Тест тапсырмаларын құрастыру



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 37.016.02.014.6:51(574) Қолжазба құқығында

АБДОЛДИНОВА ГҮЛСІМ ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Тестік тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың математикадан білім сапасын
бағалаудың әдістемелік ерекшеліктері

13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі
(математика)

Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінде
орындалды

Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы Смағұлов Е.Ж.

Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы
Мүбәраков А.М.,

педагогика ғылымдарының кандидаты
Утеджанова Б.К.

Жетекші ұйым: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университеті

Қорғау 2010 жылғы ___ _________ сағат ___ Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық университетіндегі педагогика ғылымдарының докторы
ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.08.05 диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен жайы: 050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86, 4-қабат, 415-
бөлме.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі,
30)

Автореферат 2010 жылдың _____________________ таратылды

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы Шоқыбаев
Ж.Ә.
КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Соңғы он жылда Республикамыздағы білім беру
жүйесінде демократияландыру мен ізгілендірудің стратегиялық бағыттары
қалыптаса бастады. Осының нәтижесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін
бағалаудың жаңа критерийлері пайда бола бастады. Бұл үрдіс оқу жоспарлары
мен бағдарламаларының әр алуандылығын көздейтін жаңа білім беру жағдайында
жүзеге асырылуда.
Оқыту мен білімді бағалаудың жаңа технологияларын ендіру педагог
қауымның тесттерге деген қызығушылығын арттыруда. Көптеген педагогикалық
жаңалықтардың бірі болып табылатын тестік жүйе оқушылардың білім, білік,
дағды дейгейін объективті бағалауға, оқушыларды даярлау талаптарының
берілген стандарттарға сәйкестігін тексеруге, оқушылар даярлығындағы қиын
мәселелерді анықтауға жол ашады.
Кейінгі жылдарда студенттер мен оқушылардың білімін бақылауды ғылыми
ұйымдастырудың жалпы мәселелеріне, педагогика теориясы мен әдістемесі, оқу
үрдісін басқару мәселелеріне қызығу арта түсті. Бұл мәселелермен жемісті
шұғылданған авторлар қатарында - В.С.Аванесов, Ш.Ш.Артыгалин,
Т.О.Балыкбаев, С.А.Ирсалиев, А.Н.Майоров, Г.М.Мутанов, М.Б.Челышкова,
Ю.М.Нейман, В.А.Хлебников, Г.Сакса, Т.Д.Тасбулатов, М.М.Левин, И.Я.Лернер,
В.П.Мизинцев, Н.Д.Никандров, В.М.Полонский, Л.И.Рувинский, М.Н.Скаткин,
В.А.Сластенин, В.А.Якунин, т.б. көптеген ғалымдар болды.
Қазіргі уақытта талапкерлер мен студенттерді аттестациялық сынақтан
өткізуде бақылаудың тестік түрлері неғұрлым объективті әдіс ретінде кеңірек
қолданыла түсуде. Сонымен қоса, тесттерді оқушылар білімін бақылау
мақсатында ғана емес, оқыту мен дамыту мақсатында да пайдалану бағыттары
қарқынды іздестірілуде. Сондай зерттеулердің қатарына И.Б.Бекбоев, В.Г.
Болтянский, Н.Я.Виленкин, Д.Г.Глейзер, Б.В.Гнеденко, В.А.Далингер,
Ә.К.Қағазбаева, А.Н.Колмогоров, А.Д.Кудрявцев, А.И.Маркушевич,
А.М.Мүбәраков, А.А.Столяр, Д.Р.Рахымбек, Л.Т.Искакова, және т.б. еңбектерін
қосуға болады. Бұл ғалымдар өз еңбектерінде білімді тексеру мен бағалаудың
нақты тәсілдерін қарастырып қана қоймай, оқушылардың педагогикалық ой-
өрісін кеңейту, оқу қызметін ұйымдастыру түрлері мен әдістерінің жалпы
қағидаларын да айқындап көрсетті.
Мемлекеттік білім стандарты оқу барысында оқушылардың игерілген
білімінің барынша берік болуын талап етеді. Осыған орай тестік бақылау
процедураларын объективтендіру ғана емес, оқыту мазмұнының берік
меңгерілуін қамтамасыз ету мәселесі де өткір қойылуда.
3
Оқыту үрдісін тестік тапсырмалардың көмегімен математикадан білім
сапасын бағалауды қамтамасыз етудің объективтік қажеттілігі, оқыту теориясы
мен практикасында білімді тестік әдіспен бағалаудың жеткілікті деңгейде
қаралмағандығы арасында қарама-қайшылық туындауда. Бұл қарама-қайшылықты
шешу үшін математикадан тестік бақылау тәсілдерін пайдаланудың
ұйымдастырушылық-педагогикалық және дидактикалық шарттарын анықтау
проблемасы тұр. Осы зерттеу жұмысының көкейкестілігі, ғылыми-практикалық
мәнділігі диссертациялық жұмыстың ұсынылып отырған тақырыбын Тестік
тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың математикадан білім сапасын
бағалаудың әдістемелік ерекшеліктері деп таңдап алуға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: математикадан білім беруде орта мектепте тестік
тапсырмаларды пайдаланудың ұйымдастырушылық-педагогикалық, дидактикалық
шарттарын анықтау және әдістемесін дайындау, оны тәжірибе жүзінде тексеру.
Зерттеу нысаны: орта мектепте математика пәнін оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: оқушылардың математикалық білімін тексеруде тестік
тапсырмаларды қолданудың әдістемелік ерекшеліктері.

Зерттеу болжамы: егер орта мектепте математиканы оқыту барысында,
мемлекеттік стандартқа және оқу бағдарламаларына сәйкес әр түрлі деңгейлі
тестік тапсырмалар оқушылардың білім деңгейін тексеруге жүйелі түрде
қолданылып отырса, онда ол оқушылардың біліміне қойылатын талаптаға сай, ал
бұл оқушылар біліміндегі кездесетін олқылықтарды дер кезінде анықтап,
оларды өз уақытында жойып отыруға мүмкіндік береді және математикадан
білімін сапасын көтереді.
Қойылған мақсатқа жету және ғылыми болжамды дәлелдеу үшін
төмендегідей міндеттерді орындау қажет болды:
1. Тестік тапсырмалар арқылы оқушылардың білім дәрежесін тексерудің,
оқытудың теориясы мен практикасындағы орнын анықтау.
2. Математикадан тестік тапсырмалардың мемлекеттік стандарты мен
бағдарламаларға сай құрылғандығын әдістемелік тұрғыдан қарастыру.
3. Математика пәнін оқытудың тиімділігін арттыру үшін тесттік
тапсырмаларды пайдаланудың ұйымдастырушылық-педагогикалық және дидактикалық
шарттарын анықтау.
4. Тестік тапсырмаларды жүйелі түрде қолданып, оқушыларды
математикадан білім дәрежесін жақсаруын эксперименттік тұрғыдан тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: оқушылардың математикалық білімдерін
тестілік тапсырмалардың түрлерімен ұштастыра, оны бақылау мақсатында ғана
емес, сонымен қатар орта мектепте тестілік тапсырмаларды оқыту мен дамыту
мақсатында да жүйелі пайдалану әрбір оқушының математика пәні бойынша
тиісті даярлық деңгейіне жетуіне жағдай жасайды.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: таным, білім, жеке
тұлға және оның іс-әрекеті, ақыл-ой, ойлау, құндылық туралы философиялық,
психологиялық, педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалар, білім сапасы
туралы теория құрайды.
4
Зерттеудің дерек көздері: ҚР Білім туралы Заңы; Қазақстан - 2030
стратегиялық даму тұжырымдамасы; Қазақстан Республикасында білім беруді
ізгілендіру тұжырымдамасы; Орта білім беруді дамыту тұжырымдамасы; ҚР жалпы
білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттары, философтардың,
психологтардың ғылыми еңбектері, білім беруді басқарудың жүйелі тәсілін
жасау мәселелеріне, ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыруға арналған
психологиялық-педагогикалық еңбектер.
Зерттеу әдістері.
– зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық, педагогикалық және ғылыми-
әдістемелік әдебиеттерді талдау;
– орта мектептегі математикалық білімді бақылауда тесттік
тапсырмаларды пайдалану тәжірибесін талдау;
– оқыту үрдісінде математикалық білімді тестік тапсырмаларды
пайдалану арқылы тексерудің мүмкіндіктерін анықтау мақсатында мектеп
мұғалімдерімен әңгімелесу, сауалнама жүргізу;
– тестік дидактикалық материалдар жүйесін пайдаланып, анықтаушы және
қалыптастырушы эксперименттердің жоспарын дайындау және жүзеге асыру.
Зерттеу базасы: Талдықорған қаласының Н.Островский атындағы №8 орта
мектеп, №15 орта мектеп, №10 орта мектеп-гимназия, А.С.Макаренко атындағы
№6 орта мектеп, №16 орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығы бар №21
орта мектеп, №14 орта мектеп-гимназия және Еңбек ауылындағы №22 орта
мектеп.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
– оқушылардың математика пәні бойынша даярлық деңгейін анықтауда
тесттік тапсырмаларды қолданудың және пайдаланудың жүйелік-құрылымдық жолы
теориялық тұрғыдан негізделді;
– математиканы оқыту үрдісінде тесттік тапсырмаларды кешенді
пайдаланудың дидактикалық мүмкіндіктері мен ұйымдастырушылық-педагогикалық
шарттары анықталды;
– математикадан тесттік тапсырмаларды пайдаланудың әдістемесі
дайындалды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
математиканы орта мектепте оқытуға арналған нұсқаулар, құралдар,
тесттік дидактикалық материалдар және оларды оқушыларды оқыту мен дамыту
мақсатында пайдаланудың әдістемесі әзірленді. Оларды оқу-тәрбие үрдісінің
тиімділігін арттыру мақсатында әртүрлі оқу орындарының тәжірибесінде
пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:
1. Тестік тапсырмалар арқылы оқушылардың білім дәрежесін тексерудің,
оқытудың теориясы мен практикасындағы орны.
2. Жалпы білім беруде математикадан тесттік тапсырмаларды пайдаланудың
ұйымдастырушылық-педагогикалық және дидактикалық шарттары.
3. Жалпы білім беруде оқушылардың даярлығын тексеруде тесттік
тапсырмаларды қолданудың әдістемелік ұстанымдары.
4. Жалпы білім беру мақсатында математикадан тесттік тапсырмаларды
пайдалану бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының
нәтижелері.
5

Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезең 1999-2002 жылдар аралығында өткізілді. Бұл кезеңде
педагогикалық-психологиялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау
жасалды. Оқытуда тесттік тапсырмаларға арналған теориялық материалдар
жинақталып, математикадан тесттік тапсырмаларды жүргізудің жағдайы
айқындалды. Оқушылардың математикалық білімі мен біліктіліктерін бақылаудың
жағдайы зерттелді.
Екінші кезең 2003-2007 жылдар аралығында өткізілді. Бұл кезеңде
оқушылар біліміне қоятын талаптарын ескере отырып, математиканы оқыту
әдістемесін жетілдіру идеяларына, алдыңғы қатарлы әдістемелерге негізделіп
дайындалған тесттік тапсырмалар алдын-ала сараптамадан өткізілді және
оларды оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың мүмкіндіктері анықталды.
Үшінші кезең 2008-2010 жылдар аралығында өткізілді. Бұл кезеңде
оқушылар математиканы оқыту бойынша тестілерінде кездесетін тапсырмалардың
барлық формасымен таныстырылды, тесттерді оқу үрдісінде пайдаланудың
әдістемесі дайындалды. Ұсынылған әдістеменің тиімділігін анықтау мақсатында
жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелеріне талдау
жасалып, олар сандық және сапалық тұрғыдан өңделді, сонымен қатар
диссертация оған қойылатын талаптар бойынша рәсімделді.
Зерттеу барысында алынған нәтижелердің дәйектілігі мен негізділігін
зерттеудің әдіснамалық позицияларының жиынтығы; тесттік бақылау мәселесіне
деген қазіргі көзқарастарды талдау; тестология, басқару теориясы
ережелеріне сүйену; зерттеу пәнін оқып-үйрену мен талдауда жүйелі әдісті
пайдалану; статистикалық әдістерді пайдалану; зерттеу мақсаты мен
міндеттеріне сай арнайы әдістер мен әдістемелерді пайдалану; эмпирикалық
деректердің молдығы; математикадан тесттік тапсырмаларды пайдалану бойынша
дайындалған ұсыныстар мен қорытындыларын ұзақ уақыт бойы іс жүзінде
сынақтан өткізілуін қамтамасыз етіп отыр.
6
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен іс-тәжірибеге енгізу: зерттеу
жұмысының негізгі қағидалары мен нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияларда ғылыми баяндамалар түрінде: Қазақстан Республикасы
тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған “І.Жансүгіров тағылымдары” атты
ғылыми конференциясында (Талдықорған, 2001), ХХІ ғасырда білім беру және
тәрбие жұмыстарының жүйелерінің дамуының басым бағыттары атты Қазақстан
Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-
практикалық конференциясында (Шымкент, 2001), І.Жансүгіров атындағы Жетісу
Мемлекеттік Университетінің 30 жылдығына арналған Мыңжылдықтар тоғысындағы
Қазақстан Білімі мен Ғылымы атты халықаралық ғылыми-практикалық
конференциясында (Талдықорған, 2002), Денсаулық жылы мен І.Жансүгіров
атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінің 30 жылдығына арналған Жетісу
аймағы жас ғалымдарының ғылыми-практикалық конференциясында (Талдықорған,
2002,2009), Алматы облысы және Талдықорған қаласындағы жалпы білім беретін
орта мектептерінің әдістемелік бірлестіктерінде талқыланды. Сонымен қатар,
зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының ғылыми-педагогикалық
басылымдарында: Информатика, физика, математика (2001), Ұлт тағылымы
(2005), Бастауыш мектеп (2004, 2007), Қазақстан мектебі (2004,
2007,2010) журналдарында ғылыми мақалалар түрінде жарияланып, іс-
тәжірибеге енгізілді.
Диссертацияның құрылымы: диссертациялық жұмыс кіріспе, екі бөлім,
қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде мәселенің көкейкестілігі, оның психологиялық- педагогикалық,
әдістемелік әдебиеттерде зерттелу деңгейі негізделді, зерттеудің
мақсаттары, міндеттері, нысаны мен пәні анықталды, болжам, зерттеудің
ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәні баяндалды, жүргізілген
жұмыстың әдістері мен кезеңдері анықталып, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар
келтірілді.
"Оқушылардың математикадан тесттік бақылау тәсілдерін пайдаланудың
дидактикалық негіздері" атты бірінші тарауда орта мектептің оқу үрдісінде
тесттік бақылау тәсілдерін пайдалану мәселесі қарастырылды; оқушылардың оқу
іс-әрекеті нәтижелерін диагностикалаудың негізі ретіндегі жүйелік-
құрылымдық әдіс негізделді; тесттік бақылау тәсілдері оқушылардың жеке
ерекшеліктерін, білім деңгейін және т.б. анықтаудың құралы екендігі
дәлелденді; оқу іс-әрекетінің нәтижелері педагогикалық тесттеу объектісі
болуы тиіс екендігі анықталды.
“Оқушылардың матемтикадан білім сапасын бағалаудың тесттік әдістерін
қолдану әдістемесі” атты екінші бөлімде тесттік бақылау тәсілдерінің
негізгі құралы ретінде жеке сипаттамалар берілді; нәтижелерді тестілеу
объектісі ретінде қарастырудың әдістемелік ұстанымдары баяндалды;
оқушылардың математикадан даярлық мазмұны мен ең төменгі деңгейіне
қойылатын мемлекеттік талаптарды жүзеге асыру жолдары талданды; математика
бойынша тесттік тапсырмалардың рөлі мен атқаратын қызметі анықталды;
диагностикалық-тесттік тапсырмаларды өзін-өзі бақылау және математика пәні
бойынша жетістік деңгейін анықтау мақсатында пайдаланудың әдістемесі
әзірленді.
Қорытындыда зертеудің негізгі нәтижелері баяндалып, оларды
педагогикалық практикада пайдалануға нақты әдістемелік нұсқаулар берілді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімінде зерттеу барысында талданған
философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнайы
әдебиеттер келтірілген.
Қосымшада зерттеу барысында пайдаланылған педагогикалық іс-тәжірибенің
кейбір материалдары ұсынылды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

7
Соңғы уақытта оқу орындарында оқушы жастар білімін бағалауда тесттік
бақылау жүйесі қолданылуда. Үкімет шешімімен біздің Республикада жалпы орта
білім беретін мектеп түлектері мен орта және жоғары оқу орындарының
студенттерін тестілеу орталығы құрылды.
Қазіргі білім беру саласына талдау жасасақ, қоғамның сапалы білімге
деген сұранысының өсу мен оған объективті бақылаусыз қол жеткізу мүмкін
еместігі арасында қарама-қайшылық туындайды. Осы туындап отырған қарама-
қайшылықты шешу мақсатына сәйкес психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге
талдау жасалды. Оқу тапсырмаларын орындау үрдісінде жүретін ойлау
операцияларын тексеру мақсатында жасалған зерттеу нәтижелері көрсеткендей,
тесттерді жіктеуді екі топқа бөлуге болатынын көрсетті. Бірінші топқа,
факторларды, терминдерді, ұстанымдарды білуді, жадында қайта жаңғыртуды
тексеру тапсырмаларын жатқызуға болады. Тапсырмалардың екінші тобы оқыған
материалды оқушының түсінуін (қабылдауын) бағалайды. Түрлендіру, қайтадан
кодтау, анықтаманы интерпретациялау, нақты жағдайды жинақтау, немесе
абстракциялау, талдау т.б. арналған тапсырмалар ерекше топ құрайды.
Кейбір әдістемелік еңбектерде мамандар жалпы тексеру тапсырмаларын
барынша аз пайдалана отырып, оқушылардың білімі, біліктілігі және дағдысы
туралы барынша мол ақпарат алынатындай етіп құрады.
Бақылаудың ең маңызды мақсаты - оқушыларды өз білімдеріндегі
кемшіліктерді дер кезінде анықтап, оны уақытылы жойып отыруға ынталандыру
болып табылады. Біздің байқауымызша, оқушылар жұмысының қарқындылығы
бақылау өткізудің жиілігімен және тұрақтылығымен реттеледі. Оның үстіне,
бақылау жиі болған сайын, оқушылар да бақылау процедурасына жақсы
бейімделіп, жүрексіну деңгейі төмендейді.
Мұғалім жұмысының маңызды аспектісі оқушылардың білім, білік, дағдыны
меңгеруін бақылау, оқушылардың өзін-өзі тексеру және өз жұмысын бағалау
мақсатында пайдалануы болып табылады.
Бақылау процедурасы мен нәтижелері оқытушылардың өздерінің және білім
мекемесіндегі әдістемелік және жетекші қызметкерлердің күмәнін тудырмасы
үшін төмендегідей талаптарға сәйкес жүзеге асуы қажет:
1. Бақылау нәтижелерінің жедел алынуы.
2. Бақылау операциялары оқушылар тобының бәрін немесе басым бөлігін
қамтуы.
3. Бақылау операциялары өтілген материалдардың бәрін (немесе басым
бөлігін) қамтуы.
4. Жұмыс уақытын тиімді пайдалану, яғни, аз уақыт ішінде көп оқушының
білім мен білікті меңгеруін бақылау мүмкіндігінің болуы.
5. Бақылау нәтижелерін анықтауға (тексеруге) уақыттың аз жұмсалды.
6. Бақылау нәтижелерін анықтау кезінде білікті мұғалімді ауыстыру
мүмкіндігі. Айта кеткен жөн, бұл талапты ауызша жауап алу да, бақылау
жұмысы да қанағаттандырмайды.
8
7. Бақылаудың объективтілігі - оның процедурасының, жұмысты бақылау
мен нәтижені анықтаудың объективтілігі, бұлар оқушылардың тұрақты, әрі шын
көңілден жұмыс істеуіне ынталандырудың маңызды шарты болып табылады.
8. Бақылаудың сенімділігі, яғни, тақырып ақпаратының салыстармалы
түрдегі аз ғана бөлігін бақылай отырып, бүкіл тақырып көлемі меңгерілгенін
білу мүмкіндігі.
9. Оқушыларға мұғалімнің даярлыққа қояр талабын түсінуге мүмкіндік
жасау.
10. Өтілген ақпаратты қайталау (бекіту) және оқушылардың тілін, өз
ойларын қисынды әрі рет-ретімен жеткізу қабілеттерін дамыту мүмкіндігі.
11. Барлық оқушылардың білімін белсендіру және бекіту.
12. Оқушылар жұмысының дербестігін қамтамасыз ету, көмектесуді,
жетекші сұрақтар беруді болдырмау және т.б.
Оқу ақпаратын оқу элементтеріне бөлу және олардың құрылымдық
байланыстарын граф көмегімен қолайлы түрде айқындау қажет (Сурет 1).
Мұндағы графтың төбелері оқу элементтерін білдіреді, ал қабырғаралы
олардың байланыстары мен бір-біріне бағыныштылығын көрсетеді.

Сурет 1 – Оқу ақпаратының граф түріндегі құрылымы

Зерттеу барысында алынған нәтижелерге сүйеніп, тесттердің мынадай
артықшылықтарын айтуға болады.
Біріншіден, тесттер - бағалаудың неғұрлым сапалы тәсілі. Тесттердің
объективтілігіне оны өткізу процедурасын, тестік тапсырмалардың сапа
көрсеткіштерін тұтасымен стандарттау және тексеру жолымен қол жеткізіледі.
9
Екіншіден, тесттер - неғұрлым сыйымды құрал.Тест көрсеткіштері
оқушыларды белгілі бір меңгерілген білім жиынтығы бар екенін білуге емес,
оқу бағдарламасының тақырыптары мен бөлімдерінің негізгі ұғымдарын, білік,
дағдыларды т.б. меңгеру деңгейін анықтауға бағдарлаған.
Үшіншіден, тесттер - неғұрлым ауқымды құрал. Тест жұмысын орындай
отырып, әрбір оқушы бағдарламада көзделген барлық тақырыптар бойынша
тапсырма орындайды.
Төртінші, тесттердің бақылау жұмыстарынан маңызды айырмашылығы оның
жабдықталғандығы яғни, тест өткізушілер мен оқушылардың өзара қатынасын,
оқушылардың тестілеу кезіндегі іс- әрекетін, нәтижелерді өңдеу және
мәліметтерді түсіндіру процедурасын реттейтін қатаң ереженің болуы.
Бесінші, тесттердің айырмашылығы, олар баға критерийлерінің
бірліктерін пайдаланып және өткізудің стандарттық шарттарын көздеп,
барлық оқушыларды тең жағдайға қояды.
Осылайша, тесттер дәстүрлі бағалау құралдарына қарағанда оқушылардың
қандай да бір саладағы жетістіктерін неғұрлым объективті, және ауқымды
түрде анықтауға жол ашады деуге болады.
Тесттердің осы айтылған басымдықтарға ие болуының негізгі себебі,
оларды әзірлеу, қолдану және нәтижелерді түсіндіруден тұратын
стандартталған процедурасының болуында.
Әдебиеттерді талдау негізінде тест әзірлеу процедураларына қойылатын
талаптарды жүйеге келтірдік. Әзірленген модель тест жасау кезеңдерін
саралауға негізделген. Ол мынадай 16 кезеңнен тұрады.
1) Тестілеу мақсаттарын анықтау; 2) Әзірлеушілердің ресурстық
мүмкіндіктерін анықтау; 3) Оқу материалының мазмұнын таңдау; 4)
Технологиялық матрица құрастыру; 5) Тест тапсырмаларын құрастыру; 6)
Тапсырмаларды және тесттерді сынақтан өткізу үшін тандама құру (сұрыптау);
7) Сынақтан өткізу үшін тапсырмаларды тұтастыру; 8) Тест тапсырмаларын
сынақтан өткізу; 9) Тест тапсырмаларының сапа көрсеткіштерін анықтау және
есептеу; 10) Тапсырманы өңдеу және тест құрастыру; 11) Тестті сынақтан
өткізу; 12) Тест сапасының көрсеткіштерін анықтау және есептеу; 13) Тесттің
соңғы нұсқасын құрастыру; 14) Тестті стандарттау; 15) Тестті нормалау; 16)
Тестті жабдықтау.
Жұмыстың әрбір кезеңі іске асыру уақыты ғана емес, оларды қандай
мамандар жүзеге асыратыны бойынша да ерекшеленеді. Аталған кезеңдер тізімі
жалпы және толық. Жалпы себебі, кезеңдер әзірлеушілердің шынайы
әрекеттеріне дейін нақтыланбаған, толық себебі, мақсатының бағыты және
соған сәйкес классификациялау сипаттамасы әр түрлі тесттер үшін бірқатар
кезеңдер орындалмай кетуі мүмкін.
Төмендегі кестеде мақсаттық бағыттары әр түрлі кейбір кезеңдерді
орындаудың міндеттілігі көрсетілген.
Тестілеу нәтижелері бойынша білім мен дағдының өсуі ғана емес,
тұрмыстық деңгейде алынған білім, әрекет тәсілдері, материалдың белгілі бір
бөлігін баланың қабылдау ерекшеліктері де анықталуы мүмкін. Осының
нәтижесінде оқушының жеке даму бағдарламасының жобасын жасауға болады.
10
Тесттерді нормаға келтіру өте маңызды, өйткені нормалардың болуы
шкалаларға тән ерекшеліктерді анықтауға, берілген тест үшін әрбір
сыналушының басқаларға қатысты алғандағы орнын белгілеуге, бір немесе әр
түрлі тесттер бойынша сыналушылардың немесе сыналушылар

Кесте 1 – Тест құрастыру кезеңдерін орындаудың әр түрлі мақсаттағы
тесттерге арналған сызба нұсқасы

Мақсатты 1.Оқушылардың 2.Жеке 3.Оқушыларды 4.Оқушылар-дың
бағыт. белгілі бір тақырыптарды, оқытудағы білімін кешенді
Тест әзірлеу кезеңде жеке пәндерді білімжетістіктері,бағалау,
кезеңдері тақырыптарды беру даярлық оқушыларды
меңгерудегі бағдарламаларынәтижесі қорытынды
жетістіктерін н меңгеру бойынша аттестация-
анықтау. деңгейін саралау, лау үшін
Педагогтар анықтау. ранжирлеу. пайдаланы-
кәсіби Педагогтар Оқуға түсу лады.
қажеттіліктеріәкімшілік ішкіемтихандарын
не қажеттіліктергөткізуге және
пайдаланылады.е пайдалануы әкімшілік
мүмкін. тұрғыда
пайдаланады.
1 2 3 4 5
1.Тестілеу Иә Иә Иә Иә
мақсаттарын
анықтау.
2.Тест Қалауынша Иә Иә
әзірлеуші-лер
дің ресурстық
мүмкіндіктері
н анықтау.
3.Оқу Иә Иә Иә Иә
материалының
мазмұнын
таңдау
4.Техноло- Қалауынша Иә Иә Иә
гиялық
матрица
құрастыру.
5.Тест Иә Иә Иә Иә
тапсырма-
ларын
құрастыру.
6.Тапсырма Иә Иә Иә
ларды және
тесттерді
сынақтан
өткізу үшін
тандама
құрау.
7.Сынақтан Иә Иә Иә Иә
өткізу үшін
тапсырма-
ларды
ықшамдау.
8.Тест Иә Иә Иә Иә
тапсырмаларын
сынақтан
өткізу.


11
1 кестенің жалғасы

1 2 3 4 5
9.Тест Иә Иә Иә Иә
тапсырма-лары
ның сапа
көрсеткіштері
н анықтау
және есептеу.
10.ТапсырманыИә Иә Иә Иә
өндеу және
тест
құрастыру.
11.Тестті мүмкіндігінше Иә Иә
сынақтан
өткізу.
12.Тест Иә Иә
сапасының
көрсеткіштері
н анықтау
және есептеу.
13.Тесттің Иә Иә Иә Иә
соңғы
нұсқасын
құрастыру.
14.Тестті Иә Иә Иә
стандарттау.
15.Тестті Иә
нормалау.
16.Тестті мүмкіндігінше Иә Иә
жабдықтау.

11

топтарының арасындағы статистикалық маңызды ұқсастықтар мен
айырмашылықтарды белгілеуге жол ашады.
Оқушылардың ең басты жетістігі – олардың оқу әрекетінің нәтижесі.
Оқушылардың жетістігін бағалау үшін оларды педагогикалық мақсаттармен қатар
қою керек, ал қатар қою үшін мақсаттардың өзі соған сәйкес технологиялық
формамен берілуі тиіс. Егер осындай алға қойылған мақсатты технологиялық
аяқталған алгоритм түрінде қалыптастыру мүмкіндігі пайдаланылса, білім беру
әрекеті нәтижелерінің моделін іс жүзінде көп аспектілі сипатталатын және әр
түрлі бөліктерден тұратын тест құрастыруға жарамды формада жасауға айқын
мүмкіндік туады.
Кез келген тесттің психологиялық немесе педагогикалық маңызды
белгілеріне мыналар жатады:
Тестің біртұтастығы:
- Метрологиялық негізделген болуы керек.
- Сапа көрсеткіштеріне – валидтілік пен сенімділікке сәйкес келетін, болуы
қажет.
- Салыстыруға арналған өзге негіздер ретіндегі нормалары бар болуы тиіс.
Тестік тапсырмалар мынадай болуы тиіс:
- белгілі бір ережелер бойынша құрастырылған;
12
- тестілеу мақсаттарына және оны әзірлеушілердің ресурстық әлеуметіне
сәйкес келетін;
- практикада тексерілген;
- есептеулі сапа көрсеткіштері - күрделілігі және дискриминативтілігі бар.
Жабдықтау мынадай болуы тиіс:
- барлық сыналушылар үшін бірдей жағдайды қамтамасыз ететін;
- өткізу уақытын шектейтін;
- нұсқауларының бәрі бірдей, әрі сыналушыларға не істеу керектігін айқын
түсіндіретін;
- нәтижелерді статистикалық талдауды және оларды түсіндіруді алдын-ала
қарастыратын.
Білім беру стандарттары “Білім туралы” заңның міндеттерін атқару
үшін, біріншіден оның мазмұнының құрылымын іріктеу, екіншіден білімді
игерудің сапасын анықтап алу керек, яғни дидактикалық бірліктердің
дұрыс таңдалуын қамтамасыз ету керек. Одан кейін бұл талаптардың оқушылар
үшін емес, мектеп бітірушілерге арналғанын ескеру керек. Ал алынған
ақпараттар негізгі мектепте берілген жағдайда, оны он бірінші сыныпқа
дейін ұмытпай сақтау мүмкіндігі қандай екендігін анықтау қажет? Бұл
жағдайларда көптеген проблемаларды шешуге тура келеді.
Біріншіден, оқу пәндеріндегі дидактикалық бірліктердің құрылымын дәл
анықтап алу керек және оларды сапалы игерудің жолдарын дұрыс ұйымдастыру
керек.
Екіншіден, есте сақтау үшін емес, түсінуге қажетті іріктеп алынған
дидактикалық бірліктердің мығым түрде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет.
Үшіншіден, оқу үрдісі алдыңғы өтілген материалды түбегейлі түрде
қайталауды қамтамасыз ететіндей болуы тиіс, яғни бұл кезде пән аралық
байланыстар мен олардың қолданбалы жағы арта түседі деген сөз.
Осы айтылғандардан мемлекттік білім беру стандарттары талаптарын
қанағаттандыруға байланысты бақылау әдістерін жетілдіру проблемасы ғана
емес, білімнің тиянақты болу проблемасы да өткір түрде қойыла бастайды.
Оларды шешудің бір бағыты ретінде комплекстік тестілеуді алуға болады, ал
ол біріншіден, бақылау процедураларының объективті болуын, екіншіден,
білімді игерудің деңгейін көтеруді, үшіншіден, жүйелі түрдегі қайталауды,
яғни әр пән ішінде және пән аралық байланыстар түріндегі дидактикалық
қайталаудың деңгейін көтереді, ал бұдан білімнің тиянақты болуы туындайды.
Зерттеу жұмысымызда, математиканы оқыту нәтижелерін тестілеудің
негізгі принциптері, бақылау-оқыту тесттердің құрылымдылық мағыналық
ерекшеліктері анықталды және оқушыларды математикадан оқытудағы
нәтижелердің деңгейін анықтайтын диагностикалық тесттерді пайдалану
әдістемесі жасалды.
13
Оқушыларды арнайы оқытуға іріктеуге арналған математикалық тестілеудің
негізгі әдістемелік принциптері, бақылау тестілерінің құрылымдылық-
мағыналық ерекшеліктері анықталды және арнайы оқытуға лайықталған
оқушыладың математикалық мүмкіндіктері мен қабілеттерін анықтайтын
диагностикалық-тест және болжамдық-тестті пайдалану әдістемесі жасалды.
Оқыту тестілерінің мазмұнын анықтағанда және құрастырғанда
төмендегідей принциптерге сүйенген дұрыс деп есептейміз.
Тапсырмалар банкін жасау үшін тапсырмаларды іріктеу принциптері:
1. Оқытуды барлық оқушылар міндетті нәтижеге жететіндей етіп бағыттау;
2. Мазмұнды математикалық тапсырмаларды орындау кезінде теорияны
меңгеру;
3. Тапсырмаларды орындауда базалық геометриялық конфигурацияларды
пайдалану;
4. Тапсырмаларды орындауда дайын сызбаларды пайдалану;
5. Тірек есептерді шығаруға тапсырмалар жүйесін пайдалану;
6. Тапсырмалардың күрделілігін біртіндеп арттыру.
Тесттің құрылымдық принциптері:
1. Материалды игерудің жекешелігіне бағдарлау;
2. Бір есептің нәтижесін басқа есепті шығаруда пайдалану;
Осы принциптерді негізге ала отырып, тапсырмалар банкі жасалды.
Мысалы, “функция” тақырыбы бойынша құрастырылған тестілік
тапсырмалардың банкі төмендегі тапсырмалардан тұрады:
1. функциясының анықтау облысын табыңдар.
Жауабы:
2. функциясының анықтау облысын табуға арналған теңсіздікті
таңдаңдар
Жауабы:
3. функциясының анықталу облысын табыңдар
Жауабы:
4. функциясының нольдерін табыңдар.
Жауабы:
5. Төменде берілген функциялардың ішінен жұп функцияларды табыңдар.

Жауабы:
6. Төменде берілген функциялардың қайсысының ең кіші периоды
тең?

14
Тапсырмалар банкіндегі әр есеп күрделігі мен орындалатын операциялар
санына байланысты деңгейлерге бөлінеді. Деңгейлеріне қарай сәйкес балл
беруге болады. Мысалы: 1-тапсырма 1-деңгейге сай, өйткені бұл тапсырманы
орындағанда саны бір ғана ой қорытындысын қажет етеді. Жауабы болу
керек.
Диссертацияда оқушыларды оқыту мен дамытуға арналған оқыту тестерін
құрастыру жолдары көрсетіліп, бірнеше тақырыптарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заманауи оқу үдерісіндегі педагогикалық бақылау
Информатика пәні бойынша критерийлі-бағытталған тест тапсырмаларын жасау әдістері.
Тест тапсырмаларын сынақтан өткізу
Тоқсандық жиынтық бағалау
Биологиядан тест тапсырмаларының түрлері
Қашықтан оқытуда білімді бақылау
Биология пәнінен оқушылардың білімін тексерудің маңызы
Тест тапсырмаларын жасау және таңдау
Flash бағдарламасында C++ тілі бойынша интерактивті ойын тапсырмаларын жасақтау
Деңгейлеп оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясы
Пәндер