Қаржы нарығының үлгілері


Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы және оның үлгілері
Қаржы нарығының жаһандануы кезінде бағалы қағаздар нарығы және оның дамуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қаржы институттар мен бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы болып табылатын мекемелердің дамуы бағалы қағаздар нарығының отандық экономиканың құрамдас бөлігі ретінде танылады. Алайда, соған қарамастан отандық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жетіле дамымауы сипат алады.
Бағалы қағаздар нарығы еліміздің егемендігімізді алғаннан бастап қалыптасты. Бағалы қағаздар нарығын дамытуда көптеген шет елдік тәжірибелерді қолдануда. Бірақ, басқа мемлекеттерге ұқсамайтын тәжірибеміздегі кейбір жағдайлар ерекшелінеді. Мысалға, «репо» операциясы осылардың қатарына жатқызылады. «Репо» операциясы кезінде клиент бағалы қағаздарды кепілге бере отырып қысқа мерзімде несие алу және қайта бағалы қағаздарды қайтып алу мен несиені қайтару мәмілесін білдіреді. Батыс тәжірибелерде «репо» операциясы бағалы қағаздар нарығының барлық мәміледен аз ғана үлесін алады. Ал, Қазақстан Республикасында бұл көрініс қарама-қайшы. 2006 жылы Қазақстан қор биржасында айналыстың 67, 2%-ы «репо» операциясына тиесілі. Ал, 2005 жылы 75, 6%-ын құрады. Салыстыру негізінде 2004 жылды алсақ, оның биржалық мәміледегі сипаты 71, 4%-ын құрады. Әр жыл сайын бұл операцияның келемі негізгі операциялардың бірі ретінде сипат алады.
«Репо» операциясының қарқын-ды дамуы ең алдымен отандық бағалы қағаздар нарығындағы етімді активтердің аз болуын куәландырады. Сондықтан да биржа қатысушыларының негізгі сауда айналыс объектісі ретінде «репо» операциясына тіреледі.
Жалпы теориялық тұрғыдан алғанда, бағалы қағаздар нарығын бірқатар үлгілерге жіктейді. Көбінесе келесідей үлгілері кездеседі:
• банктік үлгі;
• банктік емес үлгі;
• аралас үлгі.
Коммерциялық банктерге тәуелділігі
Банктік несиелердің сипаты
Төмен
Қысқа мерзімді
Жоғары
Орта-ұзақ мерзімді
Бағалы қағаздар нарығының қай үлгіге жататыны қаржылық институттардың қайсысы басыңқы орнын алатынына байланысты болып келеді. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы қай үлгіге жататыны бойынша пікір-талас бар. Отандық бағалы қағаздар нарығы аралас үлгі ретінде тұжырымдайтын экономистердің пікірінше, бағалы қағаздар нарығының қатысушылары көбінесе банктік емес ұйымдар атқарады. Сондай-ақ, мемлекеттің бекіткен ережелерінде кейбір қызмет түрлерін тек қана банктік емес ұйымдар атқаруға құқықтары бар болғандықтан осы институттардың бағалы қағаздар нарығындағы орнын анықтайды. Алайда, бағалы қағаздар нарығын банктік үлгіге жатқызуға келесідей факторларды анықтауға бола-ды:
1) «репо» операциясы биржалық мәмілелердің негізгілерінің бірі, ал оның қатысушылары коммерция-лық банктер болып табылады;
2) көптеген брокерік ұйымдар коммерциялық банктердің еншілес компаниялары болып табылады (ҚР заңнамасында коммерциялық банктерге бағалы қағаздар нарығында шектеу қою салдарынан, коммерциялық банктер еншілес компанияларды құру арқылы заңнамалық шарттарды айналып өтеді) ;
3) алғашқы дилерлер қызметін, яғни мемлекеттік бағалы қағаздарды алғашқы нарықта орналастыру қызметін, тек қана коммерциялық банктер атқара алады;
4) бағалы қағаздар нарығының институционалды инвесторлардың бірі зейнетақы қорлары кастодиандық келісім-шарт жасасуға міндетті, ал кастодиандық қызметпен тек коммерциялық банктердің құқықтары бар.
Аталған факторлар бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктердің алатын орнына қатысты банктік үлгіге сай келетініне тұжырымдауға болады.
Еліміздегі әр жыл сайынға реформалардың негізгі мақсаттарының бірі отандық бағалы қағаздар нарығының үлгісін өзгерту болып табылады. Жалпы, қаржы нарығы-ның құрамдас бөлігі болып табылатын бағалы қағаздар нарығының рөлі мен орны әр елде өзгеше. Қаржы нарығының бағалы қағаздар нарығына қатысты келесідей үлгілерді сипаттауға болады: ағылшын-американдық және жапон-немістік үлгілер. Осы үлгілердің өзара айырмашылықтарын келесідей белгілерге байланысты ажыратуға болады. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын дамыту жағдайларын қолданса да, коммерциялық банктер отандық экономикада халық және кәсіпорындар салымдарын жинақтайтын институт ретінде орнын алады. Сондықтан да біздегі үлгі негізінен жапон-немістік үлгі ретінде танылады. Қазақстан Республикасы жапон-немістік үлгі ретінде тануы келесідей белгісіне қарай жатқызады:
• ірі кәсіпорындардың сипат алатын мемлекеттің құрылымдық экономикасының болуы (кейбір салаларда монополистік құрылымды байқауға болады) ;
• алдыңғы уақыттағы болған жекешелендірудің ерекшелігі;
• қаржылық-өнеркәсіптік топтардың болуы және оларға көптеген ірі кәсіпорындардың жатқызылуы (мұндағы кәсіпорындар коммерциялық банктердің акция ұстаушылары және сәйкесінше банктің клиенттері ретінде көрініс табады) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz