Қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау
ӘОЖ 373.3.016
Қолжазба құқығында
СУЮБЕРДИЕВА АЙМАН ӘБДІРАЗАҚҚЫЗЫ
Оқу-тәрбие үдерісінде қазақ халық педагогикасының
құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының
эстетикалық талғамын қалыптастыру
13.00.01. – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,
этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Шымкент, 2010
Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университетінде орындалған.
Ғылыми жетекшілері: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Т.М.Алсатов
педагогика
ғылымдарының докторы,
доцент Д.А.
Кемешев
Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының
докторы,
профессор
Қ.Сарбасова
педагогика
ғылымдарының кандидаты,
доцент
С.С.Тлеуова
Жетекші ұйым: І.Жансүгіров атындағы
Жетісу
мемлекеттік университеті
Қорғау 2010 жылы сағат М.Әуезов
атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы педагогика
ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.20.01
диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тауке
хан даңғылы, 5. 342 ауд.
Диссертациямен М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университетінің кітапханасында танысуға болады (160012, Шымкент қаласы,
Тауке хан даңғылы, 5 үй, 2-қабат).
Афтореферат 2010 жылы сағат
таратылды.
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы
С.А.Жолдасбекова
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Тәрбиенің басты мақсаты қоғамның нарықтық
қарым-қатынас кезеңінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарында
жеңіп шыға алатын XXI ғасырды құрушы, шебер, өмірге икемделген, жан-жақты,
мәдениетті тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру - деген тұжырымдаманы негізге ала
отырып Қазақстан Республикасы қазіргі отандық білім беру жүйесінің басты
мәселелерінің бірі келешек ұрпақты заман талабына сай интеллектуалды,
жоғары мәдениеттілігі ұштасып жататын азамат етіп тәрбиелеу міндетін жүзеге
асыру.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру
жүйесінің басты міндеті ғылым және тәрбие жетістіктері мен қатар ұлттық рух
пен жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастырып,
дамытуға жағдай жасау қажеттілігі айтылған.
Қай кезеңде болмасын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-
тәрбиесі болуы хақ. Егеменді еліміздің болашақ ұрпақтарын сапа-сезімін,
ұлттық психологиясын сонау ерте заманнан келе жатқан ата-бабалар салт-
дәстүрімен, халықтық мұраларымен сабақтастыра тәрбиелеу-кәзіргі күннің
өзекті мәселелерінің айналып отыр. Себебі ең берекелі, ең парасатты
тәжірбие-халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы зергерлік ұқыптылық пен
сарапталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, тәлім-тәрбиелік ойлар.
Қазақ халық педагогикасының материялдарын бастауыш сынып
оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастырудың құрамды бөлігі ретінде
қарастыру диссертациялық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Халық педагогикасы материялдарын жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану
проблемасының тамыры терең бастаулардан алады. Қазақ халқының педагогикалық-
психологиялық негіздерін қалаған А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің,
Ш.Уәлихановтың құнды еңбектерінде өскелең ұрпақты мәдениеттілікке,
сұлулыққа тәрбиелеу мәселесіне үлкен мән берген.
Өскелең ұрпақтың эстетикалық талғамын қалыптастыру мәселесі бойынша Әл-
Фараби, Қ.А.Ясауй, Ж.Баласағұни, Ө.Тілеуқабылұлы, А.Байтұрсынов,
Ш.Құдайбердиев, С.Көбеев, Ж.Аймаутов, М.Жұмабаев т.б. еңбектерінде негізгі
бір арқау болған.
Біздің зертеу жұмысымызға байланысты жалпы педагогикалық теориялық
және әдіснамалық негіздерді қалаған ресейлік ғалымдар Г.Н.Волков,
М.Н.Скаткин, Л.С.Выготский, Л.Н.Леонтьев, Л.М.Зюбин, А.Сухомлинский, т.б.
еңбектері ерекше маңызға ие.
Халықтық педагогиканың мүмкіндіктері арқылы оқу-тәрбие ісіне
теориялық және практикалық тұрғыда Қ. Бөлеев, Қ.Қ.Қарақұлов,
Б.А.Тойлыбаев, А.Б.Нұрлыбекова, Ж.Асанов, Т.М.Әлсатов, М.Балтабаев,
Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, К.Ж.Қожахметова, Ж.Ж.Наурызбай, Ә.Табылдиев,
И.Б.Сихымбаев және т.б. ғалымдар ерекше көңіл бөлген.
Сонымен қатар оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру мәселесіне
елеулі мән берген С.Ұзақбаева, Б.Әлмұқанбетов, А.А.Қалыбекова, Е.Омар,
С.С.Тілеуова, Қ.Сарбасова, Р.К.Дүйсенбинова, Д.А.Кемешев, С.А.Жолдасбекова,
А.Ж.Нуралиева А.Қ.Ералина, И.В.Коваленко және т.б. ғалымдардыңда
еңбектерін атауға болады.
Уақыт талабына сай әлеуметтік өзгерістер мен қоғамдағы өндірістік
қатынастардың дамуы оқу-тәрбие талабы жаңғырып, өзгеріп, дамып отыруына
әсер етіп отыр. Бұл тұрғыда философиялық, психологиялық және педагогикалық
тақырыптағы ғылыми зерттеулер кеңінен арналған.
Дегенмен қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы бастауыш сынып
оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда педагогикалық-
психологиялық, ғылыми-теориялық жағынан негізделген әдістемелік мазмұны әлі
де тапшы.
Демек, қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы бастауыш сынып
оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастыру қажеттілігі мен оның
теориялық негізделуінің және әдістемелік жабдықталуының жеткіліксіз
деңгейде қарастырылуы арасында қарама-қайшылық анық байқалады.
Сондықтан бұл мәселе тереңірек зерттеуді қажет ететін өзекті мәселе
екенін дәлелдейтін жағдай. Осыны негізге ала отырып бастауыш мектеп
оқушыларының эстетикалық талғамын қазақ халық педагогикасының құралдары
арқылы қалыптастыру мақсатында, оның ғылыми-теориялық негізде бір жүйеге
келтіру және зерттеу мазмұнын айқындайтын “Оқу-тәрбие үрдісінде қазақ
халық педагогикасы құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық
талғамын қалыптастыру” атты зерттеу тақырыбын таңдап алуымызға негіз
болды.
Зерттеу мақсаты: қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы
бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастыруды теориялық
тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны: бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру
үдерісі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын
қалыптастыруда қазақ халық педагогикасының құралдарын пайдалану.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, қазақ халық педагогикасының
құралдары негізінде бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын
қалыптастыру теориялық тұрғыда негізделсе, мүмкіндіктер айқындалып,
әдістемелерімен қамтамасыздандырылса, қазақ ұлттық педагогикасының
мазмұны мен механизмдері жүзеге асырылса, онда оқушылардың эстетикалық
талғамын қалыптастыруда халықтық педагогикасының орны ерекше болғаны,
өйткені эстетикалық тәрбиеде ол айрықша роль атқарады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы бастауыш сынып
оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастырудың теориялық негіздерін
анықтау;
2. Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын халық
педагогикасының құралдары арқылы қалыптастырудың мүмкіндіктерін, оның
компоненттерін, өлшемдерін және көрсеткіштері анықтау;
3. Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын халықтық
педагогика элементтері негізінде қалыптастырудың педагогикалық шарттарын
анықтау және негіздеу;
4. Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы бастауыш сынып
оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастырудың тиімді әдістемесін
жасау және оны тексерістен өткізу.
Жетекші идея: оқу-тәрбие үдерісінде қазақ халық педагогикасының
құралдарын пайдалану бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын
қалыптастыруда ықпал етеді.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: жеке тұлға,
оның қалыптасуы мен дамуын анықтайтын факторлар туралы философиялық
ілімдер; білімділіктің өскелең ұрпақ тұлғасын қалыптастыруы мен
дамуының бірыңғай үдерісіндегі ролі және орны туралы психологиялық-
педагогикалық ілімдер; тұжырымдамалық негіздері; әдіснамасы; бастауыш
сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастыру жөніндегі қағидалар;
жеке тұлғаны қалыптастыру және дамытудағы ролі, қазақ халық
педагогикасының құралдарын пайдаланудың мәнін айқындайтын психологиялық-
педогогикалық тұжырымдамалары.
Зерттеу көздері: философтар, психологтар, педагогтар, этнографтар,
тарихшылар, әдебиеттанушылар өнертанушылар және т.б. зерттеу мәселесі
бойынша жарық көрген еңбектері; әр дәуірде өмір сүрген қазақ ойшыл-
ғұламаларының бала тәрбиесі туралы ой-пікірлері; үкіметтің ресми
құжаттары (заңдар, қаулылар, баяндамалар т.б.); ҚР Білім және Ғылым
министрлігінің қазіргі білім беру және тәрбиелеу тәжірибесінде қазақ халық
педагогикасы идеяларын пайдалану бойынша нормативтік құжаттары
(тұжырымдамалар, бағдарламалар және т.б.); мектептерде оқушыларға
эстетикалық тәрбие берудің тәжірибесі.
Зерттеудің әдістері: дерек көздеріне нақтылы және салыстырмалық
талдау жасау; философиялық, психологиялық-педагогикалық, этнопедагогикалық,
этнографиялық, әдеби, ғылыми-әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау;
психологиялық-педагогикалық бақылау әдістерін пайдалану; халықтық
педагогика материалдарын жинақтау және өңдеу, әдістемелік құралдарын
пайдаланудың озық педагогикалық тәжірибелерін оқып-үйрену; оқушылардың
эстетикалық талғамдары бойынша іс-әрекетін зерделеу, сұрау және бағалау,
тәжірибелік-эксперименттік жұмыс, зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық
талдау.
Зерттеудің тәжірибелік-эксперименттік базасы: Шымкент қаласындағы №
25 Т.Рысқұлов атындағы-гимназиясы, № 31 В.Терешкова атындағы орта мектеп, №
66 Қазығұрт қазақ орта мектебі, № 64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-
гимназиясы, № 36 Қазыбек би атындағы орта мектебі.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2003-2004 ж.ж.) – зерттеу мәселесіне байланысты
ғылыми жұмыстың тақырыбы айқындалды. Зерттеу мәселесіне сәйкес
дереккөздеріне салыстырмалық-тарихи, философиялық, психологиялық,
педагогикалық, этнопедагогикалық, ғылыми еңбектерге талдаулар жасалынды.
Зерттеудің ғылыми аспектісі көрсетілді, оның мүмкіндіктері анықталды.
Екінші кезеңде (2004-2006 ж.ж.) – деректі материялдар жинау
жалғастырылды, қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы бастауыш сынып
оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастырудың теориялық негіздері
нақтыланып, әдістемесі ұсынылды. Оның мазмұны мен әдістері экспримент
жүзінде тексерілді.
Үшінші кезеңде (2006 – 2009 ж.ж.) – тәжірибелі эксперимент жұмыстың
нәтижелері қорытындыланды және талданды; теориялық тұжырымдарды енгізуге
назар аударылды; қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың
эстетикалық талғамын қалыптастыру бойынша алынған нәтижелері бастауыш
білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үдерісіне енгізуді қамтамасыз ететін
әдістемелік ұсыныстар жасалынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының
эстетикалық талғамын қалыптастыру теориялық тұрғыда негізделді;
- бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастыруда қазақ
халық педагогикасының элементтерін қолдану мүмкіндіктері, оның
компоненттері, өлшемдері, көрсеткіштерімен анықталды;
- бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы
эстетикалық талғамын қалыптасырудың педагогикалық шарттары -ның жиынтығы
негізделді;

эстетикалық талғамын қалыптастырудың тиімді әдістері ұсынылды және
эксперимент жүзінде нақтыланды;
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: зерттеуде қамтылған
теориялық қағидалар, қорытындылар, қазақ халақ педагогикасы негізінде
бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастырудың
мүмкіндігін туғызады. Оның авторы тарапынан әзірленген “Бастауыш мектеп
оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастыру әдістемесі ” атты
әдістемелік құрал дайындалған, сонымен қатар зерттеу жұмысында алынған
нәтижелер бастауыш мектеп тәжірибесіне және оқу-тәрбие үрдісіне қазақ
халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын
қалыптастыру жұмысын ұйымдастыру және жоспарлауда, жоғары және орта
арнаулы педагогикалық оқу орындарында болашақ мамандарды даярлауда,
педагог мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау
жүйесінде қолданыс табуы мүмкін.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- қазақ халық педагогикасынының құралдары арқылы бастауыш сынып
оқушылараның эстетикалық талғамын қалыптастырудың ториялық мәнін
негіздейтін ұғымдар, нақтыланған анықтамалар;
- қазақ халық педагогикасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына
эстетикалық тәрбие берудің теориялық модел мотивациялық, мазмұнды іс-
әрекеттік компоненттері мен оның өлшемдері, көрсеткіштері арқылы
сипатталады;

эстетикалық талғамын қалыптасыру қамтамасыздандыратын педагогикалық
шарттар жиынтығы;
- бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптасыруда қазақ
халық педагогикасының құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының
эстетикалық талғамын қалыптастыру әдістемесінің мазмұны жүзеге асады;
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: зерттеу
нәтижелері әдіснамалық негіздерге сүйеніп айқындалған теориялық
дәйектілігімен, зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге жасалған жан-
жақты талдауымен және оларды зерттеу барысында негізге алынуымен,
мәселені талдауға сәйкес келетін кешенді әдіс-тәсілдерді пайдаланумен;
тәрбиелеудің педагогикалық шарттары мен әдістемесінің тиімділігі
тәжірибелік эксперименттік жұмыс барысында тексерілуімен нәтижесінің
бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісіне енгізілумен қамтамасыз етілген.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге енгізу:
зерттеу жұмысының негізгі қағидалары мен нәтижелері ғылыми
баяндама түрінде: Халықаралық ғылыми-педагогикалық конференцияларда;
Жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарында қазақ халық
педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын
қалыптастыру мәселелері (Алматы 2007); Қазақстан мектебі бүгінгі жайы
және болашағы, 21 ғасырда білім мен ғылымды ұштастырудың жолдары және
білікті мамандар даярлау сапасын арттырудың өзекті мәселелері (Шымкент
2006) және облыстық, Республикалық конференцияларда: Жаңаша оқыту әдәстері
- өмір талабы Ізденіс, (Алматы, 2008), Қазақстан мектебі, Қазақстан
Республикасында білім жүйесін моделдеудің теориялық-әдіснамалық негізі
(Алматы, 2008), сол сияқты: Ұлттық тағылымы (Алматы 2008), Қазақстан
мектебі, (Алматы, Ізденіс 2008), жарық көрді.
Диссертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеу
мақсаты, нысаны, пәні, жетекші идеясы, әдіснамалық негіздері, болжамы,
практикалық құндылығы, ғылыми жаңалығы, зерттеу нәтижелерінің сенімділігі
мен дәйектілігі және тәжірибеге енгізілуі тұжырымдалады.
Қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы бастауыш сынып
оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастырудың теориялық негіздері деп
аталатын бірінші бөлімде қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы
бастауыш сынып оқушыларның эстетикалық талғамын қалыптастырудың
теориялық мәні түсіндіріледі; зерттеу мәселесінің философиялық,
психологиялық-педагогикалық, әдебиеттердегі және практикадағы жайы
анықталады; эстетикалық тәрбие берудің психологиялық ерекшеліктері
нақтыланып, халық педагогикасының құралдары арқылы бастауыш сынып
оқушыларына эстетикалық талғамын қалыптастырудың модельі жасалып,
компоненттері мен деңгейлері беріледі;

оқушыларынның эстетикалық талғамын қалыптастыру әдістемесі атты екінші
бөлімде бастауыш мектептегі сыныпта және сыныптан тыс жұмыстарда қазақ

қалыптастыруға бағытталған педагогикалық шарттар нақтыланып, әдістер
жасалып, оларды тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізу
жолдары және оның нәтижелері баяндалады.
Қорытындыда жүргізілген зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері
тұжырымдалып, қазақ халақ педагогикасы құралдары арқылы бастауыш сынып
оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастырудың әдістемелік
ұсыныстары келтірілген.
Қосымшада тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың кейбір материалдары
берілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстанның
болашағы қоғамның идеялық бірлігінде”атты еңбегінде: “Мәдени дәстүрлер
қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің тарихи
мәдени тамырларына қайта оралу бұл, әрине оң процесс. Қазақстанда ұлттық
тілді, мәдениетті, экономиканы дамытуға барынша қолдау жасап отыр”, -
деген сөзі мұның айғағы. Осыған орай қазақ этноэстетикасы – қазақ халқының
адам мен әлем арасындағы құндылық қатынастардың көрінісі ретіндегі әсемдік
пен сұлулық аясын және ұлттық көркемөнер, мәдениет саласын зерттейтін
философиялық ғылым.
Қазіргі таңда Қазақстандағы білім беру жүйесінде көптеген жұмыстар
атқарылуды. Әлемдік деңгейге жақындатылған жалпы орта білім стандарты
бойынша оқу-тәрбие жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы “Білім беру туралы” Заңының сегізінші бабында
жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту,
адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру, жеке
қасиеттерді дамытуға жағдай жасау жолымен ой-өрісті байыту, сондай-ақ
әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне келу секілді басты
тапсырмалары қарастырылады.
Бастауыш мектептерде қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы
оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру мәселесі өзінің
күрделілігімен, өзектілігімен ерекшелінеді. Соңғы уақытта Қазақстанда
өнердің бір түріне үйрету туралы әдістемелер, зерттеулер көп
болғанымен дәл халық педагогикасының құралдары арқылы бастауыш сынып
оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастыру бойынша арнайы зерттеулер
жүрмеген.
Мұның барлығы тәрбие барысындағы дамып жатқан өнердің әртүрлі
салаларын кеңінен қолдану мен таратудың шұғыл даму жұмыстарының проблемасын
туғызып отыр.
Бастауыш мектепте қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы
оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру мәселесі ғылымдардың арнайы
зерттеу обьектісі болмаған. Қазақстан өнері мен мәдениеті мәселелері
талқыланған біраз әдебиет бар, алайда олар тым аз. Сондықтан, біз зерттеуді
халықтың өнері, эстетикасы, философиясы, тарихы жайлы жазылған әдебиеттер
сараптамасынан бастадық. Халықтың көркемдік әрекетінің алуан түрлерінен
көрініс тапқан қазақ халқының қалыптасуы барысындағы этноэстетикалық ой-
пікірлердің дамуы бірнеше кезеңдерден өткен. Халықтың эстетикалық
құндылықтары алдымен фольклорда – тұрмыс-салт жырларында, аңыздар мен
мифтерде, батырлық және лирикалық эпоста көркем түрде баяндалған. Халықтың
дәстүрлі тұрмысы мен бүкіл тұрмыс-тіршілігіне ежелден бастап-ақ сұлулық,
эстетикалық көркемдікке тән болды. Эстетикалық бастама дәстүрлі тұрмыста,
күнделікті іс-әрекетте көрініс тауып, ондағы сұлулық пен мейірімділік
ұғымдары қатар қойылды. Эстетика ғылымын қалыптастыруда Әбу Насыр әл-
Фараби “Музыканың үлкен кітабы”, “Поэзия өнерінің каноны туралы трактат”,
“Поэзия туралы кітап” атты еңбектерінде эстетикалық болмыс пен таным туралы
терең пайымдаулар айтты. Қазақтың төлтума эстетикалық мәдениеті хандық
дәуірінде қалыптасты ақын-жыраулар эстетикасының құндылығы шығарманың
көркем мазмұнымен ғана емес, сонымен бірге дәстүрлі қазақ қоғамындағы
қуатты әлеуметтік-мәдени орнымен және қызметімен айқындалады. Сондықтан
оларға халық жаппай ілтипат білдірген. Ақын-жыраулар толғауларында бүкіл
қазақ халқының ой-арманы мен эстетикалық талғам-түсініктері шынайы
бейнеленген.
Қазақ мәдениетін қалыптастыруда ерекше еңбек еткен ғалымдардың
этноэстетикалық көзқарасы қоғамдық-саяси және философиялық көзқарастарымен
тығыз байланысты. Қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне, ұлттық әдет-ғұрпына,
салт-дәстүріне байланысты зерттеу жұмыстарда әдебиет, әсемдік танымы
арқылы эстетикалық талғамын ашуға ұмтылды. Қазақ халқының өткен өмірі мен
болашағы жайлы ой-арманын, тілегін көрсетуге, ұмытылып бара жатқан салт-
дәстүрлерге көңіл аудару, оны халық тәрбиесінің құралы, әдіс-тәсілі ретінде
пайдаланғанын және оны болашақ ұрпақтар тәрбиесіне де қажет екенін
ескерген.
Эстетикалық талғам адамның өмірі, іс-әрекеті, тәжірибесімен
органикалық байланысты. Сондықтан баланың жан-жақты, үйлесімді дамуын
қалыптастыруды “әдемілік заңы” бойынша құруға тырысуы қажет.
Эстетикалық талғамның басты мақсаты табиғаттағы, өмірдегі,
еңбектегі, өнердегі ең жақсыны қабылдау. Эстетикалық талғам баланы
дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді.
“Эстетика” грек сөзі, яғни, сезім, түйсік деген мағынаны білдіреді.
Олай болса, эстетика-өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы.
Эстетикалық талғамы биік, сезімтал бала еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы,
өнердегі сұлулықты танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. Демек,
қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының
эстетикалық талғамын қалыптастыру мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
қазақ ұлттық сәнді-қолданбалы өнер шығармалары, қалықтық педагогика және
оның тәрбиелік маңызы, қазақ ұлттық музыка мұрасындағы тұлға тәрбиесінің
мәні, көркемдік, сұлулық сипатының тәрбиелік маңызы, адам және табиғат
сұлулығының тәрбиелік мәні. Оқушының психологиялық
сезімдері олардың өміріне зор міндет атқарады. Әсемдікті көре, түсіне,
жасай білу баланың рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді. Баланың
эстетикалық талғамын қалыптастыруға еңбек, қоғамдық қатыныстар, қоршаған
орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді.
Эстетикалық талғамды қалыптастырудың өзіне тән міндеттері бар.
Олардың бірі эстетикалық сезімді және эстетикалық талғамды
қалыптастыру.
Қазіргі кезде қоғамда жас ұрпақты өнердің барлық салаларында
яғни: адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркем өнердегі,
табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре білетін, сезе білетін, бақылай
алатын және оларды өзі де жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу,
міндеті тұрады.
Бұл бағытта жүргізілетін тәрбие жұмысының мазмұнын мынадай болуы
мүмкін (кесте 1):
Кесте 1- Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудың мазмұндық
ерекшелігі
Тақырыптар Мазмұны Жұмыс түрі
Эстетикалық ұғым, оның Өмірден мысалдар
Эстетикалық талғам асқақ, көркемдік келтіру, олардың
өмірлік мәні. тәрбиелік маңызын
пайымдау
Эстетикалық талғамның
Эстетикалық талғамның мақсаты, міндеттері, Эстетикалық сабақтар
маңызы және әр түрлі сабақтың тәрбиелік жоспарын түзіп, қазақ
пәндерді оқыту барысындамақсаты және оны жүзеге халықтық педагогика
эстетикалық талғамдық асырудың мәні, өнер құралдарын қолдану
қаситтерін қалыптастыру.шығармаларын эстетикалықарқылы жүзеге асыру.
мақсатында пайдалану
жолдары
Пәндер бойынша Өнер сайысы, пікірталас,
Гуманитарлық пәндер үйірмелерде өнер дебат, көрмелер,
бойынша сабақтан тыс шығармаларын қолдану табиғатқа саяхат, ұлттық
жұмыстарда эстетикалықарқылы эстетикалық ойын, кроссворд,
тәрбие беру. тәрбие берудің мазмұны, жұмбақтар, ертеңгіліктер
формалары мен әдістері. мен кештер, әдеби
оқулар, т.б.өткізу
жоспарларын түзіп,
оларды өткізу тәсілдерін
жазу және түсіндіру.
Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудың мәні тұлғаның
адамгершілік сезіміне, рухани дамуына ықпал етеді. Оның жаман әдеттен
бойын аулақ ұстауына, көркем әдебиет оқуына, өнер туындыларын, музыкалық
шығармаларды түсіне білуіне негіз болады. Сондықтан эстетикалық
тәрбие адам баласына өмірдегі, табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, адамдар
арасында қарым-қатынаста бар жақсылықты, әдемілік пен әсемдікті түсіне
білуге, көре білуге, қабылдай білегу үйретеді, жаттықтырады және соған
қабілетті болу дағдыларын меңгертуді көздейді.
Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудың мазмұны көркемдік
талғамды жетілдірумен, оқушыларды өнерге тартып, таныстырумен ғана
шектелмейді. Ол ақиқатқа эстетикалық көзқарасты, өмірдегі әсемдікті дұрыс
қабылдауды, табиғатты эстетикалық тұрғыда қабылдауды қарастырады.
Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудың тағы бір міндеті
көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы
өте зор. Эстетикалық таным бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы
сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер
шығармаларына жоғары талап қою.
Сурет 1 - Қазақ халық педагогикасының құралдары
арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын
қалыптастырудың әдістері
Оқушының эстетикалық талғамының қалыптасуына көбінесе өнер үлгілерін
қабылдаумен, не тегінде шығармашылықпен байланысты іс-әрекеті мүмкіндік
береді. Оқушының эстетикалық талғамының қалыптасуын арттыруда
әдістемелерін заңдылықтардың да мәні ерекше. Өйткені оқушыларды жақсы
тәрбиелеп, шын мағынасындағы эстетикалық таным, сана қалыптастыруды
өмірдің өзі талап етіп отыр. Эстетикалық талғамының қалыптасуының
нәтижелік көрсеткіші тұлғаның білімді, өнерді танып, ажырата алу
қабілеті, көркемдікті сезіне білуі, тағлымдық өнегеге деген құштарлығы
мен қызығушылығы және бұл қасиеттерді өз бойына дарыта білуі болып
табылады.
Қазіргі таңда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің
бірі баланың эстетикалық талғамының қалыптасу белсенділігін тәрбиелеу.
Өмірдің өзі эстетикалық таным сана қалыптастыруды талап етіп отыр.
Оқушылар әдемілікті сезіп және оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы
заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Бала
белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып, оны
көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет. Баланың эстетикалық
талғамын қалыптастыра отырып оларды өздігінен ілтипатты оқырман,
қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету керек. Балалар
әдебиетті оқуға, кинофильмдер, музыканы тыңдауға өте ынталы болады. Әртүрлі
әдеби шығармалардағы іс-әрекетттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін
балаларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың міндеті.
Оқушының эстетикалық талғамының қалыптасуында өнер және әдебиет
салаларындағы ынтасын және бейімділігін дамыту қажет. Осыған орай,
бастауыш мектепте оқушылардың эстетикалық талғамының қалыптасуы қабілетін
барынша ашу керек. Оқушының эстетикалық талғамының қалыптасуының негізгі
құралдары әдебиет және өнер ғана емес, сол сияқты халықтық педагогика
элементтері. Олар зор идеялдық роль атқарады, баланың эстетикалық
санасының және шындыққа қатынасының ерекшеліктерін біліп өмірін
эстетикалық көзқарас тұрғысында дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.
Зерттеудің теориялық жүзінде саралау және алғашқы тәжірибелер
нәтижелері оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудың теориялық
модельін жасауға мүмкіндік берді (сурет2).
Бастауыш сыныпта оқушының эстетикалық талғамының қалыптасуын
сыныптан тыс жұмыс жүйесінде кеңінен пайдалану көп септігін тигізеді.
Оқушының эстетикалық талғамының қалыптастырудың өмір елегінен өткен
көптеген формалары бар. Шығармашылық үйірмелер: олар әдебиет, музыка
хореография, бейнелеу өнері және тағы басқалар. Балалардың эстетикалық
талғамын қалыптастыруда мектеп кітпапханасының да маңызы өте зор.
Оқушылардың эстетикалық тұрғыда ойлай білуге олардың жеке басының
дамуының негізі болып табылады терең білім алуы арқылы оқушы болашақта
қоғамнан өзінің тиісті орнын тауып, қоғамның белсенді де саналы азаматы
бола алады. Сабақта оқушылар өндірістің ғылыми принциптерін меңгеруі теория
мен практиканың өзара байланысының бірінші қажетті алғы шарты болып
табылады.
Баланың эстетикалық талғамын қалыптасу ерекшеліктерін анықтайтын
мәселелерге қатысты зерттеулер бойынша оған оның жоғары деңгейдегі
интеллектуалдық дамуын, өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі тәртіпке келтіре
білуін, эстетикалық талғампаздық қабілетін, іскерлігін, сергектігін,
сезімталдығын жатқызуды төмендегі 2- кестеден көреміз
Кесте 2- Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастыру
мүмкіндіктері
Адамгершілік Психологиялық Зеректік Эстетикалық
Есте сақтау, Өзін-өзі Сұлулық,
ойлау, елестету,қадағалау; көркемдік,
эстетикалық өзін-өзі әдемілік,
Мейірімділік, инабаттық, талғамдық бақылау; тазалық т.б.
адалдық., әдептілік т,б қабылдау және өз-өзіне сын
талдау т,б көзбен қарау;
өз-өзін
басқару т.б
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық педагогикасының құралдары
арқылы оқу - тәрбие үдерісінде ұлттық ойын элементтерін оқушының
эстетикалық талғамын қалыптастыру тұрғыда пайдаланудың басты мақсаты
баланың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, түрлі ойын амалдарын
пайдаланады, жарыс элементтерін қосуды, тағы басқа ойын элементтерін қосу
арқылы әр түрлі сұрақтарымен, нұсқаулармен, түсіндірмелермен байланысты.
Ойын сабақ көмегімен нақты біліммен қоса олардың эстетикалық тұрғыда
ойлауын қалыптастырады.
Ал дидактикалық ұлттық ойында оқушыларға тапсырмалар жұмбақ
түрінде, сұрақтар түрінде беріліп, сабақта қоршаған орта жайлы эстетикалық
талғамын кеңейтеді. Дидактикалық ұлттық ойын баланы жан-жақты сұлулық
түсінігін арттырады.
Ұлттық ойын мазмұнына қарай оқушының эстетикалық талғамын
қалыптастыру жолдары:
1. Дидактикалық ұлттық ойындарды өткізгенде мұғалім ойын мақсатын сақтай
отырып көңілді, қызықты ойынға ықыласпен араласып, қуаныш сезімінде болуы
керек.
2. Дидактикалық ұлттық ойынды ұйымдастыруда мұғалім алдымен ойынға
баланы қызықтырарлықтай мүмкіндік жасап, сол негізде баланың ақыл-ой
белсенділігін арттырады.
3. Белгіленген ережені орындауда қатаң талап қоюы керек. Бұл баланы
талапты орындауға, ережені бұзбауға үйретеді.
4. Егер барлық бала ойынға белсенді түрде қатысқанда ғана дидактикалық
ұлттық ойынның алдына қойған мақсатына жете алады.
Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастырудың
мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу үдерісінде үздіксіз дамытып
отыру, сабақ барысында алған білімдерін іс жүзінде қолдану дағдыларын
қалыптастыру үшін сабақтарда дидактикалық ұлттық ойын элементтерін
пайдаланудың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері –
оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне үлкен
септігін тигізеді. Себебі, бастауыш сыныптағы оқушылардың жас
ерекшеліктеріне байланысты ондай ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез
сергіп, тапсырманы жылдам, дәл орындайтын болады.
Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастырумен қатар
оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту – басты міндеттерінің бірі. Басты
мақсаттың бірі сабақ сапасын көтеру, оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын арттыру, олардың ізденімін, танымын қалыптастыру.
Мұғалім оқушылардың эстетикалық қызығушылығын тудыру үшін логикалық
ойындар, жұмбақтар, мақал мәтелдер, жаңылтпаштар арқылы оқушылардың
қызығушылығын бағыттайтын ойындардың орны ерекше. Ойындар ұйымдастыруда
оқушыларды қызықтыратын тапсырмалар таңдай білу - мұғалімнен үлкен
шеберлікті талап етеді. Ойын – шығармашылық, ойын – еңбек. Ойын барысында
оқушының дербес ойлау мүмкіндігі, көңіл қоя білу қабілеті дамиды.
Сонымен қатар сабақ үдерісінде дидактикалық ұлттық ойын элементтерін
қолдану оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырып,
оған белсенді түрде қатысып, түсінуіне мүмкіндік жасайды.
Эксперименттік жұмыстарда қазақ халық педагогикасының
құралдарын қолдануда оқушылардың эстетикалық талғамының қалыптасуның
бірнеше түрлерін дамытты, Мысалы, ою-өрнек туралы өткен конференция
сабағында көркем сөз, өсиеттер, өлең-жыр т.б халық педагогикасының
элементтері қолданылды. Сабақ тікелей оқушылардың басқаруымен
өткізілді. Оқушылар сабақты өткізуге дейін көп ізденді, материалдар
жинақтады, шығармашылықпен айналысты. Бір сабақтың өзінде, оқушылар
шығармашылық, орындаушылық, эстетикалық танымдық, ізденімпаздық т.б.
әрекеттер атқарды. Мұның бәрін мұғалімнің сабақтың түрін дұрыс
талдауы мен тиімді қолдануының нәтижесінде орындалатыны бақылау
және сараптама жасау кезінде анықталды.
Оқу-тәрбие үрдісінде қазақ халақ педагогикасының құралдары арқылы
бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастыруда біз
анықтау, бақылау және эксперимент жұмыстары барысында оқушылардың
эстетикалық талғамын қалыптастырудың өлшемдері мен деңгейлері нақты
компоненттер бойынша (мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік) құрылымдық
моделін жасадық (Кесте-3).
Кесте 3 - Қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың
эстетикалық талғамын қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері және
көрсеткіштері
Компоненттер Өлшемдері Көрсеткіштері
Қазақ халық бастауыш сынып
педагогикасының оқушыларының қазақ
құралдары негізінде халық педагогикасының
Мотивациялық оқушылардың эстетиткалықмаңыздылығы мен мәніне
талғамының бағалаушылық қызығушылығы;
қатынасының болуы - ұлттық мұраға деген
сүйіспеншілігінің
қалыптасуы;
- қазақ ұлттық
мәдениетінің ерекшелігін
тануға ұмтылысы.
Бастауыш сынып Қазақ халық педагогикасы
Мазмұндық оқушыларының эстетикалықарқылы оқушылардың
талғамды қазақ халық эстетикалық талғамының
педагогикасы негізінде қалыптастыру; әдебиет,
қабылдауы. бейнелеу өнері, музыка
мазмұнын түсінуі.
Оқушылардың қазақ халық Оқушылардың эстетикалық
педагогикасы талғамдарының
Іс-әрекеттік арқылы эстетикалық қалыптасуында қазақ
талғамының қалыптасуы, халық педагогикасының
біліктілігінің дамуы. элементтерін ұғына білуі
Бұл модель негізінде қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы
оқушыларды эстетикалық талғамын қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері
мен көрсеткіштері анықталды.
Қазақ халық педагогикасының құралдарын пайдалану барысында
оқушылардың эстетикалық талғампаздық қабілетін дамыту сабақтардың
құрылымын мынадай бөлімдерге бөлді: ұлттық ойын элеметтерін сабақта
қолдану және оларды тақырып мазмұнымен кірістіру, білімнің
тұжырымдалуы мен жүйеленуі кезеңін қалыптастыратын элементтерін
негіздеу. Біздің зерттеуімізше оқушылардың эстетиткалық талғамын
қалыптастыру мәселесін арнайы жеке бағыт ретінде бөліп қарастыруға
болады, өйткені оның өзіндік мақсаты мен өзіне тән міндеттері
бар.
Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда әлеуметтік жағынан
құнды, жағымды қасиеттерін дамыту ғана емес, сонымен бірге қазақ
ұлттық педагогикасы арқылы оқушыларға сапалы білім беріліп,
біліктері мен дағдыларын орнықтыруға назар аударылды.
Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру кең мағынада
педагогикалық іс-әрекет, ол оқушыларға қазақ халық педагогикасы
негізінде сапалы білім беру, оларды іскерлік пен дағдыны
дамытуға, шығармашылықты арттыруға және ұлттық дәстүрді қадірлеу, сүю,
көркейту секілді сана мен ойлау қабілетін арттыруға бағытталған.
Оқушыларды сұлулықты түсіну және оны қорғау әрекеттеріне дайын болуға
тәрбиелеу, оқушының өзіндік эстетикалық білімін, білігін, дағдысын
пайдаланып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz