Шарттың мәні



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Туристік қызмет көрсету шарты №

Алматы каласы
_____________ ж.

Khan-Turan Travel ЖШС атынан жарғы негізіне және № ТО-108 0134026
2009 жылдың 14 қыркүйегінде ҚР туризм және спорт министерствосының
Индустрия және туризм комитеті ҚБ берген лицензия негізінде әрекет етуші
директор Ахметова Мунирам Касымовна, әрі қарай Орындаушы деп аталып,
бірінші тараптан, және
___________________________________ _______________жылдан әрі қарай
Тұтынушы деп аталып, екінші тараптан, әрі қарай Тараптар деп аталып,
төмендегі келісімді
( Шартты) жасады:

1. Шарттың мәні

1. Орындаушы Тұтынушының тұтынуын оның саяхат жасау кезінде және осы
саяхатпен байланысты, осы Шартта қарастырылған көлемде және талаптарды
қанағаттандыру үшін қажетті туристік қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.
2. Орындаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі қолданыстағы АМАНАТ
ИНШУРЕНС № ОГПОТ 000394 туроператордың міндетті азаматтық-құқықтық
жауапкершілігі шартына сәйкес сақтандырылған.
3. Тұтынушының отбасы туралы деректері:
___________________________________ _____
4. Іске асырылатын туристік өнімге қатысты Тұтынушыға ұсынылатын ақпарат
(саяхаттың бағдараламасы мен маршруттың сипаттамасы, саяхаттың басталатын
және аяқталатын күні және уақыты, тасымалдау бойынша қызметтер және
басқалар), осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын № 1 Қосымшада
көрсетілген.

2. Жүкті баратын жерге жеткізу шарттары және тұтынушының жүгін жеткізумен
байланысты басқа шарттар

1. Тұтынушының жүгін баратын жеріне жеткізу жүкті жеткізу (тасымалдау)
туралы Тасымалдаушының нормативтік актілері мен ережелеріне сәйкес
жүргізіледі. Осы шарт бойынша Тасымалдаушы болып Тұтынушыны және оның
жүгін тасымалдау бойынша қызмет көрсететін тиісті субъект (авиакомпания
және басқа да көлік ұйымдары) мойындалады. Тұтынушы мен Орындаушы жүкті
тасымалдау кезінде оның сақталуына жауапкершілік Тасымалдаушыда болатынына
келіседі.
2. Тұтынушы мен Орындаушы баратын жердегі жүктің сақталуына жауапкершілік
Орындаушыда және туристерді орналастыратын жерлердің иесі болып табылатын
тиісті субъектілерде (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар,
қонақжай үйлер, демалыс үйлері, пансионаттар және туристер тұруға және
оларға қызмет көрсетуге пайдаланылатын ғимараттар мен имараттар) болатынына
келіседі..
3. Тұтынушының жүгінің жоғалу, бүліну тәуекелі, осындай жүк Тұтынушының
өзінде болғанда, соңғыда болады. Тұтынушы өзінің жүгіне мұқият қарауға
міндеттенеді және оның жоғалуына, бүлінуіне, ұрлануына және т.б. ықпал
ететін жағдайларды жасамауға міндеттенеді.
4. Жүктің құрылымына сақтауға және тасымалдауға тыйым салынған заттар
болғанда, сонымен қатар сақталуы мен тасымалдануына арнайы ережелер
белгіленген заттар кіргенде Тұтынушы осындай заттарды сақтау, ие болу
немесе өкімдік етуге өз бетінше жауапты болады.

3. Бағасы және оны төлеу тәртібі

1. Осы шарт бойынша қызмет көрсету құны 208758 теңгені құрайды.
2. Турдың құрамына кіретін қызметтерді алғанда, Орындаушы Тұтынушыға
туристік ваучер береді (жәненемесе туристік жолдама). Орындаушы
Тұтынушының келісімінсіз қосымша ақылы қызметтер көрсетпейді. Тұтынушы
ондай қызметтерге ақы төлеуден бас тарта алады, ал егер оларға ақы төленген
болса, Орындаушы төленген соманың қайтарылуын қамтамасыз етеді.
3. Шартқа қол қойылғанда Тұтынушы тур үшін 100% төлемді төлеуге не Шарттың
3.1. тармағында көрсетілген құнның минимум 40% көлемін алдын ала төлеуіне
құқылы болады.
4. Тұтынушы Орындаушыға турдың құнының төлемін Шартқа қол қойылғаннан
бастап 3 күн ішінде толық көлемде жүргізеді. Шарттың осы тармағы бұзылған
жағдайда, Орындаушы Шарт бойынша қызмет көрсету үшін төлемнің коммерциялық
бағамын өзгертуге құқылы болады. Тұтынушы төлеуге тиісті турдың құнын
туризм жөніндегі менеджер анықтайды. Егер менеджер бағаны көрсеткен кезде
қателік жіберген жағдайда, Орындаушының ресми жарияланған прайс-
парақтарындағы көрсетілген баға дұрыс баға болып есептеледі.
5. Орындаушы мауысымдағы көлік тарифтерінің, авиациялық отынның бағасының,
консулдық (елшілік) жинаулардың, салықтардың, отель бағаларының
тұрақтылығына кепілдік бере алмайды. Тарифтер көтерілгенде Орындаушы Шарт
бойынша қызметтер құнын, жол жүруге 5 күн қалғанға дейін кешіктірмей
Тұтынушыға ол туралы ескертіп барып өзгертуге құқылы. Тұтынушы қосымша ақы
төлеуден бас тартқан жағдайда, осы шарт бойынша Орындаушының Тұтынушыдан
алынған сомасы турды ресімдеу бойынша Орындаушының нақты шығарған
шығындарын ұстап қалып қайтарылады. Осы жағдайда турдың бұрынғы брондалуын
растауға төлем бойынша міндеттердің орындалмауына байланысты кепілдік
берілмейді.

4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

1. Саяхатқа дайындалғанда, оны жасағанда, транзитті қоса алғанда
Тұтынушының құқықтары:
- өзінің жеке қауіпсіздігі немесе мүлкіне қол сұғылған жағдайда
консулдыққа, дипломатиялық, басқа мемлекеттік, сонымен қатар туристік
өкілдіктерге өтініш жасауға;
- уақытша баратын елінің (жердің) ережелері туралы, сонымен қатар уақытша
болған елден (жерден) кету және онда болу ережелерін, уақытша болатын
елдің (жердің) заңнамаларының ерекшеліктері туралы, жергілікті халықтың
салттары туралы, діни салттары, табиғат ескерткіштері, тарихы, мәдениеті
мен айрықша қорғаудағы басқа да туристік көрсету нысандары, қоршаған
ортасының жағдайы туралы қажетті және нақты ақпаратты білуге;
- еркін қозғалуға, уақытша болатын елдің (жердің) шектеулі шараларын ескере
отырып, туристік ресурстарға еркін қол жеткізуге;
- туристік қызмет көрсету шартының талаптары орындалмаған жағдайда,
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Орындаушыдан,
шығындар мен рухани зияндық келтіргені үшін өтем алуға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған талаптарда және
тәртіптерде Орындаушы Шартты орындамаған және тиісті түрде орындамаған
жағдайда Шартты бұзуға;
- Шартты орындаудан бас тартқаны туралы хабарламаға дейін көрсеткен қызметі
үшін нақты кеткен шығындарын Орындаушыға төлеген жағдайда, Саяхат
басталғанға дейін Шартты орындаудан бас тартуға;
- жазып берілген сақтандыру полисіне сәйкес жедел медициналық көмек алуға;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік өкімет органдарының шетелдік
туристерге құқықтық және басқалай көмек түрлерін алуына жәрдем беруіне;
- қолдағы бар байланыс құралдарына еш кедергісіз қол жеткізуге.

2. Тұтынушының міндеттері:

- уақытында және толық көлемде Орындаушыға құжаттарды беру және
саяхатты ұйымдастыру үшін қажетті өзі туралы нақты шын мәліметтерді
хабарлау, сондай-ақ Орындаушы қызметін осы Шартта белгіленген тәртіпте
толық көлемде төлеу;
- уақытша болатын елдің (жердің) заңнамасын сақтау;
- уақытша болатын елдің (жердің) қоршаған ортасын сақтау, табиғат
ескерткіштеріне, тарихына және мәдениетіне қамқорлықпен қарау;
- уақытша болатын елге (орынға) кіру және онда болу, сондай-ақ уақытша
болатын елден (жерден) кету және транзитпен өту елдерінің ережелерін
сақтау;
- саяхат кезінде өз басының қауіпсіздігін сақтау;
- туристтердің қауіпсіздік талаптарынан тұратын Турист Жадынамасындағы
айтылған талаптармен танысу және оларды сөзсіз орындау және Тұтынушы
саяхатты жүзеге асырғанда өзін ұстаудың басқа ережелерін сақтау.
Жадынамадағы көрсетілген шарттармен Тұтынушы келіспеген жағдайда, осы Шарт
жасалмаған болып саналады және Орындаушы үшін ешқандай міндеттер
жүктемейді. Көрсетілген жадынамамен Тұтынушының келіспеуі осы Шартты
орындаудан бас тарту болып саналады және 5.4. тармағында қарастырылған
залалдарға әкеледі;
- осы Шартқа қол қойылған сәтте тиісті сақтандыру компаниясымен маршрутта
болған уақытта медициналық сақтандыру шартын жасау;
- кететін әуежайға тіркелуге уақытында келу (халықаралық рейстерге тіркеу
авиабилеттегі көрсетілген ұшу уақытына дейін 3 сағат бұрын басталады);
Әуе кемесінің бортында болғанда, қауіпсіз ұшуды қамтамасыз ету мақсатында
Тұтынушы экипаждың (бортжолсеріктердің) талаптарын орындауға міндетті.
Уақытша болатын елге (жерге) саяхат жасауды көздеген Тұтынушы халықаралық
медико-санитарлық ережелерге сәйкес профилактикадан өтуге міндетті. Басқа
міндеттер - уақытша болатын елдің (жердің) заңнамасымен анықталады.
3. Орындаушы Шартты орындаудан, ол Тұтынушының кінәсінен болған жағдайдан
басқа жағдайларда, тек Шартты бұзумен келтірілген залалдарды тапсырыс
берушіге толығымен өтеген жағдайда ғана бас тартуға құқылы болады.

4. Орындаушының міндеттері:

- осы Шарт бойынша тиісті түрде, сапалы және мерзімінде қызмет көрсету;
- Тұтынушыға туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді
көрсететін нақты үшінші тұлғалар туралы анық ақпарат беру, сондай-ақ
тікелей турлар және олардың құны туралы, турларды ұйымдастыру және өткізу
туралы шарттары туралы, шығу құжаттарын ресімдеу тәртіптері мен мерзімдері
туралы ақпарат беру;
- Тұтынушыға туристің қауіпсіздік шараларынан тұратын туристің Жадынамасын
қол қойғызып алып, және туристік саяхатты жүзеге асырғанда өзін-өзі
ұстаудың басқа ережелерімен таныстыру және оларды беру;
- Тұтынушыға саяхат жасау үшін қажетті құжаттарды ресімдеуде жәрдем беру
(авиабилеттер, туристік ваучерлер, сақтандыру полистері және т.б.), қосымша
қызметтердің құнын Орындаушы анықтайды;
- Тұтынушының баратын жерге (баратын елдегі әуежай-отель-әуежай трансфері)
шығарып салуды, күтіп алуды, жөнелтуді қамтамасыз ету;
- көліктің кез келген түрінде жолаушыларды тасымалдағанда, Тұтынушыға
жөнелту және баратын жердің аттары, жолаушылардың негізгі құқықтары мен
міндеттері көрсетілген, жеке немесе топтық (туристік топқа қызмет
көрсеткенде) тасымалдау билетін (билет) беру;
Саяхат басталғанға дейін үш күнде Тұтынушыға уақытша болатын елге (жерге)
барудың, одан шығудың және онда болудың ережелері туралы, ол елдің
заңнамаларының ерекшеліктері туралы, жергілікті халықтың салттары туралы,
діни салттары, табиғат ескерткіштері, тарихы, мәдениеті мен айрықша
қорғаудағы басқа да туристік көрсету нысандары, қоршаған ортасының жағдайы
туралы қажетті және анық ақпараттан тұратын саяхаттың ерекшеліктері туралы
мәліметтерді, сондай-ақ саяхат жасағанда кездесуі мүмкін қауіптер туралы
жазбаша түрде мағлұмат береді және Тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге бағытталған алдын ала ескерту шараларын жүзеге асырады;
- Саяхат кезінде Тұтынушының төтенше жағдайға тап болғаны туралы туристік
қызмет саласындағы уәкілетті органға және табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ Тұтынушының
отбасына осы хабар туралы өздері болған сәттен бастап немесе білуі тиіс
сәттен бастап тез арада хабарлайды. Егер төтенше жағдай шетелдік
туристермен Қазақстан Республикасының аумағында болса немесе Қазақстан
Республикасының азаматтары-туристермен Қазақстан Республикасының аумағынан
тыс жерде болса, Орындаушы дипломатиялық қызмет органдарына да хабарлайды.
- Тұтынушы Қызмет көрсету бағдарламасының орындалуына қанағаттанбағанда,
одан наразылық өтініш алады және оны берілген күнінен бастап 30-күндік
мерзімде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәміле ұғымының қоғамдағы маңызы
Шарттар туралы жалпы ережелер
Ақысыз шарттар
АЙЫРБАС ШАРТЫНЫҢ ТАРАПТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Жарамсыз мәмілелердің ұғымы
Халықаралық құқықтағы халықаралық шарттар институты
Үшінші жақтың пайдасын жасалатын шарт
Мәміленің жарамдылық шарттары
Шартты жасасу, өзгерту және тоқтату
Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтері
Пәндер