Кәсіпорынның қаржы ресурстары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
3.Бөлім. Кәсіпорынды дамыту стратегиясы

8-тарау. Кәсіпорын қаржысы

8.1. Кәсіпорынның қаржы ресурстары

Қаржы – ақша қорларын ауыспалы айналым процесінде қалыптастыру мен
оларды пайдалану кезіндегі ақша қатынастарының жиынтығы.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне кіретіндер:
1. Мемлекеттік қаржылар (республикалық бюджет, халықты әлеуметтік
сақтандыру қоры және бюджеттен тыс қорлар: зейнетақы қоры, халықты жұмыспен
қамту қоры және т.б)
2. Жергілікті қаржылар (жергілікті бюджетке түсетін қаржылар).
3. Кәсіпорын қаржылары (8.1-сурет).
Мемлекеттік қаржылар деңгейінде елдің біріңғай қаржылық саясатын
жетілдіру жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде кәсіпорын қызметінің
тиімділігіне байланысты.
Кәсіпорын қаржысы еліміздің қаржы жүйісінің құрылымында елеулі орын
алады. Мемлекеттік қаржы қорларының басым бөлігі кәсіпорын деңгейінде
қалыптасады. Республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің 70-тен астам пайызы
салық түсімдері есебінен құралады.

8.1-сурет. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымы

Кәсіпорын қаржысының негізгі қызметтері:
• бөліп-тарату;
• бақылау (8.2-сурет) .
Қаржының бөліп-тарату қызметі арқылы кәсіпорын иелігіндегі барлық
ақшалай табыстар мен қорлар қалыптастырылады және пайдаланылады.
Қаржылардың бөліп-тарату қызметінің орындалуы арқасында үзіліссіз өндірісті
ұйымдастыру жолға қойылады, сонымен қатар бұл құбылыстың басқа да
сатыларға әсер етуі қамтамасыз етіледі. Демек ақша қаражаттарының дұрыс
таратылуы кәсіпорын жұмыстарын ынталандырады, олардың барған сайын
жақсара беруіне серпімді ықпал етеді.
Кәсіпорын жұмысында жұмсалған қаржылардың қайтарымына бақылау жасау
өте қажет. Бақылау қызметтерінің негіздері қаржы ресурстарының қозғалысынан
тұрады. Олар өз кезегінде қор ретінде және қордан тыс нысандарда құрылады.
Бақылау қызметінің маңызды екі мәні бар:
• бухгалтерлік, статистикалық және басқа да есептеулердегі қаржы
көрсеткіштері;
• қаржылай ықпалдар.
Егер бұрынғы орталықтандырылған бюрократтық-жоспарлау жүйе кезінде
кәсіпорынды басқару өнім шығару, пайда, өзіндік құн және басқа да
көрсеткіштер бойынша қатаң шектеулерге негізделсе, қазіргі нарықтық
қатынастар жағдайында ол экономикалық тетіктер арқылы (салықтар, несиелер,
мемлекеттік қаржылық қолдау, түрлі жеңілдіктер, сақтандыру және т.б.)
жүзеге асырылады.

8.2-сурет. Кәсіпорын қаржысының негізгі қызметтері

Кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың негізгі принциптері:
• қаржылық-шаруашылық қызметтегі дербестік;
• өзін-өзі қаржыландыру және басқару;
• жұмыстың түпкілікті нәтижелеріне мүдделілік;
• қол жеткен нәтижелерді еселей түсу;
• қаржы резервтерін жасау;
• қаржыны меншіктік және қарыз деп екіге бөліп ұстау;
• мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қорлардың алдындағы
міндеттерді бірінші кезекте орындау;
• кәсіпорын қызметтеріне қаржылық бақылау жасау (8.3-сурет).

8.3-сурет. Кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың негізгі принциптері

Қаржылық қатынастар құрамына кәсіпорындағы ақша қатынастарының мына
топтарымен тығыз байланысты болады:
• контрагентпен, алғашқы табыстарды қалыптастыру қорларды толық
белгіленген ішкі шаруашылық негізінде құру және пайдалану
(жарғылық капиталы, өндірісті дамыту қоры, көтермелеу
(ынталандыру) қорлары және т.б) жөнінде;
• кәсіпорындармен, қаржыларды бөлу тәртібі бойынша, қаржы
ресурстарының қозғалысы қордан тыс нысанда жүзеге асады
(келісімшарт міндеттерін бұзған жағдайда айыппұлдар төлеттіру және
төлеу, әр түрлі пай жарналарын (үлес) негізу, бірлесіп тындырылған
қызметтерден түскен табысты бөлісуге қатысу, басқа
кәсіпорындардың бағалы қағаздарын пайдалану және соның негізінде
дивидендтер алу және т.б);
• өнімді тұтынушылармен, жасалған шарттарды орындау барысында
кәсіпорындар келісімдердің нысандары мен түрлерін өздері таңдайды,
міндеттердің орындалу шарттарын және санкция қолдану тәртіптерін
анықтайды, өзінің өнімдері мен қызметтеріне қарай бағаны
қалыптастырады және жеткізушілердің баға негіздерін де
бағдарлайды;
• сақтандыру ұйымдарымен, міндетті және ерікті сақтандыру түрлері
бойынша;
• банктер жүйесімен, алынған сомаларды және қарыздарды өтеуге
бағытталған процесттерді төлеуге байланысты есеп айырысу-кассалық
қызметтер көрсету, сонымен қатар банктер ұсынған нақты төлеммен
уақытша бос ақша қаражаттарын пайдалану мәселелері бойынша;
• мемлекетпен, бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды құру және
пайдалану. Ақша қатынастарының бұл бағыттағы жұмысы бюджеттік және
бюджеттен тыс қорларға әр түрлі салықтар, алымдар, жарналар
жүйесін енгізу арқылы жүргізіледі;
• бағынышты басқару құрылымдарымен, ішкі салаларда қаржы
ресурстарын бөлуде тікелей және көлденең өзара байланыста
болуы.
Ақша қатынастарының бұл топтары кәсіпорын қаржыларының тұтас
мазмұнын құрайды. Шаруашылық субьектілерінің ақшалай табыстары және
жинақтарының қалыптасуына қарай, оларды банк жүйесі алдындағы міндеттерін
орындау, ағымдағы шығындар және өндірістің жұмысын кеңейту, еңбеккерлерді
әлеуметтік қамтамасыз ету және материалдық ынталандыруларды қаржыландыру
қажеттіліктеріне пайдаланады.
Қаржы механизмі – бұл қаржы ресурстарын ұйымдастыру, жоспарлау және
тиімді пайдалануды көздейтін өзара тығыз байланысты мына төмендегі бес
элементтердің жиынтығы (8.4-сурет):
• қаржы әдістері;
• қаржы тетіктері;
• құқықтық қамтамасыз ету;
• нормативті қамтамасыз ету;
• ақпараттық қамтамасыз ету.

8.4-сурет. Қаржы механизмінің элементтері

Қаржы әдістері – бұл қаржы қатынастарының шаруашылық процестеріне
ықпалы, яғни тигізетін әсері. Ол кезегінше мына төмендегі екі бағытта
іске асырылып отырады:
• бірінші, қаржы ресурстары қозғалысын басқару жүйесі;
• екінші, нарықтық қатынастар бойынша.
Қаржы әдістеріне бұдан басқа:
• шығындар мен түпкі нәтижелерді салыстыра отырып саралау;
• материалдық ынталандыру;
• ақша қаражаттарын тиімді пайдалану жатады.
Нарықтық қатынастардың даму деңгейіне қарай, қаржының өндіріс пен
айналыс арасындағы қызметтері коммерциялық есеп айырысуға байланысты. Бұл
қаржы-шаруашылық қызметтерінің шығындары мен өндірістің түпкі нәтижелерін
ақшалай нысанда бағалау деген сөз. Жалпы алғанда, өндіріске коммерциялық
есепті енгізудегі ең басты мақсат – шығынды аз жұмсап, жақсы нәтижеге
жету, яғни жоғары деңгейде табыс табу.
Қаржы тетігі – бұл қаржы әдістерін кәсіпорынның іс-әрекеттеріне
қолдана білу.
Құқықтық қамтамасыз етуге:
• заң актілерінің;
• қаулылардың;
• жарлықтардың;
• басқа да құқықтық құжаттардың орындалуы жатады.
Нормативті қамтамасыз ету мыналар арқылы көрінеді:
• инструкция;
• нормативтер;
• нормалар;
• таривтік ставкалар;
• әдістемелік нұсқаулар мен көрсеткіштер және т.б.
Ақпараттық қамтамасыз етуге:
• экономикалық;
• коммерциялық;
• қаржылай;
• басқа да ақпараттар кіреді.
Қаржылық ақпараттарда:
• қаржы тұрақтылығы жөнінде мәліметтер;
• әріптестер мен бәсекелестердің төлем қабілеттілігі, бағасы, курсы,
дивидендтері;
• тауарлар мен қорларда және валюта нарығындағы пайыздар;
• биржалық және биржадан тыс нарықтағы істері жөнінде;
• шаруашылық субьектілерінің қаржылық және коммерциялық қызметтері
жөнінде хабарлар болуы керек.
Ақпаратты иемдену нарықтағы жағдайды анықтауға бірден-бір пайдалы
септігін тигізеді.
Әр түрлі ақпараттар, мысалы, жеткізуші, сатып алушы жөніндегі хабарлар
интеллектуалды меншіктің бір түрі болып табылады және кәсіпорынның жарғылық
капиталында белгілі бір үлеске ие.
Кәсіпорынның қаржы ресурстары
Бұл кәсіпорынның өз қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ағымдағы
шығындар мен өндірісті кеңейтуге жұмсаған шығындарды өтеу, қаржыға қатысты
міндеттерді және еңбеккерлердің экономикалық жағынан ынталандыру ісін
жүзеге асыру мақсатында құрылады.
Сонымен қатар қаржы ресурстары:
• өндірістен тыс саланың обьектілерін дамытуға;
• тұтыну қорларын дамытуға;
• жинақтау қорларын молайтуға;
• арнайы резерв қорларын толықтыруға жұмсалады (8.5-сурет).

8.5-сурет. Қаржы ресурстарының жұмсалу бағыттары

Қаржы ресурстарының алғашқы қалыптасуы кәсіпорынның мекеме болып
құрылған, яғни жарғылық капитал (акционерлік және жиналмаған капитал)
жинаған кезіне сай келеді.
Жарғылық капитал – бұл құрылтайшылар үлесінің негізінде құрылған
кәсіпорынның мүлкі.
Қаржы ресурстары негізінен табыстың есебінен қалыптасады. Сонымен
қатар:
• тозығы жеткен (істен шығарылған) мүліктерді сатудан түскен түсімдер;
• тұрақты пассивтер;
• әр түрлі мақсатты түсімдер;
• ұжым мүшелерінің әр түрлі жарналары мен үлестерінен (пай) құралады.
Тұрақты пассивтерге қатыстылары:
• жарғылық, резервтік және басқа да капиталдар;
• ұзақ мерзімді қарыздар;
• кәсіпорынның айналымындағы несиелік қарыздар.
Қомақты қаржы ресурстары:
• кәсіпорынды құру немесе оны қайта құру кезеңінде;
• акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарды сату;
• бағалы қағаздар және басқа да эмитеттердің дивидендтері мен
пайыздарынан;
• қаржы операцияларынан түскен табыстар мен несиелерден қалыптасады
(8.6-сурет).

8.6-сурет. Қомақты қаржы ресурстарының қалыптасу көздері

Кәсіпорын қаржы ресурстарын:
• өздері мүше ассосиациялар мен концерндерден;
• өздері бағынышты ұйымдардан;
• мемлекеттік басқару органдарынан бюджеттік жәрдем (субсидия)
түрінде;
• сақтандыру ұйымдарынан алуы мүмкін (8.7-сурет).

8.7-сурет. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын алу көздері

Қайта бөлу кезінде қалыптасқан қаржы ресурстарының бұл топтарында
сақтандыру қорынан түскен төлемдердің көлемі барған сайын артып отырады, ал
түсімнің шығындар тізімі қатаң шектелетін бюджеттік және салалық көздері
азайып отырады. Сонымен кәсіпорын қаржы ресурстарының қалыптасу көздері 8.8-
суретте көрсетілген.

8.8-сурет. Кәсіпорынның қаржы ресурстарының қалыптасу көздері

Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану мына бағыттарда жүзеге асады:

• өнімдерді (жұмыс, қызмет) өндіру мен сатуға қатысты ағымдық
шығындар;
• өндірісті ұлғайтуда және оны техникалық жағынан жаңғыртуда,
материалдық емес активтерді пайдалануда инвестицияланған
қаражаттарды капиталға қосу;
• бағалы қағаздарға қатысты қаржы ресурстарын инвестициялау;
• қаржылық, банктік төлемдер, бюджеттен тыс қорларға тиісті жарналар
төлеу;
• әр түрлі ақша қорларын және олардың резервтерін құру, сыйлықтар
беру және басқа сол сияқты әлеуметтік сипаттағы төлемдер жасау;
• қайырымдылық мақсаттағы демеушілік және басқа да көмектер беру
(8.9-сурет).
Эмитент – эмиссияны (ақша, бағалы қағаздар шығару) жүзеге асыратын
мекеме немесе кәсіпорын.
Әр мемлекеттің кірісінің көп бөлігін бизнес субъектілері алып келеді.
Неғұрлым елдегі шаруашылық субъектілерінің көп болуы, олардың жақсы жұмыс
жасап тұруы соғұрлым мемлекет кірісінің ұлғаятынын білдіреді. Кәсіпорын
нарыққа шықпас бұрын өз капиталын қалыптастырып алады. Капитал кәсіпорынның
құрылуы мен дамуының негізгі экономикалық базасы болып табылады. Ол оның
активтерін қалыптастыруына инвестирленген ақшалай, материалдық және
материалдық емес нысандағы қаражаттардың жалпы бағасын сипаттайды. Өзінің
қызмет ету процесінде капитал кәсіпорын иелері мен қызметкерлерінің,
сонымен қатар мемлекеттің қызығушылықтарын қамтамасыз етеді. Елде
кәсіпорындар көптеп қызмет ететін болса, онда халыққа жұмыс орындары көбейе
түседі, мемлекеттің кірісі артады, т.б. Кәсіпорын капиталы әр түрлі ішкі
және сыртқы көздерден қалыптасады. Кәсіпорын капиталын қалыптастырудағы
ішкі көздердің ішіндегі ең маңызды ролді жарғылық капитал алады. ҚР
Заңдарына сәйкес кәсіпорындар ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарай өз
жарғылық капиталын құрады. Кәсіпорынның капиталын қалыптастыру үшін сыртқы
көздердің маңызы зор. Олар кәсіпорынға ақша қаражаттары жеткіліксіз болған
жағдайда үлкен көмек көрсетеді десек те болады. Бірақ, сыртқы көздердің
кәсіпорынның өзіндік капиталынан тым көп болуы кәсіпорынның сыртқы көздерге
шектен тыс тәуелді болып, өз қызметінің нашарлауына алып келіп кәсіпорынды
банкроттыққа алып келуі мүмкін. Өз кәсіпорнының өркендеуі меншік иесіне
ғана емес, сонымен қатар мемлекетке де көп табыс алып келеді. Сондықтан да
осындай кәсіпорындарды дамыту тек меншік иесінің ғана емес, сонымен қатар
мемлекеттің де қызығушылығында болуы хақ.

8.9-сурет. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану бағыттары

Қазіргі кезде өз ісін ашқысы келген әрбір адамның алдында қаржыландыру
мәселесі тұрады, сонымен қатар, басқа да мәселелер меншік иесін ойландырып
тұрады. Қазақстан Республикасында өз ісін ашқысы келген азамат бастапқы
қаржыны өзінің жинаған құралдары арқасында құрады. Оны ары қарай кеңейту
де, дамыту да өз қолында.
Сонымен бірге бұл жолда оған кездесетін кедергілерде көп. Экономиканың
дамып, шаруашылық субъектілердің кеңеюі, дамуы мемлекеттің де мүддесінде.
Сондықтан да мемлекет әр уақытта бұл секторға заңнамалық түрде де,
қаржыландыру түрінде де қолдау көрсетуі қажет.
Мемлекет кәсіпорындарға мынадай салаларда қолдау көрсетуі тиіс және
кәсіпорындар өз жағдайын жақсарту үшін келесі мынадай іс-әрекеттер жасауы
керек:
• заңнамалық тұрғыда, әсіресе, салық салу жүйесін заманға
сай түрде өзгерту қажет. 2009 жылдың 1-ші қаңтарынан
бастап жаңа салық кодексі жұмыс жасауда. Бұл кәсіпорынның
салық салумен байланысты сұрақтарды жоюға, кәсіпорын
табысының артуына алып келеді;
• банктердің және әр түрлі қаржылық ұйымдардың шағын және
орта бизнес субъектілеріне қызметін кеңейтуге және
дамытуға несиелерді жеңілдіктермен ұсынуы;
• мемлекеттік тапсырыстарды шағын және орта кәсіпкерлік
кәсіпорындарға беру;
• ғылыми-техникалық жобаларды, кәсіпорындарға инновациялық
идеяларды ендіретін жобаларға қолдау көрсету,
қаржыландыру;
• шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен Концерн
құру, мемлекеттің осыны құруға барынша қолдауы;
• әр түрлі қаржылық ұйымдардың инвестицияларына кәсіпорындар
арасында ашық конкурстар жариялау;
• кәсіпорындардың венчурлық компаниялармен жұмыс жасауын
дамыту, сонымен қатар факторинг, форфейтинг операцияларын
және франчайзингті дамыту;
• ҚИҚ, ҚДБ, сонымен қатар басқа да ұйымдардың әр түрлі жақсы
жобалар бойынша кәсіпорындармен серіктестігі және т.б.
шаралар.

8.2. Кәсіпорынды қаржыландыру мәселелері

Әрбір мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құраушысы
кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Елдің кірісінде шағын және орта бизнес
кәсіпорындарынан алынатын табыстың үлес салмағы елеулі. Олардың қаржылық
жағдайының өсуі, мемлекетке қажетті салаларды дамытуы, жаңа тауарларды
шығарып, халықты жұмыс орындармен қамтуы тек осы кәсіпорындар үшін ғана
емес, сонымен қатар мемлекет үшін де қажетті. Кәсіпорынның тұрақты жұмыс
жасауы үшін тиімді, дұрыс жолға қойылған қаржылық менеджмент керек. Қандай
кәсіпорын болмасын барлығында да әр түрлі сипаттағы проблемалар кездесіп
жатады. Барлық проблемалардың көбісі дерлік ақша қаражаттарына келіп
тіреледі. Мейлі ол үлкен кәсіпорын болсын, мейлі шағын және орта кәсіпорын
болсын барлығының да бастапқы кезде қайдан қаражат тартуға болады, өзінің
бастапқы капиталын қалыптастыру мәселесі алдында тұрады.
Әрбір кәсіпорын бастапқы кезде құрылғанда ол шағын кәсіпорын түрінде
құрылады. Келе-келе ол жетіліп қызметі кеңейген үлкен кәсіпорынға айналады.
Көбінесе Қазақстанда бастапқыда кәсіпорын ашуға кететін салымдарды, былайша
айтқанда жарғылық капиталды, әрбір шағын кәсіпорынның иесі өз қаражаты
есебінен құрады. Ол шағын кәсіпорынды әрі қарай дамытып, кеңейту үшін
кәсіпорын банк несиесіне немесе өзге қаржыландыру көздерін тартуға
жүгінеді. Осы шағын кәсіпорынның үлкен кәсіпорынға айналмай тұрғандағы оның
алдында кездесетін бастапқы мәселелеріне үніліп көрейік.
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуының динамикасын талдау
оның тұрақты емес тенденциясын көрсетті. Ол тек төмен табыстылықта ғана
емес, сонымен қатар кәсіпорынның қызмет етуінің спецификалық өмірлік
циклында да көрініс тапқан.
Шағын және орта бизнес секторының дамуына кедергі жасайтын негізгі
мәселелер:
➢ бизнесті анық жүргізуді қолдамайтын ауыртпалықты салық салу
жүйесі;
➢ кәсіпорынның пайда болуы мен кеңеюін тоқтатуға әрекет ететін
бюрократиялық талаптардың көптігі;
➢ несиелендіру жолдарының шектеулігі;
➢ өнімді сату-сатып алу саласындағы сәтсіздіктер;
➢ мамандар іс тәжірибесінің аздығы, біліктілігінің
жеткіліксіздігі;
➢ аймақтарда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесін дамыту
деңгейінің төмендігі.
Жоғарыда көрсетілген мәселелермен бірге шағын және орта бизнес
кәсіпорнының ішіндегі қаржылық жағдайды басқарудың да мәселелері, оның
дамуына кедергі келтіретін құбылыстар жоқ емес.
Ең алдымен, шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту, оларды қолдау
үшін заңнамалық құжаттарды жөндеп, олардың алдында кездесетін әр түрлі
заңнамалық сипаттағы кедергілерді жоюымыз керек. Мысалы, шет мемлекеттерде
шағын және орта бизнес субъектілерін тіркеуге, құжаттарды реттеуге 1-2 күн,
немесе ары кетсе 3 күнді алады, ал біздің мемлекетімізде бұл процесс
бірнеше күнді немесе айлап шешіледі, бізде оған жинайтын құжаттар өте көп
болады. Сонымен қатар, енді кәсіпорын ашылғанда, оны тексеруге бірнеше
уәкілетті органдардың тексерулері бітпейді. Қайта-қайта тексерулерден
шаршаған кәсіпорын басшысы кәсіпорын ашқандығына өкініп қалады. Осы
себептерден 2008 жылдың 21 ақпанында №178 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Жарлығы бойынша Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерді тексеруге
мораторий жарияланған болатын. Бұл мораторий бойынша 2008 жылдың 21
ақпанынан бастап 2008 жылдың 31 желтоқсанына дейін салық төлеушінің арызына
негізделген салықтық тексерулер, қарсы және хронометраждық тексерулер,
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы бойынша ҚР заңнамалық
нормалары, адамның құқықтары мен бостандығын, қоғамдық тәртіпті бұзуына
бағытталған іс-әрекеттерді жою үшін жүргізілетін тексерулер, ветеринария
облысындағы, жер қойнауын пайдаланушыларға тексерулер, сонымен қатар
облыстық маңызы бар қаларлар мен Астана қаласы аймағындағы берілген жерлер
бойынша тексерулерден басқа шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерді
орталық және жергілікті атқарушы органдармен тексерістердің тоқтатылуы
жарияланған.
Шағын және орта кәсіпкерлікті сферасына мақсаттық бағытталған
саясаттың негізгі элементі шағын және орта бизнесті қолдаудың
инфрақұрылымын құру мен дамыту керек. Шағын және орта кәсіпкерліктің
инфрақұрылымын қалыптастырудың мақсаты әр түрлі бағыттарда: ақпараттық,
консультациялық, жоспарлы-талдаушылық, қаржылық, ғылыми-техникалық, т.б.
шағын және орта бизнесті комплексті және адрестік қолдауды қамтамасыз ету
жолымен оны дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру болып табылады.
Шағын және орта кәсіпорнының қаржылық менеджментінің ең басты мәселесі
қаржыландыру, қаржы-несиелік ресурстардың жеткіліксіздігі болып табылады.
Бір жағынан, шағын және орта кәсіпорынның бастапқы капиталы шамалы болуы
және оның кәсіпорынның нарыққа шығуымен пайда болатын шығындардың барлығын
жаба алмауында; екінші жағынан, қызмет жасап тұрған шағын және орта
кәсіпорынды дамыту қиынға соғады, себебі, экономиканың осы секторында жұмыс
жасайтын кәсіпорын табыстылығының төмен деңгейде болуында.
Шағын кәсіпкерліктің дамуының қазіргі заманғы мәселелерін талдау
келесі екі бағыт негізгі болып табылады: оның қызмет етуінің құқықтық жағын
жетілдіру және кәсіпкерлікті қаржылық қолдаудың жаңа үдемелі нысандары мен
әдістерін дамыту. Бірінші бағытта салық салу сферасындағы тиімді құқықтық
режимді қалыптастыру болып табылады. Салықтық саясатты жетілдіру
сферасындағы шаралар несиелендіру проблемаларымен тікелей байланысты
болмаса да, бірақ олар жанама түрде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
табыстылығы мен пайдасының қалыптасуына, яғни олардың төлемқабілеттілігіне,
өз кезегінде, банктік тәуекелділіктің төмендеуіне әсер етеді. Бұл ретте
айта кету керек, шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласында салықтық
саясатты ары қарай жетілдіру мақсатында арнаулы салықтық режим
қарастырылған. Шағын кәсіпкерлік үшін арнайы салықтық режим Салық
кодексінде көрсетілген критерийлерге сәйкес заңды және жеке тұлғаларға
таралады. ҚР Президенті өзінің халыққа 2008 жылғы жолдауында осы салық
жүйесі туралы айтып кеткен болатын: Үкіметтің жаңа Салық кодексін әзірлеуі
қажет. Ол экономиканы жаңғыртуға, әртараптандыруға және бизнестің
көлеңкеден шығуына жағдай жасауға тиіс... Бірақ, ең бастысы, ол
экономиканың шикізаттық емес секторы, әсіресе, шағын және орта бизнес үшін
жалпы салықтық ауыртпалықтардың төмендетілуін қарастыруы керек. Бюджеттің
күтілетін шығындарының орны өндіруші сектордың экономикалық қайтарымын
арттыру есебінен өтелуі тиіс. Заңдық және нормативті-құқықтықтан өзге
шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың екінші үлкен бағыты оны
ұйымдастырушылық-қаржылық қолдаудың жаңа үдемелі нысандары мен әдістері
болып табылады. Бұл банктердің және банктік емес ұйымдардың көмегімен іске
асырылады. Сонымен қатар, кәсіпорындардың өз бағалы қағаздарын қор нарығына
шығару да маңызды орын алады. Несиелік серіктестік және кеңес негізіндегі
өзін-өзі несиелендіру тағы бір форма болуы мүмкін. Бірақ Қазақстанда мұндай
қаржылық-экономикалық бірлестіктердің пайда болуы мен дамуына заңнамалық
базаның жоқ болуы кедергі келтіреді. Соңғы кездері тікелей қаржыландыру мен
бюджеттік қаржыландыруды біріктіру әдісі де тиімді болып келе жатыр. Шағын
бизнесті мемлекеттік қолдаудың маңызды нысаны оларды мемлекеттік
тапсырыстар жүйесіне тарту болып табылады. Шағын бизнес пен үлкен
кәсіпорындардың кооперациясын сияқты дүниежүзілік практикада қолданылатын
нысанын пайдалану қажет. Мұндайды қалыптастыру үшін үлкен кәсіпорындарды
өзінің айналасында шағын кәсіпорындарды ашуды ынталандыру керектігін қажет
етеді.
Қазіргі кезде жеке өзінің шағын бизнесінді ашу үшін қаржыландыру
көздерін табу қиынға соғады. Көп жағдайда шағын бизнесті бастауға кәсіпорын
басшысы өзінің жинаған қаражытына не болмаса туысқандарының қаржыландыру
көмегіне жүгінеді. Бұрын шағын бизнес кәсіпорнының басшысы банктен несие
алуға қорқатын еді десек те болады. Өйткені, енді өз бизнесін ашып жатқан
адамға банктер сенімсіз, тәуекелділік деңгейі жоғары болады, сонымен қатар
кепілдік қоюды талап етеді, т.б. Банктер кәсіпорынға несие бермес бұрын сол
кәсіпорынның қаржылық жағдайын түбегейлі талдап қарастырады: дебиторлармен,
кредиторлармен қатынасы, айналым капиталының айналымдылық жылдамдығын,
баланс баптарының өтімділігін кәсіпорын рентабельділігін және тағы да сол
сияқты. Айналым капиталының айналымдылығының үдеуі және оларды ұтымды
пайдаланудың маңыздыхалық шаруашылықтың мәні бар: өндіріс жоспарын орындау
және өнімді сату үшін өнеркәсіптің айналым капиталына қосымша өнім шығаруға
немесе олардың бір бөлігін өндірісті дамыту үшін жұмсауға мүмкіндік береді.
Өнеркәсіп кәсіпорындарында айналым капиталын пайдалануды жақсарту жолдары
әр алуан. Олардың кейбіреуі өнімді сату көлеміне, келесісі - айналым
капиталының қалдық сомасына ықпал етеді. Айналымдылық сатылған өнім көлемі
мен айналымдағы айналым капиталының сомасына тәуелді болғандықтан, айналым
капиталын пайдалануды жақсарта түсудің негізгі бағыттары сатылым көлемін
ұлғайту және тауарлық-материалдық құндылықтар қалдығын азайту болып
табылмақ. Өндірістік қорларды қысқартудың және оларды кәсіпорында
пайдалануды жақсартудың басты жолдары мыналар: шикізат пен материалдарды,
сатып алынатын жартылай фабрикаттарды, қосалқы бөлшектерді, ыдысты үнемдеп
жұмсау; кәсіпорындағы материалдық ресурстар қоры мен өткен кезең ішіндегі
қол жеткен айналымдылық деңгейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру жайлы
Кәсіпорынның қаржы ресурстарының құрамы
Кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру
Қаржылық ресурстар жайлы түсінік
Кәсіпорынның қаржыландыру көздерінің құрылымы
Қаржы ресурстарының қалыптасуымен оларды пайдалануды талдау
Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Қаржылық менеджмент
Қарастырылған процестер қаржы қатынастарының күрделі тоқайласуын
Капитал құрылымын оңтайландыру
Пәндер