Отырарда өлеңі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Ә. Ө. Ж. 821. 512. 122:82-1 Қолжазба құқығында

ХАЛМУРЗАЕВА ҚҰРАЛАЙ ӘМЗЕҚЫЗЫ

Поэзиядағы формалық ізденістер

(1950-1970 ж. ж. )

10. 01. 02 - қазақ әдебиеті

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

.

Қазақстан Республикасы

Астана, 2010

Жұмыс Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының докторы, профессор Қ. Алпысбаев

Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының докторы, доцент С. Ержанова

филология ғылымдарының кандидаты, доцент Д. Ислам

Жетекші ұйым: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Диссертация 2010 жылы « 1 » шілдеде сағат 14. 00-де Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі 10. 01. 02 - қазақ әдебиеті және 10. 01. 07 - салыстырмалы әдебиеттану мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д. 14. 31. 03 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады.

Мекенжайы: Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 5

Диссертациямен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2010 жылы «___» таратылды

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, филология

ғылымдарының докторы М. Б. Шындалиева

К І Р І С П Е

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Қазіргі қазақ поэзиясының көркемдік жүйесінде соны ізденістер мазмұндық тұрғыдан ғана емес, сыртқы құрылымы жағынан да көбейе түсті. Соның ішінде әсіресе ХХ ғасырдың 50-70 жылдар поэтикалық ізденістердің аса үлкен өнім берген жылдары болғаны мәлім. Қоғамдағы түрлі сабақтас мәселелер уақыт мінберінен орын алды. Сондықтан диссертациялық жұмыстың нысанына айналған шығармаларда кеңестік-саясаттың, Ұлы Отан соғысының әлеуметтік көңіл-күйге әсері, тың игеру тақырыбы басты орын алды. Қазақ поэзиясының үлгісі өзгеріске еніп, лирика мен эпикалық туындылардың будандасқан түрлері туындады. Әсіресе адамзаттық құндылықтар қатарынан орын алатын ұлттық руханият пен дәстүр жалғастығының маңызы ерекшеленді.

Диссертаиялық жұмыс осы ой-толғам негізінде дүниеге келген туындыларындағы формалық ізденістерді жан-жақты талдауға арналады.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеті тарихында поэзияның формалық құрылым жүйесіне теориялық талдау жасап, зерттеген, зерделеген ғылыми еңбектер жеткілікті. Кез-келген дүние болсын есейіп, күйреп, қайтадан жаңарып жататыны сияқты қатып қалған конондық қағидалар уақыт тезіне түскенде өзгеріске ұшырайды десек жаңылыспаймыз. Себебі өлең формасы бүгінге дейін әбден қалыптасқан дегенімізбен, біздің зерттеу обьектімізге айналған жылдарда туған жырлар формасын таразылағанымызда тоқтаусыз жаңару, толысу үстінде болатынын байыптаймыз.

Ширек ғасырға тақау уақыт кеңістігінде қалам сілтеген қазақ ақындарының құрметтеуге әбден лайықты формалық ізденістері - алуан түрлі, сан қырлы. Кейде өздері де аңғара бермейтін ізденіс іздері қағаз бетіне қалқып шыққанда - бұл форманың бұрын әдебиет теориясы айналымында болмағанына, ғылыми айналымға түспегеніне қуанасың. Өзгеріске түсіп жатқан форманың бастауынан алыстаған сайын күрделене беретініне де көз жеткізесің. Шығармашылық адамдарының формалық ізденіс үстіндегі ашқан жаңалықтары жаңаша пайымдауды қажет ететіні сөзсіз. Сондықтан да зерттеу жұмысының өзектілігі талас тудырмайды. Бұл шын мәнінде осы күнге дейін әдебиеттану ғылымында ерекшеленіп, аталып көрсетілмеген өзгешеліктер болатын.

Зерттелу нысаны. ХХ ғасырдың елуінші-жетпісінші жылдарында дүниеге келген қазақ поэзиясының формалық ізденісі бар туындылары алынады.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. 1950-1970 жылдар аралығындағы қазақ поэзиясының көзге түскен өлең формасының тың құрылымдық ерекшелігін ашып көрсету, оған талдау нәтижесінде туған тұжырымдарымызды білдіру. Зерттеу барысында мынадай міндеттер қойылды: қазақ поэзиясына жаңа ағымның келгенін, кезеңдік алмасу нәтижесінде туындаған жаңа форма-қалыптың қалыптасқанын көрсету; жыр құрылысындағы мол өзгерістің, жаңа ізденістің обьективті, субьективті себептерін ашу; қазақ поэзиясындағы формалық өзгерістердің тақырып, мазмұн және құрылымдық өзгешеліктермен, қоғамдық өмірмен тығыз байланысты екенін дәлелдеу; аталмыш жылдардағы қазақ өлеңіндегі формалық құрылымның орыс және шығыс әдебиетінің әсерінен жүйелік өзгерістерге түскендігін көрсету; дәстүрлік сарынды, ауыз әдебиетінің әсерін анықтау, жаңалығы мен ерекшелігін ашу. Әртүрлі ақындық лабораториялардағы стильдік ұқсастықтар; 1950-1970 жылдардағы шығармашылық белсенділігімен ерекшеленген ақындардың қазақ поэзиясынан алған орны мен қосқан үлесін пайымдау; 1950-1970 жылдардағы қазақ поэзиясында орын алған формалық ізденістерді жіктеп мәнін ашу.

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Диссертацияда ақындардың шеберлігі мен тақырыптық ерекшеліктері, өмір шындығы, лириканың көркемдік әлемі өзара байланыста қарастырылды. Ежелгі дәуір әдебиеті мен ауыз әдебиеті жырларын және олардың жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегіндегі қаламгерлердің шығармаларымен өзара байланысы екшеліп көрсетілді, ерекшеліктері әр алуан зерттеулермен, дерек көздерімен салыстыра ашылды. Қазақ Ұлттық мұрағаты деректерін, еліміздің кітапханаларындағы құжаттар мен ақындардың мұрасын, бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі материалдарын, әдебиет зерттеушілері еңбектерін негізгі назарда ұстадық.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. 1950-1970 жылдар аралығындағы қазақ поэзиясының формалық ізденістері біртұтас зерттеліп, қарастырылмаған. Тек 1960-1970 жылдар арасындағы ішінара ақындардың шығармаларына жасалған ғылыми зерттеу еңбектері бар. Ал алғашқы он жыл аралығындағы ақындар поэзиясының формалық ізденістері жайында жазылған тұшымды еңбек жоқтың қасы. Әрине, жалпы қазақ поэзиясын зерттеген ғалымдардың: Ш. Уәлиханов, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Б. Кенжебаев, З. Қабдолов, Қ. Жұмалиев, Қ. Өмірәлиев, Е. Ысмайылов, С. Қирабаев, М. Қаратаев, З. Ахметов, М. Дүйсенов, Р. Нұрғали, С. Негимов, Қ. Алпысбаев, Б. Кәрібаева тағы да басқа авторлардың еңбектері мен мақалаларында поэзияның түрлі мәселелері жайында құнды-құнды пікірлер бар. Ал кейінгі жылдардағы С. Елікбаевтың «60-80 ж. ж. өлең құрылымы (ұйқас, тармақ, шумақ ерекшелігі) », Ш. Сариевтің «60-70 жылдардағы қазақ лирикасы», К. Хамидуллаевтың «Мақатаевтың ақындық шеберлігі», З. Мүтиевтің «Фариза Оңғарсынованың лирикасы», Б. Баткееваның «Мұзафар Әлімбаевтың лирикасы», С. Сәрсембекованың «Cырбай Мәуленовтың шығармашылық лабораториясы», С. Нұрахметовтың «Қадыр Мырзалиевтің ақындық шеберлігі», Т. Тоқсанбаеваның «І. Мәмбетовтың шығармашылығы (1950-70 жылдардағы әдеби процесс контексінде) » атты кандидаттық диссертатцияларында формалық ізденістер жеке ақындар поэзиясын талдау барысындағы сөз арасында ғана тілге тиек етіледі.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Жалпы, әдебиеттану ғылымы салаларының өзіндік мақсат-міндеттерін ескере отырып, ХХ ғасырдың елуінші-жетпісінші жылдардағы поэзияның жай-күйіне терең зерделеу арқылы, жинақтау мен жүйелеу, салыстыру сияқты әдістері кеңінен қолданылды.

Диссертацияны жазу барысында әдебиет теориясы туралы іргелі зерттеулердегі өлеңнің өлшем-өрнектері жөнінде, қаламгерлер стилі туралы айтылған пікірлер мен озық ойлар негізге алынды.

Қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілдері Ш. Уәлиханов, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайлов, Б. Кенжебаев, Ә. Нарымбетов, З. Ахметов, З. Қабдолов, М. Базарбаев, Қ. Өмірәлиев, С. Қирабаев, Р. Нұрғали, А. Егеубаев, Б. Кәрібаева, С. Негимов, Қ. Алпысбаев және орыс ғалымдары В. В. Радлов, Е. Корш, Т. Ковальский, А. Поцелуевский, А. Бомбачи, М. Хамраев, В. Г. Белинский, В. Маяковский, В. М. Жирмунский, Э. Я. Фесенко, Б. В. Томашевский, М. Исаковский және т. б. зерттеу еңбектері басшылыққа алынды.

Зерттеудің теориялық - практикалық маңызы. Зерттеу жұмысындағы ғылыми нәтижелер мен тұжырымдарды қазақ әдебиеті тарихын жаңадан толықтыру барысындағы еңбектерге, әдебиеттің теориялық мәселелерін оқытқанда, жоғары оқу орындары филология факультеттерінде қазақ әдебиеті тарихын оқыту барысында қазіргі заман әдебиеті курсы бойынша арнаулы курстар мен семинарлар өткізуге, сондай-ақ орта мектептердің жоғарғы сыныптарында, гимназия, лицейлерде, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін тереңдетіп оқытатын арнайы мектептерге оқулықтар, оқу құралдарын, көмекші құралдар жазу барысында пайдалануға болады.

Зерттеу әдістері. Шығарманың тууына себеп болған заман мен қоғам кезең кестелері ақындардың туындыларына әсер еткендігі ескерілді. Олардың жанрлық, түрлік мазмұнын тану, бірнеше ақындардың көркем шығармаларын формалық өлшем түрлеріне қарай топтап, жіктеп талдау, бір-бірімен салыстыру, сараптау, теориялық қалыпқа салып топшылау әдістері қолданылды.

Сонымен қатар, обектімізге алынған поэзиялық шығармаларды талдау барысында объективті - аналитикалық талдау тәсілі пайдаланылса, ал оларды саралауда кешенді тәсілдер қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. 1960-1970 жылдар аралығындағы бірқатар ақындардың шығармалары әдеби зерттеу-монографияларында қарастырылған. Алайда, 1950-1970 жылдарда қазақ поэзиясы формалық ізденістер тұрғысынан біртұтас қарастырылып әліге дейін зерттелген жоқ. Көзделген тақырып бұған дейін шола, жалпылама қарастырылып келген болатын. Яғни, дәлірек айтқанда, объектіге алынған өлеңнің бүкіл болмыс-бітімін жіктеп, зерттеу барысында өлең тудырудағы тың ізденістер, буын мен бунақтардың, тармақ пен шумақтардың бұрынғы қалыптағы формадан өзгешелігін ашып көрсету ғылыми еңбектің басты жаңалығы болып табылған. Негізге алынған жылдар ішінде поэзияда туып, қалыптасқан ерекшеліктерді, көркемдік ізеністерді жан-жақты талдау барысында ашылған. Дәстүрлі ұйқастық үндесімнің келісті дамып күрделенуі көрсетіледі. Бұл формалық ізденістердің әсері тиуімен, одан жаңа түр мен пішін жасалып, сонымен қатар, жаңа ізденіс формалары айқындалған.

1950-1970 жылдар аралығында туған шығармалардың қазақ поэзиясы әлеміне әкелген тақырыптық, құрылымдық, ұйқастық, тармақтық, бунақтық жаңа үлгілерінің кейінгі жылдар поэзиясына тигізген әсерін саралау, салыстыру, сол уақыттық кезеңде атқарған рөлін көрсету - еңбектің негізі мәні.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. 1950-1970 жылдар поэзиясының формалық ізденістері ғылыми тұрғыдан зерттеуге әбден тұрарлық. Себебі бұл кезеңдегі қазақ өлеңіндегі өлшем өрнектердің ықпал-әсері ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің қалыптық жаңаруына елеулі роль атқарды. Жиырма жыл аралығында кейбір ақындар қалыптастырған формалық қолтаңбасы кейінгі жылдарда әдебиетке келген қаламгерлердің жетілуіне негіз қалады.

- Қазақ ақындары төрт түрлі поэзиялық-жүйелік бағытта ізденгенін көреміз: силлабикалық, тоникалық, силлабо-тоникалық, орыс-шығыс әсерімен қатар, қазақ ауыз әдебиетінің қабыса байланысуы нәтижесінде - ортақ түр жасау.

- Өлең құрылысында тармақты көбейту немесе азайту жолындағы мол ізденісімен де («қосарлама тармақ», «сындырма тармақ») ерекшеленеді. Сонымен қатар, тармақтық шумақтағы орналасу тәртібін дыбыстық темп-интонация арақылы құбылту ерекшеліктері айқын көрініс тапқан.

- Ұйқастағы ізденіс жолдары мол дер едік. Бұл ұйқасу тәсілдері әсіресе Ә. Сәрсенбаев пен С. Мәуленовтен кейін, М. Мақатаев, Т. Айбергенов, Қ. Мырзалиев, М. Шаханов, Ф. Оңғарсыноваларда сан құбылып беріледі.

- Буын, бунақ саны жағынан ізденістер алуан түрлі. Сондықтан болар, осы кезеңде қалыптасқан түрлік өзгешеліктер әліге дейін өз құнын жоғалтқан жоқ. Себебі Абайдан кейін дәл осы кезеңде өлең формасында ауыз толтырып айтарлықтай реформалар жасалған. Осы себепті бұл тақырыпты қарастырудың маңызы ерекше зор.

Зерттеу жұмысының сарапталуы, мақұлдануы мен жариялануы. Диссертацияның негізгі мазмұны мен тұжырымдары, нәтижелері, оның бөлімдерінде айтылған негізгі мәселелер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті белгілеген республикалық ғылыми басылымдарда жарияланды. Республикалық және халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларда баяндама түрінде тыңдалып, ғылыми жинақтарда басылды.

Диссертациялық жұмыс Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында талқыланып, қорғауға ұсынылды.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, іштей тарауларға жіктелген екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі және мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, зерттеу әдістері, теориялық және практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, жұмыстың жариялануы мен талқылануы туралы сөз болады.

Диссертацияның бірінші бөлімінің «Ақындар шығармаларындағы уақыт тынысы» тақырыбындағы тараушасында 1950-1970 жылдар аралығындағы қазақ өлеңінің өшпестей өрнек салған сілемдері туралы ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, қаламгерлер шығармалары жөнінде ой өрбіту үшін әуелі сол дәуірдің бастан өткерген уақыт тынысына, әлеуметтік тұрмыс жағдайына, қысқартып айтқанда Ұлы Отан соғысынан бұрынғы ұлттың басынан өткерген саяси ақуалының көрінісін ашу көзделеді. Өлеңде тақырыпты тудырушы - орта, қоғам екені ақиқат болса, өлең формасын тудырушы тақырып пен мазмұн екендігі де шындық. Ақынның көңіл күйіне әсер, ықпал еткен жағдай өлеңнің ырғақ екпініне ықпал етпек. Яғни өлеңді өмірдің өзі деген тұрғыдан қарағанда ізденіс жолындағы қазақ әдебиеті жанрының қай түрі болмасын осы уақытта елеулі өзгерістерге түсіп, мазмұн мен формалық жағынан байыды. Оған уақыт талабы айрықша әсер ететіндігінің маңызы зор екендігі сараланады. Саясаттың соңынан әдебиетімізге айтарлықтай өзгерісті ағын алып келген Ұлы Отан соғысы әсері әрбір ақынның өлең әлеміндегі жан жүйесіне жол бастады. «Бұл жылдардағы поэзияда дәстүр жалғастығы болды ма, қандай жаңа ізденістер бар, мазмұн мен түр жаңалығы қаншалықты дәрежеде көрініс таба алды» деген ақын-жазушылар мен сыншылар екі түрлі пікірлік-позицияны ұстанғаны туралы сөз болады. Атап айтқанда ондай пікірлер М. Қаратаев, кейінгі жылдардың өкілі А. Егеубаев және тағы да басқа ғалымдардың ғылыми-зерттеу мақалалары, монографиялары сияқты елеулі еңбектерінен көрініс табады. Аталмыш жылдар тақырыбын туындыларында көтерген ақындардың ізденістері соғыстан кейінгі жылдардағы халық шаруашылығын жырлайтын әдебиеттен бастау алды. Бұл - С. Мұқанов, Қ. Аманжолов, А. Тоқмағанбетов, Т. Жароков, Ә. Тәжібаев, Ғ. Орманов, Қ. Бекхожин, Ж. Саин, Ә. Сәрсенбаев, Д. Әбілов сынды көрнекті ақындардың әр алуан өлең жинақтарының жарық көрген кезеңі деген сөз. Осы шоғырдың соңынан әдебиетке қосылып, өлеңдерінен жаңа ұшқын көріне бастаған Х. Ерғалиев, С. Мәуленов, Ж. Молдағалиев, Қ. Жармағанбетовтар да өз жинақтарын ұсынғандығы басты назарға алынады. Әсіресе 1948-1955 жылдар аралығы бір буыннан екінші буынға ауысу процесі жүрген өзгеше кезең екендігін сыншы М. Дүйсенов «Шамамен шартты түрде айтсақ, қазақ поэзиясының үш-төрт буыны бар» деп көрсетеді [1. 5] . Осындағы үшінші буын Ғ. Қайырбеков пен Ө. Нұрғалиевке дейінгі аралықты қамтиды. Яғни олардың ең соңы екі-үш кітап беріп үлгергендер деп көрсетсе, ғалымның бұл пікірін С. Әшімбаев «Бұл буынның өз үнін танытып үлгеруі 1965 жылға дейінгі уақыт екендігіне көз жеткізуге болады. Оған Тұманбай, Сағи, Қадыр, Мұқағали, Жұмекен т. б. алпысыншы жылдардың о жақ, бұ жағында поэзия босағасын аттағандар жатады. Ал төртінші буын өкілдері алпысыншы жылдардың екінші жартысында көріне бастайды» деген пікірі бұл ойларды айқындай түседі [2. 201] . Сондықтан, осы уақытқа дейінгі зерттеу немесе монографиялық еңбектерді алып қарағанда 1960-1970 жылдар аралығындағы поэзияны зерттеген әдебиетші ғалымдар көптеп табылса, 1950-1960 жылдар аралығы зерттеушілері саусақпен санарлықтай аз екендігі де ескеріледі.

Тақырып аясындағы жыл аралығы ақындары, туылған жылдарымен есепке алынып: Н. Ахметбеков, Ә. Сәрсенбаев, Ғ. Орманов, Ә. Тәжібаев, Ж. Саин, Қ. Бекхожин, Х. Ерғалиев, Ә. Шалабаева, С. Сейітов, Қ. Жармағанбетов, М. Хакімжановалардан соң, Қ. Шаңғытбаев, А. Әбдікәрім, М. Байсейітов, Т. Бердияров, Е. Әукебаев, Ө. Жайлауов, М. Жаманбалинов (балалар әдебиеті), Т. Әбдірахманова, Ғ. Жұмабаев, мен кейінгі толқын З. Шүкіров, А. Шамкенов, Ғ. Қайырбеков, Ә. Жәмішов, І. Мәмбетов, С. Жиенбаев, Ә. Дүйсенбиевтер әдеби ағымдағы тақырыптар мен форма, түр, пішінді эстафета сияқты бірінен-біріне берілгендігіне тоқталады. Аталған алдыңғы буын ағалардың соңынан М. Мақатаев, Ә. Абайділданов, О. Сүлейменов, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Нәжмеденов, М. Айтхожина, Т. Айбергенов, С. Асанов, Ө. Нұрғалиев, М. Сатыбалдиев, Ф. Оңғарсынова, С. Баймолдин, С. Иманасов, Д. Қанатбаев, Ж. Қыдыров сынды қазақ поэзиясының талантты толқыны ере түскендігі жөнінде хабардар еткен.

Елуінші жылдардың басынан басталған поэзиядағы кезең алмасу немесе ақындық лабораторияның қарқынды ізденіс жылдары өз басынан мазмұндық-пішіндік көркею кезеңін өткерген. Осы көркею кезеңін қалай айқын көрсету керек деген сауалға орай ой ұғынықтылығы мен жиырма жылдық тұтастыққа көз жеткеру мақсатында, зерттеу желісін негізінен ізденісті өлеңдер жүйесіне құрып, көтерілген тақырыпты айқындайды.

«Поэзиядағы мазмұн мен форма бірлігі» атты тараушада поэзиядағы мазмұн мен форма бірлігі туралы түрлі сыншылардың пікірлеріне сүйене отырып пайым-тұжырым жасалады. Ақындар тундыларының мазмұнын ұлттық дәстүрмен шебер ұштастырумен қатар, жарасымды жаңа формалар мен түрлер табуда қазақ, араб, орыс өлеңдерінің өлшемдері сабақтаса қарастырылады. Айырмашылықтары мен ұқсастықтары салыстырылады. Әрі өлеңдегі «өзгерістер» нышаны жөнінде сөз болады. Бұл жөнінде В. Брюсов «Поэзиядағы өзгеріс - үнемі, тынбай жаңа түр іздеу, адамның ойын, сезімін дәл, терең, әсем бейнелейтін құралдар табу» дейді де, сол өзгерісті тудырушы құралдар « . . . тіл, үн, бейне. Ақын соларды жақсы білуге, сезуге, орынды және жарасты қиыстыруға тиісті. Әдебиетке келген әрбір жаңа ақын оған өзімен бірге жаңа сөз, жаңа ырғақ, жаңа бейне ала келеді. Сонымен бірге бұрынғыны өңдейді, ұстартады, ілгерілетеді, дамытады» [3. 182] деп өзінің ғылыми тұжырымын ортаға салады.

Зерттеу жұмысының негізгі ұстанар бағыты - лирика. «Лирика, - дейді З. Қабдолов, - (грекше lyra - ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музыка аспабы) әдебиеттің Аристотель заманынан келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі, шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі» [4. 312], - десе, В. Белинский лириканы өнердің барлық элементін бойына сіңірген нағыз өнер туындысы ретінде танып, оған «поэзия» деген айдар тағады. Ғалымның осы пікірін Ә. Тәжібаев өзінің «Өмір және поэзия» (1960) деген кітабында талдап, түсіндіреді. Ал араб және қазақ поэзиясын салыстыра зерттеген Ә. Дербісәлі форма іздеудегі ақындық шеберліктер жөнінде көңілге қонымды ой айтады. Әсіресе, ерекше қарастыратыны араб өлең өлшемдері. Олар: тауил («ұзақ», «созылыңқы»), басит («кең», «мол»), камил («толық»), рамал («жүгіргіш»), хафиф («жеңіл»), мутақариб («із тастаушы»), уафир («мол»), мадид («ұзын»), хазадж («тарсыл»), раджаз («көркемдеу», «тақпақтау»), сари («жай»), мунсарих («еркін», «бос»), мудари («мударлық»), муқтадаб («қысқа»), мутадари («толассыз») . Қазақ өлеңдерінде осы араб өлең өлшемдерінің біршама элементтері кездеседі. Ұлы Даланың ортағасырлық перзенттері Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік», Хорезмидің «Мухаббатнама», тіпті Қ. А. Ясауидің «Хикметтерінде» шығыстың, соның ішінде араб поэзиясына тән нақыштар мол. Ал бұл дүниелер бүгінгі қазақ поэзиясының бастаулары. Мәселен, ірге тасы исламға дейінгі кезеңде қаланған күні бүгінге дейін қолданылып жүрген қасыда (көлемі кішігірім поэма) әдетте елу немесе жүз бәйіттен тұрған тұрпатындағы қисадастандар тууына ықпал етті. Осы жанрлық форма да қазақ ауыз әдебиетінде қанат жайып, кейіннен елуінші-жетпісінші жылдардағы өлеңде де түрленіп, түлейтіндігі басты назарға алынған.

Сонымен қатар бәдәуи поэзиясындағы хиджа («сатира»), газал («махаббат лирикасы»), уасф («табиғатты суреттеу»), мадх («мадақ»), фахр («өзін-өзі мақтау»), риса («элегия»), хамрийат («шарап жыры»), тардийат («аңшылық суреттері»), зухд («діни сарындағы жырлар»), нақаид («мысқыл»), насиб («әйел сұлулығын жырлау») секілді т. б жанрлар [5. 18-19] қазақ поэзиясының тақырыбына қарай жіктелген. Олар саяси лирика, философиялық лирика, табиғат лирикасы, махаббат лирикасымен қоса, ауыз әдебиетіндегі жырлардың бағыттарымен де ұқсас келеді. Жалпы алғанда қазақ поэзиясы славянтілді өлең формаларына қарағанда араб-парсы ғазалдарымен болмыс-бітімі жағынан үйлесімді екендігі кескінделеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.ШАХАНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «РУХ» КОНЦЕПТІСІ
Отырардың заттық мәдениеті
Созақ жерінің тарихы
Мұхтар Шаханов жайлы пікірлер
Ақжан Машани «Әл-Фараби және Абай»
Әл – Фараби жайлы мәлімет
Гәкку
Сыр бойы әдебиетіндегі Әл-Фарабидің орны
Бүкіл әлем даму біз үшін ұшы қиырсыз мәселе
Ортағасырлық Отырар: тарихи-археологиялық деректер негізінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz