Қорларға сұранымның ерекшеліктері
9.тарау. Кәсіпорын инвестициясы, экономикалық қорлары және бизнес
жоспар
9.1. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі
Инвестиция – алуан түрлі күрделі қаржы бойынша инвестиция мемлекеттік
және жеке, тікелей және портфельді (қоржынды) болып негізгі материал мен
тауар-материалдық қорға, үйлер мен ғимараттарға, машиналар мен жабдықтарға,
тұрғын үй құрылыстарының қызметтеріне бөлінеді.
Инвестор – салым иесі, инвестицияларды жүзеге асыратын жеке адам, ұйым
немесе мемлекет.
Инвестициялау (инвестициялық процесс) – бұл қарапайым және өндіріс
қаражаттарын қалпына келтіруді ұлғайту процесі.
Кәсіпорынның негізгі қоры, машиналар мен құрал-жабдықтар ескіріп,
табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, олар өндірістік процесс барысында
ұдайы ауыстырылып отырады. Кәсіпорынның дамуы, оның тиімділігінің ұдайы
артып отыруы өндіріске жаңа үлгідегі техника мен технологияны тартуға, оны
техникалық жағынан қайта жарақтану және қайта құруды жүргізумен тікелей
байланысты.
Инвестициялық процестің өзіне тән кешенді сатылары бар.Олар:
• капитал салымын қаржыландыру;
• инвестициялау обьектілерін анықтау;
• жоғарыда аталғандардың орындалуына бақылау жасау.
Инвестициялық жобалар мынандай бағыттар бойынша жүзеге асырылады (9.1-
сурет).
Жобалау класына қарай: мегожоба, мультижоба, моножоба деп бөлінеді.
Мегожоба – бұл үлкен көлемдегі жоба, бірнеше жобалардың өзара
байланыстарын, ресурстарды бөлу және орындалу уақыттарын шектеуден
тұратын мақсатты бағдарлама. Бұл жоба мемлекеттік басқару деңгейінде
қалыптасады және басқарылады.
Мәселен:
• халық шаруашылығының құрылымдық реформа жасау;
• нарыққа өту және нарық үлгілерін таңдау;
• сондай-ақ экономиканың жекелеген секторлары мен түрлі өрістерін дамыту
бағдарламалары.
Бағдарламалар: халықаралық, салалық, салааралық, аймақтық болу мүмкін.
Мультижоба – ұйымдар мен кәсіпорындар шеңберінде жүзеге асырылатын
жоба.
Моножоба – бұл нақтылы міндеттерді жүзеге асыратын әр түрлі:
техникалық, ұйымдық, экологиялық, әлеуметтік жобалар.
Жобалар ұзақтығына қарай: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді
болып бөлінеді.
Ал көлеміне қарай: шағын, орта, ірі болады.
Күрделігіне қарай:жай, күрделі, өте күрделі.
Жобалардың түрлері бойынша: инвестициялық, инновациялық, ғылыми-
зерттеу, оқу-білімдік, аралас болып бөлінеді.
9.1-сурет. Инвестициялық жобалардың жіктелуі
Инвестициялық жобалар негізінен мына төмендегі төрт кезеңде жүзеге
асырылады : тұжырымдама, жоспарлама, өтімділігі, бітімділігі (9.2-сурет).
Бұл кезеңдер жобаның өмірлік циклы деп аталады. Жобаның әрбір
сатысының өзіндік мақсаты және одан туындайтын міндеттері болады.
9.2-сурет. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезеңдері
Инвестициялық жобаларға саны, әсіресе сапасы жағынан тиісті талдаулар
жүргізілуі қажет. Мұндағы басты мәселе инвестицияларға қосылған жоба
құрылтайшыларларының қаржылық ахуалын және қызметтерінің тиімділігін
бағалау.
Жобаның нақтылығы мен өміршеңдік қабілетін бағалау үшін мына түрде
сараптау жұмыстары атқарылуы қажет:
• техника-технологиялық;
• коммерциялық;
• әлеуметтік;
• экологиялық;
• экономикалық.
Жобалық талдаудың өзіндік әдістемелері бар.
Инвестициялық жобаларға әрбір қатысушының жағдайын, оның құрамын
анықтайтын негізгі көрсеткіштер мыналар:
• жарғылық капиталдың мөлшері мен шамасы;
• салықтар;
• айналым қаржысы;
• негізгі активтер (материалды емес және негізгі қаржылар);
• өндіріс шығындары;
• таза табыс.
Инвестициялық жобаны қабылдау циклы мынадай кезеңдерден өтеді:
• жобаларды таңдау және алдын-ала бағалау;
• жобаның техника-экономикалық дәлелдемелерінің құрамдас бөліктеріне
талдау жүргізу;
• мемлекеттік сараптау;
• қаржыландыру туралы шешімдер қабылдау;
• жобаларды қабылдау жұмыстарын атқару және бақылау.
Инвестициялық жобаларды тартудың негізгі белгілері мен оның мазмұны
9.3-суретте берілген.
9.3-сурет. Инвестициялық жобаларды тартудың негізгі белгілері
Кәсіпорын инвестициялық тәуекелділіктің мына түрлерін есепке алып,
олармен санасып отыруы кажет:
– экономикалық заңдардағы кемшіліктер мен тұрақсыздық, заңдардың
толықтай іске аспауы;
– сыртқы экономикалық жағдай;
– әлеуметтік өмірдегі өзгерістер;
– жаңа техника мен озық технологияны пайдаланудың нақты көрсеткіштері;
– нарық өзгерістері, баға, валюта курсы;
– өндіріске табиғи жағдайлардың әсері (климат, ауа райы, жердің
байлығы және т.б.).
Дисконттау коэффициенті. Бүгінгі ақша бірлігі болашақтағы құнына
енгізіледі, ол мына формула бойынша анықталады:
Кд = 1 (1+к)ж (9.1)
к – ақша құнының өзгеру қарқыны;
п – инвестициялау процесі басталған жыл;
к – несиенің проценттік ставкасы, ставка 10 пайыздан аспауы қажет.
Инвестициялық принциптер:
– салым қаржысын әрбір бірлігіне келетін табыстың артып отыруы;
– инвестициялау тәуекелін (төмендету) азайту;
– шығынды өтеу мерзімін есепке алу.
Инвестициялық шығынның өтелуі – бұл салынған қаржыны қайтару мерзімі.
Қаржы салымдарының шығынды өтеу мерзімі мемлекеттің инвестициялық саясатына
тікелей байланысты.
Инвестициялық саясат – бұл халық шаруашылығын дамыту мақсатында
қабылданған бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ететін экономика
өрістерінде капитал салымдарын пайдаланудың негізгі бағыттарын сипаттайтын
ұстаным.
Шығынды өтеу мерзімі – бұл капитал салымдарының нәтижелі болуына
қажетті уақыт, яғни инвестициялық жобаларды табыс табу тұрғысында жүзеге
асыру.
Ол мына формуламен айкындалады:
К
Тш.ө.= ———— (9.2)
П
Т ш.ө. – шығынды өтеу мерзімі;
К – капитал салымы;
П – жылдық табыс.
Мәселен жоба бойынша 120 млн. тг көлемінде инвестиция тарту
көзделінген. Өндірілген өнімдерді сата бастаған кезде күтілетін жылдық
табыс 35 млн. тг. Сонда салымдар қанша жылда өтеледі?
Алғ. инвестиция 120 млн. тг
Тш.ө. = ——————————— = —————— = 3,4 ж
Жылдық табыс 35 млн. тг
Сонда инвестициялық шығын 3 жыл 4 айда өтеледі екен.
9.2. Кәсіпорынның экономикалық қорлары
Қорлар – бұл экономикалық игіліктерді өндіруде пайдаланылатын қажетті
құндылықтар. Экономикалық қорлар өндірістер мен атқарылатын қызметтерде
қолданылатын табиғи және адамдар өндіретін қорлардан тұрады. Барлық әр
түрлі қорлар жекелеген әдіс-амалдарына қарай былайша бөлінеді:
1. Материалдық қорлар – жер немесе шикізат материалдары және капитал.
2. Халықтық қорлар – еңбек және кәсіпкерлік қызмет. Жер. Бұған табиғи
қорлар қатысты:
• айдалған жерлер;
• орман алқаптары;
• пайдалы қазылымдар;
• су қорлары (көл, өзен, теңіз, мұхит).
Капитал немесе инвестициялық қорлар кәсіпорынның барлық жұмсалған
қаражаттары, өндірісте тауарлар мен қызметтерді пайдалану және оны түпкі
тұтыну деңгейіне жеткізу (ғимарат, құрылыс, құрал-жабдық)
Еңбек: ой және дене еңбегінен тұрады.
Барлық экономикалық қорлар өндіріс факторлары бірдей жалпы қасиетке ие
болады: олар сирек және шектелген көлемде қолданылады, сөйтіп бұл қорлардың
экономикалық даму деңгейінде барлық тұтынушылар қажеттіктеріне аз
екендігін көрсетеді, яғни жыртылатын жерде пайдалы қазылымдарда, өндіріс
құрал-жабдықтары мен жұмыс күшінде де (жұмыс уақытында) белгілі бір шектеу
сақталады.
Қоғамдық өндірістің мақсаты – халықты барлық тауарлар мен қызмет
түрлерімен қамтамасыз ету.
Қорларға сұранымның ерекшеліктері:
1. Ол дайын өнімге деген сұранымды, пайдаланылатын қорларды іске асыру
болып табылады. Сондықтан бір-еуінің өзгеруі екіншісіне де әсер етеді.
2. Қорларға деген сұраным еңбек өнімділігімен тікелей байланысты. Еңбек
өнімділігінің артуы экономикалық қорларға сұранымның өсуінің кепілі.
3. Қорларға деген сұраным сұранымның басқа да қорларға өсуімен
байланысты, яғни қосымша қорлар мен қорлардың орнын толтыратын
элементтер бағаларының өзгеруі.
Өндірісте қорлар орнын толтыру процесінде кәсіпорын тиімділіктің мына
екі түрімен кездеседі:
• орнын басатын тиімділік, өйткені бір қорды ауыстыру екіншісінің
бағасы мен сұранымын өзгертеді;
• өндіріс көлемінің артуынан туындайтын тиімділік. Капитал шығынының
өсуі өндіріс көлемін арттырудың негізі, ал бұл, сайып келгенде,
қорларға деген сұранымды азайтады.
Жалпы қорытынды ретінде мыналарды атап көрсетуге болады.
Қорларға деген сұраным негізінен мына жағдайларда артады:
• өнімге деген сұраным артса, тұтыну дайын өнімді өндіруде еңбек
өнімділігі жоғарыласа;
• қорларды ауыстыру жұмыстарының бағасы төмендеп немесе көтерілсе;
• қосымша қорлардың бағасы төмендесе.
Бұл айтылғандардан қорлар сұраным икемділігі деген түсінік туындайды,
ал оны анықтайтындар:
• дайын өнімге сұраным икемділігі неғұрлым көп болса, соғұрлым қорларға
сұраным икемділігі жоғары (тауарларға баға жоғарыласа, оған деген
сұранымның төмендеуіне әкеледі, қорларды тұтыну да төмендейді).
• қорлардың алмасымдылығы:оған деген сұраным икемділігі жоғары болса,
егер баға өскен жағдайда, олардың орнын басатын басқа қорларға
мүмкіндік берілсе немесе жақсы жетілген технологиялар енгізілгенде
жүзеге асса.
• жалпы шығында қорлардың үлесі: егер қорлардың үлес салмағы жалпы
шығындарда көтеріңкі болса, онда қорларға деген баға өседі, бұл
сұраныстың төмендеуіне әкеліп соғады.
Демек, өндірістің жалпы шығындарында қорлар үлесі неғұрлым жоғары
болса, соғұрлым сұраныс икемділігі де жоғары болады.
Кәсіпорынның өндірістік қорларының материалдық заттық және ақшалай
нысандағы көрсеткіштері 9.4-суретте баяндалған.
9.4-сурет. Кәсіпорынның өндірістік қорлары
9.3. Кәсіпорынның бизнес жоспары және бөлімдері
Бизнес жоспар бұл кәсіпкерлік қызметтің негізгі мәселелері қамтылған,
яғни кәсіпкердің өзекті мәселелері талданып, оны шешу жолдары қарастырылған
маңызды құжат.
Міне осылардың қорытындысында:
• сатып алу-сату мәмілесін жүргізу;
• тауарларды көтере сатып алу және сату бағалары бойынша есеп
айырысулар;
• шығын мен ақырғы нәтижелер;
• жұмысшылардың саны;
• көлік жұмысының ауқымы;
• жарнама;
• коммерциялық құжаттарды дайындау жұмыстары нақтылы айқындалады.
Бизнес жоспарда бұлардан басқа мыналар қарастырылады:
• тауарларды алдағы уақытта сату үшін көтере сатып алу;
• ұйымдардан қызмет көрсету туралы міндеттемелерді жинау және
оларға төлем жасау;
• тауарларды сақтайтын қоймалар мен тұрғын үйлер жалдау,
өнімдерді өткізетін сауда орындары;
• тауарларды өткізу нысандары;
• несие және басқа қарыз қаражаттарын алудың негіздері;
• мемлекеттік және қаржы мекемелеріне салық және басқа да
міндетті төлемдерді өтеу.
Бизнес жоспар бірнеше бөлімдерден тұрады (9.5-сурет):
Кез-келген бизнес жоспардың бірінші бөлімі – бұл өнімді (қызметті)
бейнелеуден тұрады, яғни кәсіпкер қандай өнім өндіреді немесе ұсынады.
Бөлімде мына сұрақтарға жауап берілуі тиіс:
• сіздің өніміңіз (қызмет) қандай тұтынуды қанағаттандырады?
• сіздің өніміңізден (қызмет) қандай пайдалы тиімділік алуға болады?
• сіздің өніміңіздің (қызмет) бәсекелестің тауарынан қандай айырмашылығы
бар?
Пайдалы тиімділік бұл не үшін қолданылатынын анықтайды.
2. Бизнес жоспардың екінші бөлімі – сату нарығын сараптау, ол үшін
тауар және қызмет нарығын зерттеу керек. Бизнестегі тұтынушының әлеуетін,
олардың талғамын, сұранымын, ақшалай мүмкіншіліктерін және кемшіліктерін
талдау қажет.
Сараптау жұмыстарында мына жағдайларға баса назар аудару керек:
• сатып алушылар сіздің тауарыңызды қандай көлемде пайдаланады, үнемі
ме, әлде сирек пе, қызмет бабында олар сізбен қандай қарым-қатынаста?
• сіздің тауарыңызды сатып алатындар анық кімдер немесе оларды не
қызықтырады?
• өнімнің барлық партиясын сату үшін немесе қызметтің бір түрін
көрсетуде сіз қанша уақыт жұмсадыңыз?
• сатып алушылар сіздің тауарыңыздың баға деңгейіне қалай қарайды, қалай
бағалайды?
Бизнес жоспардың үшінші бөлімі бәсекелестердің мүмкіндіктерін
анықтауға арналады, мұнда мына сұрақтарға жауап іздеу керек:
• бүгінгі сіздің бәсекелесіңіз кім және оның ісі қандай дәрежеде:
тұрақты, өрлеуде немесе төмендеуде?
• сіздің тауарыңыздың (қызмет) бәсекелестің тауарынан қандай
айырмашылықтармен сипатталады?
• нарықта жаңа бәсекелестер пайда болған жағдайда, сіз қандай
мүмкіндіктерді, әдістерді қолданар едіңіз?
• сіз қандай жағдайда және қай жағынан бәсекелесіңізді басып озар
едіңіз?
Бизнес жоспардың төртінші бөлімі – бұл маркетинг жоспары.
Маркетингтің басты формуласы Не өндірілетін өнімді емес, сатыла
алатын өнімді өндіру керек
Бұдан маркетинг қызметінің мына төмендегі мазмұны туындайды:
• сіздің тауарыңызды тарату кестесі: өздігінше, көтерме ұйымдар мен
дүкендер арқылы?
• баға белгілеу: сіз тауарыңыздың бағасын қалай анықтар едіңіз, қандай
көлемде табыс күтесіз, бағаны қандай шекте төмендетесіз, егер сізге
шығынды өтеушілікке мүмкіндік берсе және жеткілікті табыс әкелсе?
• жарнама: сіз бұған қанша қаражат бөлер едіңіз, өз бизнесіңізді қандай
нысанда және қандай құралдармен жарнама жасар едіңіз?
• тұтынушыларды ынталандыру жолдары: сіз жаңа сатып алушыларды қалай
және ненің есебінде тарта аласыз – сату өрісін кеңейту, өндірісті
арттыру, өнімнің сапасын жетілдіру, клиенттерге қосымша қызмет
көрсету және кепілдіктерді ұсыну?
• сіздің бизнесіңіз жөнінде тұтынушылардың арасында оң пікір қалай
қалыптасты және қолдау тапты; өзіңіздің тауарыңыздың (қызмет) және
кәсіпорныңыздың тұрақты қызметіне қалай және қандай жолдармен қол
жеткізудесіз?
Бизнес жоспардың бесінші бөлімі – өндіріс жоспары, барлық өндірістік
процестің бейнесі.
Негізгі міндеті – кәсіпорынның жағдайына қарай, қажет кезінде қажетті
тауарды (қызмет) нақты өндіру, оның жоғары сапалылығын қамтамасыз ету.
Бизнес жоспардың алтыншы бөлімі – ұйымдық жоспар. Мұнда әркімнің өз
ісін кіммен бірге ұйымдастыратыны айқын көрсетіледі және оның үздіксіз,
табысты атқарымдылығын ретке келтіру жолдары нақтылы қарастырылып,
жоспарланады.
Бұл бөлімде мына мәселелерді шешу керек:
• сізге істі табысты аяқтауда қандай мамандар ұнайды;
• сіз мамандарды кәсіпкерлік жұмысыңызға қандай жағдайларда тартасыз:
тұрақты жұмысқа ма, келісім бойынша ма, әлде бірлесіп қызмет атқару
мақсатында ма;
• кәсіпорынның кез-келген жұмыскеріне жалақыны қалай төлейсіз,
ынталандыруларда қандай принциптер мен шарттар ұсталынады.
Бизнес жоспардың жетінші бөлімі – қаржылық жоспар, бұған кіретіндер:
• қаражат көздерін анықтау;
• ұйымның қызметіне қажетті сату көлемін болжау;
• ақшалай шығындар мен түсімдердің балансы;
• табыс және шығындардың кестесі;
• кәсіпорынның актив және пассив балансының жиынтығы;
• шығынды аз жұмсауға қол жеткізу жолдары.
9.5-сурет. Бизнес жоспардың бөлімдері
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz