Жұмыс беруші Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі
шаралар қағидасы және оларды қаржыландыру қағидасы туралы аудан
әкімдігінің 28 желтоқсан 2007 жылғы № 339 санды қаулысы

Қарауыл ауылы

Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 23-қаңтардағы № 149-ІІ Заңы 7-бабының 6)-тармақшасына
және 5-бабының 2-тармағына, Халықты жұмыспен
қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңын
жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 19 маусымдағы № 836
қаулысына сәйкес, халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі
қосымша шараларды белгілеу мақсатында, Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару туралы Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23-
қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31- бабының 1-тармағының 13), 14)-тармақшаларын
басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыру жөніндегі қағида (қосымша №
1) және Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы
(қосымша № 2) бекітілсін.
2.Осы қаулының қабылдануына байланысты аудан әкімдігінің 14 наурыз
2005 жылғы № 750 санды Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан
әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар және оларды қаржыландыру қағидалары
туралы қаулысының (Мемлекеттік тіркеу № 2321 27.04.2005 жыл, Абай
ауылы газетінде № 12-13 16-30.06.2005 жылы жарияланған) күші жойылсын.
3.Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары
Е.Сүлейменге жүктелсін.
4.Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
5.Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі: Б.ҮЙСІМБАЕВ

Абай ауданының әділет басқармасында 28.01.2008 жылы № 5-5-71 санымен
тіркелді. Абай елі газетінің 15.01.-15.02.2008 жылғы № 2-3 санында
жарияланды.

Абай аудан әкімдігінің

2007
жылғы 28 желтоқсан
№ 339 қаулысына
қосымша № 1

Жастар іс - тәжірибесін ұйымдастыру жөніндегі
ҚАҒИДА

1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР

1. Жастар іс - тәжірибесін ұйымдастыру жөніндегі қағида бастауыш,
орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының жұмыссыз түлектерін
жұмысқа орналастыру мүмкіншіліктерін кеңейту және олардың тәжірибе, білім,
іскерлік пен дағды алу мақсатында әзірленді.
2. Осы қағида Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 23- қаңтардағы № 149-11 Заңының 4, 5, 7, 9, 12 -
баптарына сәйкес әзірленді
3. Қағида бастапқы жұмыс тәжірибесін алу, жұмысқа орналасу және еңбек
рыногіндегі бәсекелестікке төтеп беру қабілеттілігін арттыру үшін
мүмкіндіктер тұғызу жөнінде жұмыспен қамту қызметінде тіркелген бастауыш,
орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарын бітірген жұмыссыз
жастарды жұмыспен қамту мәселе бойынша уәкілетті органдардың (одан әрі
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) жұмыс бағыттарының
бірін айқындайды.
Жастар іс тәжірибесі меншік түріне қарамастан мекемелерде, ұйымдарда
және кәсіпорындарда (одан әрі Жұмыс беруші деп аталатын) ұйымдастырылып
өткізіледі. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Жұмыс
берушімен келісім-шарт негізінде бірлесіп әрекет жасайды.
4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Жастар іс -
тәжірибесіне жіберу үшін еңбек рыногіндегі жағдайды және жұмыссыз
жастардың құрамын есепке ала отырып оқу орындарын бітірген жұмыссыз
түлектер есебін анықтайды.

2. ЖАСТАР ІС-ТӘЖІРИБЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

5. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жастарды
жұмыспен қамту облысында өңірдегі еңбек рыногіне жағдайды талдау негізінде
Жастар іс - тәжірибесін өткізу жөнінде шешім қабылдайды.
Шешім қабылдарда келесі негізгі өлшемдер есепке алынады:
1) оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектер саны және олардың жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тіркелген жұмыссыздардың жалпы
санындағы үлесі;
2) жастар арасындағы ұзақ уақыт жұмыс істемеген түлектердің санының
өсуі;
3) бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындары
түлектеріне жұмысқа орналасуда мүмкіншілігін төмендететін еңбек өтілі,
алған мамандығы бойынша дағдыларының жоқтығы.
6.Жастар іс - тәжірибесін өткізу жөніндегі шешімді қабылдағаннан
кейін Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қаржылық-
экономикалық жағынан тұрақты, одан әрі даму және өндірісін кеңейтуге
болашағы бар, жұмыс орындарында еңбек жағдайы бар, Жастар іс тәжірибесіне
қатысушылар үшін потенциалды жұмыс беруші бола алатын мекемелер жөнінде
ақпараттар жинау жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қоса Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы Жастар іс - тәжірибесін өткізу
жағдайлары және мекеменің негізгі принциптері жөнінде ақпарат береді.
7.Кәсіпорындар жөнінде жиналған ақпаратты қорыту және талдау
негізінде Жұмыспен қамту орталығы Жастар іс тәжірибесіне қатыстыру үшін
оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектерді іріктейді. Іріктеу өлшемдері
келесідегілер болуы мүмкін:
1)жұмыссыз ретінде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі есепте тұрады;
2)қатысушыларды іріктеу кезеңінде олар үшін қолайлы жұмыстың болмауы;
3)жасы қоса алғанда 24-ке дейін.
Жастар іс тәжірибесіне тек қана жұмыссыздың келісімімен 6 ай
мерзіміне дейін жіберіледі.
8.Жастар іс - тәжірибесін өткізуді Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі жергілікті атқарушы органдармен, жастар істері
жөніндегі комитеттермен және жастарды жұмысқа орналастыруға ынталанған
басқа мекемелермен бірлесіп ұйымдастырады.
9.Жұмыссыз түлектерді уақытша жұмысқа қабылдауға келісім берген
кәсіпорындармен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
келісім-шарт жасайды.
Келісім-шарт жұмысқа қабылданатын азаматтар санын, Жұмыс беруші
жұмыссыз жастарды жұмысқа алатын мамандықтар (кәсіптер) бойынша тізімді,
Жастар іс - тәжірибесіне қатысушыларды мамандыққа сәйкес кәсіби білімі
мен дағдысын қамтамасыз етуді қарайды.
10.Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жасасқан
келісім-шартқа сәйкес Жастар іс - тәжірибесі белгісі бар жолдамамен
жұмыссызды мекемеге жібереді. Жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт
шеңберінде, жұмыссызды нақты жұмыс орнына алу жөніндегі шешімді Жұмыс
беруші қабылдайды. Жұмыс беруші жолдаманың үзінді талонын толтырып
жұмыспен қамту орталығының мекен жайына жібереді.
11.Жұмыссызды уақытша жұмысқа алу жөніндегі шешім қабылдаған жағдайда
Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңына сәйкес
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі келісім - шартта
ескертілген мерзімге онымен еңбек келісім-шартына (контрактқа) отырады.
Жастар іс-тәжірибесінің басталуы алдында жұмыс беруші қажеттілікке
байланысты жұмыссызды жұмыс орнына жіберуге міндетті қосымша курстық
даярлықты өткізеді.
12.Жұмыс беруші жұмыссызды жұмысқа орналастырғанда Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмысқа қабылдаған кезден 3 күн
асырмай еңбек келісім-шартының көшірмесі қосылған уақытша жұмысқа қабылдау
жөніндегі бұйрықтың көшірмесін ұсынады.
13.Жастар іс - тәжірибесіне қатысушы еңбек заңнамасын бұзған
жағдайда Жұмыс беруші бір жақтылық тәртіпте келісім-шартты бұзуға құқылы.
14.Жұмыс берушінің ықыласы бойынша жұмыссызбен келісім-шарт
бұзылғанда жұмыс беруші Жастар іс - тәжірибесінің аяқталғаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыспен қамту жол картасы – 2020
Жұмыспен қамту бөлімі
Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсету
Студенттің өндірістік тәжірибе кезіндегі міндеттері
Облыс әкімі
Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік және әлеуметтік қамтамасыз ету қызметін талдау
Халықты жұмыспен қамту туралы
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қазіргі жағдайын теориялық талдау
Еңбек нарығындағы жастар
Халықты жұмыспен қамту саясаты
Пәндер