Қазақ халқының сәндік - қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру


ӘОЖ 373. 1. 02:37. 031. 4:7. 031(=512. 122) Қолжазба құқығында
РАЙЫМҚҰЛОВА АЙНАШ ДАСТАНҚЫЗЫ
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру
13. 00. 01- Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,
этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежеcін алу үшін дайындалған
А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Жұмыс Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде орындалды
Ғылыми жетекшіcі педагогика ғылымдарының докторы
Жолдасбекова С. А.
Ресми оппоненттері педагогика ғылымдарының докторы
Құдайқұлов М. Ә.
педагогика ғылымдарының кандидаты
Ортаев Б. Т.
Жетекші ұйым Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы
Қорғау 2009 ж. 10 маусым күні, сағат 12. 00 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14. 05. 01 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен- жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 2-қабат, мәжіліс залы.
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би, 30, 3-қабат.
Автореферат 2009 жылы «07» мамыр күні таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы Ә. Н. Көшербаева
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңдағы мектепті дамытудың негізгі бағыты болып тұлғалық - бағдарлық білім беруге көшу саналады. Оның ерекше сипаты балаға деген аялы көзқарастан, оның өзіндік қасиетін қолдаудан, оның білімдегі, руханилықтағы, мәдениеттегі, өмірдегі қажеттілігі мен сұранысын қанағаттандырудан, тұлғаның мәдени-ағарту кеңістігінде өзін-өзі көрсете білу тәсілдерінен байқалады. Тұлғалық - бағдарлық білім берудің мақсаты - тұлғаны жан-жақты мәдени дамыту болып табылады.
Тұлғалық-бағдарлық білім беру жүйесінде технологиялық білім аса маңызды орын алады. Оның негізі, мазмұндық сипаты бірқатар еңбектерде ашып көрсетіледі (П. Р. Атутов, С. Я. Батышев, Қ. Өстеміров, Б. К. Момынбаев, С. А. Жолдасбекова, О. Сыздықов, К. А. Дүйсенбаев, Б. Т. Ортаев, А. Ш. Оралбекова және т. б. ) .
«Технология» білім беру саласы білімді де іскер адамды тәрбиелеуді талап етеді. Адамның қайсыбірі болмасын өзінің практикалық іс-әрекетінде әрдайым түрлі проблемалық тапсырмаларды шешеді. Қазіргі кезде оқушыларға меңгертілетін қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерін жүйеге келтіруде және оны оқытушылар тарапынан басқаруға байланысты бірқатар талпыныстар жасалуда. Бұл мектептің «Технология» пәні бағдарламалары бөлімдеріне қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер бағыттарын ендіруге байланысты туындап отыр.
Оқушылардың, соның ішінде 5-9 сынып оқушыларының технологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесі арнайы зерттеулерде көрініс алмаған, әйтседе кейбір еңбектерде оқушыларды еңбекке, экономикаға, эстетикаға, адамгершілікке тәрбиелеу проблемасын қарастыруда ішінара талдаулар берілгені байқалады (Н. Н. Бондарева, Е. Н. Губанова, Л. Г. Савенкова және т. б. ) . Жоғары сынып оқушыларының тұлғалық технологиялық мәдениетін қалыптастырудың бірқатар бағыттары, атап айтсақ: аймақтық білім беру - тұлғаның технологиялық мәдениетін қалыптастырудың шарттары (И. А. Бажина), физика сабағында тұлғаның технологиялық мәдениетін қалыптастыру (Р. М. Чудинский) және т. б. зерттелген.
Халықтың сәндік-қолданбалы өнері де бірқатар зерттеу еңбектерінде қарастырылған. Олардың бірі халықтың сәндік-қолданбалы өнерін жалпы білім беретін мектептің бейнелеу өнері мен көркем еңбек сабақтарында пайдалану жолдарын көрсетсе (Н. М. Конышева, А. С. Хворостов, Н. А. Горяева және т. б. ), екіншісі өнердің бұл түрін жоғары, арнайы орта оқу орындарының оқу-тәрбие процесінде пайдалану әдістері мен жолдарын ұсынады (Г. А. Поровская, Л. В. Ершова, Т. А. Давидова, С. Ф. Абдуллаев және т. б. ) .
Халықтың сәндік-қолданбалы өнерінің тағылымдық мәні туралы кезінде қазақ ағартушылары: Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин да айтып өткен. Мазмұндық сипаты мен өзіндік ерекшеліктеріне тарихшы-этнографтар (М. Қадырбаев, А. Оразбаев, Қ. Ақышев және т. б. ), философтар (Ж. Әлібеков, Б. Байжігітов, Қ. Нұрланова және т. б. ), өнертанушылар (Қ. Ибраева, С. Арғынбаев, Д. Шоқпарұлы және т. б. ), филологтар да (Р. Шойбеков, М. Өмірбекова және т. б. ) аса мән берген.
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері педагогика ғылымы саласында орындалған бірқатар зерттеулерде оқушыларға еңбек, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру (С. Ұзақбаева, Б. Альмухамбетов, Р. Төлеубекова, Қ. Шалғынбаева, Т. Левченко, Қ. Әміргазин, О. Сатқанов және т. б. ), көркемдік-эстетикалық, танымдық қызығушылығын қалыптастыру (С. Жолдасбекова, А. Сәулебаева, Б. Ж. Жиентаева және т. б. ), кәсібилігін шыңдап, шығармашылық қабілетін дамыту (Ж. Балкенов, М. Мырзаханов, А. Манабаева және т. б. ) мақсатында қарастырылса, кебір зерттеулерде (Қ. Болатбаев, Қ. Ералин, Б. Ижанов, Е. Асылханов, Ұ. Әбдіғаппарова және т. б. ) қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін болашақ көркемөнер мұғалімдерінің кәсіби даярлығында пайдалану мақсатында жан-жақты зерделенген.
Аталған еңбектердің ішінде Ұ. Әбдіғаппарованың қазақ халқының балалар мен жастарды сәндік-қолданбалы өнерге үйрету тәжірибесін жүйеге келтіріп, ғылыми тұрғыда негіздеген іргелі зерттеуі аса қызығушылық туындатады.
Сонымен, ғылыми әдебиеттер мен мектеп тәжірибелеріне жасаған талдау қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында арнайы зерттелмегенін дәлелдейді.
Демек, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру қажеттігі мен оның ғылыми-теориялық негіздерінің және әдістемелік жабдықтарының жеткіліксіз деңгейде қарастырылуы арасында қарама-қайшылық анық байқалады. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудың тиімді педагогикалық шарттарын іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты: «Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің объектісі: жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы 5-9-сынып оқушыларының технологиялық мәдениетін қалыптастыру процесі.
Зерттеудің мақсаты: қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін оқу-тәрбие процесінде қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыратын модель жасалып, оқу-тәрбие әрекетіне жүйелі бірізділікте ендірілсе; оқытушылардың қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерін пайдалануға байланысты технологиялық даярлығы айқындалып, жүзеге асырылса, оқушылардың қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінен білім, іскерлік, дағдысы артады. Ал бұл болса, оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруда негіз болып табылады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру қажеттігін теориялық тұрғыда негіздеу.
2. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтау;
3. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру моделін жасау және оның педагогикалық шарттарын айқындау.
4. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.
Жетекші идея: қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушыларының технологиялық мәдениетін оқу-тәрбие процесінде қалыптастыру оларды халықтың рухани-материалдық құндылықтарын тусінікпен қабылдауға және күнделікті өмірде тиімді пайдалануға бағдарлайды.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін ғылыми танымның негізі болып саналатын диалектикалық әдіс, іс-әрекет теориясы, жүйелі қатынас теориясы, білім беру мазмұнының жалпыдидактикалық теориясы, белсенді, дамыта оқыту теориясы, проблемалық оқыту теориясы, педагогикалық процесті гуманизациялау тұжырымдамасы, технологиялық білімді оқыту, еңбек мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерді дамыту тұжырымдамасы, іс-әрекеттің психологиялық теориясы құрайды.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми құжаттары (заңдары, қаулы-қарарлары және т. б. ), Білім және Ғылым Министрлігінің ұлттық мәдени мұраны оқу-тәрбие процесіне ендіру туралы тұжырымдамалары, бағдарламалары, оқу құжаттары; ғалымдардың зерттеу проблемасы саласында жарық көрген еңбектері ұлттық мәдени мұралар; мектеп мұғалімдерінің озық тәжірибелері, сондай-ақ автордың жеке басының ұстаздық және зерттеушілік тәжірибесі.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, әлеуметтану, тарихи-этнографиялық, өнертану, филологиялық, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге талдау; қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін зерделеу; мектеп мұғалімдерінің озық тәжірибелеріне талдау; бақылау, тест, анкета, сауалнама жүргізу, оқушылардың практикалық жұмыстарын талдау; педагогикалық эксперимент, нәтижелерді математикалық тұрғыда өңдеу.
Зерттеудің теориялық мәні және ғылыми жаңалығы:
1. Оқушылардың технологиялық мәдениетінің мәні, құрылымдық-мазмұндық компоненті және оны қалыптастыру қисыны (логикасы) мен дамыту дәрежесі нақтыланды.
2. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері анықталды.
3. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудың моделі жасалды және оны тиімді жүзеге асырудың педагогикалық шарттары анықталды.
4. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі жасалды.
Зерттеудің практикалық маңызы сол, мектеп оқушылары мен оқытушыларына арнап:
- «Технология» пәні бағдарламасының бөлімдеріне қосымшалар;
- «Үй тұрмысына қажетті қолөнер түрлері» тақырыбы бойынша үйірме жұмысының жоспары;
- «Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері технологиясының өзіндік ерекшеліктері» тақырыбы бойынша семинар жоспары;
- Оқу-әдістемелік нұсқаулар жасалды.
Зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін мектептерде, гимназиялар мен лицейлерде жоғары және арнайы орта оқу орындарында, мұғалімдер білігін жетілдіретін мекемелерде пайдалануға болады.
Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:
1. Оқушы тұлғасының технологиялық мәдениеті дегеніміз - оқушының түрленген іс-әрекетті тиімді жүзеге асырудағы субъективті шарттары болып табылатын жеке басына тән психологиялық ерекшелігі. Ол мотивтер мен құндылықтар жүйесін, қайта өңделген іс-әрекетті жүзеге асыруға қажетті ғылыми және технологиялық білім, іскерлік, дағды жүйесін, сондай-ақ осы іс-әрекетке ендіруге қажетті тәжірибені қарастырады.
2. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің мазмұнын жіктемеге келтіріп, сұрыптау оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруда мүмкіндіктерінің жоғары екендігін дәлелдейді.
3. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру моделі эмоционалдық-мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттері бірлігінде байқалады және нақты өлшемдер, көрсеткіштер мен деңгейлер арқылы сипатталады. Оны жүзеге асыру процесі мынадай педагогикалық шарттарды ескерумен қамтамасыз-дандырылады: а) қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері мазмұнын оқушының қызығушылығы мен мүмкіндігіне қарай сұрыптау; ә) қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін меңгеруде іс-әрекетті саналы түрде орындауға ықпал ететін оқыту формаларын, әдістері мен құралдарын пайдалану; б) қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін жасау барысындағы іс-әрекетке қатысушылардың (оқытушы, оқушылар, ата-аналар) өзара қарым-қатынасын ынтымақтастық, өзара көмек принциптеріне негіздей отырып ұйымдастыру.
4. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі оқушыларды меңгерген білім, іскерлік, дағдысын практикалық іс-әрекеттерде шығармашылықпен пайдалануға бағдарлайды.
Зерттеу негізгі кезеңдері. Бірінші кезеңде (2000-2002 жж. ) зерттеудің проблемасы бойынша материалдар жиналып, жүйеге келтірілді, ғылыми аппарат айқындалды, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері бойынша озық тәжірибелер жинақталып, қорытындыланды, эксперимент жұмысының бағдарламасы даярланды.
Екінші кезеңде (2003-2005 жж. ) оқу-тәрбие процесіне ендірілетін қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері бойынша материалдар сұрыпталды. Үйірме жұмысының бағдарламасы даярланып, технология пәнінің типтік оқу бағдарламасы мазмұнына ендірілетін материалдар айқындалды, оларды пайдалану әдістемесі жасалды, тәрбие жұмыстарының іс-шаралары жоспарланды. Тәжірибелі-эксперимент жұмыстары жүргізілді, аралық кесінділер алынды.
Үшінші кезеңде (2006-2008 жж. ) тәжірибелі-эксперимент жұмысы жалғасын тапты, зерттеу нәтижелері жүйеге келтіріліп, математикалық өңдеуден өтті, қорытынды, ұсыныстар берілді, пайдаланған әдебиеттер жүйеге келтірілді.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі оның әдістанамалық-теориялық негіздерімен, ғылыми ақпараттың логикалық бірлігімен, тәжірибелі-эксперимент жұмысының мақсатына, міндеттеріне мазмұнына барабар кешенді әдістерді пайдаланумен қамтамасыздандырылады.
Зерттеу базасы: Тәжірибелі-эксперимент жұмысы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының, П. Тәжібаева және Қ. Әбдалиев атындағы орта мектептерде, Шымкент қаласының №№ 2, 25, 63 орта мектептерінде өткізілді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру. Зерттеудің негізгі нәтижелері Халқаралық және республикалық ғылыми-пактикалық конференцияларда (Шымкент - 2006, 2007, 2008; Тараз - 2007; Көкшетау - 2007), кафедра мәжілісінде (2002-2007) баяндалды, эксперимент барысында жүзеге асты және мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалаларда, ғылыми жинақтарда, әдістемелік нұсқауларда көрініс тапты.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріледі, ғылыми жаңалығы мен практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалады.
«Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда «технология», «мәдениет», «оқушылардың технологиялық мәдениеті», «қол өнер» мен «сәндік қолданбалы өнер» түсініктерінің өзара байланысы, зерттеудің теориялық негізі тұрғысында қарастырылады, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері анықталады. Осы өнер түрі арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудың моделі ұсынылып, оны жүзеге асырудың педагогикалық шарттары айқындалады, проблеманың бүгінгі жағдайы ашып көрсетіледі.
«Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі» атты екінші тарауда қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны, формалары мен әдістері беріледі; эксперимент жұмысын ұйымдастыру жолдары мазмұндалып, алынған кесінділердің нәтижелері беріледі.
Қорытындыда зерттеудің нәтижелері, тұжырымдар мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.
Негізгі бөлім
Бүгінгі таңдағы жаңа технологиялық кезең әлеуметтік, экологиялық, экономикалық, психологиялық, эстетикалық және т. б. факторлар мен салдарларды ескере отырып іс-әрекеттердің нәтижеге жетудегі тәсілдерін ойлап табуды көздейді. Сондықтан әрбір адам өзінің іс-әрекетіне тәсілдерді ғылыми білімнің негізінде кешенді түрде таңдауы қажет. Ал, бұл болса технологиялық мәдениеттің болуын талап етеді.
Әлеуметтік-философия (Н. Гумилев, В. Бартольд, Н. Сарсенбаев, Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім және т. б. ), мәдениет теориясы (М. Каган, В. Князев, Ю. Ананьев, В. Межуев және т. б. ) психология мен педагогика (Л. Выготский, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, Қ, Қожахметова және т. б. ) саласындағы еңбектерге жасаған талдаудың нәтижелері технологиялық мәдениеттің мәнін ашуға бағытталған түрлі көзқарастар мен ұстанымдардың бар екенін саралап көрсетуге мүмкіндік береді. Анықтамалардың түрлі көзқараста болуы қарастырылып отырған объектінің көпжақтылығымен түсіндіріледі.
Қазіргі таңдағы технология түсінігі адамның түрлі іс-әрекет саласын, осы іс-әрекет пен соған қажетті техникаға қызмет атқаратын білім жиынтығын көрсететін ерекше бір ұғым. Оны адамның теориялық білімді жүйелі түрде қолданудағы ұтымды іс-әрекетінің тәсілі ретінде сипаттауға болады.
Технология қайсы бір болмасын табиғаттың, әлеуметтік объектілер мен іс-әрекеттер туралы білімді түрлендірудің тиімді әдістері бойынша ғылыми-практикалық білімнің негізгі формасы ретінде алға шыға отырып белгілі мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді. Оның әдеттегі ғылыми білімнен ерекшелігі, ол білім ретінде «не» деген, ал технологиялық білім ретінде «қалай» - деген сұраққа жауап береді.
«Технология» ұғымы түрлі іс-әрекет саласында қолданылатындықтан, оған осы жұмысқа байланысты нақты анықтама беру қажеттігі туындайды. Бүгінгі заман әдебиеттерде бұл ұғымды төрт деңгейде қарастыру ұсынылады: философиялық (анықтама өте қысқа нақты беріледі және онда міндетті түрде тектілік белгісінің болуы ескеріледі) ; пәнаралық (тектіліктен басқа көрнекі белгілері болуы қажет) ; қортындылау (ең алдымен кішігірім белгілер көрініс алады) ; эмпирикалық (бұл ерекшеліктер ұғымдарды практика саласында қысқарта пайдалану арқылы толықтырылады) .
Біз өз зерттеуімізде «технология» - бұл жоспар бойынша және адамның, қоғамның, табиғатты қорғаудың мүддесіне негізделген болмысты, қуат пен ақпаратты оңтайлы түрлендіріп, пайдаланудағы мәдениет саласы» - деген философиялық деңгейдегі анықтаманы тірек етеміз және қайсыбір технология болмасын жалпыламалық белгілермен (адамдардың кез-келген іс-әрекетінің тәсілі болып табылады; түрлеріндіруші қасиетке ие; практикалық іс-әрекетте ғылыми білімді қолдану нәтижесі болып табылады) сипатталатынына тоқталамыз.
Технологияға көзқарастың өзгеруі мектептегі қазіргі технологиялық даярлықтың ерекшелігін анықтайды. Ол материалдық өндіріс саласына және адамның түрлі іс-әрекетін жүзеге асыруда меңгеретін тәсілдеріне бағытталады. Бұл оқушылардың технологиялық даярлығындағы ерекшеліктерді анықтауды және адамның іс-әрекетіндегі белгілерді ескеруді талап етеді.
Бірқатар еңбектерде (О. В. Ханова, Л. П. Буев, И. В. Стрюковский және т. б. ) адамның іс-әрекеті адам үшін сыртқы ортамен қатынасының ерекше тәсілі, оның мазмұны адамның мақсатына қарай түрлеріндіріліп, өзгертіліп отырады. Солардың арасында О. В. Ханова «әрбір іс-әрекет, түрлеріндіруші әрекет болып саналады, кез-келген іс-әрекетті жүзеге асыру үшін белгілі құралдардың көмегімен орындалатындай мақсат қоя білу қажет» екенін ескертеді.
Түрлеріндіру іс-әрекеті көптеген нақты формаларда байқалады және танымдық әрі құрылымдық-бағдарлы іс-әрекет мазмұнына қарама-қарсы келеді. Мысалы, егер танымдық іс-әрекетті объективті шындықты бейнелеу мен көрсету негізінде, білім алу процесі ретінде сипаттау болса, түрлендіру, негізінен жаңа, бұрынғысынан да жақсы өнімді, материалды және идеалды өнімді алуға мүмкіндік береді. Түрлендіру іс-әрекеті еңбекке қарағанда анағұрлым кең көлемде қарастырылады, ол тіпті іс-әрекеттің барлық формасын қамтиды және бұрын - соңды болмаған шынайы, әрі онды өзгеріс жасауға бағыттайды.
«Технологиялық мәдениеттің» тірек ұғымына жақындастыратын көпқырлы «технология» ұғымына жасаған талдау бізге ғалымдардың оған берген тұжырымдамалық тәсілдерін жүйеге келтіруге және оның жалпы белгілері мен мазмұндық сипатын (лингвистикалық, салалық, ғылыми, мәдени, жүйелілік) ашып көрсетуге септігін тигізді.
«Мәдениет» ұғымына келетін болсақ, ол әлеуметті-философиялық білімнің іргелі категориясының бірі болып табылады, оның ғылымда әлі де болса, нақты белгіленген теориялық статусы жоқ екені белгілі.
Әдебиеттерге жасаған талдау, мәдениеттануда зерттеудің екі бағыты қарастырылатынын көрсетеді: қоғамдық (әлеуметтік) мәдениет және тұлғалық мәдениет. Бірінші бағыттың өкілдері, мәдениеттің бейімділік функциясына яғни қоғамның өзін-өзі сақтауы мен дамуына аса назар аударады. Екінші бағыттың өкілдері мәдениеттің тұлғалық саласын зерттейді, адамға қарым-қатынас және іс-әрекет субъектісі ретінде, әрі оның шығармашылық белсенділігі мен өзіндік жетілуіне зейін аударады, мәдениетті тұлғаның өздігінен дамудағы тәсілі ретінде анықтайды. Бұл бағыттар әртүрлі мәдениет иеленуші субъектілерінің мәдени процестерін өзара толықтырады және өзіндік ерекшеліктерін мазмұндайды.
Мәдениет адамның іс-әрекетінің нәтижелері мен тәсілдерінің өзара байланыстылығымен сипатталады. Екінші жағынан, іс-әрекет өзінің барлық түрлері мен формаларында адамның мәдениетті жасау процесін, пайдаланылып жүрген мәдениет формаларын меңгеруін және жаңадан жасауын көрсетеді.
Мәдениет, өз кезегінде аса бір жалпылама формада табиғаттың заңдарына, қоғамның сұранысына және қоғамдық өмір әрекеттерінің мақсаттарына сәйкес әлемді түрлердірудегі іс-әрекеттің қабілеті болып табылады. Осыған орай технология және мәдениет «табиғат - тәжірибе - адам - ғылым . . . » адам әрекетінің жалпы негіздеріне, олардың техникалық құралдарда, барлық әлеуметтік мәдени білімдерде жүзеге асырулу тәсілдеріне қатысты барлық жүйесімен өзара байланысты.
Мәдениет адамның материалдық-заттық, технологиялық, танымдық және т. б. дүниені меңгерудегі тәсілдердің көпжақтылығын көрсетеді. Ол жоғарыда аталғандармен шектеле қоймайды және жалпылама түрде тәжірибе барысында қалыптасқан және адамның табиғатқа тарихи дамыған көзқарасы, адамның өзіне деген көзқарасының өзгеруі ретінде сипатталуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz