Қаржылық есептілікте мынандай ақпараттар болуы міндет


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. Ақшалай қаражаттардың теориялық және методикалық негіздері

1. 1. Әдебиеттің аналитикалық көрінісі

1. 2. Ақшалай қаражаттардың классификациясы

1. 3. Ақшалай қаражаттар есебінің нормативтік реттелуі

2. «Казхимволокно» - ң қаржылық - экономикалық мінездемесі

2. 1. Ұйымдастырушылық - экономикалық мінездемесі

2. 2. Кәсіпорын мүлкінің және оның құрылуы көздерінің құрылысы мен құрылымының анализі

2. 3. Кәсіпорын әрекеттілігі кешендеріне анализ

3. «Казхимволокно»-ң ақшалай қаражаттарының есебі

3. 1. Есептік саясат

3. 2. Ақшалай қаражаттың синтетикалық және аналитикалық есебі

3. 3. Ағымдық (операциялық) әрекеттерден пайда болған ақшалай қор қозғалысының анықтамасы

3. 4. Инвестициялық әрекеттерден пайда болған ақшалай қор қозғалысының есебі

3. 5. Қаржылық әрекеттердің шешімімен анықталатын ақшалай қор қозғалысының есебі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Нарық жағдайында, кәсіпорынның шаруашылық әрекетімен олардың дамуы өзін өзі қаржыландырудың көмегімен, ал меншігіндегі қаржылай ресурстары жетпесе заемдық қаржы көмегімен жүргізілгенде, жоғарғы аналиталық мінездемеге сыртқы заемдық көздерге қатыссыз қаржылық тәуелсіздікке ие.

Меншігіндегі қаражат көзінің қоры дегеніміз бұл кәсіпорынның өз меншігіндегі қаражат көлемі заемдық қаражаттардан жоғары болғандағы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы.

Дипломдық жұмысымның мақсаты кәсіпорынның шаруашылық әрекеттілігінен жиналатын қаражат жылдамдығы мен кәсіпорын активтеріндегі меншіктік және заемдық қаражат қатынастарымен бағаланатын қаржылық тұрақтылықты зерттеу.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде дипломдық жұмысымның міндеті - кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына, сондай - ақ кәсіпорынның төлемдік қабілеттілігіне анализ жасау.

Осындай қызметтерді зерттеуде «Казхимволокно» - ң жылдық қаржылық есебі мен оған қосымшалар, сондай - ақ методикалық, анықтамалық және оқулық әдебиеттерді қолдандым.

1. 1. Әдебиеттің аналитикалық көрінісі

Қаржылық жағдайдың тұрақтылығы - бұл нарық қатынастар жағдайындағы кәсіпорын әрекеттілігінің қажетті шарты. Себебі, оған жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу бойынша бюджетпен, банктермен және материалдық ресурстарды жабдықтаушы тұлғалармен есеп айырысу, дивиденд төлемдері және т. б тәуелді.

М. Р. Ковбаснектің көзқарасы бойынша, «Кәсіпорынның қаржылық жағдайына анализ» (бухгалтерлік есеп №12 1993 жыл с 20 - 23), кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақты деп атауға болады, егер ол шаруашылық әрекетінің орындалуына қажетті қаржылық ресурстарының жартысынан көбін өз меншігіндегі қаражаттармен жаба алса, қаржылық ресурстарды тиімді және бағдарлы түрде қолданса, қаржылық, несиелік және дисциплиналық есептілікті орындаса, яғни төлемқабілеттілігі жоғары болса.

Осыдан кейін автор баланс негізінде құрастырылған бірнеше формулалар мен кестелерді көрсетіп кеткен, бұл баланс пайдалануға берілген кәсіпорынның жалпы қаржылық ресурстарының меншіктегі қаражат үлесіне негізделген, сонымен бірге мұнда кәсіпорын ликвидтілігінің есебі де жасалады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын есептейтін методиканы кәсіпорын ғана емес, сонымен қатар банктер де қолдана алады.

Жаңа саяси және экономикалық шешімдер нарықтық қатынастарға адеквадті болатын басқарудың жаңа үлгілері мен әдістерін қажет етеді. Басқарудың әкімшілік жүйесі бойынша жұмыс істейтін кәсіпорыннан гөрі жеке әрі тәуелсіз кәсіпорынды үздік басқару жақынырақ.

Разгосударствление шаруашылығы мен меншікті жекешелендірудің әр түрлі әдістерінің дамуы нарық қатынастар жағдайында стандартқа сай бухгалтерлік есеп проблемаларына тап болды. Бұл проблемалар аграрлы өндірістік кешенмен де шектеп кеткен жоқ. Сондықтан да А. Г. Чегета, экономика ғылымдарының докторы, ВЗФЭИ профессоры (Чегета А. Г. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайына анализ» №5, 7 бухгалтерлік есеп 1992 жыл), жылдық есептің шетелдік және отандық тәсілдеріне көп көңіл бөлген. Сонымен қатар ол бухгалтерлік есеп және есептілік шаруашылығының әдістерінің, яғни ақпарат базасының өзгерісі кәсіпорынның шаруашылық жағдайына анализ бен бағалау тәсілдеріне еш әсер етпейтінін айта кеткен. Осыдан түсінетініміз, ондаған жылдар бойы басқарудың барлық деңгейі мен кәсіпорында қолданылып келе жатқан қаржылық жағдайға анализ жасау методикасы функцияландыру, қаржыландырудың орталықтандырылған көздеріне негізделген мемлекеттік шаруащылық меншігінің әкімшілік жүйесі, уақытша тартылған көздердің нормалануы (пассивтің айналымдық қаражаттары (тұрақты) ) және т. б. шарттарға сәйкес жүргізілген. Бұл шарттар шаруашылықты тиімді жүргізуге негізделген басқарудың шаруашылығын жүргізуде кәсіпорын тәуелсіздігін сақтап тұрады және ол нарық қатынастарымен, кәсіпорын әрекеттілігімен мүлдем байланысты емес.

Қазіргі нарықтық қатынастар дамыған кезде қаржылық жағдайға баға бермеудің жаңа әдіс- тәсілдері қажет.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайына анализ баланс пен қаржылық шешімдер есебі және олардың қолданылуы, бухгалтерлік есептің жылдық мәліметтерінде көрсетілген.

Нарық экономика талаптарына сай жұмыс істейтін (Чегета А. Г. көзқарасы бойынша) кәсіпорынның қаржылық жағдайына анализ жасауда орындалатын міндеттер мынадай:

  1. есепті кезеңге жасалатын кәсіпорынның төлемқабілетіне баға беру;
  2. айналымдағы қаражат сомасы, айналымдағы капитал, оның өсімі мен қысқа мерзімді міндеттемелердің арақатынасын анықтау;
  3. ликвидттіліктің жалпы көрсеткіштерін белгілеу;
  4. қаражаттың пайда болу құрылымын зерттеу;
  5. дебюторлық қарыз бен қорлардың айналымдық есебі;
  6. кәсіпорын табыстылығын бағалау;
  7. кәсіпорын рентабельділігі мен оған әсер ететін факторларды есептеп табу;
  8. ұзақ мерзімді төлемқабілеттілігін анықтау.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайына, оның әрекетінің

табыстылығына және ұзақ мерзімді төлемқабілеттілігіне анализ.

Менің ойымша, бұл жұмыс енді бастап келе жатқан және жұмыс істеп жүрген бухгалтерлерге, экономисттерге, сондай - ақ кәсіпкерлерге өте қажетті болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына анализі, баланс баптарында шоғырланғандықтан бұл жұмысты басқаруға жақсы подспорье болып «Баланстық шоттарды қалай оқу керек?» (халықаралық еңбек ұйымы: ағылшын тілінен (Петрачкова А. М. ) аударған - қаржы және статистика, 1991 жыл - 224 бет) еңбегі табылады.

Дүние жүзінде бухгалтерлер мен экономистерді дайындауға арналған басшылығының ішіне бағдарламалы бағытты оқуды жатқызады, сонымен қатар халықаралық еңбек ұйымы әдістемесінде қаржылық ақпаратты талдау мен есептеудің тәсілдері түсіндіріледі. Бухгалтерлік баланс әлемнің бәрінде құрастырылғанына қарамастан, олардың түрлері мен терминологиялары әрқилы әрі ұлттық және жергілікті заңдар мен есептерге тәуелді болып табылады.

Сонымен қатар балансты талдау онымен ілеспелі қаражаттың есеп нәтижелерімен тікелей байланысты, оған «таратылмаған табыстың (зиянның) қорытынды есебі» қорлардың қолдануы мен нәтижесін анықтау туралы есебі, аудиторлық мәлімет және қаражаттық есепке қосымшалар жатады.

Берілген кітапта тақырып өз бетімен білім алуға уақыты жоқ адамның өзі жеңіл игеретіндей берілген.

Зерттеу бағдарламасына сәйкес, бухгалтерлік баланс құрылымы мен тілі (сонымен қоса өзара байланыс қаржылық есептер) кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалайтын түрлі қаржылық есептерде қамтылған бағдарлы қолданылатын ақпарат ретінде қарастырылады, ресурстар құрылымы суреттеледі әрі басшы мен басқа да ұйымдар алдындағы жауапкершілігі түсіндіріледі, өзара байланыс анықталады.

Бұл есептілік нарықтық қатынастар мен салық төлеушілерге негізделеді, қаржылық есептілікке бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарының едәуір мөлшердегі талаптарын анықтайды. Экономистердің біздің институттар мен техникумдарда үйренген қаржылық қатынастарға анализдің әдістемесі жаңа бухгалтерлік есептіліктің анализіне мүлдем қолданылмайды.

Осы жұмыс өзіне кәсіпорынның қаржылық жағдайына анализдің қысқаша мінездемесіне, оның коммерциялық және қаржылық әрекеттің және салық салынатын табысының есеп - қисабын қамтиды. Сандық мәліметтер жаңа есептілік (әдістеме) түрлерінен алынған аналитикалық есеп әдістемесі нақты мысалдармен демонстрацияланған, әр есептілік көрсеткішіне жеке әрі бөлек анықтамалар берілген.

Кітап бастықтар, бухгалтерлер, экономистер, салық инспекциясының қызметкерлері, студенттер мен оқу мекемелерінің оқытушыларына жасалған.

1. 2. Ақшалай қаражаттардың классификациясы

Ел экономикасында банктер арқылы жүзеге асырылатын қолма - қолсыз ақша есеп - қисаптары басым болады. Қолма - қол ақша есеп - қисабын жұмыскерлерге еңбекақы төлейтін субъектілер, жауапты тұлғалар, депоменттер, дебиторлар мен кредиторлар төлем бойынша сәйкесінше төлемдер банк мекемелері арқылы өткізілуі міндет емес, жүргізеді.

Ақшалай қаражаттар мен есеп - қисаптар өндірісінің сақталуы үшін заңды тұлғаларға ҚР банктік мекемелері мыналарды ашады:

  1. есеп айырысатын шоттар - шаруашылық есеп - қисапта тіркелген дербес балансы бар, ҚР -ң әділет министірлігі органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен заңды тұлғаларға;
  2. ағымдағы шоттар - жергілікті бюджетте орналасқан мекемелерге, бюджеттен тыс құралдары бар бюджеттік мекемелерге, өндірістік және коммерциялық қызметпен айналысатын қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғаларға;
  3. бюджеттік шоттар - ҚР- ң республикалық бюджетінде орналасқан мекемелерге;
  4. тілшілік шоттар - Ұлттық банк мекемелеріне теңестірілген және бір - бірімен есеп- қисап ережелерінің тілшілік келісімдері негізінде есеп айырысатын екінші деңгейлі банктерге.

Ақшалай қаражаттардың есебінің мақсаты мынадай болып табылады:

  1. лимит, сметаларға сәйкес негізгі бағыт бойынша ақшалай қаражаттарды сақтау және бақылау жұмыстарын қамтамасыз ету;
  2. ақшалы құралдар қозғалысының барлық операцияларын толық және дер кезінде құжаттау; есептік және қаржылық тәртіпті сақтау;
  3. аналитикалық есепті нақты және дер кезінде басқару ; ақшалы қаражаттарға дер кезінде инвентаризация жасау; төлемдерді қолма- қолсыз ақша есебімен банктер арқылы өткізу.

Шаруашылықта пайда болған эконом шарттарды талдау барысында жетіспеушіліктерді табу мен ағымдағы және перспективалы төлем қабілетін талдауда көптеген әдістер қолданылады, соның ішінде салыстыру әдісі, мөлшерлерді салыстыру әдісі, есептік әдіс.

Шаруашылық жүргізетін субъектінің қаржылық есебі дегеніміз - бұл есепті кезең ішіндегі оның жұмысының талаптары мен шешімін айқындайтын көрсеткіштер жүйесі.

Нарықтық экономиканың тарихи даму тәжірибесі қаржылық есептілікті пайдаланушылардың ақпараттық сауалдарының жеткілікті түрде қисынды жауап береді. Оның жалпы қаржылық есептілікті дайындау мен құрастыруда, яғни оған мыналар кіреді: қаржылық есептілікті құрастырудың мақсаты; пайдаланушыларға арналған қажетті ақпарат беретін принциптері; қаржылық есептілікті анықтау, тіркеу және элементтерін бағалау. Қаржылық есептіліктің жалпы мақсаты - есепті кезеңдегі кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен өзгеруі жайлы ақпараттарды беру. Мұндай ақпарат пайдаланушылардың өздерінің экономикалық шешімдерін қабылдауы үшін қажет.

Қаржылық есептілікте мынандай ақпараттар болуы міндет:

  1. Инвестициялық және несие беру шешімдеріне қажетті мағлұматтар;
  2. Субъектінің болашақтағы ақшалай ағымын бағалауға қажетті ақпараттар;
  3. Субъектіге пайдалануға берілген ресурстар мен ондағы өзгертулер ұсынылған соң оның активтері мен міндеттемелері жайлы мәліметтер.

Субъектінің жұмысы жайлы қолданылатын қаржылық ақпараттарыныңы әр түрі сәйкесінше түрлі сипатқа ие болады; яғни:

1 - инвесторларға өздері жасаған инвестициялардың тәуекелділік дәрежесінен түсетін табыстың қаншалықты адекватно болатыны жайлы; субъекті активіндегі өз үлестерін сатқаны, сатып алғаны немесе сол қалпында ұстағаны туралы; өздері болжамдаған жарна кірістерін нақты субъектінің қанағаттандыру, қанағаттандырмауы туралы ақпараттар қажет.

2 - несие берушілерге субъектінің несиелер мен заемдарды төлеуі және проценттік төлемдерді беруі туралы мәліметтер керек.

3 - жабдықтаушыларға заңды тұлғалардың несиелік қарыздарын өтегені жайлы мағлұматтар қажет.

4 - тұтынушыларға заңды тұлғалардың өз жұмыстарын қаншалықты созатыны туралы ақпарат керек, себебі, тұтынушы кәсіпорынға тәуелді болып табылады.

5 - қызметкерлерге субъекті жұмысшының тұрақтылығы мен рентабельділігі жайлы мәліметтер қажет, оның көмегімен қызметкерлер өздерінің болашақтағы жұмыс бастылығын, субъектіден берілетін түрлі қаржылық және басқа да жеңілдіктер мен төлемдердің көлемін бағалайды.

6 - үкімет, салық әрекеттерін қосқанда субъектілерге қатысты экономикалық саясатты өңдеуге, сонымен қатар статистикалық мәліметтер жинауға қажетті мағлұматтарға сұраныс жасайды.

Субъектілердің қаржылық есептілікке пайдаланатын сұраныстардың алуан түрлілігіне қарамастан, субъектілердің әрекет етуіне негіз болып оның жұмысына қажетті капиталдың жеткілікті болуы табылады. Сондықтан да негізгі талап мынандай - капитал иелері мен басқа да инвесторлар субъектілерден алатын ақпарат көлеміне қанағаттануы тиіс. Бұл талап барлық пайдаланушылар ақпаратқа деген сұраныстарының негізгісі болып табылады. Осы талаптарды орындайтын қаржылық есептілік жалпы арналған есептілік деп аталады және де ол қаржылық әрекеттілік субъекті жайлы ақпараттың негізгі көзі болып табылатын пайдаланушыларға ұсынылады.

Кейбір пайдаланушылар, мысалы: несие берушілер, арнайы қосымша ақпарат сұрауға құқылы. Алайда есептілік концепциясы негізінен сыртқы пайдаланушылардың жалпы қажеттіліктеріне жатқызылады және сонымен қатар ең алдымен, капиталын нақты субъектіге пайдалануына ұсынатын тұлғаларды қорғауға бағытталған.

Бүгінгі таңда қаржылық есептілік «Бухгалтерлік есеп туралы» заңға сәйкес 3 есепті байланыстырады: бухгалтерлік баланс; қаржылық шаруашылық жұмыс нәтижесі туралы есеп және ақшалай қаражаттар қозғалысының есебі.

Бұл есептер бір-бірімен тығыз байланысты, себебі олар шаруашылық өмірдегі нақты факторлардың әртүрлі аспектілерін, келісімдер мен басқа да оқиғалардың қаржылық нәтижесін көрсетеді және де шаруашылық етуші бірліктің бірыңғай үлгісін ұсынады.

Мыналар қаржылық есептің сапалы мінездемесі болып табылады:

1 - түсініктілік

2 - маңыздылық

3 - анықтылық

4 - салыстырмашылық

Қаржылық есептер операциялардың қаржылық ықпалын (оларды сәйкесінше экономикалық мінездемесіне сәйкес ірі сыныптарға топтастыру арқылы) көрсетеді. Бұндай ірі сыныптар қаржылық есептіліктің элементтері деп аталады.

Активтер, міндеттемелер және меншікті капиталдар баланс есебіндегі қаржылық жағдайды есептеу мен байланысты элементтер болып табылады.

Табыстар мен шығыстар пайда мен шығындар туралы есеп көрсеткіштерінің өзгеруімен байланысты элементтер болып табылады.

Актив - бұл кәсіпорын бақылап отыратын ресурс, ол өткен оқиғаларды қолдану арқылы болашақта экономикалық пайда әкелетін нәтиже.

Міндеттеме - бұл бұрын пайда болған, экономикалық пайданы көрсететін кәсіпорын ресурстарының ағымымен аяқталатын кәсіпорынның қазіргі міндеті.

Меншікті капитал - бұл міндеттемелерді шегергеннен кейін қалған кәсіпорын активтеріндегі қалдық.

Табыстар - бұл активтердің ұлғаюы не міндеттемелердің азаюы.

Шығындар - бұл пассивтердің ұлғаюы не активтердің азаюы.

Қаржылық есептілік уәкілетті органдармен бекітілген, бухгалтерлік есеп стандартының талаптарына сәйкес басқа да материалдарымен толықтырылуы тиіс.

Жеңілдетілген қаржылық есептілік түрін субъект төменде көрсетілген шарттардың екеуін қанағаттандырғанда құрылады (соңғы 2 қаржылық жылында) .

5 - жылдық табысы он мың қысқаша есептік көрсеткіштен аз болса, оны ҚР - ң заң шығарушы органдары зейнетақы, жәрдемақылар және басқада әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай - ақ айыппұл санкцияларын, салықтық және басқа салымдарды қолдану үшін пайдаланады ( одан әрі есептік көрсеткіш) .

6 - активтердің жалпы құны елуден аспаса

7 - қаржылық жыл ішіндегі жұмыскерлердің орташа саны елуден төмен болса.

Бухгалтерлік есептің оңайтылған үлгісі уәкілетті органмен бекітілген бухгалтнрлік есеп стандарттарымен анықталады.

Шаруашылық операциялар мен оларды есептеу нәтижелері ұлттық валютамен жүргізіледі. (тг)

Шетел валютасымен жүргізілетін операциялар ҚР - ң Халық банкісімен бекітілген, операция жасалған мерзімдегі валюталық бағам арқылы қазақстандық теңгемен есептеледі.

Дипломдық жұмысты орындау барысында ақшалай қаражаттардың қозғалысы жайлы есеп құру мен оны жүргізу ретін қарастырамыз.

1. 3. Ақшалай қаражаттар есебінің нормативтік реттелуі

Мақсат пен әрекет жүйесі субъектілермен бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру ретін бекітеді. Субъекті мыналар негізінде бухгалтерлік есепті жүргізеді және қаржылық есептілікті құрастырады:

  • заңды күші бар ҚР- ң президентінің қаулысы
  • бухгалтерлік есеп стандарттары
  • бухгалтерлік есеп стандарттарына әдістемелік кепілдемелер (СБУ)
  • есептік саясат, бұйрықтар, нұсқаулар, субъектінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру жөніндегі бұйрықтар.

Ол бухгалтерлік қызметті ұйымы жанындағы субъектілердің бәрімен қолданылады.

Бухгалтерлік қызмет мақсаты - шапшаң жұмыс істеу мен басқаруға қажетті шаруашылық процестер мен субъект әрекетінің нәтижелері туралы толық және нақты ақпараттар құруды қамтамасыз ету, сондай - ақ инвесторлардың, жабдықтаушылардың, тұтынушылардың, несие берушілердің, мемлекеттік органдардың, банктердің және басқа да мүдделі тұлғалардың осы ақпаратты бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастыру принциптері мен заңдарын бекітетін бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес пайдаланады.

Субъект қызмет түрлеріне, көлеміне жинақты шаруашылық талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді:

  1. бухгалтерлік қызмет үлгілерін ұйымдастыруды өзі дербес бекітеді
  2. есептік саясатты құрастырады
  3. есепті өндірістік және қаржылық деп екіге функционалды бөледі
  4. шаруашылық операцияларға бақылау ретін, сондай - ақ бухгалтерлік есепті анықтауға керекті басқа да шешімдерді қабылдайды.

Басқарушы субъектінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыруына және шаруашылық операцияларды жүргізу жөніндегі заңнамалардың орындалуына жауапты болып табылады.

Субъектінің бухгалтерлік есебі оның құрылымын талдау арқылы бас есепшінің басшылығымен немесе субъектінің өзінің бухгалтерлік қызметі болмағанда есепшімен жасалады.

Бухгалтерлік қызмет функционалдық анықтамасы бойынша бөлімдер немесе секторлар немесе топтар болып бөлінеді.

Бухгалтерлік қызметі жоқ субъектінің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есеп - қисаптары арнайы бухгалтерлік фирма немесе бастапқы келісім - шарт негізіндегі есепшілермен орындалуы мүмкін. Басқарушы бухгалтер есепті өзі де жүргізуі мүмкін.

Субъект активтер, меншікті капиталдар, міндеттемелердің және өзі орындайтын шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін бухгалтерлік есеп шарттарының типтік жоспарына сәйкес екіжақты жүргізеді.

Субъект бұл есепті жүргізген кезде мыналарды қамтамасыз етуі қажет:

  1. Қабылданған есептік саясаттың өзгермеуі есепті кезеңдегі жеке шаруашылық операциялар және активтер мен міндеттемелерді бухгалтерлік есеп стандартарының «Есептік саясат және оны ашу» заңдарына сәйкес бағалаудың анықтамасы.
  2. Есепті кезеңде жасаған барлық шаруашылық операциялары мен мүліктік инвестициялардың және қаржылық міндеттемелердің нәтижелерінің толықтығы.
  3. Есепті кезеңдерге кірістер мен шығыстардың дұрыс бөлінуі.
  4. Әр ай басында аналитикалық есептердің айналымы мен синтетикалық есептің

Субъект бастығы кассалық операцияларды ұйымдастыруда қолма - қол ақша қозғалысының есебін қамтамасыз ету қажет.

ҚР Президентінің бұйрығымен 1995 жылы 26 желтоқсанда №2732 «бухгалтерлік есеп туралы» заңға сәйкес ҚР-ң бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі жүйелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер, субъект есептің негізгі принциптері мен жалпы ережелерінің ішкі бақылау және сыртқы аудит шарттары өзіне мыналарды кіргізеді:

  • «бухгалтерлік есеп туралы» ҚР Президентінің қаулысыБухгалтерлік есеп есеп стандарттарына әдістемелік кепілдерСубъектінің есептік саясаты.

Есептік саясат дегеніміз - бұл субъектінің бастығымен принциптер мен негіздерге сәйкес қабылданатын бухгалтерлік есеп жүргізуге және қаржылық есептілікті анықтауға қажетті тәсілдердің жиынтығы.

Бұл стандарт мыналарға таралады:

  1. есептік саясатты құру бөлімінде - меншік түрлеріне байланыссыз субъектілерге
  2. есептік саясатты ашу бөлімінде - заңнамаға, құрылтайшы құжаттарға сәйкес немесе өз ынтасымен өзінің қаржылық есептілігін жариялайтын субъектілерге.

2. "Казихмволокноның" қаржылық -экономикалық мінездемесі

Есептік саясатты құру немесе қолдануда мынандай есеп принциптерін анықтаған жөн:

  1. төлемдер: кірістер мен шығыстар бухгалтерлік есептер көрсетіледі және түскен мерзімге (ақшалай құралдарды алу немесе ақы төлеу негізінде емес) ;
  2. түсініктілік:субъект талассыз әрекет етуші, яғни болашақта жұмысын жалғастырушы ретінде қарастырылады, ол жұмыс көлемінің біршама қысқартылуы немесе мүлдем жоюы туралы ойында жоқ деп болжанады;
  3. маңыздылық:қаржылық ақпарат нақты тұлғаға пайдаланушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін шешім қабылдауға және шаруашылық әрекетті бағалауға қажет;
  4. талассыз қызмет: қаржылық есепте берілетін ақпарат тұтынушыларға түсінікті болуы керек;
  5. существенность:есептік саясат маңызды болатын қаржылық есеп ақпаратын алуға бағыттамауы, егер оның кідіруімен дұрыс таныстырылмауы, қаржылық есептілікті пайдаланушыларды экономикалық реттеуге әсерін тигізсе;
  6. нақтылық: ақпарат ішінде қате немесе күні бұрын пішілген ой болмаса және оған тұтынушылар сүйене алса ғана нақты болып табылады.
  7. бейтараптық:қаржылық есепте берілетін ақпарат сенімді болуы үшін күні бұрын пішілген ойдан азат болуы керек;
  8. сақтық:анық емес талаптарды бағдарлауға қажетті сақтану шараларын сақтау, олар активтер мен табыстар тым артық, ал міндеттемелер немесе шығындар тым аз бағаланып кетпеуі үшін қолданылады;
  9. аяқталымдық: қамтамасыз ету мақсатында қаржылық есептіліктер нақты әрі толық болуы керек;
  10. салыстырмалылық: қаржылық ақпараттар пайдалы әрі толық болуы үшін ол 1 - есептік кезеңмен 2-н салыстыра отырып жасалуы қажет. Пайдаланушылар субъектімен қаржылық есепті қолданатын есептік саясат, саясаттағы барлық өзгерістермен сол өзгерістердің нәтижелері жайлы хабардар болуы қажет;
  11. жүйелілік:субъекті таңдап алған есептік саясат 1- есептік кезеңнен 2- не дейін жүйелі болуы керек.
  12. шыншыл әрі алаламайтын ұсыныс: қаржылық есепті пайдаланушылардың субъектінің қаржы жағдайы, қаржылық - шаруашылық әрекет шешімі, ақшалай қаражаттардың қозғалысына деген көзқарастары жақсы болуы қажет.

Есептік саясатты құрудың базасы болып бухгалтерлік есептің стандарты табылады, ол шаруашылық опрациялар, активтер, меншікті капитал, міндеттеме, әрекет пен табыс нәтижелерін айқындайтын әдістердің баламалы етеді.

2. 1Ұйымдастырушылық - экономикалық мінездемесі

« Казхимволокно » ЖШС - гі өз жұмысын серіктестік жарғысына, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының « Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы » Заңына ( 1998 жылдың 22 - сәуірінде қабылданған ) және т. б. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге негізделеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымның қаржылық есептілігі және оны талдау
Қазіргі таңдағы қаржылық жәнe салықтық eсeптіліктің экономикалық мәні мeн маңызы
Ұйымның шоғырландырылған қаржылық есебі және оны талдау
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
Аралық қаржылық есептілік
Бухгалтерлік есептіліктің қалыптасуы
Нарық экономикасы жағдайындағы аудит
Банктің қызметіндегі табыстар мен шығындардың сипаттамасы
Есептілік кезең қағидасы
Каспий - Балық өндірістік кооперативі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz