Туристік шаруашылық


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

УДК 338. 48

О 63

»Экономика»- кафедрасының аға оқытушы

Оразаева Зипаш Акзамовна

Туристік индустрия қызметін дамыту

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев туристік индустрия қызметі мемлекет қазынасына айтарлықтай кіріс әкелетін, болашағы бар экономиканың саласы ретінде көріне алатындығы жайлы стратегиялық бағдарламасында атап өткен болатын. Сонымен қатар, дәстүрге еніп қалыптасып келе жатқан Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлеуметтік экономикалық әлеуетін дамыту мақсатында атқарылатын істер мен алда тұрған міндеттер анықталып отырады. Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында бес жылдың ішінде халықты жұмыспен қамту үшін, сыртқы және ішкі туризм көлемінің артуы есебінен кірістің тұрақты өсімі үшін, сонымен қатар Қазақстанды 2011 жылы Ортаазиялық аймақтың туризм орталығына айналдыру үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру қарастырылған. Аталмыш бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 59 млрд. теңгеден астам сома көлемінде қаржы бөлу жоспарланып отыр. Ағымдағы сәтте республикада туристік саланы дамытудың көптеген шешілмеген мәселелер бар. Саланың қалыптасуына кедергі келтіретін бірқатар обьективті факторлар орын алып отыр. Бұл, ең алдымен индустрияның өзіндегі де, онымен сабақтас саладағы да әлсіз менеджмент, сондай-ақ туристік инфрақұрылымды қолда бар обьектілердің, негізгі қорлардың тозуы. Елдің ұлттық, ішкі және экономикалық қауіпсіздігіне туризмнің ықпалы, сондай-ақ шетелдік туристердің Қазақстанда болу қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы мәселе бүгінге дейін қаралған емес. Статистика жөніндегі мемлекеттік органдар туризмді дербес сала ретінде жеке қарастырған. Алайда, туристік көрсеткіштерді есепке алуды жетілдіру жөніндегі жұмыс Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ұғынымдарына сәйкес жүргізілді. Осы мақсаттарда статистикалық есеп беру нысандары жыл сайын қайта қаралады және қазіргі уақытта тексерудің жаңа бланкілері енгізілуде. Туризм салааралық қызметтің үлгісін білдіреді, мұның өзі көмекші шоттар енгізуді талап етеді.

Туристік саланы дамытудың аса маңызды мәселелерінің бірі қаржыландыру мәселесі болып табылады, оны шешу үшін:

  • мемлекеттік және жеке менеджменттің тиісті деңгейін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
  • жеке бастамалардың дамуына жәрдемдесу;
  • Қазақстандық туристік өнімді сыртқы және ішкі нарыққа жылжытудың тиімді жүйесін әзірлеу;
  • инвестиция мен салық салу мәселелері бойынша қажетті нормативтік-құқұқтық келісімдер қабылдау;
  • шет ел туристерінің Қазақстанға келу рәсімін оңайлату;
  • саланың ақпараттық кеңістігін қалыптастыру қажет және т. б.

Қазақстандағы туризмнің дамуын тежеуші факторлар өзінің сипаты жағынан алуан түрлі және олар мемлекет, туристік бизнес өкілдері және іліктес сала өкілдерінің бізге күш жұмсай шешуін талап етеді. Соңғы уақытқа дейін туризмнің дамуына мемлекет тарапынан мүлдем жеткіліксіз түрде көңіл бөлінді, бұл сала тез өзгеретін жағдайға бейімдел отырып өмір сүрді. Қазіргі уақытта ел Президенті де, өкімет те бұл салаға көп көңіл бөле бастаған кезде, көптеген мәселелер баспа бетінде жедел талқылана бастады, көптеген мәселелерді шешудің тәсілі мен жолдары байқалды, бірақ тұтастай алғанда, бірқатар мәселелер әлі де қалуда. Олардың бірқатарының жайы осындай. Негізгі тежеуші факторларының бірі, біздің ойымызша, әлемдік туристік қоғамдастықтың біздің еліміз жөнінде әлсіз хабардар етілуі. Дүниеде қызықты жерлер өте көп, сондықтан туристердің ынтасын біздің елге аудару қарапайым міндеттердің бірі емес.

Қазақ елі, қазақ табиғаты кімді тамсантпаған, кімді таң қалдырмаған!Туристер мен туристік бизнестің назарын аударатын келесі бір нәрсе - туризмнің дамыған инфрақұрылымының жетіспеушілігі, көңіл көтерерлік жерлер аз, орташа кластағы қонақүйлердің қызмет көрсету сапасы төмен, орталықтан алыс аудандарға алып жүретін және сенімді байланыс орнататын қызмет жоқ, сондай-ақ салық тәртібі өте тиімсіз және консулдық жинау жоғары.

Туристік инфрақұрылым, оның менеджментін жақсарту саласына келімді-кетімді адамдарды сапалы азық-түлікпен, дәмді тағаммен қамтамасыз ету де жатады. Кей жылдары облыстар экономикасының ілгерілеуі бұл мәселені де шешуге мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Біздің аймақтың экологиялық мәселелері де туризмнің дамуына аса қолайсыздардың қатарына жатады. Бұған дәлел, біздің еліміздің аумағында сондай-ақ Арал теңізі аймағының экологиялық мәселелері әлемге жақсы таныс, бұдан біздің ел туралы ой қалыптасады.

Ішкі бұқаралық туризмді тежеуші басты фактор, кейбір мамандардың пікірінше, тұрғындардың тұрмыс деңгейінің көп төмендеуі болып табыл ады. Өкінішке орай, біздің көптеген азаматтарымыздың еліміз бойынша туристік сапарларға шығып демалуға мүмкіндігі жоқ.

Туристік қызмет индустриясы кәсіпорындардың шаруашылық қызметіндегі оңды өзгерістерге қарамастан, сырттан кіру туризмінің күрт төмендеуі, шетелдіктерді қызықтыра алатындай табиғаты мен тарихы - мәдени орталықтарына бай Қазақстанда заманға сай туристік қызмет инфра құрылымының құрылуы және істі жоғары дәрежеде ұйымдастыруды қолға алу қажеттілігін көрсетеді.

Шекараның ашылуына байланысты біздің туристердің үлкен легі алыс шетелдерге ұмтылды, отандық туристік фирмалардың көпшілігі туристерді шекараның аржағына апаруға, шоп турларға жұмыс істейді. Мұның жағымды жақтары да көп, жаман тұстары да бар. Шоп туристер елден сыртқа қарай көп мөлшерде валюта қорын шығарады, олар біздің экономикамызға табысты қызмет етер еді.

Сондай-ақ, елімізде туристік қызмет саласын дамытуда тосқауыл болып отырған жасанды кедергілер де аз емес, виза процедурасы жәнне оның құны, бақылау жүйесінің күрделілігі, «туристік өнімнің» қымбаттылығы, салық ставкасы, әуежай билеттернің құны және т. б. Мұндай жалпылама мәселелерді жеке компаниялар шеше алмайды. Сондықтан олар мақсатты бағыттаған мемлекеттік саясат жүргізетін елдермен бәсекеге түсуге тыс қалған. Қазақстанда көптеген туристік сервистердің сапасы мен бағасы сәйкес келмейді. Себебі сапасы төмен де, бағасы жоғары. Бұның шешімі сапасын жоғарлатуға қаржы бөлу.

Туризмнің біздің елімізде табысты дамуы, бірінші кезекте өзімізге байланысты. Егер өз елімізді сүйетін болсақ, оның тарихын, мәдениетін, дәстүрін білуіміз, өзінің бүкіл бос уақытымызды- елімізге саяхатқа шығуғу арнау, балаларды оған үйрету, өз өлкеміздің көз тартатын жерлері туралы шетелдіктерге сағаттап беріле әңгімелеу, оның ар-намысын белсенді насихаттау керек, жағдай жасау және туристік жолдағы кедергіні жою, бұдан әрі, нәтижелер өзін күттіріп қоймайды. Қазақтар қашанда әуесқой, шығармашыл және жылжымалы халық болған. Көпшілдік, қонақжайлық, кішіпейілдік саяхатпен жұмбақ әлемді тануға деген құштарлық бәрі бәрі біздің халқымыздың сипатын ашып береді деуге болмайды, өйткені оның ар жағында бай мәдени-тарихи, рухани мұрамызбен қатар, біздің еліміздің туризмінің жақсы дамуына негіз бола алатын өзіндік ерекшелікке толы, ғажайып табиғаты бар өлкеміз тұр.

Дүниежүзілік туристік ұйым жылма жыл статистикалық жинақ шығарып отырады. Бір өкініштісі, бұл кітапқа Қырғызстан еніп, Қазақстан кірмей қалған. Ендеше, қазіргі таңда осындай көкейкесті мәселені мемлекеттік дәрежеде жедел шешіп, экономикалық пайданы да, халықаралық қауымдастық алдындағы ел беделін де пайдаланған ләзім.

Қазақстанның шетелдердегі өкілдіктері, мемлекеттік телерадио-каналдары, газет-журналдары осы мәселемен тікелей шұғылданса, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрағаттарын елшіліктер өз мүмкіндіктеріне қарай жұмыс істеп жатқан елдер жұртына жеткізіп отырса, еліміздің өркениет саласына, мәдениет қуатына қосқан зор үлес болар еді. Туризм - экономика саласы ретінде. Туризм экономика көзқарасынан өмірге жаңа сұраныс формасын тартады. Ол қазіргі тауар кешендері және қызметтерін, туризмге сұраныс қазіргі кезде көптеген халықтарды тартады. Туризмге сұраныс өте көп. ХІХ ғасырдан бастап туризм көптеген аймақтардың экономикасына маңызды әсер етті. Туризм экономикаға туристік бірлік ең маңызды іс болады және сұраныспен тығыз байланысты. Туристік қызмет ең маңызды үш элементтен тұрады:

  • Туристік қызмет;
  • Көлік базалары;
  • Туристік шаруашылық.

Бұл элементтер қоршаған ортан мен әлеуметтік, экономикалық фак торларымен тікелей байланысты.

Туристік сұраныс туристік тауарлар мен қызметтерден тұрады.: Туристік сұраныс туристік тауарлар мен қызметтерден тұрады.
:
Туристік тауарлардың қажеттілігі; саяхат: Туристік тауарлардың қажеттілігі; саяхат
Туристік ұсыныс туристік баға және туристік қызмет: Туристік ұсыныс туристік баға және туристік қызмет

Туристік бағалар; Туристік

Туристік ресурстар; қызмет

Ұсыныс;

Инфрақұрылым

Туризм саласы жапы алтын жұмырқа тасушы тауық болып саналады. Барлық туристік орталықтар мен аудандар туризм арқылы пайда тауып қана қоймай, туризмнің дамуына оның ішкі және сыртқы елдер нарығында дамуы үшін туристік индустрия мен туристік тауарға көптеген қорлар бөлуде туризмнің дамуы үшін бөлінген қорлар өз өтемдерін өтейді және олар сол мемлекетке одан да көп пайда әкеледі. Сараптаудың бағасы бойынша қазіргі кезде туризмнің ең көп баратын жері Қытай болып саналады. Әлемдік туристік экономика да Қытай ең тартымды аумақтардың бірі, ол туризмді өзінің тартымды, қызықты туристік объектілерімен тартады. Ал 2010 жылы Қытайға 125 млн шетел туристері келуі де жоспарлануда. Туризмдегі қызмет көрсету сапасы халық шаруашылығы өсімінің дамуындағы аса маңызды проблемалардың бірі халықаралық нарық та қызмет көрсету жоғары сапасы бәсекелестік күресте ең мықты қару болып табылады. Қонақ үй, мейрамхана, қызмет көрсету бюролары әлемдегі белгілі бір туристік кешендерінің қызмет көрсетуіне көңілдері толған туристтер сол елдердің белсенді жарна малаушылары болады. Олар осы орындарда бірнеше рет болып, туристік топтардың санын артыруларымен қатар сол туристік аудан дардың репутациясына жоғары баға беріп кетеді. Қызмет көрсету сапасынан туризмнің экономикалық эффектілігі арта түседі. Туристік іс шараларда қиындық қызмет көрсетудегі сапаны анықтау кезінде туындайды. Экономикалық, техникалық және басқа факторлардың әсері қызмет көрсету сапасын мүмкіндік бермейді. Сапа экономикалық категория секіліді өндірістік қатынасты құрайды. Егер өнім мен қымет көрсету көпшілікке қажет емес жағдайда онда сапа анықталмайды. Осыдан сапа экономикалық категория екенін білеміз. Ал тұтынушы бағасымен тығыз байланыста болады. Экономикалық категорияның сапасын анықтар кезінде, сапа мен нақты еңбек арасындағы байланысты ескерген жөн. Олардың арасындағы тығыз байланыстарының болу себебі сапа нақты еңбек пен тәуелді болады, нақты еңбектерінің квалификациясы қанша жоғары болса, тұтыну бағасы мен сапасы сонша жоғары болады. Қапшағай қаласының даму стратегиясын қалыптастыру барысында өнірдің экономикалық қызметінің қалыптасқан және жоспарланатын аумақтық ұйымдастырылуы ескерілген. Қаланың даму стратегиясы Алматы облысының ұлттық, аймақтық және әлемдік шаруашылық жүргізу жүйесінде тиімді орнығуына жағдай жасайды, бұл Қазақстан Республикасы ұлттық экомикасының бәсеке қабілеттілігін арттырады. Облыстық бағыныстағы Қапшағай қаласы географиялық, көліктік тұрғыдан алғанда өте қолайлы жерде орналасқан. Бұл өңір орталық және солтүстік Қазақстанды Ресей және Европа елдерімен, ал Алматы облысының солтүстігін Қытаймен жалғастырады. Дамыған өнеркәсібі, туристік және сауықтандыру кешені, су және темір жол көлігі мен кең көлемді қызмет көрсету саласы бар Қапшағай қаласы - Алматы қаласының серігі болып табылады. Аймақты қалыптастыру процессі барысында Қапшағай қаласы мен оған жақын орналасқан аумақта өнеркәсіп айтарлықтай дамыды. 2007 жылы қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 2006 жылғы 16765, 7 млн. теңгеге қарағанда 19041, 4 млн. теңгенің өнімін өндірді. Бұлар дәнді дақылдардан тартылған ұн, қоспа жем, этил спирті және арақ, фарфордан жасалынған асханалық және ас үйлік ыдыстар, гипсокартон тақталары, жылытылған қабырға қаптамалары, құрылыс, керамикалық және қаптау кірпіштері, бетоннан жасалған құрылыс материалдары, металлоконструкциялар мен тауарлық бетон. 2006 жылға қарағандағы өндірілген өнімнің нақты көлемі 103, 0 %-ды құрады. Соңғы 2 жылда өңір экономикасына инвестиция тартуда елеулі жетістіктерге қол жетті. 2005 жылы аймақтың экономикасына 3, 9 млрд. теңге тартылса, 2006 жылы 10, 8 млрд. теңге тартылды. 2007 жылы 10, 6 млрд. теңгеге инвестиция тарту белгіленген. Қапшағай қаласын дамыту Стратегиясының мақсаты республиканың ұлттық экономика жүйесінде тұрақты дамуы табылады.

Стратегия мақсатын жүзеге асырудың негізгі бағыттары:

-аймақтағы тұрғын халықтың тұрмысы мен өмір сүру сапасын жақсартуға жағдайлар жасау;

-адамның қызмет атқару ортасына қауіпсіз және қолайлы нормаларды сақтап, сапалы экономикалық өсім қарқынын қамтамасыз ету;

- экономиканың шикізаттық емес секторларын жеделдетіп дамытуға және аумақтық, геоэкономикалық үндесе дамуға, аймақтың ұлттық, өңірлік жәе әлемдік шаруашылық жүйесінде тиімді орналасуына бағытталған аймақтық экономиканың және жалпы республикалық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар қалыптастыру;

-табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғауды, мәдени мұраларды, жергілікті салт-дәстүрлер мен ерекшеліктерді сақтауды қамтамасыз ету.

-Қапшағай қаласын 2015 жылға дейін дамыту стратегиясының МІНДЕТТЕРІ төмендегілер болып табылады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризмнің экономика сферасына әсері
Рекреация ұғымы сұрақ-жауап түрінде
Бизнестің туризмдегі алатын орны
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясаты
Жамбыл облысындағы туристік қызметтің даму жолдары (Жамбыл облысының мәліметтері бойынша)
Туризм мамандықтарына арналған дәрістік кешені
Туризмология пәнінен дәрістер
Туризм тарихын географиялық түрғыдан оқу
Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері
Туристік фирманың қысқа мінездемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz