Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 айналым қаражаттарын қаржыландыру стратегиялары-ның түрлері
- Айналым қаражатының классификациясы . . . 5
1. 2 Қаражаттың ауыспалы айналымы . . . 9
1. 3 Кезекті айналым қаражаттарын анықтау . . . 10
1. 4 Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері . . . 10
2. «Казхимволокно»-ң қаржылық-экономикалық мінезде-месі
2. 1Ұйымдастырушылық - экономикалық мінездемесі . . . 12
2. 2 Кәсіпорын мүлкінің және оның құрылуы көздерінің құрылысы мен құрылымының анализі . . . 18
3. «Казхимволокно»-ң айналым қаражатының есебі
3. 1 Есептік саясат . . . 22
3. 2 Айналым қаражатының синтетикалық және аналитикалық есебі . . . 24
3. 3 Ағымдық (операциялық) әрекеттерден пайда болған ақшалай қор қозғалысының анықтамасы . . . 28
Қорытынды . . . 34
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 35
Кіріспе
Нарық жағдайында, кәсіпорынның шаруашылық әрекетімен олардың дамуы өзін өзі қаржыландырудың көмегімен, ал меншігіндегі қаржылай ресурстары жетпесе заемдық қаржы көмегімен жүргізілгенде, жоғарғы аналиталық мінездемеге сыртқы заемдық көздерге қатыссыз қаржылық тәуелсіздікке ие.
Меншігіндегі қаражат көзінің қоры дегеніміз бұл кәсіпорынның өз меншігіндегі қаражат көлемі заемдық қаражаттардан жоғары болғандағы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы.
Курстық жұмысымның мақсаты айналым қаражатын қаржыландыру көздерін басқару, кәсіпорынның шаруашылық әрекеттілігінен жиналатын қаражат жылдамдығы мен кәсіпорын активтеріндегі меншіктік және заемдық қаражат қатынастарымен бағаланатын қаржылық тұрақтылықты зерттеу.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде курстық жұмысымның міндеті - айналым қаражатын қаржыландыру көздерін анықтау, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына, сондай - ақ кәсіпорынның төлемдік қабілеттілігіне анализ жасау.
Осындай қызметтерді зерттеуде «Казхимволокно» - ң жылдық қаржылық есебі мен оған қосымшалар, сондай - ақ методикалық, анықтамалық және оқулық әдебиеттерді қолдандым.
Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт - қолда бар айналым қаражаттарының (айналым қаражаты) болуы. Айналым қаражаттары - бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражаттарының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.
Айналым қаражаттарының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын атайды. Кәсіпорындарындағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнімдер аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді. Дебиторлық берешек осы кәсіпорындағы айналымынан оқшауландырылған қаражатты және оларды дебиторлық пайдалануын өзінің айналымындағы борышкерлерді сипаттайды. Аяқталмаған өндіріс үлесінің артуы, қоймадағы дайын өнімдер айналымындағы айналым қаражатының оқшауланғанын, сату мөлшерінің, сонымен бірге пайданың да азаюын көрсетеді. Сондықтан, кәсіпорындарда айналым қаражатының құрылымын оңтайландыру және олардың айналымын арттыру басты мақсатқа айналғаны жөн. Кәсіпорындарда айналым қаражаттарының дұрыстығы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп те отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т. б. байланысты болады.
- айналым қаражатын қаржыландыру көздерін басқаруАйналым қаражатының классификациясы
Түрлі салаларда айналым қорларының үлес салмағы кәсіпорындардың өндіріс қорларының құрамында әр түрлі. Мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорындарда айналым қаржыларын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым қаржыларының
қажеттілігін анықтау және олардың құрамы мен құрылымын, қалыптастырудың көздерін табу және оларды реттеу, айналым қаражаттарын басқару және т. б.
Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар, отын, қосалқы материалдар, тез тозатын аспаптар және басқа да еңбек заттары кіретін айналым қорларын орынды пайдаланудың есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетуден табылады.
Өндірістің нәтажелілігін арттыру жөніндегі шараларды белгілеген кезде кәсіпорындардың өндіріс процесінің маңызды заттың элементі болып табылатын өндірістік айналым қорларын тиімді пайдалануға кәсіпорын ұжымдарының айрықша назар аударғаны жөн.
Ел экономикасында банктер арқылы жүзеге асырылатын қолма - қолсыз ақша есеп - қисаптары басым болады. Қолма - қол ақша есеп - қисабын жұмыскерлерге еңбекақы төлейтін субъектілер, жауапты тұлғалар, депоменттер, дебиторлар мен кредиторлар төлем бойынша сәйкесінше төлемдер банк мекемелері арқылы өткізілуі міндет емес, жүргізеді.
Айналым қаражаты мен есеп - қисаптар өндірісінің сақталуы үшін заңды тұлғаларға ҚР банктік мекемелері мыналарды ашады:
- есеп айырысатын шоттар - шаруашылық есеп - қисапта тіркелген дербес балансы бар, ҚР -ң әділет министірлігі органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен заңды тұлғаларға;
- ағымдағы шоттар - жергілікті бюджетте орналасқан мекемелерге, бюджеттен тыс құралдары бар бюджеттік мекемелерге, өндірістік және коммерциялық қызметпен айналысатын қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғаларға;
- бюджеттік шоттар - ҚР- ң республикалық бюджетінде орналасқан мекемелерге;
- тілшілік шоттар - Ұлттық банк мекемелеріне теңестірілген және бір - бірімен есеп- қисап ережелерінің тілшілік келісімдері негізінде есеп айырысатын екінші деңгейлі банктерге.
Айналым қаражатының есебінің мақсаты мынадай болып табылады:
- лимит, сметаларға сәйкес негізгі бағыт бойынша айналым қаражатыды сақтау және бақылау жұмыстарын қамтамасыз ету;
- ақшалы құралдар қозғалысының барлық операцияларын толық және дер кезінде құжаттау; есептік және қаржылық тәртіпті сақтау;
- аналитикалық есепті нақты және дер кезінде басқару ; ақшалы қаражаттарға дер кезінде инвентаризация жасау; төлемдерді қолма- қолсыз ақша есебімен банктер арқылы өткізу.
Шаруашылықта пайда болған эконом шарттарды талдау барысында жетіспеушіліктерді табу мен ағымдағы және перспективалы төлем қабілетін талдауда көптеген әдістер қолданылады, соның ішінде салыстыру әдісі, мөлшерлерді салыстыру әдісі, есептік әдіс.
Шаруашылық жүргізетін субъектінің қаржылық есебі дегеніміз - бұл есепті кезең ішіндегі оның жұмысының талаптары мен шешімін айқындайтын көрсеткіштер жүйесі.
Нарықтық экономиканың тарихи даму тәжірибесі қаржылық есептілікті пайдаланушылардың ақпараттық сауалдарының жеткілікті түрде қисынды жауап береді. Оның жалпы қаржылық есептілікті дайындау мен құрастыруда, яғни оған мыналар кіреді: қаржылық есептілікті құрастырудың мақсаты; пайдаланушыларға арналған қажетті ақпарат беретін принциптері; қаржылық есептілікті анықтау, тіркеу және элементтерін бағалау. Қаржылық есептіліктің жалпы мақсаты - есепті кезеңдегі кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен өзгеруі жайлы ақпараттарды беру. Мұндай ақпарат пайдаланушылардың өздерінің экономикалық шешімдерін қабылдауы үшін қажет.
Қаржылық есептілікте мынандай ақпараттар болуы міндет:
- Инвестициялық және несие беру шешімдеріне қажетті мағлұматтар;
- Субъектінің болашақтағы ақшалай ағымын бағалауға қажетті ақпараттар;
- Субъектіге пайдалануға берілген ресурстар мен ондағы өзгертулер ұсынылған соң оның активтері мен міндеттемелері жайлы мәліметтер.
Субъектінің жұмысы жайлы қолданылатын қаржылық ақпараттарыныңы әр түрі сәйкесінше түрлі сипатқа ие болады; яғни:
1 - инвесторларға өздері жасаған инвестициялардың тәуекелділік дәрежесінен түсетін табыстың қаншалықты адекватно болатыны жайлы; субъекті активіндегі өз үлестерін сатқаны, сатып алғаны немесе сол қалпында ұстағаны туралы; өздері болжамдаған жарна кірістерін нақты субъектінің қанағаттандыру, қанағаттандырмауы туралы ақпараттар қажет.
2 - несие берушілерге субъектінің несиелер мен заемдарды төлеуі және проценттік төлемдерді беруі туралы мәліметтер керек.
3 - жабдықтаушыларға заңды тұлғалардың несиелік қарыздарын өтегені жайлы мағлұматтар қажет.
4 - тұтынушыларға заңды тұлғалардың өз жұмыстарын қаншалықты созатыны туралы ақпарат керек, себебі, тұтынушы кәсіпорынға тәуелді болып табылады.
5 - қызметкерлерге субъекті жұмысшының тұрақтылығы мен рентабельділігі жайлы мәліметтер қажет, оның көмегімен қызметкерлер өздерінің болашақтағы жұмыс бастылығын, субъектіден берілетін түрлі қаржылық және басқа да жеңілдіктер мен төлемдердің көлемін бағалайды.
6 - үкімет, салық әрекеттерін қосқанда субъектілерге қатысты экономикалық саясатты өңдеуге, сонымен қатар статистикалық мәліметтер жинауға қажетті мағлұматтарға сұраныс жасайды.
Субъектілердің қаржылық есептілікке пайдаланатын сұраныстардың алуан түрлілігіне қарамастан, субъектілердің әрекет етуіне негіз болып оның жұмысына қажетті капиталдың жеткілікті болуы табылады. Сондықтан да негізгі талап мынандай - капитал иелері мен басқа да инвесторлар субъектілерден алатын ақпарат көлеміне қанағаттануы тиіс. Бұл талап барлық пайдаланушылар ақпаратқа деген сұраныстарының негізгісі болып табылады. Осы талаптарды орындайтын қаржылық есептілік жалпы арналған есептілік деп аталады және де ол қаржылық әрекеттілік субъекті жайлы ақпараттың негізгі көзі болып табылатын пайдаланушыларға ұсынылады.
Кейбір пайдаланушылар, мысалы: несие берушілер, арнайы қосымша ақпарат сұрауға құқылы. Алайда есептілік концепциясы негізінен сыртқы пайдаланушылардың жалпы қажеттіліктеріне жатқызылады және сонымен қатар ең алдымен, капиталын нақты субъектіге пайдалануына ұсынатын тұлғаларды қорғауға бағытталған.
Бүгінгі таңда қаржылық есептілік «Бухгалтерлік есеп туралы» заңға сәйкес 3 есепті байланыстырады: бухгалтерлік баланс; қаржылық шаруашылық жұмыс нәтижесі туралы есеп және айналым қаражаты қозғалысының есебі.
Бұл есептер бір-бірімен тығыз байланысты, себебі олар шаруашылық өмірдегі нақты факторлардың әртүрлі аспектілерін, келісімдер мен басқа да оқиғалардың қаржылық нәтижесін көрсетеді және де шаруашылық етуші бірліктің бірыңғай үлгісін ұсынады.
Мыналар қаржылық есептің сапалы мінездемесі болып табылады:
1 - түсініктілік
2 - маңыздылық
3 - анықтылық
4 - салыстырмашылық
Қаржылық есептер операциялардың қаржылық ықпалын (оларды сәйкесінше экономикалық мінездемесіне сәйкес ірі сыныптарға топтастыру арқылы) көрсетеді. Бұндай ірі сыныптар қаржылық есептіліктің элементтері деп аталады.
Активтер, міндеттемелер және меншікті капиталдар баланс есебіндегі қаржылық жағдайды есептеу мен байланысты элементтер болып табылады.
Табыстар мен шығыстар пайда мен шығындар туралы есеп көрсеткіштерінің өзгеруімен байланысты элементтер болып табылады.
Актив - бұл кәсіпорын бақылап отыратын ресурс, ол өткен оқиғаларды қолдану арқылы болашақта экономикалық пайда әкелетін нәтиже.
Міндеттеме - бұл бұрын пайда болған, экономикалық пайданы көрсететін кәсіпорын ресурстарының ағымымен аяқталатын кәсіпорынның қазіргі міндеті.
Меншікті капитал - бұл міндеттемелерді шегергеннен кейін қалған кәсіпорын активтеріндегі қалдық.
Табыстар - бұл активтердің ұлғаюы не міндеттемелердің азаюы.
Шығындар - бұл пассивтердің ұлғаюы не активтердің азаюы.
Қаржылық есептілік уәкілетті органдармен бекітілген, бухгалтерлік есеп стандартының талаптарына сәйкес басқа да материалдарымен толықтырылуы тиіс.
Жеңілдетілген қаржылық есептілік түрін субъект төменде көрсетілген шарттардың екеуін қанағаттандырғанда құрылады (соңғы 2 қаржылық жылында) .
5 - жылдық табысы он мың қысқаша есептік көрсеткіштен аз болса, оны ҚР - ң заң шығарушы органдары зейнетақы, жәрдемақылар және басқада әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай - ақ айыппұл санкцияларын, салықтық және басқа салымдарды қолдану үшін пайдаланады ( одан әрі есептік көрсеткіш) .
6 - активтердің жалпы құны елуден аспаса
7 - қаржылық жыл ішіндегі жұмыскерлердің орташа саны елуден төмен болса.
Бухгалтерлік есептің оңайтылған үлгісі уәкілетті органмен бекітілген бухгалтнрлік есеп стандарттарымен анықталады.
Шаруашылық операциялар мен оларды есептеу нәтижелері ұлттық валютамен жүргізіледі. (тг)
Шетел валютасымен жүргізілетін операциялар ҚР - ң Халық банкісімен бекітілген, операция жасалған мерзімдегі валюталық бағам арқылы қазақстандық теңгемен есептеледі.
Курстық жұмысты орындау барысында айналым қаражатының қозғалысы жайлы есеп құру мен оны жүргізу ретін қарастырамыз.
1. 2 Қаражаттың ауыспалы айналымы
Айналым қаржылар үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан (өзінің нысанын өзгертіп) тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын (айналым қорларын) сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.
Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі - дайын өнімге (тауар нысанына) айналады.
Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір мезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады. Бір нәрсенің әрбір мезеті сатып алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнімдерді сатуды қамтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай - әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.
Шаруашылықты жүргізудегі нарықтың жүйе жағдайында кәсіпорын экономикасын дамытуда оны айналым қаражаттармен оңтайлы қамтамасыз етудің төтенше маңызы бар.
Айналым қаражаттарының айналымдылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер болады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы - айналым қаражатының айналымдылығының коэффициенті.
Егер де өткізуден алынған түсім бір жылға есептелгенде, онда айналым қаражатының орташа қалдығы да сол жылға алынады.
1. 3 Кезекті айналым қаражаттарын анықтау
Айналым қаражатын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым қаражатының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады. Осының салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражатының көтеріңкі мөлшері кәсшорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді.
Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынының сметасымен үйлестіру керек. Мұнда қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгші мерзімде шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке айналым қаражатының қажеттілігін есептеген кезде мыналарды еске алған жөн. Жеке айналым қаражаттары өндірістік бағдарламаны орындауда тек негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның негізгі қызметіне жатпайтын қосалқы және көмекші өндірістер, тұрғын үй, коммуналдық және т. б. шаруашылықтар және дербес баланста тұрмайтындар да өтелуі қажет.
Тауар өткізу, қоймадағы дайын өнімдердің қорлануы жөніндегі мәселелерді жеткілікті, терең пысықтауы төмен болуы мүмкін. Бірақ та, кез келген жағдайда алдағы кезде межеленген сату болжамы болуы керек. Олай болмаған күнде шығарылған өнімдер қоймада ұзақ жатып қалады жөне ақшалай қаржыларының едәуір бөлігі айналымнан оқшауланады, сөйтіп кәсіпорынның қаржы жағдайының орнықтылығына әсер етіп, оның банкротқа ұшырауы мүмкін.
1. 4 Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері
Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады (капитал) . Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік босалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждың бұл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне ғана емес, сонымен бірге алдағы есеп айырудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды - орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер.
Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаражатына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады.
Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып, оның іс-әрекетін қаржыландыру үшін қолданады, бірақ оған жатпайды.
Орнықты пассивке жататындар:
• жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және әлеуметтік сақтандыруға, зейнетақы қорына, медицина сақтандыруына, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударым жарнасы;
• ақы төлеудің мерзім ішіндегі келіп түспегендегі фактурасы қол жеткізушінің және акцептелген есеп айырысу құжаты бойынша жеткізушіге берешегі;
• аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге берешегі;
• салықтардың бірсыпыра түрлері бойынша бюджетке берешегі.
Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады.
Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады.
Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:
• өндірістің маусымдылығы;
• тауар-материалдық құндылықтарды жеткізудің әркелкілігі;
• қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы және т. б.
2. «Казхимволокно»-ң қаржылық-экономикалық мінездемесі
2. 1Ұйымдастырушылық - экономикалық мінездемесі
Есептік саясатты құру немесе қолдануда мынандай есеп принциптерін анықтаған жөн:
- төлемдер: кірістер мен шығыстар бухгалтерлік есептер көрсетіледі және түскен мерзімге (ақшалай құралдарды алу немесе ақы төлеу негізінде емес) ;
- түсініктілік:субъект талассыз әрекет етуші, яғни болашақта жұмысын жалғастырушы ретінде қарастырылады, ол жұмыс көлемінің біршама қысқартылуы немесе мүлдем жоюы туралы ойында жоқ деп болжанады;
- маңыздылық:қаржылық ақпарат нақты тұлғаға пайдаланушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін шешім қабылдауға және шаруашылық әрекетті бағалауға қажет;
- талассыз қызмет: қаржылық есепте берілетін ақпарат тұтынушыларға түсінікті болуы керек;
- существенность:есептік саясат маңызды болатын қаржылық есеп ақпаратын алуға бағыттамауы, егер оның кідіруімен дұрыс таныстырылмауы, қаржылық есептілікті пайдаланушыларды экономикалық реттеуге әсерін тигізсе;
- нақтылық: ақпарат ішінде қате немесе күні бұрын пішілген ой болмаса және оған тұтынушылар сүйене алса ғана нақты болып табылады.
- бейтараптық:қаржылық есепте берілетін ақпарат сенімді болуы үшін күні бұрын пішілген ойдан азат болуы керек;
- сақтық:анық емес талаптарды бағдарлауға қажетті сақтану шараларын сақтау, олар активтер мен табыстар тым артық, ал міндеттемелер немесе шығындар тым аз бағаланып кетпеуі үшін қолданылады;
- аяқталымдық: қамтамасыз ету мақсатында қаржылық есептіліктер нақты әрі толық болуы керек;
- салыстырмалылық: қаржылық ақпараттар пайдалы әрі толық болуы үшін ол 1 - есептік кезеңмен 2-н салыстыра отырып жасалуы қажет. Пайдаланушылар субъектімен қаржылық есепті қолданатын есептік саясат, саясаттағы барлық өзгерістермен сол өзгерістердің нәтижелері жайлы хабардар болуы қажет;
- жүйелілік:субъекті таңдап алған есептік саясат 1- есептік кезеңнен 2- не дейін жүйелі болуы керек.
- шыншыл әрі алаламайтын ұсыныс: қаржылық есепті пайдаланушылардың субъектінің қаржы жағдайы, қаржылық - шаруашылық әрекет шешімі, айналым қаражатының қозғалысына деген көзқарастары жақсы болуы қажет.
Есептік саясатты құрудың базасы болып бухгалтерлік есептің стандарты табылады, ол шаруашылық опрациялар, активтер, меншікті капитал, міндеттеме, әрекет пен табыс нәтижелерін айқындайтын әдістердің баламалы етеді.
«Казхимволокно» ЖШС-гі өз жұмысын серіктестік жарғысына, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы » Заңына (1998 жылдың 22 - сәуірінде қабылданған) және т. б. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге негізделеді.
«Казхимволокно» ЖШС -ң алғашқы тіркелуінің күні: 2004 жылдың 29 - шілдесінде Қостанай облысының Әділет департаментінде, мемлекеттік тіркелетіні туралы куәлік №12199 - 1937 - ЖШС .
Серіктестік құрылтайшысы:
Жарғылық капиталының 100% қатысуымен « Казнефтхим» АҚ. Куәлік №62061 - 1910 - АҚ 2004 жылдың 25 - наурызында Алматы қаласының Әділет департаментімен берілген, СТН - і 600500050198.
Серіктестіктің мекен - жайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Солтүстік промзона.
«Казхимволокно » ЖШС -ң есептік саясаты ( әрі қарай - Компания ) 1995 жылы 26 - желтоқсанда №2732 « Бухгалтерлік есеп туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына, ҚР - ң 11. 07. 97 жылы №154 - 1, 16. 07. 99 жылы №436 - 1, 24. 12. 2001 жылы №276 - 2, 24. 06. 2002 жылы №329 - 11, 10. 07. 03 жылы №483 - 11 ҚР Заңына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға, 11. 06. 04 жылы №562 - 11 халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, ҚР - ң басқа да заңдары мен нормативтік актілеріне фирма жұмысының нақты өндірістік - экономикалық шарттарды ескере отырып негізделеді.
Есептік саясат - бұл компания қаржылық есепті дайындайтын және ұсынатын нақты принциптері, негіздері, шарттары, ережелері мен тәжірибелері.
Нақты операцияларға, басқа да оқиғалар мен талаптарға қолданылатын Стандарт және Түсіндірме болмаған жағдайда компания басшылығы мынандай ақпараттың пайда болуына әкелетін есептік саясатты өңдеу мен пайдалану үшін өз пікірін пайдаланады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz