Жер қатынастары


Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «2010-2012 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы
XXI сессиясының №262 шешіміне сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. С. Рақымбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы 2010 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысы
әкімдігінің
2009 жылғы «24 » желтоқсандағы
№34/12 қаулысымен бекітілген
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
2010-2014 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ
Мазмұны
1. Міндеті мен көрінісі 3
2. Ағымдағы жағдайды талдау 3
3. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері 6
4. Функционалдық мүмкіндіктер мен ықтимал тәуекелдер 8 10
5. Бағдарламалық және басқа нормативті актілер 10 12
6. Бюджеттік бағдарламалар 11 13
1. Міндеті мен көрінісі.
Міндеті.
Қарағанды облысында жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекелестігін жоғарлату, сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Көрінісі.
Облыстың жер ресустарын тиімді және ұтымды пайдалану.
2. Ағымдағы жағдайды талдау.
Кәзіргі уақытта есепке алу мәлметтері бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншігінде 216, 8 мың жер учаскелері есептеледі жалпы көлемі 38, 3 мың. га, яғни облыстағы жер қорының 0, 09% құрайды.
Жер ресурстарының зерделенген саласында, ағымдағы жағдай келесі үлгіде құралады. Облыстағы ауыл шаруашылықта пайдаланатын жерлердің 37421, 9 мың. га, барлық ауыл шаруашылықта пайдаланатын жерлердің көлеміне 2856, 9 мың. га немесе 7, 6 % (топырақ картасы, топырақ топтамаларының агроөндірістік картограммасы) топырақты тексергенде сапалы мәлмет бар.
Ауыл шаруашылықта пайдаланатын жер көлемінің 30316, 7 мың. га әр түрлі жылдарға геоботаникалық іздестіру материалдарының қоры бар, оның ішінде 30316, 7 мың. га ескірген, яғни қайта тексеруді қажет етеді. Жер учаскелерінің негізгі бөлігі елді мекендердің жерінде сандық көрсетумен, мында қажетті масштабта картографикалық жоспар негізінің болмауы.
Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорында мемлекеттік иелігінен алу және жекешелендіру барысында, сонымен қатар ауыл шаруашылық саласы нарықтық қарым- қатынасқа өтумен, жер ресурстарын пайдалануда нәтижелігі мен мақсатты әрекетте жақсарту мәселелері туды, іс жүзінде облыстың барлық жер категориясына тән.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерде шындығында облыстың барлық аудандарында жердің сапалы көрсеткіштері тұрақты тенденциясы нашарлағаны байқалады, жеке алғанда топырақта қарашірік құрамының және құнарлы заттардың төмендеуі, өсімдік түрлерінің құрамы және оның өнімділігінің төмендеуі, мал шаруашылығы саласының дамуына кері әсерін тигізеді. Облыстың ауыл шаруашылыққа пайдалы жерлерінің деградацияға, ластануға шалдығып топырақтың құнарлығының төмендеуіне ықпал жасайды.
Ауыл шаруашылық айналымнан айтарлықтай түгел жер көлемі соңғы он жылдықта шығарылды және жер қорына ауыстырылды, облыстағы жер қорының құрылымында кездейсоқтық емес - 50, 1 %, соның ішінде ауыл шаруашылыққа пайдалы жерлер 46%. Ауыл шаруашылықта түгендеу мәлметтері бойынша егістікке жарамды жердің 446, 4 мың га. , оның көп бөлігі ауыл шаруашылық тауарларын өндірумен бос емес, ал жер қорында тек 97, 2 мың. га есептеледі.
Суарылатын жерлер мен жайылма суару жерлерді пайдалану жер пайдалануада ерекше өзектілікке ие болуы белгілі, яғни көлемі 87, 9 және 83, 5 мың га. көлемді құрайды, ал мақсатты нысанада 67, 3 және 35, 1 мың. га пайдаланады.
1980- 2003 жылдар аралығында «ҚарағандыжерҒӨО» ЕМК мәлметтері бойынша, ауыл шаруашылыққа пайдаланатын жерлердің жалпы ауданы су және жел эрозиясына ұшыраған 722, 9 мың га. құрайды, оның ішінде 162, 4 мың. га. жыртылатын жер және облыс аумағында ауыл шарушылықта пайдаланатын жерлерде ластанудың ұлғайғаны байқалады.
Топырақты өңдеу технологиясының бұзылуы нәтижесінде, минералды және органикалық тыңайтқыштарды пайдалану көлемі бірден қысқарғаннан, топырақтың құнарлығының нашарлауы байқалды, соның салдарынан ауыл шаруашылық мәдени дақылдарының астық өнімділігі төмендеді.
Облыс аумағында ауыл шаруашылыққа пайдаланатын жерлердің біраз бөлігі жердің құнарлығына кері әсерін тигізетін белгілерінің болуымен сипатталады.
Айдалған жерлердің құрамында топырақтың әр түрлі дәрежесінде қиыршық тасталған 164, 5 мың. га. алады немесе 14, 6 %, әр түрлі дәрежеде тұздалған - 123 мың. га, топырақтың сортаңдаған кешені 366, 4 мың. га. немесе 32, 5 % дефлирленген - 64, 5 мың. га, шайылған - 85, 1 мың га, батпақтанған - 11, 3 мың. га. және сөзсіз жарамды жер 427, 9 мың. га, немесе 38% құрайды. Соның ішінде Нұра ауданы бойынша - 82, 6 мың. га, Осакаров бойынша - 152, 4 мың. га. құрайды.
Шабындық жағдайының мәдени техникалық сапалы есепке алу мәлметтері бойынша келесі көрсеткіштермен сипатталады: таза - 372, 3 мың. га, бұтақталған - 4, 0 мың. га, улы өсімдіктермен басқан - 0, 4 мың. га, төмпешіктермен жапқан - 8, 4 мың. га.
Мәдени техникалық жағдайы бойынша жайылымдылық жер келесі түрде бөлінеді: жақсартылған - 885, 6 мың. га, таза - 22174, 8 мың. га, төмпешіктермен жапқан - 771, 2 мың. га, бұтақтанған - 4685, 4 мың. га, орманданған - 137, 9 мың. га, тастанған -1276, 0 мың . га, қылқан селеуленген - 2442, 6 мың. га, соғылған - 1021, 2 мың. га.
Елді мекендерден өнімді жайылымдардың үлкен алыстығына байланысты, сонымен қатар суландырылмағандықтан, оның көп бөлігі пайдаланбайды.
Азыққа пайдалы жерлердің экологиялық жағдайы, әсіресе елді мекендерге жақын орналасқан өнеркәсіп нысаналарының әсерінен нашарлауы жалғасуда.
Жердің сапалы мәлметтері бойынша, су және жел эрозиясына ұшыраған ауыл шаруашылықта пайдаланатын жерлердің жалпы көлемі 722, 2 мың. га. немесе 1, 9 % құрайды, оның ішінде 162, 4 мың. га. егістік жер. Жыртылған жерлердің едәуір алқабында топырақтың дегумификациясы байқалады, соңғы отыз жыл ішінде топырақта қарашіріктің құрамы 10%-тен 20% дейін төмендеді.
Кәзіргі уақытта аумақтарда жер учаскелерін және ірі елді мекендердің қала аймағында тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру бағдарламасы үшін және инновациялық жобаларды резервте ұстау мәселесі өзекті болуда, сонымен қатар мемлекеттік құрылыс және әлеуметтік нысаналар үшін жер учаскелерін алумен байланысты, бірталай қаражатты жиі қажет етеді.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлерде пайдалы қазбалардың, көпшілікке арналған картасының болмауы, анықталмауы, сондай- ақ жергілікті және республикалық маңыздағы жолдардың шекаралары бекітілмеген.
Келелі мәселенің бірі болып табылатын, облыс аумағы пайдалы қазбалармен бай болғанмен, жеке алғанда басым түрлері: көмір, түсті және қара металлдар, сонымен қатар көптеген пайдалы қазбалардың көпшілікке таралған кен орындары, бірақ тез арада пайдалануға жарамды учаскелерді барлауға мүдделі, геологиялық барлау жұмыстары өндіру кәсіпорындары күшімен жүзеге асырылғандықтан, облыстағы табиғи байлықтарды нәтижелі пайдаланбауға жиі жол береді.
Түгел дерлік өңірдегі бай шикізат әлеуетін пайдалану, сонымен қатар топырақтың радиоактивті ластануына әкеледі және жер алаптарының едуір бұзылуын қалыптастырады, рекультивация екпіні соңғы жылдары жақсартуды керек етеді, облыс бойынша бұзылған жердің алқабы 40, 9 мың. га, құрайды, оның өңделгені- 26, 3 % .
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерінде жергілікті маңыздағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында жергілікті жердің шекаралары, тарихи- мәдени нысандар карталарының болмауы.
Әсіресе бұл Қарағанды, Теміртау қалаларының аумағында өзекті, үлкен материалдық ресурстар мен жоғары интеллектуалды әлеуетті иеленетін, жер ресурстарының нарықтық әлеуетін тез және нәтижелі жұмылдыруға мүмкіндік береді, көрсетілген қалалардың тіршілік қарекетінде маңыздырақ салаларға ірі масштабтағы инвестицияларды тарту.
Балқаш жағалауының аймағында топырақ сапасының елеулі өзгергені байқалғанын атап өту керек, жеке алғанда тұздану, шөлге айналу, топырақтың уытты заттармен және ауыр металлдармен ластануы болып жатыр.
Сөйтіп, нарықтық экономика жағдайында тұтас алғанда, нарықтың дамудың келешегі туралы әділ және сенімді ақпаратқа экономикалық процестің қатысушыларының қызығушылығы елеулі өсуде. Сондықтан қаражат мүмкіндігінің шектеулігін есепке алып, барлық Мемлекеттік жер кадастрын қалыптастыратын барлық мәлметтерді кешенді талдау жүргізу орынды, содай- ақ нақты жағдайда қолайлы басқаратын шешімдердің негіздеу және қабылдау үшін уақтылы және әділ мәлметтерді алу маңызды ақпарат көзі болып табылады.
3. Стратегиялық бағытттары, мақсаттары мен міндеттері
өлшем
бірлігі
2008
жыл
2009
жыл
2010
жыл
2011
жыл
2012
жыл
Пайдаланушылар
саны (мың. )
%
мың.
га
0
0
7, 5
1159
10, 0
1546
13, 0
2009, 8
16, 0
2473, 6
20, 0
3092, 0
23, 0
3555, 8
%
мың.
га
0
0
0
0
12, 0
27, 2
15, 0
34, 0
17, 0
38, 6
19, 0
43, 1
22, 0
49, 9
4. Функционалдық мүмкіндіктер мен ықтимал тәуекелдер
Облыстың жер ресурстарын ұтымды пайдалану, жер қатынастарын жетілдіру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мен жер учаскелерін материалды активтер қатарына жатқызу және оларды қаржы- экономикалық айналымына енгізу- бұл жер реформасын тереңдетуге қажетті, облыстың жер қатынастары басқармасымен үйлестірілетін міндеттер тізімінің бір ғана бөлігі.
Басқарманың ішкі ортасын өзгерту, сонымен қатар мүдделі мемлекеттік органдармен толық қарым- қатынастарды дамыту жөніндегі жоспарланып отырған және өткізілетін іс- шаралардың бірқатары алға қойылған стратегиялық мақсаттарға жетуге септігін тигізеді.
Алға қойылған міндеттерді шешуге ықпал тигізетін ішкі факторларға Стратегиялық жоспардың анықталған бағыттарына сәйкес, облыстың жер қатынастары басқармасы на және қалалар мен аудандардың жер қатынастары бөлімдерінде жаңартылған құрылымды енгізуге жатқызуға болады.
Қалалар, аудандар мен ауыл округтері әкімдіктерімен өзара қарым- қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған жер ресурстарын басқару саласындағы қызметтер мен өкілеттікті шектеу аясында өткізілген жер қатынастары басқармасының тік жүйесін дамытумен қатар, жер қатынастары мәселелері жөніндегі сектораралық өзара қарым- қатынасты дамыту қажет деп санаймыз.
Жер қатынастары саласындағы алға қойылған мақсаттарға жетуге ықпал етуші мемлекеттік органдар қатарында ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау басқармаларын, қалалар, аудандар, кенттермен ауыл округтерінің атқарушы органдарын атап өтуге болады. Қарағанды, Ақмола облыстары және Астана қаласы бойынша өңіраралық жер инспекциялары, әділет, прокуратура органдарымен қарым-қатынас жасау Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу жағдайларының санын азайтты.
Сектор аралық қарым-қатынас
Қалалар мен аудандардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары - жерлерді сандық есепке алудыжетілдіру бойынша ұсыныстарды келісу
СД- ведомоствалық статистикалық есеп берушіліктің, атрибутивті және графикалық ақпаратты жүргізу тәртібі мен мазмұнының формаларын келісу
Басқарманың алға қойған мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ете алатын көлемі шектелген ресурстар түрлері бойынша басқарманың ықтимал тәуекелдігін анықтау ұсынылады.
Кадрлық потенциал. Басқарманың штаттық саны оның құрылған күнінен бастап өзгерістерге ұшырамаған, дегенмен облыс аумағы Республика бойынша ең үлкен болып табылады және жыл сайын анықталған жер көлемін айналымға қосу арқылы жер қатынастарын реттеу жөніндегі жұмыс түрлері көбейе түсуде.
Басқарма қызметіне жүргізілген талдау функционалдық міндеттердің ұлғаюына байланысты, штат санын көбейту қажеттілігін дәлелдеп отыр.
5. Нормативті құқықтық актілер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz