бентостар дегеніміз судың түбіндегі субстраттарда (шөгінділерде)
тіршілік ететін организдердің жиынтығы. Бентостар: фитобентос және
зообентос деп бөлінеді. Негізінен бәрі де баяу қозғалатын немесе
қозғалыссыз өмір сүретіндер. Кейбіреулері шөгінді астында тіршілік етеді.
Теңіздердегі фитобентосты бактериялар мен балдырлар құрайды.
Судағы барлық өсімдіктерді тіршілік ету сипатына қарай: гидрофиттер
және гидатофиттер деп бөледі.
Өсімдіктердің суға қатынасына байланысты келесідей экологиялық
топтарға бөлінеді:
1) Гидатофиттер (грек тілінен аударғанда hydor , hydatos - су ) – су
өсімдіктері, денесінің бір бөлігі немесе толығынан суға батып
тұрады. (элодея, тұңғиық гүл және т.б.).
2) Гидрофиттер (грек тілінен аударғанда hydor- су) – құрлық – су
өсімдіктері, суға тек төменгі бөліктері ғана батып тұрады
(жебежапырақ).
3) Гигрофиттер -(грек тілінен аударғанда hydros- ылғалды) – ылғалдығы
жоғары жағдайларда өсуге бейімделген құрылық өсімдіктері. Көбінесе ылғалды
ормандарда (папоротниктер), батпақтарда – батпақ өсімдіктері, су
қоймаларының жағаларында өседі.
4) Мезофиттер ( грек тілінен аударғанда mesos – орташа, аралық)-
қоңыржай, орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер. Мезофиттерге
шалғындықтың шөптері, көптеген орманның шөптесін өсімдіктері, жалпақ
жапырақтарты ағаштар, көптеген ауылшаруашылық дақылдары, арамшөптер жатады.
5) Ксерофиттер (грек тілінен аударғанда xeros - құрғақ) – құрғақ
жерлерде өсетін өсімдіктер. Олар екіге бөлінеді. Суккуленттер, слерофиттер.
а) суккуленттер (латын тілінен аударғанда succulentus- шырынды)-
ұлпаларында суды көп мөлшерде сақтауға қабілетті өсімдіктер (кактустар,
алоэ, агава).
ә) склерофиттер (грек тілінен аударғанда skleros – құрғақ. қатты)
–құрғақшылыққа төзімді, судың буландыруын төмендететін қатты, тері тәрізді
қабықшасы бар өсімдіктер (сексеуіл,жантақ, боз селеу).
Құрлық жануарларын ылғалға қатысты төмендегідей топтарға бөледі:
1. Гидрофилдер- ылғал сүйгіш жануарлар (маса, құрлықтың
былқылдақденелілері мен амфибиялар).
2. Мезофилдер-орташа ылғалдылық жағдайында тіршілік ететін жануарлар
(көптеген бунақденелілер, құстар, сүтқоректілер).
3. Ксерофилдер-жоғары ылғалдылық жағдайында тіршілік ете алмайтын,
құрғақшылықты сүйетін жануарлар (түйе, шөлдің кемірушілері мен
бауырымен жорғалаушылары).
ә) Құрлық – ауа тіршілік ортасы.
Құрлық – ауа тіршілік ортасы – экологиялық жағдайы бойынша ең
күрделісі.
Жер беті ортасының жарық тәртібіне өсімдіктер мен жануарлардың
экологиялық адаптациясы қалыптасқан.
Барлық тірі ағзаның тіршілігі үшін энергияның сырттан түсуі қажет.
Оның негізгі көзі күн сәулесі болып табылады.
Егер Жерге дейін жететін күн энергиясын 100% деп есептесек, онда
шамамен оның 19% атмосфера арқылы сіңіріліреді, 34% кері космостық
кеңістікке шағылысады және 47% жер бетіне жетеді. Тікілей күн сәулесі -
әртүрлі толқынды электромагниттік сәулелерден тұрады: ультракүлгін
сәулелер 1-ден 5% дейін, көзге көрінетін сәулелер 16-дан 45% дейін,
инфрақызыл сәулелер -49-дан 84% дейін.
Ультракүлгін сәулелер ұзынтолқынды (290-380нм), қысқатолқынды (тірі
ағза үшін өте қауіпті), іс жүзінде толықтай 20-25 км биіктікте озон
экранымен сіңіріліп кетеді. Ұзынтолқынды УКС көп мөлшерде ағза үшін зиян,
ал аз мөлшерде бактерицидтік әсері бар және құрамында Д витамині
болғандықтан рахит ауруына қарсы пайдаланылады.
Биосферадағы ең маңызды процесс – фотосинтез тек жарықта ғана жүзеге
асырылады. Тірі ағзалардың жарыққа қатынасын екі жақты қарастыруға болады:
бір жағынан жарықтың тікелей жасуша протоплазмасына әсері ағзаны жойып
жіберуі мүмкін, ал екінші жағынан – жарық тіршілікке қажетті энергияның
бірінші реттік көзі.
Жарықтың мөлшері радиация жиынтығымен анықталады. Полюстерден
экваторға қарай мөлшері артады. Жарық режимін анықтау үшін шағылысқан жарық
мөлшерін де, яғни альбедо (латын тілінен аударғанда albus – ақ ) есепке
алу қажет.
Жарық жағдайының талабына байланысты өсімдіктерді 3 негізгі
экологиялық топтарға бөледі:
1) Жарық сүйгіш (гелиофиттер) өсімдіктер (грек тілінен аударғанда
helios – күн, phyton - өсімдік) – жарық жақсы түсетін ашық
жерлерде өседі. Күнбағыс, итошаған, қойжелекен тәрізді жарық
сүйгіш өсімдіктердің гүлдері жарыққа қарай күн бағытымен
бұрылып отырады.;
2) Көлеңке сүйгіш (сциофиттер) өсімдіктер (грек тілінен
аударғанда skia – көлеңке) – күшті жарықты көтере алмайды,
үнемі көлеңкеде орманның көлеңкесінде өседі (орманда өсетін
шөптесін өсімдіктер, папоритниктер, мүктер);
3) Көлеңкеге төзімді (факультатифтік гелиофиттер) өсімдіктер-
жақсы жарық жағдайында өседі, бірақ көлеңкені де жақсы көреді
(орманның көптеген өсімдіктері, шалғындық өсімдіктері, орман
шөптері мен бұталар).
Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекетіне (фотосинтезге, зат
алмсуға, қорек тұтынуға, көбеюге, т.б.) елеулі тікелей неесе жанама әсер
тигізетін абиоталық фактордың бірі температура.
Сонымен, тірі ағзлардың жер бетінде таралуын анықтайтын факторлардың
бірі - температура. Өсімдіктердің денесінің өзіндік температурасы болмайды.
Олардың жылу реттеуінің анатомо-морфологиялық, физиологиялық механизмдері
ағзаны қолайсыз температуралардан қорғауға бағытталған.
Қолайсыз темпертуралардың зиянды әсерінен қорғауға бағытталған
өсімдіктердің физиологиялқ бейімделушіліктеріне төменгі мысалдарды
келтіруге болады: буланудың интенсивтілігі – транспирция ( латын тілінен
аударғанда trans- арқылы, spiro – тыныс алу, шығару), плазманың ұю
температурасын өзгертетін жасушадағы тұздардың жиналуы, хлорофиллдің күн
сәулелеріне енуіне қарсылық қасиеті.
Бергман ережесі бойынша түрдің немесе біртекті жақын түрлердің тобында
дене мөлшері ірі, жылықанды жануарлар анағұрлым салқын аудандарда таралған.
Аллен ережесі бойынша дене температурасы тұрақты жануарлардың салқын
климаттық белдеулерде денесінің шығыңқы бөліктері кішірейеді.
Мысалы, экологиялық жағынан бір – біріне жақын мына түрлердің
құлақтарының мөлшерін салыстырсақ, тундрада мекендейтін поляр түлкісінің
құлағы ең кіші, қоңыржай белдеулерде мекендейтін түлкінің құлағы орташа,
Африка шөлдерінде мекендейтін фенектің құлағы өте үлкен.Организмдердегі
заттар алмасу процесінің жылдамдығы олардың денесінің температурасына
байланысты. Көптеген түрлердің ішкі температурасы орта температурасына
қарай өзгеріп отырады. Қоршаған орта температурасы тұрақты болмағандықтан
заттек алмасу процесінің жылдамдығы да біресе жоғарылап, біресе төмендеп
оырады.
Жылу алмасу түріне байланысты жануарлардың экологиялық екі типін бөліп
көрсетеді:
1) Пойкилотермдік жануарлар - салқын қанды (грек тілінен аударғанда
poikilos –алуан түрлі)- бұл ағзалардың тіршілігі мен белсенділігі сырттан
келетін жылуға байланысты және дене t0 –лары- сыртқы t0-ның өзгеруіне
әкеледі. Бұларға омыртқасыз жануарлар, балықтар, қосмекенділер жатады.
2) Гомойотермдік жануарлар- жылы қанды (грек тілінен аударғанда
homoios - бірдей) өздерінің тұрақты оптимальды дене t0 –рын ұстауға
қабілетті . Бұларға жоғарғы сатыдағы омыртқалы жануарлар жатады.
Жер бетінің экологиялық факторларының біріне ауа жатады.
Ауа – экологиялық фактор ретінде тұрақты газдың құрамы арқылы
сипатталады. Ауаның газдық құрамы: оттегі шамамен 21 %, көмірқышқыл газы
0,03 %, азот 78 %, ал қалған инертті газдар жиынтығы 0,97 % құрайды. Ауаның
құрамындағы аздаған өзгерістер мен ауытқулар тіршілік үшін қауіпті.
Ауа ағыстарының маңызды қызметтерінің бірі - өсімдіктер мен
жануарлардың кең таралуына себебін тигізуі.
Ауаның қасиеттері - ауа химиялық қоспалар мен су буынан тұратын
күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико – химиялық және биологиялық
процестердің жүруінің шартты және метерологиялық режимнің маңызды факторы.
Атмосферадағы жекелеген компонеттердің қатынасы оның радиацияға, жылу және
су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфераның газды
құрамы, су буы және әр түрлі қоспалар жер бетіне күн радияциясының өту
деңгейін және жер маңы кеңістігінде жылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер
атмосферада қоспалар болмаса, онда жер бетіндегі орташа жылдық температура
+150С емс, -180С болар еді.
Атмосфераның маңызды қасиеттеріне оның жылдам араласуы мен үлкен ара
қашықтыққа орын ауыстыруы, басқа сфералармен, әсіресе мұхитпен байланысы
жатады. Мұхитпен араласу нәтижесінде мұхит атмосферадағы көміртегінің қос
оксиді мен күкірт оксидін, күкіртті газ және басқа қосылыстарды сіңіреді.
Атмосферадағы қосылыстардың басым бөлігін өсімдіктер сіңіреді және зат
алмасудың топырақ звеносына кіреді. Жылдам араласқыш қасиеті мен оның
ластануды таратуы, сонымен қатар жергілікті ластануды ғаламдық ластануға
айналдырушы фактор болып табылады. Атмосфераның әр түрлі параметрлерін және
қасиеттерін, оның химиялық құрамы, жылу режимі, орын ауыстыруы,
радиоактивтілік, электромагниттік фон және т.б әсер етеді.
б)Топырақ тіршілік ортасы.
Жер бетінде топырақ түзілу процесі ұзаққа созылған биогеохимиялық
айналымның жемісі. Организм тіршілігінде топырақтық факторлар да маңызды
рөл атқарады. Өсімдіктердің әралуандығы мен түрлік құрамы топырақтың
құрылымымен және құрамымен, қасиетімен (қышқылдығы, құнарлығы, т.б.)
анықталады.
Топырақ организімдер үшін қолайлы болғандықтан көп түрлілігі жөнінен
де сан алуан болып келеді. Оның негізгі үш экологиялық тобын ажыратамыз.
Геобионттар – топырақтың тұрақты тіршілік иелері. Олардың барлық
тіршілігі топырақта өтеді. Негізгі өкілдері: микроорганизмдер,
қарапайымдылар, ұсақ жәндіктер, жауын құрттары т.б.
Геофильдер – тіршілігінің біраз бөлігі топырақпен байланысты
организмдер. Оларға: шегірткелер, қоңыздар, қандалалар, ұзынаяқтылар,
масалар, т.б. жатады.
Бәрінің де личинкалары топырақ астында дамып ересектері жер бетінде
тіршілігін жалғастырады.
Геоксендер – топырақ қабаттарын уақытша немесе тұрағы (мекені) үшін
ғана пайдаланушылар. Оларға: қоңыз, қандала, сол сияқты ерекшеліктеріне
қарай да бірнеше топтарға бөлінетін жәндіктер жатады.
Өсімдіктердің ағаш тектес тұқымдарының (қайың, қарағай) тамыры көп
жылдық тоңы бар аймақтарда аз тереңдікте орналасады және көлденең жайылады.
Топырақтың әр түрлі қасиетіне байланысты өсімдіктерді бірнеше
экологиялық топтарға бөлуге болады. Мысалы,топырақтың қышқылдығына қарай:
1) ацидофильді түрлерге;
2) нейтрофильді;
3) базофильді;
4) индифферентті.
Топырақтың жалпы құрамына қарай, осы фактормен байланысына сүйеніп
организмдер:
1) олиготрофтыларға - қоректік заттарды (оның ішінде минералды
заттарды) көп қажет етпейтін өсімдіктер мен микроорганизмдер (мүкжидек,
қызанақ, көкбұта, сфагнум мүгі, қарағай);
2) эвтрофтыларға- пайдаланатын қоректік заттарының түрлері көп, әр
түрлі құнарлығы бар жерлерде күй талғамай өніп-өсетін өсімдіктер мен
жануарлар (атжалман, емен);
3) мезотрофтыларға-қоректік заттарды, соның ішінде минералды заттарды
аса қажет етпейтіндер (шырша, саңырауқұлақтар) жатады.
Құрамында нитраттары көп топырақта өсуге бейімделген, мол өнім беретін
өсімдік түрлерін (бидай, зығыр, күнбағыс, қалақай, таңқурай, кейбір мүктер,
балдырлар, саңырауқұлақтар) нитрофильді деп атайды. Тұзды жерге бейімделіп
өсетін өсімдіктер тобы галофиттер деп аталады.
Топырақта мекендеушілеріне жануарлардың келесі тобы жатады.
1) Микрофауна (ұсақ топырақ жануарлары).
2) Мезофауна – буынаяқтылар.
3) Макрофауна – ірі топырақ жануарлары.
в)Тірі ағза тіршілік ортасы
Тірі организмдердің өзі – тіршілік ортасы. Өсімдіктер, жануарлар және
микроорганизмдердің ішінде мекен ететін көптеген екінші бір организмдер
өкілдерін - паразиттер немесе арамтамақтар деп атайды. Барлық паразиттер:
эктопаразиттер (иесінің сыртқы денесінде кездесетін – кенелер, сүліктер,
бүргелер, масалар, т.б. ) және эндопаразиттер (иесінің ішкі мүшесінде
кездесетін - құрттар, бактериялар, вирустар, қарапайым паразит өкілдері
т.б.) деп жіктеледі.
Ағзалық тіршілік ортасында ағзалар паразиттік және жартылай паразиттік
тіршілік етеді.
4. Биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм
Жердегі бүкіл өмір клеткадан бастап биосфераға дейін белгілі ритмге
тәуелді. Жер шарындағы табиғат белдеудері, климаттық және географиялық
белдеулердің жіктелуі Күн сәулесінің түсуіне және мұхиттардан алыс немесе
жақын орналасуына байланысты. Табиғаттағы осындай жүйелі ауысып келіп
отырған факторларға байланысты өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде табиғи
құбылыстарға үйлесе дамитын бейімделушілік қалыптасады. Осыған орай, әрбір
өсімдік пен жануарлардың түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері
туындайды. Ол – анатомиялық-морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық, т.б.
түрдің жеке өзіне тән қасиеттерімен сипатталады. Әрбір түрдің өзіне тән жыл
маусымдарына, айнала қоршаған табиғаттың өзгерістеріне қарай даму, көбею,
таралу ырғағы қалыптасады. Жылдың, тәуліктің ырғақты ауысу мерзіміне
байланысты әрбір организмнің де тіршілігінде тәуелді түрде қайталанып
отыратын даму ырғағы пайда болады. Бұл құбылыс тіршілік үшін күресте ұзақ
жылдар бойы қалыптасқан даму эволюциясының жемісі. Мысалы, күзге қарай
ағаштардың жапырақтарын түсіруі, жануарлар тіршіліндегі өзгерістер (жүннің
қалыңдауы, тері асты май қабаттарының қалыңдауы, ұйқыға кету, т.б.). Осы
құбылыстарды биологиялық ырғақтар дейді.
Кез-келген табиғи ағзалар үшін табиғи ритмдерді ішкі (өзінің тіршілік
әрекетіне байланысты), сыртқы (қоршаған ортадағы циклдық өзгерістер) деп
бөледі.
Фотопериодизм дегеніміз организмдердің тәуліктік жарық пен қараңғы
мерзімінің ұзақтығына байланысты оған жауап беру реакциясы.
Өсімдіктердің фотопериодизм құбылысына қарай 3 тобын ажыратуға болады.
Олар: қысқы күнді өсімдіктер (гүлдеуі мен тұқымның жетілуі 8-12 сағаттық
жарық мерзіміне тәуелді), ұзақ күнді өсімдіктер (16-20 сағаттық жарыққа
тәуелді) және жарық мерзіміне тәуелсіз өсімдіктер.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Тіршіліктің пайда болуы жайлы теорияларына тоқталыңыз.
2. Тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейлерін анықтаңыз.
3. Тіршілік орталарын атаңыз.
4. Су ағзаларының экологиялық жіктелуін беріңіз. Әр топтың өкілдеріне
мысал келтіріңіз.
5. Топырақ және құрлық-ауа ағзаларының экологиялық жіктелуін көрсетіңіз.
Әдебиет:
1. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу
құралы. Алматы, 2004.
2. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
3. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
4. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы.
Алматы,Ғылым, 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.
5. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы.
Алматы, Қайнар, 1990.
6. Жамалбеков Е.Ү., Шілдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ
географиясы мен экологиясы. Алматы, қазақ университеті, 2000.
7. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата,
Ана тілі, 1991.
8. Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

ДӘРІС № 3
Тақырып: Аутэкология

Жоспары:
1. Аутэкология –экологияның бір бөлімі.
2. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары:
а) абиотикалық факторлар;
ә) биотикалық факторлар;
б) антропогенді факторлар.
3. Ортаның негізгі факторларының ағзалар тіршілігіне тигізетін әсері.
4. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары:
Ю.Либихтың минимум заңы және В.Шелфордтың толеранттық заңы.

Дәріс мақсаты: Студенттерді ағзаларға әсер ететін экологиялық
факторлармен таныстыру, осы факторлардың жіктелуін көрсету, минимум және
толеранттылық заңдарын түсіндіру және олардың табиғаттағы әсерін көрсету.

Дәріс ұзақтығы: 1 сағат
1.Аутэкология - особьтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің ерекшеліктері
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Табиғат қорғауды ұйымдастыру
Қазіргі экологиялық білім берудің креативтік технологиясы
Экологиялық білім және тәрбие бағыттары
Жамбыл облысындағы өндірістік шығарындылардың атмосфералық ауаға әсері
Оқушылардың экологиялық тәрбиесінің өзекті мәселесі
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
Экологиялық бiлiм берудiң мазмұны
Пәндер