Кәсіпорынның айналымнан тыс қаражаттарының экономикалық маңызы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның айналымнан тыс
қаражаттарының экономикалық маңызы және қалыптасу көздері
1. Кәсіпорынның айналымнан тыс қаражаттарының экономикалық маңызы
1.2. Кәсіпорынның айналымнан тыс қаражаттарын қалыптастыру көздері

2. Ақ бата - ХТК ЖШС - нің қаржылық жағдайын талдау
2.1. Ақ бата - ХТК ЖШС - нің активтерінің құрамы мен құрылымының
динамикасын талдау
2.2. Ақ бата - ХТК ЖШС - нің активтерінің өтімділігін талдау
2.3. Ақ бата - ХТК ЖШС - нің төлеу қабілеттілігін талдау

3. Қазіргі кезде кәсіпорынның айналымнан тыс қаражаттарының тиімділігін
арттыру жолдары

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың
шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып,
олардың көптеген активтері туралы мәселелерді өз бетінше шешуіне мол
мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті
таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі
көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың
жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер,
банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне
іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар
негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай
жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша айтқанда, шаруашылықты
жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне,
қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми
негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы,
материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің
экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің
орнықтылығының негізі оның айналым капиталының тұрақтылығы болып
табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді
пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз
ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Соңғы жылдары
Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық жағдай өндірістік құлдырау
тенденцияларымен, ақша айналым жүйесінің бұзылуымен, инфляцияның
жоғарлауымен, тұрғындардың тұрмыс деңгейінің төмендеуімен сипатталады. 1993
жылы ұлттық валютаны енгізу ақша-несие және бюджеттік салаларда жаңа
экономикалық саясат жасауға және жүргізуге, бағаны және тарифтерді сыртқы
экономикалық қызметі либеризациялауға әкеп соқты. Бұл өтпелі кезеңнің
бастапқы сатысына да байланысты.
Экономикаылқ саясатта технологияның потенциалдық дамуын шетелдік жаңа
технологиямен тиімді үйлестіру қажет болды. Бұл жаңа технологияның тепе-
теңділігі тұрақты оперативтік кешендер жасауға, пропорционалдық бұзылуды
жою үшін қажет. Қазақстанда акционерлік кәсіпорындар және компаниялар пайда
болды. Кәсіпкерлік дамып келді. Бүгінгі күнде ол қажетті жетістіктерге
жетпегенмен болашақта біздің экономикамыздың негізгі саласы болады.
Қазақстан экономикасы біртіндеп жоғарылау фазасына келеді. Бірақ ары
қарай оның даму қарқыны жоғарылай береді. Стратегиялық тұрғыдан республика
әлемдік технологияларды енгізуді мақсат етеді.
Нарықтық жағдайларда кәсіпорынның маңызды мәселелері әрбір
материалдық, ақшалай және қаржылық шығындар данасына өнімді өндіру көлемін
біршама жоғарылатуға қол жеткізуден тұратын оның экономикалық тиімділігін
жоғарылату, табыс табу болып табылады. Кәсіпорынның жеткілікті еңбек
ресурстарымен қамтамасыз етілуіне тәуелділігі күшейді. Кәсіпорынның
жеткілікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі, олардың тиімді
пайдаланылуын еңбек өнімділігінің жоғарғы деңгейі,, өнім көлемін жоғарлату
және өндіріс тиімділігін көтеру үшін маңызды болып табылады.
Кәсіпорын экономикасын ары қарай көтеру мәселелерін табысты шешу үшін
ресурстарды тиімді пайдалану қажет, резервтер ашып, өндірісте
пайдаланылмаған резервтерді өндірістік қызметке пайдалану, интенсивті
технологиялар енгізу, өндіріс басқаруының экономикалық әдістерін жетілдіру,
технологиялық прогресстің дамуымен өндірістің негізгі құралдар жағдайы және
пайдаланылу деңгейіне және кәсіпорынның қажетті еңбек ресурстарымен
қамтамасыз етілуіне тәуелділігі күшейді. Кәсіпорынның жеткілікті еңбек
ресурстарымен қамтамасыз етілуі олардың тиімді пайдаланылуын еңбек
өнімділігінің жоғары деңгейі, өнім көлемін жоғарылату және өндіріс
тиімділігін көтеру үшін маңызды болып табылады.

1. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның айналымнан тыс
қаражаттарының экономикалық маңызы және қалыптасу көздері
1.1. Кәсіпорынның айналымнан тыс қаражаттарының экономикалық маңызы

Кәсіпорынның іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт- қолда
бар айналым қапиталының болуы. Айналым капиталы - бұл өндірістік айналым
қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді
өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы.
Айналым капиталының мәні – ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін
қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым капиталы
өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағанда
айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және
өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге
апарады.
Айналым капиталының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек
элементтерінің ара қатынасын айтады. Кәсіпорындағы айналым капиталының
құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі
болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын
қызметінің не ол, не бүл мезетін сипаттады. Мысалы, дебиторлық берешек
үлесінің шамадан тыс аруы, қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс,
кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлағанын білдіреді. Дебиторлық берешек
осы кәсіпорындағы айналымынан оқшауландырылған қаражатты және оларды
дебитолрлық пайдалануын өзінің айналымындағы борышкерлерді сипаттайды.
Аяқталмаған өндіріс үлесінің артуы, қоймадағы дайын өнімдер айналымындағы
айналым қаражатының оқшауланғанын, сату мөлшерінің , сонымен бірге пайданың
да азаюын көрсетеді. Сондықтан кәсіпорындарда айналым қаражатының құрылымын
оңтайландыру және олардың айналымын арттыру басты мақсатқа айналғаны жөн.
Кәсіпорындарда айналымнан тыс капиталының құрылымы тұрақсыз және
көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп те отырады. Әрбір нақты кәсіпорында
айналым капиталының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаты
мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына
және т.б. байланысты болады.
Түрлі салаларда айналым капиталының үлес салмағы кәсіпорындардың
өндіріс құрамында әр түрлі , мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл
өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорындарда айналым
капиталын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым қаржыларының қажеттілігін
анықтау және олардың құрамы мен құрылымын, қалыптастырудың көздерін табу
және оларды реттеу, айналым қаражаттарын басқару және т.б.
Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен
негізгі материалдар, отын, қосалқы материалдар, тез тозатын аспаптар және
басқа да еңбек заттары кіретін айналым қорларын орынды пайдаланудың
есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетуден табылады.
Өндірістің нәтижелігін арттыру жөніндегі шараларды белгілеген кезде
кәсіпорындардың өндіріс процесінің маңызды заттық элементі болып табылатын
өндірістік айналым қорларын тиімді пайдалануға кәсіпорын ұжымдарының
айрықша назар аударғаны жөн.
Айналымнан тыс қаржылар үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең
аралығында олар үш сатыдан (өзінің нысанын өзгертіп) тұратын ауыспалы
айналым жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын
(айналым қорларын) сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан
айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.
Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп,
әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң
аяқталған өндіріс процесі – дайын өнімге (таруар нысанына) айналады.
Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс
саласынан айналыс аясына, қайтадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа
ауыспалы айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші
сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір мезгілде
айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады. Бір нәрсенің әрбір
мезеті сатып алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады. Нақ
осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген
өнімдерді сатуды қамтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай - әрбір
сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің
тұтынушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне
байланысты.
Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады:

А – Қ - Ө - Д – А1.

Мұнда, А – шаруашлық субъектілерін авнсалаудағы ақша қаражаттары;
Қ - өндіріс құралы;
Ө - өндіріс;
Д – дайын өнім;
А1 - өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың
ақша қаражаттары.
Шарушалықыты жүргізудегі нарықтық жүйе жағдайында кәсіпорын
экономикасын дамытуда оны айналым қаражаттарымен оңтайлы қамтамасыз етудің
төтенше маңызы бар.
Айналым қаражаттарының айналымдылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер
болады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы – айналым қаражатының
айналымдылығының коэффициенті. Ол мына формуламен анықталады:
Қақ= Өқ ⁄ Оо,
Мұнда, Өқ – белгілі бір кезеңде өткізілген өнімнің құны (өнімді
өткізуден алынған түсім),
Оқ – сол кезеңдегі айналым қаражаттарының орташа қалдығы.
Егер де өткізуден алынған түсім бір жылға есептелгенде, онда айналым
қаражаттарының орташа қалдығы да сол жылға алынады.
Аналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін
дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған
пайданы ең төменгі мөлшердегі шығымен табуға үлкен ықпалын тигізеді.
Айналым қаражаттарының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы
жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады. Осының салдарынан
өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражатының
көтеріңкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын
жұмсау мүмкіндігі төмендейді.
Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның
өндіріс жоспары және өндіріс шығынының сметасымен үйлестіру керек. Мұнда
қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгілі мерзімде
шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке айналым қаражатының қажеттілігін
есептеген кезде мыналарды еске алған жөн. Жеке айналым қаражаттары
өндірістік бағдарламаны орындауда тек негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу
ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның негізгі қызметіне жатпайтын қосалқы
және көмекші өндірістер, тұрғын үй, коммуналдық және т.б. шаруашылықтар
және дербес баланста тұрмайтындар да өтелуі қажет.
Тауар өткізу, қоймадағы дайын өнімдердің қорлануы жөнідегі мәселерді
жеткілікті, терең пысықтауы төмен болуы мүмкін. Бірақ та, кез келген
жағдайда алдағы кезде межеленген сату болжамы болуы керек. Олай болмаған
күнде шығарылған өнімдер қоймада ұзақ жатып қалада және ақшалай
қаржыларының едәуір бөлігі айналымнан оқшауланады, сөйтіп кәсіпорынның
қаржы жағдайының орнықтылығына әсер етіп, оның банкротқа ұшырауы мүмкін.

1.2. Кәсіпорынның айналымнан тыс қаражаттарын қалыптастыру көздері

Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір
бөлігі ретінде қалыптасады ( капитал). Олар тауарлық өнімдерді өндіруге
байланысты өндірістік босалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім
қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі
мезетте өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждың бұл
деңгейі салынған қаражаттың көлеміне ғана емес, сонымен бірге алдағы есеп
айырудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен
тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда
басқа да қиындық көздеріне ұшырай ды – орнықты пассивтер, несиегерлік
берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер.
Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым
қаражатына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражаттарының өсуіне тиісті
қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның
таза пайдасы болып саналады.
Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады.
Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналыммында
түпкілікті болып, оның іс-әрекетін қаржыландыру үшін қолданылады, бірақ
оған жатпайды.
Орнықты пассивке жататындар:
➢ Жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және әлеуметтік сақтандыруға,
зейнетақы қорына, медицина сақтандыруына, жұмыспен қамтуға
жәрдемдесу қорына аударым жарнасы;
➢ Ақы төлеудің мерзім ішіндегі келіп түспегендегі фактурасы жоқ
жеткізушінің және акцептелген есеп айырысу құжаты бойынша
жеткізушіге берешегі;
➢ Аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге
берешегі;
➢ Салықтардың бірсыпыра түрлері бойынша бюджетке берешегі.
Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен
құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады.
Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті
сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:
➢ өндірістің маусыздылығы;
➢ тауар – материалдық құндылықтарды жеткізудің әркелкілігі;
➢ қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы және т.б.
Әрбір кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін оның айналым қоры болуы
керек. Ол ақша қаражаты есебінен айналым және айналыс және айналыс қорларын
сатып алуға пайдаланылады.
Айналым қордың заттық мазмұны – еңбек заттары. Негізгі қордан
айырмашылығы сол – айналым қор өндіріс процесінде бір рет қана қатысады да,
сол жолы түгелдей пайдаланылып кетеді және өзінің бүкіл құнын пайда болған
жаңа өнімге қосады.
Айналым қордың оңтайлы және үнемді жұмсау – кәсіпорынның бірінші
кезектегі міндеті болып саналады. Себебі, материалдық шығындар 3⁄4
өнеркәсіп өнімдерінің өзіндік құнын құрайды.
Айналым қорының құрамы, оның құрылымы өндірісті мамандандыруға
байланысты.
Кәсіпорындарда айналым қорларды пайдаланудың маңызды экономикалық
көрсеткіштері оның айналғыштығы болып табылады. Ол есепті мерзім ішінде
қанша рет айналғанымен және айналым мерзімімен бағаланады. Әрбір кәсіпорын
айналым қорының айналғыштығын тездетіп, сол арқылы оған деген өзінің
қажетсінуін азайта алады.
Нарықтық экономиканың негізгі шегі – кәсіпорындарда айналым қорлардың
жетіспеушілігі. Осы мақсатта кәсіпорындарда өндіріс қажет ететіндей
мөлшерде өндірістік босалқы қорлар жасаған дұрыс. Оларда материалдардың
артық қоры болмағаны жөн.

2. Ақ бата - ХТК ЖШС - нің қаржылық жағдайын талдау

2.1. Ақ бата - ХТК ЖШС - нің активтерінің құрамы мен құрылымының
динамикасын талдау

Кәсіпорын активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау –
кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті
және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілегенге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элемент болып саналатын активтерді талдау
барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда
болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке
топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі (кемуі) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін
болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оның нәтижесін сипаттайды.
Көрсетілген мәліметтер бойынша активтердің құрамы мен олардың
таратылуына талдау жасау үшін келесі Ақ бата - ХТК ЖШС - нің
активтерінің құрамы мен құрылымына талдау жасаймыз.

Кесте 1 - Ақ бата - ХТК ЖШС – дегі 2005 жыл мен 2006 жылдағы
активтерінің құрамы мен құрылуы

мың теңге
№ Көрсеткіштер 2005 ж. 2006ж. Ауытқуы Құрыл.
өзгеруі
сомасы Үлесі,% сомасы
сомасы Үлесі,%сомасы Үлесі,%
1. Ағымдағы активтер, оның 13781 100 21956 100 59,3
ішінде :
Тауарлы – материалдық 17617
қорлар 11153 80,93 80,24 57,9
Дебиторлық борыш 1671
Ақша қаражаттары және 1425
қысқа мерзімді қаржылық 1165 8,45 7,61 43,4
инвестициялар
1.4.Басқа да ағымдағы 1463 10,62 6,49 -2,6
активтер 1243




5,66
- - 5,66

Келтірілген мәліметтер кәсіпорын активтерінің жалпы алғанда жағымды
динамикасын көрсетеді. Ағымдағы активтердің ең іске тартылған бөлігі
айналым қаражаттары 2,6 есеге азайған және 6,49% - ды ғана құраған.
Кәсіпорынның матреиалдық айналым қаражаттары есепті жылы 57,9%өсті және ол
жыл аяғында 17617 мың теңгені құрады. Есепті жылы дебиторлық борыш та
әжептеуір өскен. Егер оның көлемі жыл басында 1165 мың теңгені құраса, жыл
аяғында ол 1671 мың теңгені құраған немесе 43,4% өскен.
Сонымен, ағымдағы активтер негізінен дайын өнім есебінен көбейген,
олардың көлемі жыл аяғында 1453 мың теңгені құрады, бұл жыл басындағымен
салыстырғанда 1,9 есеге көбейген.

2.2. Ақ бата - ХТК ЖШС - нің активтерінің өтімділігін талдау

Бұл кестеде баланс активі мен пассив топтарын өткен және ағымдағы
жылдарды салыстыру арқылы ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді.
Ең өтімді және тез өткізілетін активтердің сомасы жыл басында 18570 мың тг.
(122+18448) құрады, ал тез қайтарылуға тиіс және қысқа мерзімді
міндеттемелердің, яғни жалпы ағымдағы ағымдағы активте 28075 мың тг.
(22325+5750), бұл 9505 мың теңгеге (28075 – 18570) төлем қаражатынан көп.
Жыл соңында төлем жетіспеушілігі 15195 мың теңгені ((3751+10168)
–(26564+2550))құрады. Баяу өткізілетін активтерді ұзақ мерзімді
міндеттемелермен салыстыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айналым капиталының экономикалық мазмұны
Кәсіпорынның айналымнан тыс актив түзу мен пайдаланудағы қаржылық қарым- қатынастар зерттеу
Айналым қаражат көзі
Кәсіпорынның капиталының көздерінің құрылымы
Айналым активтері
Ағымдағы активтердің айналысы
ASTANA MOTORS АҚ кәсіпорынның ақша ағымдарын басқарудың тиімділігін және оны ұйымдастыруды талдау
Айналым құралдары
«Қаржылық талдау» пәні бойынша дәріс тезистері
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау
Пәндер